Отбасы және мектеп тәрбиесінің бала дамуында алатын орны


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау
.
Отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекетінің ғылыми теориялық негіздері
1. 1. Отбасы және мектеп тәрбиесінің бала дамуында алатын орны . . . 6
1. 2. Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала дамуына тигізетін ықпалы . . . 17
1. 3. Отбасы мен мектеп - балаға тәрбие берудің негізгі ошақтары
1. 4. Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі маңызы . . . 25
1. 5. Оқу сапасын арттырудағы педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі . . . 46
ІІ тарау. Отбасылық қарым-қатынаста ата-ана ықпалын арттырудың педагогикалық шарттарын тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны
2. 1. Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі негізінде ата-аналардың педагогикалық білімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар . . . 52
2. 2. Ата-аналардың педагогикалық білімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесі . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі
Жалпы қоғамдағы тәрбие мазмұны - тұлғаның сенімі, дағды, көзқарас сапасы, қасиеттері, мінез-құлқының орнықты әдеттерінің жүйесі - тәрбиеленушіні өмірдегі басты үш нәрсе:
азамат, маман-қызметкер, отбасы иесін дайындау екені белгілі.
Тәрбие мазмұнының негізі-жалпы адамзаттық құндылықтар: Жер, Отан, отбасы, еңбек, білім, мәдениет, әлем, Адам. Сондай-ақ, тәрбие мазмұны-тұлғаның бақытты болу қабілетін дамыту (тәрбие феликсологиясы-бақыт әкелуші-лат. ) Ал адам осыларға тек отбасылық тәрбие мен қоғамдық жүйелердің бірлігінде ғана ие бола алады. Отбасы құндылығы - біздің мемлекетіміз ұстанып отырған басты саясат. Шаңырақтағы ата-ана, бала үштағанының үйлесімді дамуы мемлекеттің іргетасының берік болуына қызмет етеді. Ана мен баланың өмірі мен денсаулығын барлық ер-азамат, бүкіл қоғам, күллі ел болып қорғау арқылы жаны сау отбасын қалыптастыра аламыз. Елбасының елге арнаған Жолдауында да отбасылық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі мәселесін дәріптеу, ата-аналарға балаларының қамқорлығы алу мәселелері сөз болған еді.
Оқу - тәрбие ісі де отбасы құндылықтарын жандандыратын, болашақ елдің ертеңін - оқушыларды тәрбиелейтін мұғалімнің- ұлттық, адамгершілік рухани құндылықтары, өздік ойлау қабілеті жоғары, білімді өз бетінше іздеуге, өз бетінше білім алуға дағдылана алатын, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыратын үрдіс. Осы ретте «әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген аталы сөздің мән-мағынасы анықталады. Себебі, отбасынан адамгершілік, имандылық, адамдық парасат, білімге құштарлық көріп, тәрбие алып келген жастар біздің оқу-тәрбие үрдісінде қанатын кеңге самғап, көлде жүзген аққудай еркін де жан-жақты дами алатындығы айқын. Бұл жөнінде В. А. Сухомлинский:
Бала - жанұяның айнасы; су тамшысындағы күннің бейнесі сияқты,
балалар да әкесі мен шешесінің адамгершік тазалығының бейнесі
, -деген екен. [17]
Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу секілді үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi - үлкен тәрбие мектебi.
Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу.
Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi - үлкен тәрбие мектебi. М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөзі отбасы тәрбиесінің мән- мағынасын анықтайды. [12]
Баланың ата - ана және құрбыларымен қарым - қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез - құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы - құрдастарымен қарым - қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс - әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы, осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп - бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата - анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата - ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне, оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құқығы, әрi парызы" делiнсе, . [1] "Қазақстан -2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз. Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi . . . " делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады. [2] Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi - үлкен тәрбие мектебi.
Бұл мәселе ешқашан күн тәртібінен түспеген, сондықтан да күні бүгін де көкейтесті мәселелердің бастысы болып табылады.
Кез келген баланы ата-ана, мұғалім, балалар ортасы тәрбиелейді. Оған өмірдің түрліше жағдайлары әсер етеді. Тәрбиешілердің әсері оның ой сезімін, қимыл - шешімін тез оятады. Ендеше бұл - тек оны ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен бірге ол өзін-өзі де тәрбиелейді деген сөз. Өзін-өзі тәрбиелеу әрқашанда тәрбиенің маңызды рөлі болып табылады.
Егер мектептің үйрететін шындығы отбасында үйретілген шындықпен үйлесіп келетін болса, оқушы мұғалімдерге, жолдастарына сенеді, оның өз ата-анасы мен жалпы адам баласын жақсы көруі артады. Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған «Баланың құқығы туралы Конвенция» бола алады. [2] Онда «Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ, бала әлі де ақыл-ой жағынан толлыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділіккен, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж» делінген.
Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Онда педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі.
Белгілі педагог В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінде «мектептік - отбасылық тәрбие» ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші орын алады. [17, 18]
Зерттеу мақсаты:
Мектеп, отбасы мен жұртшылық іс-әрекетінің инновациялық бағыттарын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
- Тәрбие берудің негізгі ошағы - отбасы мен мектептің негізгі іс-әрекеттерін қарастыру.
-Мектептің ата-аналармен бірлескен жұмысының жолдарын айқындау.
-Мектептің отбасымен атқаратын жұмыс формаларын көрсету.
Зерттеу объектісі:
Мектеп, отбасы мен жұртшылықтың бірлесе атқаратын іс-әрекеттері. Атырау мектептеріндегі оқу-тәрбие процесі, оқушылар-мұғалімдер-ата-аналар ынтымақтастығы.
Зерттеу болжамы : Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы болса, ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді, өйткені, бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Жақсы отбасынан жақсы адам тәрбиеленіп шығады, әсіресе ата-әжеден тәрбие алған бала олардың мейіріміне негізделіп, жанұяда ұрпақтар сабақтастығы жалғана бермек.
Зерттеу әдістері:
Ғылыми педагогикалық әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат педегогикалық тәжірибелер, жаңа педагогикалық технологиялар, бақылау қорытындылары.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша тіркемелерден тұрады.
І тарау . Отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекетінің ғылыми теориялық негіздері
1. 1. Отбасы және мектеп тәрбиесінің бала дамуында алатын орны . . .
Кез келген баланы ата-ана, мұғалім, балалар ортасы тәрбиелейді. Оған өмірдің түрліше жағдайлары әсер етеді. Тәрбиешілердің әсері оның ой сезімін, қимыл - шешімін тез оятады. Ендеше бұл - тек оны ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен бірге ол өзін-өзі де тәрбиелейді деген сөз. Өзін-өзі тәрбиелеу әрқашанда тәрбиенің маңызды рөлі болып табылады.
Егер мектептің үйрететін шындығы отбасында үйретілген шындықпен үйлесіп келетін болса, оқушы мұғалімдерге, жолдастарына сенеді, оның өз ата-анасы мен жалпы адам баласын жақсы көруі артады. Мектеп, отбасы мен жұртшылықтың одағы - бала тәрбиесінің табысты болуының кепілі.
Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған «Баланың құқығы туралы Конвенция» [2] бола алады. Онда «Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ, бала әлі де ақыл-ой жағынан толлыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділіккен, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж» делінген.
Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Онда педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу.
Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Белгілі педагог В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінде «мектептік - отбасылық тәрбие» ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші орын алады. Қазіргі кезеңде де бұл мәселе күн тәртібінен түскен жоқ.
2011 жылғы 25 тамыз айында өткен «Отбасы, мектеп, қоғам - игілікті болашақ үшін бірге!» атты республикалық педагогикалық форумда ҚР Білім және ғылым министрі Б. Т. Жұмағұловтың сөйлеген сөзінде:
Біріншіден, отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру. Білім беруге ата-аналардың қатысуы мектеп өміріне белсенді қатысу ғана емес, олардың міндеті - балаларды отбасында дұрыс тәрбиелеу. Бұл туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 13-съезінде «бала тәрбиесі - бұл ата-аналардың ерекше азаматтық борышы» деген болатын. Өкінішке орай, көп ата-аналар өз жауапкершіліктерін толық сезінбейді. Сондықтан отбасылық ағарту, педагогтерді, психологтарды, отбасылық дәрігерлерді, учаскелік полиция инспекторларын ата-аналармен жұмыс істеу бойынша оқыту жүйесін құру қажет
Жеке тұлға тәрбиесінде отбасының ролі зор. Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы түсініктер мен идеялар бастауын халықтық педагогикадан алады. Отбасы тәрбиесі проблемаларына байланысты Дж. Локк, К. Д. Ушинский, П. Ф. Лесгафт өз еңбектерінде от басы тәрбиесінің маңызына, от басы тәрбиесінде даралық ерекшеліктерді, бейімдіктерді, дене күші мен психикалық процестерді дамыту қажеттігіне көңіл бөлген. Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский отбасы тәрбиесі теориясының негізін қалаған. А. С. Макаренко ата-аналар беделі туралы еңбегінде беделді төмендегі түрлерге бөледі: қорқытуға негізделген бедел, ара қашықтықты сақтауға негізделген бедел, өркөкіректікке негізделген бедел, педанттық бедел, ақылгөйлік бедел, ерекше жақсы көру беделі, мейірімділік беделі, достық беделі, сатып алу беделі.
Отбасы мәселелері ТМД елдерінің ғалымдары В. И. Зацепин, В. Д. Цимбалюк, Г. К. Матвеев, Ю. И. Семенов, Н. Е. Соловьев, А. Г. Хрипкова, З. Я. Янкова, ал Қазақстанда С. Қалиев, М. Жарықбаев, Ж. Б. Қоянбаев, К. Бейсенбиева, М. Тажин, Б. Аяғанова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Бұл ғалымдардың тұжырымдалары бойынша отбасы - адамдардың, яғни некелік негізде қосылған еркек пен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кезде басқа да бірге тұратын жақын адамдарының қарым-қатынастық, бірлестік формасы. Авторлардың ойынша бұл анықтама барлық отбасының кез келген даму кезеңдерінің мәні мен сипаттарын қарастырады.
Дүниежүзіндегі әрбір халықтың өзіне тән отбасы тарихы бар. Сол сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Қазақтың отбасы мәселесіне байланысты бұрын-соңғы жазылып, кезінде баспа жүзін көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті - фольклор деректері де көптеп табылады. Мәселен, орта ғасырлық ғұлама ойшылдар Сағди, Науаи, Кей Каустың отбасы мәселесі төңірегінде айтқан құнды пікірлерінің баға жетпес еңбек екендігіне ешқандай күмән жоқ. Мұнда отбасында балаларды тәрбиелеуге маңыз беріледі. Отбасындағы тәрбие әміршілдік қағидаларға негізделіп, ата-ананың балаға деген қатынасын анықтайды. Отбасының бірлігі оның мүшелерінің бір-біріне адамгершілік, экономикалық, құқықтық т. с. с. өзара жауапкершіліктеріне, түсініктеріне, сонымен қатар эмоцианалдық (сезімдік) жақындықтарына негізделеді. Бір жағынан отбасы - адамдардың өзінің ішкі өмірін, құпияларын, сырларын, қарсы тұрған сыртқы әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйық бірлестік. Егер отбасының ішкі өмірін қоғамға ашық етсе, онда ол бірден ыдырап, күйзеліске ұшырауы мүмкін, ал екінші жағынан, отбасы адамдардың қоршаған ортаға, қоғамға ашық, айқын бірлестігі. Мұндай отбасыда өз мәселелері қоғам мәселелерімен қатар қарастырылып, шешімі де ыдырамайды. Керісінше, отбасының дамуына қауіпсіздік және сақтану сезімдерін қамтамасыз ететін мүмкіндік туғызады.
Қандай да тұйық, жабық отбасы болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Өйткені оның мүшелері жан-жақты әлеуметтік топтарға, яғни өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар ұйымдарына, қоғамдық ұйымдарға, сонымен қатар сауда, денсаулық орындарына қатысты, ондағы адамдармен тығыз байланыста болады.
Сонымен қатар отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындалып, қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір элементі болып табылады.
Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайнылар мен балдыздардың рөлі қосылады.
Отбасындағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер-балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады.
Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т. б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.
Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы - кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру - күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған.
Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, т. б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін қалаған.
Отбасы - некеге және туыстық қатынастар негізінде бірлесе өмір сүретін шағын әлеуметтік топ. Отбасының атқаратын негізгі қызметтері:
репродуктивті (ұрпақ әкелу. ) экономикалық (ортақ шаруашылық, қаржының болуы, сол негізде еңбекке жарамсыздарды асы рау) ; тәрбиелік (әрбір мүшесінің тұлғасын қалыптасуға жағдай жасау) ; қарым-қатынас орнату (отбасы мүшелерімен) ; шаруашылық-, басқа адамдармен, отбасылармен, әлеуметтік топтармен байланысу) ; рекративті (бос уақытты ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш қуат, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасау) «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлы ғұлама М. Әуезовтың пікірі отбасының тұлға қалыптастырудағы орнын дәлелдейді. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
отбасының тәрбиелік ықпалы шексіз, жас ұлғаюымен ықпал бәсеңдеуі мүмкін, бірақ өз маңызын жоймайды; отбасының тәрбиелік ықпалы үздіксіз, тұрақты, жүйелі болады; отбасы тәрбиесі туыстық сезімге, сүйіспеншілікке, сенімге және өзара жауапкершілікке негізделеді; отбасы тәрбиесінде әр жастағы, әр түрлі ерекшеліктегі адамдардың бірлесе әрекет етуінен бірін-бірі толықтыру мүмкіндігі кеңейеді; отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке қабілеттері, психологиялық жай-күйін есепке алу мүмкіндігі мол; отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның азаматы отбасында дәстүр жалғастығын қамтамасыз етеді; кәсіп таңдауға да ықпалы зор; Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастарының жүйесімен тығыз байланыста болғанымен, отбасы - қоғамдық өмірмен салыстыра қарағанда адамдардың биологиялық жағынан ең жақын, өз алдына дербес те сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады.
Отбасы - өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік институт.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz