Өртті сөндіруді басқару


Аннотация
Берілген дипломдық жоба 95 беттен, 3суреттен, 14 кестеден, 4 сызбадан, 1сұлбадан, көлемді графикалық сызбалардан және 60 пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
Түйін сөздер: өрт сөндіру құралдары, автоматтандырылған жүйелер, өрт шығуы туралы хабарлау және сөндіру, спринкерлі құрылғылар, өрт сөндіргіштер.
Берілген жобада жұмыста қалалық аурухана мемлекеттік мекеменің өрт қауіпсіздік деңгейін жоғарлату іс-шаралары, автоматтық өрт сөндіру (спринкерлі) құрылғыларымен қатар, жартылай автоматты өрт сөндіру(дренчнрлі) құрылғыларын қолдану мүмкіндіктері қарастырылған.
Өрт сөндірудің құрылғыларына, үйлесімді жүйесіне негізгі сипаттамалар келтірілген және оларды қолдану мүмкіндіктері қарастырылған, сонымен қатар техника-экономикалық көрсекіштердің есептемелері көрсетілген.
Нормативтік сілтемелер
Берілген дипломдық жұмыста төмендегідей нормативтік белгілер қолданылды:
МемСТ 12. 1. 004-91 - өрт қауіпсіздігі талаптары
МемСТ 12. 1. 004 - 85(40) - өрт сөндіру гидрантына қойылатын талап
МемСТ 27586-88 - өрт сөндіргіштерге қойылатын талап
МемСТ 12. 3. 046 -автоматты өрт сөндіру құралдарына қойылатын талап
МемСТ 12. 1. 004 және МемСТ 12. 2. 007. 0-өрт хабарлағыштарға қойылатын талап
МемСТ 28200-әсер ету қаттылығы деңгейінің мәнін сәйкес хабарлағышқа қойылатын талап
МемСТ 12. 2. 047-86 - Өрт сөндіру техникасы. Терминдер мен анықтамалар
МемСТ К 50898-96 - Өрт хабарлағыштар. Өрт сынақтары
МемСТ 27331-87 - Өрт сөндіру техникасы. Өрттердің классификациясы
МемСТ 27331-87 - өрт техникасы. Өрттердің классификациясы
МемСТ 12. 1. 004. -91-Заттар мен материалдарды бірге сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігінің талабы.
ҚР СТ МЕМСТ Қ 12. 4. 026 - өрт сөндіру қалқанына қойылатын талап
ҚР ҚН 2. 02-11-Өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтауға жататын объектілердің тізбесі Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары
ҚН және Е 4. 01. 02-200 -сыртқы желілер мен құрылыстар нормасы
ҚН және Е 2. 01. 02-85(32) -өртке қауіпті қалыпты нормасы және ережелері
ҚР МС 1174-2003-өрт сөндіргіштерді қорғалатын нысанға орналастыру талаптары
ҚР СТ 1088-2003 - өрт қауіпсіздігіне қойлатын талап
ҚР СТ 1166 - 2002 Өрт сөндіру техникасы. Классификациясы.
ҚР СТ 1167 -2002 Өрт сөндіру автоматикасы. Классификациясы.
ӨҚН 57-97 - Өрт дабылқаққыштар және өрт сөндіргіштердің автоматты қондырғыларының құрылғылары мен асапаттары
ӨҚН 85-00 - Жылулық өрт хабарлағышы. Өрт қауіпсіздігіне техникалық талаптар. Тәжірибелеу әдістері
ӨҚН 88-01*-Өрт сөндіргіштер мен дабылқаққыштарды орнату. Жобалау нормасы және ережесі
ҚР ҚН және Е 2. 02. 11-2002-«Ғимараттарды, жабдықтауларды және құрылыстарды автоматты өрт дабылқаққыштарымен, автоматты өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықтау нормалары және адамдарды өрт жайлы хабарлау».
ҚР ҚН және Е 2. 02. 15-2003-«Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы».
ҚР ҚН және Е 2. 02. 02-2003-«Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі».
ВҚН 25-09. 68-85-«Қорғау, өрт және қорғау-өртті дабылқаққыштарды қабылдау мен өндіру ережелері».
БҚ 01-94-«Қорғау, өрт және дабылқаққыштардың кешені мен жүйесін басқарушы құжат. ҚР 11м жұмысын қабылдау және өндіру ережелері».
Анықтамалар
Жану аймағы - термиялық немесе жанғыш заттардың және материалдардың араласқан алау шырағының көлемінде булану процессі жүретін кеңістіктің бір бөлігі (қатты, сұйық, газ) .
Жылулық әсер ету аймағы - жану аймағының шекарасына жалғасады. Бұл кеңістік бөлігінде алау бетімен қоршаған құрылыс конструкцияларымен және жанғыш материалдармен жылу алмасу процессі өтеді.
Түтіндеу аймағы - жану аймағымен жалғасатын және концентрация кезінде түтінді газбен толтырылатын кеңістіктің бір бөлігі, ол адам өміріне денсаулығына қауіп төндіреді және өрт сөндіру ұйымдарның жұмысын күрделендіреді.
Өрт - бақыланбайтын алау, адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіреді және қоғамды, мемлекетті, адамдарды материалдық шығынға ұшыратады.
Өрт қауіпсіздігі - мемлекеттің, қоғамның, адамдардың және олардың мүліктерінің өрттен қорғау қауіпсіздігі.
Өртке қарсы қызмет - бекітілген тәртіпте жасалынған басқару күш және құралдар сонымен қоса өртке қарсы қалыптастыру органдарының жиынтығы - өртті ескерту және сөндіру ұйымдарының, олармен байланысы алғашқы апатты құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған.
Негізгі өжеттік тапсырмалар - өртті мерзімінде және өлшемінде сөндіруге, жоюға, өртке жетуге, оны сөндіруге бағытталған өртке қарсы қызметтің күші мен құралдарын пайдалану мүмкіндігі мен анықталады.
Өрттің зардабын жою - өрт сөндірудің бірінші сатысы, онда жану және оның өздігінен тұтану жағдайы тоқтатылған.
Өрт кезінде адамдарды құтқару - адамдар өздігінен өрт аймағынан шыға алмайтын, оларға зиян келу қаупі бар жағдайда адамдарды құтқару жұмыстары.
Өрт кезіндегі оперативтік штаб - ӨСБ ұйымы өртте күштерді және құралдарды басқаруға арналған уақытша қалыптастырылған ұйым.
Өртті сөндіруге арналған заттар - өртті сөндіру үшін жағдай жасайтын физика - химиялық қасиетке ие заттар.
Құралдар мен күштерді пайдалану жоспары - өртті сөндіруге арналған күштер және құралдар санын тәртібін жобалайтын оперативті құжаттар.
Өрт кезінде эвакуациялау жоспары - эвакуациялау жолы және эвакуациялық шығу жолдары көрсетілген, адамдарды алып шығу ережелері бекітілген, тағы да өрт пайда болғандағы объектідегі жұмыс істеуші персонал іс әрекеттің тәртібін көрсететін құжат.
Өрт сөндіру техникасы - өртті сөндіруге, тоқтатуға, адамдарды қорғауға және материалдық құндылықтарды өрттен сақтауға арналған техникалық құрал.
Өрт сөндіру машинасы - өртте қолдануға арналған көлік немесе тасымалдау машинасы.
Өрт қауіпсіздігі - халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай - ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлары мен өрт ықпалынан қорғаныс жағдайы.
Белгілеулер мен қысқартулар
КӨС
МПа
Көмірқышқылды өрт сөндіргіш
Мега Паскаль
ҚР ӨҚЕ
ВҚН
Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздік ережелері
Ведмоствалық құрылыс нормалары
Кіріспе
Қазақстанда қоғамдық ғимараттыры мен өзге де нысандарда өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамассыз ету бұл елдегі өмір сүру деңгейін арттырудың басты шарттарының бірі. Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда ғимараттар мен үймереттерді нормалар мен ережелерге сай жарылыс-өрт қауіпсіз етіп жобалау, салу дамуда.
Қалалық аурухананың ғимараттары технологиялық жағынан күрделі құрылыс үймереттері болғандықтан, қауіптілігі жоғары объектілерге жатады. Сондықтан адамдардың өміріне және жалпы ғимараттың бүтін қалуына қауіпті төтенше жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі көбінесе өрт кезінде жоғары болады. Биік ғимараттарда тігінен өрт тез дамиды және жоғарғы қабаттарды тез түтін алып кетеді, сондықтан эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізу қиындық тудырады.
Адамдарды құтқару және өртті сөндіру қиындығын ескере отырып, бүгінгі күні қолданылып жүрген (бұрын қолданылған да) жобалау және құрылыс бойынша нормативтік-техникалық база өрт қауіпсіздігінің жоғарғы талаптарының жиынтығын белгілейді, ғимараттар осы талаптардың негізінде салынады. Өкінішке орай, қаланың аймағында бұрын салынған биік қабатты ғимараттарды пайдалану тәжірибесінде, оларды өртке қарсы жабдықтау мәселелерін шешуде бірқатар қиындықтар бар екендігін көрсетті. Бүгінгі күнге олардың өртке қарсы қорғаныс жүйелері ақау күйінде, ал кейбіреулерінде мүлдем орнатылмаған.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамассыз ету ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылаумен жүзеге асырады. Мұндай бақылаулар Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылы 22 қарашадағы заңына сәйкес жүргізіледі. Осы заңға сәйкес елді мекендердің, сондай-ақ, барлық ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелерді, техникалық регламенттерді және стандарттарды сақтауы бақылануға жатады және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары осы объектілерді қажеттілігіне қарай, бірақ үш жылда бір реттен асырмай, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша тексереді.
Дипломдық жобаның зерттеу нысаны - Шымкент қалалық ауруханасы.
Жобаның мақсаты - белгілі нысандағы өрт қауіпсіздігі принциптерін талдау.
Дипломдық жобаның міндеттері:
- аталған мекемеге сипаттама беру инженерлің жүйелеріне шолу жасау;
- өрт қауіпсіздігі туралы мәліметтер жинау, ғимаратта өрт қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыру шаралары;
- автоматты өрт хабарлағыш және өрт сөндіру қондырғыларына сипаттама беру;
- қалалық аурухана ғимаратында өрт автоматикасын орналастырудың негіздерін зерттеу.
Дипломдық жобаны жазу барысында бақылау, мәлімет жинау, құрылыс материалдары сауда кешенінің өрт және жарылыс қауіпсіздігіне техникалық талдау жасау, анализ, синтез, жүйелеу тәсілі сияқты зерттеу әдістері қолданылды.
1. Объект сипаттамасы және даму тарихы1. 1 Қалалық аурухана мемлекеттік мекеменің ғимаратының жылыту желдету жүйесі және электр, су жүйелері
Қалалық аурухана мемлекеттік мекемесі 1964 жылы құрылған. Аурухана Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Тәуке-хан даңғылында орналасқан.
Құрылыстың ерекшелігі - ғимарат 5- қабатты, көлемі 20 60 қабырғасы күйдірілген қыш, 5 қабаттың жоғарғы жаппасы темір бетон, желдендіру жүйесі табиғи ауа, электр жүйесімен қамтылған, «3 - Жылыу орталағы» жылу жүйесімен жылытылады.
1-ші қабатта:
- асхана
- егу бөлмесі
- киім үтіктеу бөлмесі
- жуыну бөлмесі
- әжетхана
- медбикелер бөлмесі
- меңгеруші бөлмесі
- компьютер залы
- қойма
2 ші- қабатта:
- 28 - бөлме
- 2 әжетхана
- 2 жуыну орны
- 3, 4, 5 қабаттар осы жоспармен құрылған.
Қалалық аурухана мемлекеттік мекеменің «3 - Жылыу орталағы» жылу жүйесімен жылытылады жылыту жүйесіндегі сұйықтыққа су қолданылады, жылыту жүйесінің жатақхананың 1-ші қабатында орналасқан.
Жылыту жүйесі біртрубалы жабдықтармен жүргізілген және жылыту батареялары орнатылған, магистральды құбыр жүйесі еден үстімен жүргізілген, жылыту жүйесі ретінде чугунды батарея қолданылған.
Қалалық аурухана мемлекеттік мекеменің желдендіру жүйесі табиғи тазарту жүйесімен яғни өзіндік ауа тазартқыш кендіктердің көмегімен қамтылған Жеке бөлмелерде терезе, есік арқылы табиғи ауа алмасу жүйесі жүзеге асырылады жсонымен қатар ішкі бөлмелердің жоғарғы жағында орналасқан ауа тазарту кеңдіктердің көмегімен бөлмедегі шаң-тозаңдарды, лас ауаны сыртқа шығарып ауа алмасып отырады. Желдендіру кендіктерінде ауа тазалағыш желдендіру жүйесі орнатылған. Аурухана ішінденгі ауа, жоғарыға шығатын ауа тазалағыш кендігі арқылы және қосымша ауа тазалағыш желдендіру арқылы ауа алмасып отырады.
Қалалық аурухана мемлекеттік мекеменің ғимаратында, ішуге тұтынатын таза су және өртке қарсы су көздерімен қамтамасыз етілген. Электр көзі ғимараттан 15м қашықтықта орналасқан трансформатор арқылы қамтамасыз етіледі. Электр қуатының қамтамасыз ету жүйесі 380-220В. Авариялық электр көзі авариялық жағдай орын алған кезде автоматты түрде іске қосылады.
Табиғи жарықтандыру
Қалалық аурухана мемлекеттік мекеменің бөлмелерін дұрыс жарықтандырғанда еңбек өнімділігі артады, қауіпсіз жағдай жақсарады, шаршағандық кемиді, денсаулық жақсарады. Жарық жеткіліксіз болса немесе дұрыс қолданылмаса қауіпті жағдайға ұшырауы мүмкін және адам денсаулығы нашарлауы мүмкін. Еңбек жағдайына гигиеналық баға беру үшін техникалық жарық өлшемдері қолданылады.
Қалалық аурухана мемлекеттік мекеменің жарықтың екі түрі де қолданылады:табиғи және жасанды жарық. Өндірістік, қызметтегі, тұрмыстық бөлмелердегі жарық есебінен табиғи және жасанды жарық көздерін пайдалануға болады.
Қалалық аурухана мемлекеттік мекеменің бөлмелердегі табиғи жарықтың қажетті жарық нормасына сәйкес екенін анықтау үшін, төбеден түсетін және қиыстырылған жарықты өлшегенде бірнеше өлшем жасап, орта шамасын табады. Жарық бүйірінен түскенде жарық неғүрлым аз түсетін жұмыс орнын өлшейді.
Жасанды жарық - жатақханада екі түрлі жарық қолданылады. Жұмыс және арнаулы жарық. Жұмыс жарығының жүйесіне жалпы, жайылмайтын, жергілікті, қиыстырылған, жөндеу жарықтары жатады.
Арнаулы жарыққа күзет, дабыл, қауіпсіздік, авариялық жарықтар жатады. Авариялық жарық негізгі жарық кенеттен өшіп қалған жағдайда қолданылады. Ол жұмыста нормаланған жарықтың 10% -тін береді.
Табиғи жарықтың түсуіне байланысты үш жүйеде: жанынан, жоғарыдан, қиылыстырған болып бөлінеді.
Нормалық мөлшер ретінде салыстырмалы өлшем бірлігі және табиғи жарықталу коэффициенті (ТЖК) алынады. Ол бөлме ішінде берілген нүктенің жарықталуының Е Б. І. сол мезеттегі сыртқы горизонтал, сәуленің ауада шашырап таралуымен пайда болған, жарықталуына Е А. қатынасын процентпен көрсетеді.
ТЖК
1м
=
ТЖК
2м
=
ТЖК
3м
=
ТЖК
4м
=
ТЖК
5м
=
ТЖК
орт
=
Е Б. І. - бөлменің ішіндегі жұмыс орындарындағы өлшенген жарық, лк;
Е аспан - өлшенген даланың жарығы, лк;
Аспан жарығының дәл мағынасын мына формуламен есептелінеді:
Е аспан =2[Е А+ (12%Е А ) +(35%Е А ) +(50%Е А ) ] Е аспан =2•[410(0, 12•410) +(0, 35•410) +(0, 5•410) ] = 1615, 4 лк
Мұнда: 12% - терезенің ластанғанына түзету коэффициент;
35% - терезенің үстіндегі қолханға (козырек) берілген түзету коэффициент;
75 немесе 50-% - жазға немесе қысқа берілген түзету коэффициенттер талдардан көлеңкесіне берілген коэффициенттер.
Қорыта келгенде жатақханада табиғи жарықталу коэффициентін есептегенде 12, 13% болды. Бұл көрсеткіш МЕМСТ талаптарына сай келеді.
Жасанды жарықтандыру
Қалалық аурухананың дұрыс тиімді жарықтандыру-бұл еңбек жағдайларының қолайлы элементтері болып табылады. Жасанды жарықтандыру нормасы мен есебі жасанды жарықтандыру бұл бөлмелерде табиғи жарық аз болатын немесе жарығы күндізгі уақытта аз болатын жағдайда пайдаланылады. Жасанды жарық функционалді белгілеумен екі түрге бөлінеді: жұмыстық және авариялық.
Авариялық жарық - эвакуациялық, қорғаулық болып бөлінеді. Жұмыстық жарығы сөніп қалғанда, егер де содан өрт, жарылыс, не болмаса заводтағы технологиялық процесстері ұзақ тоқтап қалса авариялық жарығымен қолданылады. Авариялық жарық тағыда эвакуациялық жолдарында қолданылады, адамдарды авария кезінде эвакуациялау үшін. Жұмыстық жарығы - барлық ғимараттарда және территорияларда жұмыс жүруі үшін қолданылады, жұмысқа арналған ашық жерде, адамдардың жүретін жрлерінде, транспорттың жолдарында.
Кезекше жарық - жұмыстан бос уақыттағы жарық.
Жасанды жарық екі жүйеде жобаланады:
- жалпы, бірқалыпты жарық;
- құрастырылған (жалпы жарыққа жергілікті жарық қосылады) .
Құрасырылған жарықталуда жалпы жарықтың сәулесі 10% кем болмауы тиіс. Ондай болмаса жұмыс орнындағы жарықталудың және қоршаған кеңістіктің жарықталуы арасында үлкен айырмашылық пайда болады, ол тұрғындардың тез (көздері) шаршағандыққа әкеледі және тұрғындардың бір жерлеріне зақым, жарақат болуына себепкер болады. Сондықтан тек қана жергілікті жарықты жұмыс орындарында пайдалануына тиім салынады.
Жасанды жарық үшін электрлік қыздыру лампалары және газоразрядтарыланған жарық қолданылады (люминисценттік лампалар, жоғары қысымды - сынап лампалары - ДРЛ, натрийлық, ксеон және басқа; Жарық ағыны қыздыру лампаларының (жалпы жарыққа арналған) - 7-20 лм/Вт, люминесценттік лампалардікі - 40-75 лм/Вт, жоғары қысымды-снап лампалардың - 60 лм/Вт, натрийлық 100 лм/Вт-ке дейін. Бөлмелерді жарықтандыру үшін электрлік жоғары және төменгі қысымды газоразрядтік лампалар қолданылады. Қыздыру лампаларды қолдану тек қана техникалық-экономикалық қолайсыз немесе газоразрядтық жарық көздерін қолдану мүмкін емес болған жағдайда рұқсат етіледі. Жасанды жарық бөлмелерді жарықтандыру қамтамасыз ету үшін СНиП П-4-79 талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жарықтың қажетті мөлшері өндіріліп, істеген жұмыстың мөлшеріне байланысты, фонына, қайсысында жұмыс деталімен қарама-қарсылық деталі қарастырылады.
Қажетті жасанды жарықты жуықтап есептеу
Жасанды жарық көзінде горизантальді бетінің қажетті жарығы мына формуламен есептелінеді.
; (люкс)
Жасанды жарықты жобалау кезінде үш әдіс есепті қолданады:
- Жарық ағынының әдісі; (горизонтальді жұмыс бетіне)
- Нүктелі әдісі; (горизонтальді емес жұмыс бетіне)
- Меншікті қуатының әдісі. (шамаланған есеп үшін)
- Жарық ағынының әдісі, ең басты болып есептеледі.
Ол, жалпы жарық горизонтальді бөлмеге бірқалыпты түскен кезде қолданылатын есеп.
Бұл әдісі бойынша лампаның жарық ағынын Ғ мына формуламен есептейді:
а) люминсцентті лампаларға:
=
(люмен) (2)
мұнда: Е - жұмыс түріне қарап алынатын жарықтың ең кіші нормасы, лк. (СНиП бойынша кестеден алынады) .
S - бөлменің ауданы, м 2
Z - бір қалыпты емес жарықтың коэффициенті (орташа жарықтың минимальді жарыққы қатынасы, көп жағдайда 1, 1, . . . , 1, 5)
K 3 - қор коэффициенті, лампаның тозуын ескереді және шырақтардың шаң басымын, ластануын ескереді, бөлмелерге лайықты қылып алынады.
N - шырақтардың саны, шт.
η - жарық ағының пайдалану коэффициенті = 50(өлшем бірлігінің үлесіне) . Төбеден (ρ т ) және қабырғадан (ρ к ) шағылу коэффициентіне және бөлменің көрсеткішіне (і) тәуелді болады (4 кестеден алынады, %)
Бөлме көрсеткіші мына формуламен есептеледі:
=
м
2
(3)
S - бөлменің ауданы, S=A*B=10*6=60 м 2
h - шырақ салпаншағының жұмыс бетінің үстінен тұрған биіктігі, м.
А, В - бөлмнің ұзындығы 10 м мен ені 6 м.
Жарық ағының (2 формуладан) тапқасын кестеден сол ағынын қамтамасыз ететін жуық стандартты қыздыру лампаның түрін және қуатын таңдайды. Практикада таңдаулы лампаның жарық ағынын есептелген және кестелік мәнінің ауытқуы 10-20% болуы мүмкін.
б) люминсцентті лампаларға қолданыталатын есеп
=
дана.
N -шырақтын саны
m - шырақтың ішіндегі люминисцентті лампаның саны.
Қорыта келгенде көп қабатты тұрғын үй пәтернің асхана бөлмесіндегі жасанды жарықтағы есептегенде люминсцентті лампалар саны 6 дана екені есептелінді. Бұл аталған бөлмедегі жасанды жарықты қамтамасыз ете алады.
... жалғасыҚорғаныштық жерге тұйықтау және нөлдік сымға қосу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz