Эмоционалды - экспрессивті лексиканың зерттелу тарихы


ЖОСПАР
І ТАРАУ. ТІЛДЕГІ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ПЕН ЭКСПРЕССИВТІЛІК ТУРАЛЫ
КІРІСПЕ,, . 4
- Эмоционалды - экспрессивті лексиканың зерттелу тарихы . . . 7
- Тілдегі эмоционалдық құбылысы . . . 11
ІІ ТАРАУ. ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ ЛЕКСИКАНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Сөйлеу тіліндегі эмоционалды-экспрессивтілік лексика . . . 22
2. 2 Көркем әдебиет тіліндегі эмоционалды -экспрессивті лексика . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
КІРІСПЕ
Кез келген тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі - қазақ тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін баянды ету болып табылады. Мұның өзі тілді «қарым-қатынастың аса маңызды құралы» қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның саналы әрекетінің нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние - әлем туралы білім қорын, ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан дүниесін, психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық жүйесімен тығыз байланысты қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы тілдік құрылымдар арқылы, олардың стильдік мән-мағыналары арқылы объективтенеді.
Зерттеудің өзектілігі. Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты құралына айналған. Психологияда адамға тән сезімдердің 500-ге тарта түрлері белгілі болса, олардың әрқайсысының тілдік жүйедегі мазмұны мен көрінісі сан алуан. Себебі тілдің басты міндеті адамға қызмет ету, ал адам - сан қырлы, күрделі құбылыс. Қазіргі ғылымның дамуындағы антропоцентристік бағыт адамды интеллектуал тұлға ғана емес, оны эмоционалды менталды қырынан да қарастырады. Жеке тұлғаның психикалық құрылым компоненттерінің бірі эмоция болса, бұл феномен стилистикада арнайы тіл құралдары мен стилистикалық амал-тәсілдер арқылы объективтенеді. Тілдің адамнан тыс тұрған жеке құбылыс емес, адаммен бірліктегі, бірін-бірі анықтайтын күрделі құрылымдар болып саналатыны да сондықтан. Тілдің ең кіші бірлігі дыбыстан бастап мәтінге дейінгі тіл бірліктерінің барлығы адамның қандай да бір ішкі эмоциясы мен көңіл-күйін жеткізуге қызмет етеді. Тіл тарихи категория ретінде өзінің дамуы барысында эмоцияны сыртқа шығарудың түрлі тілдік тетіктерін қалыптастырды. Алайда, тілдің шынайы мүмкіндігі, әлеуеті сөз әрекетінде әр қырынан ашылады, сондықтан қазіргі қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық қызметінің сөйлеу тіліндегі мүмкіндіктерін арнайы зерттеу аса өзекті болып табылады.
Адамның эмоциясын жеткізудегі тілдің экспрессивтік қызметі ғалымдардың назарын көптен бері аударып келеді. Стилистиканың ғылым ретінде дамуына түрткі болған В. Гумбольдт, К. Фосслер зерттеулері дүниеге келген заманнан бері бұл бағытта көптеген еңбек жазылды. Сол кезеңдегі тілдің эстетикалық табиғатын оның экспрессивтік қызметімен тығыз байланыста қараған тұжырымдар бүгінде дамытылып, стилистиканың экспрессивтік стилистикасы саласының арнайы қарастыратын мәселелеріне айналды.
Қазақ тілі экспрессивтік стилистиканың бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналуына қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны тануға деген ерекше ықыластың, осыған байланысты қоғамдық ғылымдардың дамуындағы жаңа гуманитарлық парадигманың қалыптасуы да ықпал етіп отыр. Бұл бағыттағы ғылыми-теориялық зерттеулер мен талдаулар психолингвистика, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, этнопсихология, жеке тұлғаның лингвопсихологиясы, лингвокогнитивтік психология, лингвомәдениеттану мәселелерін анықтауға қажетті ақпараттарды береді. Экспрессивтік стилистиканы ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеудің перспективасы тілдегі дара стиль категориясын, көркем шығарма тілін, функционалды стилистика, стилистикалық ресурстар, ортология, сөз мәдениеті т. б. мәселелерді әр қырынан және тереңірек зерттеуге ықпал етеді.
Халықтың ақыл-ой, дүниетанымы, өмір сүру тәсілі материалдық және рухани мәдениеті, тарихы, сол материалдық, рухани дүниелерінің қалыптасуы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары сияқты белгілер ұлт болмысын құраса, оны тіл арқылы танып білу бірінші кезектегі өзекті мәселе болып табылады. Ұлт болмысы - мазмұны кең, терең ұғым, сондықтан лингвистикалық зерттеулердің де шеңбері кеңейіп, этнос табиғатын танытатын ғылымдармен байланысы нығаюмен қатар, ұлт болмысын мәдени байлықтары тұрғысынан ашатын экспрессивтік стилистика тәрізді жаңа лингвостилистикалық саланың өмірге келуіне себеп болып, зерттеу аясының ауқымдылығы оны кең көлемде қарастырудың қажеттілігін қалыптастырады.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексика.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ тілінің экспрессивтік-эмоционалдық стилистикалық құралдары және олардың қызметі мен ерекшеліктері, қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының мәдени ұлттық қырлары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының ғылыми-теориялық негіздерін анықтау және тілдің экспрессивтік стилистикалық жүйесін зерттеу. Мақсатқа қолжеткізу барысында зерттеудің мынадай міндеттері анықталды:
- қазақ тілі эмоционалды-экспрессивті лексиканың зерттелуі мен қалыптасу сипатына шолу жасау;
- қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексиканың жасалу жолдарын анықтау;
- экспрессивтік және эмоционалдық ұғымдарының ара жігін ажыратып көрсету;
- эмоционалды-экспрессивті лексиканың жасалу жолдары мен амал-тәсілдер жүйелеу;
- ауызекі сөйлеу тілі мен көркем әдебиеттегі эмоционалды-экспрессивті лексиканың қолданылу ерекшеліктерін айқындау ;
- экспрессивтіліктің қазақ тіліндегі мәдени ұлттық сипаты мен ұлттық танымдық қырларын зерделеу, оның қазақ тіліндегі озық үлгілерін анықтау арқылы экспрессивтік стилистиканың сөз мәдениетіне әсерін көрсету.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда тілдік деректер мен ғылыми тұжырымдарды диахронды - тарихи - салыстырмалы, синхронды - салғастырмалы, сипаттамалы талдау, жинақтау, сипаттау, топтастыру, жүйелеу, салыстыру, модельдеу т. б. зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі . Зерттеудің әдіснамалық және теориялық тұғырлары ретінде философияның таным теориясы, диалектикалық логика, психофизиология мен психолингвистикадағы «тіл» және «сөйлеуге» қатысты теориялық тұжырымдар, іс-әрекет психологиясының теориялық тұжырымдары, жалпы және жеке тіл білімінің стилистика, экспрессивтік стилистика, семантика, семиотика, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика жөніндегі зерттеулерде кездесетін пайымдаулар басшылыққа алынды.
Зерттеудің дереккөздері. Жұмысты жазу барысында қазақ ауызекі сөйлеу тілінен, әдеби тілінен, көркем әдебиет стилінен алынған тілдік деректер, халық ауыз әдебиеті үлгілері, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, шешендік сөздер, фразеологиялық тұрақты тіркестер, қазақ классикалық әдебиеті мен қазіргі әдебиет өкілдерінің шығармаларынан дәйектеме сөйлемдер алынды.
1. ТІЛДЕГІ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ПЕН ЭКСПРЕССИВТІЛІК ТУРАЛЫ
- Эмоционалды-экспрессивті лексиканың зерттелу тарихы
Сөз - әрі қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеудің, әрі сол тілді зерттейтін тіл білімі саласының негізгі тілдік бөлшегі болып есептеледі. Тіл біліміндегі сөздің қызметі сан алуан екендігі белгілі. Бұл сөздің тілде әр түрлі көптеген мағыналарды, нақтылай айтқанда, сындық, қимылдық, заттық, атауыштық, бейнелеуіштік сияқты т. б. мағыналарды білдіре алатын қабілетімен тікелей байланысты. Сөздің сондай мағыналарының бірі - тіл білімінде эмоционалдылық-экспрессивтілік деп аталады. Олар көңіл-күйдің, сезімнің, әсердің мағыналық бояуларын білдіреді. Тіл білімінде олар эмоционалды-экспрессивті сөздер деген атау алған.
Сөз қуаттылығы, сонымен бірге, оның өз бойындағы мән мен мағына реңіне де байланысты. Мысалы, олардың бірі кімді, нені немесе қандай құбылысты болса да жай ғана атаса, екіншісі сондай қызметімен бірге өз бойында ерекше бір әсерлілік барын аңғартып, адамның көңіл-күйіне өзгеріс әкелетіндей қасиеті байқалып тұрады.
Эмоция мен экспрессивтілік жөніндегі ғылымдағы пікірлерге мән берсек, мұндай пікірлерді тек тіл біліміне қатысты емес, барлық сала мамандарының еңбектерінен кездестіруге болады.
Мысалы, тілдегі осы мағынаға байланысты: “Сөз сөйлеушінің ойымен қатар, оның әр түрлі психикалық толқуларын білдіреді”-деп атап көрсетеді академик В. В. Виноградов [1, 50] .
Ал Э. Клаус сөздің тілдегі қызметін саралай келіп: “Сөз тек түсінісу құралы ғана емес. Тілдік белгілер, сондай-ақ, тыңдаушының қызығушылығын арттырып, әңгімеге белсенді араласуына ықпал етеді”- деген пікір айтады [2, 102] .
Алайда сөздің өзіндік табиғаты мен ерекшеліктеріне байланысты тіл білімінің стилистика саласында осындай негізгі категорияларының біріне әзірге жан-жақты терең пайымдау, бір ізге түскен нақтылы тұжырым берілген жоқ.
Тіл ғылымының аса ірі мамандарының бірі академик В. В. Виноградовтың стилистикаға қатысты лингвистикалық еңбектерінде тілдік экспрессияның рең, бояуларына, олардың әр түрлі жанр мен сөз стилінде әр алуан көрініс табуына қарай жалпы шолу жасалынды. Ғалымның: «Экспрессивті құбылыстың амал-тәсілі сияқты маңызды мәселе бізде өз алдына зерттелген жоқ» - деуі де сондықтан [1, 52] .
Ал аталмыш тақырыпқа арналған ғылыми еңбектердің ішіндегі ең қомақтысы - профессор Е. М. Галкина-Федоруктің “Тілдегі эмоционалдық пен экспрессивтілік туралы” деген еңбегі.
Эмоция сөзінің төркіні - латын тіліндегі “emouere” [3, 46] етістігі. Бұл орыс тіліндегі («әсерлендіру», «толқыту») деген ұғымды білдіреді.
Жалпы ғылымда эмоция туралы алғашқы ғылыми пікірді биологиялық тұрғыдан айтқан ағылшын ғалымы Ч. Дарвин болса керек. Дарвиннің “Выражение эмоций у человека и животных” деген кітабы жарыққа шығудан бұрын-ақ, бұл проблема тек ғалымдардың ғана емес, өнер адамдарының: суретшілердің, скульпторлардың, актерлардың көңілін аударған
С. Г. Гелперштейн, мысалға, Италияндық ұлы ойшыл, суретші Л. да Винчидің (1452-1519) әр түлі эмоционалдық қалыптағы дене қозғалысының ережелерін қорытуға талпынғанын, алайда ғылыми тұрғыдан нақты дәлелдер келтірілмегендіктен, олар дұрыс тұжырым таппағанын жазады.
Эмоционалдылықтың физиологиялық негіздерін жан-жақты әрі нақтылы мысалдар арқылы талдай отырып Ч. Дарвин: “Жүрек өзінің күні-түні тоқтаусыз соғатын ғажайып қабілетімен бірге сыртқы стимулдарға да төтенше сезімтал. Елең еткен жүрек миға, ал ми өз ретінде ақпа (блуждающийся нерв) жүйке арқылы жүрекке әсер ететінін және бұл назар аударуға тұрады” - деп атап көрсеткен болатын [4, 660-662] .
Осылайша ғалым эмоционалдық сезім жүрекпен, мимен тығыз байланысты екенін айрықша сөз етеді.
Бұл туралы ұлы физиолог И. П. Павлов: «Әрине, сөз адам үшін оның жануарлармен ортақ басқа да жақтары сияқты ақиқат шартты тітіркендіргіш, бірақ сонымен бірге жануарлардікімен салыстырғанда сандық та сапалық жағынан еш салыстыруға келмейтін соншалықты бай, қажетті тітіркендіргіш» -дейді [5, 412] .
Шынында да эмоция туғызардай әсер біткеннің қай-қайсысы да жүрекке соқпай өтпейтіні, одан белгілі бір реакция таппай кетпейтіні күнделікті өмірдің өзінен-ақ белгілі. Бұл тілдік қолданыстардан көрініс тауып жатады. Осыған байланысты тіліміздегі ж үрегі жылыды, жүрегі жібіді, өртенді, мұздады, суыды, жүрегі қарайды сияқты сөз тіркестерінің көбінесе лирикалық жырлар мен туындыларда жиі қолданылатыны да сондықтан. Сондай-ақ, жүректің қимас, аяулы, өкпелі, нәзік, үркек, сыршыл, жаралы сияқты алуан түрлі эпитет сөздермен берілуі де оның сол сезімталдық қасиетіне байланысты болса керек.
Эмоционалдық сезімдердің кісіні аз уақыт ішінде кенеттен булықтырып, көңіл-күйін бұрқ етіп сыртқа шығаратын түрі «аффект» деп аталатыны мәлім. Сеченов мұның физиологиялық ерекшеліктеріне тоқтала отырып: «күшеюіне қарай олар (аффектілер) тек белгілі бір бұлшық еттердің мимикалық жиырылуын арттырып қана қоймайды, сонымен бірге психикалық өмірге ешқандай тікелей қатысы жоқ, мысалы, дем алу тетіктері, жүректің, ішектің және басқа да органдардың қозғағыш бөлімдері тәрізді мүшелерді қоздырады. Шынында да әрбір қуаныш не қорқыныш үстінде дем алыс шапшаңдап, жүрек соғысы жиілеп, тіпті тоқтап, адамның талып қалуға дейін баратынын кім білмейді», - дейді [6, 554] .
Орыс тіліндегі психология оқулығының 1966 жылғы басылымында: «Эмоция мен сезім арқылы кісі табиғатқа, өзге адамдарға, өзінің іс әрекетіне, сөзіне, қызметіне қанағаттану не қанағаттанбауын білдіреді. Эмоция мен сезім - адамның қоршаған шындыққа, өз-өзіне өзгеше бір субъективтік қатынасы» [7, 177] делінсе, 1994 жылғы «Жалпы психология негіздері» оқулығында: «…Эмоция адамдардың бір-бірін жақсы түсініп, қарым-қатынас жасауына ықпал етеді» деп атап өтілген. [8, 367]
Эмоция мен сезімге бір анықтама беруге болмайды. Себебі, бұл ұғымдардың бір мағыналас еместігін ғалымдарымыздың өздері де мойындаған. Сезім эмоцияға қарағанда әлдеқайда кең мағыналы, тұрақты құбылыс, ал эмоция сол сезім арқылы пайда болатын психикалық процесс. Сондықтан сезімсіз эмоция болуы мүмкін емес те, эмоциясыз сезім болуы әбден мүмкін.
Сезім табиғатының тереңдігі жөнінде К. Д. Ушинский: «Біздің сезімдерімізде жеке шешімдер ғана емес, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей көрініп тұрады», - десе [9, 117-118], Ш. Балли: «Заттар мен құбылыстар бізге не жағымды, я жағымсыз әсер етеді, олар: қуантарлық және реніш, қайғы тудыратын болып екі классқа бөлінеді», - деп тұжырымдайды[10, 183] .
Эмоционалдық құбылыс қолданылу аясы мен белсенділігіне қарай әрқилы болып келеді және эмоционалдық әсер неғұрлым күшті болса, одан көрінетін экспрессивтілік те ұлғая түседі:
-Қанға бөгіп , аппақ болып есеңсіреп жатқан балғын денені бар күнәдан, бар азаптан арашалап алғысы келген көлдің көп толқындары өз ырқынан, өз арнасынан асып кете алған жоқ (Ардақ, 429) .
Сөйлемнің эмоционалдық әсері өте күшті. Себебі, мұнда «қанға бөгу, есең, сіреу, күнә, азап» сияқты бірнеше семантикасынан эмоционалды сөздер мен сөз тіркестері қатар қолданылған және олардың әрқайсысының эмоционалдық рең, мәні ерекше көзге шалынады. Соған сәйкес сөйлемдегі экспрессивтілік те айқын әрі анық болады.
Енді тіл мамандарының эмоцияға берген анықтамаларына тоқталып өтейік.
Тюркологияда бұл тақырыптың зерттелуі 50-жылдардан бастау алды десе де болады.
Аталмыш тақырыптың әр түрлі аспектілеріне арналған бірнеше арнаулы еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда О. С. Ахманованың «Сөздің стилистикалық дифференциациясы» атты мақаласында, Т. А. Эфендиеваның «Қазіргі азербайжан тілінің лексикалық стилистикасы» атты ғылыми диссертациясында, Лихановтың: «Якут тіліндегі эмоционалды-бағалауыштық және экспрессивті сөздерге» арналған диссертациясында эмоционалды-экспрессивті лексикаға әр түрлі баға беріліп, әрқилы тұжырымдар жасалған. Қазақ тілінің көрнекті өкілдері С. К. Кеңесбаев, Н. Т. Сауранбаев, М. Б. Балақаев, Ғ. Ғ. Мұсабаев, А. Т. Қайдаровтың еңбектерінде эмоционалдылық, экспрессивтілік, ондағы лексика-семантикалық бірліктер мен олардың жасалу тәсілдері жайлы салмақты пікірлер айтылған.
Ал А. Нұрмұхановтың «М. Әуезов драмалық шығармаларындағы эмоционалды-экспрессивті лексика» атты диссертациясында аталмыш тақырып жан-жақты, біршама жүйелі түрде зерттеліп, құнды ғылыми тұжырымдар жасалған.
Е. М. Галкина-Федорук: «Эмоция дегеніміз- адамның қоршаған ортадан алатын тітіркеністеріне организмнің түйсіну реакциясы. Эмоция - бастан кешірілетін жан толқыны, сезім» десе[11, 105], П. Г. Пустовойт: «Эмоция дегенді біз жеке адамның интеллект бойынша сәулеленген ақиқат дүниеге субъективтік реакциясы деп түсінеміз» - деген анықтама береді [12, 235] . Бұл пікірлер шындыққа жақын болғанымен әлі де айқындап, ашып көрсете түсуді талап етеді. Өйткені кез-келген зат пен құбылыс, субъективті реакцияның барлығы эмоция туғыза бермейді. Мысалы:
1 . Сауын аяқталып, қарына ағаш ілген әйел мен қолында ноқтасы бар жылқышы бұларға қарай беттеді (Жесірлер) .
2 . … Апам өз иманын өзі оқыды. Апам өз жаназасын өзі шығарып жатқанын сездім… Үйдің бұрыш-бұрышында «апам-ау, апам» деп, зар еңіреп немерелері қалды (Апамның астауы) .
Бұл мысалдардан біз Арнольдтың: «Эмоция мен сезім оларды тек басқаларға жеткізумен ғана емес, сол сезімдер мен эмоциялардың өзгелерге де берілуі, әсер етуімен айқындалады» - деген пікірінің нақтылығына көз жеткіземіз және субъективті реакциямыз арқылы туған сезімдердің айқын көрінісін байқаймыз [13, 102] .
Кеңестік үлкен энциклопедияда «эмоцияның кең мағынада сезім сөзімен бірдей екенін, ал тар мағынада одан қысқа уақыт ішіндегі ғана көңіл-күйіміз танылатынын» оқимыз [14, 31] .
Эмоция төңірегінде жоғарыда айтылған «эмоция дегеніміз - денедегі нервтік процестер қызметінің ауыр, жеңілдігін бейнелейтін субъективті қалып; адамның қажетіне сай келу-келмеуіне байланысты шындық заттар мен құбылыстарға деген қатынасының ерекше түрі; адамның қоршаған ортадан алатын тітіркеністеріне организмнің түйсіну реакциясы; ақиқат шындыққа деген субъективтік реакциямызда жүрек қылымызды қозғайтын сезімнің бір сәті» деген пікірлерді саралап қорыта келе, эмоция адам ағзасында физиологиялық және психологиялық процестер нәтижесінде байқалатын қоршаған ортаның әсерінен туындайтын жағымды-жағымсыз сезімдердің бір сәттік көрінісі деген тұжырымға келдік.
Дегенмен, бұл сөздер тобының ғылыми ұғым ретіндегі тіл біліміндегі орнына төменгі тараушамызда нақтырақ талдап өтпекпіз. Эмоционалды-экспрессивті сөздердің сипаты туралы, олардың зерттелу тарихы туралы қысқаша деректер осындай. Қарастырып отырған сөздер тобына, осы сөздермен байланысты эмоционалдылық-экспрессивтілік ұғымдарына биолог ғалымдардан оған қатысы бар барлық ғылым өкілдері өз пікірлерін білдіруге, эмоционалдылық пен экспрессивтілікті зерттеуге мән берген. Жинақтай келгенде, аталған сөздер тобы біршама өз деңгейінде тілдік тұрғыдан зерттелген сала екендігіне, дегенмен өзіндік ерекшеліктері әлі де анықтауды қажет ететіндігіне көз жеткіздік.
- Тілдегі эмоционалдық құбылысы
Енді сол эмоцияны білдірудің стилистикалық, лингвистикалық жолдарына тоқталайық.
Көрнекті ақындарымыздың бірі Ә. Тәжібаев: «Біз космостық кеңістіктерді айтамыз. Бірақ ешбір кеңістік адам жанынан кең емес» - деп жазыпты [15, 26] .
Демек, құпиясы әлі де жұмбақ болып келетін жан дүниемізде алуан түрлі болып құбылып тұратын көңіл-күй бар деген сөз. Ал көңілімізге әр жағдайда әр түрлі сезім беріп, жүрегімізді бірде қуанышқа бөлеп, бірде қайғы-мұңға батыратын сөздің қызметі ерекше болып табылады.
«Кейбір эмоционалды-бағалауыштық сөздер тек кітаби (әдеби) тілдің төңірегінде жұмсалып стильдік қызмет атқарады да, енді бірқатары сөйлеу тілінде қолданылады»- деп тұжырымдайды О. С. Ахманова [16, 31] .
Жалпы, кейбір жекелеген сөздердің (дөрекі, табу, варваризмдер) сөйлеу тілінде жиірек қолданылуы мүмкін, бірақ олар әдеби тілде кездеспейді деп айта алмаймыз. Сондықтан бұл сөздер тобы ауызекі сөйлеу тілінде де, жазба тілімізде кездесетіндігін жоққа шығармау керек. Бұл тұрғыдан аталмыш мағынадағы сөздердің табиғатын ауызекі немесе әдеби, жазба тілдердің мөлшерімен өлшеуге болмайды деген сөз.
Қазақ тіл біліміндегі белгілі тілшілер І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев өз еңбектерінде қарастырып отырған сөздер тобы жөнінде: «Қазіргі қазақ тілінде, басқа тілдердегі сияқты сөйлеушінің бір затқа немесе құбылысқа эмоционалдық көзқарасын білдіретін бір топ сөздер бар. Бұл категориядағы сөздерді тіл ғылымында эмоционалдық лексика немесе эмоционалдық мәні бар сөздер дейді. Сөйлеуші орман, көл, бес тағы басқа сөздерді айтқанда, бұл заттардың атауында ешқандай эмоционалдық мән болмайды…
Ал кейбір сөздерде, құбылыстардың атауларында жақсы немесе жаман қатынасты, психологиялық күйді білдіретін мән болады. Мысалы: айналайын, оңбаған, боқмұрын деген тек тиянақталған, тұрақты сөздерді ғана емес, сонымен бірге сөйлеушінің ой-күйін де білдіреді. Эмоционалдық лексика белгілі бір құбылысқа, затқа қауымның беретін бағасын аңғартады. [17, 124]
Ал орыс тілшісі, профессор А. Н. Гвоздев: «Эмоционалды бояулы лексиканы тіпті салтанатты, шешендік, ақындық, жаңа және еркелету, кекесінді, дөрекі мәнді», - деп эмоционалды-экспрессивті сөздерді бірнеше түрге бөліп, оларға нақтылы мысалдар келтіреді [18, 72-74] .
Бұған қатысты ғалым Э. А. Вайгла эмоционалды сөздер сөйлеушінің объективті шындыққа деген эмоционалдық қарым-қатынасын білдіретінін айта келіп: «Эмоционалды лексикаға қоршаған ортаға эмоционалдық көзқарасты білдіре аларлықтай мәні бар сөздер жатады», - дейді [19, 24] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz