Құрылыс нысандарында қолданылатын қорғаныс құралдары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Құрылыс нысандарында жұмыс істеу кезінде адамға сыртқы ортадан келетін қауіптердің және зиянды факторлардың алдын алу және жою мақсатында жеке қорғаныс құралдары қолданылады. Адам өмірін, денсаулығын сақтау жұмыс уақытын пайдалану деңгейі және жұмыс өнімділігін арттыруда жеке қорғаныс құралдарын пайдаланудың маңызы зор. Себебі, адамның жұмыс істеу жағдайы еңбек өнімділігіне тікелей байланысты.
Құрылыс нысандарындағы еңбек қауіпсіздігі мен тіршілік қаіпсіздігі мәселелерінің шиеленісуі жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарын талаптарға сай пайдаланбауы нәтижесінде жұмыс орындарындағы жарақаттар, кәсіптік аурулардың жиілігімен, жұмыс ауырлығы, өндірістік апаттар санының артуымен анықталуда. Кездесетін жарақаттардың негізгі себептері: электрөткізгіш, құралдарда ақаулар, механиздердің қоршалмауынан, жұмысшылардың техника қауіпсіздігі ережелерін жеткілікті білмеуі, электр тогымен жұмыс жасайтын құралдар мен аппараттардың дұрыс оқшауланбауы және т. б
Қазіргі кезде, жұмысшылардың еңбек жағдайы мен қауіпсіздігін жақсарту мақсатында ұйымдастырылған жұмыс пен бөлінген үлкен көлемдегі қаражатқа қарамастан, құрылыс нысанындағы жоспарлы-ескертпелі жөндеу жұмыстарының графигі жиі бұзылады. Ескірген, ақауы бар құрал-жабдықтар қолданылады, техника қауіпсіздігінен білімі жоқ адамдар жұмысқа алынады, жұмысшылардың білімін тексеру уақыты мен техника қауіпсіздігін сақтамайтын жағдайлар жиі кездесіп, осының салдарынан бақытсыз жағдайлар орын алады[1] .
Еңбек жағдайын жақсарту және оның қауіпсіздігін арттыру, жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және оларды қауіпсіздік ережелеріне сай пайдалану жұмыскерлердің денсаулығын сақтауда, өндірістік жарақаттардың, кәсіби аурулардың және жұмысшының еңбек жағдайының нашарлауының алдын алады. Сонымен қатар жұмыскерлердің емделуіне немесе кадрлар іздестіруге кететін қаражат шығынын азайтады.
Құрылыс нысандарында қолданылытын жеке қорғаныс құралдарын зерттеу мақсатында төменде келтірілген міндеттер жүзеге асырылды:
- Құрылыс нысандарын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын бағалау;
- Құрылыс нысандағы пайдалануға берілетін жеке қорғаныс құралдарының техникалық талаптарға сәйкестігін зерттеу;
- Құрылыс нысандарында жұмыс кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану деңгейін зерттеу;
ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Құрылыс нысандарында қолданылатын қорғаныс құралдары
Құрылыс нысанындағы қорғаныс құралдары дегеніміз -жұмысшылардың ағзасына кері әсер ететін факторлардың әсерінен қорғайтын техникалық жабдықтар жиынтығын айтады. Олар қолдану мақсатына қарай екі түрге бөлінеді: жеке және ұжымдық қорғану құралдары.
Жеке қорғану құралдары жеке жұмысшыларды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған.
Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір мезетте қорғануы үшін арналған техникалық жабдықтар[2] .
Құрылыс нысанындағы жеке қорғаныс құралдарының түрлері келесідей болады: оқшаулағыш костюмдер, пневмокостюмдер, гидрооқшаулағыш костюмдер, скафандрлар; Шаңнан және улы заттардан адамның тыныс мүшесін қорғайтын құралдар: газқағарлар, респираторлар, пневмошлемдер, пневмомаскалар; Бояу жұмыстары кезінде, сонымен қатар улы заттармен жұмыс жасаған кезде келесі құралдар қолданылады: комбинезондар, жартылай комбинезондар, курткалар, сымдар, костюмдер, халаттар, плащтар, алжапқыштар, қолға киетін қолғаптар; Арнайы аяқ киімдер:бәтеңкелер, етіктер, жартылай етіктер, туфлилер, голоштар, ботылар; Қолды қорғайтын құралдар: қолғаптар, резеңке қолғаптар; Бетті қорғайтын: қорғаныш маскалары; Көзді әртүрлі зиянды заттардан қорғайтын құралдар: қорғаныш көзәйнектер; Жоғарыдан құлау қаупінен басты сақтайтын: каскалар, шлемдер, береттер, қалпақтар; Құлақты шудан, дірілден қорғайтын: шуға қарсы шлемдер, шуға қарсы құлаққа тақыштар, тығындар; Жоғарыдан құлау қаупінен қорғайтын құралдар: қорғағыш белбеуле. Диэлектрлік төсеніштер, тізеге киетін, иыққа киетін кигіштер жатады; Дерматологиялық қорғаныс құралдары: жуғыштар, пасталар, кремдер, мазьдар. Осы қорғаныс құралдарының кейбір түрлеріне төменде сипаттама берілген.
- Құрылыстық каскалар
12. 4. 087-80 Мемлекеттік стандартта пластмасса құрылыстық қорғаныс каскасы . ( сурет 1)
құрылыстық, құрылыстық- ремонттық жұмыс кезінде жұмысшының басын механикалық жарақаттан, ылғалдан, электр тогынан қорғауға арналғандығы, сонымен қатар оның дайындалуы мен қолданылуы туралы Ережеде толық қамтылып айтылады.
Сурет 1. Каска
Құрылыстық нысанда жұмыс жасайтын барлық жұмысшы бастарына каска киіп жүруге міндетті болып саналады. Жұмысшылар және инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмыс орнына каскасыз және басқа да жеке қорғаныс құралдарынсыз жіберілмейді. Каска негізінен сыртқы корпус пен ішкі қабаты, иекке тағылатын баудан турады.
Кесте 1- Құрылыстық касканың өлшемдері
Касканың салмағы оның өлшемінен аспауы тиіс. ( кесте 1)
- 1-ші өлшем 54-тен бастап 58 см-ге дейін
- 2-ші өлшем 58-ден бастап 62 см-ге дейін [3]
1. 1. 2 Құрылыстық белбеулер
Жоғарыда жасалатын жұмыстарға 18 жастан асқан, медициналық тексеру нәтижесінде жұмысқа жарамды, жоғарыда жасалатын жұмыстарда кемдегенде бір жылдық тәжірибиесі бар адамдар қабылданады. Егер тәжірибиесіз жұмысшы мұндай жұмыстарға жіберілсе, нысанның басшысының нұсқауымен кем дегенде бір жыл көлемінде тәжірибиесі жұмысшылардың қадағалауында болуы тиіс
Құрылыстық белбеулер Мем Ст 12. 4. 089-80 ережелеріне сейкес жүзеге асады.
Бұл стандартта иыққа киеті бауы жоқ және иыққа киетін бауы бар құрылыстық-монтаждық және биіктікте істелетін жұмыстарға арналған белбеулер қарастырылады және олар ережелерге сай жүзеге асуы тиіс. ( сурет 2)
Сурет 2. Иыққа киетін бауы жоқ және иыққа киетін бауы бар белбеулер
Иыққа киеті бауы жоқ белбеудің массасы 2, 1 кг-нан, ал иыққа киеті бауы бар белбеудің массасы- 2, 5 кг-нан аспауы керек.
Белбеулер қозғалыс кезіндегі ұзындығы және белге байланатын бауы 640-тан 1500 мм болуы керек[4] . Белбеулер жұмыс істеушіні қорғаныстық қасиетімен қамтамасыз етуі тиіс.
Динамикалық күш түскенде иыққа киеті бауы жоқ қорғаныстық қасиеті 4000 Н (400 кгс) аспауы керек, ал иыққа киеті бауы бар белбеудің қорғаныстық қасиеті 6000 Н (600 кгс) аспауы керек
1. 1. 3 Құрылыстық арнайы киімдер
Құрылыстық нысандарындағы жұмыстар арнайы киімдерсіз, арнайы аяқ киімдерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұның барлығы жұмысшыны ыстықтан, электр әсерінен, қысылулар мен биіктен сырғып кетуден, бояулармен жұмыс жасаған кезде булардың әсерінен және дәнекерлеу жұмыстары кезіндегі өнідердің әсерінен сақтайды. Арнайы киімдер жұмыстардың түріне байланысты өзгеріп отыруы тиіс( сурет 3) .
Мысалы: тас өңдеуші костюмі: олар комбинезон( немесе куртка мен сым) бастарына міндетті түрде каска болғаны жөн және арнайы аяқ киімі- шошқа терісінен тігілген биік табанды сонымен қатар қоспалармен жұмыс істеген кезде қоспалар сіңбейтін болуы тиіс.
Сурет 3. Құрылысшы киімі
Моляр киімі-бұған куртка және сым оған қоса берет(орамал немесе косынка- әйелдерге) резеңке қолғап. Кей жағдайлада дымқыл штукатур жұмыстары кезінде су өтпейтін ташықтан құрамына синтетика қосылған су сіңбейтін қабаты бар киім киген өте ыңғайлы. Тыныс мүшесін зиянды қоспалардан қорғау мақсатында- респираторлар қолданылады. Плотник костюмі: Олар құралдарды салып қоюға қолайлы қалташаламен толықтырылған( көп жағдайда құралдарды салуға арналған көтеріп жүруге ыңғайлы жәшіктер қолданылады) Фасадты жұмысшылардың киімінің ерекшеліктері: алыстан байқалатын түсті шағылыстыратын белгісі бар арнайы дыбыл желеттерін жатқызуға болады ( сурет 4) . Олар флюоресцирлі талшықтан( киімге жапсырылып тігілген- горизонтальді не вертикальді жолақтар, ромбылар, үшбұрыштан және т. б) тігіледі[5] . Электрик киімі: кей жағдайларда хлапчатоқағазды комбинезон және жұмыс аяқ киімі болуы мүмкін, бірақ 300 В электр тогымен жұмыс істеген кезде міндетті түрде резеңке бахилдар, диэлектрлі қолғаптар, резеңке алашаларымен қамтамасыз етілуі тиіс( сурет 5) .
Сурет 4. Дабылды желет сурет 5. Электрик киімі
Дәнекерлеуші киімінің барлығы дерлік- куртка, сымдары, қолғаптары-брезент талшығынан жасалуы тиіс. Мысалы: өртке тұрақты брезент сіңіргіштен жасалған киім болуы тиіс. Аяқ киімі- өртке төзімді табанды болуы керек. Беті мен басында от шашырауынан сақтайтын арнайы щиттер мен шлем- каска киеді.
әртүрлі жұмыстың атқаруна байланысты жұмысшылар респираторлары, қолғаптары, каскамен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар олардың аяқ киімдері де түрліше болады. Мысалы:
- резеңкелі не кирзовой етік;
- жанар-майға тұрақты табанды бәтеңкелер;
- ішінен киетін нәскиі бар немесе қонышы бар бәтеңкелер( титанда құрылысы болады)
Биіктікте монаждау жұмысын жүргізетін жұмысшылар қорғаныс құралдарынан басқа( монтажды сақтандыру белбеулер, әртүрлі қысқыштар, арқандар және т. б) ерекше аяқ киімдері сырғанамайтын табанды болуы тиіс.
Денені жылытқыш және сымдар
Олар жасалған материалдары:
- талшық өте берік болуы тиіс себебі құрамына синтетикалық қоспасы араласқандықта талшық берікігі одан сайын жақсара түседі. Сонымен қатар олар терінің дұрыс тыныс алуын қамтамасыз етуі керек( әсіресе жаз мезгілінде) . Материалды таңдағанда синтетиканың оптималды сәйкестігіне көп көңіл бөлу тиіс.
Қазіргі кезде арнайы киімдер материалдарының әртүрлі түсінен жасалады, ал құрылыс киімдері сол баяғыша қызғылт сары және сары түстерден тігіледі.
1. 1. 4 Арнайы аяқ киімер мен қолғаптар
Резеңке етіктер- жұмысшының аяғын ылғалдан және әртүрлі қоспалар әсерінен сақтайды. Сонымен қатар, резеңке етіктер құрылыс саласында өте кең пайдаланылады, себебі құрылыс жұмыстарының көпшілігі: фундамент монтаждау, жердегі әртүрлі жұмыстар және ашық аймақтағы жұмыстар кезінде олар өте қолайлы. Осы жерден резеңке аяқ киімдердің басты мақсаты- оның су өткізбеуінде екендігін байқауға болады. Басқа жеке қоғаныс құралдары секілді оларда Мемлекеттік Стандарттарға сай жасалады.
Арнайы аяқ киімдерді пайдалану уақыты 0, 5- тен 2 жылға дейін созылады. Оған арналған метериалдар ережеге сай- берік және сенімді болуы тиіс[6, 7] . Аяқ саусақтарын абайсызда кірпіштің, тастардың және т. б ауыр заттардың түсуінен аяқ киімнің бас жағындағы метал құрылғысы ( берік ұшы) қорғайды. Ал табаны біріншіден берік металдан жасалғаны дұрыс( егер жұмысшы байқаусызда шеге немесе өткір заттарды басқанда), ал екіншіден арнайы өте берік желімделген бөлікпен жалғасуы тиіс (сурет 6) .
Құрылыстық қолғаптар- жұмысшының қолдарын механикалық, термиялық және улы заттар мен бояу жұмыстары кезінде қорғау үшін арналған[8] . Олар жұмысшы қолдарын тікелей әсер ететін жоғары температура 250˚- 500˚ С қорғауға арналған( сурет 6) .
сурет 6. Арнайы аяқ киімдер мен құрылыстық қолғап
Сонымен қатар олар өте жақсы механикалық қасиеттер, ашық отқа және метал ерітінділері шашырауы мен ұшқындарынан сақтайды, тағы сол секілді саусақ тамырларын қорғау үшін негізделіп жасалады. Олар әр түрлі мамандақтар бойынша бөлінеді.
1. 1. 5 Тыныс мүшесін қорғайтын жеке қорғаныс құралдары
Құрылыс нысанындағы тыныс мүшесін қорғайтын жеке қорғаныс құралдар ол жұмысшының қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсерінен тыныс мүшесін қорғауға арналған[9] . Олардың түрлеріне тәуелсіз екі топқа бөлінеді:
сүзгілік- бұл сұзгі мен беттік бөліктен тұрады. оқшаулағыш- таза ауаның ішке енуін қамтамасыз етеді.
Сурет 7. Респиратор
Кейбір ТМҚҚ-да бұл екі бөліктері біріккен болуы мүмкін. Мұндай ЖҚҚ-на сүзгілік жартылай маскалар жатады. Сонымен қатар оның кейбір түлері жартылай шлемге немесе маскаға астасқан газқағарлар жатады. Әрбір түрдегі газқағарлар белгілі бір ластану көзіне негізделіп жасалады. (9- сурет) . Респиратор түрлері: Ф-45, Ф-46, ШФ- 2, ШБ- 2;
1. 1. 6 Дәрі-дәрмек қобдишасы
Дәрі-дәрмек қобдишасы - құрылыс нысандарында орын алған бақытсыз жағдайлар кезінде көмек көрсету үшін арналған қажетті көтеріп жүруге ыңғайлы дәрі-дәрмектер жиынтығы орналасқан қобдыйшалар немесе сөмкелер(7 -сурет) . Олар әртүрлі: металдық шкаф және текстильді футляр тәріздес болады. Аптечкалар 30- дан 50 адамға дейінгі ұжымдық көмек көрсетуге арналған [10] . Ол жердегі заттар тізімі келесі 2 кестеде көрсетілгендей орналасады:
,
Сурет 8. Дәрі-дәрмек қобдишасы
Кесте 2- Дәрі- дәрмек қобдишасы құрамындағы заттар тізімі
1. 2 Жеке қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар
Құрылыстық каскаға қойылатын техникалық талаптар.
Оларды периодты түрде тәжірибиеде тексеру арқылы қадағалап отырады. Тексеру кезінде каскаларды сыртқы түріне байланысты, ережеге сай екендігі қарастырылады, сонымен қатар олардың түрі мен өлшемін тексеру барлық
100% каскаларға қатысты. Егерде касканың қолдану мерзімі бітсе, ол қолдануға жарамсыз болып есептеледі[6] . Бұл зерттеулер арнайы зертханаларда немесе өндіріс орындарында жүзеге асуы керек. Зерттеуге барлық нысан бойынша 18 каска алынып, зерттеледі. Тексеру нәтижесі қарастырылған нысанға протокол құжаты арқылы жіберіледі. Егерде тексеру нәтижесі дұрыс болмай шықса, мұндай каскалар тексеруден қайта өту туралы құжат жіберіліп, стандарттағы ережеге сай емес деген қорытындылау құжатын алады. Каскаларды тексеру Мем Ст 17047-71 стандарты бойынша жүзеге асады, олар +17°С-тан +25°С температурада, ауа ылғалдылығы 60±20% болуы тиіс. Ал периоды және түрлік тексерулерде дәл осы стандарт бойынша жүзеге асады.
Каскалар арнайы термокамераларда 4- 4, 5 сағат желдетілуі келесі жағдайларда жүзеге асады:
-50± 2°С температурада+40± 2°С температурадаүздіксіз су шашу арқылы 20 (+/-) 2°С температурада интенсивтілігі 1/мин Әр түрлі термокамераларға үш каскадан орналастырады.
Касканың ішкі қабаты ішінен киетін шлемге қарамастан қозғалысқа икемді болуы тиіс және бастың қозғалыс жасауына қолайлы, сонымен қатар еңкейген күйде жұмыс жасауға ыңғайлы болуы шарт.
Оның иекке тағылатын бауы бекітілгенде жылдам шешілуі керек.
Каскалар тексеру кезінде вертикальді жағдайда соққы энергиясы 80 + /-0, 2Дж болатын, сонымен қатар өз кезегінде соққылардан корпута, ішкі қорғаныс қабатында шытынаулар болмауы тиіс. 50 Дж соққы энергиясында амортизация 70%-тен аспауы керек; касканың басқа максималды 5 кН соққыдан аспауы тиіс, соққы кезінде қауіпсіздік саңылауының көлемі 5 мм болуы керек.
Касканың сыртқы корпусы төрт түстен тұрады. Ақ түс-нысандағы бөлім басшысы, еңбек қауіпсіздігінің қоғамдық инспекторы, техника қауіпсіздігінің қызметкерлері; қызыл түс- мастерлер, пропабтар, энергетиак бөлімінің инженерлік- техникалық қызметкерлері; жасыл және сарғыш қызыл түс- нысандағы жұмыскерлер мен төменгі дәрежелі қызметкерлерге беріледі.
Каскалар ұйым бойынша қолданылатын болғандықтан олардың көлемі
бір бөлімде 3000 тал жасалған материалы бірдей, техникалық бір режимде
болады. Бір бөлімнен өнім көлемін 51- ден 1200 талдан 5 касканы алып, ал 1201- ден 3000- ға шекті бөлімнен 8 касканы алу арқылы есептейді.
Қаптау, белгілеу, транспорттау және сақтау.
Касканың козырегінің үстінгі жағының жоғарғы бөлігінде « Құрылысшы » - деген аты болуы тиіс.
Козыректің ішкі бөлігінде өнім өндіруші, стандарт белгісі, касканың өлшемі, шығару мерзімі ( айы, жылы, күні ) [11] .
Әрбір каска қағазбен қапталған және сыртынан полиэтиленді қабықпен немесе картон қораппен ( біріншілік қаптау), нормативтв-техникалық құжаттармен сәйкес өндірілген болуы тиіс.
Оларды қаптаған кезде өлшемдермен құрғақ ағаш( Мем Ст 2991-76), фанер(Мем Ст 5959-71) немесе картон( Мем Ст 9142-77) қораптарға салып қаптайды. Қапталған қораптардың салмағы 50 кг аспауы тиіс.
Әр қорапқа этикеткалары жапсырылып немесе келесілер жазылған қағазы болады:
өнім өндірушінің атауы; касканың түсі мен атауы; касканың өлшемі; шығарылу мерзімі: айы, жылы, күніөнімнің көлемі; қаптаушының белгісі; стандарттың атауы; ескетпелі белгілері Мем Ст 14192-77 бойынша. Олармен қоса қорапта қаптау қағазы салынуы тиіс.
Қолданушылардың келісімімен байланысты басқа да қораптарды транспорттау кезінде сақтайтын орындарға жіберіледі.
Каскалар транспорттау кезінде басқа да құралдармен бірге әртүрлі транспортармен тасмалданады, оларды механикалық бүлінулерден және атмосфералық жағдайлардан сақтауы тиіс.
Каскаларды сақтағанда қапталған күйінде, жабық орында, жылу құралдарынан 1 м арақашықтықта және тігінен түсетін күн көзінен алшақ жерлерде сақтау керек.
Өндірушінің кепілдендіруі
Каскалар өндіруші нысанның техникалық тексеруімен қабылдануы тиіс.
Өндіруші нысан каскаларға қойылатын стандарттардағы талаптарға сай шығарылғандығына, эксплуатация кезіндегі ережелерге сайлығына және стандарттардағы талаптарға сай сақталуына кепіл болуы тиіс.
Сақтау мерзімі мен эксплуатациялауда каскалар- шығарылған күнінен бастап 2 жылға жарамды.
Жұмысшының басын механикалық соққыдан, жоғарыдан құлайтын заттардан және басқа элементтердің соққысынан, судан, жоғарыда жұмыс жасағанда электрлік тогынан, монтаждау жұмысында каскалар қолданылуы тиіс, Мем СТ 12. 4. 087-84 ережесіне сәйкес жүзеге асуы тиіс.
Олар қолдану Ережесі бойынша каскаға жалғасқан респираторлар, шуға қарсы құлаққа таққыштар, көзәйнектер мен бетті қорғайтын құралдармен бірге беріледі.
Каскалар қолданылған кезде климат жағдайына байланысты болуы тиіс:
Ыстық климат жағдайында киетін жұмыстарда; Өлі табиғат жағдайында қосымша астынан шлемдер киетін жұмыстарда; Жылы матадан жасалған шлемдер киетін- суық климат табиғат жағдайында жасалатын жұмыстарда. Каскаларды жасағанда қолданылған материалдар жайында номативті-техникалық құжаттарда қарастырылып, реттелген тізімде расталып, эксплуатация кезінде олар -50°С-дан +40°С дейінгі жағдайда болуы керек.
Каскаларды жасағанда қолданылған материалдар адам ағзасына зиянды емес, бас терісін тітіркендірмеуі керек. Бұл материалдар мұнай өнімдеріне, қышқыл- сілтілерге, ыстық суға( 80°С) және дезинфекциялық қоспаларға тұрақты болуы тиіс. Олар бүкіл -50°С-тан + 40°С-қа дейінгі температуралықтағы эксплуатациялық жұмыс мерзінінде өзінің қорғаныстық қасиетін сақтауы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz