Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің әлемдік тәжірибесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы: М А З М Ұ Н Ы
:
М А З М Ұ Н Ы: К І Р І С П Е
:
М А З М Ұ Н Ы: I. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құқық қорғау қызметінің мәні мен мазмұны
:
М А З М Ұ Н Ы:
  1. Қазақстан Республикасы кеден органдарымен жүзеге асырылатын құқық қорғау қызметi;
  2. Кеден ісі аясында орын алатын негізгі қылмыстар және түрлері;
:
М А З М Ұ Н Ы:
  1. Кеден ісі аясындағы құқықбұзушылықтармен күрес және жауапкершiлiк;
  2. Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің әлемдік тәжірибесі;
:
М А З М Ұ Н Ы:
:
М А З М Ұ Н Ы: II. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құқық қорғау қызметі
:
М А З М Ұ Н Ы:
  1. Кеден органдарының жедел - iздестiру қызметi және оның негiзгi бағыттары;
:
М А З М Ұ Н Ы:
  1. Кеден органдарының жедел бөлiмшелерiнiң жедел-iздестiру қызметтерiн мәлiметтермен қамтамасыз ету және жеткiзiлiмдi бақылау әдiсi;
:
М А З М Ұ Н Ы:
  1. Кеден ісі аясындағы қылмыстарды анықтау қызметі
:
М А З М Ұ Н Ы:

III. Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметінің тиімділігін арттырудың мәселелері

  1. Алматы Кеден бақылау Департаментінің құқық қорғау қызметінің тәжірибесі
:
М А З М Ұ Н Ы:
  1. Кеден аясындағы құқықбұзушылықтармен күрестi жетiлдiрудің мәселелері .
:
М А З М Ұ Н Ы:
:
М А З М Ұ Н Ы: Қорытынды
:
М А З М Ұ Н Ы: Пайдаланылған әдебиеттер
:

Кіріспе

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін өз бетінше мемлекет болып кетуі үшін көптеген қызмет түрлері құрылды. Соның бірі болып мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында кеден қызметі құрылған болатын. Оған көптеген ауыр міндеттер жүктелген еді. Өйткені кеден органдары бірнеше органның құзіреттілігіне жататын қызметтерді қамтиды. Кеден органы құрылғаннан бері осы уақытқа дейін көптеген оңды көрсеткіштерге қол жеткізді. Осының негізінде алыс-жақын шетелмен экономикалық, сауда қатынастары арта түсті. Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта көптеген дүниежүзілік экономикалық ұйымдарға мүше болып табылады. Көптеген елдермен тығыз байланыста, достастықта. Әрине бұлардың әрі қарай дами түсуінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде белгілі рөлі бар кеден органдарының қызметімен тығыз байланысты. Жоғарыда айтып өткеніміздей кеден органының негізгі қызметінің бірі Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін қорғау болып табылады. Дәл қазірге дейін Республикамызда экспорттан импорт басым болуда. Экспорттың импорттан төмен болып келуі біздің әліге дейін дайын өде әнім өндіруде әлсіз екендігімізді көрсетеді. Ал экспорттың басым бөлігін шикізат құрайды. Осының бәрін шекарада бақылап, құрамын, көлемін белгілеп отыратын кеден органдары болып табылады. Ал кеден органдарының құқықтық қызметіне келер болсақ, ол кеден саласында орын алатын құқықбұзушылықтар мен қылмыстармен күресті жүзеге асырады. Әңгіме осы тұрғыда ары қарай өрбитін болады. Кеден органдары кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды жүеге асыра отырып мемлекетіміздің экономикалық, қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал бұл еліміздің кеденшілері үшін әрине оңай шаруа емес. Кеденшілер осы тұрғыда көптеген жағдайлармен кездесіп жатады. Қазіргі кезде сауданың көп мөлшері кеден шекаралары арқылы жүзеге асатын болғандықтан ақша айналысы да ол аймақта көп болып табылады. Соған байланысты кеден аясында қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алуан түрлері орын алып жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 209бабында белгіленген «Экономикалық контрабанда» құрамы үшін заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту перспективаларын зерттеу мәселелеріне арналған. Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-бабында көзделгендей «Есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс». Яғни, заң бойынша қылмыс субъектісі болып тек қана жеке тұлғалар танылады және оларды қылмыстық жауаптылыққа тартуда қылмыстық құқықтың жеке кінәлілік қағидасы басшылыққа алынады. Бұл қылмыстық құқық теориясының жеткен жетістіктерінің бірі.

Дегенмен, соңғы уақыттары қылмыстық құқық теориясында біржақты, түбегейлі шешімі болмай отырған мәселелердің қатарында заңды тұлғаларды қылмыс субъектісі ретінде танып, олардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттері үшін (қылмыс белгілері мен құрам элементтері толық) қылмыстық жауаптылыққа тарту керек деп заңда тануға байланысты ұсыныстар айтылып жүр. Ал экономикалық қылмыстар, соның ішінде, экономикалық контрабанда қылмыстарын жасаған заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі осы қарама- қайшылықтар шеңберін тағы бір електен өткізіп, аталған тұлғалардың жауаптылығын бекітуге байланысты, теориялық және практикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Соған сәйкес, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін қоғамдық қатынастардың ерекшеліктері мен белгілерін, қылмыстық жауаптылық пен оның негіздерін ескере отырып, заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылыққа тартылуын шешуге қадамдар жасалған жұмыс ретінде бағаланады.

Экономикалық қылмыстылық шаруашылық аясын, экономикалық қызмет саласын қамтитындықтан, бұл топтағы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі жоғары күйінде және экономика салаларының әралуандығы да осы топтағы қылмыстардың практикада өте жиі жасалатынын көрсетеді.

Жалпы менің диплом жұмысымның тақырыбына сай алдына қойған мақсаты осы мәселеге байланысты негізгі материалдарды жинақтап, соның негізінде кеден органдардың құқыққорғау қызметі саласындағы өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдары туралы пікірімді ұсыну.

Сондай ақ Қазақстан Республикасы кеден органдарының құқық қоғау қызметінің мәні мен мазмұнын, оны қалай дамытып, жетілдіріп дұрыс жолға қоюды, кеден ісі саласындағы көптеген қылмыстардың алдын-алу. Толығырақ айтқанда кеден органдарының кеден ісі саласындағы қылмыстар бойынша іс қозғауы және оны ашуда қолданатын әртүрлі тергеу амалдары туралы талқылау жасалынған. Кеден органдарының жедел іздестіру қызметі мен анықтама жүргізу қызметтері туралы зерттелген. Сондай ақ жұмыстың бір тарауы кеден аясында орын алатын қылмыстардың құрамы мен Алматы қаласы Кедендік бақылау департаментінің кеден ісі саласындағы құқықбұзушылықтармен күресі бойынша негізгі мәліметтер мен нақты іс тәжірибелік материалдармен толық қамтылған.

Тақырыптың өзектілігі сонда бүгінгі таңда сауда қатынастарының дамып тұрған кезеңінде еліміздің экономикалық, ұлттық қауіпсіздігін қорғауда кеден органдарының ролін ашып көрсетуге байланысты мәселелер отандық авторлармен аз зерттелінген.

I-Тарау. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құқық қорғау қызметінің мәні мен мазмұны

  1. Қазақстан Республикасы кеден органдарымен жүзеге асырылатын құқық қорғау қызметі

Мемлекет пен оның органдарының қызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтың құкықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, қазакстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын, халықаралық аренада Қазақстанның қызметін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық зандарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, кұқықтары мен бостандықгары" деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқыктық нормалар, Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның кұкықтары мен занды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратынын айғақтайды.

Көптеген мемлекеттік органдар үшін олардың қызмет аукымы, әрине, аталғандарды, аса маңызды болса да, бірақ нақты шектелген міндеттер - құқық тәртібі, адамның кұкықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге құкық бұзушылықтарға қарсы күрес міндеттерін шешумен бітпейді, құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау жөніндегі кейбір функцияларды олар өздерінің негізгі міндеттерімен қатар жол-жөнекей орындайды. Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады. Оларды құқық тәртібін қорғау органдары, яғни ҚР Конституциясымен, басқа да заңнамалық және құқықтық ұйғарымдармен жалпы мемлекеттің өмірі мен қызмет тәртібін күзетуге арналган органдар деп атайды.

Құқық тәртібін қорғау органдары үғымына қүкык корғау органдары үғымы өте жақын келеді. Бұл ұғымдар өте ұқсас, бірак бірдей емес. Олар білдіретін органдар тобы сай келмейді. Құқық тәртібін қорғау органдарынын барлығы бірдей құқық қорғау деп есептелмейді. Дәл осылайша құқық қорғау қатарына кейбір кұқық тәртібін қорғау органдарын жатқызуға болмайды.

Кейбір авторлар құкық қорғау қызметі ұғымын кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағынада - бұл азаматтардын құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, олардың іске асырылуын, заңдылығы мен күкык тәртібін камтамасыз ететін барлық мемлекеттік органдардың кызметі.

Тар мағынасында - бұл сол немесе өзге органның құзыретіне сәйкес заңнамада белгіленген нысанда жүзеге асырылатын бұзушылықтардан құқықтық қорғау жөніндегі арнайы уәкілетті органның қызметі.

Алайда, сол немесе өзге мемлекеттік органдарды құқық қорғау қатарына жатқызу кезінде басшылыққа алынуға тиіс өлшемдердің мәнін айқын игеру үшін белгілі шамада шартты түрде алынған, бірақ "құқық қорғау қызметі" атауы сіңісті болған қызмет белгілерін анықтау аса маңызды.

ҚР заңдарына сәйкес құкық қорғау қызметінің бірқатар белгілері бар:

  • біріншіден, құқык қорғау қызметі әртүрлі қылмыстың түрлері бойынша мәжбүрлеу және өндіру сияқты зандык ықпал ету шаралар қолдана отырып, тек заңның негізінде жүзеге асырылады. Бұл жерде құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу шаралары ерекше орын алады;
  • екіншіден, қолданылатын заңдық ыкпал ету шаралары заң-дар мен нормативтік күкыктық актілерге қатаң сәйкес келуге тиіс;
  • үшіншіден, құқық қорғау кызметі заңның негізінде белгілі бір рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады. Мысалы, қылмыс жасағаны үшін ешқандай жаза алдын ала қаралмастан қолданылмайды.
  • төртіншіден, қүқық қорғау қызметін іске асыру сауатты және дайындалған қызметкерлерден түратын арнаулы және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

Айтылғандарды ескере отырып, қуқық ңоргау қызметі ұғымын айқындауға болады - бұл заңдылыкты, құқық тәртібін, қоғамның, мемлекеттің, коғамдық және өзге де бірлестіктердің, азаматтардың қүқықтары мен занды мүдделерін қорғауды, адамның және азаматтың кұкықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңда белгіленген тәртіппен заңға қатаң сәйкестікте заңдық ықпал ету шараларын (соның ішінде мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары) қол-дану арқылы жүзеге асырылатын қылмыстар мен басқа да қүқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мемлекеттің оның арнаулы уәкілетті органы атынан жүзеге асырылатын қызмет.

Өз мазмұны бойынша құқық қорғау қызметі күрделі болып табылады. Оның көп жоспарлығы осы мемлекеттік қызмет түрінің негізгі бағыттарымен мазмүны айқындалатын әлеуметтік функциялардың әр түрлігіне қатысты айқындалады. Мұндай бағыттардың катарына мыналарды жатқызуға болады:

  • конституциялық бақылау;
  • сот төрелігі;
  • соттарды ұйымдық қамтамасыз ету;
  • прокурорлық қадағалау;
  • қылмыстарды анықтау және тергеу;
  • заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау.

Осы бағыттардың әркайсысы нақты нәтижелерге қол жеткі-зуге бағытталған: ҚР Конституциясының үйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жүмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою қүралдарының көмегімен заңды бүзуды анықтау және жою, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу, сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау, кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін үсыну. Осы нәтижелерге кол жеткізу, ең аяғында, нақты функ-цияларды іске асыру процесінде пайдаланылатын әдістердің әртүрлігі мен өзгешелігіне қарамастан, кұқық қорғау қызметінің жоғарыда аталған міндеттердің орындалуын камтамасызетеді.

Құқық қорғау органдары: жалпы сипаттамасы және жүйесі

Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттарын (функцияларын) орындау үшін нақты құқық қорғау органдары жұмыс істейді. Заң ғылымында қүқық қорғау органдарының тобы туралы бірдей пікір жоқ: біреулері олардың қатарын көбейтіп, ал екіншілері азайтып көрсетеді. Бұл алақұлалық осы мәселенің заңдық тәртіппен реттелмегендігімен түсіндіріледі, сондай-ақ заң актілерінде де құқык қорғау қызметіне түсінік берілмеген. Бір автор, қылмысқа қарсы тікелей күрес жүргізетіндерді қүқық қорғау органдары десе, екіншілері - қылмыстар мен өзгеше қол сұғуларды түбірімен жояды десе, үшіншілері - қоғамдык орындарда тәртіпті кадағалайды дейтіндер.

Ғылымда сот кұкык қорғау органы болып табылатындығы туралы пікір қалыптасқан. Алайда, біздің ойымызша, соттарды құқық қорғау органдарына жатқызу дүрыс емес, ойткені сот қүқық қорғау органдарынан қүкыктық мәртебесімен ерекшеленетін айрықша мемлекеттік орган болып табылады. Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 1-бабының 2-тармағына сәйкес соттардың міндеті "азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Конституция мен заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республика халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету" болып табылады.

Құқық қорғау қызметінің анықтамасын, оның функцияларының (бағыттарының) сипаттамасын және қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, қүқық қорғау органдарына мына-ларды жаткызуға болады:

  • соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдар (ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет және оның облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілері) ;
  • прокуратура органдары;
  • қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және тергеуді жүзеге асыратын органдар (ҚР ІІМ, ¥ҚК, ӘдМ, Қаржы полициясы агенттігінің кейбір алдын ала тергеу және анықтау органдары) ;
  • құқыктык көмек пен құқықтык қамтамасыз етуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін органдар (адвокатура, нотариат) .

Соттар (аудандық және оларға теңестірілгендер, облыстық және оларға теңестірілгендер, ҚР Жоғарғы Соты) бізше, құқық қорғау органдарына жатады.

Анықтама жүргізу-алдын ала тергеу немесе алдын ала істі қарау формаларының бірі болып келеді. Алдын ала істі қарау-бұл анықтама жүргізу органдары мен тергеу органдарының дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау қызметтерінен тұрады.

Анықтама жүргізу нәтиесінде алынған дәлелдемелер және алдын ала тергеу кезінде алынған дәлелдемелер сот алдында бірдей маңызға ие.

Кеден органдары мына істерде анықтама жүргізіледі:

  1. Контрабанда;
  2. Технологиялардың заңсыз экспорты, қару жарық, әскери техника және жаппай қырып жоятын қару жасауға қолданылатын, ғылыми-техникалық информациялар мен қызметтердің заңсыз экспорты кезінде;
  3. ҚР-ның территориясына халықтың көркем әдеби шығармалары, тарихи, археологиялық және көркем суре шығармалары қайтып оралмауы кезінде;
  4. Шетелден шетел валюталарының қайтып оралмауы кезінде;
  5. Кеден төлемдерін төлеуден жалтарғанда.

ҚР - ның Кеден органдарының кеден ережелерінің бұзушылығын тау үшін, кеден органының құрылымында «контрабандамен және кеден тәртібін бұзушылықпен күресу» жөніндегі Басқарма құрылған. Сонымен қатар, кеден ережелерін бұзушылықтармен күресу жөніндегі аймақтық кеден басқармасы құрылған.

Анықтама жүргізу органы-бұл оның басқарушысы және ол анықтама жүргізу құзыретіне жатқызылған кез келген іске анықтама жүргізе алады. Анықтама жүргізетін тұлға-бұл анықтама жүргізуге құзыреті бар лауазымды тұлға. Кеден органдарында анықтама жүргізуді мынадай лауазымды тұлғалар іске асырады, олар: Кеден органы бастығының немесе бастық орынбасарының бұйрығы бойынша аға инспектор анықтама жүргізеді.

Анықтама жүргізу қылмыстық істің қозғалуына алып келеді. Қылмыстық істі қозғауға құықбұзушылық туралы мәліметтер негіз болады. Мұндай мәліметтер негізінен кеден кеден бақылауын іске асырғанда, оған: документтерді тексергенде, жүктер мен транспортты тінту кезінде, жеке тінту кезінде алынады.

Кеденнің лауазымды тұлғасы осындай мәлімет алысымен алған мәліметтердегі фактілерді Кеденнің лауазымды тұлғасы осындай мәлімет алысымен алған мәліметтердегі фактілерді 3-күн ішінде тексереді. Кейбір жағдайларда бұл мерзім 10-күнге ұзартылуы мүмкін. Қылмыстық әс қозғағанға дейін жедел-іздестіру қызметтерін жүргізуге болады. Егер контрабанда немесе басқа да қылмыстар кедендік бақылау немесе кедендік ресімдеу кезінде табылса, соларды тапқан лауазымды тұлға протокол жасайды.

Осы кезде кеден органының бастығы немесе оның орынбасары мынадай шешімдердің бірі қабылдайды:

  1. Қылмыстық істі қозғау жөнінде шешім
  2. Қылмыстық істі қозғаудан і бас тарту жөнінде шешім
  3. Протокол және контрабанда немесе басқа да қылмыстар туралы материалдарды тергуге жіберу жөніндегі шешім.

Кедендік қылмыстар ауыр қылмыстар категориясына жатқызылған. Кдендік қылмыстар бойынша міндетті түрде алдын ала тергеу жүргізіледі. Ал кедендік төлемдерді төлеуден жалтару ауыр емес қылмыстар категориясына жатқызылған.

Кеден органының лауазымды тұлғасы қылмыстық істі қозғап, кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс-әрекеттерін жүргізеді. Кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс-әрекеттеріне жататындар: дәлелдемелерді табу және бекіту жөніндегі іс-әрекет, тексеру, тінту, куәландыру, қылмыскерді ұстау, күдіктенушілерді ұстау және тергеу, зардап шегушілерді және куәларды тергеу. Тергеу процесінде ғимарттарды, тауарларды жеке бұйымдарды документтері тексеру қажеттілігі туындайды. Тексеру-қылмыс іздерін табу мақсатында және басқа да заттай, дәлелдемелерді табу үшін жасалады. Кеден қылмыстарының ішінде тексеру көбінесе контрабандамен байланысты және контрабандалық заттарды табу үшін жүргізіледі, тауарларының сапасын анықтау үшін жүргізіледі. Тауарларының сапасын анықтау үшін фабрикалық маркировкасын және басқа да ерекше белгілерін анықтау үшін арнайы маман шақырып, тексеру жүргізіледі.

Тінту жүргізу үшін белгілі бір мәліметтерге негізделу қажет. Тінтуді Прокурордың санкциясымен анықтама жүргізуге құзыретті лауазымды тұлға жүргізеді. Ал кейбір жағдайларда, тінту прокурордың санкциясынсыз жүргізілуі мүмкін, бірақ осы тінту туралы мәліметті 24 сағат ішінде прокурорға жеткізуі қажет.

Заң бойынша жеке тінтуді жүргізуге болады. Прокурордың санкциясыз мынадай жағдайларда жеке тінту кезінде:

  1. Қылмыскерлерді ұстау кезінде;
  2. Тінту жасалып жатқан ғимараттағы, мекемедегі тұлға осы іске қажетті документтер мен заттарды өзіне тығып тұр деген толық мәлімет кезінде.

Жеке тінту тінтіліп жатқан тұлғаның жынысымен бірдей айғақтар қатысуымен жүргізіледі. Жеке тінту кезінде: киім, аяқ киімі, қолындағы заттары және денесі тінтіледі.

Тексеру, тінту куәландыру кезінде кем дегенде 2-айға қатысуы қажет. Кеденге анықтама жүргізу органы ретінде қылмыскерлерді ұстауғп құық берілген. Бұл шара қылмыстық-процессуалдық міндеттеме негізігде және күдіктенуші тұлғаны қысқа мерзімге бостандығынан айырады және күдіктенуші түрін анықтау үшін, белгілі бір қылмысқа қатысы барлығын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Ұстауға негіз болатын мәліметтер:

  1. Қылмыс үстінде немесе қымыс жасап болғаннан кейін ұсталған тұлға;
  2. Куәгерлердің мәліметі бойынша;
  3. Күдіктенушіде, немесе оның киімінде, немесе оның үйінде қылмысты із табылса

Егер ұсталған тұлға шетел тұлғасы болса, онда анықтама жүргізу органының бастығы осы мәліметті контрабандамен және кеден ережелерін бұзумен «күресу жөніндегі басқармаға» хабарлайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот шешіміне дейін тұлға 48 сағаттан артық ұсталмауы тиіс. Ал кейбір жағдайларды 72-сағаттан артық ұстамауы тиіс. Күдіктенуші егер бостандықта болса, онда оны тергеуге повестка арқылы шақырылады. Егер себепсіз жағдайлармен күдіктенуші тергеуге келмесе, онда оны күшпен әкеледі, тергеу алдында күдіктенушіге қандай қылмыста күдіктенгені туралы айтылады. Тергеу жүргізіп жатқан тұлға, күдіктенушіге оның құқықтарын түсіндіреді: күдіктенушінің қорғаушыға құықығы бар, неде күдіктеніп жатқанын білу құқығы, түсініктеме беру, дәлелдемелер беру; мінездеме беру, тергеу протоколымен танысуға құқығы бар және алдын ала тергеу жасаған тұлғаның шығарған шешіміне шағым жасау құқығы. Қылмыс орнының куәлары болып азаматтар және кеден қызметкерлері бола алады, себебі: сол салада кеден қылмыстары жасалып жатқанда, кеден органдары және т. б. құқық қорғау органдары сол қылмыстарды табады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден органдарының кедендік рәсімдеумен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Қазақстан СЭҚ мемлекеттік реттеу мен кеден саясатын дамыту болашағы және көкейтесті мәселелері
Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының дамуы
Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң экономикаық мазмұны
Қазақстан Республикасында кеден органдарындағы қызметті ұйымдастыру
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметі
Тауар мен көлік құралдарын рәсімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру жолдары
Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау (конституциялық аспект)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz