Қылмыстық жалғандық жасаудың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 ТАРАУ. Қызметтік жалғандық жасаудың қылмыстық - құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы.
Қазақстан Республикасында қылмыстық жалғандық жасауға байланысты жауаптылықты көздейтін заңнамалардың даму тарихыҚызметтік жалғандық жасаудың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы. Қызметтік жалғандық жасаудың криминалистикалық сипаттамасы.
2 ТАРАУ. Қызметтік жалғандық жасауды ашу және тергеу әдістемесі.
2. 1. Қызметтік жалғандық жасауды ашу ерекшеліктері.
2. 2. Қызметтік жалғандық жасауды тергеу әдістемесі.
Қорытынды.
Қолданылатын әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. «Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастыққа барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді»1.
«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды: оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»2, деп Қазақстан Республикасы Конституцияның 1-бабында бекітілген. Осының айғағы ретінде еліміздің мызғымас іргетасы қаланып, әлемдік деңгейде Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болып, басқа да белгілі өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең елге айнала бастадық. Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық реформаның талаптарына сай кәсіпқойлық негіздегі мемлекеттік қызмет институты дүниеге келіп, оның нормативтік құқықтық реттелуі базасы жасалып, жетілдіріліп келе жатыр. Егемен елімізді осындай жоғары деңгейге жеткізу жолындағы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси реформалар табысқа жетуде. Бірақ та, қазіргі кезде қылмыстың өсу тегі, оның ішінде экономика сферасындағы қылмыстар, елде жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелеріне жағымсыз әсер етеді. Экономикалық қылмыстық-халықтың материалдық әл-хуатының және экономиканың дамуына кедергі жасаудың бірден-бір себебі. Экономикада құқықтық тәртіп орнатпайынша даму туралы сөз айту қиын. Құқық жеке мүліктің сақтауын және дамуын қамтамасыз ету қажет. Көп жағдайларда жеке меншік пен экономика мүдделерін қорғау, қылмыс құқығы мен қылмыстық іс жүргізу құқығының араласуын қажет етеді.
Егеменді еліміздің өркендеп-гүлденуіне және жоғары дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға кедергі жасайтын мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттері мен жеке басының мүддесі «мемлекет» мүддесінен жоғары қоятын мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамдар, яғни мемлекеттік аппараттың жоқ емес. Олар тек қана тікелей материалдық зиян келтіріп қоймай, сонымен бірге азаматтардың билік пен басқарудың мемлекеттік институттарына деген сенімсіздікті туғызады. Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” заңының қабылдауымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік аппараттарда лауазымды тұлғалардың қызметтік қылмыстармен күресу өзекті болып отыр.
Қызметтік жалғандық жасау - мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар жүйесіндегі ең көп жасалынып жатқан қылмыстың түрі және қызметтік қылмыстардың ішінде кең тараған қылмыстардың бірі болып келеді. Бұл қылмыс түрі мемлекеттік аппараттың барлық саласында жасалу мүмкін. Бұның қауіптілігі қоғамға, жалпылай және жекелей алғанда азаматқа зиян келтіре отырып, мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс жасалуын бұзады. Осы қылмыстың маңызы, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамға мемлекеттік аппарат жүйесіндегі қызметтік жағдайымен берілген құқықтары мен өкілеттіктерін теріс пайдалануда. Тәжірбие көрсеткендей, экономикаға ең көп зиян әкелетін “ақжағалық” (беловоротничковые) қылмыстары, ал олармен күресу өте қиын, оңай емес. Бұл қылмыстың криминалды-әлеуметтік жағдайы мен жалпылама түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің “Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар” 13-тарауында көзделген. Яғни осы қылмыс сол уақытта терең нигативті жағдайлардың жарық көрсетілуі мен жалпы қоғамға қауіпті құбылыс-сыбайлас жемқорлық болып табылады. Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты Қазақстан Республикасыда қызметтік жалғандық жасау үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заңнамалардың даму тарихы. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайласжемқорлық және өзге де қылмыстар жүйесіндегі, қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектісі болып мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам, не оған теңестiрiлген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамдар жасайтын қылмысымен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мәселелерін қарастыру және мақсаты қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектілерінің қылмысты жасау тәсілдері және дәлелдеуге жататын мән-жайлар мәселелерін, сонымен қатар, осы қылмыстың тергеу, яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 314-бабында көзделген қылмыстың тергеу әрекетінің үлгілерін жазып көрсету ғана емес, сонымен қатар бастапқы мен келесі сатыларға жататын тергеу әрекетінін жүргізудегі тактикалық құралдарды пайдалану, ұйымдастыру шаралары мен тергеудің әр сатындағы жоспарлау ерекшеліктерің әдістемесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды жасауға тырысамын. Бірақ та ғылыми әдебиеттерге, сот және тергеу тәжірибесіне шолу нәтижесінде бұл қылмыстың жекелеген түрде де зерттеу тәсілдері жоқ екеніне көзім жетті, сонымен қатар қызметтік жалғандық жасау қылмыстың зерттеу тәсілдері құқықтық сала әдебиеттерінде тиісті деңгейде жазылмаған. Осыған байланысты бұл жұмысымда маған осы қылмысты зерттеу тәсілдерін қиынға түсуде, оған қарамастан мен неғұрлым кеңінен ұсынуға тырысам. Қарастырылып отырған проблеманың өзектілігін ескере отырып, алға қойылған мақсатқа сүйеніп, дипломдық жұмыстың негізгі міндеттерін келесідей белгіледік: 1. Қызметтік жалғандық жасау үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заңнамалардың даму тарихы. 2. Қызметтік жалғандық жасау түсінігінің мәнісін ашумен бірге объект және объективтік жағының белгілері, сонымен қатар субъект және субъетивтік жақтарын табу; 3. бұл қылмысының криминалистикалық ерекшеректірін қарастыру; 4. қызметтік жалғандық жасау қылмысының ашу мен тергеу әдістемесін зерделеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Қарастырылып отырған проблеманың өзектілігін ескере отырып, алға қойылған мақсатқа сүйеніп, дипломант зерттеудің алдына мынадай негізгі міндеттерді қоюды жөн деп санады:
- қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектілерінің қылмыстық іс-әрекеттерімен күресудің криминологиялық және қылмыстық-құқықтық мәселелері мен қылмыстық-құқықтық күрестің тәжірибесін талдау;
- қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектілерінің қылмыс жасауға мүмкіндік жасайтын факторларды анықтау және механизмін зерттеу.
Зерттеудің объектісі болып қызметтік жалғандық жасау қылмысына байланысты қоғамға қауіпті, заңға қайшы іс-әрекеттер табылады. Сондай-ақ, зерттеудің объектісіне олармен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шаралары кіреді.
Зерттеудің нәрсесін қызметтік жалғандық жасау қылмысын субъектілердің қылмыстық әрекеттермен күрес жүргізуі бойынша құқық қорғау органдарының қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңды іс жүзінде қолдануын бір мақсатқа, яғни мемлекеттік қызмет мүдделерін қорғауға бағытталған іс-қимылы құрайды.
Дипломдық жұмыстың эмпирикалық және теориялық негіздерін
шындықты түсінудің жалпы философиялық әдістері құрайды. Оларды қолдану мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы жасалатын қылмыстардың анағұрлым кең етек жаю жолдарын зерттеуге мүмкіндік береді. Дипломдық жұмысты зерттеуде осы әдістерді негізге алу бір жағынан мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы жасалатын сыбайлас жемқорлық
және өзге де қылмыстардың нақты фактілерін зерттеуге мүмкіндік берсе, ал екінші жағынан оны нақты бір тарихи (мемлекеттік билік, басқару) жағдайдағы құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің жалпы әдістемелік негізін жалпыға бірдей диалектикалық әдіс, таным құрайды. Зерттеу барысында формальдық қисынды әдісті (талдау, синтез) түрлі тәсілдерін қолдану ескерілді.
Дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдамалары мемлекет және құқық теориясы, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді.
Дипломдық жұмыстың нормативтік-теориялық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы; қылмыстық, қылмыстық-атқарушы, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік заңдары; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары; мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдары, сонымен қатар мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық-құқықтық күрестің проблемаларын реттейтін Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен Парламентінің нормативтік құқықтық актілері; мемлекеттік қызмет мүделеріне қарсы қылмыспен қылмыстық-құқықтық күрес мәселелері жөніндегі үкімет қаулылары және құқық қорғау органдарының ведомствалық нормативтік құқықтық актілері; мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар туралы мәліметтік есеп шолулары, жинақтары, құжаттары; сонымен қатар басқа да заңдар және заңнан туындаған актілер құрады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының теориялық және практикалық маңыздылығы , оның тұжырымдары мен ұсыныстары қызметтік жалғандық қылмысын жасаушы субъектілер мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдардың қылмыстық іс-әрекеттеріне сәйкес және тиімді шараларын өңдеу үшін қажетті алғышарттарды құрады. Дипломдық жұмыстың тұжырымдары мен ұсыныстары:
- қызметтік жалғандық жасау қылмысын жасаушы субъектілер мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар қылмыстармен қылмыстық-құқықтық күрес саласында қылмыстық заңды одан әрі дұрыс түсінуге мүмкіндік береді;
- қызметтік жалғандық жасау қылмысын жасаушы субъектілер лауазымды адам мен мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар қылмыстармен қылмыстық-құқықтық күрес жүргізетін құқық қорғау органдары, ұқсас, бәсекелес құқықтық нормалдарды дұрыс айыра білуі және оларды дұрыс қолдану үшін теориялық білімді толықтырады.
1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАСАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢНАМАЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
1. 1. Қазақ халқының әдет-ғұрпының сипаттамасы және мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық жауаптылығын көздейтін заңдамалардың даму тарихы.
Қазақтың әдет-ғұрып құқығын оқып-үйренуде Қазақстан Республикасының бірқатар құқық мәселелерін, соның ішінде қылмыспен күрестегі қылмыстық заңдылықтарды толық түсінудің, тәжірибелік мағынасы өте зор. «Көшпелі қағамдағы мәдениет, оның қомақты бөлігі әдет-ғұрып нормалары ерекше бір құбылыс. Олар өзгеше бір әлеуметтік кеңестіктің, қоғамдық өмірдің көріністері, сондықтан олардың параметрлері, өлшемдері мемлекет заңдарынан бөлек болатын. Әдет ғұрып құқығы нормаларын ұғынып, түсіну үшін олардың ішкі мәніне сай көзқарас, зерттеу әдісьері керек»/3/.
Қазақтың әдет-ғұрып құқығын зерттеуге байланысты бірқатар еңбектер жарық көрді. Олардың ішінен айрықша орын алатыны Т. М. Култелеевтің 1955 жылы шыққан «Уголовное обычное право казахов» атты монаграфиясы. Бұдан соң, тәуелсіздік алып, егеменді ел болғанан кейін, қазақтың әдет ғұрып нормаларына арналған бірқатар еңбек жарық көрді/4/.
«Тарихтан өткенді еске алу үшін ғана емес, сонымен қатар келешегімізді бағамдау үшін де еріксізден кешегімізге көз тікізетін тұстар бар»/5/ деп Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жолдауында атап өткен болатын. Соған орай, әр халық тарихи тұрғыдан алғанда өзінің өткендегі жолын саралау, қазіргі болмысын анықтау қажет. Бұл оның болашақта қай жолмен жүретінін аңғаруға жол ашады.
Бірақ «лауазымды қылмыстар ұғымында жүз жыл ішінде болған өзгерістер, белгілі тарихи, қоғамдық қатынастар облысындағы белгілі өзгерістер, оның ішінде тарихи аренада жаңа қоғамдық қатынастардың пайда болуы себеп болады».
«Лауазымды қылмыстардың табиғаты ұғымында болған өзгерістерді түсінуге, осы қылмыстардың тарихын оқып білу негізінде ғана жетуге болады»/6/ деп профессор Б. С. Утевский жазды.
Революцияға дейінгі Қазақстанда құқықтық нормалардың үш түрлі жүйесі қатар қолданылды. Олар - қазақ халқының әдеттік құқысы, яғни әдет ғұрып нормалары, отаршыл Ресей патшылығының нормалары, ислам діннің нормалары - шариғат заңы еді. Қылмыстық жіне азаматтық істердің бір бөлігін билер, олрдың съездері (қазақтың сол ідеттік правосының) еш жерде жазылмаған заңдары бойынша қарады. Құқықтың бұл үш жүйесі түгелімен қазақ бай-феодалдарының мүддесін қорғады. Сондықтан да қарапайым халыққа мүлдем жат болды.
Қазақ хандығының заңдары «Жарғы» деп аталды. «Қазақша жарғы әділдік деген ұғымды білдіреді /7/.
Қазақ хандығының іргетасын қалаушы хандардың бірі Қасым хан (1511-1523 ж. ж. ) жоғарыдағы саяси жағдайға және халық бұқарасы мен билер тобының тілегіне негіздеп, қазақ халқының ежелгі әдет - ғұрыптық ереже тәртіптеріне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып, билер кеңесінде ақылдаса отырып, «жарғы» заңын жасады. «Қасым ханның қасқа жолы» бір ғасырдай атқарылған соң, Жарғыға тиісті толықтырулар мен өзегрістер енгізіліп, Есім ханның тұсында Есім ханның (1598-1645 ж. ж. ) ескі жолы деп аталған.
Ел аңыздарында сақталған деректерге қарағанда, Есім ханның тұсында «Қасқа жолға» қосылған жаңалық: хан болсын, ханға лайық заң болсын; батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын; . . . деген ережелер болған екен. /8/.
Тәуке хан билік жүргізген 17 ғ. соңы мен 18 ғ. басы еліміздің рухани жетілуімен, бірлігімен және гүлденуімен ерекшеленеді. Белгілі тарихшы А. И. Левшин, «Тәукенің тұсында қазақтардың жүрегі ашық болды, мейірбандыққа толы болды» деп жазды. «Ол қазақ ордаларының ұйтқысы бола тұрып қантөгістен қажыған халқын тоқтатып, тайпаларды татуластырды, баршаны күштілерге бағынуға уағыздады, ал күштілерді өзі тоқтатып, барашаға бірдей заң шығарды» /9/ ол Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар сол заманда ислам дінін тұтанатын Күншығыс пен Орта Азияның бірсыпыра елдердегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған ислам дінінің «шариғат» заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді.
Сібір қазақтары туралы Жарғының 220 параграфында «Егер билердің негізсіз шешім қабылдауы, олардың қызмет бабын пайдаланумен ұштаса, онда оларды жауаптылық пен жазаға тарту керек» (Выписка из Устава о сибирских киргизах. 1822. 22 июня №7) деп жазылған. Осының өзі сол дәуірде мемлекеттік басқару саласындағы адамдардың, атап айтқанда билердің заңсыздығы, шешім қабылдаудағы бұрмалаушылығтарды т. б. әрекеттері үшін жауапталақ көзделгендігінің ділелі.
19 ғасырдың бірінші жартысында патшалық үкімет 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы» және 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыларын жүзеге асыру барысында қазақ жеріндегі сұлтандық және билердің басқаруын, патшалық шенеуліктердің аппаратына айналдырды. Барлық сұлтандар, билер мен ауыл старшындарына айырым белгілерін, олардың бірқатарына патшалық мемлекеттік мекемелердегі лауазымдағы шені, сонымен қатар фамилиясы мен атағы көрсетілген жеке өзіндік лауазымдық үш бұрышты мөрлер берілді.
Г. Загряжскийдің «Сборник казахского адата» деп аталатын оқулығында кінәләлердің мынадай қылмыстар үшін жауаптылығы көзделгендігі аталған: 1) өтірік қол хат 2) құжаттарға бөтеннің мөрін қою 3) өзі қойған мөрінен немесе таңбасынан бас тарту /10/.
Билер соты жалған құжаттармен байланысты істерді тек лауазымды адам болып табылмайтын адамдар жасаған кезде қарады, ал лауазымды адамдар жасаған қылмыстарды қарау жалпы империалдық соттардың қарауында болған.
1845 жылы 15 тамызда «Өкімет етуші сенатқа» атты жарлықтағы 1-тармағына сәйкес «Қылмыстық жазалар және түзеу туралы заңдар жинағы» 1846 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енді/11/. Заңдар жинағының 5 -тарауы 1 - бөлімінің 173 - бабында «Осы заңдар жинағындағы қаулылардың күші мемлекет шегіндегі барлық Ресей азаматтарына тиісті болады» сондықтан ол, қазақ жерінде де қолданылды, оның қолдану ерекшеліктері заңға 6-7 ерекше Қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылды.
Қызметтік жалғандық жасау қылмысына байланысты жоғарыда аталған заңдар жинағының 5 бөлімінде 358-ден 533-ке дейінгі баптарында «Мемлекеттік және қоғамдық қызметке байланысты қылмыстар мен қылықтар туралы» 12-тарауды қамтыды. Осы тараулардың ішінде «Қызмет бойынша жалғандық туралы» тарау белгіленіп, 390-393 баптары арналды.
Жоғарыда келтірілгендер бойынша мынадай қорытынды жасауға болады: Қазақстан аумағында мемлекеттік қызмет мүдделерін қорғау, ол үшін жауаптылықтың қалыптасуы, біріншіден, әдет-ғұрып нормаларына байланысты, халық арасындағы қоғамдық қатынастарды шешетін адамдардың( би, сұлтан, ауыл старшындары, ру басылары, құрметті адамдар) заңсыз іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық әртүрлі Ережелерде белгіленді; екіншіден, Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруімен, олардың қылмыстық кодексімен қолданылуы, сот өндірісінің іске қосылуы, әкімшілік-саяси басқару жүйесінің алмасуы әдет-ғұрып нормаларының қолданылуын ығыстырды; үшішіден, осы қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты «құжаттар жалғандығы» қылмысы да қазақтың әдет-ғұрып нормаларында орын алып, Ресей империясының осындай норманы көздейтін бабымен бірге Қазақстан аумағында қолданыста болды.
1893 жылғы билер съезінің Тоқмақ ережесінде «Қырғыз құжаттарына жалғандық үшін» кінәлілердің жауаптылығы белгіленді, олардың қатарына мыналар жатқызылды:
1. «Мал, ақша және басқа да мүлікке қол хат.
2. Ауыл старшындары, болыстық басқармалардың бұйрықтары және билердің шешімдері.
3. Ақ қағаздарға лауазымдық мөрлер қою /12/.
Құжаттар жалғандығы ұшін бұндай жауаптылықтың көзделуі, билік басындағы адамдардың пайдакүнемдік және өзге де жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттеріне тосқауыл қоюдың бір шарасы болды.
Құжаттар жалғандылығы және оларды пайдалынғаны үшін қазақтың әдет-ғұрып нормаларында мынадай шаралар қолданылды:
1) әртүрлі мөлшердегі айып;
2) бір айдан бір жыл алты айға түрмеге қамау;
3) бір айға дейін қамау.
Міне, қазақтың қылмыстық әдет-ғұрпындағы құжаттар жалғандығының орын алуы, сол кезеңдегі қоғамдық қатынастарды реттеуге соттық қағаз өндірісінің енуімен, ондағы құжаттар айналымының дұрыс деңгейде болуы, басқару саласындағы лауазымды адамдардың өкілеттігін, олардан жасалатын құжаттардың шынайы болуын қорғаудың құралы ретінде және кінәлі адамдарға жазаның түрлері қолданылды.
1. 2. Қазақстанның қылмыстық заңнамасындағы қызметтік жалғандық жасау үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделу мәселелері.
Қазақ КСР-інің Қылмыстық кодексі өзінің қалыптасуына қарай едәуір ұзақ жолдардан өтті. Автономиялы Қырғыс (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикада РКФСР дің Қылмыстық кодекстері қолданылды. Бұл мерзімде республикамызда жүйелі заңдар болмады. Қылмыс үшін жауаптылық РКФСР-дің 1922 жылғы /13/ және 1926 жылғы Қылмыстық кодекстері арқылы жүзеге асырылды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы заңнамаларық актілерінде жекелеген лауазымдық қылмыстар құрамының белгілері көрсетілмеген түрлері қарастырылды.
Лауазымдық қылмыстар туралы алғаш рет Халық Комиссарлар Комитетінің (СНК) 1917 жылы 24-қарашада «Сот туралы» декретінің 8-бабында /14/ көрсетілді, онда аса қауіпті қылмыстарды және оның ішінде шенеуніктердің қызмет өкілеттігін теріс пайдалану /15/ істерін жұмысшылар мен шаруалардың революциялық трибуналдарынық өкілеттігіне жатақазды.
Совет өкіметінің орнаған кезеңдегі қылмыстық құқық бойынша лауазымдық қылмыстардың ұғымын түсінуде ХКС-нің 1918 ж. 8-мамырдағы «Парақорлық туралы» декреті /16/ көп бағыт берді. Онда лауазымды адамдардың келесідей түсінігі берілді: «РКФСР мемлекеттік және қоғамдық қызметте тұрған адамдар».
1922 жылы РКФСР-дің ҚК 105 бабының ескертуінде «Лауазымды адамдар деп, заң бойынша белгілі құқықтары, міндеттері және шаруашылық, әкімшілік, ағартушылық және басқа да мемлекеттік міндеттері орындауға өкілеттіктері бар мемлекеттік (советтік) мекемелер мен кәсіпорындарда, сондай-ақ ұйымдар немесе бірлестіктерде үнемі және уақытша қандай да болмасын лауазымға иеленген адамдар» деп аталды. Ал РКФСР-дің 1926 ж. ҚК-інде «Лауазымды адамдар деп, заңмен белгілі міндеттері, құқықтары және шаруашылық, әкімшілік, кәсіпқойлық немесе басқа да мемлекеттәк міндеттерді орындауға өкілеттіктері бар мемлекеттік советтік мекемелер, кәсіпорындарда, сондай ақ ұйымдарда немесе бірлестіктерде үнемі және уақытша лауазымға иеленген адамдар» деп көрсетілген.
1924 жылдың қорытындысы бойынша қызмет бабындағы қозғалған ісьің жалпы саны 5380 болғанын құжаттар айқындайды. Оның басым көпшілігіірі әкімшілік орталықтар Семейде (1383 іс), Орынборда (1023 іс) жасалған.
1927 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген РКФСР ҚК үшінші тарауының, 120-бабында болып қызметтік жалғандық қылмысы белгіленді, яғни, «лауазымды адамның пайдақорлық ниетпен ресми құжаттарға біле тұра өтірік мәліметтерді енгізу, жалған құжат жасауы, тазалау немесе басқа айға күнге өзгерту, құжатты өзгертіп қолдан жасау және көрінеу жалған құжаттарды беру немесе кітапқа көрінеу жалған жазбалар жазу». Бұл қылмыс үшін мынадай жаза түрлері, яғни, екі жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру; және әлеуметтік қорғау шаралары белгіленді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz