Абылай ханның ішкі саясаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ.
ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ - ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ШИРЕГІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ
- Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
- ХҮІІІ ғасырдың 80-жылдары -1821 жылдардағы Орта Жүздегі саяси жағдай
І І ТАРАУ.
ОРТА ЖҮЗДЕГІ ХАН БИЛІГІН ЖОЮ
- 1822 жылғы “Сібір қырғыздары туралы жарғы”
- Орта Жүздегі патша реформаларына наразылық
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
XVIII-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы.
Ресей өзінің жаңа аумақтармен бірге көшпелі және отырықшы қанша халық санына ие болғанын, олардың өмірінің экономикалық, саяси және құқықтық жақтарының негізі мен ерекшеліктері қандай екенін және қазақ халқының негізін құрайтын басқа да мәселелерді мықтап анықтап алуға тырысты
XVIII ғасырдың соңғы ширегінен бастап патша үкіметі Қазақстанда хан билігін жойып, әкімшілік реформа жүргізуге ниеттенді. Бұл үрдіс әсіресе 1822- 1824 жылдары, «Сібір қазақтары туралы жарғы» мен «Орынбор қазақтары туралы жарғы» бекітілген кезде ерекше белсенді жүргізілді, олар арқылы хан билігі жойылып, Орта жүз және Ұлы жүздің бір бөлігі сыртқы округтерге бөлінді, ал Кіші жүзде дистанциялық жүйе енгізілді. Қазақстан аумағының ішкі отарға айналдырылуына қарай Ресей 1867-68 жылдардағы Уақытша ережелер арқылы қазақтарды басқару және бағындыру жүйесін бір ізге келтірді (Қазақстанның оңтүстігін жаулап алғаннан кейін) . Әкімшілік өзгерістермен бірге қазақтардың құқықтық және сот жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақтардың дағдылы құқығының колданылу аясы күрт қысқарды, Ресей құқығы басым мәнге ие болып, ол 1886, 1891 жылдардағы Ережелермен түпкілікті баянды етілді. Өлкенің бүкіл жер қоры үстемдік етіп келген Шыңғыс ұрпақтары хан-сұлтан тегінің қолынан алынып, Ресей империясының меншігіне көшті.
Диплом жұмысы екі тараудан, әр тарау екі мәселені қамтиды, әрине кіріспе мен қорытынды болары сөзсіз.
Жұмыстың мазмұнындағы Орта жүздегі саяси жағдай тақырыптың мазмұнына үйлеседі деп ойлаймын. Орта Жүзде хан билігін жоюға дейінгі саяси үрдістерді танып-білу қажет. ХҮІІІ ғасырдың ортасы мен хан билігін жоюға дейінгі кезеңді екі мәселеде баяндадым. Тақырыптың өзегі болатын 1822 жылғы “Сібір қырғыздары туралы жарғы” өз алдына бір мәселе.
І ТАРАУ.
ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ - ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ШИРЕГІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ
- Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
XVI11 ғасырдың 70-жылдарының басында Қазақстанда жаңа жалпы казақ ханын сайлауға барлық жағдайлар қалыптасты. Бірден-бір лайықты кандидатура ықпалды Абылай сұлтан болатын, ол 1740 жылдың өзіндеақ, қазақ даласынын ең беделді әміршісі болған еді. 1757 жылдың өзінде Цин империясымен ресми жазысқан хаттарында ол өзін хан деп атаған. 1770 жылы әбден қартайған Әбілмөмбет қайтыс болғаннан кейін Абылай Қазақ хандығының шын мәніндегі бірден-бір билеушісіне айналды.
XVIII ғасырдын 60-жылдарының аяғына қарай Қазақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы сұлтан қырғыз жерлеріне тағы бір жорық жасады. Шату асуы арқылы Қызылсу және Шамси өзендерінің аңғарына өтіп, қазақтар қырғыз жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Көптеген тұтқындар Орталық Қазақстанға көшіріліп, онда Абылайдың жеке вассалдары - төленгіттері құқығымен қоныстандырылды. Ресей билігінен Жоңғарияға қашқан еділ қалмақтарын талқандағаннан кейін сұлтанның беделі бұрынғысынан да арта түсті. Ресейдің отаршыл өкімшілігі қазақтардан қалмақтардың қайтарылуына жәрдем көрсетуді талап етті, алайда Абылайдың өз ойлағаны бар еді.
Сол кезде Абылай Қытай мен Ресейдің қолдауына қол жеткізуге тырысып, халықаралық аренада белсенді әрекеттер жасады. 1768 жылдың өзінде-ақ ол цин императорының өзін «барлық қазақтар мен сұлтандардың бастығы» деп тануына қол жеткізген еді. Сонымен бірге 1769 жылдың аяғында ол Ресейден өзі үшін 10 мың адамдық армия бөлуді сұрап, оның орнына аманатқа өз балаларының бірін ұсынды. «Егер . . . бізге жау шабуыл жасаса, бізге бір сан (10 мың ) немесе кем дегенде мың немесе бес жүз адам көмек көрсетілетін болады. Ал оның үстіне жоғарыда аталған бір сан әскер, менің тірі кезімде болсын немесе менін балаларымның тірі кезінде болсын, былайша пайдаланылар еді: алыстағы жаулар үшін - бір сан, жақындағылары үшін - мың, ал егер онша көп болмаса - менің ішкі жауларыма қарсы - бес жүз». 1 Сол кезде Абылай өзінің аманат баласын генерал етуді сұрады, аманаттар сұлтанның өз таңдауы бойынша екі-үш жылдан соң алмастырылып отыратын. Әрине бұл талаптар ол кезенде іс жүзінде орындалмайтын талаптар еді, мұны сұлтан жақсы түсінді. Бұл ретте Абылай шекаралық әкімшілікке өзінің қытайлармен, түсініліп жүргеніндей, әсте де онша жақын еместігін және Ресей протекторатынан әсте де бас тартпақшы болып жүрмегендігін білдірген еді.
1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жана ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, 2 Орта жүз бен ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. Ол «оған (атақха) торғауыттарды жеңуі арқылы және Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, барлық қырғыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердің де сайлауы арқылы ие болды». 3 Сөйтіп Абылай Қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.
Абылай ханның ішкі саясаты. Бүкіл халықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жокқ. Сұлтандардың едәуір бөлігі, әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Мәселен, Дайыр сұлтан 1781 жылы Орынбор губернаторына Абылай «ханның кадір-қасиетін мүлде әділетсіз иеленгенін, өзінің бала кезінде бауырларымен Түркістанда болғанын, хандықтың барлық әділеттілік бойынша өзіне тиесілі» екенін жазды. Наймандардың билеушісі Әбілпейіз, иеліктері Обаған мен Есіл арасында орналасқан Кұдайменде сұлтан тәуелсіз еді деуге болады. Түркістан мен Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен Сәмекенің баласы Есім мен Әбілмәмбеттің баласы Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы болған кейбір рубасылар оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқыкпен шектеулі Абылай, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышта ұстады. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына карай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады.
Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдын бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды жөне оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғасырдың 20-30-жылдарында бүл жүйе өзгере бастады, белгілі бір ру әскербасы жөне саяси көшбасшы етіп шақырған сұлтандардың рөлі арта түсті. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінде бір орталық буындары элементтерін енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ сұлтан ұлы жүздің бір бөлігінін, билеушісі болып тағайындалды, оған арнап Абылай Талас аңғарында қала салып, оған қаракалпақтарды қоныстандырды. Солтүстік-шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым билік етті. Орта жүзбен ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек Кіші жүзде жөне Орта жүздін батыс бөлігінде Қайып ұрпактары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында -Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары - сұлтандар билік етті.
Орталык билікті күшейту үшін Абылай қолданған шаралардың екінші кешені - бір тұлғаның қызметіне және оның тұлға ретіндегі қасиеттеріне сүйену. Мәселен, дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Билер кеңесі мен рубасы-ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқаларындағы кемшілік Абылайға хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Оның үстіне бүкіл басқару жүйесін соғыстар қиратып кетті деуге болатын еді. Федерализм элементтері рулық басқару принциптерімен тығыз ұштасып жатты, хан билігін бұрынғысынша билер мен сұлтандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттік машинаның орнықтылығы түгелдей және толығымен ханның өз беделіне, онын күрделі саяси проблемаларды шешу кезінде ымыраластық таба білуіне байланысты болды.
Абылай ханның сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымырашылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан, Ресей протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділдік көрсетуге тырысты. «Қазақтар әуел бастан-ақ екі жақтылықты ұстанды, - деді цин императоры өзінің 1779 жылғы жарлығында, - . . . Абылай бізге бағынған кезде Ресей Абылайдың өз боданы екенін, сондықтан біздің оны өз бодандығымызға қабылдамауымыз керек екенін мәлімдеп, наразылык жіберді. Біз сонда былай деп жауап қайтардық: «Сіздер Абылайды өз адамымыз дейсіздер. Егер сіздер оны жақсылап басқарсаңыздар, ол ешбір жағдайда бізге бағынуға өтпеген болар еді . . . Ал сіздер, орыстар, бұған қалай кедергі жасай аласыздар?. . Егер болашақта мұндай оқиға бола қалса, сақтық жасау керек». 4 Бір жағынан, Абылай қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Ресей сарайына әлдеқайда ынталылықпен . . . ал қытай ханымен хат жазысуды бір нөрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. 5 Хан өз иеліктерін агрессияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Ресейден өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Бұл орайда ол өзінің Қытаймен өзара келісімі бар екенін былай деп хабарлады: «Қай жақтан және Қандай да бір патша бізге дұшпандық әрекет немесе арсыздық жасайтын болса, оған қарсы тұратын болады және егер сол богдыханнан (Қытай императорынан ) күш сұрасам, ол менің талап етуім бойынша он мыңға деиін немесе жиырма мыңға дейін болса да әскери адамдар берер еді . . . ». 6 Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Ресей де, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартатын.
Ресейдің өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетінін түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ғана ханы деп бекіту туралы грамотаға қол койып, оның Кіші жүз бен ұлы жүзге билігін танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда, Троицкіде, тіпті Петропавлда да ант беруден бас тартты. Отаршылдық өкімет орындары хан ордасына шенеунік жіберуге де келісті, алайда хан «мен өз дәрежеме халыктың сайлауымен әлдеқашан-ақ бекітілгенмін» деп мәлімдеп, ант беруден үзілді-кесілді бас тартты. 7 Ханның мұндай мінез көрсетуін оның 1773-75 жылдардағы Пугачевтің көтерілісінен кейін Ресей империясының күш-қуатына шүбәлана қарауымен түсіндіруге болады, ал ол көтерілістің барысында Абылай жалған атақ жамылушыны қолдап, тіпті онымен бірлесе отырып орыс бекіністеріне шабуыл жасауға да ниеттенген еді. 8 Ханға ықпалын мүлдем жоғалтудан қорқып, Ресейдің өкімет орындары 1779 жылы оған 300 сом және 200 пұт ұн мөлшерінде жыл сайынғы жалақы тағайындады, 9 бірақ, 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Ресеймен қандай да болсын қатынастарының бәрін мүлде үзді.
Абылайдын оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Абылайдың күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді жөне Абылай оларға қарсы ара-тұра жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдары сондай жорықтар жасалды. Соңғысы қырғыз руларының бір бөлігінің Қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ және Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханның XVIII ғасырдың 70-жылдарындағы сыртқы саяси қызметі Қазақ мемлекетінің бірлігін уакытша қалпына келтіруге, онын халықаралық аренадағы жағдайының нығаюына жеткізді.
Абылайға дейін де, одан кейін де бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдіреттілік сипатына байланысты еді. Ш. Уәлиханов былай деді: «құрмет (ханға) әлдебір мистикалык сипатта болды . . . Бұл хан уақыт қастерлі еткен еркін женілдіктерге қарсы рақымсыздықпен әрекет ете отырып, өз әрекеттеріне ұрпақтары оны әулие деп санайтындай сипат бере білді». 10 Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дөрежеде себепші болды. Текті әулеттен шыққанына қарамастан, балалық шағында оның бақташы да, түйеші де болуына, жоңғарларға қарсы соғысқа қатардағы жасақшы ретінде қатысуына және шайқаста батыр атағын алуына тура келді. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, тамаша қолбасшы және дипломат болды. Дегенмен де, ол тарих көшін өзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрыңғы күш-қуатын қайтадан қалпына келтіреде алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қзақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркістанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленді.
- ХҮІІІ ғасырдың 80-жылдары -1821 жылдардағы Орта Жүздегі
саяси жағдай
Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында ұзаққа созылған саяси дағдарыс басталады, ол ақыр аяғында Қазақ хандығы саяси жүйесінің ыдырауына және оның өз тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соқты.
Бұл кезеңде Шаруалар соғысының сұмдықтарын бастан кешірген, Батыс Еуропада да, Қара теңізде де өз жағдайын нығайтып алған Ресей империясы едәуір күшейеді. 1768-1774 жылдардағы орыс-түрік соғысының барысында Ресей әскерлері Қырым мен ноғай даласын басып алды, ал 1783 жылы Қырым хандығы тіршілік етуін тоқтатты. Ресей Алтын Орданың мұрасына және Еуразияның барлық халықтары арасындағы басты рөлге жеке-дара дәмелене бастады. Бұл Ресейдің Орталық Азияға, соның ішіндегі Қазақстанға экспансияшылдық саясатын жеңілдетті.
1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін күздігүні қазақ қоныстарында оның үлкен баласы Уәлиді хан жариялауға дайындық басталды. Онан басқа хан атағынан Барақ сұлтанның баласы, Абылайдың қызын алған, Орталық Қазақстандағы көптеген руларды басқарып келген Дайыр және Кіші жүз ханы Батырдың баласы, ол да Абылайдын күйеу баласы Құдайменде сұлтан дәмеленді. Соңғысы Обаған мен Есіл арасындағы үлесті басқарды. Оңтүстік Казақстанда Әбілмәмбет ханның баласы Болат сұлтан мен Шахмұхамедтің (Сәмеке ) баласы Есім сұлтан ықпалды болды, олар Сырдариядағы қалаларды иеленді. Солтүстік-шығыс Жетісуда Әбілмөмбеттің басқа бір баласы, әбден картайған Әбілпейіз сұлтан билік етті. Орта жүз бен ұлы жүздің басқа жерлерінің бәрі Абылайдын балаларына бөліп берілген еді. Нақ солардың қолдауы мен әкелерінің даусыз беделі Уөли сұлтанның таққа басқа үміткерлерді жеңуін қамтамасыз етті.
1771 жылдың қарашасында хан жариялаудың ресми рәсіміне қазақ даласына Цин империясының елшілігі келді. Бастапқыда бұл рөсімді Көкшетаудағы хан ордасында өткізу жоспарланған еді, алайда кейіннен қытай елшілігімен кездесетін орын шығысқа ауыстырылды. 1781 жылдың желтоқсанында Ханбаба сұлтанның ауылында Уәли цин елшілерінің, сұлтандардын қатысуымен хан жарияланып, ақ киізге көтерілді. Сол жерде Абылайға ас берілді, Орта жүздің жаңа ханына көп сыйлықтар, сонын ішінде алтын жалатқан тақ, күміс ыдыс-аяқ, көп мөлшерде жібек маталар мен қағаз ақша тарту етілді. «Уәли сұлтанды ақ киізге отырғызып, сонымен көтеріп, хан болуымен кұттықтады», - деп хабарлады Сұлтанмүхамед сұлтан Сібір бекіністі шебі 272 әскерлерінің командашысы генерал-майор Н. Г. Огаревке. 11 Сайлау рәсіміне әр түрлі қазақ руларының бес жүздей өкілі қатысты, соның ішінде орыс елшісі Чучалов та болды. 1782 жылдың басында Уәли Петропавл бекінісіне барып, Ресейге адалдыққа ресми түрде ант берді және оны Ресей әкімшілігі таныды.
Уәлидің бір мезгілде Ресейге де, Қытайға да ант беруінің өзі-ақ оның әкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылғанын көрсетеді. Бір жағынан, ол II Екатеринаға: «Тірі тұрған кезімде, өз күшім жеткенше, ұлы мәртебелі Сізге қызмет етуімді жалғастыра беремін», - деп мә-лімдеді. 12 Екінші жағынан, хан аратұра Пекинге өз елшілерін жіберіп, цин императорын өзінің адалдығына сендіріп отырды. Дегенмен де, оның билігі Абылай ханның қолында болғанындай абсолютті билік болған жоқ. 80-жылдардың басында қаракесек және төртуыл руларында Барақ сұлтанның баласы Дайыр хан болып жарияланды. Оны Нұра өзенінің бойында арғын руларын басқарған Бөкей сұлтан қолдады. Уәлидің өзі «менде Қарауыл және Атығай сияқты шағын ғана екі болыс жағдайында күш көп емес, ал үлкен болыстар . . . атап айтқанда: өздерінде атақты сұлтандары бар Төртуыл, Қаракесек, Алтай және Найман болыстары, ал олардан менің ешқандай кәсіпте үмітім жок, өйткені олар мені амалын тауып тыңдамай кетуі мүмкін» деп білді. 13
1783 жылы қазақтарда тағы бір хан болды, ол Барақ сұлтанның баласы, Әбілпейіз сүлтан қайтыс болғаннан кейін найманның қаракерей руы хан етіп жарялаған және Қытай императоры сол құрметте таныған Ханқожа деп саналды. Бірақ бұл жылы Ханқожаның хан атағы жайында әлі сөз бола қоймаған еді. «Сен, Ханқожа, Әбілпейіздің үлкен баласысың, саған өз әкеңнің мұраға калған ван (яғни, кінәз ) атағын рақымдылықпен береміз», делінген император Цянь-лунның грамотасында. 14
Дегенмен Ханқожа 1799 жылы өзі қайтыс болғанға дейін хан деп атала берді. Деректемелерде Абылай қайтыс болғаннан кейін тәуелсіз болған және 1798 жылы Ташкентті, Түркістанды және басқа қалаларды Жүніс қожаның басып алуы салдарынан биліктен айырылған Болат хан мен Есім ханның есімдері де айтылады.
Дайыр хан 1786 жылы өлді, оның інісі Бөкей сайлануға қол жеткізе алмай, өз иеліктеріне сұлтан атағымен билік ете берді. Сонымен XVIII ғасырдың аяғында Орта жүзде екі хан - Уәли мен Ханқожа қалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz