Ата - аналардың психологиялық мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
6
Кіріспе . . .: 1 Ата-ана мен бала арасындағы қатынастарды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспекттері . . .
6: 8
Кіріспе . . .: 1. 1 Бала тұлғасының қалыптасуындағы отбасының әсері . . .
6: 8
Кіріспе . . .: 1. 2 Отбасындағы өзара қарым-қатынас типтері . . .
6: 11
Кіріспе . . .: 1. 3 Мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қатынас әлеуметтік психологиялық мәселе ретінде . . .
6: 16
Кіріспе . . .: 1. 4 Дамуында кемшілігі бар балаларды оқытуды қалыптастыру және қайтадан орнына келтіру әдістері мен ұйымдастырылуы . . .
6: 24
Кіріспе . . .: 2 Мүмкіндігі шектеулі балаларға ата-аналардың қатынасын зерттеуді ұйымдастыру . . .
6: 30
Кіріспе . . .: 2. 1 Зерттеуді әістемелік қамтамасыздандыру . . .
6: 30
Кіріспе . . .: 2. 2 Зерттеуді ұйымдастыру . . .
6: 34
Кіріспе . . .: 3 Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы мен қалыпты балалардың ата-анасының өз перзенттеріне қатынасының ерекшеліктері . . .
6: 36
Кіріспе . . .: 3. 1 Қалыпты балалардың әкесі мен шешесінің өз перзенттеріне деген қатынасына салыстырмалы шолу . . .
6: 36
Кіріспе . . .: 3. 2 Мүмкіндігі шектеулі балалардың әкесі мен шешесінің өз перзенттеріне деген қатынасына салыстырмалы шолу . . .
6: 43
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
6: 54
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
6: 57
Кіріспе . . .:
6:

Кіріспе

Отбасы немесе жанұя - қоғамның бөлінбес ұясы, және оның мәнін өзгерту мүмкін емес. Жанұясыз бір де бір ұлт, бір де бір қандай болсын өркениетті қоғам өмір сүрген емес. Сондай-ақ, қоғамның көз жетерлік болашағын да жанұясыз елестетуге болмайды. Әр адам үшін отбасы - бастаулардың басы. Бақыт деген ұғымды әр адам өз отбасымен жалғайды: өз үйінде бақытты болған адам ғана бақытты деп саналады.

Отбасының классикалық ережесін алсақ, отбасы - бұл әр мүшелері некемен, ата-аналық және ұрпақтық парызымен, тұрмысымен, жалпы бюджеті және өзара ізгі жауапкершілігімен байланысқан кішігірім әлеуметтік топ болып табылады. Отбасы - ең көне әлеуметтік институттардың бірі. Ол некеге қарағанда, күрделі қатынастардың жүйесін құрайды. Өйткені, отбасы ерлі-зайыптылар мен олардың балаларын ғана емес, басқа туыстарын немесе жақындары мен керекті адамдарын да біріктіреді [1, 2] .

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуі, көбінесе, олардың сезімдері мен тәртіптерінің кері әсерінен қиындайды. Бұл ауытқушылықтар баланың ерте кезден көп уақыт бойы емдеу мекемелерінде болуынан, оның отбасында алған теріс тәрбиесінен туындайтын кемістіктер және әлеуметтік құлдыраулар ретінде қалыптасады. Осындай кемшіліктері бар балалардың тәртібі мен мінезінің бұзылуы, олардың орталық нерв жүйесінің органикалық әлсіреуіне де байланысты [3, 4, 5] .

Бала миының ерекшелігі болып, оның азғантай кемістіктері белгілі бір жердің аумағынан асып, орталық нерв жүйесінің даму (жетілу) процесіне кері әсерін тигізуі табылады. Ал қатты бұзылу кезінде, оның іздері көп жылдарға созылады, кейде өмір бойына созылуы мүмкін. Баланың әрі қарай дамуы орталық нерв жүйесінің потологиялық жағдайына байланысты жүреді. Егер ертерек емдеу және түзету-оқыту жұмыстарын ұйымдастырмаса, онда баланың психикалық дамуы қалыс қалады.

Нәтижесіздікті әрқашан уайымдау, адамның патологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады - әртүрлі қызметтен бас тарту, енжарлық, іштей тынушылық, шабуыл жасау немесе, керісінше, үлкендердің немесе күштілердің алдында жағымпаздану. Басқаның пайдасына жарау, келеңсіздік, ашушаңдылық осыдан пайда болады.

Жайсыз баланың сатылы дамуы мен ондағы бар кемістіктердің түрі жанұядағы баламен жұмыс істеу спецификасын, және де дефектологтың (немесе психологтың) жанұямен психотерапиялық жұмысын талап етеді [6, 7] .

Отбасы өз баласының жеке қасиеттерін әрқашан түсіне бермейді, баланы тым көтермелеп немесе тым басып, оның қабілеттерін толық бағаламайды. Кейбір ата-аналар ұсынылған емдеу-тәрбиелеу шараларына теріс қарайды, баламен жұмыс істеу нәтижесіне сенбейді. Олардың біреулерінің ықыласы жоқ болса, екіншілерінің баламен жұмыс істеуге қабілеттері жетпейді. Баламен жұмыс істегісі келетін, оған жағдайлары да бар, бірақ шын мәнінде қандай іс-әрекет қолданатынын білмейтін ата-аналар да бар. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі дефектолог (немесе тәрбиелі психолог) және де мектепке дейінгі мекемелердің оқытушылары ата-аналармен жұмыс жүргізіп, ал кейде жанұяларына психотерапиялық көмек көрсетіп тұрулары керек. Оқытушылар ата-аналарды жиналысқа шақырып, жеке түсінік беріп, көпшілік шараларын, мерекелер, жеке және топтасқан сабақтар ұйымдастырып, тақырыпты стендтер және тағы басқаларын ресімдеп тұрғандары дұрыс.

Осы дипломдық жұмыстың жаңашылдығы соңғы кездерде мүмкіндігі шектеулі балалар саны көбейіп бара жатыр. Сондықтан осы жағдайға көмек жасау үшін арнайы мектептер ашылуы тиіс. Егер бала жай мектепте оқи берсе де, ол балаларға мұғалім жағынан, психолог жағынан ерекше назар аударылуы керек. Сонымен қатар тек қана баламен емес, ата-аналармен тығыз жұмыс атқарылуы керек.

Зерттеу объектісі ретінде ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастар жүйесі болып келеді.

Берілген зерттеуіміздің пәні ата-ананың мүмкіндіктері шектеулі балаларына қатынасының ерекшеліктері болып келеді.

Жоғарыда аталған мәселе бойынша әдебиеттерді талдаудың негізінде біз келесі ғылыми тұжырымды дәлелдеуді ұйғардық:

  1. Көп жағдайда, мүмкіншілігі шектеулі баласы бар ата-ана өз перзентінің халын қабыл алмауға бейім.
  2. Осының салдарынан баланың қабілеттерін жоғарлатып, баланың қабілетіне сай келмейтін талаптар қояды.
  3. Бұл ата-аналардың баласына тигізетін ықпалын саналы түрде сезе алмайтындығынан туады.

Осыған байланысты біздің жұмысымыздың мақсаты мүмкіншілігі шектеулі балалары бар отбасындағы бала мен ата-ананың қарым-қатынасының ерекшеліктерін айқындау болып келеді.

Зерттеу мақсатының барысында, диплом жұмысының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) бала мен ата-ананың қарым-қатынастарының мәселелері туралы әдебиеттер жіктеуі;

2) мүмкіншілігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарының қарым-қатынастарының мүмкіншіліктерін анықтау;

3) ата-аналарының жағдайы дұрыс балалар мен мүмкіншілігі шектеулі балалардың арасында салыстырмалы анықтама жүргізу.

Берілген жұмысымызда қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес эмпирикалық материалдарды жинау үшін біз келесі психодиагностикалық әдістемелердің батареясын құрастырдық.

  1. «Ата-аналар мен балалар қатынасы» (PARI) сауалнамасы.

«Ата-аналар мен балалар қатынасы» (PARI - parental attitude research instrument - ата-аналар нұсқаларын зерттеу әдістемесі) сауалнамасы ата-аналардың отбасы өмірінің түрлі жақтарына қатынасын зерделеу үшін арналған. Әдістемеде ата-аналардың балаларға және отбасы өміріндегі қатынасының 23 түрлі аспектісі көрсетілген. Олардың 8 белгісі отбасылық рөлге қатынасын тізімдейді, ал 15-і ата-аналар мен балалар қатынасына арналған. Бұл 15 белгі келесі 3 топқа бөлінеді:

2. Ата-аналар қатынасының сауалнамасы (ОРО) .

Ата-аналар қатынасы туралы сауалнама бала тәрбиелеу мәселесі бойынша психологиялық көмек сұраушылар үшін психодиагностикалық құрал ретінде жұмсалады. Ата-аналар қатынасы түрлі сезімдер мен ересек адамдардың балаларға деген қатынас жүйесі ретінде түсініледі. Психологиялық көзқарас бойынша ата-аналар қатынасы - бұл өзіне рационалды, эмоционалды компоненттер қосатын, балаларға деген қатынас бойынша педагогикалық әлеуметтік нұсқама. Бұлардың барлығы сұрау парағының көмегімен бағаланады. Сұрау парағының 61 уағыздамасы ата-аналар қатынасының түрлі аспектілерін айқындайтын 5 көрсеткішті қамтиды:

3. А. М. Эткиндтің ТҚТ әдістемесі. Оның негізінде түстер мен адамның белгілі бір түсініктерге қатынасы арасындағы тығыз ассоциативті байланыстың болуы жайлы теориялық тұжырым жатыр.

Түстік қатынастар тесті клиникалық-диагностикалық әдіс болып табылады, ол саналы біршама бейсаналық деңгейде бейнеленетін адамның маңызды деген ұғымдарға қатынасын зерттеуге арналған. Сонымен қатар бұл тест көмегімен адамның қоршаған заттарға, құбылыстарға қатынасын анықтауға болады.

Жұмысымыздың негізінде В. Н. Мясищевтің қатынастар концепциясы, Б. Г. Ананьевтің психикалық құрылымының деңгейі және күрделілігі, бейнеленудің бейнелік табиғаты туралы ойлары және А. Н. Леонтьевтің тұлғаның мағына құрушы сезімдік жасушалары туралы идеялары, отбасындағы қатынастарды түсінудегі жүйелік бағыттың негізгі қағидалары жатыр.

1 Ата-ана мен бала арасындағы қатынастарды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспекттері

  1. Бала тұлғасының қалыптасуындағы отбасының әсері

Дәстүрлі түрде тәрбиенің басты институты отбасы болып табылады. Отбасында бала балалық шағынан нені үйренсе, меңгерсе соны өмір бойы сақтап өтеді. Тәрбиенің басты институты отбасының маңыздылығы бала өмірінің жарты бөлігінде отбасында болады және өзінің ұзақтылығының жеке басқа әсер етуіне байланысты отбасын басқа тәрбие институттармен салыстыруға келмейді. Онда баланың жеке басының қалыптасуының негізі жатыр және бала мектепке барар кезге дейін, біршама жеке басы қалыптасып толықтырыла түседі. Отбасының тәрбие факторларының теріс және жақсы жақтары кездесуі мүмкін.

Жақсы жағын айтар болсақ, баланың жеке басының әсер етуінде ең жақын адамдары, отбасындағы адамдар, яғни анасы, әкесі, атасы, әжесі, ағалары, әпкелері сияқты баланы ешкім қатты жақсы көрмейді. Және оны солар сияқты ешкім сондай жақсы күтпейді. Басқа әлеуметтік институттар бала тәрбиесіне осындай потенциялдық зиян келтіре алмайды [1, 2, 8, 9] .

Отбасындағы тәрбиеге осыншама көп уақытты бөлгендей басқа институттар соншама уақыт бөле алмайды. Отбасы ұжымның ерекше отбасы бұл ұжымның түп тамыры тәрбиеде. Отбасы ұзақ уақыттық және маңызды рөл атқарады. Егер анасы мазасыз болса, баласы да сондай мазасыз болып өсетіні кездеседі. Бұндай ата-аналар балаларына көп мән бере бермейді. Онда от басында бірлік болмайды. Кішкентай сәл нәрсеге ғана шыдамай, шыдамайтын әкесі. Өзінің баласына теріс тәрбие беріп жатқанын байқамай қалуы мүмкін. Отбасындағы тәрбие берудің ерекшелігінде жағымды жағдайды көбейту, жағымсызды азайту, отбасындағы тәрбиенің балаға әсері етуінің қалай әсер ету туралы сұрақтар туындайды. Ол үшін отбасы ішінде тәрбие жөнінде мән беретін әлеуметтік факторларды нақты анықтап алу керек.

Кішкендай адамды тәрбиелеудің ең бастысы ата-ананың балаға деген адамгершілік байланысы жан тәнімен баланың жағдайыннан тәнімен баланың жағдайын бірігіп бірлікте түсіне білу жетістігі. Ата-аналар ешқашан бала тәрбиесін жіберіп алмау керек. Есейген баласын өзбетімен жалғыз қалдыруға болмайды.

Бала тек от басында ғана бірінші өмірінің жартысының тәжірибесін меңгереді. Алғашқы рет бақылау жасайды және әртүрлі жағдайда өзін қалай ұстау керек екенін білетін болады. Ең маңыздысы балаға біз нені үйретеміз, яғни үлкендердің нақты мысалдары теориясы практикасымен сәйкес келе бермейді. (Егер әкесімен анасы балаға өтірік айтуға болмайды деп жүріп өздері жалған сөйлесе, бала бұны көреді. Бірақ бұдан кейін берілген тәрбие текке кетуі мүмкін) . Әр ата-ана баласының қандай жолмен тәрбие алғандығы жөнінде көреді. Ата-аналар келіспеушілігі жағдайы - бала тәрбиесіндегі әртүрлі себептері болуы мүмкін. Ата-аналардың бірінші мақсаты - бір-бірін сендіріп ортақ шешім табу. Егер компрамисияға баратын болса онда міндетті түрде негізгі талаптар жағы қанағаттандырылықтай болуы керек. Бір ата-ана шешім қабылдайтын болса, онда ол, екінші адамның позициясын міндетті түрде ескеру керек [10, 11] .

Екінші міндеті - ата-аналардың бір-біріне қарама-қарсы келулерін балаға көрсетпеуге тырысу керек. Яғни баласыз бұл сұрақтарды талдауға болады. Балалар айтылған сөзді ата-аналар арасындағы іс-әрекетті тез бойына сіңіріп алып қайталайды. Жалқаулық, жаман оқу, тыңдамау және т. б. жақтарын меңгеріп алады. Ата-аналар шешім қабылдай отырып, ең алғашқыда өздерінің көз қарасы бойынша бала үшін маңызды болатын жағдайды шешуді ескеру керек. Үлкендер мен балалардың қарым-қатынас жасауынан қарым-қатынас принципі қалыптасады.

Бірінші. Бала қандай болды, сондай болып қабылданады. Баланы қабылдау.

Екінші. Эмпатия (уайымдау) - үлкендер баланың проблемасын көреді, оның позициясын қабылдайды.

Үшінші. Конгруэнтность болып жатқан жағдайға үлкендер адекваттық қарым-қатынасты тудырады. Ата-аналар балаларын әдемі болмаса да, ақылды болмаса да, көршілері шағым жасаса да қандай да болмасын жақсы көреді. Баласы қандай болса да солай болып қабылданады (шексіз махаббат) . Ата-аналар оны яғни өздері күткендей болатын кезде жақсы көруі мүмкін. Егер бала өзін жақсы ұстап, жақсы оқитын болса, онда бәрі жақсы болады. Ал егер бала осыларды қанағаттанарлықтай етпесе, онда қарым-қатынасы жаман жаққа ауысып бала шектетіліп қалады. Бұл бір шама қиындық туғызады. Бала ата-аналарға сенімсіздікпен қарайды. Эмоцияналдық қауіпсіздікті сезімбейді. Яғни сәби шағында қажетті ата-аналардың жақсы көрудің сезіне алмайтын болады.

Ата-аналар өз баласын балам деп есептемеуі мүмкін. Олар үшін ол бәрібір және одан бас тартуы мүмкін. (Мысалы: ішкіштердің отбасы) . Жақсы отбасынан да болуы мүмкін. (Мысалы: көптен күтпеген қиын жағдайлар болды және т. б. ) Ата-аналар мұны білуі қажетте емес. Бірақта мынадай кейбір жағдайлар болуы мүмкін. Мамасы әдемі ал қызы үндемейтін әдемі емес. Ата-анасы баласын жек көреді [10, 11] .

Тұлғаны дамытуда ата-аналар қатынасы рөліне аса маңызды назарды аударғандардың біріншісі - Зигмунд Фрейд болды, «Менмендікті» қалыптастыруда қоршаған адамдардың: ата-ананың, тәрбиешінің, басқа адамдардың «сыны», яғни бағалауы үлкен мән беретінін айтады.

Бірақ сырт адамдар жағынан бағалау З. Фрейдте оның барлық мәні мен талабына қарсы тұратын адам үшін бөтен күш ретінде беріледі.

З. Фрейдтің айтуынша, тұлға өзінің дамуында бірнеше психосексуалды кезеңдерден өтеді. Егер дамудың қандай да бір психосексуалды кезеңінде балалар аса қатты фрустрацияны немесе аса үлкен қанағаттануды сезінсе, осы кезеңнің қанағаттану қажеттілігіне фиксация жүруі мүмкін. Бұдан басқа, кез келген осы кезеңде ата-аналар баланың дамуына терең әсер етуі мүмкін [12] .

Психоаналитикалық ғылым, балалық шақтағы бейімделу сәтсіздігінің ұзақ мерзімге дейін жүретінінен туындайды. Шешілмеген жанжалдар салдары, З. Фрейд пікірі бойынша, ересектерде невротикалық әрекет түрінде көрінуі мүмкін. Сондықтан психоаналитиктердің әдісі адамның балалық шақтағы даму тарихына тоқталған (туғаннан бес жасқа дейінгі кезең) : мұнда тұлғаның ішкі дүниесінің шешімін табуға болатыны болжанады [12, 13] .

З. Фрейдтің ізбасары, жеке дара психологиялық негізді салушы Альфред Адлер адамның кереметке санасыз тырмысуы туралы айтқан; тырмысу, бұл А. Адлердің айтуынша, меншікті толық қандылық еместік сезімінде болып, оның орнын толтыру қажеттілігімен анықталады [13] .

Толық қандылық еместікті өткеру, әрбір баланың қоршағандарды күшті, ақылды, құзырлы етіп көруінен болады; бұл сезімдер баланың ата-анамен, аға-апаларымен демократиялық емес қатынасында күшеюі мүмкін (А. Адлердің негізгі міндеті - баланы қауіпсіздік сезімімен қамтамасыз ету, мұнда әсіресе ананың рөлі маңызды) ; А. Адлер осыдан туу тәптібінің маңыздылығын болжаған және жалғыз бала, үлкен бала, үлкен балалардың бірі, кенже бала үшін дамытудың түрлі үлгілерін ұсынған. Бес жасқа дейінгі баламен алынған қатынас тәжірибесі бала мінезін дамыту үшін шешуші болып табылады және дәл осы кезең адам мінезін жалпы анықтайды [13] .

Қалыптасушы стратегиядағы өзін бекітуде конструктивті және деструктивті жолдар өмір сүреді.

Конструктивті жол басқалармен игілікті әрекетте өзін бекітуді және олармен бірлесуін білдіреді; деструктивті - басқаларды кемсіту және жою есебінде жүреді. Өзін бекіту жолдарын таңдау әлеуметтік мүдденің дамуынан және «сақталуынан» тәуелді - бұнымен А. Адлер адамзаттың бірлесу сезімін түсінген. Ол туа бітеді, бірақ өзінше аса әлсіз және қолайсыз жағдайда басылады, балалық шақта алшақтауды өткеру күшінен, жақындардың агрессиясы, немесе, керісінше бірлесе қамқорлық қажеттілігі жоқ кезде еркелету күшімен күшейеді. Бірінші жағдайда адам адамзаттан өш алғандай болады, екінші жағдайда қалыпты қатынасты талап етеді, екі жағдайда да беруші емес, алушы позициясында болады [13] .

З. Фрейд ғылымының аса айқын салдарларын ортаңғы орынға В. Райх жатқызады, концепция ортасында тұлғаға еркін көріністі талап етуші «оргонды энергия» болады; егер бұл энергия, бастапқыдан таза әрі жарық болса, онда В. Райх пікірінше, бұл күшейген көріністерге әкеледі, көбіне, әлеуметтік маскалармен жасырынатын агрессия түрінде болады. Энергияны түрлі деңгейлерде ұстау, В. Райхтың дене мен жан тұтастығын көрсеткендей, дененің жиналып, тырысуы түрінде көрінеді. Органды энергияның шынайы көріну мүмкіндігін жасаушы негізгі себепті В. Райх, әсіресе отбасы тәрбиесі дәстүрінде көрінетін қатаң норма жүйесі мен тиым салуларды, қолдау және жазалауды есептеген [12] .

Неофредизмнің басқа да ірі өкілдері көбіне тұлғалық даму мәселесін және әлемді тануда қалыптастыруға әсер етуші, бағалау қатынасының өмір сүруші жүйесіндегі, адам мен әлеуметтік ортаның өзара қарым-қатынас көзқарасымен невротикалық тенденцияның туындауын, тұлға қалыптасуының бағалы аспектілерін пікірлеген [13, 14, 15] .

Сайып келгенде, баланың тұлғалық қалыптасуына отбасындағы қарым-қатынас жүйесі ең басты әсер етуші фактор болып келеді. Психологиялық еңбектерде отбасындағы қатынастардың типтері анықталған. Осы қатынас жүйесінің типтері баланың қалануына қалай әсер ететіндігіне шолу жасайық.

1. 2 Отбасындағы өзара қарым-қатынас типтері

Отбасындағы өзара қарым-қатынас түрлері тәрбие жүйесі әр отбасында әрқашанда мәнді түрде объективті реттелмейді. бұнда тәрбиенің мақсатын түсіну міндетін ретке келтіру тәрбиенің мақсатқа бағытталған әдістермен тәсілдерді қабылдау. Баламен қарым-қатынас жасаудан не жасауға болмайтынын ескере отырып, тәрбие мақсаттарын қалыптастыру жатыр. Отбасында тәрбиенің 4 тактикасы ерекшеленеді және отбасындағы қарым-қатынастың 4 түрі жауап береді. Және олардың пайда болуынын қорытындысы ретінде: диктат, қызымет ету «Бөгет жасамау, араға түспеу».

Диктат отбасындағы бір мүшенің мінез құлқынан жүйеленіп туындайтын отбасы. Басқа да отбасы мүшелерінің өзіндік турарлықтай сезімі туындайды. Ата-аналар өз балаларына талаптар қоюы мүмкін немесе қояда алады. Тәрбие мақсаттарына шыға отырып, яғни моральдық норма ретінде жағдайлар педагогикалық және адамгершілік шындықтарды шеше алатын. Нақты жағдайларды қабылдайды. Бірақ та іс-әрекеттің түріне байланысты бұйрық беру баланы қинау, балаға қарсы келуге әкеп соғады. Өзінің ата-анаға қарсы келу қорқыту, өтірік жауап беру алдай, ата-анасын ашық түрде жек көру. Тез ашулану, дөрекі сөулей, алдау сияқты жағымсыз қасиеттері пайда болады. Отбасындағы қамқоршылық ету балаға бұл қарым-қатынас жүйесі, яғни қажеттіліктерді қанағаттандыру ата-аналар өз еңбектерімен тырысуы бала үшін бәрін жасау қиындықтарын өздерінің мойындарына алу. Әрқашанда көмектесу. Жеке бастын қалыптасу туралы сұрақ 2-ші жоспарға ауысады. Тәрбие беру орталығында басқа мәселе туындайды. Балаға қажеттіліктерді қанағаттандыру қиындықтарды шешу сияқты мәселелер. Ата-аналар үйден шығармай баланы өмірге дайындау процесін бекітіп тастайды, осындай балалар өмірдегі ұжымға қабілетсіз болып келеді. Психологиялық бақылау бойынша дәл осындай категориядағы балалар жеткіншектік кезеңде бір шама қиындықтарға әкеледі. Бұндай балалар ештеңе шағым түсірмейтін ата-аналардың қамқоршылық етуіне қарсы келуді бастайды. Егер диктат қатаң түрдегі жаза бұйрық болса, ал қамқоршылық ету қиындықтардан шығаратын көмектесу болып табылады. Бірақ қортындылары бір-бірімен сәйкес келеді. Бұндай балаларда өз беттілік, инциятива шешу сұрақтарды шеше алмайды, ал отбасы мәселесіне байланысты сұрақтарды мүлдем шешуі мүмкін емес. Отбасы қарым-қатынасындағы өзіндік жеке бас жүйесі мақсатты түрде балалардың үлкендерден тәуелсіз болуы шаруаға араласпау тактикасы туындауы мүмкін. Осындай екі әлем пайда болуы мүмкін. Үлкендер және балалар белгіленген сызық бойынша және де басқа да сызық бойынша өтуге болмайды. Өзара қарым-қатынастың бұл түрінде пассив ата-аналар және тәрбиешілер жататыны жиі кездеседі. Өзара қарым-қатынас түрі: ынтымақтасу отбасындағы өзара жеке бастың қарым-қатынасы мақсаттармен міндеттер біріккен іс-әрекеттер және оны ұйымдастыру жоғарғы адамгершілік құндылықтармен сипатталады. Осындай жағдайда баланың жеке даралану егоисть болуы мүмкін. Отбасында өзара қарым-қатынастын түрі болып табылатын ынтымақтастық. Ұжым боп дамудың топ болып қалыптасудың сапасын жоғарлатады. Өз-өзіне баға берудің үлкен мәні отбасы стилі игереді. Отбасы тәрбиесінің 3 стилі бар:

  • демократиялық
  • авторитарлық
  • попустикалық.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесі
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Отбасылық тәрбие
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасын ашып көрсету
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Отбасы тәрбиесінің функциялары
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Ата - аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz