Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...4
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕТІСтіктерінің ЖАЛПЫ СИПАТЫ
1.1 Етістіктің қазақ тілінде
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
І.2.Етістіктердің тұлғалық сипаты мен мағыналық
түрлері ... ... ... ... ... ... .13
1.3. Етістіктің лексикалық-грамматикалық
қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ..29

ІІ ТАРАУ. ІІ. Орта мектепте етістікті оқытудың әдіс-тәсілдері

2.1. Етістікті оқытудың әдіс
-тәсілдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 8

2.2. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы көсемшені оқыту ... ... ...52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .63
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
5

Кіріспе
Дилом жұмысынын өзектілігі. Етістік - сөз таптарының ішіндегі құрамы
жағынан да, грамматикалық құрылымы жағынан да ең күрделі сөз табы. Құрамы
жағынан етістік – сөзге бай сөз табы. Зат атаулының бәрі әр түрлі қимыл-
әрекет жасайды, қимыл-әрекетке түседі.
Ең көне заманның өзінде тіл білімінде алдымен етістік пен есім сөздер
танылған. Оның ішінде етістік қай тілде болсын басқа сөз таптарынан жігі
анық бөлінген сөз табы болып саналады.
Етістік сөз табы ретінде қазақ тіл білімінің негізі қалана бастағаннан
бергі уақыттан тіліміздегі ең күрделі де мазмұнды, қызықты нысана ретінде
қарастырылып келеді.Сондықтан етістіктің тіл білімдік теориялық мәселелері
ғылыми тұрғыдан негізделді деп айтуға болады. Дегенмен дәуірлік дамуға
қарай етістік сөз табының күрделілігі одан сайын танылуда. Осы орайда бұл
сөз табының алғашқы теориялық тіл білімдік қырларын назарға алып отыруға
тура келеді. Әсіресе орта мектепте етістікті оқытудың тиімді әдіс-
тәсілдерін саралау –бүгінгі таңда әдістеме ғылымындағы маңызды мәселелердің
бірі.
Диплом жұмысының нысанасына қазақ тіліндегі етістік сөз табының өзі
және оның теориялық белгілерінің сипатталу ерекшелігі, оның түрленімдік
жүйесі мен қолданыстық сипаты талданды. Орта мектепте етістікті оқытудың
әдіс-тәсілдері саралапын, етістікті оқытуда жаңа технологияларды
қолданудың тиімділігі көрсетілді.
Диплом жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі етістік сөз табының ғылыми
теориялық сипатын танымдық тұрғыдан тереңдете түсіндіріп, оның райлық,
шақтық қолданысы есімше мен көсемшеге түрлену ерекшелігіне келіп
тірелетінін саралау. Етістікті оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау.
Дипломдық жұмысының міндеті аталған тақырыпта диплом жұмысының
мазмұнын ашып, мақсатқа жету үшін
• етістік сөз табының теориялық зерттелуін қарастыру;
• етістіктің негізгі белгілері мен грамматикалық ерекшеліктерін ашу;
• сөзжасамдағы орнын көрсету;
• грамматикалық қолданылу өрісін таныту;
• райлық, шақтық қолданыс негізін ашу болып табылды;
• етістікті оқытудың тиімді әдістерін айқындау;
• етістікті оқытудағы жаңа технологиялардың маңыздылығын дәлелдеу.
Зерттеу жұмыстың дерек көздері – Қазақ тілі біліміндегі етістікке
қатысты зерттеулік еңбектер мен тұжырымдар, тілдік мысалдар.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысында шолу, сипаттау,
тұжырымдарды жинақтау, жалпылау, жүйелеу әдісі қолданылды.
Зертеудің ғылыми тұжырымы. Диплом жұмысының тақырыптық мазмұнын ашуда
бітіруші студент тарапынан төмендегі тұжырымдар ұсынылды:
• Қазақ тілінде етістік сөз табы барлық сөз табының ішінде дамулық
тұрғыдан ең алғашқы және ең күрделі болып табылады;
• Етістіктің теориялық танымын алғашқы қарапайым сипаттық және ғылыми
негіздегі күрделі сипаттық деп қарастыруға болады;
• Сөзжасамдық тұрғыдан етістік қазақ тілінінің сөздік құрамын, қорын
өнімді байытатын сөз табы;
• Қазақ тілі етістіктері өзінің күрделілігін лексикалық тұрғыдан ғана
емес, грамматикалық тұрғыдан да таныта алады; категориялық түрлерге
бөлінеді (бастапқы түрдегі етістіктер, лексика-грамматикалық
етістіктер; таза грамматикалық етістіктер);
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тараудан, қорытынды мен
пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕТІСтіктерінің ЖАЛПЫ СИПАТЫ
1.1 Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі

Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі күрделі және қарымы ең
кең грамматикалық категория. Етістік күрделілігі мен қарымдылығы оның аса
өрісті лексика - семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық
тұлғаларымен,синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.
Етістіктің лексикалық-семантикалық сипатының мейлінше өрісті болуының
себебі оның семантикасы тек субьектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат
ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, неше алуан амал, әрекет, іс, қимыл,
қозғалыс, жай, күй сияқты үдерістерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды.
Етістіктің осы бай семантикасы, оның грамматикалық түрлері мезгіл я шақ
ұғымымен ұштасады [1, 56].
Етістіктің лексика-грамматикалық тұлғаларының бай болуы олардың амал-
әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін және олардың өту сипатын, яғни
бағыты, қарқыны тәрізді жайларды бағдарлуға байланысты, демек, етістік
тұлғалары осы және олардан өзге әр түрлі құбылыстардың көрсеткіштері
есебінде қызмет етеді. Бұлардан тыс етістіктен етістік тудыратын, есімнен
етістік тудыратын синтетикалық, аналитиқалық тәсілдердің жүйелерін, олардың
нақтылы үлгі-нұсқаларын қоссақ, етістік деп аталатын сөз табы тұлға жағынан
орасан бай категория екені ашыла түседі. Тұлға байлығы жағынан етістікке
өзге бірде-бір сөз табы, солардың ішінде тұлғасы ең бай саналатын зат
есімнің өзі тең түсе алмайды. Етістіктің лексика-семантикалық мағынасы мен
тұлғаларының байлығы оның өзіне тән әр алуан лексикалық-семантикалық,
лексикалық-грамматикалық және таза грамматикалық категорияларынан тіпті
айқын көрінеді. [2, 78]. Мысалы, етістіктің өзіне лайық сөз тудыру жүйесі,
ол жүйенің неше қилы тұлғаларымен қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін
де тұлғалары бар. Ал шақ, рай, етіс, амалдың жүзеге асу (өту) сипаты сияқты
жүйе-жүйе категориялар – етістіктің семантикалық жағынан ең бай тұлғалары,
сондай-ақ, етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық тұлғаларынан
мазмұндары да, тұрпат-түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын
категориялары бар. Бұлар – етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін
тұлғалар, айрықша қызметі бар категориялар. Олардың тұлғаларына өзгеріс
енгізіп отыратын болымдылықболымсыздық, сабақтылықсалттылық категориялары
етістіктің нағыз грамматикалық сипаттарының белгілі көрсеткіштері деп
саналады.
Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары, синтаксистік
қызметі оның өзге тұлғаларымен және өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым-
қатынасқа түскенде айқындала түседі. Етістіктің кейбір тұлғаларының тек
қана баяндауыш болуы, кейбір тұлғаларының сөйлемнің барлық мүшелері
есебінде қолданылуы сияқты грамматикалық ерекшеліктер сөйлем ішінде, сөз
тіркесі аясында ғана танылып көрінеді. Сонымен бірге, етістіктің
семантикасы, тұлғасы, қызметі өзара бір-бірімен тығыз байланысты.
Етістіктің семантикасы сол сөздің құрамы мен құрылысына астасып жатса,
керісінше, қызметі оның семантикасы мен тұлғасына ұштасып отырады.
Морфологияда сөздердің грамматиқалық құрылысын зерттейтін сөздердің
тұлға тұрпаты, құрамдық бөлшектері қарастырылады.
Қазақ кеңестік тіл білімінің негізі отызыншы жылдары қалыптасты.
Қазақ тіл білімінің грамматикасаласын зерттеуші ғалымдар етістікке қатысты
арнайы зерттеулер жүргізіп, еңбектер жариялады.
Қазақ тіліндегі етістік сөздерінің әдеби қалыптағы теориялық негізін,
зерттеулік көзін қарапайым тілмен түсіндірген, қазақ тіл білімінің негізін
салып, терминдерін қалыптастырушы ғалым А.Байтұрсыновтан бастап тарамдата
аламыз.
Ғалымның етістіктерге: Етістік дегеніміз – заттардың істерін
көрсететін сөздерң – деп сипаттама берген [3,231]. Ғалым етістіктерді жалпы
алып қарап, оларды әрекеттің болу-болмауына байланысты ең алдымен
болымдыболымсыз деп бөледі. Содан соң мұнан басқа түрі екі түрі бар деп
көсемше мен есімшені атайды. Сондай-ақ ғалым етістіктің 10 етіс түрін
танытқан. Етістіктің қазіргі түрінен өзге (қазір – төртеу) тағы 6 түрін
атап беруі ғалымның етістіктердің мағынасына қарай топтауына және
салтсабақты етістікті қосып көрсетуіне байланысты туындаған деп ойлаймыз.
Яғни ғалым сабақтысалт етістікті етіс түрі деп көрсеткен: сабақты етіс,
салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз
етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс. Сонымен бірге мұнда қазіргі
тілде қолданылмайтыны – беделді етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі
етіс түрлері.
Беделді етіс деп қазіргі өзгелік етісте қолданылатын екінші жұрнақ
түрі -дыр-дір, -тыр-тір қосымшасынының қатысымен жасалатын етістіктерді
атаған: айттыру, салдыру, т.б. Шығыс етіс деп ортақ етіс арқылы жасалып,
зат есімге айналған сөздерге тағы да біз айтып жүрген өзгелік етіс -дыр-
дір, -тыр-тір жұрнағының жалғануы арқылы жасалған етістіктерді атайды.
Мысалы: күрес-тір-дім, жарыс-тыр-дым, соғыс-тыр-дым, табыс-тыр-дым, т.б.
Дүркінді етіс деп -қыла-ғыла, -кіле-гіле күшейткіш жұрнақтары арқылы
етістіктен келесі бір тұлғалы етістіктің жасалуын атаған: жұлқылау,
атқылау, ұрғылау, т.б.
Өсіңкі етіске қимылдың күшейгенін білдіретін етістіктерді көрсетеді:
жүріңкіреу, ұйықтаңқырау, таыңқырау, т.б., яғни кейінгі ғалымдар Ы.
Маманов, С. Исаев күшейткіш етістікке жатқызып жүрген -ыңқыра-іңкіре,
-ңқыра-ңкіре жұрнақтары арқылы жасалған қазіргі күйшеткіш етістіктер
көрсетіледі.
А. Байтұрсынов етіс түрінен басқа етістіктің қазргі грамматикалық
категория түрі болып табылатын рай түрін де сипаттап жазған. Ғалым
етістіктің 14 рай түрін негіздеген:
1)Тұйық рай, 2)билік рай,
3)ашық рай, 4) шартты рай,
5) ереуіл рай, 6) реніш рай,
7) қалау рай, 8) сенімді рай,
9) сенімсіз рай, 10) мұң рай,
11)көніс рай, 12) қайрау рай,
13) азалы рай, 14) теріс рай.
А. Байтұрсынов тұйық рай деп -мақ-мек деген есімшенің жұрнағымен
келген етістіктерді атайды: жүрмек, көрмек, т.б.
Билік рай деп қазір айтылып жүрген бұйрық райлы етістіктерді
келтіреді: айтайын, жазба, жуын, т.б.
Ереуіл рай деп шартты райлы етістіктен кейін даде демеулік шылауын
тіркесіп келгендегі түрін сипаттайды. Мысалы: келсең де, жүрсең де, айтсаң
да, т.б.
Сондай-ақ ғалым реніш райға да сипат береді: Реніш рай дейміз –
істеген-істемеген істерге реніш еткенде айтылатын сөз түрін. Мәселен:
Шақырғанда барсамшы!ң, Көрдім деп айтсамшы [3; 241]. Қазір мұндай сөйлем
ішінде кездесетін етістіктер шартты райға енгізіледі, өйткені мұндағы
етістіктерде де шартты рай жұрнағы қолданылып, ең алдымен шарттылық мағына
түсініледі, сонан кейін -шың жұрнағы арқылы реніш не өкініш мағынасы
үстелгенін аңғаруға болады.
Ғалымның еңбегінде сенімді райға қазіргі қалау райдағы етістіктің
-ғай-гей жұрнақты түрі, сенімсіз райға етістік +-ар-ер-р маме екен
тұлғасы; болжал райға етістік +-ар-ер-р + еді тұлғасы; мұң райға етістік
+ -ар-ер-р + маме +еді тұлғасы енгізіліп қаралған. Аталған тұлғалар да
кейінгі кеңес дәуірі кезіндегі ғалымдардың сұрыптауынан өтіп, қазіргі
уақытқа дейін қалау рай түрлеріне жатқызылып жүргені белгілі. Бірақ, көріп
отырғанымыздай, етістіктің теориялық негізінің бастауы ғалым А. Байтұрсынов
зерттеуінен таралғанын аңғарамыз.
Ғалымның еңбегінен етістіктің көніс райын ерекшелеп өтуге болды.
Өйткені қазір күнге дейін бұл рай түріне жатқызылған етістік түрі бөлек
қаралған емес. Еңбекте көніс райға да жеке анықтама беріледі: Көніс рай
дейміз – іске көнгенде, мойындағанда айтылатын сөз түрінң. Мысалға ғалым
барамын да, келемін де, айтады да, т.б.түріндегі етістік пен демеулік шылау
тіркесіндегі тұлғаларды келдтіреді [3; 242].
Қайрау райға барайыншы, баршы, барсыншы, т.б. тұлғасындағы етістіктер
алынып, оларды қайрай сөйлейтін сөз түрің (рай түрі) деп түсіндіреді. Ал
азалы рай деп қайрау райдың азамен айтылатын түрің келтіріп, қалсайшы,
барсайшы, барсана, тұрсана, т.б. деген мысалдарды береді.
Теріс рай деп іске айтылатын сөздің теріс түрің деп түсініктеме
жасап, жүрмесе игі еді,алса игі еді, т.б. деген мысалдарды атайды.
Қайрау мен азалы рай қазіргі бұйрық рай мен шартты райға енгізілгені
белгілі. Теріс рай қазіргі қалау райдың ішкі бір түрі болып табылады.
Ғалымның еңбегінде көсемше түрі үш түрлі аталып қаралған: үнемді (-а-
е,-й тұлғасындағы), үнемсіз (-ып-іп-п тұлғасындағы), ниетті (-ға-гелі
тұлғалы етістік көсемше).Сонымен бірге ғалымда есміше түрі де қазіргі
тұлғасымен көрсетіледі. Мұнжда ғалым есімшелердің шақтық қызмет
атқаратынын, есім сөздердің орнында жүретінін атап көрсетеді.
Қ.Жұбановтың лекциялар жинағында Ең етістігі туралы қысқаша түсінік
беріледі. Еңбекте е етістігінің бұрын ер тұлғаксында болғаны жайында
айтылып оның ер болу етістігінен туындағаны айтылады. Етті дегендегі ең
де осы осы ең - болдырды деген мағынада. Мұндағы т - өзгелік етісң деп
түсінік береді ғалым [6, 83-84]
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбановтың көрсетіп кеткен ілімімен Кеңес дәуірі
кезіндегі ғалымдардан етістікті нақты қарастырған ғалымдар А.Қалыбаева,
Ы.Е.Маманов, С.Исаев, А.Ысқақов,Н.Оралбаева, Ө.Төлеуов, т.б. зерттеушілер
болып табылады.
М.Оразов 1983 жылы Семантика казахского глаголаң тақырыбында
докторлық диссертациясында етістіктің жалпы мағыналық ерекшелігін зерттеп
қарасытар келе, оның 12 лексика-семантикалық тобын көрсетеді. Ғалым
етістіктерді мағыналық топтарға бөлуде сөйлесу етістіктерін семантикалық
жағынан бөлумен қатар морфологиялық белгілерін де негізге алып отырады.
А. Ысқақов оқулығында етістіктер лексика-семантикалық, лексика-
грамматиклық, сөзжасамдық құрылымы тұрғысгнан жажақты сипатталады.
Етістіктердің күрделі түрінің жасалымдық ерекшеліктері, көмекші
етістіктердің сипаты талданады.
Ы.Маманов қазақ тіліндегі етістік тұлғаларын лексика-грамматикалық
қызметтеріне қарай, ең алдымен, негізгі етістік және функциялық етістік деп
екігі бөліп, одан кейін негізгі етістіктің өзін түбір етістіктер және
модификациялық етістіктерге ажыратып, түбір етістіктерге етістіктің
лексикалық мағынасына ие болатын сөздерді, модификациялық етістіктерге
белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық
мағына білдіретін етістік тұлғаларын жатқызады. Ғалымның етістік түбіріне
байланысты айтқан ой-пікірлері күрделі мәселелердің шешімін табуға
септігін тигізіп қана қоймай, кейбір пікірлерге өзгеше қырынан үңіліп,
тереңірек зерттеуге көмегін тигізеді.
Ы.Маманов және осы ғалымның ізіміен С.Исаев етістік түбірінің тұлғалық
қызметі мен сипатын ерекше атап өтті. Олар етістік түбірі мен етістіктің 2-
жақ бұйрық райлы түрі екі тұлға екенін дәлелдеп түсіндіреді. Сондай
дәлелдің бірі – бұйрық райдың екінші жағының көне тұлғасының -ың,-ің,-ғыл,-
ғын тұлғасында болуы. Мысалы: барың, келің, алың, барғын, т.б. Қазақтың
сөйлеу тілінде мұндай қолданыс жиі кездесіп отырады. Ендеше етістік
категориясының жіктелу жүйесінің 2-жақ жекеше тұлғасы мен түбір етістік
өзара тұлғалық сипатта келеді.
Ы.Маманов негізгі зерттеулерін етістік сөз табына арнай отырып,
морфологияның өзекті әрі қиын мәселелеріне де назар аударған. Оның 1973
жылы жарық көрген Лекциялар курсындаң қосымшаларды жіктеу, кейбір
қосымшалардың (даулы болып танылып жүрген) сөзжасам мен тұлға тудыруға
қатысты тілдік жүйе, заңдылықтар тұрғысынан қарастырып, тың пікірлер
айтылған. Ғалымның етістікке қатысты зерттеулдері кейінгі ғалдымдарға негіз
зерттеу болды.
Ы.Маманов – қазақ тілінде етістікті лексика-семантикалық топтарға
жіктеп көрсеткен ғалымдардың бірі. Осы ғалымның еңбегін негізге алып,
етістіктің жекелеген ерекшеліктерін арнайы қарастырған зерттеулік
еңбектерді кездестіруге болады. Мәселен, К. Аханов, А.Қалыбаева, А.Ысқақов,
Н.Оралбаева, Б. Бибеков, Қ. Мұхамади, т.б.
Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаевтардың
авторлығымен жарыққа шыққан Қазіргі қазақ тілің оқулығында, сонымен қатар
бұл еңбектерге дейін жарық көрген Қ.Жұбанов (1936),С.Аманжолов (1938),
І.Кеңесбаев пен Жиенбаевтың Грамматикаларындаң (1942) етістік мәселесі
сабақты етістік пен салт етістік, болымды және болымсыз етістік, етіс
категориясы, рай, шақ, жақ категориялары, есімше мен көсемше деген сипатта
танытылып, бір жүйеде көрсетіледі. Осыған қарап, зерттеулердегі кейбір
толықтырулар мен атаулар тиянақталып, өзгерістер енгізіліп отырса да,
етістік сөз табына қатысты теориялық белгілі бір дәстүрлі жүйе берік
сақталып келеді деуге болады.
Профессор І.Кеңесбаев орыс сыныптарына арналған оқулығында сабақты,
салт етістіктерді де етіс категориясы деп қараса, профессор С.Аманжолов
міндетті келер шақң деген атау, профессор І.Кеңесбаев пен С.Жианбаев
мақсатты келер шақңдеп қолданған, лингвистикалық атауларды бұл тәрізді
өзгертіп қолдану Н. Сауранбаев пен Ғ.Бегалиевтің педучилище оқушыларына
арнап шығарған оқулығында да ұшырайды. Мұнда авторлар өздік етісң -
өзіндікңдеп, өзгелік етістің өздік ң деп, болжалдық келер шақтың
шексіз келер шақ ңдеп, өткен шақ түрлерінң ескі өткен шақ, алыс өткен
шақ, тиянақты өткен шақ деп атайды.
Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев
авторлығымен жарыққа шыққан (үш бөлімді лексика, фонетика, грамматика)
Қазіргі қазақ тіліне дейін 20 жыл ішінде етістік категорияларының арнайы
зерттеулерінде өзіндік тарихы, белгілі кезеңі бар. Өйткені, бұл дәуірде
көлемі бір-екі беттен аспайтын шағын мақалалардан бастап, етістіктің жеке
грамматикалық категорияларына арналған монографиялық зерттеулер жарыққа
шықты.
Мәселен, барлық етістік түбірінен бір төбе болып ерекше тұратын отыр,
жатыр, жүр, тұр сөздері нақтылы осы шақ жасауда дара тұрып (отыр-мын, жатыр-
сыз, жүрсің-дер болып жіктеліп), күрделі етістіктер құрамында (келе
жатырсыздар, ол сөйлеп тұр, оқып жүрміз, т.б.) көмекші етістік қызметін
атқарады Мұнда зерттеушілер көсемшелермен тіркесіп, күрделі етістік жасайын
төрт етістіктің нақ осы шақ мәнінде қолданылуын дәлелдеп көрсетеді. Бұған
жалғас Ш. Сарыбаев тұр, жүр, отыр, жатыр етістіктеріне арнап мақала
жариялады. Онда автор бұлардың жіктелу ерекшеліктері мен құрылымдық мәнін
арнайы сөз етті. Бұл төрт етістік күрделі етістіктердің көмекші компоненті
болып келуімен байланысты өздерінің грамматикалық мағынасын өзгертеді.
Етістік сөз табына қатысты қазақ тіл білімінде толыққанды шешімін
таппай келе жатқан мәселе – етістіктің көрініс (вид) категориясы –
тұлғалары ретінде көрсетіліп жүрген бір топ қосымшалардың тілдік сипатымен
байланысты. Аталған категорияларға енгізіліп жүрген -қыла-кіле,-ғыла-
гіле,-мала-меле,-ымсыра-імсіре жұрнақтары туралы түрлі пікір бар. Бұл
қосымшаларды И.Ұйықбаев, А.Ысқақов т.б. ғалымдар сөз түрлендіретін тұлға
ретінде таныса, Б.Құлмағанбетова, С.Хасанов, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова,
Б.Шалабаев, Ы.Мамановтар сөз тудырушы жұрнақтар ретінде қарайды.
Күрделі етістіктерді арнайы қарастырып, оларды басқа күрделі сөздермен
салыстыра қарастырып, олардың аналитикалық жасалымын жан-жақты қарастырған
– ғалым Б.Қасым. Ғалым күрделі етістіктердің бір ұғымды білдіретін
ерекшеліктерін атап өтеді.

І.2.Етістіктердің тұлғалық сипаты мен мағыналық түрлері

Етістік деп заттардың қимыл-әрекетін білдіретін сөз табы аталады.
Мысалы, кел, ал, сөйле, жат, тұр, өс, өн, ақта, сыйла, мөңіре, бозда,
құлында, ұр, сын, құла, жар т.б. осы етістіктер жанды, жансыз заттардың
қимыл әрекетін білдіреді. Мысалы, адам сөйлейді, жапырақ көгерді, кісі
ойлады, егіс өнді, сиыр мөңіреді, бие құлындады, ит үрді, тақтай сынды, тас
құлады ағаш жар т.б. Осымен байланысты етістік қимыл ұғымын білдіретін
сөз табы болып саналады, қимыл ұғымы етістіктің жалпы мағынасы болып
табылады [4; 241].
Етістіктің жалпы қимыл ұғымын білдіруі сөздерді топтастырудың 1-
ұстанымына, яғни лексикалық-семантикалық қағидаға жауап береді. Етістіктің
өздеріне тән грамматикалық белгілері мен ерекшеліктерін жүйелеп көрсетуге
болады:
1) Етістік осы жалпы мағынасы арқылы барлық басқа сөз таптарынан
ерекшеленеді. Өйткені етістіктің қимыл мағынасы ешбір сөз табының
мағынасына ұқсамайды. Бұл – етістіктің ең басты белгісі. Етістік – есім
сөз таптарына қарағанда, әбден қалыптасқан сөз табы. Ол тек қазақ тіліне
ғана қатысты емес, жалпы тіл атаулыға қатысты қағида.
2) Етістік сөйлемнің ұйытқысы, оның басқа сөздерді шоғырландырып,
байланыстыру қабілеті жоғары болдып табылады.
3) Тілде етістіктің атқаратын қызметі өте зор. Құрамында етістігі жоқ
сөйлемдер өте сирек кездеседі. Бір сөйлемде бірнеше етістік қолдану – заңды
тілдік құбылыс. Бұл – етістіктің белгісініңі бірі әрі грамматикалық
ерекшелігі.
4) Етістік сөздер сөйлемде құрамы жағынан өте күрделі, оған себеп –
етістіктің грамматикалық категорияларға байлығы. Қазақ тілінде етістіктен
категорияға бай сөз табы жоқ деп айтуға болады. Олардың бәрі бір етістік
құрамында түгел қолданыла бермегенімен, етістік құрамында оның бірнеше
категорияларының көрсеткіштерімен қабаттаса қолданылуы жиі кездеседі.
Мысалы, Ол бұл әңгімеге енді қайта орала бермейді (М.Ә.) Осы мысалдағы
орала бермейді деген етістікті алсақ, ол қимылдың өту сипаты
категориясында, етістіктің болымдылықболымсыздық категориясында, келер
шақта, жақ категориясында қолданылған. Етістіктің құрамында қимылдың өту
сипаты категориясының -а бер болымсыздық жұрнағы -ме, келер шақтық -й, жақ
категориясының жалғауы -ді қолданылған. Міне, етістіктің бұл сияқты құрамда
қолданылуы – әдеттегі жағдай, етістік одан да күрделі құрамда қалданыла
алады.
5)Етістік құрамында етіс жұрнақтары болғанда, олардың грамматикалық
мағыналары өзгереді. Мысалы: Оқытушы студентке сөйлем талдатқызды деген
сөйлемде талдатты етістігі талдады етістігімен граммматикалық мағынасымен
ерекшеленеді. Талдатты етістігіндегі -т жұрнағы қосымша грамматикальық
мағына үстеген; ол – өзгелік етіс мағынасы, яғни өзгелік қимыл қатысы
мағынасы болып табылады.
Бұлардан тыс етістіктің басқа да грамматикалық ерекшеліктері бар:
1) етістіктің сөйлемге түскенге дейінгі түбір тұлғасы оның лексикалық
мағынасы болып табылатындығы. Мысалы: оқу, бару, айту, сөйлеу, жазу,
тапсыру, т.б.
2) етістіктің сөйлем құрамына (сөз тіркесіне) түскендегі тұлғасы
түрленген тұлға болатындығы. Оқу – білім бұлағы. Оқу – инемен құдық
қазғандай. Сөйлемдегі оқу сөзі түбір тұлғадағы сөз емес, атау тұлғасында
түрленген етістік сөз болып табылады, не? деген сұраққа жауап береді.
Етістіктің қимыл атауы, есімше, көсемше түрлері, салт, сабақты
етістікке бөлінуі де етістікті басқа сөз табынан ажырататын белгілеріне
жатады.
Етістік басқа сөз таптарынан мағынасы жағынан ғана емес, өте күрделі
грамматикалық құрылымы арқылы да ерекшеленген. Етістіктің грамматикалық
категориялары ешбір сөз табында жоқ және олар өте күрделі, етістік
грамматикалық категорияларға өте бай.
Әр грамматикалық категориялардың өз мағынасы, өз көрсеткіштері тілде
қалыптасып, әбден орныққан. Мәселен, етістіктің болымдылық, болымсыздық
категориясы, қимылдың өту сипаты категориясы, модальдық, рай категориясы,
шақ, жақ категориясы басқа ешбір сөз табында жоқ. Олардың әрқайсысының ішкі
түрлері өте көп және олардың мағынасын білдіретін бірнешеден
көрсеткіштері,қосымшалары бар.Яғни  грамматикалық категориялардың өз
көрсеткіштері болады, бір мағынасы бірнеше тілдік бірлік, грамматикалық
көрсеткіш арқылы да беріледі. Сондықтан ол грамматикалық көрсеткіштер
етістіктің топтастыру теориясының 2-ұстанымына жауап беретінін дәлелдейді.
Олай болса, етістік мағынасына және құрамындағы морфологиялық
көрсеткіштеріне қарап, басқа сөз таптарынан ерекшеленеді, яғни өз алдына
дербес сөз табы болып саналады. Сонымен бірге, етістіктің өзіне тән
сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі бар. Ол - сөйлемнің баяндауыш
мүшесі қызметін атқарады. Етістіктің ішінде баяндауыш қызметін атқара
алмайтын бірде-бір етістік жоқ.Сондықтан баяндауыш болу етістікке тән
синтаксистік қызмет. Етістік пысықтауыш қызметін де атқарады. Жалпы
етістіктің сөйлемде ұйымдастыру, басқа сөздерді меңгеріп маңына жинау
қабілеті де танылған.
Грамматикалық жағынан да етістік мағыналары алуан түрлі. Мәселен,
бүкіл етістік мағыналары салт, сабақты болып бөлінеді. Етістік атаулыға
тән бұл мағыналық ерекшеліктен тыс қалатын ешбір лексикалық мағыналы
етістігі жоқ, ол - негізгі етістікке де, туынды етістікке де тән жалпы
семантика. Сондай-ақ қимыл атауы етістіктері де өз мағынасы, тұлғасы арқылы
басқа етістіктерден ерекшеленеді, олар қимылды атайды [5; 41].
Етістіктің есімше түрі – заттың қимыл белгісі (оқыған адам, келген
кісі). Осыған қарап, ғылымда есімшені сын есімге қосу керек деген пікір де
болған. Бұл есімшенің мағыналық ерекшелігін дәлелдейді.
Көсемше де мағынасы жағынан етістіктің басқа түрлерінен ерекшеленеді.
Көсемше қимылды сипаттайды, суреттейді (күле қарады, жылымсырап сөйледі,
сықылықтап күлді ).
Көсемшенің қимылды сипаттау мағынасы оны үстеуге жақындатады,
сондықтан оны үстеуге қосу керек деген ұсыныстар да болған.
Сонымен етістік – мағынасы жағынан ерекшелігі мол сөз табы.
Түбір сөз немесе түбір тұлға де аталатын термин тұрғысынан қарағанда
да етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Бұл, әсіресе,
омонимдік топ құрайтын: ор, өр, ау, жүз, қара, кез т.б. осы тәрізді
лексикалық бірліктерден көрінеді. Егінді ор мен қазылған ор, оңға жүз бен
жүз бала, сондай-ақ бермен қара мен қара бояу, алыстан бір қара көрінді
деген салыстырыла беріліп отырған тіркестердің бір-бірінен мағыналық та,
тұлғалық та саралануы түбір деген атаудың әр сөз табында түрліше көрініс
беретіндігін білдіреді. Сонда етістіктер тұлға жағынан омоним есімдермен
дыбыстасып жатқанмен, беретін мағынасы (беліңді бу, жиһанды кез, малға
қара), салт немесе сабақтылық мән беріп (қапты бу, суда жүз), сөйлемде
обьектімен қарым-қатынаста болу-болмау қасиеті және жақ пен шақ, рай
мағыналарында қолданылуы арқылы түбір тұлғасында тұрып-ақ толық етістік
мәнінде көрінеді. Етістікке тән бұл лексика-семантикалық және лексика-
грамматикалық ерекшеліктер жоғарыда салыстыра берген омонимдердегі іс-
әрекеттермен қатар басқа да етістіктерге ортақ қасиет болып саналады.
Грамматикалық тұлғалануға түспеген, былайша айтқанда, сөздерді
байланыстыратын аффикстер қосыла қоймаған түбір етістіктердің өзі мағынасы
жағынан да, морфологиялық құрамы жағынан да алуан түрде кездеседі. Олардың
ішінде, есімдермен, оның зат есім (ор, өр, бу ), сын есім (ақ, қара, кір),
сан есім ( жүз, қырық ), есімдік ( сен ) т.б.-лармен (қарай : жан-жағына
қарай бастады, бізге қарай жүрді) омонимдес болып келетіндері де, өз
алдарына басқа-басқа топ құрайтындары да бар. Бөл, жу, шеш, ұр тәрізді бір
буынды, ашы ( жаның ашы-сын ) кейі, бора, құлпыр, үде т.б екі және абдыра,
жадыра, ыдыра, орналастыр, коллективтестіріл-ген сияқты үш одан да көп
буынды етістіктер де түбір тұлғалы сөздердің шеңберінде қаралады.Бұлардың
ішінде бір-ақ буынды болып келгенмен, жа-н (от жанды) мен жа-қ (шамды жақ),
уа-н ( бала уанды ) мен уа-т (баланы уат, қантты уа-т ; салыстырыңыз : уа-қ
етіп бөлу) болып одан әрі бөліп, тұлғалық талдауға салып қарауға
келетіндері де кездеседі [6; 241].
Буын санының бірдейлігіне, сондай-ақ, кел, кет, өт, же, жет сияқты
негізгі немесе қара-ла, кең-і, кең-ей, құт-ыл, құт-қар, сер-гі, тыр-қыр-а
тәрізді туынды тұлғаларда келуіне қарамай, субьектінің белгілі үдерісі
болуы және субьекті мен обьектілік қатынасына сай өзара топ құрып,
тұтастықта көрінетіндері де аз емес.Ақ-та мен ағ-ар-т, тар-ыл-т пен тар-ай-
т, кіші-ле мен кіші-р-ей-т, судыр-а тәрізді тұлғалық айырмасы бар. Сонымен
бірге аз-у мен жүде-у ( азып кетті, жүдеді ), қайғыр-у мен ренж( і )-у,
көңілден-у мен шаттан-у т.б. толып жатқан синонимдік қатарлар да жиі
ұшырайды.
Етістіктердің ішінде сирек болса да түбір тұлғасынан гөрі
грамматикалық тұлғаланған қалпында жиі қолданылатындары бар. Тапжыл,
тапжылт ; бұлжы, ау, оң тәрізді түбірлердің : тапжыл-ма, ау-ма-ған ( әкесі
), ау-дыр-ма-й ; оң-ып тұрған жоқ, оң-қыр, оң-дыр-т-па-ды т.б. осы тәрізді
тұлғалық табиғи заңдылықтардан саналады.
Осындай жеке-дара қасиеттерін ескере отырып, сабақты және салт етістік
болып үлкен екі топқа бөлінетін етістіктерді етістік түбірлерінің болымды
түрі деп, үлкен бір аяға сыйғызуға болады. Өйткені етістіктің болымсыз
түрін, болымсыздық етістікті жасайтын негізгі тәсіл -ма-ме, -ба-бе; -па-
пе жұрнағының лексика мен грамматика саласында алатын орны ерекше.
Етістіктің түбірі мен бұйрық райдың 2-жақ, жекеше, анайы түріне қаратыла
айтылатын сөздер бүкіл тюркологиялық әдебиетте де, қазақ тілі оқулықтары
мен жеке зерттеулерде де үнемі дерлік бір тұрғыдан қаралып келді.
Етістіктің түбірі деген ұғымға дара етістік, дербес лингвистикалық
единицалар ғана емес, етістік негізді немесе есімдермен, басқа сөз
таптарымен де аралас келетін : олай етпе, гүрс ет (-ті ) ; басшылық ет,
айта сал (құлақ сал емес ) т.б. толып жатқан күрделі компоненттер де
жатады.
Осындағы келтірілген мысалдарға қарағанда, етістіктердің ішінде жеке-
дара тұрып-ақ толық мағына беріп, дербес қолданылатындары, сонымен қатар (
айт, түсін ) оларға, көбінесе, грамматикалық қосымша мағына үстеп,
көмекшілік қызмет атқаратындары да бар. Сал етістігі қолыңды қалтаңа сал
дегенде тікелей өз мағынасында айтылып, бере сал тіркесінде көмекші етістік
қатарына жатады. Ет пен е ( е-ді, е-мес, е-кен т.б. ) етістіктері үнемі
көмекші компоненттер тобын құрайды. Жат (келе жатыр, бара жатып, түс
(сөйлей түс), бер ( әнді аңыратып қоя берді ) т.б. орнына қарай негізгі
және көмекші етістік функцияларын тақарып, екі ұдай қолданылады. Осындай
кең де әр жақты қарап, түбір етістік дейтін межеге сыйғызуға келетін
сөздерді іс-әрекет, амал, қалып үдерісінің динамикасын білдіруі жағынан
бірнеше лексика-семантикалық топқа бөліп қарауға болады.
1. Обьектімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер.
Бұл топқа, негізінен, сабақты етістіктер жатады. Бірақ олардың өзін
субьекті іс-әрекеттің обьектіге қатысына қарай :
а) же, іш, пісір, қаз, құрт, піш, уат, кес ;
ә) майла, боя, сүтте, (сүттеп шай ішу), асфальтта, сабында ;
б) ұр, соқ, жық, көтер, апар, әкел, ал, бер ;
в) жүр (шахмат, дойбы, картаны жүр дегенде), бас (аяғыңды бас), қат
(тіл қату) ;
г) көр, есіт, оқы (кітапты) ұқ, ұйымдастыру, түсін, сезін, аңсары ауу
д.м. тәрізді бірнеше топқа жіктеп көрсетуге болады.
2.Субьекті қалып, сапалық өзгеру үдерісімен байланысты айтылатын
етістіктер. Бұған да, негізінде, салт етістіктер жатады.Олардың бір-бірінен
мағыналық айырмасы бар :
а) ұйықта, оян, қуан, қайғыр, ренжі, уан ;
ә) азай, көбей, ортай, молық, толық, кемі , кеңі, тарыл, семір, іс ;
б) ұзар, қысқар, өс, ағар, көгер, сарғай, әдемілен ;
в) өл, ауыр, жазыл, сем, тіріл, қат, (қатып қалды), ту (ол 1900 жылы
туды), қыз (от қызды), жан (шам жанды), кеп (шүберек кепті) ;
3.Субьекті қозғалысын, беталыс, бағытын білдіретін етістіктер.
Бұлар, негізінен, салт етістіктер тобын құрайды. Оларды да іштей :
а) кел, кет, бар, қайт, жүр, (кейін жүрме, ілгері жүр, ол осында жүр),
серуенде.
ә) түс, шық, көтеріл, көлбе, көлкі, ақ, жау, құй, төк ;
б) ұш, самға, сырғана, жылжы, шап, жорт, жорғала, жүгір ;
в) жинал, тара (хабар тарады), тарқа, ыдыра ; т.б. осы тәрізді саралап
бөлуге болады.
4) Бейнелеу етістіктері. Бұлар да салт етістік және олар, негізінен,
үлкен үш топқа бөлінеді :
а) бет-бейне, дене құбылуымен байланысты айтылатындар ; адырай,
бақырай, едірей, безірей, бүкірей, мықырай ; тыржыңда, мықшыңда, орди, ими,
сиди, ілми, жыми т.б.
ә) дыбыстаумен байланысты динамикалық үдерісті білдіретіндер : маңыра,
мөңіре, үр, мияула, ойбайла, айқайла, шәуілде, бозда, ыңыран, ыңырсы,
қыңсыла, шырылда, іңгәла, шиқылда, сайра, шырқа, тарсылда, сусылда, т.т.
лар.
б) түр-түс т.б. құбылмалы үдерістерді білдіретіндер :
жалтылда,үлпілде, үлбіре, жалпылда, қызараңда, ағараңда, көлбеңде, ербеңде,
елпелекте т.б.
5) Ішкі обьектілі салт етістіктер.Бұған :
а) қозда (қой қоздады), бұзаула, күшікте (түлкі, қасқыр, ит, мысық
күшіктеді), құлында, ботала, жұмыртқала ;
ә) гүлде (алма гүлдеді), жапырақта (ағаш жапырақтады), жапалақта (қар
жапалақтап тұр) т.б. осы тәрізділерді мысал етіп келтіруге болады.
Қазақ тілі етістіктерінің қай тұлғасында болсын (негізгі, туынды,
дара, күрделі) лексикалық мағынасының үстінде салттылық, сабақтылық
грамматикалық мағынасы болады. Бұл – олардың алғашқы табиғатынан
қалыптасқан құбылыс.
1. Күрделі етістік біртұтас лексикалық мағына береді. Мысалы: Осы кезде
шай жиылған және Мағаштың әлдебір кезде ағам тұрып, шайын болды ма
екен,біліп кетң ,-деп жіберген жолдас жігіті, жас әнші Әлмағамбет
жаңа қайтып келген (М. Әуезов). Жақында Тәмбай мырзаның кіресімен
қалаға барып қайтып едім, бір жақсы сыбыс естіп келдім (І.
Есенберлин). Ызалы жігіттер сыртқа жүгіріп шыққалы оқтала бергенде
аржағынан бір топ кісі сау етіп кіріп келді (Ә. Нұрпейісов). Осында
қолданылған біліп кел, айтып келген,барып қайтып , естіп келдім, кіріп
келді сияқты күрделі етістіктер әрқайсысы бір күрделі қимылды
білдіреді. Дара етістіктер қалай бір сұраққа жауап беріп тұрса,
күрделі етістіктер солай бір сұраққа жауап беріп тұр. Күрделі
етістіктер құрамында қаншама сөз болса да олар бір сөз жасап тұрған
морфемалар. Егер күрделі етістіктің бір лексикалық мағынасы болмаса,
оның сыңарлары әрқайсысы өзінен дербес мағына беріп, жеке-жеке сұраққа
жауап берсе, ол күрделі етістік емес сөз тіркесі болады . Мысалы: Ол
қарқылдап күлді, десек қалай күлді? не істеді?деген сияқты сұрақтарға
жауап береді.
2. Күрделі етістік жалпы күрделі сөздер сияқты мағыналы етістіктерден
жасалады. Сондықтан олардың құрамындағы сыңарлары мағына жағы-нан тең
болады. Мысалы: Ұлпан сары жез самауырды көтеріп далаға шығып кетті
(Ғ.Мүсірепов). Үйіне қайтып келді де қасқыр көрпені айқара жамылып
жатып қалды (Ғ.Мүсірепов). Бұл оны итеріп тастады да, ішке кіріп барды
(Ә. Нүрпейісов). Осы келтірілген мысалдардағы шығып кетті, қайтып
келді, кіріп барды деген күрделі етістіктердің құрамындағы сыңарлары
мағыналары тең етістіктер.
3. Күрделі етістік дербес сөз болғандықтан, ол барлық дербес сөздер
сияқты сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарады. Оның құрамындағы
сөздер басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспейді, жеке - жеке
сөйлем мүшесі болмайды, бір ғана сөйлем мүшесі болады. Өйткені, ол-
бір сөз. Мысалы: Әзімбай жауап айтпай, үндемей тұрды да, атына мініп
кетті (М.Әуезов). Кенженің нақсүйері едім ғой, азын-аулақ еншімді
бөліп берсін (М.Әуезов).
Оңалмай жүргенімді ісім көптен,
Шағымда сағым сынып, күшім кеткен.
Ағаның қарлығашы інісіне,
Ақ қанат періште боп ұшып жеткен (М.Мақатаев).
Бұл мысалдардан күрделі етістіктің сөйлемнің барлық мүшесі
болатындығын көреміз. Бұл қасиет күрделі сөзге тән. Олай болса күрделі
етістіктің соған жататынын дәлелдей түседі.
4. Күрделі етістіктер сөйлемде дара сөздер сияқты түрленеді. Сөз
түрлендіруші көрсеткіштер күрделі етістік біткен соң жалғанады.

5. Күрделі етістіктің сыңарларының арасында басқа сөздер тұра алмайды.
Мысалы, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп еді (Ғ.Мүсірепов).
Сатыпалды ертеңіне атпен ферма орталығына жүріп кеткен (Қ. Жұмаділов).
Бүркіт браунигті қайтып берді (І. Есенберлин). Келіп кірлі, жүріп
кеткен, қайтып берді -күрделі баяндауыштар. Күрделі етістік бір
сөзжасам арқылы жасалған сөз болғандықтан, оның сыңарлары бір сөзді
жасаушы құрал болған соң, бір сөздің ортасын жарып қосымша қосылу
сияқты заңдылық тілімізде жоқ. Сондықтан күрделі етістіктің арасына
басқа сөз кіре алмайды.
6. Күрделі етістіктің құрамы тұрақты, әр уақытта бір құрамда қолданылады,
оның сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды. Олар инверсияға түспейді:
алып кет, жүріп кет, беріп қайт, көріп кел, жазып бер, сатып бер,
айтып ал, сұрап ал, айта бар, ала бар т.б. Мысалы: Кабинетке әнеукүнгі
әдемі хатшы қыз бірге еріп келген (І. Есенберлин). Шеген театр
маңайын екі рет айналып келді (Ғ. Мүсірепов).
7. Күрделі етістікке бір ғана екпін түседі, ол түсінікті. Бұл да сөздің
қасиетімен байланысты, тілде бір сөзге бір екпін түседі. Мысалы: бала,
базар, кел, айт, малшы, сулы, көрме тағы басқа. Сол сияқты күрделі
етістік те бір екпінмен айтылады. Мысалы: қара ала, қырық буын
(өсімдік), келіп кет, алып бер т.б. Бұл да күрделі етістіктің негізгі
қасиеті, белгісі болып саналады. Мысалы: Бір уақыттаүлкен үйдің қара
ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі (М. Әуезов). Ал
алқапты сүйредік, қырықбуын, ебелек, аңқаудан басты (С.
Мәуленов)31.
Сөйтіп, етістік күрделі сөзжасам жүйесі бар сөз табы болып табылады.
Ол өзінің құрамын тілдің тарихи дамуында үнемі толықтырып отырады. Бұл сөз
табында да сөзжасамдық тәсілдердің қайсысы болсын қызмет атқарады. Алайда
етістік сөзжасамында аналитикалық тәсілдің алатын орны ерекше дап көрсетуге
болады. Бұл тәсіл арқылы етістіктің сөзжасамына қатысты бірліктер – етістік
түбірлер мен есім түбір сөздер. Етістіктер екі-үш немесе одан да көп
сөздердің қосылуы, осыдан кірігуі, тіркесуі арқылы күрделеніп, біртұтас
лексема жасайды, күрделі компонент құрайды. Алайда диплом жұмысында жалпы
етістіктің сөзжасамдық қыры ғана емес, грамматикалық құрылымдағы танымдық
теориялық сипаты қарастырылады.
Етістіктер тек қазақ тілінде ғана емес, түркітануда да өте кең
қарастырылып, оның түрлену ерекшеліктері мен қолданыстық табиғаты жан-жақты
сипатталған. Етістіктің аналитикалық сипаттағы түрлері де кең зерттеуге
түсті. Мысалы, жәрдем ет, жүрек жұтқан, келіп кет, келе алмау тәрізді
түрліше құрылымдағы етістікті тіркестердің бәрін күрделі етістік деп тану
түркі тіл білімінде кейінгі жылдарға дейін орын алып келді. Соңғы жылдары
күрделі етістік терминіне ензіліп жүрген кейбір кері түсініктер тіл
фактілерінің ерекшеліктерін ашуда зертттеушілердің дәлелдеулері нәтижесінде
өзгерді.
Етістік сөз табының сөзжасамдық сипаты. Етістік түбірлері деп бір
шеңберде қаралатын сөздердің өзі буын саны мен морфологиялық құрамы жағынан
әр түрлі болып келеді.
Кел, жу, ой, көр, біл т.б. бір буындылар мен оқы, қара, төле, отыр
тәрізді екі буынды түбір етістіктер бір морфема болып
танылады.Етістіктердің бұл тобы негізі түбір етістікке жатады. Осы негізгі
түбір дегендердің ішінде тарихи қалыптасуы жағынан алып қарағанда туынды
түбірге жататындары да бар. Бұған : қоры қорға (қоруғ -ла), оят
(ойғатояғла ет) т.б. етістіктерді дәлел етіп келтіруге болады [16; 112 ].
Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген етістік түбірлерінің басым
көпшілігі: ақ-та, әдемі-ле, түн-е, бай-ы, кіші-р-ей, ау-ыс-тыр, ұйым-да-с-
тыр тәрізді түбір болып келеді.Осы келтірілген мысалдарды өз ішінде ол
бастағы түбір етістікке (мыс.: ау, бітір, ұйымдас т.б.) немесе есімдерге
(ақ, әдемі, түн, бай, ұйым т.б.) жатады деп одан әрі бөліп қарауға болады.
Етістік өзінің жасалуымен де өте күрделі сөз табы болып табылады. Ол
тарихи дамуы жағынан да туынды сөздерге бай, сондықтан етістік түбірін
ажырату кейде қиынға соғады. Сөзжасам жүйесінде етістік сөзжасамдық барлық
тәсілмен жасалады.
Біріктіру арқылы сөз жасау – ертеден қолданылып келе жатқан
тәсілдерінің бірі болып саналады. Алайда етістіктің бірігу жолымен жасалуы
өте мардымсыз. Онда да етістіктің бірігу жолының кіріге біріккен түрімен
жасалуы ғана кездеседі: апар – алып бар, әпер – алып бер, әкел – алып кел,
әкет – алып кет.
Жұрнақ қосылу арқылы жасалғандардың бәрі, былайша айтқанда, туынды
түбір етістіктер, морфологиялық тәсілдің шеңберінде қаралады, ал күрделі
етістік түрлері аналитикалық тәсіл нәтижесі болып табылады. Етістік
сөзжасамдық тәсілдің қай түрімен жасалса да, туынды деп аталады.
Белгілі ғалым Н. Оралбай сөзжасам саласында терең зерттеулер жүргізе
отырып, қазақ тілі күрделі етістіктерінің жасалу жолын көрсетеді. Ғалым:
Етістік сөзжасамында аналиткалық тәсіл өте белсенді қызмет атқарады.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктерге тіліміз өте бай.
Көне замандардан бері қолданылып, тілді күрделі етістіктермен байытқан бұл
тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктердің өзіндік ерекшеліктері мол.
Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы деп екі етістіктің бір-бірімен
тіркесіп, бір күрделі қимыл ұғымын білдіріп, бір күрделі етістік жасауы
аталады. Алдымен күрделі етістіктер күрделі қимыл ұғымын білдіреді. Күрделі
қимыл ұғымы деп екі түрлі қимылдың біртұтас қимыл-әрекет мәніне ие болған
түрін айтамызң -еп атап көрсетеді. [12; 98 ]. Мысалға, үйге кіріп шық,
бізге келіп кет, оған барып қайт, мұны беріп кел сияқты кұрделі
етістіктердің бәрі алғаш екі қимылды білдіретін толық мағыналы дербес
сөздер болған. Қолданыла келе олар дербестігін жойып, біртұтас мағынаға
көшкен, яғни бір қимыл мәніне көшкен. Бірақ ол біртұтас қимылда алғашқы
сыңарлардың мағынасының ізі сақталған, олар қазір бір қимылдың тұтас
жасалатын екі кесіндісі сияқты мәнді сақтаған. Сондықтын ол бір ғана қимыл,
дара қимыл мәнінен күрделі ұғым болып қалыптасқан. Күрделі етістіктердің
басым көпшілігі күрделі қимыл ұғымын білдіреді, бәрі де осындай деуге
болмайды. Бұл ретте құранды етістіктер ерекшеленедің дегенінен жоғарыда
айтылған А.Ысқақовтың пікірімен орайлас екенін байқаймыз. Сөйтіп ғалым
күрделі етістіктердің барлық күрделі сөздер сияқты сөйлемнің бір мүшесі
болатынын, біртұтас ырғақпен, бір екпінмен айтылатынын, содан сыңарларының
арасына басқа сөз түсе алмайтынын айту арқылы күрделі етістіктердің
бойындағы күрделі сөздерге тән белгілерді ашып береді. Күрделі
етістіктердің әр сыңарының толық сөздерден болатындығын ескерте отырып, бұл
заңдылыққа құранды етістіктердің бағынбайтындығын айтады, бірақ күрделі
етістіктердің қатарына жатқызады. Сөйтіп, күрделі етістіктерді бес түрге
бөледі: кіріккен, тіркескен, құранды, қосарланған, тұрақты тіркес
етістіктері [17,173-174].
Синтетикалық тәсіл етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады.
Синтетикалық тәсіл арқылы етістіктің жасалуы сөзжасамдық жұрнақтармен
байланысты. Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтарының негіз сөзге жалғанып, оның
мағынасын өзгертуі не түрлендіруі синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы деп
аталады. [18; 134]. Мысалы: көгер, жасар, тыңда, қозға, сөйле, көрсет,
жуын, оқыт, сөндір, жазғыз т.б.
Туынды түбір етістіктер үшін екі морфема міндетті түрде қызмет
атқарады. Оның бірі – негіз сөз, екіншісі сөзжасамдық жұрнақ. Негіз толық
мағыналы дербес сөзден болады. Тұлғасы жағынан негіз сөз негізгі түбір
болады. Мысалы: толық, ағар, ағар, жина, көгерт, емдет т.б. Есім сөз
таптарынан жасалған туынды етістіктер сөзжасамдық тұрғыдан етістіктер үшін
туынды негіз болып табылады.
Кейбір туынды түбір етістіктердің негіз сөздері тарихиланып, көнеленіп
кеткендіктен, ол жұрнақтарсыз қолданыла алмайды.Мысалы: оян, оят, аңқай,
аңқи, өңки, семір, жұбан т.б. сияқты бір топ туынды түбір етістіктердің
жұрнақтары анық көрінеді, бірақ негіз сөздері жұрнақсыз айтылмайды. Бұларды
да туынды етістіктер деп атайды. Бұлардың негіз сөзі бір кездері дербес сөз
болғанымен, қазіргі тілде түбір сөз ретінде қаралмайды. Мұндай түбірлерді
орыс тіл біліміндегідей байлаулы түбір деуге болады.
Тарихи тұрғыдағы қазір туынды түбір етістік деп дәлелденіп жүрген
біраз етістіктерге мыналар да жатады: кел, кет, тол, той, т.б. Бұлар қазір
негізгі түбір болып саналады. Осылардың аздаған мағыналық байланысы олардың
тарихи тұрғыда түбірлес сөз аталуына негіз болған. Қазір бұл сөздердің
құрамы қосымша мен түбірге бөлінбейді.
Етістік сөзжасамында барлық сөз табы негіз болып, сөзжасамдық бірлік
қызметін атқарады. Олардан зат есім сөздерді (балтала, нөсерле, мұзда,
жемде), сын есімдерді (қарала, әдеміле, жақсыла), сан есімдерді (біреуле,
екеуле), есімдікті (қайдала, өзімсін), үстеуді (ертелет, кештет),
еттістікті (түйре, бүрке, жүріңкіре), одағайды (ойбайла, үһіле,) атауға
болады. Қысқасы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұрнақ және оның түрлері
Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
Жұрнақтардың шығу тектері мен даму тарихының сипаттамалары
Көpкем шығаpма тiліндегі қoс фyнкциялы жұpнақтардың қолдaнылуы
Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасамдық ерекшеліктер ( Китаб әл-Идрак ли-Лисан әл- Aтрак ескеркіші бойынша)
Корей тіліндегі сөзжасам жұрнақтары
Етісті оқыту
МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
Сабақты және салт етістіктер
Пәндер