Экономикалық ақпараттық жүйе түсінігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..

Тарау 1 АҚПАРАТТЫҚ 7
ЖҮЙЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
1.1 Ақпараттық жүйенің 7
түсінігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
1.2 Экономикалық ақпараттық жүйе 11
түсінігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
1.3 Ақпараттық жүйе ресурстарына 13
шолу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
1.4 Автоматтандырылған ақпараттық жүйе 14
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
1.5 Ақпараттық технологиялардың 19
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
1.6 Ақпарат жүйесінің құрамды 20
бөлшектер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
1.7 ААЖ ақпараттық қамтамасыз етудің 22
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ...
1.8 Автоматтандырылған жұмыс орны 25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
Тарау 2 ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ ӨНІМ ҚҰРУ ОРТАСЫ. 30
2.1 Деректер қоры туралы жалпы 30
мағлұматтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Деректер қорын қалыптастыру 31
принципі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
2.3 Реляциялық деректер қоры 32
2.4 Деректерді 32
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
2.5 Деректер қорын басқару жүйесі 33
(ДҚБЖ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6 ДҚБЖ-ң негізгі 35
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..
2.7 Деректер  қорының 35
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.8 ДҚ 36
Архитектурасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..
2.9 Delphi-де қолданылатын мәліметтер қорының 38
түрлері ... ... ... ... ... ...
2.10 Delphi-де ДҚ байланысты 40
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.11 TQuery компонентімен 43
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Тарау 3 ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН САТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН
ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
... ... ... ... ... ... .
3.1Программалық өнімді құру ортасын таңдау және 49
негіздеу ... ... ... ... ... ...
3.2 Мәлімметтер қорының 50
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3 Мәліметтер қорын басқару 55
қосымшасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
Әдебиеттер 63
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қосымша 1 Құрылыс материалдарын сату орталығының жұмысын жобалау ... ... 64
КІРІСПЕ

Елімізде тауар және қаржылық нарықтың жылдам дамуы қоғамның барлық
салаларында ақпаратандыру процессінің интенсивті жүруіне әсер етті.
Өндірістік шаруашылықта, басқару ісінде, қолданушылардың әр түрлі
категорияларында ақпараттық қызмет көрсету мен ақпарат ролін бағалау
көптеген өзгерістерге ұшырады. Біздің қоғам ашық қоғамға айналды, осыған
байланысты шынайы, толық, қолданушыға түсінікті және уақтылы берілетін
ақпаратқа сұраныс арта түсуде. Мемлекетіміздің заңы мен ретке келтіруші ісі
әрекеттері нәтижесінде микро- және макроэкономикалық объектілер деңгейінде
алынатын есептік – статистикалық ақпараттардың заңдылығына, шынайылығы мен
уақтылығына қойылатын талаптар көбейді
Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам
дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде,
техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен
түрлендіру процесстері.
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып
табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады.
Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның
бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын
басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты
жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі
талаптарын орындауға бейімделді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы Құрылыс материалдарын сату орталығының
жұмысын жобалау. Жұмысты бастамас бұрын, бірінші бөлімде қазіргі кездегі
ақпараттық жүйелерге шолу жасалынды. Осы ақпараттық жүйелерге шолу жасай
отырып, өзіндік ақпараттық жүйе құрылды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес
жаңа техналогиялардың даму барысында ақпаратты-іздестіру жүйесі негізгі
мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық
мекемелерде, оқу орындарында, сауда саласында және басқа да салаларда
ақпараттандыру жүйесін кеңейту және ақпаратты-іздестіру жүйесі мәселелері
алға қойылып отыр. Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған
бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде
бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу,
қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры, сауда саласы,
саудадағы ақпараттық жүйелер және тағы да басқалар бар.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – құрылыс материалдарын сату
орталығының қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін автоматтандырылған
ақпараттық жүйе құру. Пайдаланушыларды ақпараттық кеңістікке бейімдеп,
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Бағдарлама көмегімен басқару процесін
күшейту, яғни қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын мен қызығушылығын
арттыру. Басқару қызметінің қарқынын жылдамдату.

Зерттеу мақсаты- МҚ құруға қойылатын талаптарды зерттей келе, оң
бағыттарға сәйкес МҚ жасау әрекеттерін одан әрі дамыту және қалыптастыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі- сауда саласындағы қолданыста бар
ақпараттық жүйелер, ақпараттық жүйелер, оларға қойылатын талаптар,
жүйлердің ақпараттық және техникалық қамсыздандырылуы, кәсіпорындық
ақпараттық жүйелердің ерекшеліктері, кәсіпорындық ақпараттық жүйелер,
мәліметтер қорын құру мәселелері және мәліметтер қорын басқару жүйесін
құруда Delphi 7 ортасының мүмкіндіктері
Дипломдық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және
мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Access қосымшасы қолданылады.
Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер
қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып
есептелінеді. Delphi-де МҚ қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және
программа интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана
емес, МҚ-мен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі
да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және
қолайлы болып табылады.

1 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

1.1 Ақпараттық жүйенің түсінігі

Бізді қоршаған әлемдегі ақпараттар ағымы өте көп. Уақыт өткен сайын
олар көбеюде.
Адамзат баласы ғасырлар бойы қоршаған орта туралы, жұмыс істеу
тәрбиесі туралы және т.б. білімдер жинақтаған, басқаша айтқанда – мәлімет
жинаған. Алғашқыда ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа ауызша әңгіме түрінде
таратылған. Кітаптың пайда болуы мен дамуы ақпаратты сенімді – жазбаша
түрде сақтауға әкелді.электр саласының дамуы – телеграф, телефон, радио,
теледидар арқылы ақпаратты оперативті түрде жинақтап, жеткізуге септігін
тигізді. Прогрестің өсуі ақпараттың да қарқынды өсуіне әкеліп соқтырды.
Сондықтан оларды сақтап, қайта өндіру жылдан жылға қиындап келеді.
Есептеуіш техникасының шығуымен байланысты ақпараттарды сақтау әдістері
жеңілденді. Есептеуіш техникасының микропроцессорлар негізінде дамуы
компьютер мен ақпаратты қамтамасыз етуді жетілдіреді. Өте көп көлемдегі
ақпараттарды өңдей алатын программалар (бағдарламалар) пайда болды. Осындай
программалар көмегімен ақпараттық жүйелер құрылады. Ақпараттық жүйелер
адамға ақпаратты жинақтау, қайта өңдеу, сақтау, тарату, іздеу және беру
сияқты мәселелерді шешеді [4].
Егер біз кейбір объектілердің жиынтығын қарастыратын болсақ, онда
бірдей құрамдас объектілерді бөліп көрсете аламыз. Бұндай объектіні жеке
топтарға бөледі. Бөлінген топтағы объектіні тасымалдаудың жалпы ережелері
бойынша, мысалы алфавит бойынша, сондай-ақ кейбір нақты белгілері, мысалы
түсі немесе материалы бойынша реттеуге болады. Объектлерді нақты бір
белгілері бойынша топтап, мәліметтерді іздеуді және сұрыптауды жеңілдетеді.
Барлық бұл мәліметтер деректер қорындағы файлдың жиынтығында жинақталады,
ал бұл файлды басқару үшін арнайы бағдарламалар құрылады – ол деректер
қорын басқару жүйесі [5].
Ақпараттар жүйесін фактографиялық және құжаттық деп бөлуге болады.
Фактографиялық ақпараттар жүйесінде – нақты әлем объектлері жайындағы
атрибуттардың нақты мәні туралы фактілер тіркеледі. Мұндай жүйенің негізгі
мақсаты мынада: объекті бойынша барлық мәліметтер (адамның фамилиясы,
заттың атауы, даталар, сандар) компьютерге алдын-ала шартты форматта
хабарланады (мысалы дата – ДД.ММ.ГГГГ комбинациясы түрінде). Фактографиялық
ақпараттар жүйесі жұмыс істейтін ақпараттың нақты машинаға бір мәліметті
екіншісінен айыратын құрылымы болады, мысалы, фамилиясы жұмыс дәрежесінен,
туған күнін өсуден (рост) т.б. Сондықтан фактографиялық жүйе берілген
сұраққа бірегей немесе бір жақты жауап бере алады.
Құжаттық ақпараттар жүйесі – сұраққа бір жақты жауап беретін емес
басқаша мәселелерді қарастырады. Бұндай жүйенің қорын құрылымдық емес
текстік құжаттың жиынтығы (мақала, кітап, реферат т.б.) және іздеудің
қалыптастырылған аппаратымен жабдықталған графикалық объектлер құрайды.
Жүйенің мақсаты – пайдаланушының сұрауына жауап ретінде сұрау шарттарын
белгілі бір мөлшерде болса да қанағаттандыратын құжаттардың не болмаса
объектінің тізімін беру.
Ақпараттық жүйенің бұл көрсетілген топтауы біраз ескірген. Өйткені
фактографиялық жүйелер жиі ақпараттың дұрыс құрылмаған блоктарымен жұмыс
істейді. (текст, графика, дыбыс, видео), бұлар құрылымдық суреттеумен
жабдықталған. Белгілі факторларда фактографиялық жүйе құжаттыққа айналуы
мүмкін немесе керісінше [1,3].
Берілген жұмыс мақсатын фактографиялық ақпараттар жүйесі
қанағаттандырады. Олар адамның барлық қызмет саласында қолданылады.
Ақпараттық жүйенің топталуы.
Ақпараттық жүйелердің түрлерін топтау белгілеріне байланысты анықтауға
болады. Немесе пайдаланушы мен зерттеушінің қалауына да байланысты таңдауға
болады.
Қолданылып отырған топтауға байланыссыз, ақпараттық жүйенің негізгі
мақсаты – ақпараттық жүйелерде үнемі көрініп бейнеленетін объектіні басқару
мүмкіндігінде жатыр. Ақпараттарды тікелей қолданудың негізгі мәні осыда.
Басқарудың оперативтілігі әрбір ақпарат түрінің және жалпы алғанда ақпарат
жүйесінің тиімділік бағасы болып табылады.
Көптеген мамандардың практикалық қажеттілігіне ақпараттық жүйенің
қатысатын адамдар саны бойынша ақпараттық жүйені атауға болады:
• Жеке дара ақпараттық жүйелер.
• Топтық ақпараттық жүйелер.
• Аймақтық ақпараттық жүйелер.
• Бүкілғаламдық ақпараттық жүйелер.
Жеке дара ақпараттық жүйелер әрбір адам өзі құра алады және жеке
қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Әдетте көптеген адамдар жеке
дара ақпараттық жүйені өзінің жадында ұстауға тырысады. Кейде жазу
кітапшасында үнемі емес жазбалар жүйесін жүргізеді. Олар жазбаларды
сақтауға көп көңіл аудармайды.
Топтық ақпараттық жүйелерге екі немесе одан да көп адамдардан тұратын
ақпараттық жүйелер, мысалы, жанұялық ақпараттық жүйе, бөлімнің ақпараттық
жүйесі т.б.
Региональдық ақпараттық жүйелерге көптеген жүйелер жатады. Олар кейбір
адамдар арасында белгілі регионда әсер ететін жүйелер тобы.
Бұл мемлекеттік ақпараттар жүйесі және оның субъектілік және
администрациялық білімділігі, - қала, район, облыс және т.б. кәсіпорындар.
Жалпы ақпараттық жүйелерді технологиялық белгілері арқылы ажырату,
бұл жағдайда ақпараттық жүйелерді келесі түрлерге бөлуге болады:
• Құжаттық-фактографикалық ақпараттық жүйелер.
• Электрондық ақпараттық жүйелер.
• Құжаттық-фактографикалық электрондық жүйелер.
Құжаттық-фактографикалық ақпараттық жүйелерде негізгі ақпарат тасушы
болып табылатын ол – қағаз. Өйткені қағазда көптеген жазу түрлері және
ақпарат өңделуін реттейтін қағаздар шығарылады, құжаттардың барлық түрлері
және жоспарлық ақпараттар тіркеледі. Қазақстанда бұл жүйелер кең таралған
болып саналады. Бұл жүйелер белгілі дәрежедегі құжаттар дайындау архивтік
және ақпараттың баяу жылдамдықпен өңделетін болған соң, олар көп мөлшердегі
шығынды қажет етеді. Бұл оның ақпараттық жүйелердегі және электрондық
аймақтарда қолданылуына да әсер етпейді.
Электрондық ақпараттық жүйелерді таза түрінде біздің елімізде сирек
кездеседі. Ғарыштық ұшыру басқармасының орталығын осыған жатқызуға болады.
Тіптен ракеталық жоспарлау күштерінің командалық пункті және ірі су үсті
немесе су асты корабльдерінің командаларының қосылуларын жатқызуымызға
болады. Жалпы электрондық ақпараттар жүйесінің сегментіне Қазақстанда
жұмыс істейтін және Ғылым Академиясының кейбір ақпараттық жүйелерін
электрондық ақпараттық жүйелерге жатқызуға болады.
Бұл жүйелерде барлық ақпарат тек электрон-байланыс каналдары арқылы
қабылданады, беріледі, пайда болады және қолданылады. Ол ақпараттар
электрондық ақпарат тасушыларда, дискіде, ленталарда, кристалдарда және
т.б. тұрақты болады.
Құжатты – факторлық электронды жүйелер өркениетті елдерде көп таралған
болып табылады, - ол банктердің ақпараттық жүйелері, Қазақстан басқармасы,
ірі компаниялар, жергілікті компьютерлік (жүйелер) желілер және
региональдік компьютерлі желілер, радиостнациялар, телестудиялар, қатысты
байланыс құралдары.
Қазіргі кезде көптеген ақпараттық жүйелер әртүрлі саладағы техникалық
құралдар коммуникациясы қолданылады, ақпарат сақтау, ақпарат өңдеу және
тіпті тікелей қолданулар да бар. Бұл барлық техникалық құралдар ақпараттық
жүйе құрауыштарынан тұрады. Әр техникалық құралдар адамдар өңдеген ақпарат
нәтижесінде пайда болады және ақпараттық жүйеде берілген алгоритм бойынша
құралдар да арнайы машинаның ішкі тілін қолданады, ал оны мамандар алгоритм
тілінде өндіреді.
Ақпараттық жүйе қасиеттері арнайы ақпараттық жүйелерді экономикалық
және социалдық аспектлерде сапалы және көлемді бағалауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелердің нақты қасиеттеріне мыналар жатады:
• Ақпараттық жүйелердің жылдамдығы;
• Ақпараттық жүйелердің өндірілуінің көлемі мен сыйымдылығы;
• Ақпарат бірліктерінің енгізілу жылдамдығы;
• Ақпарат алмасу жылдамдығы;
• Ақпараттық бірлік өнделуінің жылдамдығы;
• Ақпарат бірліктерінің тұрақтылығы;
• Ақпарат жүйелернің әсері;
• Ақпарат жүйелернің төзімділігі.
Жылдамдығын анықтау үшін, ақпарат деректерінің енгізіле басталысымен
уақыт бойында – ақпарат деректерінің қорытынды ақпараты шыққанға дейін есеп
беру және жоспар жобалары, я болмаса ақпараттық басқару жүйелеріндегі
әсердің басқаруымен өлшенеді.
Жылдамдық артқан сайын, коррекциялық ақпарат арқылы объектіні басқару
жеңілдейді, бірақ техникалық ақпараттық жүйелер қымбатқа түспек, өйткені
олар жүйенің тура жылдам жұмыс атқаруын қамтамасыз етпек.
Ақпараттық жүйелердің көлемі мен сыйымдылығының өндірілуі ақпараттық
бірлік бағасымен анықталады. Ақпараттың бірлік енгізу мақсатында әртүрлі
бірлік амалдары қолданылуда: әріп, белгі, сөз. Дамыған информатикада
ақпарат бірлігі – байт және шығару бірліктері: килобайт, мегабайт, гигабайт
қолданылуда. Байт машинаның ішкі тілінің сөзі, ол сегіз түрлі бола тұрса
да, екі қалыпта кездеседі олар “0” немесе “1”.
Бір килобайтта 210 байт-1024 байт
Бір мегабайтта 220 байт-1024 килобайт
Бір гигобайтта 230 байт-1024 мегабайт.
Бір байттың көмегімен дәстүрлі тілдің бір белгісі немесе саны
белгіленеді. А-4 форматының бір беті 12-30 килобайттан тұрса, бір
мегабайтта 85-34 бет болады. Егер бізге мәтіндік процессордың бір файлында
1000 беттік құжат тұру керек болса, онда компьютер жадысының 12-29
мегабайттың жылдамдығы қажет сонда барлық құжаттарда жылдам жұмыс атқара
аламыз. Ақпарат жүйелерінің көлемі мен сыйымдылығын анықтағанда, тұтас
алғанда ақпарат жүйелерінің әртүрлерін топтастырып, және әр топ бойынша
байт түрінде ақпаратты қорыту қажет, сіздің жүйеңізде өңделген және пайда
болған ақпараттарды және де шетке шығару ақпараттарының мүмкіндіктерін
қолдану керек.
Ақпарат жүйелерінің әсерлерін оның қосымша өнімнің бағасына қатысымен
және жүйесінің басқаруымен және шығынның қорытынды бағасымен анықтауға
болады.
Кем немесе жетпей қалған жағдайда нақты ақпарттық жүйелер қатысына бұл
минус белгісімен енеді, бұл оның әсерін анықтамайды да жүйені өзгертуді
талап етеді.
Егер қатынас нөлге тең болса, онда, жүйе жай өзіндік жұмыс тәртібінде
болғаны. Егер қатынас (0;1) көп болса, онда жүйе даму тәртібінде тұрғаны,
бұл қалыпта сақтау үшін артық көлемнің (1\10) бөлігін нормативтен
ақпараттық жүйелердің дамуына бағыттау керек. Бұл жағдайда табыс
мүмкіндіктің қорытындысымен анықталуы тиіс, онда ақпараттық жүйенің
бөлшектері бар. Пайдаланудың кемшілігін есептеген кезде ақпараттық жүйедегі
материалдық және жұмыстың жетіспеушіліктерін есептеу керек. Амортизацияның
нормативі заңдылықтың сәйкестігімен немесе қабылданған политикалық санақпен
анықталады.
(А.Ж) төзімділігін көрсеткіш суммаларының, айналу суммаларына
қатынасымен анықтауға болады, онда әсер де анықталады. Егер жыл сайын бір
көрсеткіш қайталанса онда жүйе стационарлық қалпында тұрақты, егер
қатынастың өсуі байқалса, онда жүйенің тұрақтылығы динамикалық қалпында
жоғарылайды. Егер кері өзгеріс жүрсе, онда жүйе деградация? мен құлдырау
жолында.
Ақпараттық жүйенің ұсынылған қасиеттері ақпараттық жүйе жобаларына дәл
баға беру немесе дұрыс таңдауға, көптеген жағдайда ақпараттық жүйенің басқа
да қасиеттерін таңдауға және салыстыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелердің соңғы түрлерінің артықшылықтары [7]:
• Үстелдік компьютердің потенциялының толық қолданылуын және анықталған
орталықтарының өңделуін;
• Жүйе үлгілерінің құрылысы, біртұтас жақтаулық кешендегі архитектуралық
шешімдердің көптеген түрлерінің бар екендігін болжауы.
• Жүйенің ресурстарын экономдау жоғарғы деңгейде мәліметтерді өңдеу және
сақтауды ортақ есепке алады.
• Жүйе конфигурасиясының динамикалық өзгеруі, иерархенің барлық
деңгейлерін басқару және желілер функцияларын бақылауға алу, желілік
және жүйелік әкімшіліктерді ортақлықтанған ортада тиімді деп есептеу.
Компьютер негізіне ақпаратты орналастырудың көптеген себептері бар.
Қазіргі кезде ЭЕМ файлында ақпаратты сақтау парақ бетінде сақтаудан әлде
қайда арзан тұрады. Деректер қоры қолданушыларға ақпаратты структуралауға,
сақтауға, тиімді пайдалануға рұқсат береді. Клиентсервер технологиясы ең
басты керекті ақпараттарды алу үшін қолданылады. ЭЕМ кез-келген форматтағы
текстерді сақтай алады. Атап айтсақ сызбалар, шығармашылық жазбалар, дауыс
жазбалары және т.б.

1.2 Экономикалық ақпараттық жүйе түсінігі

Жазып алуға, жіберуге, өңдеуге, сақтауға болатын және халық
шаруашылығын салалық және аймақтық басқарудың барлық сатыларындағы
жоспарлау, есеп жүргізу, бақылау, анализдеу процесінде пайдаланатын
экономикалық сипаттағы әртүрлі мәліметтердің жиынтығы болып табылатын,
басқарушы ақпараттың маңызды бөлігін экономикалық ақпаратты қарастырайық.
Экономикалық ақпаратқа жұмыстық, материалдық, қаржылық қорлары туралы
және анықталған бір уақыт бөлігінде басқару объектілерінің күйі туралы
мәліметтер жатады. Экономикалық ақпарат натуралды, бағалық және басқа да
көрсеткіштер арқылы мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін бейнелейді.
Экономикалық ақпараттың келесі ерекшеліктері бар:
• көлемінің көп болуы;
• оны алу циклдарының көп рет қайталануы және анықталған уақыт
кезеңінде (ай, квартал, жыл т.с.с.) өзгеруі;
• оның көздерінің және қолданушылардың әр алуандылығы;
• оны өңдеу кезіндегі логикалық операциялардың меншікті
салмағының көп болуы.
Экономикалық ақпараттың осындай қасиеттері ғылыми-техникалық
қажеттілікті және есептеуіш техниканың құралдарын қолданудың экономикалық
лайықтылығын алдын-ала анықтайды.
Экономикалық ақпараттың құрылымы күрделі және құрамында белгілі бір
мазмұны бар ақпараттық жиынтықтың әртүрлі комбинациялары кіреді. Ақпараттық
жиынтық деп объектті, процесті, операцияны сипаттайтын деректер тобын
түсінеміз. Құрылымдық құрамы бойынша ақпараттық жиынтықтарды келесідей
бөліп көрсетуге болады:
• реквизиттер;
• көрсеткіштер;
• құжаттар.
Экономикалық ақпаратың элементарлы бөлінбейтін бірліктері болып,
объекттің белгілі бір қасиеттерін білдіретін реквизиттер табылады.
Реквизиттер реквизиттер-белгілер және реквизиттер-негіздер болып екіге
бөлінеді. Реквизиттер-белгілер бейнеленетін объекттің сапалық қасиеттерін
сипаттайды (қызметінің уақыты және орыны, атқарушының аты-жөні, жұмысты
аталуы және т.б.). Реквизиттер-негіздер анықталған өлшем бірліктерімен
белгіленген құбылыстардың сандық сипаттамасын береді (салым сомасы, салық
ставкасы т.с.с.). Бөлек алынған реквизиттер-белгілердің және реквизиттер-
негіздердің экономикалық мағынасы жоқ, сондықтан олар тек екеуінің тіркесі
ретінде ғана қолданылады.
Экономикалық мағынасы бар реквизиттер-белгілердің және реквизиттер-
негіздердің логикалық байланысқан тіркесі көрсеткіш құрайды.
Ақпараттың барлық маңызды сегменттері үшін ақпарат сандық және
сапалық сипаттамаларының минималды және лазым мәндері беріледі:
Сандық сипаттамалар:
• жазулар саны;
• ақпараттың жаңару мерзімі;
• ақпаратты жинауға кеткен шығындар;
• басқа сипаттамалар
Сапалық сипаттамалар:
• сапаның қорытынды жазбасы;
• ақпараттың толықтығы, дұрыстығы және актуальдылығы;
• қолдану ыңғайлылығы;
• басқа сипаттамалар.

1.3 Ақпараттық жүйе ресурстарына шолу

Қоғамды ақпараттандыру сатысында ақпараттың құрылуы және өндірілуі
оның сапалы қолданылуы үшін маңызды мәселе болып табылады. “Ақпарат”
түсінігі латынның “informatio” сөзінен (бір фактты, оқиғаны, құбылысты
түсіндіру немесе мазмұндау) шыққан. Кеңейтілген мағынада ақпарат –
материалдық әлемнің әртүрлі жақтары және онда жүріп жатқан процестер туралы
мәлімет ретінде анықталады. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында
ақпаратты зерттеу кезінде оны құру, өзгерту және қолдану заңдылықтары
есептеледі.
Ақпаратты өндірістің және қолданудың өнімі ретінде біріншіден пәндік
мазмұны анықтайды. Оның түрлері өте көп болады және адам іс-әрекетінің
қызмет ету түрлері бойынша бөлінеді: ғылыми, техникалық, өндірістік,
басқармалық, экономикалық, әлеуметтік, салықтық, құқықтық және т.б.
Ақпараттың әрбір түрінің өзінің өңдеу технологиясы, мағыналық құндылығы,
физикалық қолданушыдағы (физический носитель) көрсету және суреттеу
формалары, факттарды, құбылыстарды, процестерді бейнелеудің анықтық,
дұрыстық, шапшаңдық талаптары бар.
Келесі қарастырылатын мәселе басқармалық және экономикалық ақпарат
болады. Олардың негізгі қасиеттері келесідей болады:
• дұрыстық;
• толықтық;
• құндылық;
• өзектіліе;
• анықтық;
• түсініктілік.
Егер ақпарат жағдайдың нағыз күйін бұлжытпайтын болса, онда ол дұрыс
болып саналады. Дұрыс емес ақпарат қате түсінікке немесе қате шешімдерге
әкеліп соқтырады.
Егер ақпарат түсінуге және шешімдерді қабылдауға жеткілікті болса,
онда ол толық болады. Ақпараттың толық еместігі шешімдерді қабылдауды
баяулатады немесе қателерді тудырады.
Ақпараттың құндылығы, сол ақпарат арқылы қандай мәселелер шешілетініне
байланысты. Өзекті ақпараттың үнемі өзгеріп тұратын жағдайларда бар болғаны
маңызды. Егер құнды және актуалды ақпарат түсініксіз сөздермен көрсетілген
болса, онда ол пайдасыз болуы мүмкін. Ақпарат түсінікті және анық болады,
егер ол ақпаратты қабылдайтын пайдаланушылар сөйлейтін тілінде жазылса.
Үлкен, күрделі адам-машиналық ақпараттық жүйелердің жиынтығы қоғамның
маңызды инфрақұрылымы болып табылады.
Материалдық байлықтарды реттеу, алмастыру және пайдалану және
өндірістің ұйымды-экономикалық мәселелерін шешу сияқты өндірістің
процестеріне қызмет ететін ақпарат басқару ақпараты деп аталады.
1.4 Автоматтандырылған ақпараттық жүйе

Жүйе деп өзара байланысқан функционалдауы нақты пайдалы нәтиже алуға
бағытталған сыртқы элементтер немесе бөліктердің жиынтығы. Бұл анықтамаға
сәйкес әрбір экономикалық объектті белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған
жүйе ретінде қарастыруға болады. Мысал ретінде салық салу жүйесін,
транспорттық жүйені, білім беру жүйесін т.с.с. алуға болады.
Жүйеге төмендегі қасиеттер тән болады:
• күрделілігі;
• бөлінетіндігі;
• бүтіндігі;
• элементтердің көп түрлілігі және олардың табиғатының
ерекшеліктері;
• құрылымдылығы.
Басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйе басқару жүйесі деп аталады.
Бұл жүйемен атқарылатын маңызды функцияларға болжау, жобалау, жоспарлау,
есеп, анализ, бақылау және реттеу.
Басқару жүйенің компоненттерінің арасындағы, және сонымен қатар
жүйенің қоршаған ортамен ақпараттың ауысуымен байланысты. Басқару
процесінде уақыттың әрбір мезгілінде жүйенің күйі, қойылған мақсатқа жетуі
(немесе) жетпеуі туралы деректерді қабылдайды.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) – ақпараттың, экономикалық-
математикалық әдістер мен модельдердің, техникалық, бағдарламалық,
технологиялық құралдардың және мамандардың, өңдеуге арналған ақпараттың
жиынтығы болып табылады.
ААЖ құру экономикалық объекттің өндірісінің тиімділігін көтереді және
басқарудың сапасын қамтамасыз етеді. ААЖ-нің ең жоғары тиімділігіне
кәсіпорындар, фирмалар және ұйымдар жұмысының жоспарын оңтайландыру,
оперативті шешімдердің тез қабылдау, материалдық және қаржылық ресурстарды
нақты қалыптастыру кезінде жетеді. Сондықтан автоматтандырылған ақпараттық
жүйелердің функционалдау жағдайында басқару процесі экономикалы-
ұйымдастырушылық модельдерге негізделген.
ААЖ құру тәжірибесі, өндірістік-шаруашылық процестердің жағдайларын
формализациялау, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың есептеуіш
құралдармен жабдықтау басқарудағы ақпараттық процестердің технологиясының
түпкілікті түрде өзгерткен.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) деректерді өңдеудің жаңа құралдары
және тәсілдері, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану негізіндегі
мемлекеттік салық органдарын ұйымдық басқару формасы болып табылады. ААЖ
шешілетін мәселелердің тобын кеңейтуге, қабылданатын шешімдердің
аналитикалығын, негіздігін және дер кезділігін көтеруге, экономикалық-
математикалық әдістері, есептеуіш техникасы арқылы салық органдарының
басқармалық қызметін рационализациялауға және жұмысын азайтуға мүмкіндік
береді.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді сәйкес ақпараттық
технологиялар іске асырады. Автоматтандырылған ақпараттық технология (ААТ)
– бұл технологиялық тізбекке біріктірілген әдістердің, ақпараттық
процестердің және бағдарламалы-техникалық құралдардың жиынтығы. Бұндай
тізбектер ақпараттық ресурстарды қолдану процесін жеңілдету, сонымен қатар
олардың сенімділігін және оперативтілігін жоғарылату мақсатымен ақпараттың
жинауын, өңдеуін, сақтауын, таратуын және бейнелеуін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық ресурстар деп, формализацияланған ой және білімдерді, түрлі
деректер және оларды сақтау, жинау және ақпараттың көздері мен
пайдаланушылары арасындағы алмасу әдістерді және құралдарды айтамыз. ААТ-
ның классификациясы 2.1-суретте көрсетілген.
ААЖ құрылымы көп деңгейлі болады. Жүйе толығымен және оның әрбір
элементінің кең ішкі және сыртқы байланыстары бар. Жүйенің қалыпты жұмысы
үшін жеке элементтерімен (салық комитеттері) де, толық жүйемен де басқару
жүруі қажет. Кез келген экономикалық ААЖ стандартты құрамы бар және
функционалды және қамтамасыз ету бөлімдерінен тұрады.
Функционалды бөлімі ААЖ-ң пәндік саласын, мағыналы бағыттылығын
көрсетеді. Функционалды ішкі жүйелер белгілі бір экономикалық мазмұнымен,
нақты бір мақсатқа жетумен сипатталатын есептер жиынтығынан тұрады. Есептер
жиынтығында түрлі бастапқы құжаттар қолданылады және өзара байланысқан
есептеу алгоритмдері негізінде шығатын құжаттар тізімі құрылады. Есептеу
алгоритмдері әдістемелік материалдарға, нормативті құжаттар және
нұсқауларға негізделген. Әрбір жиынтық құрамына жеке есептер кіреді. Есеп
біркелкі бастапқы құжаттар негізінде алынатын логикалық байланысқан шығатын
құжаттармен сипатталады.
Қамтамасыз ететін бөлімге ақпараттық, техникалық, бағдарламалық және
кез келген ұйымдық типті ақпараттық жүйеге тиісті қамтамасыз етудің басқа
түрлері кіреді.
Ақпараттық қамтамасыз етуге көрсеткіштердің, құжаттардың,
классификаторлардың, кодтардың, салық жүйесінде оларды қолдану әдістердің
толық жиыны, сонымен бірге функционалды есептерді шешуді автоматизациялау
процесінде қолданатын машиналық тасушылардағы деректердің ақпараттық
массивтері кіреді.
Техникалық қамтамасыз ету ақпаратты өңдеудің техникалық әдістердің,
және салық органдарында әртүрлі автоматтандырылған жұмыс орындарының
арасында да, басқа экономикалық объекттер мен жүйелермен қатынасы кезінде
де ақпаратты жіберуге мүмкіндік беретін құралдардың жиынтығы болып
табылады.
Бағдарламалық қамтамасыз ету әртүрлі жалпы және қолданбалы сипаттағы
бағдарламалық құралдар жиыны болып табылады.

1.1 сурет. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің классификациясы

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе үлкен жүйелер класына жатады.
Осындай дәрежелі жүйеге келесідей талаптар тізімі қойылады: жүйені құрудың
мақсаттарына жету; берілген жүйенің барлық элементтерінің жүйе ішінде өзара
және басқа жүйелермен үйлесімділігі, жүйелілігі, декомпозиялығы және т.б.
Бұл талаптар жүйе элементтерінің модернизация мүмкіндігін, олардың
өзгеретін жағдайларға бейімделуін; пайдалану сенімділігі және ақпараттың
дұрыстығын, бастапқы ақпаратының бір рет енгізілуі және шығатын ақпараттың
көпфункционалды, көпжоспарлы қолданылуын; деректер қорында сақталған
ақпараттың актуальдылығын болжамдайды. ААЖ қол еңбегінің минималды
шығындарын ескере отырып басқару объектісі туралы ақпараттың өңдеуін және
анализін, басқару ықпалын өндіруін, жүйе ішінде және деңгейлері бірдей және
әртүрлі болатын басқа да жүйелер арасында ақпараттың алмасуын қамтамасыз
етуі қажет. ААЖ басқару алгоритмдерін іске асыруды, жүйелер арасындағы
байланысты, бастапқы ақпаратты енгізу жеңілдігі, өңдеу нәтижелерін шығару
түрлілігі, техникалық техникалық жабдықтар жиынтығымен жабдықталуы қажет.
Маңызды талабы жүйенің әртүрлі типті қолданбалы операциондық жүйелер,
деректерді өңдеуге және функционалды есептерді шешуге бағытталған
қолданбалы программалар негізінде функционалдауы және өңдеуі болып
табылады. Ақпараттық тұрғыдан алғанда жүйе оның негізгі функцияларын
орындау үшін толық және жеткілікті ақпаратты беруі қажет, кодтаудың
рационалды жүйелері болуы керек, ақпараттың жалпы классификаторларын
қолдану қажет, жақсы ұйымдастырылған деректер қорлары және деректер қорын
басқару жүйесі (ДҚБЖ) болуы қажет, пайдаланушыларға қабылдау ыңғайлы
болатын түрде шығатын ақпаратты қалыптастыру қажет.
Осындай жүйені құру бірқатар мәселелерді шешумен байланысты. Ең
алдымен бұл салық мекемелерін телекоммуникациялық желілермен ақпараттық
біріктіру және олардың әрқайсысының ақпараттық ресурстарына кіру
мүмкіндігін қамтамасыз ету; деректер қорларын өңдеу, құру және жүргізу;
салық органдарын дамыған перифериясы бар есептеуіш комплекстермен
қамтамасыз ету; жүйенің функционалды есептерін шешуді қамтамасыз ететін
бағдарламалық жабдықтарды өңдеу. ААЖ-ні құру негізінде бағдарламалық
жүйелердің өмірлік цикл концепциясы жатыр. Бірінші сатыда пәндік саланың
анализі және есептің немесе есептер жиынының қойылуын өңдеу жүргізіледі.
Есептің қойылуы, функциялары автоматтандырылуға жататын, салық мекемесінің
мамандарының тікелей қатысуымен жүргізіледі. Бұл сатының мәні салық
органының ұйымдық және функционалдық құрылымын зерттеуде және техникалық
тапсырманы дайындау жатыр. Техникалық тапсырма негізінде автоматтандырылған
жүйенің техникалық жобаны дайындалады. Осы сатының мақсаты жүйенің
ақпаратты-логикалық модельдерін құру болып табылады. Техникалық жобаның ең
маңызды бөлігі жобаны реализациялау әдістер және бағдарламалық жабдықтар
жиыны болып табылады. Таңдаудың шарттары ретінде келесілерді атауға болады:
салық органының ақпаратты-логикалық моделінің оптимальды сәйкестігі,
әртүрлі операциондық орталарда жұмыс істеу мүмкіндігі, басқа орталар мен
жүйелермен ақпараттық интерфейс құру мүмкіндігі, ақпараттық
технологиялардағы қазіргі кездегі тенденцияларды ескере отырып ортаның даму
перспективасы және т.б. Жеке күрделі емес есептерді шешу үшін электронды
кестелер қолданыла алады. Жобаның маңызды орнын деректер қоры, интерактивті
және әдістемелік материалдар бойынша деректер қоры сияқты ақпаратты-
анықтама жүйелер алады.Техникалық жобалау сатысының маңызды қадамы
функционалды және ақпараттық құрамы нақты атқарушы функцияларынан тәуелді
кәсіби деректер қорының құрылымын және құрамын анықтау болып табылады.
Оларға салық түсімдерінің бастапқы және есепті деректер қорларын, ішкі
қолдану құжаттардың деректер қорын, ұсыныстар, жауаптары бар деректер
қоры, т.с.с. жатқызуға болады. Мұндай қорларды құру үшін дербес жобалау
әдістері, сонымен қатар бар бағдарламалық жабдықтар қолданыла алады. Келесі
сатысы жұмыс жобалауы болып табылады. Бұл сатыда қажетті құжаттарды
дайындау, алдыңғы сатыда анықталған компоненттердің құрылымдау және
бағдарламалау жұмыстары жүргізіледі.жұмыс жобасының нәтижесі салық
органдарының мамандарының АЖО (автоматтандырылған жұмыс орыны),
пайдаланушылардың деректер қорларының жиыны, жүйе бойынша техникалық
құжаттардың жиыны болып табылады. Жұмыс жобалау сатысында қолданылатын
құралдарға бағдарламалық жабдықтардың көп түрлері операциондық жүйелерден
бастап бағдарламалау тілдеріне дейін енеді. Жұмыс жобалауы біткен кезде
дайындалған жобаның ендірілуі басталады. Ендірілу ААЖ-і ендірумен
байланысты күтілетін нәтижелер, қабылдамаудың критикалық нүктесі,
критикалық уақыт кезеңдері сияқты шаралардың тізімі және сатылауы бар
әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Ендіру әдістемесіне сәйкес ендіру үшін
бастапқы деректер дайындалады. Бақылау мысалы нақты ақпараттық жиынтықтарды
көрсетеді және қабылдамаудың ең көп санын анықтайтын әрбір функционалды
есептің ақпараттық шарттарының неше түрлі нұсқалары және тіркестері бар.
Ақпаратты өңдеудің технологиялық процесіндегі тар жерлеріне көп назар
аударылу қажет. Ендіру нәтижелері бойынша акт құрылады, онда алынған нәтиже
бағасы және жоюға жататын кемшіліктер тізімі болады. Кемшіліктерді
жойылғаннан кейін жобаны қабылдау туралы хаттама құрылады және жобалау
процесі тоқтатылады. Жүйені эксплуатациялау кезінде жобаны қамтамасыз ету
жүргізіледі. Бұл жоба негізінен жобалайтын жүйенің прототипі болып
табылады, ақпараттандыру бойынша мамандармен өндіріледі және одан әрі салық
мекеме жүйесінің функциясының өзгеретін шарттарына байланысты жаңартыла
алады.

1.5 Ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері

Жаңа ақпараттық технологияның негізін үлестірілген компьютерлік
жабдықтар, сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету және дамыған
телекоммуникациялар құрайды. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі
айырмашылығы ақпараттың формасын және тұрған жерін өзгерту процестерін
автоматизациялауда ғана емес, сонымен бірге оның құрамын өзгертуде жатады.
Бұған байланысты салық құрылымына жаңа технологияны ендірудің екі тәсілдері
туралы айтуға болады. Бірінші жағдайда ақпараттық технология жұмыс жасайтын
ұйымдық құрылымға бейімделеді және қалыптасқан жұмыс әдістерінің
модернизациясы ғана жүреді. Осы шартта коммуникациялар нашар дамыған болады
және технологиялық операциялар жиыны тек локальды жұмыс орындарын қамтиды.
Бұл тәсіл енгізудің тәуекел дәрежесін минимумге апарады, өйткені минимум
шығындар шығарылады және ұйымдық құрылымы өзгермейді. Ақпаратты жинау және
өңдеу функцияларының, шешім қабылдау функцияларымен бірігуі жүріп жатады.
Екінші жағдайда ақпараттық технология ең үлкен күшті әсерді беруі үшін
ұйымдық құрылым өзгереді. Бұл тәсілдің ерекше белгісі, коммуникациялардың
максималды дамуы және экономикалық жағынан мақсатқа лайықты емес болған
байланыстардың орнына жаңа ұйымдық өзара байланыстарды дайындау болып
табылады. Бұдан басқа жағдайда мекеменің талаптарына және бар ресурстарға
сәйкес, жүйені кеңейту мүмкіндігі пайда болады. Мұндай жағдайда деректер
архивы рационалды үлестіріледі, айналып жүретін ақпараттың көлемі азаяды
және әрбір басқару деңгейінің жұмыс эффективтілігі артады. Бұл екі тәсілге
де, техниканы пайдаланушының жұмыс орынымен біріктіруге байланысты
техникалық құралдарды қолданудағы өзгерістер тән. Жаңа ақпараттық
технологияның негізі болып табылатын дербес компьютерлер әртүрлі
мекемелердегі ақпараттық процестерді интеграциялауға мүмкіндік береді.
Қолданылатын техникалық құралдардың универсалдығы есебінен
автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) желі түріндегі ақпараттық
жүйелердің ұйымдық және әдістемелік интеграциясы жүзеге асырылады. Салық
жүйесіндегі АЖО – бұл өзара байланысқан, бағдарламалық жабдықтармен
қамсыздандырылған және аяқталған ақпараттық технологияны іске асыра алатын
техникалық модульдер жиыны. Жиынға келесі модульдер кіреді: процессор,
дисплей, принтер, клавиатура, тышқан манипуляторы, плоттер, сканер,
стриммер, ақпараттық дистанциялық жолмен беруге арналған жабдық. АЖО-ң
бағдарламалық элементтері операциялық жүйелер, деректер қорларын басқару
жүйелері, қолданбалы бағдарламалар пакеті, оригиналды бағдарламалар,
графикалық және тексттік редакторлар, кестелік процессорлар және т.б. болып
табылады. Осылайша әрбір пайдаланушының құралы – техникалық және
бағдарламалық жабдықтар туралы айтылып жатыр. АЖО түсінігін көбісі тек
техникалық және бағдарламалық жабдықтар жиынымен байланыстырады. Бірақ іс
жүзінде АЖО түсінігі деректерді үлестірілген өңдеу жүйелерін құрудан бастап
(ақпараттық деңгейлерді анықтауды қоса), эргономикалық сұрақтарды шешу
(техникалық жабдықтардың орналасуы және құрамы, оларды қолдану ыңғайлылығы,
т.с.с.) мәселелерін қамтиды. АЖО пайдаланушыны қазіргі уақыттағы
информатика және есептеуіш техниканың мүмкіндіктерімен жақындастырады және
профессионалды бағдарламашының еңбегін пайдаланбау мүмкіндігін береді. Осы
шартта автономды жұмыс және мекеме ішіндегі басқа пайдаланушылармен
байланыс мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Жұмыстың әрбір категориясын
автоматизациялау үшін дербес компьютерлер АЖО-ң қажетті техникалық деңгейін
қамтамасыз ететін әртүрлі бағдарламалық пакеттермен жабдықталған. АЖО-ны
қолдану эффективтілігінің міндетті шарты болып, клавиатурамен жұмыс істеуді
үйрету бағдарламалары, ақпаратты қорғау және тасушымен жұмыс істеу
ережелері, нақты жұмыстар түрін өткізу мысалдары бар технологиялық
нұсқаулары бар, пайдаланушы жұмысын қамтамасыз етудің сервистік жүйесінің
бар болуы болып келеді. Жүйе пайдаланушы сұрақтарына жауап беру керек, АЖО-
ң мүмкіндіктерін қалай кеңейтуге болады, қызмет көрсету бойынша қайда сұрақ
қоюға болады. ААЖ-ң функционалды құрылымы салық комитеттерінде заңды
тұлғалардың және жеке тұлғалардың құжаттарын өңдеуге арналған
автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыруын ескереді. Заңды
тұлғалардың құжаттарын өңдеуге арналған автоматтандырылған жұмыс
орындарының құрамы ААЖ-ң функционалды бөлімінің құрамына сәйкес келеді және
оған келесі АЖО кіреді: кәсіпорындарды тіркеу, камералды тексеру,
кәсіпорындардың бетесеп карточкаларын жүргізу және т.б. Ақпараттың көлеміне
және салық органдарының бөлімшелері арасында функцияларды үлестіру көлеміне
байланысты АЖО локальды есептемелік желіге (бір немесе одан да көп) немесе
көптұтынушылық жүйеге біріктірілуі мүмкін. Ақпаратпен алмасу оны байланыс
каналдары арқылы жіберу немесе магниттік тасушылар арқылы жіберу жолымен
жүзеге асырылады. Функционалды АЖО-ң құрылымы және құрамы салық органының
ерекшеліктеріне қарай айырылады. АЖО ақпаратты өңдеудің диалогтық және
пакеттік режимінде жұмыс жасайды.

1.6 Ақпарат жүйесінің құрамды бөлшектері

Ақпарат жүйесі басқа да жүйелер секілді элементтерден түзелетіндіктен
де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі
функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол
ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді.
Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару
үлгісі ретінде сипатталынады. Атқарымдық үлгі арқылы кеңістік пен уақыт
бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен
оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады.
Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару
жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді:
• үлгінің динамикалық қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету
үшін басқару деңгейлеріне байланысты;
• үлгінің сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету
үшін өндірістік сипатқа байланысты.
Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер
негізінен былай бөлінеді:
• басқару объектісінің дамуын болжау;
• басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;
• басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;
• басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау;
• басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;
• басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.
Өндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үргілер
былай бөлінеді:
• ғылыми – зерттеу немесе тәжірибелік жұмыстарды басқару;
• объектінің өндірістік құрылымын қалыптастыруды басқару;
• негізгі өнімді өндіруді басқару;
• объектінің қосымша – қызмет көрсетуші өндірісін басқару;
• көлік үрдісін басқару;
• негізгі қорларды пайдалану үрдісі мен өндіріс қуатын басқару;
• математикалық – техникалық жабдықтауды басқару;
• еңбек қорларын басқару;
• өнім өткізуді басқару;
• объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын басқару;
• басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.
Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер атқарымдық
бөлімінің әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.
Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:
• ақпараттық жабдықтау;
• техтикалық жабдықтау;
• математикалық жабдықтау;
• бағдарламалық жабдықтау;
• ұйымдастырумен жабдықтау;
• ленгвистикалық жабдықтау;
• құқықтық жабдықтау;
• эргономикалық жабдықтау;
Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып
болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады.
Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын
төмендегідей қарастыруға болады:
• ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті – басқарылатын объектіні
сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;
• техникалық жабдықтау – ақпарат жүйесінің атқарымдық және
жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды
жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар
жиынтығын құрайды;
• математикалық жабдықтау деп – жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты
өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер
қарастырылады;
• бағдарламалық жабдықтау – ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен
жұмыс істеуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың
жиынтығы;
• лингвистикалық жабдықтау – есептеу техникасы арқылы ақпаратты
өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы
қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою
әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік
жабдықтардың бірігуін бейнелейді;
• құқықтық жабдықтау– ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін
және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік
актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен
міндеттерінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;
• эргономикалық жабдықтау – ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің
тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістермен жабдықтардың
бірігуі.

1.7 ААЖ ақпараттық қамтамасыз етудің ерекшеліктері

ААЖ ақпараттық қамтамасыз етуі кәсәпорынның ақпараттық моделі болып
табылады. Кәсіпорын жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етуінің мақсаты, оның
құрылымдарымен орындалатын негізгі функцияларынан тәуелді болады.
Ақпараттық қамтамасыз ету ААЖ пайдаланушыларын өздерінің кәсіби міндеттерін
орындауға қажетті ақпаратпен жабдықтау тиіс. Жүйенің ақпаратты үлестірілген
сақтау және өңдеу, қолдану жерлерінде ақпараттың деректер банктерінде
жиналу, пайдаланушыларға ақпаратқа автоматизацияланған, санкцияланған
рұқсат беру, ақпаратты бір ретті енгізу және көп ретті, көп мақсатты
пайдалану мүмкіндігі болуы керек. Мәселелер және сыртқы деңгейлер арасында
өзара ақпараттық байланыс қамтамасыз етілуі қажет. Автоматтандырылған
жүйенің ақпараттық қамтамасыз етуі машина ішілік және машинадан тыс болып
бөлінеді. Машинадан тыс ақпараттық қамтамасыз ету – бұл көрсеткіштер
жүйесінің, ақпаратты классификациялау және кодтау жүйесінің, құжаттар және
құжаттар айналымының, ақпараттық ағынын жүйесінің жиыны. Машина ішілік
қамтамасыз ету – бұл деректерді машиналық тасушыларда, мазмұны және
мағынасы бойынша әртүрлі арнайы түрде ұйымдастырылған массивтер, деректер
қоры және олардың ақпараттық байланыстарының жиыны түрінде көрсету болып
табылады.
Көрсеткіштер жүйесі ААЖ-мен салық органдарының қызметін қамтамасыз
ету үшін жиналған және өзгертілген бастапқы, аралық және нәтижелік
көрсеткіштерінен тұрады. Көрсеткіштер, ең көп тараған бастапқы және шығатын
ақпараттың тасушысы болып табылатын құжаттардың құрамында болады.
Ақпараттық ағындар деп пайда болу көздерінен бастап қабылдаушыларға дейінгі
құжаттардың бағытталған тұрақты қозғалысын айтады. Ақпараттық ағындар
ақпараттық жүйенің ең толық бейнесін көрсетеді, өйткені олардың көмегімен
кеңістік-уақыттық және көлемдік сипаттамалары, ақпараттық процестердің
динамикалылығы және олардың ара-қатынасы көрінеді. Ақпараттық ағындар
мекеменің ұйымды-функционалды құрылымын көрсетеді. Ақпараттық ағындардың
бірліктері болып құжаттар, көрсеткіштер, реквизиттер, символдар бола алады.
Құжаттар және оның құрамындағы ақпарат келесідей классификацияланады:
а) кірісіне және шығысына байланысты:
- бастапқы;
- шығатын;
б) тапсыру мерзімдері бойынша:
- регламенттік – дайындау және тапсыру мерзімдері анықталған
құжаттар.

Машинадан тыс ақпараттық қамтамасыз етудің маңызды бөлігі
классификациялау және кодтау жүйесі болып табылады. ААЖ функционалдау
кезінде кодтау әдістері, тәсілдері, номенклатуралардың рационалды
классификациясы пайдаланушылар сұранысын толық қанағаттандыруы, құжаттарды
толтыруға кететін жұмыс уақытын қысқартуы және есептеуіш техниканы
эффективті қолдануы тиіс. ААЖ ақпаратты кодтау және классификациялаудың
бірыңғай жүйесін қолдануы қажет.
Машина ішілік ақпараттық қамтамасыз ету салық салу жүйесін
пайдаланушылардың кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақпараттық
ортаны құрады. Оған техникалық құралдармен қабылдау, тапсыру және өңдеу
үшін арнайы ұйымдастырылған ақпараттың барлық түрлері кіреді. Сондықтан
ақпарат массивтер, деректер қорлары, деректер банктері түрінде көрсетіледі.
Құрамы бойынша машина ішілік ақпараттық қамтамасыз ету салық органдарының
нақты қызметін адекватты түрде бейнелеуі қажет. Массивтерді тұрақтылық
дәрежесі бойынша айнымалы және тұрақты болып бөлуге болады. Айнымалыларда
бір жылдың ішіндегі өзгерістер көлемі 20%-тен асатын ақпарат бар. Құрамында
қалған ақпараттар бар массивтер тұрақты болып есептеледі (шартты-тұрақты).
Деректерді ЭЕМ-де жинауды, өңдеуді және сақтауды ұйымдастырудың
негізгі формасы деректер қоры (ДҚ) болуы тиіс. Деректер қорлары
массивтерден тұрады. Деректерді ДҚ-ң ақпараттық массивтеріне құрылымдау
келесі талаптар бойынша жүзеге асырылуы керек:
- ортақ физикалық мағынасымен сипатталатын және салық органдары
қызметінің бір немесе бірнеше процесстерінің ақпараттық
технологияны жүзеге асыратын деректерді ортақ ДҚ-на бірлесу;
- кірістегі құжаттардағы деректер номенклатура көлемінде, салық
органдарының қызметшілерін ақпаратпен қамтамасыз етудің толықтығы
мен жеткіліктілігі;
- деректерді ақпараттық құрылымдарға ұйымдастыру және деректер қорын
басқару жүйесі (ДҚБЖ) арқылы оларды басқару және әртүрлі деректер
қорлары арасында ақпараттық үйлесімділікті қамтамасыз ету;
- ААЖ объекттері арасындағы және салық органдарының ішінде бар
ақпараттық ағындарды есепке алғанда, ДҚ деректерді ұйымдастыру;
- берілген жүйе қатынасатын сыртқы деңгейлерден түсетін деректермен
ақпараттық үйлесімділікті қамтамасыз ету;
- жүйелілік және бір ретті енгізу принциптерін орындау – бірнеше
мәселелермен қолданылатын деректер жалпы жүйелік құрылымдарға
құрылымдану қажет және бағдарламалық қамтамасыз ету жабдықтармен
қолдау.
ДҚ функционалды және ақпараттық құрамы әрбір жұмыс орынының
ерекшелігіне және маманның классификациясына байланысты. Кәсіби ДҚ-на салық
органдарында мыналар жатады:
- бюджеттік классификацияның, бюджеттің, территориялардың,
регламенттелген есептік формалар бойынша уақыт кезеңінің
параграфтары және бөлімдері жағынан салық түсімдері бойынша
бастапқы және есепті деректердің қорлары;
- салық түсімдері бойынша оперативтік деректер қорлары;
- салық заңдары бойынша ұсыныстар, жауаптар, прецеденттер, хаттар
қорлары;
- есептік формалар негізіндегі туынды және интеграцияланған деректер
қорлары;
- әртүрлі тағайындау ішкі құжаттардың қорлары және т.б.
Мұндай деректер қорларының жұмысы арнайы бағдарламалық қамтамасыз
етумен жүзеге асырылады.
ААЖ-ң ақпараттық қамтамасыз етуінде маңызды орынды ақпараттық-
анықтамалық жүйелер алады. Олар жұмыс істеуі үшін мыналар құрылады:
- салы салу бойынша заңдық және нормативті акттердің ДҚ;
- инструктивті және әдістемелік материалдардың ДҚ;
- жалпы құқықтық сұрақтар бойынша ДҚ.
Бұл деректер қорларының ерекшелігі, салық комитетінің барлық
бөлімшелерімен белсене қолданылуы болып табылады.

1.8 Автоматтандырылған жұмыс орны

Автоматтандырылған жұмыс орнының қызмет көрсетуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның архитектурасы
Ақпараттық жүйе мысалдары
Математикалық және компьютерлік модельдеу идеяларын математикалық білімді тереңдетуде пайдалану ерекшеліктер
Материалдық ағым туралы түсінік
Экономикалық ақпарат
Модельдеу этаптары жайлы
Ақпараттық жүйе ұғымы туралы
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Ақпараттық жүйелер ұғымы
Пәндер