Ауыл шаруашылық өндірісі
ЖОСПАР
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауындағы аграрлық саясаттың
басым бағыттары
1.1 Аграрлық сала және аграрлық саясаттың маңызы мен қажеттілігі
... ... ... ...5
1.2 Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы аграрлық саясаттың
басым бағыттарын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3 Президент Жолдаулары негізіндегі мемлекеттің аграрлық саясаты және
Қазақстанның бүгінгі аграрлық даму процестері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2. Қазақстан Республикасының аграрлық саясаты және мемлекеттік
бағдарламалар негізінде ауылды қолдау шараларын жетілдіру барысы
2.1 Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені және оны реформалау
... ... ... ... ... 31
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын жүзеге асыру жолдары
... ... ... ... ..48
2.3 ҚР президентінің "Әлеуметтік жаңғырту Қазақстан Республикасы дамуының
басты бағыты" 2012 жылы Жолдауы аясындағы аграрлық
саясаттын жетілдіру барысы

... .64
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... ..8 7
Пайдаланылған әдебиеттер

... ... 89
Кіріспе
Аграрлық өнеркәсіптік кешенге – ауыл шаруашылығы шикізатын қайта
өңдеу, сақтау, тұтынушыға жеткізу жатады. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің
дамуын қамтамасыз ететін (ауыл шаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібі,
минералдық тыңайтқыштар өндіру кәсіпорындары) басқа да салалары бар.
Аграрлық өнеркәсіптік кешен – республика шаруашылығының жетекші
саласының бірі.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық саласында материалдық өндіріс қарқындап
өскен сайын шикізаттарға, энергияға, тасымалдау, материалдық-техникалық,
техника жөндеу қызметтеріне, сондай-ақ ғылыми, ақпараттық, зат сақтайтын
орындарға деген қажеттілік арта түседі.
Аграрлық өнеркәсіптік өндірістің қазіргі және болашақтағы дамуы тек
ауыл шаруашылығының тікелей даму деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оған
қызмет көрсететін салалардың даму дәрежесімен де айқындалады, сондай-ақ
ауылдың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының даму дәрежесіне
байланысты.
Ауыл шаруашылығын басқарудағы әлемдік тәжірибені тұжырымдау нәтижелері
ауыл шаруашылығы экономикасын басқарудағы теория мен практикада мемлекеттік
реттеу мен ерікті кәсіпкерлердің өзін-өзі басқару механизмімен ұтымды
ұштастыруда екенін көрсетеді. Аграрлық саланы дамытуға бағытталған
Елбасының саясаты осы дамыған елдерде қолданылып келе жатқан шараларға
сәйкес келеді.
Елбасының Жолдауы мен бағдарламалық мақаласындағы идеялар экономикалық
ғылымның қағидаларына сәйкестігін атап, қоғамның даму кезеңіндегі
қалыптасқан жағдайларда экономиканы ілгері бастыруға қосқан жаңалықтары деп
бағалауға болады. Экономика ғылымы екі қағидаға негізделеді. Біріншісі –
адамдардың материалдық және рухани сұранысының шексіздігі, екіншісі, осы
сұранысты қамтамасыз етуде пайдаланатын ресурстардың шектелуі. Экономика
ғылым ретінде осы шектелген ресурстарды ұтымды пайдалану тетіктері мен
құралдарын анықтауға бағытталады. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын негізгі
ресурстар: жер, еңбек және өндіріс құралдары.
Аталған ресурстарды ұтымды пайдалануды ұйымдастыру экономикалық
реформа үрдісіне тысқары қалғанын ескерсек, Президент ұсыныстарының
ғылыми негізділігін бағалап, алда басшылыққа алынуы тұр.
ХХІ ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің қоғамдық
дамуындағы аса маңызды мәселелердің бірі – меншік қатынастарын жан- жақты
қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу. Бүгінгі
таңда негізгі мәселе.
Қазақстанда меншік қатынастарының жаппай дамуы еліміздің егемендігін
алып, экономикалық құрылымды жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастағы
экономикаға өтуіне байланысты қажеттігінің жоғары болуы көрініс тапты.
Елімізде жаппай жекешелендірудің негізінде бүгінгі таңда мемлекеттік
меншіктің басым бөлігі жеке меншік формасына немесе корпорациялық меншікке
өткізілді. Бұл шаралар өз кезегінде экономикаға оң әсерін тигізіп, нарықтық
қатынастардың тиімді дамуына жол ашты. Мұндай меншік формасының нарықты
сипатта даму негізінде ел экономикасының экономикалық ашықтығын,
инвестициялардың көптеп құйылуын және экономикалық белсенділікті
арттырады.
Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл
шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет
көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі
ұлғайған сайын материалдық - техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды,
қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электр-
энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген
қажеттіліктері де көбейеді.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің экономикалық дамуында
агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені – еліміздегі халық шаруашылығындағы
агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік
өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы
негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің
және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Азық – түлік
бағдарламасын бүкіл еліміз көлемінде шешу, халықты азық – түлікпен және
өнеркәсіптің салаларын шикізатпен толық қамтамасыз ету, көбінесе,
агроөнеркәсіптік кешеннің әр түрлі салаларының дамуымен анықталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ұлттық экономиканың негізгі өзегі болып
табылатын агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудағы мемлекеттік аграрлық
саясатының маңыздылығын ашу және Қазақстан Республикасы Президентінің
Жолдауларындағы аграрлық саясаттың басым бағыттарын талдау болыр табылады.
Аталған мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер қарастырылады.
- Аграрлық сала және аграрлық саясаттың экономикалық мәні мен
мазмұнына тоқталу;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы аграрлық
саясаттың басым бағыттарын талдау;
- Қазақстан Республикасының аграрлық саясаты және мемлекеттік
бағдарламалар негізінде ауылды қолдау шараларын жетілдіру барысын
талдау;
- Ауыл аймақты дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығын
ашу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ САЯСАТТЫҢ
БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуын нығайту үдерісі өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығының
тиімділігін тұрақты әрі бекем арттыру үшін шаруашылық жүйенің түбегейлі
қайта құрылуын талап етеді. Қазіргі таңда отандық экономиканы қайта құру
кезінде бірқатар мәселелер туындады. Әсіресе, Қазақстан халқының өмір сүру
деңгейін анықтайтын аса маңызды стратегиялық қызмет саласы ретінде
агроөнеркәсіп өндірісінің тиімділігін арттыруға елеулі назар аударылды.
Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кәсіпорындары шаруашылық механизмнің
жетілмеуінен, коммерциялық ақпараттың жеткіліксіздігінен, сыртқы орта
факторларының (тұтынушылардың іс-әрекеті, нарықтық конъюнктураның өзгеруі,
жаңа тауарлардың пайда болуы, т.б.) әлсіз талдануынан және нарықта жұмыс
істеу тәжірибесінің жоқтығынан тұрақсыз шарттарда әрекет етіп келеді.
Сондықтан, ауыл шаруашылық өнімін тұтынушыға дейін тиімді жеткізуге
бағытталған зерттеулерді қайта қарастыру және күшейту қажет [1, 11б].
Аграрлық сөзі ( латын тілінде agrarius) – жер, жерді игеру, жерді
пайдалану деген ұғымды білдіреді. ХХ ғасырдың екінші жартысында
дүниежүзілік агроөнеркәсіптік кешен жүйесі құрылды, олардың даму деңгейі
мен дара байланыс формалары саяси және әлеуметтік – экономикалық
ерекшеліктерінің анықталуына байланысты әртүрлі болады.
Қазақстандағыагроөнеркәсіптік кешеннің құрылу кезеңі 1985-1990 жылдарға
сәйкес келеді. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық
саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің
негізгі міндеті – елімізді азық – түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы
шикізатымен қамтамасыз ету.
Осындай қажеттілік негізгі өндірістен қызмет көрсетуші сала дамымай бірден-
бір кәсіпорын, бірде-бір халықшаруашылық саласы өркендей алмайды. Айта
кететін бір жағдай халық шаруашылығының әрбір саласының дұрыс өркендеуі
үшін қызмет көрсететін құрылымдардың қызмет көрсету сапасының деңгейі өте
жоғары болуға тиісті, яғни қызмет көрсетуші өрістің жұмысы дұрыстап
дамымаса, халықшаруашылығының ешбір саласы, ешбір кәсіпорны өркендей
алмайды, екінші сөзбен айтқанда, негізгі өндіріс орындарының нәтижесі
қызмет көрсетуші салалардың өркендей өсуімен тікелей байланысты. Осындай
өзара тығыз байланыстылық инфрақұрылымдардың бүкіл халық шаруашылығы
салаларына объективтік қажеттілігін тудырады.
Инфрақұрылымдарды негізгі салалармен салыстырғанда өздеріне тән
ерекшеліктері бар. Олар өздігінен ешқандай өнім өндірмейді, бірақ осы
инфрақұрылымдардың қатысуынсыз ешбір жаңа өнім өндірілмейді, сондай-ақ
түпкі өнім пайда болмайды. Олар негізгі салаларға қызмет көрсетуі арқылы
жұмыстың түпкі нәтижесінің тиімді болуына көп жағдайда себепкер болады.
Агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымының құрамы өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымдарынан тұрады.
Қазіргі нарықты экономика кезеңінде ауылшаруашылық өндірісін дамыту
үшін негізгі салаларға қызмет көрсетуші өндірістік инфрақұрылымның орны
ерекше.
Оларға төмендегі жүйелер жатады:
- техника материалдарымен жабдықтау жүйелері;
- жөндеу жұмыстарымем қамтамасыз ету;
- тоңазытқыш, элеватор, қойма және жәшіктер шаруашылығы;
- арнайы ауылшаруашылық саласына қызмет көрсетуші орындар
(агрохимиялық, ветеринарлық, мелиоративтік, өсімдікті корғау және т.б.):
- көлік және жол торабына байланысты мәселелермен қамтамасыз ету:
- ауылшаруашылық саласына тиісті құрылыс жүйесі, т.б.
Осы жоғарыда көрсетілген инфрақұрылым жүйелерінің көпшілігін атап
айтқанда, транспорт және жол торабы, ауылшаруашылық құрылыс жүйелері,
қойма, элеватор, ыдыс, тоңазытқыш шаруашылықтары тағы басқалар өнім
өндіруге салааралық қызмет атқаратын болса, ал агрохимиялық. ветеринарлық,
техника жөндеу және оны күту, өсімдікті қорғау қызмет орындары тек қана
өнеркәсіп кешенінің ішінде ауылшаруашылық саласына ғана қызмет көрсетеді.
Инфрақұрылымға кіретін салалар өндірістік процеске бірдей әсер етпейді
және қоғамдық қайта өндірістің жүйесінде тиісті орын табады. Осыған
байланысты инфрақұрылымның салалары оның негізгі қасиеттері
бойынша классификациялаудың мағынасы маңызды. Ол салааралық байланыстарды
зерттеуде және негізгі өндіріспен қызмет көрсетуші салалар арасында
оптимальді пропорцияны орнатуға ықпал етеді.
Өндірістік инфрақұрылымның құрамында өндіріс құралдарының жақсы жұмыс
атқаруын қамтамасыз ететін және ұзақ уақыт бойы олардың іскерлік қабілетін
сақтауға ықпал жасайтын салалар кіреді. Өндірістік инфрақұрылымының тікелей
ауылшаруашылығына қызмет көрсететін салалардың құрамына: өндіріс сипаттағы
транспорт, жөндеу шеберханалары, қоймалық және мұздатқыш, шаруашылық
коммуникация жүйесі, техникалық қызмет көрсететін станциялар, ғылыми-
өндірістік лабораториялар, есептегіш орталықтар кіреді. Сонымен қатар
арнайы қызмет көрсету бөлімшелеріне, өсімдіктерді қорғау, агротехникалық,
ветеринарлық, жасанды жолмен жөндеу техникалық және т.б. қызметтер кіреді.
Оны мына келесі суреттен көруге болады (сурет 2).
Өндірістік инфрақұрылым экономикалық жағынан өте тиімді. Оның
тиімділігі шығындарды азайтуды және соңғы өнімнің сапасын жақсартуда өнім
бірлігіне келетін ақшалай материалды және еңбек шығындарын азайтуда
байқалады.
Негізгі өндіріске қызмет ететін инфрақұрылым салалары түпкі дербес
өндірмегенмен, елімізде азық-түлік және әлеуметтік мәселелерді шешуде
негізінен халық шаруашылығы қызметінің бағдарына айналатын түпкі
нәтижелерді айқындайды, ал бүкіл басқару қызметі осы түпкі нәтижелерге қол
жеткізуге бағытталған. Жалпы өндірістік процестегі өзінше бір аралық
буындар инфрақұрылымның элементтері болып табылады. Осы элементтерін жан-
жақты қарастырайық.
Ауыл шаруашылығы материалдық-техникалық ресурстары.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық ресурстары ең жаңа ғылыми-
техникалық жетістіктерді кең қолдануға негізделген қоғамдастырылған ірі
машиналы өндіріс, бұған қоса электрлендіру, механикаландыру,
автоматтандыру, химияландыру. Кең мағынада алғанда өндірістің заттық,
субъективтік факторлары қамтылады.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық ресурстарынең аддымен ауыл
шаруашылығының барлық салаларында жұмыс істейтін еңбек құралдары мен заттар
құрайды. Оларға жер, тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналары,
двигательдер, күш қондырғылары, мал және мал өнімі, көп жылдық екпе
ағаштар, ирригациялық құрғату жүйелері, жолдар, үйлер мен ғимараттар,
тұқым, жем, тыңайтқыштар, жанар майы, құрал-сайман және басқалары жатады.
Жердің ең басты құрал-жабдығы екені ауыл шаруашылығының материалық-
техникалық базасының қалыптасып, дамуының аса маңызды ерекшелігі болып
табылады. Жерді ұтымды пайдалану, оның құнарлылығын арттыру ауыл
шаруашылығының материалдық-техникалық базасына қойылатын аса маңызды
талаптар болып табылады.
Энергетикалық ресурстарын пайдалануды жақсарту және ауыл
шаруашылығында энергияны көп қажет ететін өнімді азайту жолдары. Бұл
өндірісті интенсивтендіру: егіншілік пен мал шаруашылығының ғылыми
негізделген жүйелерін енгізу; өндірісті кешеінді механикаландыру; қолда бар
қорларды экономикалық жағынан тиімді пайдалану; қор айналымдылығын
жеделдету; озық тәжірибені пайдалану.
Техникалық қызметті жақсарту үшін трактор және ауыл шаруашылығы
қосалқы бөлшектерімен кепілді жабдықтау кешенінде мамандандырылған
техникалық қызмет көрсету жұмысын барлық жерде енгізу, ауылда өндірістік-
техникалық қызмет көрсетудің кооперативтік формаларын кеңінен енгізу
ұсынылды.
Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру.
Механикаландыру мен электрлендіру-механикалық және электр
двигательдері бар машиналарды ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізіп,
пайдалану және осы негізді қол еңбегін механикаландырылған еңбекке
айналдыру.
Ауыл шаруашылығын техникалық жағынан қайта жарақтандыру нәтижесінде
энергиямен қамтамасыз ету және объектінің энергияның жарақтануы күрт артты.
Мұның өзі ауыл шаруашылығы еңбегінің өнімділігін арттыруға жәрдемдесті.
Алайда ауыл шаруашылығының бірқатар салаларында энергиямен қамтамасыз
етудің, электрмен жарықтандырудың және жұмыстарды механикаландырудың қол
жеткізген деңгейі ауыл шаруашылығының өскелең талаптарына, даму үстіндегі
осы заманғы ауыл шаруашылығының, әсіресе, мал шаруашылығының қажеттеріне
сай келмейді.
Ауыл шаруашылығында үлгілік шеберханалар, автогараждар мен әртүрлі
қоймалар жетіспейді. Осындай ішінара механикаландырудың бүкіл нәтижесі
басқа қол жұмыстарында жоғалады.
70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір
кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше, агроөнеркәсіптік кешен атауы
пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді. Оның үш саласы –
қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы
өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар
кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша
ерекшеліктеріне қарамастан, өзара тәуелділік және өзара әсет етушіліксіз
табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің
салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді (1-ші схема).
1-ші схема
Агробизнес кешені
Республикада өнімнің жекелеген түрлерін өндіретін бірыңғай
технологиялық тізбек шын мәнінде жоқ. Жетекші және қосалқы жұмыстарды
механикаландыру деңгейінде айтарлықтай алшақтық бар.
Нарықтық саясат кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы елеулі
өзгерістерді бастан кешті. Мал шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны төмен
болғанымен бірақ, олардың өскіні, ал өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өсу
қарқыны жыл сайын елеулі өзгеріп отыратынын, өйткені, ол табиғи – климаттық
жағдайлардың қандай болуына бағынышты екенін байқауға болады.
Агробизнес кешенінің басқа сфералары байланыстырып тұратын ұйытқысы
ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға ауыл шаруашылығын
техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды
қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз
ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға
мүмкіндік беретін қаржылық ресурс – несие кіреді. Бұл сфера ауыл
шаруашылығы үшін ресурстар рыногын қалыптастырып, оның техникалық және
технологиялық деңгейін анықтап, ауылшаруашылығындағы өндіріс шығынының
көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін
ресурстарды тауып, жеткізіуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптік салалары
нарықтық құрылым, өндірісті жинақтау және мамндандыру сияқты барлық
көрсеткіштер бойынша ерекшеленіп, өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз
өндірістік байланыста болады.
Сфераның үшінші тобы (ІІІ) егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға
жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік
сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға
(көтерме және бөлшек сауда, қойма, биржа, аукцион жүйелері және тағы
басқалар) қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін
өндірістік сала – тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және
тұрғындар қажеттілігінің өсуімен азық-түлік сервисінің дамуына байланысты
ол онан сайын өсе түсуде.
Төртінші сфера (ІҮ) агробизнесті толықтай және оның жекелеген
салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады.
Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа
сфераларына мамандандырылған қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар,
кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу,
коммуникация, мелекеттік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі
сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару,
рынокты реттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және
тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін,
агробизнестің бірден-бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді
шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге
бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің
техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялық қызметтер,
жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың
консультациясы, материалдық-техникалық жабдықтау мен қамтамасыз ету және
басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен
кәсіпорындарына сондай-ақ, шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен
бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және
әлеуметтік мақсаттарды қойған.
Агротехникалық сервис, жөндеу жұмыстары барысында, тауар өндірушілерді
құрал-жабдықтармен және материалмен кепілді түрде жарақтандырып отырады.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін, пайдаланған машиналарды сататын
және қымбат тұратын машиналарды уақытша пайдалануға беретін орталықтарды
ұйымдастыру қажет.
Аталған мәселелерді шешуде, Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтің
8 ақпан 2006 Республикалық АӨК қызметкерлерінің алдына қойған 7 мәселені
ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығының өсуіне
арналған 2009-2011 жылы бағдарлама қабылданған. Бағдарламада ауыл
шаруашылығы жеке салаларының дамуына экономикалық талдау жасай келіп,
олардың тиімді шешілу жолынының бірі ретінде облыстық аудандарда машина-
технологиялық станциялар құру (МТС), сөйтіп облыс көлемінде бұл
станциялардың санын 116-ға жеткізу қарастырылған.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықты
экономиканың экономикалық процессіне мемлекеттік араласу болмауы керек
деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің
тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің
қажетті буыны болып табылады.
Мемлекеттік агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік
бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлер тіпті дамыған нарық
жағдайынада бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен,
мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста
болғандықтан, өздерінің әлументтік-экономикалық маңызы бойынша олар әректі
болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық
дамудың әр түрлі даму кезеңінде бұл шаралар ауысып отыруы мүмкін, бірақ
олардың мәні тұрақты болып қалады. Көп жылғы тәжірбиеде сыналған олардың
көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі
жағдайда нарықтық экономикалық теорияның тиісті тауарларының негізін
құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және әлументтік
конъюктураның әсеріне ұшырады.
Мемлекеттің реттеу шараларының бірінші тобы өндірістің әмбебап және
тиімді реттеушісі болған нарықтық тегеріштің барлық жағдайда бірдей қуатты
қару емес екендігі мойындауға негізделеді. Кез келген қазіргі заманғы
экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын және мемлекеттік араласуды қажет
ететін кең көлемдегі проблемалар бар.
Мемлекеттің маңызды міндеті – монополияға қарсы реттеу және әділетті
бәсекелестікті қолдау. Сыртқы тиімділкті реттеу мен қоғамдық тауарлады
қаржыландыруға, яғни жетілген еріктік бәсекелестік жағдайында мемлекет
орындайтын функцияларға қарағанда бұл міндет жетілдірілмеген
бәсекелестіктің нақты жағдайда экономикалық теорияға негізделеді.
Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды ағыты
әлументтік-экономикалық укладта болғандықтан фермерлікті қолдану идеясы
болып табылады. Оны жақтаушылар жеке отбасылық фермаларды ауыл
шаруашылығындағы іскерліктің тиімді тәсілі ретінде әділетті қарастырады.
Өмірдің фермерлік уклады бостандық, саяси әлуметтік тұрақтылық, еркін
бәсекелестік сияқты әлументтік және экономикалық иеліктер ретінде
қабылданады. Аталмыш концепциясының мемлекеттік саясатқа тікелей әсер
етеді. Мәселен, АҚШ-тың 7 штатында ауыл шаруашылығы корпорациялары қызметін
жүргізуге ресми тыйым салынуынан, 8 штатында олардың қызметін шектеуден
көрінеді.
Фермерлік табыстың қолдаудың басты бағыты өнеркәсіп және ауыл шаруашылығ
арасындағы айырбаста бағалық притетті қамтамасыз ету болып табылады. Оның
қажеттілігі фермерлік бағаның төмендеу тенденциясынан, сондай-ақ
агробизнестің аралас салаларының бағаға монополиялық үстемділік жасау
мүмкіндігіне туындайды.
Ауыл шаруашылық кооперативтері қызметі ауыл-шаруашылық кооперативтер
ұйымдастыруда консультациялық және техникалық көмек көрсетеді және олардың
қызметінің статистикасын жүргізеді. Ауыл шаруашылық министрлігіне ұлттық
ормандарды, сондай-ақ ұлттыұ маңызы бар шалғындар және жер учаскілерін
қадағалайтын орман қзметі бағыфнады.
Қазіргі заманғы агробизнес мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына
шолуды қорытындылай келсе, олардың маңызды ерекшеліктерін атап көрсету
керек. Нарықтық тегерішті толықтыра және түзете келіп, реттеудің
мемлекеттік тегерушісі оның негізгі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға
белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше ситуациялар, төтенше
жағдайлар айтпағанда рыноктың тегеріші оның негізгі сұраныс пен ұсыныстың
негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше
ситуациялар, төтенше оқиғалар, аракідік жағдайларды айтпағанда рыноктың
төгершін бұзатын дерективтік тапсырма, бағаның өсуінен жаппай әкімшілік
бақылау, өндірістік реурстар мен тұтыну заттарын натуралдық бөлу сияқты іс-
қимылдарға жол бермейді. Шын мәнінде, дамыған елдердің агралық өндірістің
тиімделігіболса керек.
Агралық секторды мемлекеттік реттеудің маңызды құралдарының бірі
салықтық саясат болып табылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылық өндірісінде
жалпы алғанда оның ішінде агробизнесте салық салу жүйесінің ерекше
қалыптасуына ұмтылу оның кең тараған түрі болып табылады. Мұндай ұмтылыс
дамыған елдерге тән. Салық салу негізінен агралық секторда жұмыс істеп
жатқан кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдіктер берумен ерекшеленіледі.
Сондықтан да Қазақстанда және барлық қалған ТМД республикаларында
реформаларының бастапқөы кезеңінде (1991-1993ж.)
Агроөнеркісіп кешені кәсіпорындары үшін салық саясатында көптеген
жеңілдіктер жасауы кездейсоқ емес.
Өркениетті салық саясаты экономикалық шешімдерді бұрмалауға
жетекейтін принциптерге негізделмеу керек. Салық жүйесі әділетьті болуы
шарт. Бұл талаптарға сәкестіктер сәйкес келу үшін, біріншіден, көлденең
теңдікті және екіншіден, тігінен теңдікті сақтау қажет. Салық жүесі
қарапайым және түсінікті болуы шарт. Салықтар нарықтық таңдауға қолбайлау
болмауы керек және тиіс. Белгілі бір саладан немесе белгілі бір қызмет
түрінен алынған табысты салықтан босату бейтараптық принципін ашық
бұзғандық болып табылады. Ауыл шаруашылықтан босату ең кем дегенде
мынандай қиыншылықтар туғызады: қандай қызметті салықтан босатуға болады,
ал қандай қызметті босатпау керек, шаруашылықтарды жүзеге
асырылатынқызметін барлық түрін немесе ауыл шаруашылығы субъектілерін
орындайтын жұмыстарын салықтан қалай босатуға болады деген сұрақтардың өзі
бұл жерде орынсыз. Қызметтің салық салынатын және салынбайтын шығындарын
бөлу маңызды факторлар болып табылады.
Салық кодексі бойынша агроөеркісіп кешенінің кәсіпорындары үшін
көптеген салықтық жеңілдіктер алынып тасталды. Сонымен қатар, Қазақстан
экономикасының агралық мәні есепке алына отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіруші заңды тұлғалар үшін табысық салықтың 10 проценттік үстемесін
сақтап қалу маңызды болып табылады.
Салықтық есептеудің қалай жүргізу керек екнін мылалмен көретуге
болады:
Табыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .1,000 000 долл.
Өнім өндіруге кететін шығын ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...500,
000 долл.
Баланстық
пайда ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .500,00 0
долл.
Рұқсат етілген шығарып тастаулар ... ... ... ... ... ... .. ... .300,000
дол.
Салынған салықтың
табысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .200,000 дол.
Салық
үстемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .30
процент
Ауыл шаруашылық
өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60,000 долл.
Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін
салықтық есептеу
(5%*60,000) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3,000 долл.
Есептеуден кейінгі барлық салыққа төленетіні ... ... ... 57,000 долл.
Осы көрсетілген арнаулы есептеу тікелей салынған салық бойынша
жасалады және есептеу жүзеге асырылатын уақытты барлық кезеңіне салықтық
міндеттемені айтады.
Нақты міндеттер ен реформалаудың кезеңдерін, елдің ерекшелігін,
экономикалық жағдайын және салықтық әкімшілік деңгейін есепке апла отырып,
әр түрлі нұсқаулар пайдалануға болады. Алайда, жалпы бағыт мемлекеттік
салық саясматының агробизнеске өркениетті салық жүйесін енгізудің
объективті принциптері толық есепке алынатын жағдайда жүргізілуін
аңғартады.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу
аяқталғаннан кейін жаңадан болған агроқұрылымдардың эволюциялык дамуы
басталды. Осы кезеңде оларды мемлекеттік реттеу мен қолдау көрсетудің
маңызы зор.
Ауыл шаруашылығы экономиканың курделі саласьшыц бірі. Біріпшідсп, ол
табиғат — климат жағдайына тәуелді. ЕкІншіден, өңцірісі циклі ұзақ әрі
маусымдық сипатта. Үшіншіден, ауыл шаруашылығы маусымдық шығындарын
несиелеудің дамыған жүйесіне өте-мөте мұқтаж. Төртіншіден,қысқа мерзімді
несиелер рыногындашағын ауылшаруашылық кәсіпорындарының бәсекеге
қабілеттілігі төмен.
Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызмет көрсеткенде өндірістің
осы ерекшеліктерін ескерген жөн.Оның үстіне ауыл шаруашылығы дайындау,
ұқсату, қызмет көрсету, сауда және басқа ұйымдардың, сондай-ақматери алды-
техникалық ресурстарды жеткізушілердің монопольдық әрекетінен үнемі зардап
шегетінін ұмытпау қажет.
Біздің республикада ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылға дейінгі
стратегиясы қабылданған(Қазақстан Рсспубликасы Үкіметінің 1997 жыл 22
желтоқсандағы N1817 Қаулысы). Оның кіріспе бөлімінде мынадай мәліметтер
бар:
- ауылшаруашылық машинаның негізгі түрлерімен қамтамасыз етілуі-65-70
процент;
- пайдаланылғанына5 жылдан асқанмашина мен жабдықтардың үлесі-90
проценттен астам;
- содғы 7 жылда топыраққа органикалық тыңайтқыштардыенгізу-10-
11 есе, минералды тыңайтқыштарды енгізу-16-17 есе қысқарды.
Ауыл шаруашылығын мемлекетгік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру,
осы арқылы аграрлық секторда рынокты дамыту кепілі ретінде мемлекеттің
ықпалып күшейту,
Мемлекет ауылшаруашылық тауарларына деген сұраныс пен ұсынысқа.
агроөнеркәсіп кешенінде салааралық айырбас оның салаларында табыс табу үшін
жағдай туғызу мақсатында жанама жолмен ықпал жасау керек. Бұл бағыттарда
арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасау жәнә оларды жүзеге асыратын
институттар құру қажет.
Қазақаграрлық өнеркәсіп кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-
зерттеу институтының ұжымы жүргізіліп отырған реформаны түзетуге
бағьпталған кейбір ұсыныстар дайындады. Оларга негіз ретінде нарықтық
қатынастарды мемлекеттік реттеу принциптері, республиканың азык-түлік
қауіпсіздігің нығайту мақсатында аграрлық секторды мемлекетгік-құқықтық
және экономикалық қолдау мәселелері алынып отыр.
Аграрлық экономика үшіп келешекте инвестициялық проблема шешуші роль
атқарады. Агроөпсркәсіптік кешенінің капитал сиымдылығы өте жоғары,
сондықтан ол капиталды көп салғанда және салу қарқыны жоғары болғанда дами
алады. Бұндай механизм мемлекеттік экономикалық реттеу тұтқалары мен
аспаптары және нарықтық ынталандыруды оңтайлы үлестіруге негізделу керек,
инвестициялық ресурстардың толыққанды тауарға айналуына жағдай жасау қажет.
Республика ауыл шаруашылығында электр күшін пайдалану мөлшері кейінгі
15-20 жылдың ішінде 6 еседен артық өсті. Ауыл шаруашылығында еңбек істейтін
әрбір адамның жарақтанғаны өткен жылы 48 ат күшінен асты. Бұл барлық ТМД
мемлекеттерімен салыстырғанды ең үлкен көрсеткіш болып есептелінеді.
Нарық экономикасындағы қарым-қатынастардың дамуына байланысты электр
қуатын ауылшаруашылық жұмыстарының барлық процестеріне, сол сияқты халықтың
әлеуметтік-мәдениет қажеттілігіне кеңінен қолдану, электр жабдықтарын,
электр аппараттарын толығымен тиімді пайдалану мақсатымен қазіргі уақытта
Республика көлемінде ауыл шаруашылығы Министрлігінің жүйесіне кіретін,
әрбір жеке тауар өндірушілерге қажетіне қарай электр техникаларды жөндеуге,
қондыруға олардың бір қалыпты жұмыс істеуіне көмек көрсететін "ауыл
энергия" акционерлік қоғамдары немесе ауданаралық бірлестіктер қызмет
атқарады.
"Ауыл энергия" жүйесі нарықтық қарым-қатынастарды тауар өндірушілермен
дамыта отырып, оларға тек электр жабдықтарын жөндеу немесе қондырумен
көмектесіп қана қоймай, акционерлік қоғамдарға, ассоциациялық
кооперативтерге сол сияқты жеке шаруа қожалықтарына электр энергиясын
тиімді пайдалануға керекті электр техниктерді, электриктерді тағы басқа осы
жүйеде қызмет атқаратын маман кадрларды дайындауда оларға электр
жабдықтарына керекті бөлшектерімен көмек көрсетіп тұрады.
Болашақта "ауыл энергия" бөлімшелеріне шаруашылықты электрлендіру
функциясы шоғырландырылатын болады.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда ауыл шаруашылығына электр техникалық
қызмет көрсетудің тиімділігі негізінде төменгі үш көрсеткіштермен
анықталынады. Олар: электр энергиясын пайдаланумен тауар өндірушілердің
өндіретін көлемінің көбейіп, сапасының артуы электр энергиялық қолдануымен
өндірілген өнімдерге шығатын шығындардың кемуі, олардан алатын пайдалардың
молаюы, сол сияқты олардың тауар өндірушілердің еңбек өнімділігін
арттыруға, халықтың әлеуметтік - мәдениет жағдайын жақсартуға көрсететін
ықпалдары т.б.
Мал мен құстың неғұрлым кең таралып елеулі нұқсан келтіріп жүрген
аурулары мыналар: құтыру, лептоспироз, топалаң аусыл, туберкулез,
бруцеллез, шошқаның қызылшасы мен дизентериясы, бұзаутаз, ірі қараның
тейлериозы, су ауруы және сәйгелі, қойдың эхинококкозы, айналмасы, ішқұрт
аурулары, диспепциясы, бронх пневмониясы, сондай-ақ құстың пуллороз
қызылшасы, жалған обасы, какцидиозы. Осы аурулардың және басқа аурулардың
қоздырғыштары, олардың малға қалай жұғатыны, аурудың жалпы және көзге
көрінерлік белгілері, соған қоса емдеу әдістері әбден зерттеліп, белгілі
болды.
Мал дәрігерлерінің және мал шаруашылығының басқа мамандарының ең басты
міндеті мал дәрігерлік заңды қатал сақтау, әрбір формада, отарда, табында
және әрбір шаруашылықта мал дәрігерлік профилактикалық шаралар кешенін
толық орындау, ал ауру шыға қалғанда оған шалдыққан малды кезінде бөлектеу,
емдеу және аурудың басқа жерге ауысуын болдырмау шараларын іске асыру.
Шаруашылықта профилактикалық шаралар жоспарын жасағанда сол шаруашылықтың
санитарлық - мал дәрігерлік жағдайының ерекшеліктері ескеріледі, ал емдеу
шаралары малдың кездесіп жүрген ауруларын жоюды, шаруашылықты мал
ауруларынан толық арылтуды көздейді.
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық-
түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта
құрылды. Бірақ, шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл-әкімшіл экономика
шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен
сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық
байланыстар негізінде жүйенің өзін-өзі реттеу жолымен ғана жасауға болады.
Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау
алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге
болмайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда
барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатысты.
Нарықтық экономикаға барар жолдағыҚазақстан Республикасы агроөнеркәсіп
кешені дамуының жай-күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастыру
қажеттігі туындайды.
Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі алабөтен
– топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр
түрлігі, олардыңь көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең
байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100˚С)
тиімді жиынтығы солтүстіктегі 250000-нан оңтүстік-шығыста 45000-ға дейін
аралықта құбылып отырады. Мұның өзі субтропикалық және тропикалық
дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының барлық дақылдарын, дәнді дақылдан
бастап, жүзім және мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.

Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын
құру.
Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің
қатарында болуға тиіс.
Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың
негізі болуға тиіс.
Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзнің шешуші
кезеңінен енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің
негізгі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндірісқұлдырауы
тоқталып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен
агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау
қажеттілігі туды.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның егемен мемлекет
ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде былай деп атап
көрсетті: ... барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп
кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді.... Ауыл, селоны
және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы Заң қабылдау
да осы мақсаттарға арналады.
Қазір еліміздің Үшінші индустриялық революцияға дайындығының шарты
болып табылатын ең принципті мәселелердіатадым.
Алтыншыдан, ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп
отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.
Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы
өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет:
Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін
атап өтемін.
Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі
көтеру қажет.
Біз әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру үшін үлкен
әлеуетке иеміз.
Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті
брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына -
экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын.
Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және
орта бизнесті дамыту.
Бұл - өзекті міндет. Бұл арада бізге:
Жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық
жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді
жаңғыртуымыз қажет.
Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай
өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек.
Алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-дегі
ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс.
2013 жылдың өзінде Үкіметке мыналарды тапсырамын:
Ел агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасын
әзірлеу.
2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4,5 есе
арттыру.
Ең жаңа агротехнологияларды қолдануға бағытталған орта және ірі тауарлық
ауылшаруашылық өндірістерін құру жөніндегі заңнамалық және экономикалық
ынталандырулар жүйесін тұжырымдау.
Берілгеннен кейін белгілі бір кезеңде игеру қолға алынбаған жерлерге салық
мөлшерлемелерін көтеруді енгізу.
Еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет.
Ауыл шаруашылығы мұқтаждығы үшін бізге аса көп су көлемі қажет. Осыған
байланысты біз:
Басқа елдердегі, мысалы, Австралиядағы сумен қамтамасыз ету проблемаларын
шешудің озат тәжірибесін мұқият зерделеп, оны біздің жағдайымызда
пайдалануға тиіспіз.
Бізде елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең
озат технологияларын енгізу қажет.
Агроөнеркәсіп секторында ылғал үнемдеу технологиясына кешенді түрде ауысуға
тиіспіз.
Қоғамымыздағы ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Біздің ең асыл табиғи
байлығымыз - суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет.
2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі
шешуге тиіс.
Үкіметке дәйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай - тұрғындарды
ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару проблемасын шешетін
ұзақмерзімді бағдарлама жасауды тапсырамын.
Елбасы Жолдауы міндеттеген он бағыт - ел дамуындағы оң бағыт. Солардың
бірегейі - ауыл шаруашылығы саласы. Егін егуге - ептілік пен еңбек, мал
бағуға - мол қажыр-қайрат қажет. Ойға алғанның орындалғаны болса керек,
әлемдік экономикалық форумдағы жаһандық бәсекелестікті екшейтін сарапшылар
түзген тізімде Қазақстан аграрлық саясаттың салмағы бағанасында 49-шы
орынға көтерілді. Бұрынғы тізімнен 13 саты ілгері жылжып отыр.
Өткен жылы ауыл шаруашылығының ішкі жалпы өнімдегі үлесі 27 пайызға
артқан. Тиісінше, 27 жаңа ауыл шаруашылығы жобасы жүзеге асқан.
Мемлекеттің жүйелі қолдауына сүйенген ел диқандары 2011 жылы бұрын-
соңды болмаған астық алды. Орта есеппен бидай бір гектарына 17 центнерден
түсім берді. Нәтижесінде 27 миллион тонна дән жиналып, елдің дәл осы өнімді
экспорттау мүмкіндігі еселенді. Қазақтың бидайы әлемнің 70 еліне
экспортталады. Өткен жылы шетелге 6,2 тонна астық шығарылды.
2011 жылы ет өндірісі 5,5 пайызға ұлғайған. Сүт өндірісінде де өсім
бар – 10 пайыз. Ірі қара мал басы - 8 пайызға, қой мен ешкі саны - 5 пайыз,
жылқы - 12, құс басы - 5 пайызға өскен.
Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге
және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Мемлекет басшысы биылғы
дәстүрлі халыққа Жолдауында да азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл
сайын өсуде екенін атап, бұл мүмкіндікті жіберіп алмау керектігіне назар
аударды. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ Еңбек қоғамына
қарай 20 қадам еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңдегі
жолдары мен бағыттары белгіленген Жолдаудың табиғи жалғасы іспетті. Екі
құжат та әлеуметтік сипатымен ерекшеленеді. Мемлекет басшысының
Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игліктерді қамтамасыз ету
арасында тепе-теңдік табуының өмірлік маңызы бар. Мен әлеуметтік-
экономиканы жаңғыртудың шешуші міндеттерін нақ осыдан көремін деуі де
сондықтан. Сонымен қатар әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыруда, әлеуметтік
саясаттың орнықты, жасампаз болуы үшін мына тұжырымға көңіл аударылуы
керек.
Бүгін өткен жүз жылдықтың 60-жылдарында кеңінен таралған тұтынушылық
қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі. Тұтынудың бұл идеологиясы
бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің
дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық
дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады.
Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге
асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады.
Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады
дейді Елбасы. Ары қарай өз ойларын бүгінде еңбек – ХХІ ғасыр жағдайындағы
шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында, – алдыңғы
кезекке ілгерілетілуі тиіс деп бекітеді.
Еңбексіз өмір сүрген қоғам болған емес, болмайды да. Себебі – еңбек
тіршіліктің көзі. Солай бола тұрса да, барлық адам еңбек етуге бірдей
құлықтық танытпауда. Еңбектің мәнін қоғамда түсіну, қабылдау біркелкі емес.
Қоғамның алғашқы сатыларында еңбек құлдардың ғана үлесі, ал ақсүйектер ауыр
бейнетті атқаруға тиіс емес, оның еншісіне ой еңбегі мен әкімдік қана
жазылған деген пиғыл кеңінен орын тепті. Оның теріс ықпалы осы уақытта да
сезілуде. Мұның өзі жалпыға бірдей еңбек идеясына бөгет, кедергі болуда.
Еңбекті бағалау, еңбекпен айналысудың маңыздылығын аталарымыз да айтып
кеткен. Соның көрінісі ретінде ұлы Абайдың мына бір өлең жолдарын келтіруге
болады.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Елбасының жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру идеясымен
келтірілген ұлы Абай ойында үндестік барын байқамауға болмайды. Елбасы
мақаласында әлеуметтік жаңғырту бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы
мен әрбір қазақстандықтың өміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер
әкелуге бағытталғандығын айтады. Президенттің пікірінше, жаңғырту егер,
біріншіден, ол жалпы ұлттық тұжырымдамамен сәйкес жоспар арқылы жүзеге
асырылатын болса және, екіншіден, тұтастай үдемелі индустриялдық-
инновациялық дамумен байланысты нақты экономикалық табыстарға негізделген
жағдайда ғана табысты болады. Шынтуайтында бұл талас тудырмайтын даусыз
пікір.
Агроөнеркәсіптік кешенде еңбек адамының орны ерекше болуы керек.
Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты бағдарламалық
дүниесінде бұл тақырыпқа баса көңіл бөлген. Қарапайым еңбек адамдарының
қолында шынайы жасампаздық бар. Сол жасампаздыққа жол ашуымыз қажет.
Елбасының осы биік талаптарын жүзеге асырудағылымның жауапкершілігі
ерекше. Ғылымның ұсыныстары экономикалық және әлеуметтік жаңғыртудағы
өзара байланыста қатар жүргізілуіне сай келуі керек. Аграрлык саланы
тұрақты дамытып, бәсекелестік қабілетін көтеру үшін ауыл шаруашылығын
индустриялды-инновациялық технологияға ауыстыру белгіленді. Агротехникалық
жұмыстарды тиімді мерзімде және жоғары сапада жүргізуге мүмкіндік беретін
материалды-техникалық базаларының болуы анықтаушы фактор. Республикада
жоспарлы экономикадан нарыққа ауысу жылдары ауыл шаруашылығын техникамен
жабдықтаудың деңгейі елеулі төмендеді. Сол үрдіс осы уақытқа дейін
жалғасуда. Сонымен қатар инвестиция үшін аграрлық секторда тартымсыздық
қалыптасты. Еліміздегі инвестицияның жалпы көлемінде ауыл шаруашылығының
үлес салмағы барлық жылдары 2%-дан төмен болуда.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жұмысындағы аталған
кемшіліктер нарықтық инфрақұрылымдар мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта
өңдеу өндірісінің артта қалғанымен күрделене түскені белгілі. Соған
байланысты өнімді өткізуде табыстың көп бөлігі арада жүрген алыпсатарлармен
меншіктелуде.
Ресурстардыұтымдыпайдалануға ынта қалыптастырудың алғышарты
макроэкономикалық ортаны қалыптастыру керектігі.
Ол ортаны қалыптастыруда қолданылатын құралдар салық салу, несие
беру, бағаны реттеу, мемлекеттік қолдау арқылы іске асырылады. Осы тұрғыдан
бағалағанда қолданып жүрген құралдарда елеулі кемшіліктер бар. Соның бір
көрінісі қалыптасқан жер қатынастарын реттеудің нарықтық экономика
ережелеріне сәйкес келмейтіндігі. Қазіргі қалыптасқан жағдай белгілі –
жерді ұтымды пайдалануға ынтаның жоқтығы, оны пайдалану тиімділігінің
төмендігі, біраз жердің пайдаланусыз қалғаны, құнарлылығының төмендеуі.
Бағаны ырықтандыру тауар алмасуда тепе-теңдіктің жоғалуына, ауылшаруашылығы
өндірісі тиімділігінің күрт төмендеп, ұдайы өндірістің негізінен айырылуға
жеткізді.
Ауыл шаруашылығында өндіріс құралдарына сатып алуға қабілетті
сұраныс қалыптастыру үшін баға саясаты түбегейлі өзгеруі керек. Ол
саясатта ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділігін белгіленген межеге жеткізу
қарастырылғаны жөн.
Ауыл тұрғындарының жасампаз еңбекке ынта қалыптастыруда, олардың
белсенділігін арттыруда солардың мүддесін қорғайтын қоғамдық институттарды
қалыптастыру қажет. Шетелдер тәжрибесінде фермерлер одағы, басқа да одақтар
ауыл экономикасын көтеруге қомақты үлес қосуда. Олар фермерлерге жан-жақты
көмек беріп, қызмет атқарумен қатар, мемлекет тарапынан бөлінген
субсидияларды таратады. Бұл қызметі субсидияның тиімділігін көтеріп, оны
берудің ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді. Бізде осы одақтардың
жұмыстарын, белсенділігін арттыру қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономиканы дамытудың басты шарты –
әлемдік үрдістен тыс қалмау. Экономиканы дамыту үшін басқа елдермен
экономикалық қарым-қатынастарды қалыптастырып, әрі қарай дамыту керек. Ол
шет елдер жетістіктерін елімізде кеңінен пайдалануға, артық өнімдерді
сыртқа шығаруға жол ашады. Осы бағытта еліміз Кедендік одаққа кірді,
келешекте ол экономикалық одаққа ауыстырылады. Алда Әлемдік Сауда ұйымына
кіру межесі белгіленген. Осы экономикалық байланыстардың ұлғаюы ел
экономикасының бәсекелестік қабілетіне үлкен талап жүктейді.
Көштен қалмау үшін өндірісті жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол
Елбасының ұсынысымен қабылданған агроөнеркәсіп кешенін үдемелі
индустриялды-инновациялық жолмен дамыту бағдарламасында көрсетілген.
Бүгінгі күні қойылып отырған басты талап, өндірісте инновациялық
технологияларды игеру. Бұл мәселеге Елбасы әр жылғы Жолдауларында ерекше
назар аударып келеді.
Биылғы жылдың басында Елбасы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауында
еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар мен
міндеттемелер жүктеп, кемшіліктерді жоюға бағытталған талаптар мен
тапсырмалар қойылған:
– жеке инвестициялардың аграрлық өндіріске тәуекелін төмендету үшін
заемдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін жасап,
енгізу;
– фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін балама
жолдар табу;
– бөлшек сауданы делдалсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетігін
жасап, енгізу;
– астық саласын ұйымдастыру және құрылымдау, біртұтас астық холдигін
құру;
– ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге
асыруды белсендірек жүргізу;
– мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын
дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасау.
Осы орайда атап кетуге болады, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті
ғалымдарының жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесіндегі
тұжырымдары мен ұсыныстары Елбасы Жолдауында көрсетілген талаптардың
іске асырылуына бағытталған. Ғалымдарымыз егін шаруашылығын индустриялдық-
инновациялық технологиямен дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірледі.
Олар ауылшаруашылық дақылдардың жаңа сорттары мен гибридтерін,
өндірудің жаңа технологиялары, фитосанитарлық жағдайды болжаудың және
бағалаудың, минералдық тыңайтқыштарды қолданудың әдістері, т.б.
Ұсыныстардың өндірісте кеңінен қолданылуы егіс шаруашылығының дамуына
қомақты үлес қосатыны күмәнсіз.
Мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік деңгейін көтерудің басты жолы
– мал өнімділігі мен сапасын арттыру. Ол үшін мал басын асылдандырумен
бірге мал азығы қорын нығайту қажет. Ұсыныстарымызды ірі қара мал саласынан
бастайық. Осы салада асыл тұқымды мал саны 3,5 пайызды құрайды, ал дамыған
елдерде ол көрсеткіш 30 пайыздан жоғары. Мал азығымен қамтамасыз ету
деңгейі – 45 пайызды құрайды. Мал тұқымдарының генетикалық әлеуетінің 50-60
пайызы ғана пайдаланылады. Сүт өнімінің 90 пайызы шағын жеке
шаруашылықтарда өндіріледі, ал тиімді өндірісті ұйымдастыру ірі
шаруашылықтарда ғана мүмкіндік туғызады. Біз инновациялық технологияларды
пайдалану арқылы ғана бұл көрсеткіштерді арттыра аламыз.
Аграрлық өңір саналатын Алматы облысының бірқатар шаруашылығында
ғалымдарымыздың ұсыныстарымен ұйымдастырылған жұмыстарда жетістіктер де
бар. Сол шаруашылықтарда сиыр сүтінің өнімділігі – 5000-5500 кг. дейін
көтерілді.
Сонымен бірге, етті бағыттағы мал басы санын арттыру мақсатында шетел
селекциясының асыл тұқымды малы әкелінуде. Осы жерде айта кету керек шығар.
Ғалымдарымыздың пікірі – бұл шара ет өндірісінде түбегейлі өзгерістерге қол
жеткізбейді. Қолда бар аналық мал басын жоғары өнімді, етті бағыттағы
бұқалармен будандастырып, тұқымдық сапасын жақсартуға барынша көңіл бөлу
қажет.
Қазақ халқы үшін мал шаруашылығының, соның ішінде қой өсірудің орны
бөлек. Бабаларымыз ежелден-ақ мал өсірсең – қой өсір, пайдасы оның көл-
көсір деп бекерге дәріптемеген шығар. Егер осы тұжырымның көп жылдық
тәжірибе мен ұзақ бақылаудың арқасында жасалатынын ескерсек, біздің
бабаларымыз қой өсірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгеріп қана қоймай, оның
тиімді-тиімсіздігін экономикалық тұрғыдан да дәлелдегені даусыз. Сол
себепті де халқымыздың күнделікті тіршілігінде аса маңызды осы саланы
дамытуға қажетті негізгі алғышарттар – жайылымдық алқаптардың мол қоры,
шаруашылықты жүргізу мен өнімдерді өңдеудің, оларды сату мен сатып алудың
дәстүрлі де тиімді технологиялары ерте кезден-ақ қалыптасқан. Қазақ қандай
қоғамдық құрылыс жағдайында өмір сүрсе де, қой өсіру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz