Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы


Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы
Мазмұны
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы
1. 2 Ұлттық білім беру жүйесінің даму кезеңдері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫ
2. 1 Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы
2. 2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың
негізгі тенденциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: 2005-2010 жылдары «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында», «Білімді дамыту Тұжырымдамасында», Қазақстан Республикасының «Білім беру Заңында» приоритеттік міндеттер қатарында қазақ мектептері және оның білім беру мазмұнын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Себебі, біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне ену үшін жалпы бастауыш білім беретін мектептеріне арналған білім беру мазмұнын реформалау қажеттілігі туындап отыр. Осы алға қойылған көкейтесті мәселелерді шешу жолдарының бірі өткен уақыттағы бай теориялық мұраны және тәжірибені ұғынып түсіну және қолдану болып табылады.
Бірақ, бұл уақыт жіберілген қателерді жою, сынау, мәселені шешудегі жаңа жолдарды іздестіруге т. б. оқиғаларға толы уақыт болды. Сол мәселелер ішінде өз шешімін күтетін білім беру мазмұнына қатысты проблемалар да бар.
Қазақ мектептері, ондағы білім беру мазмұнына қатысты мәселелер педагогика ғылымы мен теориясының өте көкейтесті проблемаларының бірі. Педагогика ғылымында оған байланысты көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аталған феноменге қатысты проблемаларды зерттеудің түп тамыры, бастауы тереңге кетеді. Бұл мәселе әлемдік педагогика классиктері Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, И. Гербарт, К. Д. Ушинский т. б. ғалымдардың есімдерімен және олардың еңбектерімен тығыз байланысты.
Қазақстан педагогика ғылымында мектептің даму тарихы мәселесімен бір қатар ғалымдар шұғылданып түрлі аспектілерден:
- ХІХ ғ. екінші жартысында халық ағарту ісі мен мектеп тарихын (Т. Тажибаев, Г. М. Храпченков т. б. ) ;
- қазақ кеңес мектебінің тарихын (А. И. Сембаев т. б. ) ;
- халық ағарту саласындағы орыс-қазақ достастығын (К. Б. Бержанов) ;
- кәсіптік білім беру тарихын (Г. А. Уманов т. б. ) қарастырды.
Бастауыш мектептегі білім беру мазмұнын теориялық тұрғыдан Ресей және қазақстандық ғалым-педагогтар И. П. Подласый, Т. С. Сабыров, Р. М. Қоянбаев, Қ. Т. Ыбраимжановтар зерттеді. Оның ішінде оқулықтарды құру мәселесімен Ю. К. Бабанский, Т. А. Ильина, И. О. Харламов, Н. А. Сорокин, В. В. Краевский, М. Н. Скаткин, Д. Д. Зуев, И. Я. Лернер, В. П. Беспалько, А. Е. Абылкасымова, Ж. А. Караев, К. А. Аймағамбетова т. б. зерттеді.
Біздер зерттеуге алған мәселелер бойынша:
- бастауыш мектепке мұғалім кадрларын даярлайтын оқу орындарының даму тарихын (Р. К. Бекмагамбетова) ;
- бастауыш мектептің даму тарихын (Қ. Т. Ыбраимжанов) ;
- кіші жастағы оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін (А. К. Аренова) ;
- музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыруды (Ж. Таубалдиева) ;
- бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытуды (А. Б. Медешева) ;
- жалпы білім беретін ауыл мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларына экономикалық тәрбие беру (Ж. А. Жүнісбекова) ;
- педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру (К. І. Аманқұлов) ;
- бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану (Б. С. Сайдахметов) ;
- бастауыш мектепте математиканы оқыту жөніндегі әдістемелік ой-пікірдің қалыптасуы (Б. М. Қосанов) ;
- бастауыш мектепте математиканы оқытудың мазмұны мен оның құрылымының ерекшеліктері (Ж. Т. Қайынбаев) ;
- инновациялық бастауыш мектептің дамуы (И. Н. Шевченко) ;
- жаңа типті мектептерде оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру (Найманбаева К. Қ)
Аталған еңбектер мектепке катысты болып, оның білім беру мазмұны туралы кейбір ерекше аспектілері қарастырылғанмен тікелей кешенді мәселе ретінде қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының даму тарихы дербес проблема болып зерттелмегенін көрсетті
Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде біздер Қазақстан Республикасы өз егемендігін алған кезеңнен бергі педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосатын мәселелердің бірі мектептің білім беру мазмұнының тарихын педагогикалық аспектіден зерттейтін тұжырымдалған жұмысты жасау қажеттігі ғана туындаған жоқ, сонымен қатар оны жүзеге асыратын қолайлы жағдайда туындады.
Ал біздер зерттеуге алған кезеңдегі қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму тарихына байланысты материалдармен шынайы мәліметтердің толық болмауы, оның дамуы туралы тұтас түсініктің қалыптаспауы бұл мәселені теория және тәжрибе жүзінде деңгейін көтеру және әрі қарай жетілдіру туралы мәселені шешу мүмкін емес.
Бұл жерде бүгінгі таңда біздің республикамыздың жүргізіп отырған білім беру саясатына лайықты қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнын жаңартып жетілдіру қажеттігі, теория және тәжірибенің сұранысы мен тарихта жинақталған болашақта қолдануға болатын бай мұраның өз дәрежесінде зерттелмеуі, тәжірибеде жеткілікті пайдаланбауы арасында қарама-қайшылықтың бар екенін байқадық.
Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде біздер зерттеуге алған проблеманың өз дәрежесінде зерттелмеуі, қазақ мектептерінің білім беру мазмұнының дамуын баяндайтын жұмыстың жоқтығы оның көкейтестілігін көрсетіп тақырыпты «Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы« деп алуға мүмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты : бүгінгі таңдағы қоғамдағы болып жатқан демократиялық өзгерістер позициясынан ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуының тарихи жағдайлары мен әрі қарай даму тенденцияларын айқындау.
Зерттеудің нысаны : ұлттық білім беру жүйесі
Зеттеудің пәні : Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы
Зеттеудің міндеттері:
- ұлттық білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;
- ұлттық білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- ұлттық білім беру мазмұнының әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде философтардың, тарихшылардың, педагогтардың халық ағарту ісі мен мектептер тарихы, оның ішінде білім беру мазмұны туралы идеялары, тарихи байланыс және детерминация тұрғысынан қоғамдық құбылыстарды талдау туралы ережелер, қоғам мен құбылыстардың дамуы туралы философиялық ілім, тарихи-педагогикалық құбылыстар мен процестерді талдауда аксиологиялық, жүйелілік келістер, бүгінгі таңдағы ұлттық білім беру мазмұнының дамуы туралы теориялар болып табылады.
Зерттеу көздері:
- білім беру мазмұнының даму мәселелеріне арналған философтардың, тарихшылардың, педагогтардың еңбектері;
- ресми құжаттар: ҚР «Білім беру туралы» заңы, «Жалпы орта білім беру мазмұнының Тұжырымдамасы» (1995 ж), Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының Тұжырымдамасы, ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2007 ж), «2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы»;
- нормативтік құжаттар: ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, қазақ бастауыш мектептерінің оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен танысып оларға талдау жасау, жүйелі-құрылымдық, талған нәтижелерді талдап қорыту.
Зерттеу кезеңдері.
Бірінші кезеңде зерттеуге алынған мәселе бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен танысып, мұрағат, оларға талдау жасалды, ғылыми және ұғымдық аппарат анықталды, ұлттық білім беру мазмұнының даму негіздері мен қалыптасу тарихы туралы шынайы деректік материалдар жинақталды.
Екінші кезеңде шынайы деректік материалдарға теориялық талдау жасалды, ұлттық білім беру мазмұнының даму кезеңдеріне сипаттама берілді.
Үшінші кезеңде зерттеу барысындағы қол жеткізген нәтижелер талданып қорытындыланды, тұжырым жасалды, зерттеу материалдары әдеби және редакциялық тұрғыдан рәсімделді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- ұлттық білім беру мазмұнының даму кезеңдері анықталып, оларға сипаттама берілді;
- Қазақстан ғалым-педагогтарының ұлттық білім беру мазмұны туралы құнды пікірлері мен жасаған тұжырымдары жүйеге келтірілді.
- ұлттық білім беру мазмұнының даму тенденциялары анықталды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: зерттеуде талданып қорытындыланған білім беру мазмұнының дамуындағы жағымды тәжрибесі болашақта оны әрі қарай жетілдіруге ықпалын тигізеді;
зерттеу жұмысындағы жинақталған материалдар, теориялық тұжырымдар мен ұсыныстар «Педагогика тарихы», «Педагогика» курсының дидактика бөлімі бойынша оқылатын лекциялар мен семинар сабақтарында қолданылуы мүмкін;
Зерттеу базасы : Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика-психология факультеті.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеуге алынған мәселенің көкейтестілігі дәлелденіп, қарама-қайшылығы, проблемасы, мақсаты, объектісі, пәні ғылыми болжамы, міндеттері, әдістері анықталды, әдіснамалық және теориялық негіздері, практикалық маңыздылығы анықталды.
«Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының алғышарттары» атты бірінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім берудің басты педагогикалық бағыттары мен ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының алғы шарттары қарастырылды.
«Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің әрі қарай дамуы» атты екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесін дамытудың негізгі тенденциялары мен Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму болашағы айтылады
Қорытындыда зерттеу нәтижелері талданып қорытындыланды, негізгі тұжырымдар баяндалды, ұсыныстар жасалынды.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің даму жағдайы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында - «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау . . . » делінген.
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты болады.
Қоғам дамуының әр кезеңінде жас ұрпаққа берілетін білімнің құрамы мен құрылымына қойылатын жаңа талаптар мен соған сай енгізілетін өзгерістердің сипаты сыртқы және ішкі факторлардың негізінде айқындалады. Осы тұрғыдан жалпы білім беру жүйесіндегі бетбұрыстардың себепшісі болып жатқан саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер әлемдік деңгейдегі білім берудің жаңашыл үрдістері жатады.
«Білім» сөзі - өте күрделі және көпмағыналы ұғым. Жалпы мағынасында білім - адамның жүйеленген білік, дағдыларын меңгеру үрдісі мен нәтижесі.
Соңғы уақытта білімге деген көзқарастың түбегейлі өзгергені «XXI ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болуы керек?» деген сауалға жауап берері анық. Демек еліміз бен өркениетіміздің даму деңгейі осы сапалы білім нәтижесінің нақты көрсеткіші болмақ.
Білім берудің бағыт-бағдары «Қазақстан Республикасының Конституциясында», «Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік құжаттарында» негізделген.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, нарықтық экономика, қоғамдық экономика қатынастарының ғаламдануы, қоғам дамуының ақпараттық кезеңге өту жағдайында сапалық тұрғыда қайта қарауға бағытталған. Республикадағы осындай қайта құрулардың нәтижелілігі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнына тәуелді.
Өскелең ұрпаққа білім беру, жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау, олардың мазмұны мен құрылымын жетілдіру мәселелерімен көп жылдар бойы педагог - ғалымдар, тарихшылар, әдіскерлер айналысуда.
Ағартушы ұстаздар Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаевтың қазақ халқының тарихи кезеңіне сай келетін педагогикалық ой - пікірлері әлі күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ .
Қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов білім беру мен оқыту үрдісін жетілдіру, оқулықтар даярлау, білім мазмұнын іріктеу мәселелерін тереңінен зерттеп, дидактикалық ойды уақыт талабына сай негіздейді.
Білім беру мазмұнын анықтаудың жалпы теориялық негіздері В. В. Давыдов, Л. М. Занков, В. В. Краевский, В. С. Леднев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин және т. б. ғалымдардың еңбектерінде сипатталған.
Білім беру мазмұнын әртүрлі салада отандық ғалымдарымыз К. Құнантаева (Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуын), М. Ж. Жадрина (нұсқалы білім беру мазмұнын құрастырудың дидактикалық негізін), А. А. Бейсенбаева (жалпы білім беру мазмұнын), Т. М. Әлсатов, А. Қ. Құсайынов, Ұ. Ә. Асылов (мектеп оқулығының даму тарихы мен оған қойылатын дидактикалық талаптар мен ұстанымдарын), Н. Нұрахметов, С. Е. Чакликова (төл оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптарды) зерттеген.
Білім мазмұнын іріктеудің теориялық негіздері, оқыту үрдісінің ерекшеліктері, ұстанымдары мен талаптары, оқулық пен бағдарлама жасаудың әдістері М. А. Данилов, Р. Г. Лемберг, М. Ә. Құдайқұлов, К. Успанов т. б. педагог - ғалымдардың еңбектерінде ғылыми тұрғыдан негізделген.
Еліміздің төл тарихының рухани мұрасын дамытуға және мектеп оқулықтарының пәндік ғылыми мазмұнын жетілдіруге тарихшы ғалымдар М. Қозыбаев, Ж. Қасымбаев, К. Нұрпейіс, Т. Тұрлығұл және т. б. ғылыми еңбектерінде жан -жақты талдау жасаған.
Бастауыш білім беру мазмұнын әртүрлі салада қарастырған ғалымдарымыздың Рахметова С. Р, Мендекенова Р. Т, Оспанов Т. Қ, Сатқанов О. С, Уәйісова Г. И, Жұмабаева А. Е, Б. Т. Қабатай, Л. А. Лебедева, А. К. Акпаева, А. К. Маханова және т. б. ғылыми еңбектерін атауға болады.
Зерттеу еңбектеріне жасаған талдау жоғарыда аталған ғылыми жұмыстардың құндылығын, практикалық мәнділігін, олардың білім беру мен оқытудың теориясы бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік беретіндігін айғақтайды.
Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны күрделі көп аспектілі ұғым. Бiлiмнiң мазмұнын анықтау, бұл өсiп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай - ақ оқытудың мақсатын, мiндетiн анықтау туралы мәселенi шешу деген сөз. Осыған орай, мектепте қайда, қашан, кiмдi және не үшiн оқытады деген сұрақтарға жауап берiлуiне қарай бiлiм мазмұны әр қилы шешiледi. Бiлiм берудiң мазмұны дегенiмiз - оқушыларды жан - жақты дамытып, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiмнiң, iскерлiктiң, дағдының дәл белгiленiп алынған шеңберi. Бiлiм берудiң аса маңызды құрамды бөлiгi - бұл жалпы бiлiм. Жалпы бiлiм - табиғат, қоғам, адам баласының ойлауы туралы оқушыларда негiзгi ғылымдардың бiлiмдерiмен қамтамасыз етедi. Қандай да болсын, қоғамда мектеп бiлiмнiң мазмұны түгелдей тәрбие беру мақсатына байланысты және осы мақсаттың нақтылы көрiнiсi болып табылады.
Мектепте білім берудің мазмұны оқу жоспарында, оқу бағдарламаларында және оқулықтарда өз көрінісін табады.
Оқу жоспары дегеніміз оқу пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша бұларды оқытып-үйретудің тәртібі мен рет-жөнін, әрбір пәнге бөлінген сабақ санын анықтайтын, сондай-ақ оқу жылының құрылымын белгілейтін мемлекеттік құжат. .
Оқу жоспарына сәйкес оқу бағдарламасы жасалады. Оқу бағдарламасы дегеніміз оқу пәнінің мазмұны, білім, білік және дағдыларды оқытудың әрбір жолы үшін жүйесі мен көлемі, осы оқу пәнінің оқытылу тәртібі мен рет-жөні белгіленген мемлекеттік құжат.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Педагогика және психология» сөздігінде білім ұғымына былайша анықтама берілген: «білім - адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының т. б жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды құралдарының бірі болып табылады. Білім бүкіл адамзат ақыл - ойының адамды қоршаған табиғатты, айналаны танып білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы; қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай теориялық анықтамалар мен адамның өмірлік қарекетінде айқындалып дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар дүниесі. Білімді танымдық дәрежесіне, шындықты жан - жақты қамтуына, терең мәніне, жете бейнеленуіне, дәйектілгі мен дәлдігіне қарай мынандай түрлерге бөлуге болады: тұрмыстық білім, ғылымға дейінгі білім, ғылыми білім, эмпирикалық білім, теориялық білім. Білімнің қай түрі болсын адамзат тәжірибесінің негізінде дамып отырады», … білім - табиғат пен қоғам дамуындағы фактілерді, ұғымдарды, заңдарды меңгерудің нәтижесі».
Философия ғылымы тұрғысынан ғалым Д. Кішібеков «Білім дегеніміз - материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы, әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, обьективті бейнеленуі» - деді.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиялық сөздігінде «білім адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы», - деп атап көрсетіледі.
Ю. К. Бабанский «білім мазмұны - оқыту үрдісінің негізгі компоненті, ол ғылыми білімнің, біліктер мен дағдылардың жүйесі, оны меңгеру оқушылардың ой және дене қабілеттерінің жан - жақты дамуына, адамгершілік қасиеттері мен мінез - құлқының қалыптасуына, қоғамдық өмір мен еңбекке баулуға дайындауға септігін тигізеді»- деп атап көрсетеді. Білім беру - аса күрделі әлеуметтік - экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Ұлттық білім беру ісіндегі жаңа үдерістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
- Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып
қалыптасуы;
- экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі
пішімдерін дамыту;
- ұлттық білім беру ісінің әлемдік жүйесіне кіруі болып отыр.
Білім мазмұны әрбір тарихи кезеңдердегі мектеп реформасының негізіне жатады. Білім беру саласына қатысты реформаларда заман талаптарына сай білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі. Білім мазмұны мен материалдық техникалық базасын жаңарту, білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру білім беруді дамытудың стратегиялық обьективті заңдылығы. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды. Олай болса, әр халықтың әлеуметтік- экономикалық, тарихи-мәдени ерекшеліктері диалектикалық бірлікте негізделіп, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың басты көзі болып табылады.
В. С. Ледневтің пікірінше білім мазмұны біртұтас процестен тұрады: аға ұрпақтың тәжірибесін игеру, тұлғаның типологиялық сапалық мінезін тәрбиелеу, адамның ақыл ойын және физикалық жағынан дамыту.
Ғалым Б. Қ. Абдугулова «білім берудің мазмұны - дидактиканың негізгі нысанасы, ғылыми білім мен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйесі, өзіндік шығармашылық, ізденушілік әрекет тәжірибесі, жеке тұлғаның жан - жақты дамуының сапалық мазмұны мен сипаты» - деп тұжырымдайды .
Ғалымдардың айтуынша білім бағдарлы тұрғысы білім беру мазмұны үшін
құнды болып табылады. Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында тұлғалық бағдар бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы М. Н. Скаткин , И. Я. Лернер, В. С. Леднева еңбектерінде жан - жақты баяндалған.
Қазіргі жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырысы, оның жалпылама түрде халықтың көпшілігі ғылым жетістіктерімен, мәдени құндылықтармен сапалы жоғары білімді адамдардың ақыл -ой, дене еңбегі жағынан қоғам өміріне белсене араласатын жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру.
Аталған ғалымдардың еңбегін басшылыққа ала отырып, білім беру мазмұнының логикалық - құрылымын ғалымдар А. А. Бейсенбаева, М. Б. Тленбаева былайша сипаттайды:
Төменде білім беру мазмұнының логикалық құрылымы берілген.
Кесте - 1. Білім беру мазмұнының логикалық - құрылымы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz