Алтын нарығының әлемдік металдар нарығындағы орны


Мазмұны
Кіріспе
1 Алтын нарығының теориялық негіздері
1. 1 Асыл металдың қасиеттері, құндылығы
1. 2 Әлемде алтынды ақша құралы ретінде пайдалану ерекшеліктері
1. 3 Әлемдік алтын нарығының негізгі субъкттері
2 Қазақстанның алтын нарығындағы орнын талдау
2. 1 Қазақстанда алтынмен операциялар жүргізу тәртібі
2. 2 Қазақстанның алтын нарығына талдау
2. 3 Қазақстан Республикасының алтын өндірісіндегі мәселелері
3 Қазақстанның құнды металдар нарығындағы рөлін нығайту
3. 1 Қазақстан Республикасының алтын нарығындағы перспективалары
3. 2 Қазақстанда алтын өндірісі және оның әлемдік нарықтағы рөлі
3. 3 Қазақстанда алтын қорын ұлғайту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Алтын өзінің табиғи бітімі ерекшелігіне сәйкес түрліше металдар арасында аса бағалы қымбат металл ретінде танылған. Алтын кандай да болмасын ылғалды, шірінді топырақты жерде жатса да оны тот алмайды, мыс тәрізді оны жасыл-қошқыл тот баспайды, күміс тәрізді қарақоңырланып кетпейді. Алтын күн нұрына шағылысқан түрінде сап-сары түсінен ешқашан таймайды.
Институционалдық көзқарас бойынша асыл металдар нарығы - бұл арнайы өкілетті банктер және асыл металдар биржаларының жиынтығы. Асыл металдар нарығы жүйе ретінде жеке секторлардан тұрады. Сектор ретінде тек бір ғана қаржылық активтердің нарығы түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңына сәйкес, валюталық құндылықтарға шетел валютасы мен валютада бағаланатын бағалы қағаздардан басқа, келесі асыл металдар кіреді: алтын, күміс, ақ алтын, платиналық топ металдары (палладий, иридий, родий, рутений және осьмий) қай түрде, қай күйде болсын. Асыл металдар нарығының негізгі секторы- алтын нарығы болып табылады. Алтын нарығы - алтынмен келісімдер жасайтын бірлескен өкілетті банктерді білдіреді. Олар алтынды сатушылар мен сатып алушылар арасындағы делдал ретінде қатысады және олардың мәлімдемелерін (тапсырыстар) жинап, өзара уағдаластықтарды салыстырып, алтынның орташа нарықтық бағамын қояды (әдетте күніне екі рет) .
Əлемнің кез келген елі алтынға мемлекеттің ішкі байлығы деп қана емес, елдің қауіпсіздігін сақтап қалатын құндылық деп қарайды. Себебі, жаһандық экономикадағы алтын бағасының жылдан-жылға қымбаттауы небір алпауыт елдерді өз бағыт-бағдарын сол бағалы металдың бағасына қарай түзеп отыруға мəжбүрлейді. Алтынның басты қасиеті - тауар ретінде айналыстан ешқашан шықпайтындығы. Өндірілген алтын мұнай немесе газ секілді жағылып, тұтынылып кетпейді. Сосын, доллар мен евроның сатып алу құны əр кезде əрқалай жағдайға сəйкес сəт сайын құбылып отырса, алтынның сатып алу құны грамдап өлшеніп, грамдап бағаланады. Қазақстан Республикасының Статистикалық Агенттігінің мәліметі бойынша 2010 жылы елімізде 10, 336 килограмм таза алтын өндірілген екен. Бұл осының алдындағы жылмен салыстырғанда, 26 пайызға артық. Ал жартылай өңделген, қоспа түрінде өндірілген алтын көлемі 22, 525 килограмды құрапты. Соған қарамастан, Қазақстанның ішкі нарығындағы алтын мөлшері азайып барады. Өйткені, біздің елдегі алтынды өндіру жүйесі өнімді сыртқа шығарып сатуға бейімделген. Содан да болар, оны ел ішінде сатқаннан гөрі сыртқа шығарып пұлдаған анағұрлым тиімді. Себебі, ішкі нарықта сатылған алтын үшін салық төленеді. Ал, сыртқа сатылатын алтын салықтық алымнан босатылған. Бір қызығы, елімізде өндірілген ең жоғары сапалы (999, пробалы) алтын Швейцарияда біздегіден 2, 5 есеге дейін арзан.
Елімізде «Қазақювелир» АҚ өз алтын өнімдерін шығарып келеді. Бірақ нарықты жаулап алды деп айтуға әлі ерте. Зауытта көптеген эксклюзивті алтын бұйымдарын жасап шығарады. Мұнда қымбат бағалы тастардан жасалған түрлі өнімдер бар. Вазалар, сувенирлер сатылады. Әр облыста 20 филиалы бар. Бірақ көбіне дүкендерде тұтынушылар ресейлік өнімдерді сатып алады. Қазақстандық өнімге деген сұраныс өте аз. Бәлкім, бұл «импорт ауруына» шалдыққандығымыздан да болар.
Көріп отырғанымыздай Қазақстан алтын нарығының мәсіелелері әлде көп, оларды шешіп қарастыру өте маңызды. Сондықтан таңдалған тақырып өз маңыздылығын, өзектілігін жоғалтпайды.
Алтын нарығы нарықтың басқа түрлеріне қарағанда төтенше тұрақсыз болып табылады. Болашақта алтын бағасының өзгеруін алдын ала дәл болжау мүмкін емес. Себебі ол тек бағалық факторларына ғана емес, сонымен қатар әр түрлі басқа да бағалық емес факторларға байланысты.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі уақытта алтын халықаралық нарықта төлем балансын реттеу құралы болып табылады (белгілі салмақтағы құйма түрінде) . Алтын әлемнің барлық елдеріне бірдей деңгейде болатын экономика негізінің бірі болып табылады. Кез келген басқа тауар сияқты алтын нарығының конъюнктурасы экономиканың әр түрлі сферасындағы алтынға деген сұраныс пен ұсыныс қатынасымен анықталады. Алтынның түсу көлемі алтын алу өнеркәсібінің даму деңгейіне, ал ол өз кезегінде оның минерал-шикізаттық қорының күйіне байланысты болып келеді. Интеграцияланған күйде конъюнктураға жоғарыда аталған факторлардан басқа экономикалық және саяси жағдай әсер етеді. Қымбат металдар өндіретін немесе үлкен көлемде оны қолданатын нақты елдегі, сондай-ақ жалпы әлемдегі алтын құнымен көрсетіледі. Алтын нарығы - үнемі алтын сату жүргізіліп отыратын ерекше орталықтар. Алтынды сату, оны тазалау және құймаларды дайындау бойынша арнайы фирмалар мен банктердің бірігулері көрсетілген. Басты халықаралық алтын нарығы - Лондон және Цюрих. Осы нарықтардағы алтын бағасы оның әлемдік бағасы ретінде қолданылады. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі әлемдік және Қазақстанның алтын нарығы болып табылады. Зерттеу пәні - алтын алу және сатудың салалық ерекшеліктері. Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстанның алтын нарығын зерттеу және оның әлемдік нарықтағы орны, сонымен қатар оның даму мәселелері мен перспективалары. Қойылған мақсаттарға байланысты келесі міндеттерді шешу қажет: Әлемдік алтын нарығының қалыптасуын және оның қазіргі жағдайын оқып-үйрену;
- Нарықтағы алтынның негізгі операцияларын қарастыру;
- Әлемдік алтын нарығының субъектілерін оқып-үйрену;
- Қазақстандық алтын нарығының жағдайын және оның даму мәселелерін талдау;
- Қазақстандық алтын нарығының әлемдік аренадағы даму перспективаларын ашып көрсету.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі ретінде алтын нарығын оқып-үйренуге, соның ішінде әлемдік алтын нарығы даму мәселелері мен перспективаларын, салалық ерекшеліктерін анықтауға арналған отандық және шетелдік ғалымдар еңбегінде қалыптасқан идеялар мен концепциялары қабылданған.
Дипломдық жұмысты жазудың әр түрлі кезеңдерінде әдістемелік негіз ретінде жүйелік әдіс, абстрактіліден нақтыға айналуды таным әдісі және экономика-статистикалық зерттеулердің арнайы әдістері (салыстыру, салыстырмалы және орташа шамаларды есептеу, топтау, қорытынды көрсеткіштерді бөлшектеу, жалпылау) қолданылды, бұл дипломдық зерттеулер мен қорытындыларды негіздеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері, Қазақстанның статистика агенттігінің материалдары бойынша, мерзімді баспа материалдары, отандық және шетелдік алтын өндіретін компаниялардың жылдық қаржылық есептері және басқа материалдар қолданылды. Аналитикалық деректер үшін берілген ақпарат көздерімен қатар Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық банкінің статистикалық деректері, сонымен бірге мерзімді басылым әдебиеттері негіз болып табылады.
1 Алтын нарығының теориялық негіздері
1. 1 Асыл металдың қасиеттері, құндылығы
Алтын (Aurum), Au - элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 79, Атом массасы - 196, 967, Балқу температурасы - 1063ْ С, Қайнау температурасы - 2947 С.
Таза алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш металл, химиялық инертті элемент. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді. Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. “Патша сұйығында” және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында алтын бір және үш валентті болып келеді. Табиғатта саф алтын түрінде, тау жыныстарында (5*10 -7 %), теңіз және мұхит суында (0. 01-0. 05 мг/т) кездеседі. Кентастардын алтынды ұсақтау, байыту және зиянды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдырдың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады.
Алтын табиғатта саф түрде кездесетін металл. Алтынның ұсақ түйірлері кварц ішінде немесе кварц құмы арасында шашыраңкы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калаверит) AuTe 2 құрамында және мыстың, қорғасынның сульфид кендерінде болады. Алтын Сібірде, Оралда және Орта Азия мен Қазақстанда да кездеседі.
Құмда шашылған аз алтынды (тоннасына 2 - 4 грамм) ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданады. Ең оңай, көптен қолданылып келе жатқан әдіс - құмды ағын сумен жуу, сонда құм қиыршықтары суға ілесіп кете береді де, алтын ауыр болғандыктан қалып қояды. Екінші бір әдіс -алтынды амальгамаға айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді, оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де кұмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75% ғана алынада. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзынын, 0, 02 - 0, 2% ерітіндісімен 2 - 3 рет қайталап шаймалап жуады.
Комплексті қосылыс құрамындағы алтынды мырыштың жәрдемімен ығыстырып шығарады. Бұл шыққан алтынды мырыштан тазалау үшін сұйық күкірт қышкылымен жуады, мырыш еріп кетеді. Күміс сияқты басқа қоспалардан тазалау үшін концентрленген ыстық күкірт қышқылыменКейде күмістен тазалау үшін электролиздеуді қолданады - анод - тазартылмаған алтын, катод - таза алтын, сонда күміс анод шламы түрінде қалады.
Алтын - жұмсақ сары түсті, соғылғыш, созылғыш, жайылғыш, ауыр, жұмсақ металл. Қалыңдығы, 0, 0001 мм фольга жасауға болады.
Алтын жұмсақ болғандықтан таза түрде емес, мыс және күміспен араластырылған құйма түрінде колданылады. Түрлі алтын заттарды алтын мен мыстың құймасынан жасайды, ол құймада көбінесе 58, 3% алтын болады (ондай алтын заттардың пробасы 583) .
Алтын активтігі тіпті нашар металл, активтік қатарында ол ақырғы орында тұр. Оттекпен тікелей еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан тек калий немесе натрийцианидының ерітіндісінде, хлор суында және «патша сұйығында» ериді.
Көне тарихтың баяндауына қарағанда алтын адамға тұңғыш танымал болған металл. Алтын шоғырланған жерлерді алғаш рет мал өсірушілер кездестірген. Олар малын жаздың шіліңгір ыстық кезінде өзен аңғарларында жайьш жүріп, құм-қиыршық таст арасында күн көзіне шағылысып, жалынша қызарған заттарды көріп, таңданған. Сонан оларды жинап, уақыт өте қорытып әртүрлі бұйымдар жасаумен әуестенген. Алтын өндірудің тұңғыш бастамасы осылай қалыптасқан.
Әдетте, өндірілген алтынды сату, қор жинау, ел ішінде үш тұрпатты мақсатта жүргізілген. Олар, біріншісі алтынның орталықтандырылған қоры немесе мемлекеттік қазыналық пен банктердегі алтын, екінші қор - заңды және жеке тұлғалар иелігіндегі жинақталған алтын. Ал үшінші қор-алтыннан түрліше әсем бұйымдар жасаумен шұғылданушы зергерлер меншігіндегі алтын. Осылай түрліше әдіспен жинақталған алтын қоры X ғасырдың сексенінші жылдарында капитал елдердің орталықтандырылған қорларында шамамен 35 мың тонна, жеке меншік қорларда шамамен 20-25 мың тонна, бұйымдар жасаумен шұғылданатын жеке меншікте 25-30 мың тонна, барлығы қолда 80-90 мың тонна алтын жинақталды. Бірақ алтын қорына байланысты бұл мәліметтің өзі де нақты жағдайды білдіре алмаса керек. Өйткені, әр ел өзінің ішкі мүддесіне байланысты мәліметті толық айтпауы да мүмкін ғой. Сол сияқты 60-жылдардың соңына орталықтандырылған қорда алтынның өткен кезеңдегідей мөлшері болмады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алтын қорының запастары тоннаны құрайды.
Алтын өзінің табиғи бітімі ерекшелігіне сәйкес түрліше металдар арасында аса бағалы қымбат металл ретінде танылған. Алтын кандай да болмасын ылғалды, шірінді топырақты жерде жатса да оны тот алмайды, мыс тәрізді оны жасыл-қошқыл тот баспайды, күміс тәрізді қарақоңырланып кетпейді. Алтын күн нұрына шағылысқан түрінде сап-сары түсінен ешқашан таймайды.
Нарқының әрекет ету ерекшеліктері мен нарықтың талаптарына сәйкес алтын құйма алтын немесе ұсақ бөлшек түрінде сатылуы мүмкін. Мысалы халықаралық тұрпаттағы алтын құймасы 400 троя өлшемінде болады. Сатылатын алтынның салмақтық өлшемі унция аталады. [1; 25]
Қазақстанның соңғы бірнеше жылдар бойы нарықтық қатынастардың дамуының сипаты болып қаржылық нарықтың және жалпы өрістегі оның барлық бөлімдерінің жедел дамуы болып табылады. Қаржылық нарық - бұл қаржылық активтерді сату аясы және бұл активтер келісімінің қатысушылары арасындағы байланыс, қарым-қатынас.
Қаржылық активтер ақшалай құралдар және бұл құралдардың құрылуына құрал ретіндегі инвестициялық құндылықтар.
Қаржылық актив - бұл нарықтық тауар. Қаржылық активтердің нарықтық тауар ретіндегі ерекше өзгешелігі болып, оның жоғары ликвидтілігі табылады. Бұл спекулятивтік операцияларға және нарықтағы ойындарға жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі қаржылық нарығы біршама өзіндікбөлімдік бөлімшелер жүйесін көрсетеді. Бұл бөлімшелер- біріңғай қаржылық активтердің нақты топтарының нарығы. Мұндай қаржылық нарықтарға:
- ақша нарығы,
- ссудалық капитал нарығы,
- жылжымайтын мүлік нарығы,
- валюталық нарық,
- асыл металдар нарығы жатады.
Асыл металдар нарығында қосымша қызмет ететін нарықтар асыл тастар нарығы, бұл нарықтардың келісімінің қатысушыларын экономикалық қарым-қатынас аясы ретінде анықтауға болады. Жүйелік құбылыс ретінде асыл металдар нарығын екі көзқарас бойынша қарастыруға болады: функционалдық және институционалдық жағынан. Функционалдық жағынан асыл металдар нарығы бұл - алтынды сату және бұл активтермен басқа да коммерциялық және мүліктік келісімдерді жүргізетін қаржылық орталық. Осыған орай, асыл металдар нарығын функционалдау асыл металдар мен асыл тастардың өнеркәсіптік және зергерлік тұтынуын, мемлекеттің алтын қорының құрылуын, валюталық тәуекелдерден сақтандыру, арбитраждық келісімдер мен свопинг есебінен пайда табуын қамтамасыз етуі тиіс.
Институционалдық көзқарас бойынша асыл металдар нарығы - бұл арнайы өкілетті банктер және асыл металдар биржаларының жиынтығы. Асыл металдар нарығы жүйе ретінде жеке салалардан тұрады. Сала ретінде тек бір ғана қаржылық активтердің нарығы түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңына сәйкес, валюталық құндылықтарға шетел валютасы мен валютада бағаланатын бағалы қағаздардан басқа, келесі асыл металдар кіреді: алтын, күміс, ақ алтын, платиналық топ металдары (палладий, иридий, родий, рутений және осьмий ) қай түрде, қай күйде болсын. Бірақ зергерлік және басқа тұрмыстық бұйымдар сонымен қатар «табиғи асыл тастар - алмас, гауһар, сапфир, және александриттер және маржантастардан» - басқа.
Осыған орай, асыл металдар нарығы келесі салалардан тұрады:
- алтын нарығы;
- күміс нарығы;
- ақ алтын нарығы (платина) ;
- палладий нарығы;
- асыл металдар бұйымдарының нарығы;
- алтында бағаланатын құнды қағаздар нарығы.
Жоғарыда айтып кеткенге қарағанда алтынның жалпы әлемдік металлдар нарығындағы орнын келесі 1 суреттегідей анықтауға болады
Сурет 1 Алтын нарығының әлемдік металдар нарығындағы орны
Асыл металдар нарығының негізгі саласы- алтын нарығы болып табылады. Алтын нарығы - алтынмен келісімдер жасайтын бірлескен өкілетті банктерді білдіреді. Олар алтынды сатушылар мен сатып алушылар арасындағы делдал ретінде қатысады және олардың мәлімдемелерін, тапсырыстарын жинап, өзара уағдаластықтарды салыстырып, алтынның орташа нарықтық бағамын қояды (әдетте күніне екі рет) .
Алтын нарығы былай жіктеледі:
- әлемдік нарық,
- ішкі ерікті нарық,
- жергілікті бақыланатын нарық (еріксіз) . [2; 78]
Қазіргі кезде әлемде айналым көлемі бойынша жетекші орында Лондон, Цюрих, Нью-Йорк, Чикаго нарықтары орын алып жатыр. Лондон және Цюрих нарықтарында Оңтүстік Амертка Республикасы (ОАР) алтыны сатылады. Жартыға жуық өткізілетін алтындары одан әрі басқа алтын нарықтарына қайта сатылуға жіберіледі. Басты болып Лондондық алтын нарығы болып келеді. Ол бес фирмамен монополияланған - яғни, алтын нарығының ресми мүшелерімен. Нарық мүшелерінің өкілдері фиксингке алтынның бағдарлық бағасын құруға жұмыс күнінде екі рет бірігіп жиналады. 1968 жылдан бастап фиксингтегі алтын бағасы АҚШ долларында белгіленеді.
Ішкі және жергілікті алтын нарығында өнеркәсіптік, зергерлік, жергілікті инвесторлар мен тезавраторлар (тезавратор - бұл қазына ретінде алтынды жинайтын жеке тұлға) сұраныстары қанағаттандырылады. Ішкі және жергілікті нарықта монетамен, медальдармен, ұсақ алтын құймаларымен келісім басым болуда.
Алтын нарығы асыл металдар және асыл тастар нарығының бөлігі ретінде Қазақстанда да дамып келеді.
Қазақстанның асыл металдар мен асыл тастар нарығының құрылуының алғышарты болып ҚР Президентінің 15 қантар 1992 ж. «ҚР территориясында асыл металдар мен асыл металдар бұйымдарын шығару және пайдалану туралы» және Үкіметпен қойылған 24 қаңтардан 1992ж. жарлығы болды. Осы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы территориясында асыл металдар мен асыл металл бұйымдарын шығару және пайдаланумен олардың өндірісін және тұтынуын Мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алды. Осыған орай асыл металдар, асыл тастар және олардан шығарылатын бұйымдар биржасын құру туралы сұрақ туындады. [3; 26]
Қазақстанда асыл металдар және асыл тастар нарығының құрылуының бірінші кезеңі болып:
1. Көрсетілген құндылықтар бойынша коммерциялық банктерге келісім жасау құқығын беру;
2. Асыл металдар мен асыл тастар биржасын құру.
Қазақстанда асыл металдар мен асыл тастар нарығының одан арі дамуы мамандандырылған асыл металдар мен асыл тастар нарығының институттарын құрумен байланысты, сонымен қатар құймалық алтынның физикалық ауыспалылығы, оны есептеу және сақтау туралы банктік операциялардың дамуына байланысты.
1. 2 Әлемде алтынды ақша құралы ретінде пайдалану ерекшеліктері
Түрлі елдерде бірнеше ғасырлар бойы ақшаның рөлін әртүрлі заттар атқарып келді. Жылдар өткен сайын жалпылама баламалық рөлді алтын атқаратын болды. Оған себепші оның төменде аталған ерекшеліктері, яғни алтынның:
- сапасының біртектілігі, яғни тауар ретінде сапалық қасиеттері сақталады да құны төмендемейді;
- бөлінгіштігі, яғни алтын қандай көлемде болсын өзінің ликвидтілігін жоғалтпайды;
- икемділігі немесе портативтілігі;
- сақталғыштығы, яғни сақталу мерзімі шектелмейді.
Сонымен қатар, алтынның тағы бір ерекшелігі - ол сирек кездесетін және еңбек шығындарын көп қажет ететін металл. Ерекшелігі деп алтынның басқа тауар сияқты тұтыну құны және өзіндік құны болады. Алтынның тұтыну құны әсемдік заттарды жасау, әшекейлеу мен безендіру үшін қажет, сонымен бірге оны өнеркесіпте және т. б. пайдаланады. Алтынның құнын, құнның еңбек теориясы, оны өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек арқылы анықтайды.
Алтынның жалпылама баламалық қызметі, оған ғана тән ерекше қасиеттерге, яғни айрықша тұтыну құны мен құнының болуына байланысты. Алтынның айрықша тұтыну құны оның басқа тауарларды өзіне бағындырып, олардың құн мөлшерін белгілеуіне байланысты пайда болады. Алтынның құны оның ақша ретінде жалпыға ортақ өтімді затқа айналуына байланысты қалыптасады.
Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмірге келген теориялармен өзара сабақтас. Оларға жататындар ақшаның металдық, номиналды және мөлшерлік теориялары.
Бұрынғы теориялар өзгерістерге ұшырап, олардың жаңа түрлері пайда болды. Бұрынғы теориялар ақшаның шығу тегі, мәні, ақша құнының қалыптасу мәселелеріне басты назар аударған еді, ал қазіргі кездегі ақша теориялары нарық экономикасының дамуына ақшаның әсер етуі жөніндегі мәселелерін зерттейді.
Қымбат металдардың ерекшеліктерін ескере отырып, ақшаның металдық және номиналды теорияларыпайда болды. Осы теориялар авторларының ақшаның қандай қызметтеріне басты мән беруіне байланысты бір-бірінен өзгешеленеді.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У. Стаффорд. Т. Манн, Д. Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz