Қылмыс субьектісі мен қылмыскер тұлғасы категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері


Мазмұны
Кіріспе3
1 . Қылмыскер тұлғасының ұғымы6
1. 1. Қылмыскердің тұлғасы: түсінігі, криминологиялық зерттеу деңгейі және қылмыскерлер тұлғасының жалпы сипаттамасы. 6
1. 2. Қылмыскер тұлғасының құрылымы және қылмыскер тұлғасындағы әлеуметтік және биологиялықтың арақатынасы21
2. «Қылмыс субьектісі» мен «қылмыскер тұлғасы» категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері34
2. 1. «Қылмыскер субьектісі» және «қылмыскер тұлғасы» категорияларының арақатынасы34
2. 2 Қылмыскер тұлғасын топтастыру және типтеу мәселелері41
Қорытынды55
Қолданылған әдебиеттер тізімі:57
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектігі
Қазіргі таңда қылмыстылық мәселесі өзіне ерекше назар аудартуда. Қылмыстылық және оны тудыратын себептерді ауыздықтамай, құқықтық демократиялық мемлекет құрұ мүмкін емес. Сонымен қатар ел басымыз Н. Ә. Назарбаевың Қазақстан халқына жолдауында “заңның шексіз үстемдігін және заңды сақтаушы азаматтарды қылмыстылықтан қорғауды орнықтыру қажет” деп айтын өткені бар. 1 Қылмыстылық өзінің шеңберінің өсуімен қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздікке және елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қауіп төндіруі сөзсіз. Демек, бұл мәселені шешу жолы ретінде қылмыстың, қылмыстылықтың негізгі себепшілерінің бірі болып табылатын қылмыскер тұлғасын жетік зертеу, оның практикалық маңызын ашып көрсету алдағы мақсаттардың бірі болып тұр.
Бұл мәселенің өзектілігі, ең алдымен, қылмыс жасаушыларды ғылыми тұрғыдан танып білмейінше қылмыстылықпен ықпалды күрес жүргізу мүмкін емес екендігінде болып отыр. Соның ішінде “қылмыскер тұлғасы” мәселесі қылмыстылықтың мәнін түсінудің кілті болып табылады десек қателеспейміз.
Қылмысты адамдар жасайды, қылмыс адамдар арасында жасалады. Сондықтан да, адам мәселесі ескі де және үнемі жаңа мәселе болып табылады. Ол ауқымды және күрделі, өйткені “адам еңбек пен қарым - қатынастың субьектісі, ол - әлемнің құрушысы және қайтақұрушысы, жердегі құндылықтардың жинақтаушысы, материя дамуының жоғарғы нысаны - қоғам өкілі”.
Қылмыстылықпен күрестің барлық сатысында, қылмыстық жауаптылыққа тартудан бастап және жазаны орындау процесімен аяқтағанға дейін қажетті шарт пен міндетті қылмыстық әрекет жасаған кінәлінің тұлғасын зерртеу болып табылады.
Қылмыскер тұлғасын зертеу жөнінде мәселе төңірегінде және
Мұндай аспектілерді Ағыбаев А. Н., Антонян Ю. М., Баймурзин Г. И., Бегалиев Қ., Блувштейн Ю. Д., Волежкин В., Волков Б., Герцензон А., Дагель П. С., Жекебаев У. С., Закалюк А. П., Карпец И. И., Кузнецов А. В., Кудрявцев В., Кайыржанов Е. І., Лейкина Н. С.,
Милюков С. Ф., Миньковский Г., Нәрікбаев М., Сейітжанов М., Стручков Н. А., және тағы басқа ғалымдар өз еңбектерінде жан - жақты қарастырған болатын.
“Адам” ұғымында оның мәнінің ажырамас әлеуметтік және биологиялық жақтарының біртұтастығы бекітілген. “Тұлға” ұғымына тек спецификалық әлеуметтік белгілер тән. Тұлға - бұл адамның әлеуметтік бет бейнесі, қоғамның әлеуметтік даму, қалыптасып және өмір сүру процесіндегі оның болмысы. Олай болса біз, “қылмыскердің тұлғасы” деген ұғымды қолданған кезде қылмыс жасаған адамның тек “әлеуметтік бейнесі” деп түсінуіміз қажет.
Қылмысты уақтылы және нәтижелі ескертуді тек қылмыскердің тұлғасына назарды аудару арқылы ғана қол жеткізуге болады. Себебі тек адам қылмыскердің себепкері. « . . . тұлға - қылмыстық мінез - құлық механизімнің барлық сатысының негізгісі және маңыздысы болып табылады . . . Сондықтан өылмыскер тұлғасы мәселесі криминология мәселелерінің ең күрделі және жетекшілерінің біріне жатады». 2
Қылмыс жасаған адамды, оның тұлғасының қалыптасу процесін, оның әрекетіндегі қоғамға қарсы бағыттылықтың пісіп жетілуіне жағдай жасайтын ішкі және сыртқы жағдайларды, әлеуметік және психологиялық факторларды зерттеу - жеке қылмыстық әрекеттің себебін едәуір толық ашуға апаратын жолдардың бірі ғана емес, сонымен бірге жалпы қылмыстылықпен күрес жүргізудің бірден бір тиімді жолы болып табылады.
Әрине, қылмыскер тұлғасын, оның қоғамға қауіптілігін, тұлғаның деформациялану деңгейін дұрыс сипаттау және бағалау үшін, ең алдымен жағымды және жағымсыз әрекеттерінің жасалуына жол ашатын барлық қасиеттерін, тұлғалық ерекшеліктерін обьективті түрде ескеруіміз қажет. Ендеше, біз қылмыс жасаған адамның бойынан жеке және жалпы белгілерге ие индивидті, қоғамның толық құқылы өкілін, біздің болсымыздың, өкінішке орай, көлеңке жағын ашатын адамды көруіміз қажет.
Қылмыскер тұлға мәселесі криминология ғылымында актуалды проблема ретінде қарастырылуы, бұл проблеменың негізгі себебі - адамдардың қоғамға қарсы мінезінің қылмыспен байланыста болуы. Қылмыскерлердің қатарына қоғамда жүрген әрбір адамды теңеуге болады, яғни сыртқы формасы заң бұзушылыққа бармайтын адамға ұқсас болса да, сол жеке тұлғаның қандай кәсіппен айналысатынын біз біле бермейміз. Сондықтан қылмыскердің қатарына біз - әйелдің қолынан сөмкесін тартып алған кәмелеттік жасқа толмаған баланы, көлікті сұраныспен ұрлайтын кәсіпті ұрлықшыларды, өзінің өлтіретін адамдарын алдын ала күтіп отырған, қандай да бір жанұяның әкесін, ешбір себепсіз өзінің туысқандарын мерт қылған сырттай момын адамды, суға өзінің туған балаларын тұншықтырған әйелді де және тағы басқа қоғамда жүрген адамдарды қылмыскер ретінде қарастыруға болады. Бірақ әрбір жеке алынған ешбір теория, ешбір формула, ешбір ғылыми ойлар, қылмыс деген атауы бар алуан түрлі мінез - құлық формаларына толықтай қанықты жауап бере алмайды.
Қылмыскер тұлғасы, оның маңыздылығына, зерттелуіне, құрылымына, типологиясына жаңаша көзқараста ғылыми теориялық және практикалық ұсыныстар беріп әрі қарай дамытуында негізделеді. ”Қылмыскер тұлғасы” ұғымының ғылыми және практикалық мәні мен маңыздылығына қатысты криминологтар арасында түпкілікті шешімін тапқан пікір жоқ. Қылмыскер тұлғасына жүргізілген психологиялық және әлеуметтік зерттеулер тынымсыз жүру үстінде. Бұл мәселеге байланысты бір - біріне қарама - қарсы екі көзқарас бар, осыларды қарастырып өз тұжырымын беруде жатыр.
1 . Қылмыскер тұлғасының ұғымы
1. 1. Қылмыскердің тұлғасы: түсінігі, криминологиялық зерттеу деңгейі және қылмыскерлер тұлғасының жалпы сипаттамасы.
Қылмыскер тұлғасы, оның түсінігі, құрлымы, қылмыс жасаған адамның әлеуметтік мәнін білдіретін қазіргі криминология мәселелерінің бірі ретінде жетекші құқықтанушылардың басым көпшілігімен негізделген түрде қарастырылуда.
Қылмыскер тұлғасы туралы мәселе криминологиядағы біршама күрделі және түрлі талас тудыратын мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің маңыздылығы ең алдымен қылмыс адам қылығының әрекеті және әрі нақты адамның еркін білдіруі ретінде, оның өзіндік сипатының және ерекшелігінің мәндік жағынан шығады.
Сонымен қатар, қылмыс жасаған адамның тұлғасы қылмыстық саладағы көптеген ғылымдардың мұқият зерттеу обьектісі болып табылады. Криминологиялық зерттеу обьектісі болып: қылмыс жасаған жекелеген адамдар; қылмыскерлердің әртүрлі контингенттері (кәмелеттік толмағандар, рецедивистер) ; қылмыскерлердің әртүрлі криминологиялық типтері табылды. Ал, міндеті - қылмыстылыққа және қылмысқа жақын себептік байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін, себептік кешендерді, тізбектердің сипаттамалар шеңберін жіктеу болып табылады. Қылмыскер тұлғасының ерекшекліктерін зерттеу, “криминология”ғылымы қалыптасқан тұтастай ғылыми бағытты тудырды. Сондықтан да, бірде бір криминолог қандай да бір мектептің өкілі болмасын, қандай да бір бағыт ұстанбасын, ол қылмыс жасаған адаммен байланысты мәселеге көз жұмып өтіп кете алмайды. Ол адамды қысқаша “қылмыскер” деп атайық. Бұл түсінік формальды түрде қолданылады және ол адамның ешқандай ерекше қылмыстық бейнесін көрсетпейді және оның қылмыс жасау фактісін білдірмейді. 3 Бұл ұғымды туа біткен қылмыскер идеясының жақтастары қолданатын “ қылмыстық адам “ұғымынан ажыратып қарау керек.
Қылмыскер тұлғасы. Бұл сөздің астында не жатыр ? Бұл ұғымының әр түрлі анықтамалары бар, криминологиялық ілім тұлғаны біртұтас адамның әлеуьетік сапасын білдіретін құрылым ретінде қарастырудан бастау алады. Тұлға қоғамдық қатынастар процесінде қалыптасады, яғни ол адамның әлеуметтенудің жемісі. Оның үстіне, адам әлеуметтік және биологиялық бастаулар бірге болады. Әлеуметтік пен биологиялық бастаулар бірге болады. Әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасында биологиялық әлеуметтілікке бағыныштылық қатынаста болады және ол “адам бейнесі “ түрінде көрініс тапады. Биологиялық өзінің бойында адамның генетикалық және әлеуметтік байланысын шоғырландырса, әлеуметтік тек маңызды әлеуметтік белгілерді қамтиды. Жеке тұлға ішкі жан дүние (сана) мен сыртқы (қызметінің) жиынтығы болып табылады. Жеке тұлғаның мәнін бұлай анықтау философияда бұрынан қалыптасқан. Адамның тұлғасы оның әлеуметтік ортамен оның өмірлік қызметі байланысының арақатынасы арқылы көрініс тапқан әлеуметтік - психологиялық қасиеттер мен сапалық белгілер жүйесін білдіреді.
“Адам” ұғымында оның мәнінің ажырамас әлеуметтік және биологиялық жақтарының бір тұтастығы бекітілген. Тұлға - бұл “адамның әлеуметтік бет бейнесі”, қоғамдағы әлеуметтік даму, қалыптасып және өмір сүру процесіндегі оның болмысы. Олай болса біз, “қылмыскердің тұлғасы” деген ұғымды қолданған кезде қылмыс жасаған адамның тек “ әлеуметтік бейнесі” деп түсінуіміз қажет.
Тұлға дегеніміз кім ? Бұған байланысты келесі парадигмалар бар: Тұлға - әлеуметтік қатынастар субьектісі ретіндегі индивид ; индивид тұлға болады. Қылмыскер тұлғасы - индивидтің қылмыс жасау сипатында көрінетін психикалық ерекшеліктер жиынтығы.
Тұлға - бұл қоғамдық қатынастар жиынтығы, бұл марксистік көзқараста тұлға қоғамдық қатынастар субстраты ретінде қарастырылады. 30 - жылдардағы дискуссия нәтижесінде криминологияға тиым салынған болатын. 1965 жылы дәл осындай мәжілісте кеңес криминологиясын жаңғырту ұсынылды. “ Введение в криминологию” деген кітап шықты бірақ, онда қылмыскер тұлғасы туралы сөз жоқ болған, себебі 30-шы жылдағы мәжіліс қылмыскер тұлғасына қатысты мәселелерді, соның ішінде ломброзияндық қайта көтерілген болатын, себебі тұлға сөзіне мүлдем тиым салынды. Тұлға сөзі кейіннен ғана айтыла бастады. Тұлға - қоғамдық қатынастар жиынтығы, бұл белгілі бір дәрежеде дұрыс, бірақ, тұлға туралы барлық нәрсе осымен айтылып қоймайды.
Тұлға - бұл индивидуалдық, қайталанбастық. «Адам» және «персона (тұлға) » түсініктері ажыратылады. Адам ұғымы кең деп саналады, себебі кез келген адам тұлға емес, керісінше кез келген тұлға адам.
Қылмысты жасау фактісі тұлғаны ( антиобщественный ) қоғамға қайшы сияқты сипаттайды. Бірақ ол бүкіл оның мазмұнын аша алмайды және түсіндірмейді. Қылмысты жасаған тұлғаны қарағанда К. Маркстың айтуынша тек қана құқықбұзушы ретінде қарастырмай, оны одан да тереңірек ойлар қарастыруымыз керек. Яғни, « құқықбұзушыны мемлекет адам ретінде көруі тиіс . . . , жүрегі бар, мемлекеттің тірі бөлшегі ретінде; Отанды қорғайтын әскер ретінде; Сот тындайтын қандай да бір куә ретінде; қоғамдық функцияны атқаратын қоғам мүшесі ретінде; жанұя басы ретінде, және ең өзектісі болып - мемлекеттің азаматы ретінде көруі тиіс » - дейді.
60 - шы жылдардың аяғында И. И. Карпец «қылмыстық құқық үшін «қылмыс субьектісі» деген өзінің мазмұны бойынша да өте дәл және дәстүрлі түсініктің толықтай жеткілікті» екендігін туралы пікірін айта отырып, осылайша «қылмыскер тұлғасы» деген түсінікке қарсы шыққан болатын.
Криминологияда қылмыскер тұлғасы ретінде қоғамға қауіпті әрекет жасаған кінәлі адам тұлғасын түсінеді. А. А. Герцензон: «Қылмыскер - индивид, нақты өмірлік жағдайға байланысты ондағы қоғамға қарсы аморальдық көзқарастарының барына байланысты қоғамға қауіпті әрекет жасаған» деп анықтама береді. Профессор Н. С. Лейкина өз алдына: «Қылмыскер тұлғасы - бұл осы адамға тән қоғам мүдделеріне жағымсыз көзқарастарының және оны шешу үшін қоғамға қауіпті жол таңдау немесе оның нәтижелерін тойтаруға деген белсенділік танытпау нәтижесінде қылмыс жасаған адам тұлғасы».
И. И. Карпец және В. Б. Сахаров сынды профессорлар: «Қылмыскер тұлғасы ретінде қылмыстық заңды бұзған кінәлі адамды сипаттайтын әлеуметтік және әлеуметтік маңызды қасиеттер, белгілер, қатынастар жиынтығы және оның қоғамға ғауіпті мінез - құлқына әсер ететін басқа да мән жайлар мен шарттардың ұштасуын түсінеді».
Біздің ойымызша, Н. С. Лейкинаның қылмыскер жеке тұлғасына берген анықтамасы біршама тереңірек және нақтырақ болып табылады. Ол жерде «қылмыскер тұлғасының» түсінігі қасақана қылмыс жасаған адамдарды да, ситуациялық алдын ала ойластырмаған адамдарды да, және абайсызда қылмыс жасаған адамдарды да қамтиды.
Қылмыскер тұлғасы қылмыс субьектісінің әлеуметтік - демографиялдық, әлеуметтік - рөльдік, әлеуметтік - психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде зерттеледі. Қылмыскер тұлғасына қатысты оның бойындағы әлеуметтік және биологиялық ара қатынас қарастырылады.
Қылмыскер тұлғасын қалған басқа адамдар көпшілігінен ажыратып көрсету құқықтық және әлеуметтік (әлеуметтік - психологиялық ) критерийлер негізінде жүзеге асырылады. Қылмыскер тұлғасын тек құқықтық критерий тұрғысынан анықтау, оны қылмыс жасаған ретінде қарастырады. Бірақ, мұндай тұрғыдан қарау тавтология элеметтерін көрсетеді. Қылмыскер тұлғасының мұндай түсінігі «формальді сипатқа ие».
Сондықтан, құқықтық критерий қажеттілік жағдайында әлеуметтік критериймен (әлеуметтік - психологиялық ) толықтырылуы керек, оған сәйкес қылмыскер тұлғасына қандай да болмасын қоғамға қарсы бағыт (бағдар) немесе жекелеген қоғамға қарсы сипаттар белгілі бір дәрежеге тән.
Бұл жағдай тек кәсіптенген қылмыскерге ғана емес, сондай - ақ абайсызда немесе аффект жағдайында қылмыс жасаған адамға да қатысты. Аталғанға қылмыстық заңды бұзбаған, бірақ өздерінің қоғамға қарсы әдеттерін көрсеткен, мысалы, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, қылмыстық жолға түсуі мүмкін адамдарды да зерттеу кіреді. Яғни, жоғарыда аталған мағынадағы қарастырылып жатқан ғылым саласының ескерту шараларына құқықбұзушы тұлғасымен қатар, басқа да адамдар категориясы кіреді. Жалпы алғанда тұлғалық қасиеттер туралы барлық және жеке қылмыс субьектілеріне қатысты олардың қылмыс себептеріне қатысты маңызды мәліметтерді құрайды, ал өз алдына жаңа қылмыстарды ескерту шараларын тандауда қолданылуы мүмкін.
Қылмысты уақытылы және нәтижелі ескертуді тек қылмыскердің тұлғасына назарды аудару арқылы ғана қол жеткізуге болады. Себебі, тек адам қылмыстың себепкері. « . . . тұлға - қылмыстық мінез құлық механизімің барлық сатысының негізгісі және маңыздысы болып табылады . . . Сондықтан қылмыскер тұлғасы мәселесі криминология мәселелерінің ең күрделі және жетекшілерінің біріне жатады».
Тіліміздегі «тұлға, жеке тұлға» ұғыидары «адам, . . . қандай да бір қасиеттердің иесі . . . немесе «бір адамға тән, оның жеке тұлғалығын білдіретін қасиеттер жиынтығы . . . », «қоғамда жеке адам индивидуум . . . » деп анықталады. «Жеке тұлға» дегеніміз адамның мінез - құлқындағы, іс әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. «Қылмыскер» сөзімен «қылмыс жасаған адамды» (жеке мағынада) немесе «қылмыс жасаған немесе жасап жатқан адамға тән оның даралығын құрайтын қасиеттер жиынтығы»4 деп көрсетуге болады.
Криминологтар бұл қасиеттер жиынтығын қылмыстық істерді тергеу мен қарау үшін пайдаланады, сондай - ақ индивидуалды ескерту әдістемесі мен негізін жасау кезінде зерттейді. Нақты бір қылмыскерге ғана тән қасиеттер мен сипаттарын зерттеп, оған байланысты оның қылмыстық әрекетінің себебін айтуға болады, алайда бұл тұрғыдан қылмыстың жалпы себептерін анықтау мүмкін емес. Сондықтан, қылмыскердің тұлғасын топ деңгейінде және «қылмыс субьектісінің» жиынтығы ретінде бір тұтастай, яғни типологияны пайдалана отырып зерттеу қажет. Мұндай зерттеуде жасаған қылмысының ұқсастығына және қылмыстық әрекет субьектісінің жеке қасиеттерінің мазмұнына байланысты қылмыскерлердің категориялары мен типтері зерттеледі. Осылайша, қылмыскердің тұлғасы - бұл адамды және оның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтары мен көріністеріндегі әлеуметтік маңызды және индивидуалды белгілердің, қасиетердің сапалық белгілердің және басқа да көрсеткіштердің белгілі бір жиынтығы немесе олардың жүйесі болып табылады.
Қылмыскер тұлғасын зерттеу ең алдымен ол қылмыс субьектісі бола алады ма, қылмыс құрамын бекіту үшін және қылмысты дәл саралау үшін маңызды роль атқарады ма; және қылмыс құрамының белгілерін мәнді белгілерін анықтауға көмектеседі. Қылмыскер тұлғасын зерттеудің басты бағыттары болып келесілер табылады:
- кінәлінің әрекетінде қылмыс құрамын анықтау;
- жауаптылық сипаты мен дәрежесін белгілеу;
- жазаны индивидуализациялау;
- сотталғандардың түзелу және қайта тәрбиелену дәрежесін анықтау;
- құқықбұзушылықпен күресте қоғамның қызметі;
- кінәлімен қылмыс жасауға түрткі болғаны себептер мен шарттарды анықтау және жою;
- соттық және тергеу материалдарын жалпылау;
Сонымен қатар қылмыс жасаған адам тұлғасын қарастырғанда заң оның қылмыстық әрекетінің жеңілдететін және ауырлататын жақтарын нақты қылмыстың жасалу себептері мен шарттарын анықтау мақсатында зерттеу қажет. Осылайша, құқық қорғау органдары қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу барысында және нақты қылмыскердің қылмысты жасауы себептері мен шарттарын зерттеуі қажет. Қылмыскер тұлғасы - бұл оның қылмыс жасауға итермелеген оның кінәсін ауырлататын немесе жеңілдететін жеке қасиеттерінің жиынтығы. Қорыта келе, айтып өтетін нәрсе криминологияда қылмыскердің тұлғасында басты болып - оның қылмыстық мінез - құлқын тудыратын ортамен немесе қылмыс алдындағы жағдаймен байланысты қоғамға қарсы қалыптасу сипатындағы механизмдері, нысандары, жолдары, қайнар көздері, мәні және табиғаты болып табылады, яғни қылмыс жасау себебін түсіндіруге мүмкіндік беретін қылмыскер туралы барлық мәлімет. Мұндай зерттеу нәтижелері қылмыстарды ескерту және алдын алу мәселелерінің криминологиялық қарсы шара қолдану жұмыстарына негізгі болып табылады.
Статистика, ғылым ретінде өмірдегі көптеген жағдайларды жинау, анализ шығаратын мөлшерлі мәліметтер жиынтығы ретінде қалыптасқан. Яғни қылмыскер тұлғасының криминологиялық мінезін, психологиялық жақтарын, қылымыстық құқықтың беогілерін, әлеуметтік - демографиялық және т. б. қылмыстар туралы жинақтары барлық қылмыс жасаушыларға тән болып келеді. Мысалы: әрбір бесінші қылмыс маскүнемдік жағдайында жасалады, сондай ақ адам өлтірудің ішінде 50 - % ( пайызы) болып тұрмыстық аясында жасалады, ұрлықтың көптеген түрі мүліктік қылмыстардың құрамында кіреді - деген сияқты қалыптасқан мәліметтер тек қылмыстардың көлемдік жағын ғана емес, сонымен қатар қылмыскерлердің қылмысты жасау типтерін одон әрі зерттеуге мүмкіндік береді.
Басқаша айтқанда осындай статистикалық мәліметтерді ала отырып қылмыстардың белгілі бір түрі қаншалықты түрде дамыған, сол қылмыстың түрінің әлеуметтік типтерін зерттеп дамыту үшін қажет. Мысалы: Қазақстанда 2005 жыл бойынша тіркелген 146347 қылмыс соның ішінде 63141 ( яғни 43, 5%) ұрлық дәрежесіндегі қылмыстар болып отыр, ал 30 % пәтерлік ұрлықтар санын алып тұр. Осыған орай бірінші кезекте пәтер ұрлықтардың қалай жасалатынына мән беруіміз қажет. Ер адам мен әйел адам салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ 70 - 30 %, ересек пен кәмелетке толмаған балалар бойынша 91 - 9 %, ( первичный ) бастапқы және рецидивті 88 - 12 % және т. б. құрайтын болса бұл мәліметтердің пайдасы бірінші кезекте қандай типті адамдармен профилактикалық жұмысты жүргізу қажет екенін анықтау, оның нәтижесін білу. Яғни, осының нәтижесінде бізде мынадай сұрақ туындауы мүмкін: ҚР -да жыл бойына қылмыстардың қандай түрі көпшілікті таралған және оның қоғамға қауіптілігі қаншалықты дәрежеде болып отыр, яғни бұл мәліметтер негізінде қылмыстардың таралғандығын, сондай ақ қылмыскерлердің типтерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Соңғы 14 жылдағы пайдақорлық - золық қылмыстарды жасаған тұлғалар саны
үлесі
%
үлесі
%
үлесі
%
үлесі
%
1990
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2
4
8
16
5
93
100
83
73
73
42
35
-
-
0
0. 07
0
0. 2
0. 06
1. 3
1. 5
0
1
0. 9
0. 5
0. 4
0. 2
0. 1
1275
1321
1621
1928
1892
1793
1908
1965
2219
2245
2406
2560
1954
1641
27. 8
24. 5
26. 4
24. 6
25
25. 6
29. 5
34
31. 2
29. 4
29. 5
30. 1
30. 6
26. 5
3316
3815
4502
5282
4884
4173
3619
3203
4072
4476
4800
5029
4471
4075
72. 2
70. 9
73. 5
67. 5
64. 5
59. 5
56. 1
55. 4
57. 3
58. 7
59
59. 3
59
63. 8
228
243
350
598
784
946
822
610
735
831
881
854
632
573
0
4. 5
0
7. 6
10. 4
13. 5
12. 7
10. 5
10. 3
10. 8
10. 8
10. 0
9. 9
9. 3
4821
5383
6481
7824
7565
7005
6449
5861
7099
7625
8129
8474
7057
6289
Топ болып жасалған пайдақорлық - золық қылмыстарды жасаушы тұлғалардың «топ болып тонауды 91, 5 % - ы - ер адамдар болса, 8. 5 % -ы - әйелдер; топ болып жасаған қарақшылықты - 98, 4 - ерлер болса, 1, 6 % - ы әйелдер; топ болып қорқытып алушылықтың - 99, 6 % - ы ерлер, 0. 4 % - ы әйелдер болған». Демек, топ болып пайдақорлық - зорлық қылмыс жасаушылардың басым бөлігі ерлер болса, ерлермен бірлескен топта сотталған әйелдер, көбіне, қылмыс жасаушыларға көмектескен, не қылмыс жасауға арандатушы болған, кейде өздері де қылмысқа тікелей қатысқан. Тіптен топ басқарған әйелдер де кездеседі.
Әйел басқарған топтың қылмысы, әдетті, алдын ала мұқият дайындалады. Мысалы, 1998 жылғы 20 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында « Айви » шағын кәсіпорынның төрт қызметкері ұсталған, ол топты әйел басқарған. 5
« Іс қимылдың неге криминалдық вариантын таңдады » деген сұрақ жалпы детерминацияны емес, нақты себептілікті талдауды керек етеді. Оған жауап беру үшін қылмыскердің әлеуметтік сипаттамалары - қылмыскердің жеке басы зерттеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz