Экологиялық химияның маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ бет

Кіріспе . . . 5

I ТАРАУ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

  1. Электронды оқулықтың дәстүрлі оқулықтан ерекшелігі және

мемлекеттік стандарт бойынша жасалу талаптары . . . 4

1. 2. “ Rinel-Lingo” бағдарламасына жалпы түсініктеме . . . 13

1. 3. Экологиялық химияның маңызы . . . 14

II ТАРАУ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.

«Орта мектептегі экологиялық химияның бағдарлама өнімін құрастыру»

2. 1. Химиялық білімнен экологиялық білімге ауысу жолы . . . 19

2. 2. «Экологиялық химия» бөліміне мультимедиялық

фрагменттердің жасалуын бейнелеу . . . 31

2. 3. «Пестицидтер» тақырыбындағы сабақтың үлгісі . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58

КІРІСПЕ

Дәстүрі бойынша да, мәні мен маңызы жөнінен де сан алуан құралдары ішінен электронды оқулықтардың алатын орны ерекше. Орта білім жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі - жаңа буын оқулықтарын, яғни бағдарламалық өнімдер жасау болып табылады. Өйткені орта мектеп оқушылары мен оқытушыларына арналған электронды оқулықтар, әсіресе қазақ тілінде жеткіліксіз.

Соған байланысты мен орта мектептегі экологиялық химияның бағдарлама өнімін құрастырдым.

Мақсаты: оқушылар үшін экологиялық химияның бағдарламалық өнімін құрастыру.

Міндеттері:

  • бағдарламалық өнімді құрастырғанда мемлекеттік стандартқа сай құрастыру;
  • берілген тақырыпта ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу және оқу материалын сұрыптау;
  • өзін-өзі тексеру үшін тесттің түрлерін және бақылау сұрақтарын енгізу;
  • оқулық құрамына суреттер мен видиофрагменттер енгізу.

Өзектілігі:

  • Оқыту еңбегінің рационалды ұйымыөндіріледі.
  • Оқытылатын пәнге қызығушылық пайда болады.
  • Оқушылардың өзіндік жұмыстары дамытылады.
  • Бақылау мен өзін-өзі бақылау қалыптастырылады.

Электронды оқулық жалпы өз бетімен білім алуға, стационарлық оқуға арналған әдістемелік және ақпараттық - мәлімет материалдар тәртіппен орналасқан, өзіндік дидактикалық мәні бар жаңа ақпараттық оқыту жүйесі. Электронды оқулықтың мультимедиалы болуы білім беру жүйесінің сапасын жоғарлатады және де оқушылардың қызығушылығын арттырады. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін және білім сапасын арттырып ғана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу материалының интерактивті өзара әрекетін және оны индивидуалды игеру траекториясын қамтамассыз етеді және кері байланыс принципін интенсивтендіреді.

Оқыту процесінде бағдарламалық өнімді қолдануда мынадай жалпы дидактикалық мақсаттар іске асады:

  • рационалды оқу еңбек ұйымдарын өндіру;
  • оқылатын затқа назар аударту;
  • оқушылардың өзіндік оқуын дамыту.

Бағдарламалық өнімді қолдану өзіндік оқылатын жұмыстарды күшейтугүлкен қызмет атқарады. Осы аталмыш диплом жұмысымда келесі аспаптық және техникалық мүмкіншіліктер қолданылынды: “ RinelLingoEditor” бағдарламасы мультимедиалық сыныптар үшін “ Lingo” кітап құрастырады.

I ТАРАУ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.

  1. Электронды оқулықтың дәстүрлі оқулықтан

айырмашылығы және мемлекеттік стандарт бойынша жасалу жолдары .

Электронды оқулық - курста оқылылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылыу сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізіміндері бөлімдерін қамтиды.

Ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріледі. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетіндігін көрсетеді. Кез келген сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электронды оқулық - білім беретін ортаның негізгі элементі болып табылады. Ол өзіне дәстүрлі білім беру ресурстарын, басқада элеатронды оқулықтарды, антропогендік факторды, мемлекеттерді, баспаларды және таратушыларды енгізеді.

Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз, толық деңгейде бақылау, сонымен қатар өздігінен білім алуын жақсартады және өзіндік тұрақтылығын арттырыды. Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. Бұл элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамассыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Дәстүрлі оқытуды меңгерудің төрт деңгейінің (репродуктивті, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:

  1. қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
  2. оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылыды, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Кез келген пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар мәселелерді талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім - оқушы арақашықтығын ұстау болмайды [1] .

Электронды оқулықтың типографиялық жолмен жасалған оқулықтан бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:

  1. Мультимедиалық мүмкіндіктер - электронды оқулықтың құрылысына мультимедиа элементтерінің кіруі, бір уақытта әр түрлі деңгейдегі ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді. Әдетте бұл мәтіннің, дыбыстардың, графиктің, анимация мен мультимедианың сәйкестігін көрсетеді.
  2. Виртуалды шындықты қамтамассыз етеді. Көптеген процестер мен электронды оқулықтарда объектілер өздерінің даму динамикасында көрсетілуі мүмкін. Сондай-ақ екі, үш өлшеу моделінде болуы, қолданушыларда шынайы көрсетілген объектінің қиалын тудырады.
  3. Жоғары дәрежелі интерактивтілігі. Интерактивтілік ақпаратты пайдаланушымен (оқушы) және оның негізін салушы (мұғалім) арасындағы кері байланысты орнатуға жағдай туғызады.
  4. Индивидуалды білім алуға мүмкіндік жасайды. Білім алушының жеке басына индивидуалды қатынас психологиялық тест өткізілгеннен кейін ғана мүмкін болады. Мұндай тестілеу білім алушыларды әр түрлі топтарға бөлуге, оқу материалының адекватты моделін ұсынуға мүмкіндік береді.

Психологиялық тестілеу автоматты түрде жүзеге асады, егер тест элементтері электронды оқулықтың бірінші бетінде орналасса немесе материалды меңгеруден бұрын болса. Тестілеудің нәтижесі бойынша қолданушыға оқулықтың сәйкес тарауларын оқуларына ұсыныс жасалады [2] .

Электронды оқулықтың дәстүрлі оқулықтан кейбір артықшылықтары.

  • Материалды меңгеруі уақытқа тәуелді болмауы (аудиториялық сабақтардың сабақ кестесі) .
  • Оқушылардың өздігінен білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
  • Оқулықтың құрылысы белгілі бір бөлімдегі тақырыпты оқуына, бақылау жасауына жағдай жасайды.
  • Электронды оқулықтың қағаз нұсқамен салыстырғанда қосымша мүмкіндіктері бар. Ондай мүмкіндіктердің біріне гиперсілтемені пайдалану жатады. Оның көмегімен бір бөлімнен екінші бөлімге жылдам ауысуына болады.

Осыған қарамастан электронды оқулықты құру мұғалімдер мен бағдарламашылардың еркін шығармашылық процессі болып табылады. Бірақта кейбір әдістемелік талаптарды ұстану керек.

Электронды оқулықты құрастыру әдістемелік қойылатын талаптар:

  1. оқу материалы блоктарға бөлінуі керек;
  2. әрбір блок толық иллюстрациямен қамтылуы керек;
  3. иллюстрация оқушыларға қиын қабылданатын материалдарды оңай және толық жеткізу мақсатына сай таңдалуы керек;
  4. блоктың негізгі материалы гиперсілтеменің көмегімен бір бүтін болып біріктірілуі қажет. Гиперсілтемелер электронды оқулықтың жеке блоктарында байланыстыра алады;
  5. электронды оқулықты қосымша материалдармен толықтыру керек.

Электронды оқулықтың құрамы:

  • аннотация;
  • пән туралы қысқаша ақпарат;
  • жұмыс бағдарламасы;
  • электрондық оқулықпен және оның бөліктерімен жұмыс жасау туралы әдістемелік нұсқаулар;
  • ұсынылатын білім беру бағдарламалары;
  • теориялық материалдар (лекция, конспектілер) ;
  • теориялық материалдарға негізделген оқу құралы;
  • сарамандық жұмыстарды орындауға негізделген оқу құралы;
  • сарамандық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тізімі;
  • бақылыу тапсырмалары;
  • зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқалары;
  • білімді бағалау критерийлерін айқындайтын тапсырмалар;
  • бақылау тестілерінің жинағы;
  • телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлері мен графигі;
  • глоссарий;
  • әдебиеттер тізімі және интернеттің ақпараттық ресурстарына сілтемелер;
  • озат мұғалімдердің жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
  • үйренушінің жұмыс папкасы;
  • мұғалімнің жұмыс папкасы;
  • ұлы ғұлама ғалымдардың пікірлері;
  • әлемдік деңгейде қабылданған келісім-шарттар;
  • дүние жүзілік экологиялық мәселелер.

Кесте 1

Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары.

Тиімді жақтары
Тиімсіз жақтары
Тиімді жақтары:

Оқушының уақытын үнемдейді

, оқу материалын іздеп отырмайды.

Оқушы оқулықты қажет

етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.

Тақырыптың үлкен, қиын

бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.

Таңдап алған хабарды көшіруге

мүмкіндік бар.

Сарамандық жұмыстар

жылдам түсіндіріледі.

Бағдарламаны меңгеруге

арналған тест сұрақтарымен қамтамассыз етілген.

Көрнекілік құралдарға деген

мұқтаждықты азайтады.

Тиімсіз жақтары:

Психологиялық-педагогикалық

талаптардың жоқтығы.

Пән аралық байланыстың

аздығы.

Көрнекілік материалдарда

бірыңғай таңдау.

Оқып үйренуге мамандық

бойынша бағыты ескерілмеген.

Материалдарды толық

қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.

Оқушының жеке ерекшелігі,

денсаулық жағдайы ескерілмеген.

Берілген материалдағы

санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.

Компьютердің графикалық

мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әліздігі.

Оқушының тіл мәдениетінің

төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

  1. компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңінде ғана пайдалану;
  2. компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
  3. компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
  4. дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі

электронды оқыту - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу тағы басқа бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

  • кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамассыз етеді;
  • жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;
  • гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулытарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. [3]

Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынандай дидактикалық талаптарын ескерген жөн. Ғылымның қол жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылыды: ғылымилығы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.

Ғылымилығы . Экологиялық химияның негізіне ғылымда шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізуі тиіс. Ол үшін орта мектептегі экологиялық химиядан электронды оқулықтың құрамына жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.

Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастырылады. Экологиялық химия атмосфера, гидросфера, литосферан және биосфераны бір жүйеге енгізіп қарастырады. Жүелік негізі, әсіресе, пәннің негізгі ұғымын қалыптастырғанда ескеріледі.

Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге кереғар, жүйелілікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан электронды оқулықтағы кейбір ғылыми ақпарлар оңайлатып беріледі. Орта мектеп оқушылары үшін электронды оқулық өте түсінікті, қарапайым тілде жазылады.

Саналылық және белсенділік негізі - электронды оқулықпен білім алу барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылыр жағына ауыстырып, олардың пәнге қызығуын және білім алудағы белсенділігін арттырады. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, электронды оқулықпен оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.

Электронды оқулықтың тілін меңгеруге байланысты саналылық негізінің маңызы арта түседі. Оқушылар иллюстрация арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу төркінін, сол арқылы белгіленген заттар мен құбылыстарды елестете білуі керек. Мұның өзі оқушылар білімінің жаттанды және үстірт болмауын қамтамасыз етеді.

Көрнекілік принципі. Электронды оқулықтың негізгі көрнекілігіне мультимедия, аудио, кестелер, суреттер, графиктер, кескіндер, сызбанұсқалар, бақылыу сұрақтары, әр түрлі мазмұндағы тестілер жатады. Оқушылар білімді заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Осының бәрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренеді.

Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бұл - оқушылардың электронды оқулықтан алған білімдерін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асырады. Осы принципті жүзеге асыру үшін оқушылар экологиялық химиядан алған теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда және өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға негізделіп құрастырылады [4] .

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

  1. білім мониторингісі;
  2. сауалнамалар;
  3. түрліше тестілік бақылаулар;
  4. жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу;
  5. оқушыларды сырттай бақылау;
  6. мәселелік мазмұндау;
  7. эвристикалық;
  8. зерттеу.

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастырады.

Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.

Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т. б. ) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.

Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе-портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:

1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

2. Жұмыс дәптері.

3. Анықтама.

4. Оқу, аудио, бейне материалдары.

5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

  • курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;
  • пайдаланушыға ыңғайлы құрылым - мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.
  • Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.
  • Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
  • Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM) .
  • Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.
  • Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

Желілік -технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік -технологиясына жатады:

  • Интернет желісін пайдалану;
  • Әлектрондық почтаны пайдалану;
  • Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
  • Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар

желелік компьютерлік класс;

Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту - адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

  1. Rinel-Lingo бағдарламасына жалпы түсініктеме.

Rinel-Lingo бағдарламасы мультимедиялық- лингофонды комплектімен қамтылған компьютерлік сыныптарды басқаруға арналған.

Rinel-Lingo бағдарламасының құрамына келесі бағдарламалар кіреді:

Rinel-Lingo Teacher - мұғалімнің жұмыс орнындағы бағдарламасы. Мұғалімнің жұмыс орнында орнатылған.

  • Rinel-Lingo Pupi - білім алушылардың жұмыс бағдарламасы. Білім алушылардың жұмыс орнында орнатылады.
  • Rinel-Lingo Editor - Lingo-кітап мультимедиалық- лингофонды курстарын редактирлеуге және құруға арналған бағдарлама.
  • Rinel-Lingo Viewer - дайын Lingo - кітап мультимедиалық-лингофонды курстарды толтыруға және көруге арналған бағдарлама. Білім алушылар мен мұғалімнің жұмыс орнында орнатылады.

Rinel-Lingo бағдарламасын мазмұндағанда қолданылатын түсініктемелер.

Виртуалды аудитория - Rinel-Lingo Audioмультимедиалық-лингофонды комплектінің көмегімен барлық дыбыстарды бір өріске келтіретін жұмыс орнындарының жүйесі.

Экранды активті көру - тышқан мен клавиатурамен басқарылатын мүмкіндігі бар жұмыс орнындағы компьютерден экранды көру.

Экранның демонстрациясы - бұл виртуальды аудиторияға қосылған бір жүйедегі компьютердің немесе басқа жердегі компьютерден компьютердің экранының демонстрациясы.

Сабақ - оқу процесінде қолданылатын кез келген бағдарламамен қамтамассыз етілген немесе файлдағы мағлұматтар. Rinel-Lingo бағдарламасының көзқарасымен қарағанда сабақ - кітаптағы атаулары мен сабақтың атауы кіретін файлдар мен каталогтардың жиынтығы. Бұл каталог сабақ каталогі деп аталады. Каталогтағы файлдың ішіндегі бір сабақ іске қосылған болуы керек. Бір уақытта бір немесе әртүрлі жұмыс орнындарында сабақтарды орнатуға, өшіруге, жіберуге болады. Егер сабақтар каталогында “book. rlb” деген файл болса, онда бұл сабақты жібергенде оны Rinel-Lingo бағдарламасы Lingo-кітап түрінде қарастырып, Rinel-Lingo Viewer бағдарламасының көмегімен көреді. Егер сабақтар каталогында “book. rlb” файлы жоқ болса, онда міндетті түрде Rinel-Lingo жүйесінде қандай файл іске қосылатынын көрсету керек.

Курс - ортақ тиматикамен біріктірілген және курс каталогында орналасқан сабақтар жиынтығы. Курс каталогы - курстын атауымен аттас еркін каталог.

Орнатылған сабақ - «Мастер уроков» көмегімен білім алушылардың барлық жұмыс орнында орнатылған сабақ. Мұғалім Rinel-Lingo Teacher бағдарламасының көмегімен орналасқан сабақты оқушылардың, өзінің жұмыс орнында іске қосып, өшіре алады. Білім алушылар орналасқан сабақты өздерінің жұмыс орнында іске қоса алмайды.

Lingo - кітап - Rinel компаниясы енгізген оқу курстарының компьютерде ыңғайлы түрде көрсетілген мағлұматтардың форматы.

Lingo - кітап қолданушылардың көз қарасымен қарағанда беттер жиынтығынан тұратын және олар экран мониторына шығарылып, қолданушылар көруге, тыңдауға немесе Rinel-Lingo Viewer бағдарламасының көмегімен таңдаған беттерін толтыруға мүмкіндіктері бар ыңғайлы құрал.

Жүйеге қойылатын талаптар.

Rinel-Lingo бағдарламасымен дұрыс жұмыс атқару үшін аппаратты және бағдарламалық қамтамассыз етуге келесі кішкентай талаптар қойылады:

Аппаратты қамтамассыз етуге қойылатын талаптар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ
Аштықты жоюдағы химияның рөлі
Пәнаралық байланыс функциялары
Химияның негізгі заңдары мен түсініктері
Аналитикалық химия және экология.
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Ғасырлар белесіндегі химия құрылымы
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz