Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

бет.

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

1. 1 Қаржы ресурстарын басқарудың мәні, құрамы және құрылымы . . . 5

1. 2 Ақша ағынын басқару түсінігі, принциптері және әдістері . . . 11

1. 3 Қаржы ресурстарын басқаруда қолданылатын есеп және есептіліктің

негізгі көрсеткіштері . . . 18

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ(“Alakol Plant”ЖШС МЫСАЛЫНДА) . . . 30

2. 1 Кәсіпорынның жалпы мінездемесі . . . 30

2. 2 “Alakol Plant”ЖШС-нің қаржы ресурстарын экономикалық талдау . . . 35

2. 3 Кәсіпорынның жарғылық капиталын арттырудағы потенциалды

тәуекелдер . . . 44

3. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУДЫҢ

ШЕШУШІ ЖОЛДАРЫ . . . 51

3. 1 Қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру жолдары . . . 51

3. 2 Қаржылық ресурстарды басқаруда қаржылық дағдарысқа қарсы бағдарламаны қолдану . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67

КІРІСПЕ

Фирманың қаржылық ресурстары басқару объектісі ретінде қаржылқ міндеттемелерді орындауға арналған сыртқы түсім мен табыс нысанында байқалады. Алайда, қаржылық ресурстар нысандандыру көзіне байланысты жеке жұмылдырылған немесе қарыздық болып бөлінеді. Бұлардың арасындағы айырмашылық - кәсіпорын жабылатын жағдайда қаражат салымдарының заңды құқықтарында. Меншік қаржылық ресурстар жұмылдырылған және қарыздық ресурстармен есеп беру жүзеге асқаннан кейін барып өтеледі.

Қаржылық ресурстарды басқару кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің, ағымдағы және келешек қаржылық қызметті басқарудың, қаржыландыру көздерін іздестірудің және оның атаулы құрылымын анықтаудың, кәсіпорын активтерінің оптималды құрамы мен көлеміне байланысты сұрақтарды шешу жүйесінің басты жүйесі болып табылады.

Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметі көптеген факторлармен анықталады. Осы факторлар объективті, кәсіпорынға тәуелді емес және басқарушы команда жағынан бақыланатын ішкі болып негізгі топқа бөлінеді. Бүкіл осы факторлардың әсер етуі жан-жақты бағытта болады, сондықтан фирма басшылығы қызметінің негізгі мотиві болып мүмкін болатын өзгерістерді алдын ала болжау мен барлық мүмкіншіліктерді қолдану табылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі - нарықтық экономикада кәсіпорынның тиімді шарушылық жүргізуде қаржылық ресурстарды басқарудың қажеттілігі. Өйткені қаржылық ресурстарды басқарусыз ешбір кәсіпорынның, ұйымның атқаратын қызметі іске аспайды және де кәсіпорын үшін өз қызметтерін жүргізу қаржылық қызметісіз, яғни ақша ағынын басқару, қаржылық тәуекелдерді минималдау, жарғылық капталды құру және есеп айырысу операцияларын жүргізусіз мүмкін емес.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорын қызметіндегі қаржылық ресурстарды тиімді басқару және оларды ұйымдастыру мәселелерін талдап маңыздылығы мен мағынасын ашып талдау.

Осы мақсаттарға байланысты келесі міндеттер туындайды:

  1. капитал қозғалысы механизмінің жан-жақтылығын анықтау;
  2. ақша қаражаттар ағынының принциптері мен әдістері;
  3. есеп айырысу қызметіндегі негізгі көрсеткіштерді талдау;
  4. қаржылық ресурстарды басқару тиімділігін жетілдіру шараларын зерттеу.

Кәсіпорындағы басшылық қызметі өте әрқилы болады және де олар күнделікті көптеген әртүрлі сипаттағы шешімдер қабылдайды. Дегенмен, кез келген басқару шешімдері қаржылық ресурстардың өзгеруіне алып келеді - персонал жұмысының қысқаруы мен жұмысқа қабылдау туралы шешімдерге қатысты ма, әлде өндіріс көлемінің ұлғаюы туралы шешімдерге қатысты ма, немесе керісінше, сұранысы жоқ өнімдерді шығару ма . . . Бұл жерде кері байланыс байқалады: кез келген басқару шешімдерін қабылдау мен оны іске асыру мүмкіншілігі кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен меншіктенушінің қарыз қаражаттар көлеміне байланысты шектеледі. Осы шектеулерге байланысты кәспорынның қайта ұйымдастырылуы немесе жабылуына дейін жағдайы нашарлауы мүмкін.

Осы жұмысты орындау барысында Ю. Бригхем Р. А. Брейли мен С. С. Майерс деген шетелдік ғалымдардың зерттеулері қарастырылған.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы және де оның кадрлық құрамы кәсіпорын қызмет түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі тәсілдерімен құрылуы мүмкін. Ірі компанияларға арнайы қаржы директорын тағайындау тән. Шағын кәсіпорындарда қаржы менеджер қызметін бірінші басшы немесе бас бухгалтер атқарады.

Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауында, қаржылық ресурстарды басқарудың теоретикалық негіздері, яғни қаржылық ресурстарды басқарудың мәні, құрамы және құрылымы, ақша қаражаттар ағынын басқару түсінігі және олардың принциптері мен әдістері, сонымен қатар ақша қаражаттар қозғалысы туралы есеп, қаржылық есеп, бухгалтерлік есеп, капитал өзгерістері туралы есеп және пайдалар мен зияндар туралы есеп берудің құрылымы жазылған.

Екінші тарауда, кәсіби іс-тәжірибеден өту орнына байланысты «Alakol Plant» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы, өндіріс бағыты туралы мәліметтер жазылған. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «Alakol Plant» ЖШС болып табылады және де аталған кәсіпорынның қаржы - экономикалық қызметі жазылған және қаржы ресурстармен танысу қарастырылған.

Үшінші тарауда, қаржы ресурстарын тиімді басқаруды жетілдіру жолдары қарастырылған. Сондай-ақ үкіметтің қаржылық дағдарысқа қарсы бағдарламасы мен жарғылық капиталды құруда тәуекелдерді минималдау механизмі жазылған.

1 ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1Қаржы ресурстарының мәні, құрамы және құрылымы

Фирманың қаржылық ресурстары басқару объектісі ретінде қаржылқ міндеттемелерді орындауға арналған сыртқы түсім мен табыс нысанында байқалады. Алайда, қаржылық ресурстар нысандандыру көзіне байланысты жеке жұмылдырылған немесе қарыздық болып бөлінеді. Бұлардың арасындағы айырмашылық - кәсіпорын жабылатын жағдайда қаражат салымдарының заңды құқықтарында. Меншік қаржылық ресурстар жұмылдырылған және қарыздық ресурстармен есеп беру жүзеге асқаннан кейін барып өтеледі.

Меншік қаржылық ресурстар мыналарға байланысты қалыптасады:

  1. Жарғылық капитал иесімен ұсынылатын капитал;
  2. Кәсіпорын жинаған резервтер - ағымдағы кезеңнің үлестірілмеген табыстары, резервтік қорлардың әртүрлі жолдармен қалыптасқан және өткен кезеңнен жиналған үлестірілмеген табыс.
  3. Басқа да заңды және жеке тұлғалардың салымдары(қаржыландыру, қайырымдылық салымдар және т. б. )

Жұмылдырылған және қарыздық қаржыландыру көздеріне жататындар:

  1. Банктік ссудалар мен басқа да қаржы - несие саласындағы мекемелер
  2. Қор нарығындағы операцияларды жүзеге асыру жолымен тартылған қаражаттар(ұзақ борышқорлық бағалы қағаздарды эмиссиялау мен орналастыру)
  3. Несиегерлік берешектер.

Қаржылық көздерді ішкі және сыртқы деп бөлу кәсіпорынның өзіне қатынасымен шарттасылған, құрылтайшы мен акционерлермен тартылған қосымша қаражаттар да сыртқы қаржыландыру көздеріне жатады.

Сыртқы қаржылық ресурстарды меншік және қарыздық деп, екі топқа бөлуге болады. Бұндай бөлу кәсіпорын дамуындағы сыртқы қатысушылармен салынатын капитал нысанымен шарттасылған: кәсіпкерлік немесе ссудалық капитал. Сәйкесінще, кәсіпкерлік капиталды салу нәтижесі болып, ссудалық капиталды салу нәтижесіндегі тартылған меншік қаржылық ресурстарды құру табылады.

Кәсіпкерлік капитал дегеніміз - әртүрлі кәсіпорындарға пайда мен кәсіпорынды басқару құқығын алу мақсаында салынатын капитал.

Ссудалық капитал - бұл ақылылық және қайтарымдылық шартымен берілетін ақшалай капитал. Кәсіпкерлік капиталға қарағанда, ссудалық капитал фирмаға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында уақытша қолдануға беріледі. Бұл бизнес түрімен арнайы қаржы - несие институттар(банктер, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т. б. ) айналысады.

Фирманың барлық қаржылық ресурстары фирма өкімінде болу уақытына байланысты қысқа мерзімді (1 жылға дейін) және ұзақ мерзімді(1 жылдан артық) болып бөлінеді.

Меншік қаржылық ресурстар - бұл кәсіпорын құрылған уақытта құрылатын барлық қаржылық ресурстардың базалық бөлігі. Бастапқы кезеңде уәсіпорын қызметінің қаржылық ресурстардың бұл бөлігі, кәсіпорынның қор немесе жарғылық капитал ретінде беріледі. Осының салдарынан компанияның даму үрдісінде меншік қаражаттар әртүрлі қорлар мен үлестірілмеген пайданың есебінен толтырылады.

Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формасына байланысты оның жарғылық капиталы жарғылық капиталға пайлар, үлестер және т. б. салу, акцияларды шығару мен оларды сату есебінен қалыптасады.

Жарғылық капиталға салымдар салынып кәсіпорын құрылған кезде ол салымдар ақша қаражаттар, материалдық және материалдық емес активтер болуы мүмкін. Жарғылық капиталға активтер салымдар ретінде салынған уақытта шаруашлық жүргізуші субъектіге (ШЖС) меншік құқығы берілмейді. Бұл дегеніміз инвесторлар объектіге заттық құқықтарын жоғалтады. Кәсіпорын жабылатын жағдайда немесе қатысушы ұйымнан шығатын болса, онда ол тек қана қалған мүліктің үлесінен өтемақы алуға құқығы бар, бірақ жарғылық капиталға салым ретінде салынған объектілерді қайтаруға емес, басқаша айтқанда, жарғылық капитал кәсіпорынның инвесторлар алдында міндеттемелер сомасын білдіреді [25, 81б] .

Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның тіркелуі кезінде хабарланады, ал жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту(қосымша эмиссия, акциялардың номиналды құнын төмендету, қосымша өзгерістер енгізу, жаңақатысушыларды қабылдау және т. б. ), тек қана белгілі бір қарастырылған заңдар мен құрылтайшы құжаттарымен іске асады. Кәсіпорын капиталы ұзақ уақытта ақшалай нысанында жатуға болмайды, себебі ол пайда табу мақсатында салынуы қажет. Кәсіпорын кассасында немесе оның банк шотындағы қалдық ақша қаражаты ешқандай пайда алып келмейді.

Өнім өндірісі мен қызмет көрсету үрдісінде жаңа құн құрылады, бұл құн сатудан түскен табыс сомасына байланысты анықталады. Бұл, өндіріске жұмсалған қаражатты қайтарудың негізгі көзіболып табылады, ақша қаражат қорын қалыптастыру ақша айналымының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын түскен түсімнен материалдық шығындарды(шикізат, материалдар, отын, электрқуаты және де кәсіпорынға көрсетілген қызметтер) өтеуі қажет. Түскен түсімнің бір бөлігі амортизациялық аударымдарды қалыптастыруға бағытталады. Түсімнен қалған бөлігі жалпы табыс немесе қайта құрылған құнды құрайды, ол кәсіпорын пайдасын қалыптыстыру мен еңбекақыға, сонымен қатар бюджнттік емес қорларға аударымдар, салықтар және басқа да міндетті төлемдерді өтеуге бағытталуы қажет.

Өткізуден түскен түсім қаражат айналымынан аяқталады. Өндіріске салынған қаражат айналымының нәтижесі болып, пайда мен амортизациялық аударымдар табылады. лар кәсіпорынның меншік қаржылық ресурстары болып табылады, ал оларды мақсаттық қолдану өндірісті кеңейтуге көмектеседі.

Нақты айтқанда компания ресурстары айналым қоры мен айналмайтын активтер түрінде қалыптасады. Айналмайтын активтерге негізгі қорлар, материалдық емес активтер, аяқталмаған құрылысқа қаажат салу, бағалы қағаздар мен басқа да кәсіпорынға ұзақ мерзімді қаржлық салымдар.

Активтердің жалпы құнының азғантай үлесі ереже бойынша негізгі және айналым қоры жатады. Сәйкесінше басқару шешімдерінің көбісі осы ресурстар түрін қалыптастыру, пайдалану және бөлумен байланысты болады. Негізгі және айналым құралына сәйкесінше, негізгі және айналым қорларының ақшалай бағасы жатады.

Негізгі құралдар, өз кезегінде қаражат айналым процесіне байланысты өндірістік айнаым қоры мен айналыс қоры болып бөлінеді.

Өндірістік айналым қорларына жаатындар:

  1. Өндірістік қорлар - еңбек заты (шикізат, сатып алынатын жартылай фабрикатта, негізгі және көмекші материалдар, отын, ыдс, ақшалай бөліктер) және белгілі шектегі еңбекқұралдары(арзан бағалы және макротозған затар) ;
  2. Аяқталмаған өндіріс - өнімді өңдеу мен дайындау үрдісіне жататын еңбек заттары;
  3. Болашақ кзеңнің шығындары - ағымдағы жылдың, бірақ болашақ кезеңнің өндірілетін және өткізілетін өнімнің өзіндік құн есебінен өтелетін шығындар;

Айналыс қоры айналыс саласына қызмет көрсетеді және осыған жататындар:

  1. Қоймадағы және тұтынушыларға жөнелтілген дайын өнім;
  2. Кассадағы және банк шотындағы ақша қаражаттары;
  3. Есеп айырысу құралдары;
  4. Дебиторлық берешектер.

Өндірістік айналым қоры және айналыс қоры компания қызметіндегі айналым құралы мен ресурстар құнын қамтамасыз етеді. Айналым қорының элементтерінің жетіспеушілігі немесе артық болуы өндіріс көлемінің қысқаруына, пайданың төмендеуіне және компанияның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі. Сондықтан компанияның айналым капиталын басқару мақсаты айналым құралдарына номиналды қажеттілікті анықтау болып табылады.

Белгілі бір кәсіпорынның айналым құралының көлемі, оның құрамы және құрылымы өндіріс сипаты мен күрделілігіне, өндірістік циклұзақтығына, қолданылатын шикізаттың құнына байланысты болады.

Негізгі қорлар кәсіпорынның блансына тіркеледі және қолданыста, босалқы қорда болуы мүмкін және де жалға берілуі немесе басқа кәсіпорын қолдануы мүмкін.

Негізгі қорлар өндірістік тағайындау объектілері(өндірістік процеске тікелей қатысы бар), өндірістік емес объектілері(өндіріс прцесінің өмір сүруіне және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларына арналған) болып бөлінеді[13, 24б] .

Негізгі құралдар төрт кезеңге бөлінетін шаруашылық айналым жасайды:

  1. Негізгі қорларды салу;
  2. Амортизация;
  3. Негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражат жинақталуы;
  4. Қаржы жұмсау арқылы жүзеге асатын негізгі қорды ауыстыру.

Кәсіпорын қызметін талдау мен бағалауда өзінің тарихи дамуында бірнеше әдістемелер пайдаланылады:

  • Көбінесе қолданылатын аналитикалық қызметбухгалтерлік есептеме. Бухгалтерлік баланс элементарлы үлгіде қызмет етеді. Бұл дегеніміз кәсіпорын ресурстары - материалдық, қаржылық, ақшалай активте орналасады, ал қаржыландыру көздері пассивте болады. Пайда бойынша есеп беру кәсіпорынның пайдасы мен шығындарын қалыптастыру механизмі жатады. Ақша қаражатының қозғалысы бойынша есеп беруге әртүрлі салалардағы қызметті жүзеге асыру жатады және сәйкесінше, есеп беру кезеңінде кәсіпорынның саясаты туралы қорытынды жасауға көмектеседі. Осыған орай бухгалтерлік есеп беру компанияның қаржылық жағдайын зерттеу үшін жақсы дерек болып табылады.
  • Экономикалық тәсілкәсіпорынды өндіріс факторларының ұштастырылған орталығы ретінде анықтайды. Ол келесідей көрсетіледі:

нақты кіріс ағын нақты шығыс ағын

Өндіріс факторлардыұштастырупроцесі:

Өндіріс факторларды

ұштастыру

процесі

қаржылық шығыс ағын қаржылық кіріс ағын

Cурет 1 - кәсіпорын өндіріс факторлардың бірігу орталығы ретінде

Деректер негізі: [1, 216б] .

Кәсіпорын қызметі әртүрлі байланыстарды тудырады, олар кәсіпорын мен сыртқы орта арасында әртүрлі уақыт кезеңдеріне жинақталады. Бұл байланыстар қаржылық ресурстар ағыны(шығыс ағын - шикізатты төлеу, қуат, жұмыс күші; кіріс ағын - қызмет көрсету мен өнімді өткізуден түсетін түсімдер) және нақты ресурстар ағыны(кіріс ағын - шикізат пен матералдарды иелену, жұмыс күші шығындары, қуат; шығыс ағын - тауарды сату, кәсіпорын активтерін сату) түрінде көрінеді. Әдетте қаржылық және нақты ағындар белгілі бір уақытта ажырауы мүмкін және кәсіпорынның қаржылық операцияларымен жүзеге асатын жеке қаржылық ағындармен толықтырылуы мүмкін.

  • Ұйымдастырушылық тәсілбұл - фирманы белгілі бір экономикалық мақсаттары бар адамдар бірлестігі ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз кәсіпорын өзінің қызметінде экономикалық параметрлерден басқа әлеуметтік және еңбек параметрлерін ескереді. Осыған орай кәсіпорынның ақпараттық және коммуникациялық саясаты стратегияның басты факторы болып саналады, ал кәсіпорынның қызметі басқарушылық құбылыс ретінде талқыланады. Ұйымдастырушлық тәсіл гипотезасыкөптеген факторларды ажыратады және заңдардың тұрақсыздығы мен жеткіліксіздігінің әсер етуін қадағалау қиын немесе тіпті мүмкін емес. Ұйымдастырушылық тәсіл бойынша фрма қызметіне жалпы талдау жасаудың сыртқы орта мен шешім қабылдауға әсерн тигзетін тұлғаларды зерттеуде және де кәсіпорын дамуына стратегия құруда маңызы зор[1, 218б] .

Қаржылық ресурстарды басқару.

Қаржылық ресурстарды басқару кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің, ағымдағы және келешек қаржылық қызметті басқарудың, қаржыландыру көздерін іздестірудің және оның атаулы құрылымын анықтаудың, кәсіпорын активтерінің оптималды құрамы мен көлеміне байланысты сұрақтарды шешу жүйесінің басты жүйесі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің осы уақытқа дейін ешқандай мағынасы болмаған. Оның жұмыстары қатаң белгілі бір формалар мен есеп айырысулар және элементарлы қаржылық жоспар мен есеп берулерді құруға бағытталған болатын. Қаржылық жұмыстар бухгалтерия бөлімінің шеңберінде бір қызметімен бірлескен болатын. Әрине екі әртүрлі кәсіптің арасында тығыз байланыс бар: бухгалтер берілген трансакциялардың ашалай мағынасын тіркеп, қорытынды бухгалтерлік баланс құжатына енгізеді; қаржыгер көптеген белгісіздердің арасынан осының мағынасын қалыптастырады.

Басшы немесе қаржылық менеджердің жұмысы белгісіздік жағдайда шншім қабылдаумен байланысты, бұл шығармашылық қасиетті, жоғары тәуекелге бару және тәуекел деңгейін бағалауды, сыртқы ортада жаңашылдықты қабылдай білуді қажет етеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы және де оның кадрлық құрамы кәсіпорын қызмет түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі тәсілдерімен құрылуы мүмкін. Ірі компанияларға арнайы қаржы директорын тағайындау тән. Шағын кәсіпорындарда қаржы менеджер қызметін бірінші басшы немесе бас бухгалтер атқарады.

Қаржы менеджер қызметі негізіне төрт негізгі функциялар кіреді: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Осы функциялардың қосымша объектісі болып қаржылық кәсіпорындар, ал ынталандыру объектісі болып менеджердің өзі табылады.

Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметі көптеген факторлармен анықталады. Осы факторлар объективті, кәсіпорынға тәуелді емес және басқарушы команда жағынан бақыланатын ішкі болып негізгі топқа бөлінеді. Бүкіл осы факторлардың әсер етуі жан-жақты бағытта болады, сондықтан фирма басшылығы қызметінің негізгі мотиві болып мүмкін болатын өзгерістерді алдын ала болжау мен барлық мүмкіншіліктерді қолдану табылады[5, 24б] .

Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметінің үш негізгі мақсаты бөліп көрсетеді: 1) тіршілік; 2) пайда алу; 3) фирма дамуындағы экономикалық өсу. Қаржылық контексте бұл мақсаттар:1) кәсіпорын шаруашылық жүргізуші бірлестік ретінде тіршілік етуіне қажетті шарт-қаржылыққа тұрақтылық; 2) рентабелділік; 3) экономикалық өсу.

Осыған орай кәсіпрынның қаржылық тұрақтылығына жетудің бірінші кезекті мәселесі болып табылады.

Қаржылық тұрақтылық түсінігі кәсіпорын қызметіндегі тұлғалар топтарының әртүрлі пікірлермен түсіндіріледі, акционерлерді көбінесе кәсіпорынның керекті табыс табу қабілеті қызықтырады, егерде меншік иесі мен басшылардың функцияларын бөлетін болса, онда кәсіпорын қызметіне аз көңіл бөледі. Несие берушілер кәсіпорынға берілген қаражаттарды уақытында қайтару бойынша сұрақтарға көп көңіл бөледі. Фирманың қаржылық жағдайының өзгерістерімен көбінесе басқарушы персонал топтары айналысады. Олар кәсіпорын қызметін көптеген ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорындағы басшылық қызметі өте әрқилы болады және де олар күнделікті көптеген әртүрлі сипаттағы шешімдер қабылдайды. Дегенмен, кез келген басқару шешімдері қаржылық ресурстардың өзгеруіне алып келеді - персонал жұмысының қысқаруы мен жұмысқа қабылдау туралы шешімдерге қатысты ма, әлде өндіріс көлемінің ұлғаюы туралы шешімдерге қатысты ма, немесе керісінше, сұранысы жоқ өнімдерді шығару ма . . . Бұл жерде кері байланыс байқалады:кез келген басқару шешімдерін қабылдау мен оны іске асыру мүмкіншілігі кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен меншіктенушінің қарыз қаражаттар көлеміне байланысты шектеледі. Осы шектеулерге байланысты кәспорынның қайта ұйымдастырылуы немесе жабылуына дейін жағдайы нашарлауы мүмкін.

Алайда, кәсіпорында қаржылық ресурстардың белгілі бір резервтік қоры болуы керек. Олар кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру, сондай-ақ, оның күнделікті және ағымдағы міндеттерін орындау үшін қажет. Кәсіпорын активтерін тиімді пайдалану мүмкіншіліктері мен ресурстардың резервтік қорын қалыптастыруға бірқатар факторлар әсерін тигізеді - тұтастай экономика мен әлемдік экономика тенденциялары.

Нарықтық экономикадағы кез келген кәсіпорын, оның қызметінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, басқару шешімдердің көмегімен іске асатын ақша қаражаттар қозғалысы мен қаржылық қатынастар жүйесі ретінде сипатталуы мүмкін. Бұл тәсіл 90 жылдарда ерекше мәнге ие болатын, сондай-ақ фирманың акционерлік құнын құру концепциясы ретінде қолданылған. Акционерлік құнды құру инвесторлар күткен ақша қаражаттар ағынынан көп болуына байланысты. Сәйкесінше, кәсіпорын ойдағыдай басқарылатын жүйе ретінде болашақта да оң ақша ағынын әкеледі.

1. 2 Ақша ағынын басқару түсінігі, принциптері және әдістері

Нарыққа кіре алмаған, кәсіпорын басшыларының ең үлкен қателігі қаржылық менеджмент заңдарын елемеушілігі мен жете бағаламауы болып табылады. Кәсіпорын қызметінің жетістіктерін жоспарлаудың басты шарты ақша қаражаттармен қамтамасыз етілуін бағалау болып табылады және де кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау ақша қаражаттар ағынын талдаусыз мүмкін емес.

Ақша ағыны түсінігінің бірнеше мағынасын бөлуге болады. ”Бос резерв” - кәсіпорын өкімінде болатын ақшаның статистикалық деңгейдегі сандық мағынасы. Ақша ағыны инвестор үшін инвестициядан күтілетін болашақ табыс. Кәсіпорын басшылығының көзқарасы бойынша динамикалық деңгейде, ақша ағыны кәсіпорынның ақша қоры қозғалысы немесе алдағы кезеңде олардың қозғалысы туралы ақпарын білдіретін болашақ жоспар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қозғалысы
Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
Ақша қаражатының түсінігі
Ақша қаражаттары және олардың баламалары
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы
Кәсіпорынның ақша қаражатының есебі
Кәсіпорнында ақша қаражаттарының қозғалысы мен есебінің тәртібін зерттеу
Ақша қаражатының есебі туралы
Ақша қаражатын пайдалануын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz