Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1 Сақтандырудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.9
1.1 Сақтандырудың даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..9
1.2 Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны және функциялары ... ... .15
1.3 Сақтандырудың түрлері және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын
талдау ... ... ... ... ... ... ... 2 9
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының
жағдайы ... ... ... ... .29
2.2 БТА Сақтандыру БТА Банкі ЕК АҚ компаниясының қызметіне
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
3 Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының қызметін жетілдіру
жолдары және даму
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .51
3.1 Қазіргі жағдайдағы сақтандыру нарығының мәселелері мен қызметін
жетілдіру
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...51
3.2 Қазақстандағы сақтандырудың даму
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
3.3 Шет мемлекеттердің
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..65
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 74
Кіріспе
Сақтандыру сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік -
экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын
басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп - қатерлі сипаты.
Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген
санаттарының өмір тіршілігі мен әл - ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды
сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық
және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе
резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті
қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық
қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы
өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді,
өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Көптеген мемлекеттерде қызмет ететін және әлеуметтік қорғаудың ең
тиімді жолы сақтандыру болып табылады. Міндетті және ерікті сақтандыру
үйлесімі негізінде сақтандыру нарығының дамуы әлеуметтік қорғаудың сенімді
жүйесін құруға мүмкіндік жасайды. Әсіресе ол белгілі жағдайларда
қызметкердің әлеуметтік және материалдық өзгерістеріне қарсы тұра алу
мүмкіндігін береді. Сондықтан да, сақтандыру Қазақстандағы экономикалық,
әлеуметтік және саяси өзгерістерінде қажетті элемент болып табылатын
азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау жүйесі
деген қорытындыға келуге болады.
Қаржылық нарықтардың дамуы, мемлекетте саяси және экономикалық
жағдайдың тұрақтануы банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялардың
ұсынатын қызмет түрлерін кеңейту қажеттілігін тудырды. Қаржы нарығында
қызмет ететін ұйымдардың бәсекелестік жағдайының күшеюі кезінде бизнесті
дамытудың нақты стратегияларын жасау, компания менеджментінің құрылымын
жетілдіру жұмыстары маңызды орын алады. Ең маңыздысы болып – компанияның
нақты анықталған жоспарды дамыту және перспиктивалардың бар болуы,
тұрақтылық пен орнықтылық табылады.
Сақтандыру компанияларының қызметі кәсіпкерлік түрлерінен едәуір
ерекшеленеді, тек шаруашылық субъектілердің тәуекелдерін өз мойнына алумен
ғана емес, сонымен қатар оларды дұрыс бағалау және басқару
қабілеттілігімен.
Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты –
мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін
қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін
ұлттық сақтық нарығын қалыптастыру. Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде,
заңнамалық базаны, мемлекеттік салық - бюджет және ақша - несие саясатын
жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының
сенімділігіне байланысты болады. Қазақстанның сақтық нарығы қалыптасу
стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша ол
дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған нарықтық
қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге
жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды.
Жалпы Қазақстанда сақтандырудың дамуына кедергі болып тұрған көптеген
мәселелер бар. Олардың қатарына: тұрғын халықтың сақтандыру мәдениетінің
төмен деңгейде болуы, сақтандыру компанияларының төмен капитализациялануы,
сақтандыру нарығы қомақты мүліктік тәуекелділдікті қабылдауға дайын емес
және жарты сыйақысын шетелге қайта сақтандыруға жібереуі жатады.
Біздің мемлекетте сақтандыру ісінің дамуына алғышарттар тек қаржылық
жағдайдың тұрақталуы мен экономиканың дамуы ғана емес, сонымен қатар осы
дамудың қайнар көздері де жатады. Ол алғышарттар: біріншіден, экономиканың
мемлекеттік емес секторының нығаюы: жеке кәсіпкер мемлекеттен экономикалық
жекеленуіне байланысты өз тәуекелдерін сақтандыруға мәжбүрлі болды.
Екіншіден, сақтандыру қызметіне сұраныс заңды және жеке тұлғалардың жеке
мүлкінің түрлілігі мен көлемдерінің өсуіне байланысты болып келеді. Оның
ішінде мүлік нарығының дамуы және үй құрылысының ипотекалық несиелендіруі
маңызды рөл атқарады. Үшіншіден, сақтандыру нарығы дамуының маңызды қайнар
көзі мемлекеттік жүйемен берілген әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік
қамсыздандыру кепілдіктерінің қысқартылуы. Бүгінгі таңда кепілдіктердің
болмауы жеке сақтандыру түрлерімен толықтырылуы керек. Төртіншіден, қазіргі
уақытта халықтың шетелге демалуға баруымен байланысты сақтандыру
қызметтерінің сапасын жетілдіру және сақтандыру саласында мамандарды
дайындау қажеттілігі туындады. Жоғарыда аталған алғышарттар дипломдық
жұмыстың тақырыбын таңдаудың өзектілігін дәлелдейді.
Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметінің нарығын дамыту, азаматтар
мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау Сақтық қызметі туралы
Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет
қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департамаентінің
нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
Сақтандырудың нарықтық экономика жағдайында оның қызметтерінің дамуынан
мемлекеттің қауіпсіздігі мен оның саяси тұрақтылығы тәуелді. Сондықтан
сақтандырудың экономикалық мазмұны, нарықтық экономика жағдайында оның
қызметтерінің дамуы өзекті мәселе болып табылады, және бұл берілген
тақырыпты таңдауымызды алдын ала анықтады.
Дипломдық жұмыстың міндеті – қойылған мақсатқа жету, ол үшін
сақтандырудың мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, шет елдік сақтандыру
тәжірибесін, сақтандырудың даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын теориялық
тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау болып
табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы
сақтандыру нарығының қалыптасу жағдайын зерттеу және даму болашағын
қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадық:
- сақтандырудың теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстандағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайын талдау;
- өндірістік тәжірибеде жинаған тәжірибені пайдалану;
- БТА Сақтандыру БТА Банкі ЕК АҚ компаниясының қаржылық жағдайын
талдау;
- Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының мәселелерін талдау
және оны шешу жолдарын қарастыру;
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму болашағын
қарастыру;
- шетел тәжірибесін зерттеу.
Талдау объектісі ретінде БТА Сақтандыру БТА Банкі ЕК АҚ компаниясы
алынды. Оның негізгі қызметі мүлікті (автокөлікті, тұғын үйді, шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің мүлкін) және азаматтар мен ұйымдардың
жауапкершілігін сақтандыру.
Дипломдық жұмысты жазу кезінде методолгоиялық және заңдық негіздері:
Қазақстан Республикасының нормативті – құқықтық актілері, сақтандыру
салсындағы отандық және шетел ғалымдардың еңбектері, периодикалық баспа
материалдары және БТА Сақтандыру БТА Банкі ЕК АҚ сақтандыру
компаниясының жылдық қаржылық есебі болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалылығы – БТА Сақтандыру БТА Банкі ЕК АҚ
компаниясының қаржылық жағдайын талдау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан
тұрады. Дипломдық жұмыста көптеген кестелер және суреттер қолданылған.
Жұмыстың теориялық бөлімі сақтандырудың пайда болу тарихы, экономикалық
мәні, функциялары, негізгі ережелері, сақтандыру нарығы түсінігі және оның
қатысушылары, сақтандыру түрлерін кіріктіреді.
Жұмыстың тәжірибелік бөлімі Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
нарығының қазіргі жағдайын талдау және оның негізінде сақтандыру нарығының
жағдайына баға беруден тұрады. БТА Сақтандыру БТА Банкі ЕК АҚ
компаниясының қаржылық жағдайын талдау және оның нәтижелері бойынша
қорытынды жасау.
Жұмыстың үшінші бөлімі Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының
мәселелері және оларды шешу, жетілдіру жолдары, даму болашағы
қарастырылған. Сонымен қатар сақтандыру дамуының шетел тәжірибесі
зерттелген.
1. Сақтандырудың теориялық негіздері
1.1 Сақтандырудың даму тарихы
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты
себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан
өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір
тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін
қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық
аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін
де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы
тиіс. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандырудың түп - тамыры ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Бiздiң
уақытымызға дейiн жеткен мәлеметтерге сүйенетін болсақ А.А.Гвозденконың
еңбегінде көрсетілгендей, сақтандыру келісімшарттарының негіздерін көруге
болатын мәмлелердің құлиеленушiлiк қоғамда пайда болғанына көз
жеткізуімізге болады.[1]
Сақтандырудың ежелгi ережелерi Талмуд кiтаптарының бiрлерiнде айтылған.
Егер мал айдаушыладың есектерінiң бірі жоғалса, Талмуд оның орнына басқа
есектi беруге ұйғарған, бірақ та еш уақытта ақшалай түрде емес. Сол
уақыттың өзінде сақтандырудың негiзiн қалайтын қағида айтылған: сақтандыру
– бұл тек қана тәуекелден қорғану тәсілі, және де ол өзіне пайда алу үшін
қызмет ете алмайды. Сақтандырудың бастапқы формаларының негізінде өзара
мiндеттемелермен қамтамасыз етiлген ұжымдық өзара көмек болды.
Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз
беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда
қарыз қайтарылмайтын болған. Жарғылық типіндегі тұрақты ұйымдардағы өзара
сақтандыру дәстүрі ежелгі дәуірдің басқа халықтарымен салыстырғанда Ежелгі
Римде дамыған деп саналады. Ол түрлі одақтар мен ұжымдарда кеңінен
қолданылды. Римдегі кәсіби корпорациялар өз мүшелерін қоғамдық -
экономикалық, діни, тұрмыстық және жеке мүдделер негізінде біріктерген
ұйымдар болды. Ежелгі халықтарда бабаларға және жерлеуге деген табынушылық
дәстүрін ескерумен, осы коллегиялардың негізгі мақсаттарының бірі мүшелерін
лайықты жерлеу рәсімімен (жерлеу процессиясы, ескерткіш және т.б.)
қамтамасыз ету болды. Осыдан басқа өзара көмек көрсетудің басқа да түрлерін
орындау міндеттері, соның ішінде науқастану, жарақаттану және т.б. жағдайда
қаржылай көмек көрсету қамтылды.
Қалыптасқан ережелерге сәйкес кәсіби коллегия мүшелері мүшелікке
қабылданғанда мезгілді, одан кейін ай сайынғы жарналар төлеп отырды.
Коллегия мүшесі қайтыс болған жағдайда коллегия кассасынан (қорынан) оның
отбасына сақтандыру сомасы төленді. Ежелгі Римде қолөнер және кәсіптік
басқа да коллегиялармен қатар, өзара сақтандыру әскери және діни ұйымдарда
жасалды.[2]
Ортағасырдағы сақтандыру алғашында антикалық замандағы сипатта болды,
яғни ол құл иеленуші қоғамның кәсіби коллегиялары мен ұйымдарындағы
белгілерді қайталады және өз дамуында ұқсас кезеңдерден өтті:
1) жазатайым оқиғалардың жеке түрлеріне, өзара көмектің формалары мен
мөлшеріне жіктелуінсіз көрсетілетін жалпы өзара көмектен – сақтандыру
жағдайларының шеңбері, сақтандыру төлемдерінің түрлері мен мөлшері
нақтыланған жалпы көмектің белгілі түріне көшу;
2) төленетін нақты жәрдемақының және шығынның мөлшерін есептеуден нақты
белгіленген, мерзімдік сақтандыру жарналары жүйесіне, сақтандыру қорын
алдын ала жинақтау жүйесіне көшу.
Ортағасырда сақтандыру гильдиялық – цехтік деп аталды. Алғашқы
гильдиялыр Англияда (X-XI ғғ.), кейіннен Германияда (X-XII ғғ.) және
Данияда (XII ғғ.) пайда болды. Ортағасырлық гильдиялардың бастапқы мәнінде
бауырластық жатты. Әр мүшеге және жалпы бауырластыққа жан жақты көмек
көрсетуді міндет тұтқан олардың негізі де осыған құрылды. Олардың
әрекетінде қоғамдық (саяси, діни және т.б.) және шаруашылық мақсаттар
біріктірілді. Мүшелердің өзара қарым қатынасы римдегі коллегиялардан
анағұрлым тығызырақ болды. Оған қоса, бастапқы кезеңде түрлі кәсіп иелерін
біріктіргендіктен олар әмбебап сипатта болды. Нәтижесінде өз мүшелерінің
жеке басын және мүлкін түрлі қол сұғулардан қорғайтын қорғау гильдиялары,
және де түрлі кәсіп иелерінің мүдделері тұтастығы негізіндегі кәсіптік
гильдиялар пайда болған дифференцияция (бөліну) процесі кейінірек басталды.
Көпестер гильдиясы және қолөнер цехтары кеңінен тарай бастады. Кәсіптік
бірлестіктердің басқа да, мысалы, әртістер мен сайыскерлер гильдиясы,
жалдамалы солдаттар және т. б. түрлері болды. Кедейлер, мүсәпірлер, тіпті
ұрылар одақтары да гильдия түрінде ұйымдастырылды. Ортағасырлық
гильдиялардың қорғау және кәсіптіктерге жіктелуі абсолютті сипатта
болмағанын, олардың өз мүшелеріне белгілі бір жағдайларда өзара көмек
көрсеткенін, басқаша айтқанда сақтандыру қызметін орындағанын және
дамытқанын айта кету қажет. Алғашында өзара көмек гильдия мен цехтардың
жарғыларында төлем мөлшері мен сақтандыру жағдайларының шеңбері
анықталмаған жалпы сипатта белгіленді. Шығындар мен жарналар басқа
шығындармен бірге жалпы гильдияның немесе жалпы цехтың кассасынан, немесе
мүшелер арасында жіктеу арқылы өтелді. Өзара көмек беру ұйымы біртіндеп
гильдиялар мен цехтарда нақтылана түсті, гильдиялық – цехтық сақтандыру
тұрақты жарналар жолына түсті, сақтандыру төлемдерінің негізі мен мөлшері
нақтыланды. Сақтандыру жадайларының тізімі тәуекел деңгейі есебімен құрыла
бастады. Ол гильдияларда біршама кеңірек болды, себебі ортағасырларда сауда
- саттық ісі теңіз және құрлықпен ұзақ жол жүрумен, үлкен қауіппен
байланысты болды. Ал қолөнер түрлерімен айналысу отырықшы және қалыпты
тіршілікпен байланысты болды. Осыған байланысты гильдиялық өзара сақтандыру
сол кезінде өзінде-ақ жеке және мүліктік сақтандыруды айырып, гильдия
мүшелерінің жеке басына, мүлкіне қатысты түрлі сақтандыру жағдайларын
қарастырды. Мүлікті сақтандыру су тасқынынан, өрттен, кеменің апатқа
ұшаруынан, малдың өлім-жітімінен, сонымен қатар ұрлық пен тонаудан болған
жағдайдарда шығындардың өтелуі қарастырды. Аталған арнайы тәуекелдермен
бірге, себебіне тәуелсіз гильдия мүшесінің кедейленуі де, көмек
көрсетілетін сақтандыру жағдайына жатқызылды. Гильдиялардағы жеке
сақтандыру қайтыс болу, науқастану, мүгедек болып қалу жағдайларына сәйкес
жәрдемақы төлеуді қарастырды. Қайтыс болу жағдайында жәрдемақы жерлеу үшін
және жесір мен жетімдерге қолдау көрсету үшін берілді. Науқастарға көмек
әдетте, ауыр, емделмейтін ауруларда берілді. Мысалы, 1284 жылға қатысты
мәліметке сәйкес ағылшын гильдиясының бірі соқырлық, алапес және басқа ауру
түрлеріне жәрдемақы төлегені белгілі. Цехтардағы өзара сақтандыру көбінде
қайтыс болу, ауру және т.б. сияқты цех мүшелерінің жеке басына қатысты
жағдайларды сақтандыруға бағытталды. Запа шеккендерге гильдия немесе цех
кассасынан берілетін көмектен басқа, ұжым мүшелерінің табиғат апатымен
күресу, теңіз апаты, өртті өшіру, ұрылардан қорғау сияқты жағдайларда өзара
көмек көрсету міндеті де қарастырылды. Осы жағдайлардан болған шығындар,
негізгі залал сияқты гильдия тарапынан өтелді. Гильдия мүшелері өз
мүліктерін сақтауға және күтуге, шығындардың алдын алу шараларын орындауға
міндетті болды. Мүлікті қорғау ережелерін бұзу сақтандыру өтемін алу
құқығынан айырды. Сонымен, гильдиялық – цехтық сақтандыру антикалық
сақтандырумен салыстырғанда, сақтандырудың қамтамасыз етілу кеңдігімен
ерекшеленді. Сақтандыру өзара көмегін нақтылау нәтижесінде қалыптасқан
сақтандыру жағдайларының тізімі сол кездің өзінде – ақ қазіргі мүліктік
және жеке сақтандырудың негіздерін қамтыған. Гильдиялық – цехтық
сақтандыруға, әсіресе оның кейінгі кезеңіне арнайы қорлардың құрамынан
бөтен тұлғалардың қатысуына берілген жесір, жетім және т.б. сақтандыру
кластарының бөлінуі тән. Сөйтіп, қоғамдық қатынастардың дамуы барысында
гильдиялық – цехтық сақтандыру тек өз мүшелеріне ғана көмек көрсетуге
арналған ұйым шеңберінен асып, шектеулі, корпоративтік сипатын жоғалта
бастады.[3]
1584 жылы қабылданған теңіз жүктерін сақтандыру тәртібі жүктерді тасып
жеткізу үшін 5% ақшалай сыйлық төлеуді қарастырған. 16 ғасырдың аяғында
Англияда теңіз тасымалдарын сақтандыру 1601 жылы Парламент Актісімен
бекітілді, ол саудагерлер арасындағы сақтандыру жағдайларына қатысты Акт
деп аталады. Ұзақ уақыт бойы сақтандыру бизнесі сауда оперциясының бөлігі
ретінде өмір сүріп келеді. 1584 жылы сақтандыру полисінде үш сақтандырушы
қол қойған, олардың бірі жарты міндетті мойнына алса, екінші жартысын
қалған екеуі бөліп алған. 18 ғасырда сауда көлемінің ұлғаюы алғашқы кәсіби
сақтандырушылардың шығуына әкелді. Өрттен сақтандырудың элементар түрлері
орта ғасырда дамыды. Англияда 30 жылдың ішінде бірнеше тәртіпсіз
компаниялар мен бірлескен қоғамдар құрылды. Олар халықтан ақша жинаумен
ғана айналысып, нақты жұмыс жасаған жоқ. Сақтандыру ісіндегі ең маңызды
оқиға 1797 жылы Орталық Еуропадағы селден қорғану жөніндегі бірлескен
сақтандыру компаниясының құрылуы болды. Өмірді сақтандырумен айналысқан
алғашқы компания 1706 жылы құрылған. Достық қоғам болды.[2, 31 бет]
Капитализм дәуіріне дейінгі кезеңде сауда керуендеріне қатысушылардың
өзара көмек көрсету туралы уақытша келісімдері және жарғылық типіндегі
тұрақты – корпоративті ұйымдар (римдік коллегиялар мен гильдиялық –цехтық
корпорациялар) сияқты сақтандырудың ежелгі түрлерінен басқа сақтандыру
сипатындағы құбылыстардың кейбір түрлері, атап айтсақ, қауымдық (топтық)
көмек және мемлекеттер мен аймақтардың даму ерекшелігімен байланысты түрлі
сақтандыру шаралары болды.
Сақтандыру операцияларының коммерциялық сипат алу кезеңі, яғни кәсіпкер
– сақтандырушының пайда табу ісін қолға алуы сақтандыру ісінің жаңа дәуірде
дамуындағы аса маңызды кезең болды. Аталған процесс, ең әуелі 14 ғасырда
Ортатеңіз бойында сауда гегемоны танылған Италияда теңіз сақтандыруында
орын алды. Теңіз сақтандыруы теңіз қарызынан бастау алды. Бұл көпесті
(кемеші) көптеген тәуекелдерден жартылай немесе толық босатқан мәміленің
ерекше түрі болды. Оның мәні: капиталист кемешіге кеме апатқа ұшырағанда
жоғалған боп саналатын ақшаны қарызға береді, ал жағымды жағдайда, кемеші
алған қарызынан әдетте бірнеше есе артық болатын, пайдасының басым бөлігін
қарыз берушіге сыйақы түрінде қайтаруға тиіс болатын. Бұл мәміле бәстесу
сипатында болды: капиталист жағымды жағдайда елеулі табыс алу мақсатында
белгілі бір қаражат сомасын тәуекел ететін.
Өмірді сақтандырудың кейінгі тарихында ғылыми зерттеудің екі саласы аса
маңызды орын алды. Бірі ықтималдылық теориясының дамуы, екіншісі – өлім
жітім кестесінің жасалуы. Демек, өмірді сақтандыруды ғылыми қатаң
математикалық ұйымдастырудың ірге тасы қаланды. Бұл 17 ғасырдың соңы –18
ғасырдың басы болатын. Дәл осы кезеңде қатаң ғылыми бастамаларға
негізделген өмірді сақтандыру қоғамдары пайда бола бастады.
Жаңа дәуірде сақтандыру ісінің дамуы капиталистік шаруашылықтың
өркендеуімен байланысты. Машиналар еңбек ететін ірі кәсіпорындардың пайда
болуына ықпал еткен өнідірістің көбеюі ғимарат, қымбат машиналар, жабдықтар
және т.б. сияқты бастапқы үлеске капитал жұмсау қажетігін туындатты. Осы
шығындардың құндылығы зор сомалармен өлшенді. Әрине, осының барлығы тәуекел
қауіпін туындатты, демек, олардың сақтандыру қажеттігін күшейтті.
19 ғасырдың екінші жартысынан бастап мемлекет сақтандыру сахнасына аяқ
басты, әуелі жеке сақтандырушылардың бәсекелесі түрінде. Сақтандырудың
елеулі экономикалық және әлеуметтік маңызын аңғарған мемлекет, сақтандыруды
өз пайдасына пайдалануды көздеді. Салыстырмалы ұзақ мерзімге
сақтандырушының иелігіне өтетін капиталды жинақтау әсіресе тартымды болып
көрінді. Сақтандыру капиталы мемлекеттік несиені дамытуда аса маңызды
мемлекеттік қорларды орналастырудың жаңа көзін құрады. Кооперативтік
сақтандырудың қуатты дамуы осы кезеңге тән болды. Сауда, несие, ауыл
шаруашылығы мен өнеркәсіпте жеңістерге жеткен кооперация, сақтандыру ісін
кооперациялауға көшті. Бұл бағытта да ол үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
Осы кезеңде сақандыру ғылымының пайда болып, қарқынды дами бастағанын
аңғарамыз. Сақтандыру білімін әзірлейтін ерекше қоғамдар, сақтандыру
бойынша арнайы оқу орындары пайда болды.[3, б 14]
КСРО-да сақтандыру ерекше орынға ие болды. РСФСО Халық Комиссарлары
кеңесінің Әлеуметтіктен басқа барлық сақтандыру түрлеріне мемлекеттік
қадағалау орнату туралы 1918 ж. 23 наурыздағы декреті сақтандыру туралы
алғашқы заңнамалық акт болды. Барлық жеке меншік сақтандыру қоғамдары мен
ұйымдары (акционерлік, жарналық және өзара) жойылды, ал олардың мүлкі
республиканың қарамағына өтті. Тек кооперативті ұйымдардың жылжымалы мүлкі
мен тауарларына мемлекеттік монополия орнатылған жоқ. 1919 жылы өмірді
сақтандыру, ал 1920 жылы - мемлекеттік мүлікті сақтандыру тоқтатылды. 1921
жылы Қаржы халық комисссариаты құрамында Мемлекеттік сақтандыру бас
басқармасы мен жергілікті жерлерде сақтандыру органдары құрылды.
Мемлекеттік сақтандыру (Госстрах) органдары өз әрекетін шаруашылық есеп
принциптерінде құрды. Мемлекет Госстрахқа қажетті қаражат бөліп беріп,
сақтандыру операциялары бойынша жауапкершігі болмады. Жеке сақтандыру
елдегі советтік ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз еткен ақша реформасынан
кейін ғана дами бастады. Реформа барысында өмірді аралас сақтандыру,
кейіннен – жазатайым жағдайлардан сақтандыру (жеке және ұжымдық),
жолаушыларды сақтандыру енгізілді. Мемлекеттік сақтандырудың кейінгі
кезеңдердегі дамуы мен жетілуі КСРО жалпы экономикалық саясатымен
анықталды. Ұжымшарлардың (колхоз) мүлкін сақтандыруды қоса, кооперативті
ұйымдардың мүлкін міндетті сақтандыру енгізілді. Соғыстан кейінгі кезеңде
сақтандыру ісін ұйымдастыруды жақсарту мақсатында жеке және мүліктік
сақтандырудың барлық түрін өткізу ережелері қайта қаралды. Соғыстан кейін
Госстрахтың ұйымдастыру құрылымдарында да өзгерістер жүргізілді. 1958 жылға
дейін Госстрах жүйесі қатаң орталықтандырылған еді, ал 1958 жылдан бастап
сақтандыру ісі одақтас републикалардың министрліктері қарамағына
берілді.[3, б 17]
Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы сақтандыру компаниялары 1990 жылы пайда
болды. Олардың ұйымдастыру құрылымдары кооперативтер пен серістестіктерден
акционерлік қоғамдарға дейін дамыды. 1993 жылы, Сақтандыру қызметі туралы
заңның қабылдануымен біздің мемлекетіміздің сақтандыру заңнамасының
негіздері қаланды, сақтандыру ұйымдарының саны 900 – ге жетті. Әрине,
олардың көбінің сақтандыру ісімен тек атауы ғана сәйкес келетін. Заң
талаптарын тек 13 сақтандырушы ғана орындай алды. Осы жылы 38 компанияның
бастамасымен Қазақстан Сақтандырушылар Одағы құрылды. ҚР президентінің
1994 жылдың 19 сәуіріндегі Сақтандыру нарығын қалыптастыру мен дамыту
бойынша ұйымдастыру – құқықтық шаралар туралы жарлығы сақтандыру ісін
мемлекеттік қадағалау жүйесін енгізу құқығын берді. Қаржы министрлігі
құрамында Сақтандыруды қадағалау департаменті құрылды.
1994-1998 жылдары Сақтандыру туралы жаңа заң қабылданды және көлік
иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілді.
Республикадағы сақтандыру нарығын дамытудың алғашқы тұжырымдамасы жарық
көрді. Сақтандыру компаниялардың жарғылық капиталы 40 мың А.Е.К, не 20
миллион теңгені құрауға міндетті болған. Бұл уақытта сақтандыру
компанияларының саны 70 -пен 150- ге дейін жеткен.
Сақтандыру индустриясының қалыптасуының жаңа кезеңі 1998 жылдың 30
маусымындағы қабылданған Мемлекеттiк басқару органдарын оңтайландыру
шаралары атты мемлекет Президентінің жарлығы қабылданды, соған сәйкес
сақтандыру нарығын қадағалау өкiлеттiгi мен қызметі Ұлттық банкке
тапсырылған болатын. Осы уақытта 72 сақтандыру компаниялары жұмыс iстедi.
1998 жылдан 2004 жылға дейін Пруденциалды нормативтер мен орындалуы
міндетті басқа норма мен лимиттер, Сақтандыру қызметі туралы тағы бір
заң, және де 2002 жылға дейінгі Қазақстан сақтандыру нарығын дамытудың жаңа
мемлекеттік тұжырымдамасы енгізілді. 2003 жылы сақтық сыйлықақыларының
көлемі 27,1 пайызға көбейіп, 28,9 миллиард теңгені құрады, міндетті
сақтандыру бойынша сақтық сыйлықақыларының көлемі 136,4 пайызға (2,8
миллиард теңгеге дейін) өсті. Ерікті мүлікті сақтандыру бойынша ол 18,6
пайызға (23,3 миллиард теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі
80 пайызға (4,2 миллиард теңгеге дейін), соның ішінде міндетті сақтандыру
бойынша 73,5 пайызға (1,3 миллиард теңгеге дейін) өсті. Сақтық ұйымдарының
жиынтық есептік меншікті капиталы 47,3 пайызға (9 миллиард теңгеге дейін)
көбейді, сақтық резервтері 66,7 пайызға (4,5 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2003 жылы Қазақстанда 65,6
пайызға көбейіп, 0,7 миллиард теңгені құрады. 2004 жылы 6 қаңтарда ҚР
Мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы Президенттің
жарлығына сәйкес ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және
қадағалау Агенттігі (ҚҚА) құрылды. Агенттікке Сақтандыру нарығындағы
әрекеттерді қадағалау мен реттеу тапсырылды. Ұлттық банктің қаржылық және
сақтандыру қадағалау департаментімен жасалған нормативтік актілердің саны
46- ға жетті, ал сақтандыру компанияларының саны 32-ге дейін қысқарды.
2004 жылдың 1 қаңтар мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасындағы
сақтандыру нарығында сақтандыру өрісін 32 ұйым құрады, соның ішінде өмірді
сақтандыру әрекетін жүзеге асыру лицензиясына тек 1 ұйым ғана ие болды.
Сондай ақ сақтандыру қызметтері нарығында 6 сақтандыру брокері мен 28
актуарий және сақтандыру ұйымдарында аудит жүргізуге лицензиясы бар 34
аудиторлық ұйымдар өз әрекетін жүзеге асырған.[4]
1998 – 2004 жылдар аралығында сақтандыру ұйымдарының санының азаюы,
олардың қызметiне заң талаптарының жоғарылатуымен, соның ішінде қаржылық
тұрақтылығына және төлем қабілеттілігіне байланысты. Соның салдарынан
сенiмсiз, қаржылай тұрақсыз сақтандыру ұйымдары нарықтан кетуге мәжбүр
болды, ол кесте 1 бейнеленген.
Кесте 1
2005 - 2010 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының сақтандыру
нарығының дамуы*
Көрсеткіштер 01.01.05 01.01.06 01.01.07
Жиынтық активтер 281676,5 307202,7 9,1
Міндеттемелер, оның 119527,6 124855,8 4,5
ішінде:
Таза сақтандыру 97074,1 109213,9 12,5
резервтері
Басқа да міндеттемелер 22453,5 15,641,9 -30,3
Меншікті капитал 162148,9 182346,9 12,5
Сақтандыру нарығының негiзгi көрсеткiштерiнiң динамикасы бiрнеше жылдар
ағымында оң бейнеленедi (Сурет 6). Көріп тұрғанымыздай жиынтық активтердің
көлемі жылдан жылға ұлғаюда, осыған байланысты міндеттемелердің де көлемі
ұлғайды.
Сурет 6 ҚР сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштері
Сурет 6-н көруге болады, 2010 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша
сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталының жиынтық мөлшері 182346,9
млн.теңгені құрады. Сәйкесінше мерзімге сақтандыру ұйымдарының
міндеттемелерінің сомасы 124855,8 млн.теңге болды, бұл өткен жылдың осыған
ұқсас күнге қарағанда 4,5 %-ға артық. Есепті күнгі қоданыстағы сақтандыру
және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымдарымен қалыптастырылған
сақтандыру резервтерінің көлемі 109213,9 млн.теңге құрады, бұл 2009 жылғы 1
қаңтарында қалыптастырылған резервтер көлемінен 12,5 %-ға көп. 2010 жылдың
1 қаңтарына сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 307202,7
млн.теңгені құрады, бұл 2009 жылдғы 1 қаңтарындағы осыған ұқсас
көрсеткішімен салыстырғанда 9,1%-ға көп, оның ішінде құрамын біз кесте 3-н
көре аламыз.
Кесте 3
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жиынтық активтері*
Активтер 01.01.2009 01.01.2010 01.01.2009
ж.
Салыстыр-ған
дағы
өзгеріс,%-бе
н
сомасы Үлесі сомасы Үлесі%
%
Кесте 3 жалғасы
Ақша 4956,4 1,8 10930,4 3,6 2,2 есе
Орналыстырылған салымдар 82230,0 29,2 70653,4 23,0 -14,1
Бағалы қағаздар 84,958,9 30,2 125968,1 41,0 78,3
Кері РЕПО операциясы 23291,5 8,3 9764,5 3,2 -58,1
Сақтанушылардан және 29987,5 10,5 23378,5 7,6 -21,3
делдалдардан алынатын
сақтандыру сыйақылары
Негізгі қаражат 4621,3 1,6 4226,7 1,4 -8,5
Материалдық емес активтер 39994,0 14,2 45971,1 14,9 14,9
Өзге дебиторлық берешек 7808,3 2,8 11677,1 3,8 49,5
Басқа активтер 4128,6 1,4 4632,9 1,5 12,2
Активтер жиынтығы 281676,5 100,0 307202,7 100,0 9,1
Сақтандыру ұйымдарымен тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған
сақтандыру сыйақыларының жиынтық көлемі өткен жылғы осындай кезеңдегі
жиналған көлемнен 23,0 %-ға аз болып, 83 793,7 млн.теңге болды. Кесте 4-те
осы мәліметтер берілген
Кесте 4
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы бойынша сақтандыру
сыйақыларының түсімі*
Сақтандыру сыйақыларының 01.01.2009 01.01.2010 01.01.2009
түсімі ж.
Салыстырған-
дағы өзгеріс
, % - бен
Сомасы Үлесі. Сомасы Үлесі,
(млн.тг) % (млн.тг%
)
Барлығы, оның ішінде: 108832,7 100,0 83793,7100,0 -23,0
Міндетті сақтандыру 23219,5 21,3 23368,427,9 0,6
бойынша
Ерікті жеке сақтандыру 14992,7 13,8 15917,819,0 6,2
бойынша
Ерікті мүліктік 70,620,5 64,9 44507,553,1 -37,0
сақтандыру бойынша
Кесте 4 - н көріп тұрғанымыздай міндетті сақтандыру сыйақыларының көлемі
өткен жылдың осындай көрсеткішінен 0,6 %-ға асты, ерікті жеке сақтандыру
бойынша ұлғаюы – 6,2 %-ды, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 37,0 %-ды
құрады. Ең үлкен өзгеріс ерікті мүліктік сақтандыру бойынша болды және
-37,0 %-ға тең болды. Түскен сақтандыру сыйақыларының құрылымы Қазақстан
Республикасының сақтандыру нарығының түскен сақтандыру сыйақыларының
құрылымы
Одан міндетті сақтандыру бойынша түскен сыйақылары көлемінің соңғы бес
жылда ұлғайғанын, ал ерікті мүліктік сақтандыру керісінше азайғанын
байқауға болады. Сақтандыру салалары бойынша жиналған сақтандыру
сыйақыларының көлемі былайша көрініс алады.
Кесте 5
Сақтандыру салалары бойынша сақтандыру сыйақыларының түскен түсімдері*
Сақтандыру салалары бйынша 01.01.2009 01.01.2010 01.01.2009
сақтандыру сыйақыларының ж.
түскен түсімдері Салыстырған-
дағы
өзгеріс, % -
бен
Сомасы Үлесі,Сомасы Үлесі,
(млн.тг) % (млн.тг) %
Сақтандыру салалары бойынша108832,7 100,0 83793,7 100,0 -23,0
барлығы
Өмірді сақтандыру 4188,8 3,8 6170,6 7,4 47,3
Жалпы сақтандыру 104643,9 96,2 77623,1 92,6 -25,8
Кесте 5 мәліметтердің негізінде 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
өмірді сақтандыру саласы бойынша жинақталған сақтандыру сыйақыларының
көлемі 6170,6 млн.теңге болып, бұл өткен жылдың осыған ұқсас күніне 47,3 %
артық. Жиынтық сыйақыларының өмірді сақтандыру саласы бойынша жинақталған
сақтандыру сыйақыларының үлесі есеп беру күнінде, 2009 жылғы 1 қаңтардағы
3,8 % қарағанда 7,4 % болды. Жалпы сақтандыру саласы бойынша 2010 жылғы 1
қаңтардағы жинақталған сақтандыру сыйақыларының көлемі 77623,1 млн.теңгені
құрады, бұл 2009 жылғы осыған ұқсас кезеңдегіден 25,8 аз.
Дамыған мемлекеттерде сақтандыру сыйақыларының жан басына қатынасы
2934,1 долларды құрайды, соның ішінде 1952,8 доллар өмірді сақтандыруға
сәйкес келеді. Қазақстанда да 2004 – 2009 жылдар аралғында сақтандыру
сыйақыларының жан басына шаққандағы қатынасы 2665 теңгеден 7171,5 теңгеге
дейін өсті, бірақ 2009 жылы қаржылық экономикалық кризиске байланысты ол
көрсеткіш 1425,5 теңгеге төмендеді.
Төменде кесте 6-да Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының 2009 -
2010 жылдардағы сақтандыру төлемдері берілген.
Кесте 6
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының сақтандыру төлемдері*
Сақтандыру төлемдері 01.01.2009 01.01.2010 01.01.2009
ж.
Салыстырған-
дағы өзгеріс
, % - бен
Сомасы Үлесі. Сомасы Үлесі,
(млн.тг) % (млн.тг%
)
Барлығы, оның ішінде: 48606,6 100,0 18484,3100,0 -62,0
Міндетті сақтандыру 6315,7 13,0 5866,8 31,7 -7,1
бойынша
Ерікті жеке сақтандыру 5863,5 12,1 5905,2 31,9 0,7
бойынша
Ерікті мүліктік 36427,4 74,9 6712,3 36,4 -81,6
сақтандыру бойынша
Кесте 6 бойынша, 2010 жылғы 1 қаңтардағы сақтандыру төлемдерінің жалпы
көлемі өткен жылдың осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 62,0 %-ға төмендеп,
18484,3 млн.теңге құрады. Бұл ретте сақтандыру ұйымдарынан қайта сақтандыру
бойынша өтемақы есебінен сақтандыру төлемдерінің үлесі 29,9% (5526,6
млн.теңге) құрады.
2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру сыныптары бойынша
жүргізілген сақтандыру төлемдерін қараған кезде мыналарды айта кетуге
болады. Міндетті сақтандыруда – көлік құралдары иелерінің азаматтық –
құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері 43,5 %
(2549,9 млн.теңге) құрады, қызметкердің еңбек міндеттерін атқарған кезде
оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үщін жұмыс берушінің азаматтық
– құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша– 47,2 % (2770,2 млн.теңге)
және басқалары - 9,3%, ерікті жеке сақтандыруда – аурулардан сақтандыру
бойынша – 71,3% (4207,6 млн.теңге), жазатайым оқиғалардан сақтандыру
бойынша сақтандыру төлемдері – 8,1% (478,4 млн.теңге), аннуитеттік
сақтандыру бойынша – 17,9 % (1057,2 млн.теңге), өмірді сақтандыру бойынша
– 2,7 % (161,9 млн.теңге) құрады. Ерікті мүліктік сақтандыруда – басқа да
қаржылық шығындардан сақтандыру бойынша – 15,4 % (1031,5 млн.теңге),
автомобиль көлігін сақтандыру бойынша – 17,5 % (1173,6 млн.теңге), мүлікті
сақтандыру бойынша 53,6% (3595,6 млн.теңге), басқалар – 13,5 % . Осы
көрсеткіштерді біз сурет 8-н көре аламыз.
Сурет 8 Сақтандыру төлемдерінің құрылымы[10, б 87]
Сурет 8 бойынша, 2010 жылдың 1 қаңтарына ең көп төлемдер ерікті жеке
сақтандыруға төленді, ал ең аз ерікті мүліктік сақтандыруға берілді. 2010
жылдың 1 қаңтарына сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы бойынша сақтандыру
төлемдерінің мейлінше көп көлемі аурулардан сақтандыруында келеді – жиынтық
төлем сомасының 22,8%.
2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының
инвестициялық портфелін қараған кезде ҚР мемлекеттік бағалы қағаздардың
абсолюттік мәнінде ұлғайғанын байқауға болады, мысалы есепті күнге
инвестициялық портфельдің жалпы көлеміндегі үлесі, 2009 жылғы 1 қаңтардағы
7,9 % қарағанда 18,3 % құрады.
Кесте 7
Қазақстан Республикасының сақтандыру секторының инвестициялық портфелі
Инветсициялық портфель 01.01.2009 01.01.2010 01.01.2009
ж.
Салыстыр-ғ
андағы
өзгеріс,%-
бен
Сомасы Үлесі %Сомасы Үлесі%
(млн.тг) (млн.тг)
ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары15028,9 7,9 37769,7 18,3 2,5 есе
Екінші деңгейдегі банктердегі 82230,0 43,2 70653,4 34,2 -14,1
салымдар
Халықаралық қаржы ұйымдарының 32,6 0,0 2166,3 1,1 66,4 есе
бағалы қағаздары
Шетелдік инветсициялық 145,5 0,1 149,8 0,1 3,0
қорлардың пайлары
ҚР эмитенттерінің мемлекеттік 67143,4 35,2 64186,6 31,1 -4,4
емес бағалы қағаздары
Шетелдік эмитенттердің 1269,2 0,7 5614,8 2,7 4,4 есе
мемлекеттік бағалы қағаздары
ҚР резидент емес эмитенттерінің1339,3 0,7 16080,9 7,8 12 есе
мемлекеттік емес бағалы
қағаздары
Кері РЕПО операциясы 23291,5 12,2 9764,5 4,7 -58,1
Жиынтығы 190480,4100,0 206386,0100,0 8,4
Төмендегі кестеде сақтандыру секторының негізгі көрсеткіштері
көрсетілген, оның ішінде жалпы ішкі өнім көрсеткіші.
Кесте 8
Сақтандыру секторының негізгі көрсеткіштері*
Сақтандыру секторының негізгі 01.01.2009 01.01.2010
көрсеткіштері
ЖІӨ, млрд.теңге 16 052,9 16 865,2
Сақтандыру сыйақыларының ЖІӨ - ге 0,68 0,50
қатынасы, %-бен
Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы, 1,01 1,08
%-бен
Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен 1,75 1,82
Сақтандыру сыйақыларының жан басына 7 009 5 304
шаққандағы қатынасы, теңгемен
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйенетін болсақ (Кесте 8), 01.01.2009
жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда ЖІӨ 01.01.2010 жылы 812,3 млрд.теңгеге
ұлғайғанын көруге болады. Сақтандыру сыйақыларының жан басына шаққандағы
қатынасы 7009 теңгеден 5304 теңгеге азайды.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы Сурет 9 – да
көрсетілген. 2011 жылдың 1 сәуіріне берілген мәліметтері бойынша Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің берілген лицензиялары негізінде Қазақстан Республикасында 38
сақтандыру ұйымдары, оның ішінде өмірді сақтандыру лицензиясы негізінде 7
ұйым, сонымен қатар 14 сақтандыру брокері мен 77 актуарийлер қызмет етеді.
Сурет 9 Сақтандыру нарығының құрылымы
Сақтандыруды ұйымдастыру кезінде маңызды элементтері актуарийлер,
сақтандыру делдалдары (сақтандыру брокері мен сақтандыру агенті),
сюрвейерлер, авариялық комиссарлар, аджастерлер және т.б. болып табылады.
Жоғарыда аталғандардың маңыздылығы сақтандыру жағдайы болған кездегі
келтірілген зиян көлемін және сақтандыру тәуекелдеріне нақты баға беру
қажеттілігімен байланысты. Сонымен қатар аталған қатысушылар сақтандыру
қызметтерінің сапасын көтеру және тұтынушыларға жеткізу үшін маңызды рөл
атқарады. Қазақстанның сақтандыру нарығында осы тізімдегі тек сақтандыру
делдалдары мен актуарийлерді ғана көрсетеді (Сурет 9).
Бүгінгі таңда Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің мәліметтері негізінде Қазақстанда өмірді сақтандыру бойынша
лицензиясы бар 7 компания тіркелген (Кесте 9). Ал 2005 жылы Қазақстандағы
өмірді сақтандыру бойынша компнияларының саны небары 2 ғана болған. Бұл
көрсеткіш сақтандыру нарығының дамығындығын көрсетеді, алайда жеткілікті
деңгейде емес.
Кесте 9
Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары*
№ Компания атауы Жарғылық
капитал, мың.
теңге
1 “БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі 450 000
еншілес компаниясы” АҚ
2 Мемлекеттік аннуитеттік компания” Өмірді сақтандыру 936 200
компаниясы” АҚ
3 Қазақстан Халык Банкі Еншілес ұйымы Халық-Life АҚ – 1 250 000
бұрынғы атауы Өмірді сақтандыру бойынша
Қазақшетсақтандыру Еншілес ұйымы Халық- Life АҚ
4 Казкоммерц-Life ӨСК (Казкоммерцбанк АҚ-ның еңшілес1 451 000
ұымы)
5 Өмірді Сақтандыру – Компаниясы GENERALI LIFE 1 000 000
Assicurazioni Generali S.p.A. еншілес компаниясы
акционерлік қоғамы
6 Астана-финанс өмірді сақтандыру компаниясы АҚ 800 000
7 "Alliance -Өмірді Сақтандыру Сақтандыру компаниясы АҚ 1 000 000
Қазақстан Республикасындағы даму үстіндегі, жоғары нәтижелерді көрсетіп
жүрген компнияларға тоқталатын болсақ. Олар кесте 10-да көрсетілген.
Кесте 10
Сақтандыру ұйымдарының негізгі көрсеткіштері*
№ Компания атауы Активтер Сақтандыру Меншікті
резервтері капитал
1 "СК "Еуразия" АҚ 59 828 09715 141 933 42 323 163
2 "СК "Виктория" АҚ 48 449 1812 613 453 45 649 138
3 Халық- Казахинстрах Қазақстан 27 034 53811 745 808 13 494 204
Халық банкінің еншілес сақтандыру
компаниясы АҚ
4 "БТА Банкінің еншілес компаниясы 4 776 883
БТА Страхование АҚ 23 977 070 18 409 051
5 "Казкоммерц-Полис" СК" АҚ 15 732 8346 123 206 8 606 179
6 "БТА Банкі" АҚ еңшілес ұйымы СК 14 449 7135 115 899 6 294 738
"Лондон-Алматы" СК " АҚ
7 "Мемлекеттік сақтандыру 12 853 301231 492 11 133 188
корпорациясы" АҚ
8 "Allianz Kazakhstan СҚ" АҚ 11 368 3638 472 128 1 660 406
9 “БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді 10 193 7895 988 051 4 001 986
сақтандыру жөніндегі еншілес
компаниясы” АҚ
10 "Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ 9 716 611 5 128 212 3 187 924
Кесте 10-н байқағанымыздай нарықта шоғырланудың біршама төмендегені
байқалады. Осылайша көшбасшылар бестігіне биылғы жылдың 1 қаңтарындағы
жағдай бойынша қазақстандық сақтандырушылар жинаған сыйлықақының жиынтық
көлемінің 55,0%-ы тиеді. Көшбасшылар бестігінің құрамы: біріншілікті
нарықтың 23,7%-ын ала отырып "Евразия" СК дәстүрлі түрде ұстап тұр,
"Виктория" СК бүкіл сыйлықақының 17,3%-ын жинап екінші орынға тұрақтады,
Халық- Казахинстрах АҚ 5,5%-бен үшінші орынға көтерілді. "БТА Банкінің
еншілес компаниясы БТА Страхование АҚ сыйлықақының жиынтық көлемінің 4,7%-
ын жинап, төртінші орынға ауысты, ал "Казкоммерц-Полис" СК" АҚ иелігінде
үлес көлемі бойынша бесінші - 3,9%.
Өкілеттігі бар органдардың қызметі экономиканың дамуымен қатар
мемлекетте сақтандыру нарығының дамуына жағдай жасады. Соңғы жылдары Ұлттық
банк сақтандыру нарығының жинақталған мәселелелерін шешуде қыруар жұмыс
атқарды. Әсіресе, заң және нормативті – құқықтық базаны дамыту мен
жетілдіру, нарықтың тұрақтылығын жоғарлату және сақтанушыларды қорғау
секілді мәселелерді шешуде. Сақтандырушыларға талаптарды жоғарлату
кішігірім фирмалардың көлемін азаюға, ағымдағы компаниялардың
капитализациясын, тұрақтылығын жоғарлатуға жағдай жасады. Активтердің өсуі
сақтандыру компаниялардың құрылымы мен сапасының жақсаруымен қатар болды.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар
нарықтарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат
металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл
шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар. Қазір Қазақстанның
ВТО – ға кіруі туралы сұрақ қарастырылуда. Бұл ұйымға кірудің бірден бір
талабы – Қазақстан Республикасының халықаралық сақтандыру нарығына бірігу.
Ал бұл бірігу Қазақстанның сақтандыру нарығын реттеу заңдарының халықаралық
заңдылықтарына сәйкес келуі керек. Қазақстан Республикасының сақтандыру
және сақтандыру қызметі туралы заңдылығы Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінен, Қазақстан Республикасының 18.12.2000 жылы қабылданған №127-2
Сақтандыру қызметі туралы заңынан және басқа да құқықтық – нормативті
актілерден тұрады. Заңның негізгі міндеттері болып тұрғын халықтың сақтық
қорғауының деңгейін көтеру, міндетті сақтандырудың тиімділігін арттыру,
міндетті сақтандыру жүйесін реттеу, сақтандыру мәдениетін жоғарлату және
тұрғын халықтың сақтандыруға деген сеніміне ие болу табылады.
Қорытындылай келе, отандық сақтандыру нарығының нақты жағдайын жақсы деп
айту қиын. Мұндай жағдайдың туындауы объективті және субъективті мәселелер
қатарымен байланысты. Олардың қатарына тұрғын халықтың және шаруашылық
субъектілердің төмен төлем қабілеттілігі, сақтандыру мәдениетінің төмен
деңгейі, халықтың сақтандыру компанияларына деген сенімсіздігі жатады.
Дегенмен, сақтандыру секторы дамуының көпшілік көрсеткіштері оң
динамикасымен сипатталады, ол сақтандырудың міндетті түрлері бойынша
жиналған сыйлықақылардың тұрақты өсуімен, алдыңғы жылдары жинақталған
жоғары капиталдандырумен, консервативті инвестициялық саясатпен жəне қаржы
секторының бас сегменттерімен салыстырғанда оның дамуының толығынан төмен
агрессивті қарқынына негізделген.
2.2 БТА Сақтандыру БТА Банкі ЕК АҚ компаниясының қызметіне талдау
БТА Сақтандыру БТА Банкі ЕК АҚ компаниясы Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес 1998 жылы тіркелген, заңнама талаптарына сәйкес қайта
тіркеуден өтті:
- 02.04.1999 ж. – BTA Insurance Сақтандыру компаниясы ААҚ;
- 18.09.2000 ж. – БТА Сақтандыру компаниясы ААҚ;
- 07.08.2003 ж. – БТА Сақтандыру компаниясы АҚ;
- 15.04.2005 ж. - БТА Сақтандыру АҚ;
- 21.02.2007 ж. - БТА Сақтандыру Банк Тұран Әлем ЕК АҚ;
- 24.11.2008 ж. - БТА Сақтандыру БТА Банкі ЕК АҚ.
Қазіргі уақытта компания акционерлік қоғам нысанында қызмет атқаруда.
Компанияның негізгі акционері – Қазақстан мен ТМД ірі банк – БТА Банкі.
Сақтандыру компаниясы жеке мүлкіне ие және де өзіндік балансы, есеп айырысу
шоты, мөрі бар. Сақтандыру компаниясы өз атынан келісім шарт жасауға,
мүліктік және мүліктік емес құқықтаға ие болуға құқылы. Құқықтық жағдайы
Жарғымен реттеледі және өз қызметін Қазақстан Республикасының Сақтандыру
қызметі туралы заңы негізінде іске асырады. [16]
Банктің БТА ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz