Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Тарау. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың
теориялық негіздері.
1.1.Ғылыми-педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттердегі
танымдық қызығушылықты қалыптастыру
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 6
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудағы
этнопедагогикалық тәсілдердің ерекшеліктері ... ... ... ... 15
II.Тарау. Математика пәнін оқыту барысында ұжымдық технологияны
пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың
тәжірибесі.
2.1. Танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы математика пәнінде ұжымдық
оқыту технологиясын пайдалану
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.2. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда
ұжымдық технологияны пайдалану бойынша жүргізілген тәжірибелік-
эксперименттік жұмыс
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..39
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

Кіріспе
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін
жасалынып жатқан талыпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс -тәсілдерін қолдана
отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекеттеріне шығармашылық
бағыт ұстанатын, сол түрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны
тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Бүгінгі күні өзінің білімділігі мен біліктілігін таныта алар дарынды
да талапты жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жалпы білім беретін мектептердің
білім мазмұны мен оқыту үрдісіндегі жаңа ойлар мен шешімдердің жүйесіне
келіп тіреледі. Бұл міндеттің жүзеге асуы осы жолдарды жетілдірумен
байланысты қаралатындықтан, оқытуды баланың жеке бас ерекшеліктерін ескеру
ұстанымы, тұрғысында ұйымдастыру мәселелері үлкен мәнге ие болды.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету,
бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша ХХІ ғасырдың іске асыруға
тиісті басты мәселесі болып табылады.
Әлеуметтік сұраныстарға сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылығының
қалыптасуына ерекше әсер ететін олардың өз міндетіне жауапкершілігін,
ұжымда өз орнын анықтауға ұмтылысын, оладың қоғам алдындағы борыш
сезімдерін жетілдіру міндеттері тұр.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған
мол тәжірибесін қолдану қажеттілігі тууда.
Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, тілі жаңа шыға бастаған балаға
санауды үйретуден бастаған. Санау құралының міндетін алғашқыда саусақтар
атқарды.
Ғалым әрі ұстаз С.Елубаев өзінің Қазақ халқының қара есептері
монографиялық еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: Әр түрлі есептерді
пайдалану оқушының жас шамасына лайықталып, оқушыны жасытпай, қайта
жігерлендіретін, математикалық ықыласын, белсенділігін арттыратындай болған
жөн. Қызықты есептер, математикалық өлең, әзіл, ертегі, жаңылтпаштар
тапқырлықты талап етеді. Логикалық есептер кеңірек ойлауды қажет етеді.
Практикалық мазмұнды есептер арқылы математиканың өмірден алатын орның,
қоғамды дамытудағы рөлін сипаттаймыз. Мұндай есептер баланы ұйымшылдыққа,
ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке, математиканы құрметтеуге, адал еңбекті
бағалауға, достыққа тәрбиелейді. Бала кішкентайынан ата-анасының талап
етуімен ұлттық салт-дәстүр элементтері бар практикалық мазмұнды есептерді
шешіп үйренуі оның танымдық қызығушылығын жетілдірумен бірге, өз
халқымыздың ғасырлар бойғы әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ата мұрасын кейінгі
ұрпаққа жеткізу құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында "... жеке тұлғаның
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби тұрғыда жетілуі үшін
жағдайлар жасау" [1] қажеттілігі айтылса, ал Қазақстан Республикасы заңы І-
бөлімнің 2-бабында "Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену
үшін жағдайлар жасалуы қажет" [2] деп атап көрсетіліп, халықтық мәдениеттің
маңызына ерекше көңіл бөлінді.
Мәдени-этникалық білім мен тәрбие беру мақсатын көздеген осындай
мемлекеттік құжаттар аясында ұзақ жылдар бойы ескерусіз келген халықтық
педагогика қайта жаңғырып, тәрбие саласында ерекше маңызға ие бола бастады.
Оқыту үрдісін жетілдіру мәселесі көптеген ғалым педагогтар мен
психологтардың Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, Л.С. Выготский В.В.Давыдов,
М.А.Данилов т.б. еңбектерінде зерттелген.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері
Я.А.Каменский, Ы.Алтынсарин, Г.И.Шукина, Т.И.Шамова, Ю.К.Бабанский т.б.
ғалымдар еңбектерінде зерттеу міндеттеріне қарай жүйелі талданған.
Оқыту бұл қарым-қатынас барысында болатын басқармалы таным, қоғамдық
тарихи – тәжірибені меңгеру және қандай да бір әрекетті меңгеру.
Тұлғаның дамуына жағдай жасап, танымдық қызығушылығын қалыптастыру –
педагогикалық еңбектің өзегі. Танымдық қызығушылық мәселесі - көкейкесті
мәселелердің бірі.
Бүгінгі мектептің оқу тәрбие процесін түбірімен өзгертіп, шешуші
түйін оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуі мен бірлесіп жұмыс істей
білуге үйретуге дәстүрлі сабақтың өресі жетер емес. Мұндай жағдайда
жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық
мәдениетімен, әдет-ғұрып дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек танысу қажеттігі
бірінші орында. Өйткені, мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық
ерекшеліктерін сезбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен
салыстырмай, бағаламай өз рухани байлығын арттыра түсу мүмкін емес.
Тәрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастықтарға қарап, тәрбие барлық халықтар
үшін біртұтас деп айтуға себеп болмайды деген заңдылық осыдан туындайды.
Оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген
факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз
ететін жанды құрамдас бөлігі – халықтын рухани ерекшеліктерін, яғни
этнопедагогикалық тәсілдерді қолдану. Аталған мәселелер дипломдық
жұмысымыздың тақырыбын Бастауыш сынып оқушыларының этнопедагогикалық
тәсілдер арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері деп алуға
негіз болды.
Зерттеу обьектісі: танымдық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған
оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: энтопедагогикалық тәсілдер арқылы бастауыш сынып
оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының этнопедагогикалық
тәсілдері арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған жүйе
жасау.
Зерттеу міндеттері:
бастауыш сынып оқушыларың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық
негіздерін оқып - үйрену және талдау;
Таным, Танымдық қызығушылық ұғымдарының мазмұныны анықтау.
сабақтарда танымдық қызығушылықты қалыптастыру жолы ретінде
этнопедагогикалық тәсілдерді пайдаланудың жолдарын айқындау;
бастауыш мектепте оќыту процесінде танымдық қызығушылықты қалыптастыруда
математика пәнің оқыту барысында ұжымдық технологияны пайдаланудың
тигізетін әсерін эксперименттік жұмыс арқылы тексеру және оның нәтижелерін
талдау.
Ғылыми болжам – Егер математика пәнің оқыту процесінде
этнопедагогикалық мазмұнға негізделген ұжымдық оқыту технологиясын
пайдалансақ, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға қол
жеткізер едік.
Зерттеудің әдіснамалық негізі - таным теориясы, жеке тұлға жөнінде
диалектикалық, материалистік ілім, оқу іс-әрекеті туралы психологиялық-
педагогикалық тұжырымдама.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың,
психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері; нормативті
құжаттар; бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты; оқу құралдары;
мұғалімдердің іс-тәжірбиесі, сонымен бірге автордың зерттеу жұмысы.
Зерттеу әдістері:
философиялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік зерттеулерді оќып-
үйрену және талдау;
озық педагогикалық іс-тәжірибені оқып-үйрену және талдау;
бақылау;
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру: Целиноград ауданы,
№14 Луговое орта мектепте эксперимент жүргізу барысында жүзеге асырылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әдебиеттер тізімінен, қорытындыдан,
қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде таңдап алған тақырыптың көкейкестілігі негізделеді, зерттеу
проблемасы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы,
әдіснамалық негізі және әдістері көрсетіледі.
Бірінші тарауда Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың
теориялық негіздері. Ғылыми-педагогикалық, психологиялық, философиялық
әдебиеттердегі танымдық қызығушылықты қалыптастыру мәселелері. Бастауыш
сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың жолдары
педагогикалық зерттеулердегі шарттары мен ерекшеліктеріне сипаттама
беріледі.
Екінші тарауда Ұжымдық технологияны пайдалану арқылы бастауыш сынып
оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың тәжірибесі. Ұжымдық
оқыту технологиясына сипаттама.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша тұжырым жасалып, бастауыш сынып
оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар
беріледі.

I.Тарау.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері

1.1. Ғылыми-педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттердегі
танымдық қызығушылықты қалыптастыру мәселелері

Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі –таным теориясы,
оқушы тұлғасын жан жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып
табылады. Білім мен оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі
талаптарының бірі – танымдық белсенділік пен саналылық.
Көне замандағы Антик дәуірінде -ақ ойшылдар мен педагогтар
оқушылардың өзіндік ой тұжырымын жасауды дамыту үшін репродуктивті және
эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көп көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл
-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы
ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға , адамдарға дұрыс
қарым қатынас қалыптастыруын қарастырады. Бұл идеялар көне заманнан бастау
алады. Платон, Аристотель, ежелгі Рим Философтарының еңбектерінде одан әрі
дами түсті. \24\
Таным теориясы \гнесеология немесе эпистомология\ –айналадағы қоршаған
дүниенің адам санасында бейнеленуін , танымдық жалпы шарттары мен
мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске
асатын таным үрдіснің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін,
жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін
психология ғылымының саласы. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан
айырмашылығы бар. Ол – білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы
ұстанымдарын, оның ақиқаттығының жалпы шартттарын, обьективтік қатынастарды
қалыптастырады. Сондықтан Аристотель Сыртқы дүние заттары алғашқы, ал ол
туралы білім соңғы дейді. Адам танымы сыртқы дүние тудыратын түсініктен
басталады, танымның негізі сезімдік қабылдау деп түсінеді. Оқушылардың
танымдық әрекет құрылымы; танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік,
танымдық дербестік пен шығармашылық әрекеттен тұрады.
Танымдық қызығушылық
- Жаңа фактілермен құбылыстарға қызығушылық;
- Белгілі бір бағытты таңдау;
- Даму сатылары;
- Білуге құмарлық;
- Білімпаздық;
- ізденімпаздық.
Танымдық белсенділік
- Білуге құмарлық;
- Зеректілік,саналылық;
- Бағдарланушылық;
-Шешімпаздық;
Танымдық дербестілік
-Обьектімен,құбылыспен тереңірек танысуға ұмтылу;
-Дербес іс әрекет жасауға және өз бетіндік жұмысты ұйым-дастыруІс әрекет
нәтижесін болжау;
-Болжамды бақылаулармен, жаттығулармен, эксперименттермен тексеру.
Шығармашылық әрекет
- Шығармашылық ойлау біліктілігі;
- Жаңаны ойлап табу;
- Іс әрекет нәтижесін түйіндеу;
- Ұжымдық оқыту арқылы оқушылардың танымын қалыптастыру.
Таным философиялық ұғым., ...айналадағы материалдық шындықтың адам
санасында бейнеленуі. Г.Гегель таным дегеніміз- сыртқы заттар мен
құбылыстар қасиеттерінің мәнді қатынстарының адам санасында идеалды
образдар жүйесі ретінде бейнеленудің қайшылыққа толы күрделі процесі. –
деген.
Қызығушылық ( лат. Interest – мәні бар, маңызды) – адамның аса маңызды
деп сезінген әрекетінің шынайы көрінісі. Қызығушылықты субьектінің өз
әрекетіне оң , сыни қарым –қатынасы деп анықтауға болады.
Психологтар қызығушылыққа түрлі анықтамалар береді.
- адамның зейінінің таңдаулы бағыттылығы ( Н.Ф.Дубровин, Т.Рибо)
-оның ақыл-ой және эмоционалдық белсенділігінің
көрінісі(С.Л.Рубинштейн)
- әр түрлі сезімдер қозғағышы (Д.Фрейер)
- адамның әлемге деген белсенді эмоционалдық- танымдық қарым –қатынасы
(Н.Г.Морозова).
Л.Г. Выготский Қызығушылық – бұл бала мінез – құлқының табиғи
қозғағышы, ол баланың әрекетінің органикалық қажеттілгіне сәйкес
инстиктивті әлпетінің шынайы ұмтылысын көрсетеді. Міне, сондықтан негізгі
ережелер барлық тәрбие жүйесін бала қызығушылығын ескере отырып құруды
талап етеді. Баланы белгілі бір әрекетке жұмылдыру үшін оның
қызығушылығын оят, оның осы әрекетке дайын болуына жағдай жаса, бала
барлығын өзі жасайтындай болсын, сонда мұғалім тек бағыт беруші, басқарушы
ғана болады. – деген.
Білім негізі қаланатындықтан және арнайы орындар мен мамандар
тартылатындықтан адамдардың танымдық қызығушылығының қалыптасуына
мектепте оқыған жылдар маңызды орын алады.
Ұлы дидак Я.А.Каменеский адамды табиғаттың бір органикалық бөлшегі деп
қарайды. Ол Жердегі ең жоғары, ең жетілген, ең әсем жаратылған - бұл
адам.
... жаратқынның күші бар ғажап микрокосм, - деген. Өзін -өзі және
қоршаған ортаны тануды ақыл-ой тәрбиесіне міндеттеріне жатқызады. Өз
еңбектерінде тілді оқыту мазмұны шынайы өмірдегі қоршаған ортадағы ерекше
құбылыстарға құрылған таным элементтері негізінде ұсынған.
К.Д.Ушинский қызығушылық сапалы оқытудың негізгі жолы деп қараған.
Неміс психологы, әрі педагогы Гербарт мұғалім жан–жақты болып,оқушыны
қызықтырып отыру керектігін айтқан.
Педагог Г.И.Шукина ... танымдық қызығушылық оқушының мектепке деген
жақсы қарым–қатынасының негізінде жатқан маңызды оқу мотивін құрайды –
дейді.Ол өз еңбектерінде танымдық қызығушылық оқушының жеке адам болып
қалыптасу процесінде жетіліп, маңызданып, байитынын дәлелдейді.
М.Н.Скаткин бастауыш сынып мұғалімдеріне берілетін материалды
проблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптаса,В.В.Давыдовтың пікірінше:
оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру
арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады.Бұл ой–пікірлерден
қызығушылықтың ең негізгі факторы екендігін көреміз.
Қазіргі кезеңде қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беруді
ізгілендіру, баланың шығармашыл болуын талап етеді. Оқушы дүниетанымының
кеңеюі танымдық қызығушылықтың артуына өзгерістер енгізеді.
Халыққа білім берудегі алғашқы тәжірибе станциясындағы жұмысты
басқарған педагог С.Т.Шацкий тәжірибесінде мектепті өмірмен байланыстыру,
балаларды белсенді қызметке тарту айқын байқалады. С.Т.Шацкий мұғалімдерден
оқушыларда кездесетін қиыншылықтар мен кедергілерді тереңірек оқып-үйренуді
талап етеді.
Бүгінгі күні өзінің білімділігі мен біліктілігін таныта алар
дарынды да талапты жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жалпы білім беретін
мектептердің білім мазмұны мен оқыту үрдісіндегі жаңа ойлар мен шешімдердің
жүйесіне келіп тіреледі.Бұл міндеттің жүзеге асуы осы жолдарды жетілдірумен
байланысты қаралатындықтан, баланың жеке бас ерекшеліктерін ескеру
ұстанымы, оқытуды жеке тұлғаны дамыту тұрғысында ұйымдастыру мәселелері
үлкен мәнге ие.
Субьектінің даралық қасиеттерін қалыптастырудың негізі деп саналатын
мотивтердің бірі – танымдық белсенділік. Баланың психологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру үшін,
танымдық белсенділіктің әрекет категориялары мен өзара қатысын жан –жақты
қарастыру қажет. Оқу әрекетін өзге әрекет түрлерінен басты ерекшелігі
оқушының үнемі жаңа дүниге енуімен, әрбір жаңа әрекеттерді игеруімен,
әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты.(Д.Эльконин)
Сондықтан оқу үрдісінде жеке тұлғаның өз бетінше әрекет етуге деген
құлшынысын оятуға, білімнің өзі үшін қажет екенін сездіруге, шығармашылық
жұмыстарға баулуға, интеллектісінің дамып жетілуіне түрткі болатын танымдық
белсенділікті арттырудың маңызы ерекше.
Адамның танымдық белсенділігіне бір нәрсе түрткі болады, бір нәрсемен
дәлелденеді, адам ұнамды дәлелдердің арқасында, әсіресе көргісі келгенін,
білгісі келгенін тез, дұрыс және толық қабылдайды. Бұл қабылдағанын есінде
ұзақ сақтайды.
Оқу әрекетінің бала дамуының қайнар көзіне айналуы, оның негізгі
компоненттерінің ролін дұрыс тануымен, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері
мен ішкі заңдылықтарын түсінуімен, соған сай педагогикалық ізденістерге
толы шығармашылық еңбектердің нәтижесімен айқындалады. Психологизация
тенденциясының талаптарына орай, субьектінің барлық қасиеттерін
қалыптастырудың негізі деп саналатын оқу мотивтерінің бірі – танымдық
белсенділігін арттыруды жан–жақты қарастыру, танымдық белсенділіктерін
жетілдіру және психологиялық ерекшеліктерімен сәйкестендіре дамыту оның
жалпы әрекет категорияларымен өзара қатысып арнайы сөз етуді қажет етеді.
С.Л.Рубейнштейн Ішкі жағдайлардың жиынтығы әрқашан сырттай әрекет
етеді, – деп жазды.
Баланың белсенділігі оның дамуындағы қажетті фактор болып табылады.
Ол іс–әрекет жасағанда ғана жаттығады.
Егер бала оқудың өзі үшін қаншалықты мәнге ие екенін сезінсе, ол
білімге саналы ден қояды. Әрекеттің мотивациялық сатысында оқушыларға
проблемалық жағдай туғызудың сабаққа зейінін аударудың ең тиімді тәсілі.
Проблемалық сұрақтың қойылуы балалардың психологиялық ерекшеліктері мен
олардың таным деңгейіне ойластырылса, онда белсенділігі арта түседі. Бұл
баланың қиындықты түсініп, одан шығудың жолдарын іздестіруге, табуға
итермелейді. Сөйтіп, өз бетінше, дербес ізденуіне жол ашылып, өзі үшін аса
қажетті обьектіге қарай бағытталып, шығармашылық белсенділік деңгейіне
жетеді.
Бірінші жалпы заңдылық қызығушылық болып оқушылардың білім сапасы
деңгейіне, ақыл-ой қабілеттерінің қалыптасуына байланысты. Екінші маңызды
және жалпы заңдылық оқушының мұғалімге деген қарым-қатынасы болып табылады.
Мұғалім оқушының жүрегіне дұрыс жол таба білуі тиіс.
Танымдық қызығушылықтың элементарлы деңгейі болып жаңа фактілерге,
атаулы құбылыстарға қызығушылық, ақпарат алуға деген құлшыныс.
Жоғары деңгей болып заттар мен құбылыстарға тереңірек үңілуге
қызығушылық. Бұл деңгей ізденісті, болжауды, білімін жүзеге асыруды талап
етеді. Танымдық қызығушылық бұл деңгейде қолданбалы сипаттағы міндеттерді
шешуге байланысты. Бұл әсіресе теориялық білім қоры аз жас жеткіндектерге
тән.
Ең жоғарғы деңгей оқушылардың себеп-салдарлық байланысқа,
заңдылықтарды анықтауға, құбылыстардың әр жағдайында әсер ететін жалпы
принциптерін қоюға қызығушылығы. Бұл деңгей зерттеушілік, шығармашылық
әрекетпен, жаңалық ашумен, оқытудың бұрынғы тәсілдерін жетілдірумен
байланысты.
Танымдық қызығушылықтың аталған деңгейлері жалпы сипатта оның даму
тенденциясын суреттейді. Шынайы поцесте танымдық қызығушылық алмасу жолы
нәзік және күрделі .
Танымдық қызығушылықтың негізгі көрсеткіш параметрі интеллектуалдық
белсенділік болып табылады.
Қай заманда, қандай қоғамда болмасын мектептегі білім беру мақсатын,
ең алдымен осы қоғамның мүддесінен туындайтын әлеуметтік сұраныс анықтайды.
Қазіргі қоғамға ақыл–ойы кемел,шығармашылық жағынан қабілетті,іскер және
білімді адамдар керек. Оқу процесі кезінде мұғалімдердің әр балаға ерекше
көңіл аударып, жүрегіне жол табу басты мақсат.
Көптеген зерттеулер нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының танымдық
қызығушылықтарының қалыптасуы білім сапасының өзгеруіне, оқу процесінің
тиімді тәсілдерінің қалыптасуына , логикалық ойлауының дамуына әсері барын
айтады.Кіші мектеп жасында танымдық қызығушылықтарының қалыптасуы баланың
дамуына оң әсер етеді. Олай болса біздің ойымызша бастауыш сынып
оқушыларының танымдық қызығулықтарын қалыптастыруға мақсатты педагогикалық
әрекет қажет.
Баланың танымдық қызығушылығының көрсеткіші болып :
- зейін қоюшылық;
-баланың өз еркімен білімге деген құлшынысы,
- жұмыс барысында кездескен қиыншылықтарға кездескенде жағымды эмоцияда
болуы;
Танымдық қызығушылық танымдық міндеттерді шешетін , интеллектуалдық
жетістіктерге жеткізетін білім, білік алумен байланысты. Бұл белсенділік
деңгейі кіші мектеп жасы оқушыларына тән:
- интеллектуалды міндеттерді шешуге;
- аталған міндетті шешу жолдарына ұмтылыс;
-интеллектуалдық жетістіктерге қажеттілік;
- тақырып бойынша қалай істеу керек?, не үшін?, не дұрыс?, Не
бұрыс? т.б. сұрақтар қойып жаңа ақпараттар алуды меңгеру сипатын көрсету.
- ұсынылған әрекет тәсілдерін меңгеруге талпыныс;
- таныс емес нәрселер мәніне көңіл бөлу;
Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде бұл деңгейді өнімді
–еліктеуші деп те атайды. Негізгі даму жағдайы үлкендердің, мұғалімдердің,
ата-аналардың қарым-қатынасы, баланың сәттіліктеріне орай болашағынан
үміттенуі. Негізгі барьерлер бәсекелестіктің артуы,танымдық мотивацияның
жетістік мотивациясына алмасуы, мұғалім мен ата-аналардың әрекетті
орындауға бағытталуы.
Сонымен қатар бастауыш сыныпта оқушыларда өзіндік танымдық
белсенділік, қоршаған ортадағы құбылыстар мен мен өзінің арасындағы
байланыс көздері сипатталады. Белгілері:
- танымдық қызығушылығыгың жарқын сипаты - көп білсем деген құлшыныс;
жаңа білім; жаңа білік; мазмұнға тереңірек үңілуге бағытталған жаңа
сұрақтардың пайда болуы;
- Дербес әрекеті барысында және мұғалімге берілген заңдылықтарды тануға,
мәнді себепті-салдарлы байланыстарға қызығушылық;
- Меңгеру мақсатын және сұрақтарын дербес қоя алуы, жаңа міндеттер мен
проблемалар қоя білуі;
- Мақсат, міндеттерді шешудің тың тәсілдерін таба алуы;
- Талқылауға белсенділікпен қатысу;
- өз пікірін білдіруге тілегі,
- саналы қызығушылық – оқушы өзіне не ұнайтынын түсіндіре алады.
Төменгі сынып оқушыларының төменгі деңгейі:
- оқытудың дифференциясынан, жоғары деңгейдегі оқушыларды бөліп, оқу-
тәрбие мақсаттары әр түрлі іріктелген және жай сыныптардың болуы;
- мектептегі ахуалдың жағымсыз болуы;
- Мұғалімнің кәсіби құзырлыығының жеткіліксіздігі.
- жоғары мотивациялы, дарынды балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға
көңіл бөліп, қатардағы оқушылардың бұл міндеттен тыс қалуы
Міне, сондықтан танымдық қызығушылықты дамыту үшін тек жалпы эмоционалдық
ахуалды ғана емес, интеллектуалдық ізденіспен байланысты , ішкі және сыртқы
қиыншылықтарды жеңетін күрделі жүйе жасауға көңіл бөлу керек.
Педагогикада таным процесі төмендегідей құрылымдардан айқындалған:
1.Қабылдау.
2.Ұғыну.
3.Талдап қорыту.
4.Бекіту.
Танымдық қызығушылық – оқыту процесін жүзеге асырудың басты шарты және
оқушылардың өздерінің танымдық әрекеттерінің сипаттамасы. Оқу барысында
оқушылардың қызығушылығынсыз оқыту процесі болмайды. Оқушының танымдық
қызығушылығын қалыптастыру – бұл ынтаны тудыратын, оқушыға оқу
материалдарына қызыға кірісу сезімін оятатын мұғалім әрекетінің жүйесі.
Танымдық қызығушылықты одан әрі дамытуға мотив негіз болады. Белгілі бір
ғылымға қызығу, мақсатқа айналу немесе бұрынғы қызығушылықтың жаңа сипат
алуы, оқу–тәрбие процесінде оқушыда білім, дағды үнемі жаңарып отыруына
байланысты.
Танымдық қызығушылықты оятуда төмендегідей жағдайлар ескерілуі керек.
1. Оқу әрекеті үстінде жағымды қолайлы ортаны сабақты түрлендіріп
өткізу.
2. Оқу әрекеті барысында әрбір баланың мүмкіндігіне сенім тудыру.
3. Ата–аналардың жағымды қатынастарын пайдалануда педагогикалық
көмегі.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру
қиялға байланысты. Кез-келген ойлаудың, шығармашылық белсенділіктің
толыққанды дамуы онсыз болмайтыны белгілі.
Оқушының танымдық қызығушылығын, таным мен оқу қабілеттерін, білімі
мен біліктілігін, бейімділігін,мінез –құлық ерекшеліктерін анықтау, есепке
алу және дамыту және осының бәрін оқу процесінде шебер пайдалана білу.
Бұл мақсатқа жету үшін мұғалім өз оқушыларының жеке бас ерекшеліктерін
терең де жан–жақты зерттеуі керек.
Ол үшін түрлі зерттеу әдістер қолданылады.
1. Экспериментальды әдіс
2.Экспериментальды емес әдіс
3. Танымдық қызығушылық қалыптастыру әдістері.
Экспериментальды әдістің үш түрі болады:
1.Педагогикалық эксперимент
2.Лабороториялық эксперимент
3.Ситуативті модельді эксперимент
Экспериментальды емес әдіс: байқау, сауалнама, әңгіме,талдау жатады.
Танымдық қызығушылық қалыптастыру әдістері:
1.Эмоциональдық ситуация
2.Танымдық ойын.
3.Өмірлік ситуацияны талдау.
Оқыту әдістерінің үш міндеті бар:
- дидактикалық міндет
- танымдық қабілеттерін арттыру
- оқытудың тиімділігін арттыру.
В.А.Сухомлинский Егер оқу ойдың, сезімнің, шығармашылықтың,
әсемдіктің жарқын сәулесімен нұрланған болса, ол қызығушылықты еліктіретін
іске айналады – деген болатын. Білімге деген ынтаны ояту дұрыс жолға
қойылған жағдайда оқушылардың білімге деген құштарлығы дамиды- деген.
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың оқуға қызығушылығын оятудағы
өзіндік белгілерін ескеру қажет.

Ішкі белгілер:
- сабаққа белсене қатысу;
- сабақ үстінде сұрақтар қою;
- пәнмен айналыссам деген тілегі.
- берілген тапсырмаларды оқушылардың толығымен орындауы.

Сыртқы белгілер:
- оқушылардың көңіл-күйінің көтерілуі
- көздерінде ұшқын болады
- бет әлпетіндегі қуаныштың көрінісі.

Т.И.Шамова Оқушыларды оқуға қанықтыру еңбегінде еңбегінде
оқушыларды оқуға қызықтыру құралдары жүйесін құрды.Оқушылардың танымдық
қызығушылығына дәрежелі өнімді әрекет ретінде ерекше көңіл аударған жөн-
деген. Оның пікірінше танымдық белсенділік төмендегі шарттар орындалғанда
жүзеге асады:
1. Танымдық қажеттілік қалыптастыру, тұрақты танымдық қызығушылық
тәрбиелеу.
2.Алған ақпаратты саралау интеллектуалдық білік қалыптастыру,жобалау,
оқу процесінде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау.
3.Ұжымдық жұмыс барысында даралықты ескеру, оқушылардың оқу танымдық
әрекетін тексеріп отыру.
Оқыту әдістерін зерттеуші ғалымдар жалпы алғанда былай топтайды.
1. Оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру және оны іске асыру
әдістері.
2. Оқу-таным әрекеттеріне түрткі жасау, әсер ету әдістері.
3. Оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру тәсілдері.
Бұлардың әрқайсысына жекелеген әдіс кіреді.
1-топқа индуктивтік, дедуктивтік;
2- топқа оқушылардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау,
оқуда борыш,жауапкершілік туғызу әдістері;
3 –топқа ауызша және жазбаша тексеру.
1960-90 жылдары Л.В.Занковтың басшылығымен зерттеу жүргізіліп, дамыта
оқыту тұжырымдамасын жасады.
Л.В.Занков жасаған жаңа жүйенің негізі - өсіп, дамып келе жатқан дара
тұлға. Әрине ,әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті
зор болса,екіншісінің ойлау, үшіншісінің елестеу қабілеті дамыған.

Л.Г.Занков әр түрлі жағдайларға байланысты төменгі сынып оқушыларына оқу-
танымдық қызығушылықтарының қалыптасу деңгейлерін көрсетті.

№ Деңгейлері Оқушының қызығушылықтары Тапсырманы орындауы
1 Қызығушылықтың Бұл оқушыда танымдық Оқушы қалыптасқан
болмауы қызығушылықтың мүлдем білік,білім,дағдылары
болмауы емес, белгілі бірарқылы оңай тапсырманы
функцияны оқытуда кішкенешешуге тырысады да, ол
болса артуы. қиындаған сайын
қабілеті төмендейді.
2 Жаңаны білуге Теориялық жағына емес, Сұрақтар қойып,
талпыну практикалық жағына жұмысқа бар ынтасымен
қызығуы. кіріседі. Мұғалімнің
көмегі мен бақылауын
қажет етеді.
Тапсырманың нәтижесіне
назар аудармайды.
3 Құмарлық Қызығушылығы тұрақты Тапсырманы орындау
емес, практикалық жағына барысында қызығушылығы
ғана емес,теориялық тез жоғалып, тезірек
жағына да қызығуы. аяқтауға талпынады.

4 Оқудағы ситуацияға Жаңа материалда Тапсырма нәтижесіне
қызығу кездесетін тапсырманы үңіле қарап,
шешуге қызығады. Жеке тапсырманы аяғына
тапсырманы орындауда дейін өз бетімен
қызығушылығы жүйелі емес.орындау, басқа да шешу
жолдарын
іздестіреді.Жұмыстың
нәтижесіне емес,
бағасына көп көңіл
аударады.
5 Таным Оқушы жалпы жүйелі Тапсырманы дұрыс
қызығушылығының тапсырманы орындауға шешуге, көбірек жұмыс
тұрақтылығы қызығады.Жеке тапсырманы жасауға
орындауда қызығушылығы талпынады.Жасалған
жүйелі емес. жұмысының нәтижелі
болуын қалайды.
6 Жан-жақты таным Қызығушылығы тұрақты, Тапсырма нәтижесіне
қызығушылығы тапсырманың ішкі үңіле қарап,
қажеттілігінен туындайды.кемшіліктерін саралап,
Оқушы материалдан тыс болашықта өзін-өзі
жаңаны білуге тырысады. тәрбиелеуге көп көңіл
бөледі.Мақтап,
мадақтағанды қалайды.


Ғалымдардың пікірлеріне, озат тәжірибеге сүйене отырып танымдық
қызығушылықты қалыптастырушы, дамытушы шарттарға тоқталсақ.
1.Оқушылардың ойлау әрекетін белсендіруге максимальды тіреу.
Оқушылардың танымдық күші мен мүмкіндігін дамытуға, сонымен қатар танымдық
қызығушылығын арттыру көзі болып танымдық міндеттерді шешу жағдайлары болып
табылады. Белсенді ізденіс, саралау, ой толғаныс, қайшылық жағдайы, әр
түрлі ұстанымдар қақтығысында шешім қабылдай біліп,белгілі бір көзқарасының
болуы.
2.Екінші жағдай, оқу процесі оқушылардың дамуының оңтайлы деңгейде
өтуі. Оқыту қашан да әрекетке шақыратындай болмаса, танымдық қызығушылық
дамымайды.
3.Оқытудағы эмоционалдық ахуал, оқу процесінің жағымды эмоционалды
тонус – үшінші маңызды жағдай. Жағымды эмоционалды ахуал жасау – танымдық
қызығушылықты қалыптастырудың және оқу процесінде тұлғаны дамытудың
маңызды шарты. Бұл жағдай оқытудың барлық кешенді қызметін – білімдік,
дамытушылық, тәрбиелік байланыстырып, қызығушылыққа тікелей әсер етеді.
4. Оқыту мұғалім мен оқушының, оқушылардың қарым – қатынасының күрделі
процесі. Қарым– қатынастың әсерін өлшеу қиын, бірақ өмірде көруге болады.
Жолдастарымен, мұғаліммен араласуға ұмтылу танымдық қызығушылықты
нығайтудың , оқуға деген мотивтің болуының бірден-бір жолы.
Сонымен, танымдық қызығушылыққа бағытталған оқу процесінің ішкі
жағы, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жағымдырақ, өнімдірек,
ұзақ мерзімді таусылмас көзі болып табылады.Бастауыш сынып мұғалімі барлық
қазіргі заманғы жетістіктермен қаруландыра алмайды. Оның масштабы үлкен,
ғылымның дамуы қарқынды. Сондықтан қазіргі басты міндет оқушыға дайын білім
беру емес, оқушылардың өздігінен білім алуына, танымын кеңейтуге, танымдық
қызығушылықтарын қалыптастыруға талаптандыру.

1.2.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын
қалыптастырудағы этнопедагогикалық тәсілдердің ерекшеліктері

Жас ұрпақты халық педагогикасы дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеу,
білімді ана тілінде меңгеру, үлттық дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде
пайдалану туралы кезінде ғалымдар (И.Г.Песталоции, Ж.Ж.Руссо,
Я.А.Коменский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В. Сухомлинский т.б.) айтып
өткен, оның мүмкіндіктерін өз тәжірибелерінде пайдаланған. Мен халық
педагогикасының ұлылығымен кімде-кім бәсекеге түседі деп ойламаймын-деп,
К.Д.Ушинский бекер айтпаған. Бұл оның халық педагогикасына аса зор мән
берілуі, қазіргі таңда үздіксіз тәрбие беру майданында күн тәртібінен
түскен жоқ, қайта жанұя мен мектеп өмірінде барған сайын көкейкесті
мәселеге айналуда.
Этнопедагогиканың мазмұны – халық педагогикасы, этнопедагогика
білімдері жиынтығының әлеуеттілігімен өлшенеді. Оған соңғы жылдары халық
педагогикасы, этномәдениет, этноәлеумет және этнопедагогика саласында
жинақталған зерттеулер мен мәліметтер куә. Этнопедагогика өз әдіс-тәсілдері
арқылы халық педагогикасы дәстүрлерінің үлгілі білім және тәрбие үлгілерін
мектептің тәрбие үрдісінде пайдалануды жүзеге асырады. Этнопедагогика пәні
жылжымалы әрекетте болады. Оның атқарар қызметі мен міндеттері заман
ағымына, әлеуметтік жағдайларға және қоғамдық сананың өзгеруіне байланысты
қалыптасып отырады.
Қазақтың этнопедагогикасы (ежелден халықпен бірге жасап келе жатқан
тәлім-тәрбие мектебі. Ғалымдар тұжырымына сүйенсек, этнопедагогика халықтың
ғасырлар бойы жинақтаған, бірақ, бір жүйеге келтірілмеген ұрпақ тәжірибесі
жөніндегі эмпирикалық білімі мен тәжірибесінің жиынтығы, педагогика ғылымын
тудырушы қайнар бұлақ.
Қай халықтың тәлімгерлік тәжірибесі болмасын, ол адамзат атауға ортақ
рухани қазынаның құрамдас бөлігі. Қазақ халқының да мәдени жетістіктерін,
қанына біткен адамгершілік, имандылық, балажандық, еңбексүйгіштік,
қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, отаншылдық, т.б. қасиеттерін
танытатын тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда кешегі өткен данагөй қариялар,
ғұлама ойшылдар, шешен-билер, батырлар мен ақын-жыраулар қалдырған
философиялық ойлар мен болжамдардың өшпес ізі жатыр.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени дамуының
тұжырымдамасында: "Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы
дегеніміз – ең алдымен, адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл
халық дәстүрлері мен әдет-ғұрпының толымды түрлеуі, гуманитарлық
ғылымдарға, өнерге, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау,
барлық ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау" – деп атап
көрсетілген болатын [3].
Этнопедагогика - оқу мен тәрбие ұғымдарын біріктіріп отырған тәрбие
жүйесінің қайнар көзі. Оның тарихы ұлтымыздың қалыптасу тарихынан басталса,
ал мазмұны оның даму тарихымен бірге байып, дамып келеді.
Халықтың өзі жасаған бастауларға сүйенген оқу және тәрбие ғана өз
күшіне ие бола алады. Бұл тәрбиенің артықшылығы әр адамның, ең алдымен, өз
халқының перзенті екендігін сезіне білуі, екіншіден, өз халқының болашағы
сол жекеленген адамдарға байланысты екендігін сезіне білуі. Сондықтан да,
әр ұрпақ өз уақытын, өз талаптарын негізге ала отырып, ата-баба тәрбиесін,
яғни, этнопедагогиканы игеріп отырғаны жөн.
Тілімізге, дінімізге қайта мойын бұрған кезде, болашақ ұрпағымыздың
өз ана тілін білмеуі, салт-дәстүрден бірте-бірте қол үзе бастауы әке-
шешесін, ата-әжесін, бауыр еті баласын тастап кету, жетімсірету сияқты
қатыгездіктің етек алуы, арақ ішу, наша тарту, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау
сияқты жағымсыз қасиеттерге бой ұрғандығы, өз пікірі жоқтық, біреуге оңай
ергіштік, көнгіштік, табансыздық, т.б. да сүреңсіз іс-қылықтың етек жайып
еркінсуі халықтық тәрбиеден қол үзудің салдары екені даусыз.
Мұндай жағымсыз құбылыстардан құтылу үшін халкымыздың өзі жасаған,
ұлттық дәстүр, салттарын оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдалану жолдарын
іздестіру уақыт талабы.
Этнопедагогика мәселелері ғылыми тұрғыда бұрынғы Одақ бойынша ең
алғаш 50-ші жылдардың екіншісі жартысынан бастап түбегейлі зерттеле бастады
(20-шы жылдары шыққан Г.С.Виноградовтын енбегін атамағанда. Жарық көрген
ғылыми зерттеулер (Г.Н.Волков, Я.Н.Ханбиков, А.Ф.Хинтибидзе, А.Ш.Гашимов,
А.Э.Измайлов, В.А.Арутюнян, В.Ф.Афанасьев, Ю.А.Рудь, Ш.А.Мирзоев және
т.б.) этнопедагогиканың түрлі бағыттарын қарастырады.
Аталған мәселеге көптеген қазақстандық ғалымдар тарапынан да көңіл
бөлініп, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақ халық педагогикасы, этнопедагогикасы жөнінде 1970-2000 жылдарда
И.Оршыбеков, А.Х.Мухамбаева, Ж.М.Төлегенов, Е.С.Асылханов, М.Х.Балтабаев
т.б., сол сияқты, қазақ халқының педагогикалық ойларының тарихи қалыптасуы
мен дамуы жөнінде Қ.Б.Жарықбаевтың, халықтық педагогикадағы эстетика тәрбие
туралы С.А.Ұзақбаеваның, қазақ халық педагогикасының ғылыми-педагогикалық
негізі жайында С.Қ.Қалиевтің, оқушыларға этностық-мәдени білім берудің
ғылыми-педагогикалық негізін арқау еткен Ж.Ж.Наурызбайдың, қазақ
этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері туралы мәселелерді
қарастырған К.Ж.Қожахметованың, қазақ ағартушылар, ақын-жырауларының,
атақты педагогтардың этнопедагогикалық ойлары жөнінде Ә.Т.Табылдиевтің,
қазақ этнопедагогика материалдарын мектептің оқу-тәрбие жүйесіне ендіруге
қатысты Р.К.Дүйсембінова, халық педагогикасының негіздері жөнінде
С.Ғаббасов және т.б. еңбектері жарық көрді.
Бүгінгі таңда, халықтық педагогика мәселелері жөнінде жарық көрген
еңбектерден "халықтық педагогика" мен "этнопедагогика" түсініктеріне
берілген әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Бұл еңбектерге жан-
жақты талдау жасау ғалым С.А. Ұзақбаеваның докторлық диссертациясында
жүйелі берілген .
Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының практикалық маңыздылығы мынада: жеке
тәрбие міндеттерін шешу мен оқу-тәрбие маңызын арттыру мақсатында бастауыш
мектептер үшін қазақ этнопедагогикасы материалдары негізінде оқулықтар,
бағдарламалар, оқу құралдары, хрестоматиялар және т.б. жасалған.
Басқа ұлттардағыдай, қазақтың халық педагогикасының да өзіне тән
ерекшеліктері бар, өзіндік белгілері бар. Оның әрі этнопедагогика
ескерткіштерінің мазмұны мен түрлерінде бейнеленген (ауызекі поэтикалық,
музыкалық шығармалар, сәндік-қолданбалы бұйымдар, құлпытастар, күмбездер,
ғимараттар, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер және т.б.).
Қазақ халқының өнегелі дәстүрлері арқылы ұлтжанды, терең білімді
ұрпақты тәрбиелеу жайлы 20-шы жылдар ең алғаш сөз қозғаған М.Жұмабаев
болды. Ол сол кездің өзінде-ақ бала тәрбиесінде '' ... әр тәрбиенің
қолданатын жолы ұлт теориясы ... ''.
Әрбір ұлтың бала тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы
бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп бұрын қолданып келе жатқан
тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс
болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін
қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы тәрбие ісімен тәрбие қылуға
міндетті''.
Ұсынылып отырған мәселе Қазақстанның педагогика ғылымының саласында
70-шы жылдардан бастап зерттеу нысанасына алына бастады.
Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайлар білім беру
жүйесінің алдына үлкен міндеттер қойып отыр.
Бастауыш мектеп педагогтарының алдында тұрған сондай тарихи
педагогика мәселелері саласындағы тарихи зерттеулерге жүгінсек,
этнопедагогиканың үлгі-өнегесін халық даналығының көрінісі ретінде
пайдалану жөнінде идеяларды кезінде түрлі ел мен түрлі уақыттағы
педагогтардың да аз айтпағанын байқаймыз (Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо,
И.Г.Песталоцци, И.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, К.Д.Ушинский және т.б.).
Мәселен, К.Д.Ушинский: ''Біздің тәрбие ойлап тапқымыз келетіні бос
әурешілік, тәрбие орыс халқында, халықтың өзі қанша өмір сүрсе, сонша ғасыр
өсір сүреді, оның бүкіл жақсы және жаман қасиеттерін бейнелеген. Бұл бірін
екіншісі ауыстыра отырып, Россияның жаңа ұрпағы өсіп шыққан топырақ" -
деді.
Сондықтан, нарықты экономика жағдайында оқушыларды өнімді еңбекке
ұйымдастыра отырып өз еліміздің, ұлтымыздың бұрыннан мұра болып келе жатқан
қол өнерін меңгеруге тартып, соған сәйкесті оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
( бүгінгі күннің келелі мәселесі.
Қазақтың ұлы ағартушылары Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев
дамудың мешеу қалған қазақ қоғамына оқудың, прогресс жолының қажет екенін
терең түсініп, басқа елдердің ғылымы мен мәдениетін қазақ жеріне таратуды
көздеген. ХlХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырайдын ұлттық мектептердегі
еңбек пен тәрбиені ұштастыра оқыту, оқушыларды қолөнерімен шұғылдандыру
идеясы біршама өріс алған.
Дегенмен, Кеңес үкіметі кезінде шамамен 70 жылдан астам уақыт
Ыбырайдың айтқан идеялары іс жүзіне аспай келді. Қазақ халқының аса
ардақты, зиялы азамат қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,
М.Жұмабаевтар өз енбектерінде ұлтымыздың тіліне, қолөнеріне болашақ
ұрпақтарды баулу қажеттігіне үлкен мән берді.
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді,
үйлесімді жетілген жеке тұлғаны бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі
міндет. Осыған байланысты мектептердің бастауыш оқыту сатысындағы оқу-
тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық
үлгілерімен сабақтастырып, қайта қарап шығу, бүгінгі күн талабының өзекті
мәселелерінің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан –
2030" атты бағдарламасында егемен еліміздің стратегиясы мен тактикасын
белгілей келе, бүгінгі және болашақ жастардың жан-жақты білімді, ғылыми-
техникалық прогрестен хабары мол жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуын өз
бағдарламасында негіз етеді.
Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында "Бізге
қажетті – жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі, дінінің тарихы мен салт-
дәстүрлерін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, туған жерін түлетуді
егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық патриотизм деп ұғатын ұрпақ
тәрбиелеу", - деп атап көрсеткендей, егемен еліміздің елдігі мен бірлігін
сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі мектеп алдындағы негізгі міндеттердің
бірі болып табылады.
Тәрбие жұмыстарына ғылыми сипаттама бере отырып халықтық тәрбие
тұрғысынан негіздеген қазақ ғалымдары Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев,
С.Ұзақбаева, Ә.Табылдиев, А.Ашайұлы, К.Ж.Қожахметова және т.б. ұлттық
педагогиканың теориялық негізін жазумен қатар, мектептегі тәрбие жұмысын
жетілдірудің тәжірибелік жақтарын, тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру
жолдарын, ерекшеліктерін ашып көрсетті.
Бастауыш мектеп оқыту саласында үлкен үлес қосқан ғалымдар
Қ.Аймағанбетова, Т.Әбдікәрімова, Қ.Т.Бозжанова, С.Рахметова, Т.Сабирова,
О.Сатқанов және т.б. өз еңбектерінде бастауыш мектептердегі оқыту
мәселелерін, оқыту мазмұны мен әдістерін терең зерттеп, сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарын да қарастырады.
Өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар,
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан ұрпаққа
жалғасқан салт-дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ
тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр.
Расында да, шығыс ғұламалары ұрпақ тәрбиесіне ұлан-ғайыр мұра
қалдырып отыр.
Шығыс ойшылдары әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А.Үйгінеки,
Қ.Жалайыри, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз және т.б. бүгінгі ұрпақ
тәрбиесіне орны толмас мұра қалдырды. Аталған ғұламалардың еңбектері
еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір
жүйеге келтіріліп жас ұрпақ тәрбиесіне пайдаланып отыр.
"Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген
білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі"
деп, әл-Фараби бабамыз айтқан қағиданы негізге алған ата-бабаларымыз бала
тәрбиесіне аса мән бергенін байқаймыз.
Өткен тарихымыздың терең қойнауына ой сәулесін түсірсек, ұрпақ
тәрбиесі үшін маңызы зор – халқымыздың этнопедагогика, этнопсихология
ғылымдарына рухани азық болған ұлан асыр мұралар барын байқаймыз. Әр елдің,
ұлттың, ұлыстың бала тәрбиелеудегі ғасырлар дәуірінен қалған асыл
қазыналары бар.
Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып,
тәрбие ісіне арқау ету – борышымыз. Этнопедагогика жанұяда, балалар
бақшасында, мектепте, жоғары оқу орындарында, басқа да тәрбие орындарында,
басқа да тәрбие мекемелерінде барынша пайдаланып, тәлім-тәрбие ісінде өз
орнын табуда.
Ғалым Р.Дүйсембінова қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына
ендіру мақсатында оның мынадай функциялық мүмкіндіктеріне тоқталған олар:
танымдық, тәрбиелеушілік, дамытушылық, коммуникативтік, әлеуметтендіру.
Сонымен біздің өз жұмысымызда бастауыш сынып оқушыларының танымдық
қызығушылықтарын қалыптастырудағы этнопедагогикалық тәсілдердің
ерекшеліктерін қарастырамыз. Жалпы өзімізге белгілі, этнопедагогикалық
тұрғыдан алғанда танымдық функция жеткіншіктерге өз ұлтының рухани-мәдени
қазынасын жаңа қырынан танып – білуге, әрбір тарихи кезеңдердегі дүниенің
заттық-сезімдік құндылықтарын бағалай білуге, болмыстағы, қоғамдағы қарама-
қайшылықтарды, оның даму процесін байқап, бағамдап, идеологиялық бағытын
санамен ұғынуға көмектеседі. Этнопедагогикалық материалдар – тек дүниені
тану ғана емес, сонымен қатар, тұлғаның өзін-өзі тану құралы екендігін
жұмысымыздың басты қағидасы ретінде ескердік.
Тіл мен математика – реалды ақиқаттың ең маңызды саласы және адамның
түрлі коммуникативтік жағдайларға еркін араласып дамытып, жүзеге асыратын
табиғи (ана тілі) және жасанды (математика) тілдер туралы оқушының қажетті
білім алуына, ауызекі сөйлеуін дамыту, ойын жазбаша сауатты жеткізу
біліктерін қалыптастыруға, дүниені көркем сөз немесе математикалық өрнектер
арқылы бейнелеп қабылдауға кеңінен жол ашатын танымдық, тәрбиелік,
дамытушылық мүмкіндіктері мол жетекші пәндер ретінде қарастырылады.
Математика пәні оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін,
интеллектісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін
меңгертуді, "математикалық сауаттандыруды" басты мақсат етіп қояды.
Жалпы алғанда батауыш математика пәндері қарапайым математикалық
ұғымдар, түсініктер, білім мен біліктер, оларды оқушының тек еңбек және
оқу әрекеттерінде қолдануы үшін ғана емес, сонымен қатар, олар мәдениеттің
танымдық, коммуникативтік, еңбек, т.б. сияқты салаларын да меңгеруге
көмектеседі. Ал, мұнсыз білімді әрі қарай жалғастырып, жалпы орта білім
алу мүмкін емес.
Замана талқысынан өтіп, өңі өзгерсе де сөлі қалған, көк шыбықтай
майысқақ, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі – ауызекі
тараған математикалық есептерді жинап, оларды қазіргі заман талабына сай
өңдеп, келешек ұрпақтың санасына ой салатындай етіп етіп сабақта ұсыну оңай
шаруа емес. Әр ғасырда өмірге келіп, қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, әл-
ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа жету ізін, философиялық күрмеуін, қазақ
халқының тәлімінің сыр-сипатын бейнелейді. Осыдан да оның өз үні, өз лебі,
өз тілі бар.
Тоғыз тарау иірімдерінің бүге-шігесін меңгеріп, зерде тезіне салып,
керегенің көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген түймесін табу – есепті
шешудің алтын балдағы. Алтын балдақ – қарашық біреу емес. Ол көп. Із кесең
табасың. Есеп осыдан да сан қилы жауап табады. Ол қазақ халқының ауызекі
тараған есебінің кемшілігі емес – артықшылығы. Қазіргі оқу құралдарының бір
олқылығы – баланың ойлау жүйесін шектеп, бірегей жолмен жолмен жүруді
үйретеді. Осыдан да ол еркіндік алып, ырғақсыз жолмен жүре алмайды.
Кедергіге кездессе, қайрат күші тасып, қайткенде жеңіске жетем деген ой
мазаламайды. Қайта салы суға кетіп, жасып, пышақтай дүзі қайырылып қалады.
Суарылып, болаттай шыңдалмаған. Халық педагогикасының негізінде
тәрбиеленбеген баланың мәңгүрт, дімкәс болуының басты себебінің бірі – осы.

Қазақ халқының математикалық білімінің қолданыс жағы басымдау. Ол
осынысымен құнды. Осылай десек те, қазақтың білімінің тамыры терең. Ол
қазіргі тілмен алғанда санаудың әр түрлі жүйесін, мәселен үштік, ондық,
тоғыздық пайдаланған.Тоғыздық жүйе ешбір халықта кездеспейді. Есептері бір,
екі, үш, көп белгісізді теңдеулер мен олардың жүйелеріне, арфметикалық және
геометриялық прогрессияларға, Бернулли санына, диофант теңдеуіне, графтар
әдісіне, теңсіздіктерді шешуге т.с келтіріледі. Және бұл есептерді қазіргі
есептеу құралдарымен де шешуге болады. Қазақтың мұра бөлу есебі Симплекс
әдісіне келсе, абжад есебі тек шығыс халқына тән ерекшелік. Мүшел есебі,
зекет есебі, тоғыз құмалақ есебі - өз алдымен әңгіме.
Қазақ педагогикасының математикалық астарлары да түрліше. Олар біресе
жұмбақ, біресе өлең, біресе қара сөз, біресе ертек, біресе ілмек, біресе
дұзақ,біресе ұйқас табу, біресе мақалдап сәйлеу, біресе ұсақ заттармен өнер
көрсету,біресе сиқырлы ой айту, біресе тұрмыс заттарын жасау түрінде
кездеседі. Осыдан да қазақ халқының математикалық білім бастауы – жасаған
ер-тұман әбзелдерінде, құрылыс сәулеттерінде, тартқан домбырасында,жан
дәруінде, асыраған малында, еккен егінінде,зергерлік бұйымдарында, тоқыған
алашасы мен кілемінде, қысқартып айтқанда күн көрісінде.
Қазақ өзі бірде елгезек, ақ көңіл, ойындағысын айтып қоятын. 0аузында
сөз тұрмайтын, сөзін қысқа, ойын нұсқа айтатын халық. Кең даласын шашау
шығармай қорғай білген жауынгер, көлденең көк аттыны күтіп алатын дархан
болғанымен, оның тұрмыс-тіршілігін, салты мен дінін, тәрбие-тәлімін
білмейтіндерге, есептерінің бәрі құшақ жайып қарсы ала бермейді. Халық
есебінің бір ерекшелігі осы.
Екінші жағынан, халық есептерінің өзімен туыстас, жалғас, көршілес
елдердің салт-санасымен астарласып, үндесіп, қабысып жататындығы тағы бар.
Кейде мынадай бір жағдай болып жатады. Алыстағы екі ел бірін-бірі
білмесе де, алыс-берісі болмаса да ой толқыны бірдей өрнектеліп, аыздан
шығып жатады. Біреудің ала жібін аттама мәтелі ежелгі қазақтар мен грек
халқында да кездеседі. Ойламаса ми сасиды, қозғалмаса су сасиды дегенді
қазақ менікі десе, неміс халқы біздікі дер еді.
Біздің бұл жұмысымызда математика пәнінде ұлтымыздың қара есептерін
шеше отырып, ата-бабамыздың ойлау жүйесін көрсету үшін, бірлі-жарым басқа
да әдістермен де шешіп көрсетуге тырыстық.
Адамгершілік тәлімі тәлкекке түсіп, көмескіленіп, тәрбие мәселесі
енді-енді ғана қолға а.лына бастағанына көп уақыт болған жоқ. Ата-
бабамыздын, ғасырлық тәжірибесін еске түсіру, оны басшылыққа алу, ретін
келтіріп, орайыма қарай пайдалану бізге мәртебе.
Тәрбие — сан қырлы. Ата-тегіңнің табысын айту, халқыңның дәстүрін сақтау,
оны өз заманыңның қағидаларымен шендестіру тәрбиенің бір көзі деп білеміз.
Есеп аттары мен түйіндеулеріне зер салсақ, мұны айқын байкауға болады.
Ескісіз жаңа болмайды есебінде есепсіз дана болмайды түйіндеуі айтылса,
Үнді шәйінде
Бұта түбі кеуегі,
Кеуегінде көжегі,—деп есепті шешуге болатындығына, әрі ол өзіде таныс
нәрседен басталады дегенге тіреледІ.
Бозда боз ат мінген атам,
Бозда боздап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер