Сақ өнерінің кейбір белгілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе: . . . 3

І. Ою-өрнектің генезисі және эволюциясы . . . 11

1. 1. Анықтамасы және атқаратын қызметі . . . 11

1. 2. Шығу тарихы және даму кезеңдері . . . 13

1. 3. Қалыптасуы мен дамуына әсер еткен факторлар . . . 35

1. 4. Мазмұндық ерекшеліктері мен жіктелімі (классификациясы) . . . 39

ІІ. Қазақ ою-өрнектерінің негізгі түрлері және олардың символдық мағыналары . . . 52

2. 1. Қазақтың зооморфтық ою-өрнектері және олардың символдық мағыналары . . . 52

2. 2. Қазақтың геометриялық және өсімдік тектес ою-өрнектері және олардың символдық мағыналары . . . 64

2. 3. Қазақтың космогониялық ою-өрнектері және олардың символдық мағыналары . . . 70

Қорытынды . . . 76

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 78

Қосымшалар . . . 81

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері - ұлттық мәдениетіміздің ең байырғы мәдени мұраларының бірі. Қазақ ою-өрнектерінің өзіне тән шығу және даму тарихы, сондай-ақ терең мазмұны мен бай тәжірибесі бар. Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің өн бойында халықтың дүниетанымы, түйсік-талғамы, арман-мүддесі көрініс тапқан.

Ою-өрнек ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-бабамыздан мирас болып қалған шын мәніндегі халық ескерткіштерінің ең қомақты бөлігі. Халқымызда жазу болмағанда ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын, жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды.

Қай халықтың болса да рухани әлемі ең алдымен, оның дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі құз-шыңдары кең-байтақ даласымен жалғасып жатқандықтан болар, дүниеге көзқарасы, оны қабылдап, ұғыну қабілеті ассоциациялық ой-өрісі тұрғысында еркін өсіп-даму арқылы үнемі қозғалыста, көркемдік тұтастықтағы өнер үлгісі болып қалыптасты.

Қазақ ою-өрнек өнері халықпен бірге жасасып, оның рухани және материалдық игілігіне айналып келген. Оюлар халқымыздың тарихи дамуында және көркемдік белесінде белгілі дәрежеде мәдени үлесі бар ұлттық асыл қазынаның бірі және халықтың мәдени мұрасы.

Ою бізге өзіндік ерекшелігін жоғалтпай жетті. Оның негізін табиғат пен қоршаған ортаны жіті бақылаудан туған белгі символдар, әшекейлі әуендер құрайтыны тегін емес. Ою-өрнек ғасырлар бойы үздіксіз дамып, халық шеберлерінің ой елегінен өтіп, арман-мүддесімен ұштасып, сұрыпталды.

Ою-өрнекті көзбен көріп қана әсерленбей, оның атауларының мазмұнын, шығу тарихын, даму кезеңдерін білудің, тұспалды ойын, символдық мағынасын түсінудің маңызы зор. Себебі ою-өрнек өнері бір елдің тілімен жазылған мәдени шежіре. Сондықтан да менің дипломдық жұмысым қазақ халқының мәдени асыл қазынасы болған және халқымыздың ұлттық келбетін айқындап бейнелейтін осы өнер түріне арналады.

Халықтың биік мұраты мен асыл арманы, бейбіт өмірді аңсаған асқақ үміті, қуанышы мен шаттығы, ел мен ер басына түскен қиындықтары қазақ ою-өрнегінің басты тақырыбы. Ою-өрнек қазақ халқының мәдени шежіресі ғана емес, бейнелеу өнерінде сезімді сергітетін, эстетикалық тәлімі мол өнер саласы. Ою-өрнек тілімен бейнеленген көріністерде уақыт, заман тынысы сезіледі. Шеберлер қолөнердегі құнды дүниелерді оюмен бейнелей отырып, заман тынысын өрнек тілімен халыққа жеткізіп отырған.

Ою-өрнек өнері қазақ халқының мәдениетіне тән өте ертеден келе жатқан халықтық мұра және қазақ халықының өз тұрмыс-салтына орай өзіндік қайталанбас қолтаңбасы бар екені белгілі. Сондықтан да ою-өрнекті зерттеу барысында қазақ елінің тұрмысы мен шаруашылығын, ұлттық ерекшелігін анықтауға мүмкіндік туады.

Өнертанушы В. Чепелев «Қазақтар тек ою-өрнектер әлемінде өмір сүретін секілді» [1] дегеніндей, қазақ халқының рухани және әлеуметтік өмірінде маңызды роль атқаратын бұл өнер түрін зерттеудегі басты мақсатым - осы ою-өрнектің генезисін, эволюциясын, символикалық мағынасын, мән-маңызын, тарихи дамуын жан-жақты саралау, зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін мен алдыма мынандай міндеттер қойдым:

- қазақ ұлттық ою-өрнектерінің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету;

-қазақ оюларының дамуына әсер еткен факторларды айқындау;

-оюлардың символдық мән-мағынасын ашу;

Зерттелу деңгейі .

Қазақ халқының ою-өрнек өнерін жан-жақты зерттеуге ғалымдар мен өнер танушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ал еуропа, орыс өнертанушы ғалымдары бұл туындыларды ХІХ ғасырға дейін зерттеп, көп ғылыми еңбектер қалдырды.

Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқының қолөнерін, оның ішінде ою-өрнекті негізінде Батыс Еуропа, орыс ғалымдары зерттеп келді, әрі ол арнайы сала болып зерттелген жоқ. Орта Азия халықтарының этнографиясы, тарихы, өнері бойынша жазылған кейбір еңбектерде қазақ өрнектері жайлы да біршама пікірлер айтылған. Бұл еңбектер қатарында Н. И. Городсковтың, А. Бобринскийдің, А. А. Боголюбовтың, А. Фелькерзамның зерттеулерін жатқызуға болады.

А. Фелькерзам қазақ текеметтеріндегі ою-өрнекті зерттеді. Ол «Старые ковры Средней Азии» атты еңбектің авторы. А. Фелькерзам 20 шақты текемет ою-өрнектерін сипаттады, алайда оның жазбаларында бұл өрнектердің атаулары қатты бұрмаланған.

Қазақтың көркемдік бұйымдарын жинауда Г. П. Потаниннің еңбегі зор. Ол ою-өрнектердің нұсқаларын жинап оны атақты өнер тарихшысы В. В. Стасовқа және сондай-ақ Омск мен Томскінің мұражайларына жіберді [2] .

Қазан төңкерісінен кейін қазақтың ою-өрнек өнері өз алдына дәстүрлі өнердің бір саласы ретінде зерттеле бастады. Төл өнерімізді зерттеуге В. Вансалов, А. Хедона, саяхатшы Дженкинсон, Р. Карутц, С. Дудин, В. Радлов, В. Бартольд, Е. Шнейдер, М. В. Рындин т. б. сол сияқты көптеген орыс және Еуропа ғалымдары мен жиһанкездері елеулі үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен, олардың жасаған тұжырымының бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін зерттеген алғашқы қазақ ғалымы Т. Бәсенов былай дейді: «Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеліп соқтырды» [3] . Көптеген зерттеушілер кеңестік кезеңге дейін Қазақстанның халықтық өнерін, атап айтқанда, ою-өрнектерін зерттеуге экзотика немесе құрып бара жатқан мәдени мұра ретінде қарады. Мұның астарында жалпы алғанда, дамудың сарқылмас қайнарларын түсінбеу жатқан еді.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында бірнеше жылдар бойы қазақ халқының өнерін зерттеген ірі ғалым, өнертанушының бірі С. М. Дудин. Ол үш мекеме құрамында: Көркемсурет Академиясы, Ғылым Академиясы, Орта және Шығыс Азия бойынша зерттеу Комитетінде жұмыс істеді. Сондай-ақ ол 1894 жылы В. В. Бартольдтың экспедициясы құрамында болған уақытта Сырдария мен Талас, Шу мен барлық Жетісу өңірі қазақтарының қолданбалы өнерін, сонымен қатар қырғыздар мен өзбектердің де қолөнерін кеңінен зерттеуге мүмкіндік алды.

Көркемсурет Академиясының президенті атына жазған өтінішінде С. М. Дудин: «Орта Азияға шыққан сапарда жолшыбай осы елді мекендейтін халықтың ою-өрнегі бойынша көлемді материал жинадым», деп жазады. С. М. Дудин - Орат Азия халықтары бойынша ең ірі өнер тарихшысы мен теоретиктерінің бірі. 1901 жылы «Зодчий» журналында оның «Резьба по дереву у киргизов» деген еңбегі басылып шықты. Ал 1905 жылы ағашқа безендірілген өрнектер мен көркем суреттерге байланысты еңбектері жарияланды [4] . Революциядан кейін С. М. Дудин қазақ халқының өрнегі туралы көп жылғы зерттеуінің нәтежиесі болған - «Казахский орнамент» атты теориялық жұмысын жариялады. Ол қазақ халқының ою-өрнектеріне арналған тұңғыш зерттеу болып табылады. Мұнда автор қазақ шеберлерінің талғамының жоғарылығын бағалап, қазақ ою-өрнектеріне тән кейбір ерекшеліктерді саралайды.

Ал сол кезеңде қазақ ою-өрнектері бойынша жарық көрген тағы бір ірі еңбек - Е. Р. Шнейдердің «Казахская орнаментика» атты зерттеуі. Е. Р. Шнейдер қазақ ою-өрнектері жөнінде біршама дұрыс пікірлер айта отырып, мынадай жаңсақ қорытындыға жол беріп алған: «Қазақ ою-өрнектері қазақ халқының өнеріне жатпайды, ол Иран мәдениетінің бір саласы болып табылады. » [5] . Яғни қазақ ою-өрнегінің негізі Иран өнерінен шықты деген тұжырымын қазақтың геометриялық оюлары Иран халқында дәстүрге айналған «ағаш және құс» салу мотивінен шыққан деп дәлелдемек болады. Е. Р. Шнейдердің бұл қате ұғымын қазақ ою-өрнегін зерттеушілер Т. К. Бәсенов, В. Чепелев, М. С. Мұқанов және т. б. қатты сынға алып, қазақтың ұлттық өнерінің төркіні - ою-өрнегі екенін дәлелдейді: «Қазақтың ең көп тараған өнерінің бірі - ою-өрнек өнері» [6] .

Сондай-ақ бұл тұста В. Чепелевтің «Об искусстве казахского народа», Б. Веймарнның «Искусство Средней Азии», В. Мошкованың «Ковры народов Средней Азии» атты еңбектерінде де қазақ ою-өрнектері біршама тереңірек сөз болады.

Өнертанушы В. М. Чепелев «Об искусстве казахского народа» атты мақаланың авторы. В. М. Чепелев бойынша қазақ халқы өнерінің қайнар көзі скиф-ғұндық, әсіресе алтайлық өнер ортасы болып табылады. Оның пікірінше, қазақ халқы көркемдік өнер мәдениетін Қазақстан территориясында көптеген ескерткіштер қалдырған өздерінің ата-бабаларынан мирас етіп алды. В. М. Чепелев ертедегі қазақ орнаменттерін, соның ішінде киіз бұйымдардағы ою-өрнектерді, Ноин Ұлы мен Пазырық қорғандарынан табылған киіз кілемдер мен маталардағы ежелгі ою-өрнектерді қарастырды.

В. М. Чепелевті, әсіресе, түсті киіздер мен тоқыма кілемдердегі ою-өрнектер қызықтырды. Ол тоқыма кілемдердің бірнеше түрін, олардың ішіндегі қоңыр, қоңыр қызғылт түсті жануарлардың суреті салынған сегіз бұрышты оюларды бөліп көрсетті. Бұндай түстегі кілем 1936 жылы болған қазақ өнері көрмесінің он күндігінде таныстырылды [7] .

Сырмақ тәрізді мозаикалық үлгідегі киіз төсеніш кілемдер мен қабырғаға ілетін түскиіз, кілемдердегі ою-өрнектерді Б. В. Веймарн мен И. М. Сысоев зерттеді. Кейін олардың зерттеулерін қазақстандық ғалымдар Э. Масанов, Х. Арғынбаев, И. Захарова, Р. Ходжаев және т. б. жалғастырды [8] .

Ою-өрнекті жан-жақты зерделеген белгілі суретші М. В. Рындиннің Фрунзе қаласында «Киргизский орнамент» атты альбомы басылып шықты. Ол қырғыз оюларының шығу тарихына қырғыз қолөнер шеберлерінен естігендерін негіз етті. Суретші ою-өрнек түрлерін қазақтікі немесе қырғыздікі деп бөлмей, айтылған деректердің бәрін өз қолжазбасына түсіріп, оның бәрін қырғыз оюларының нұсқасы деп қарастырған. Оның еңбегінен қазақ ою-өрнектерінің атауларын көптеп кездестіруге болады [9] . Олар - «мүйіз», «жартыай», «текемүйіз», «бұғы», «арқармүйіз», «жылқы қартасы», «итқұйрық», «қарғатырнақ», «жыланбас», «гүл», «бүркіт», «көбелек», «айгүл», «қызғалдақ», «жүзім», «омыртқа», «айбалта», «шынжыр», «қабырғы», «моншақ», «бадам» ою-өрнектері. Қазан төңкерісіне дейін қырғыз және қазақ халықтарын қырғыз деп атағаны белгілі. Демек, М. В. Рындиннің ғылыми еңбегін екі халыққа ортақ дүние деп қарауымыз қажет. Түркі халықтары ою-өрнектерінен, мәдени құндылықтарынан олардың арасында көптеген ұқсастық бар екеніне көз жеткізуге болады. Көрші халықтардың нұсқалары бір-біріне етене жақын ал саны жағынан қазақ оюлары басым, оның үстіне қазақ ою элементтері дара түрінде қолданыла береді.

Е. А. Клодт Омск мұражайының тапсырмасымен 1927, 1930, 1934, 1935 жылдар аралығында Солтүстік, Батыс Қазақстан аудандарында болған экспедиция кезінде қазақ оюларының көптеген түрлерін көшіріп алды. Әрине, Е. А. Клодт қазақ оюларының атауын, мағынасын, шығу тегін т. б. зерттеген жоқ. Дегенмен, қазақ өнерін үйренуде құнды еңбек қалдырды. Мұны біз 1939 жылы «Казахский орнамент» деген атпен шыққан альбомнан байқаймыз. Осы альбом толықтырылып жоғарыда аталған атпен 1958 жылы Қазақ мемлекеттік баспасынан қайта шықты.

Жалпы қазақ халқының қолөнері 50-60-жылдардан бастап қазақстандық ғалымдардың арнаулы зерттеу нысанасына айналды. Бұған 1957-1958 жылдарды шыққан қазақ ою-өрнегін алғаш зерттеген ғалымдардың бірі Т. К. Бәсеновтің «Казахский народный орнамент» атты еңбегін жатқызуға болады.

Академик Ә. Марғұлан мұражайлардағы көнеден қалған экспонаттарды жинап, альбом етіп шығарса, Т. К. Бәсенов негізінен ел арасынан жиналған қолөнер туындыларын альбом етіп шығарды. Сондай-ақ ол оюлардың даму тарихын зерделеп, өсімдік тектес ою-өрнектердің жаңа үлгілерін сызды. Оның пайымдауынша, ою элементтері аса көп емес, сол бірнеше мүйіз элементтерін түрлендіріп, оюлардың шексіз түрлерін жасауға болады.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде Т. К. Бәсеновтің «Орнамент Казахстана в архитектуре» деген кітабы көптеген құнды материалдарға толы. Кітапта халық ою-өрнек өнерінің шығуы, оның қандай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған. Автор ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр-түрге ажыратады. Т. Бәсеновтің осы кітабында архитектуралық өрнектер де көрсетілген. Т. Бәсеновтің еңбектерінде қазақтың архитектуралық ою-өрнектері алғаш рет зерттеледі, қазақ ою-өрнектерінің шығу тегі, дамуы, классификациясы және қолданылуы жөнінде құнды пікірлер айтылады. Ғалымның тұжырымы орыс, Еуропа ғалымдарының зерттеулеріне үлкен соққы болды, яғни қазақ халқында бұрында сәулет өнері, бейнелеу және кескіндеме өнері болған жоқ деген қате тұжырымдарын теріске шығарады.

Қолөнер дәстүрлерін қамқорлықпен сақтап, дамытуға Кеңес өкіметі тұсында да мән берілгенін айта кету керек. Оған СССР Министрлер Советінің 1966, 1968, 1975, 1986 жылдары халықтың көркемөнер кәсібін дамыту мәселесіне арналған қаулылары, сондай-ақ республикамызда 1975 жылдың 25-наурызында қабылданған «Қазақ ССР-інде халық көркем қолөнерін одан әрі өркендету шаралары» туралы қаулы дәлел.

Аталған қаулыларда дәстүрлі қолөнерлерді әрі қарай дамытудың жолдары көрсетіліп, сирек кездесетін көркем шығармалар жасау жайына тоқтала келіп, жергілікті жерлерде халықтың қолөнері кәсіпорындарын тиянақтылықпен ұйымдастырудың мінсіз жүйесі жасалмағаны, көп ретте халықтың қолөнеріндегі негізгі тұлға ретінде суретшілердің, халық шеберлерінің шығармашылық мұқтаждарына тиісінше көңіл бөлінбегені, алғашқы туындаған өнеріміз ретінде қолөнерді ғылыми тұрғыда зерттеудің қажеттілігі айтылады.

Сөз жоқ, бұл қаулы-қарарлардың, қай-қайсысы да халықтың дәстүрлі өнер түрлерінің бүгінгі күн талғамына қарай дамытылуына, ел ішіндегі бағалы қолөнер нұсқаларының жинақталуына және зерттелуіне игі ықпал етті. Мұның айғағы ретінде сол шаралардан кейін Қазақстанда ашылған тамаша мұражайлар мен көрмелерді, сондай-ақ қолөнер түрлерін тарих, этнография тұрғысынан сипаттайтын Ә. Тәжімұратов, М. Мұқанов, Ө. Жәнібеков, Ә. Марғұлан, С. Қасиманов, Х. Арғынбаевтардың монографиялық еңбектерін, Қ. Мұқановтың құрастырған кітабын атауға болады [10] .

Тарих ғылымдарының докторы Х. Арғынбаев өз еңбегінде қазақ халқы қолөнерінің қызықты да маңызды салалары: ағаш, металл, тас өңдеу мен тері, мүйіз, сүйек ұқсату шеберлігінің туып, қалыптасу мәселелерін жан-жақты баяндаған [11] .

Ә. Тәжімұратовтың «Шебердің қолы ортақ» атты еңбегінде ұлттық қолөнеріміздің киіз басу, кілем тоқу, ши тоқу, ағаш өңдеу, ер қосу, зергерлік өнері түрлері және киіз үй, оның жасау-жиһаздары туралы бұрын-соңды жазылған еңбектерге шолу жасалынып, экспедиция кезінде жиналған мәліметтермен толықтырылып, қолөнеріне қатысты атауларға ден қойылады. Оның ішінде әсіресе, ою-өрнектің қолөнерінде, тұрмыста алатын орны жөніндегі пікірлері қазақ халқының әдет-ғұрпымен байланыстырыла әңгімеленіп, оның бүгінгі таңда қолданылу жағдайы, сондай-ақ ою-өрнектердің даму тарихы мен сиволдық мағыналары жайында сөз етіледі [12] .

Академик Ә. Марғұлан қазақ халқының қолөнерінің бірнеше түрлерін археология, этнография тұрғысынан зерделеп, өте құнды мағлұматтар береді. Ою-өрнек өнеріне де аса мән беріп Пазырық қорғанынан табылған қолөнер бұйымдарында бейнеленген ежелгі ою-өрнек нұсқаларын ғылыми тұрғыда саралайды [13] .

Қазақ ою-өрнектерінің тарихи түп-тамыры, эстетикалық мән-маңызы, символикасы, қолданылуы мен бейнеленуі, жасалу әдіс-тәсілдері, классификациясы жөнінде Ә. Марғұланнан басқа М. Мұқановтың «Казахская юрта» [14], Ө. Жәнібековтің «Культура казахского ремесла» [15] және т. б. да ғалымдардың еңбектерінде бағалы пікірлер айтылған.

Сондай-ақ С. Қасиманов қазақ ұлттық қолөнерінің кейбір түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін баяндау барысында ою-өрнектерге ерекше көңіл бөліп, оның 200-ге жуық түрін атап, бірқатар ою-өрнек атауларына кеңінен тоқталады және елуге жуық оюдың мазмұнын ашып береді. Сондай-ақ қазақтың ою-өрнек үлігілерін мазмұнына, мағынасына қарай топтап жіктейді. Ішінара қайсыбір ою-өрнектерге байланысты аңыз, әңгімелер т. с. с. құнды мағлұматтар береді.

Қ. Ақышев [16], М. Қадырбаев [17], А. Оразбаев [18] т. б. еңбектерінде ертедегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың археологиялық қазбалардан табылған ежелгі мәдени ескерткіштеріндегі ою-өрнек үлгілері тарихи тұрғыда сипатталады.

Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейінгі уақытта ұлттық мәдениет пен өнерді қайта өркендету барысында байырғы мәдени мұраларды жинақтап, зерделеу негізінде дамыта түсу қолға алынды. Осы кезеңде жарық көрген еңбектер қатарына С. Ж. Асанованың, Ұ. М. Әбдіғапбарованың, Қ. Ибраеваның, М. Өмірбекованың кітаптары жатады. Сондай-ақ қазақ ою-өрнектерінің эстетикалық мән-маңызын философиялық тұрғыдан зерделеген Б. Байжігітовтің, Ж. Әлібековтың зерттеулерін жатқызуға болады.

90-жылдарда жарық көрген Қ. Ибраеваның монографиялық еңбегі қазақ халқының ою-өрнек өнеріне арналған өнертану саласы тұрғысынан жан-жақты сөз етілген арнайы тұңғыш еңбек болып табылады. Мұнда автор қазақ ұлттық ою-өрнектерінің шығу тегі, дамуына, ою-өрнек жүйесінің қалыптасуына, мазмұнына талдау жасаған [19] .

М. Өмірбекованың қазақ халқының ою-өрнектеріне арнаған энциклопедиясында қазақ ою-өрнектерінің тарихи дамуы, теориясы, типологиясы жөнінде жақсы мәліметтер береді.

Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған еңбектер мен әдебиеттерде ұлттық қолөнер түрлеріне қатысты қазақ ұлттық ою-өрнектерінің туып-қалыптасуы, даму, мазмұны, кейбір ерекшеліктері, қолданылуы, жасалу техникасы және тәрбиелік мүмкіндіктері ашылған.

Қазіргі кезде ел арасында бейнелеу өнерінің ең негізгісі болып табылатын ою атаулары мен үлгісі ұмыт бола бастады, жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінің маңызы дәстүрімізді жаңаша жаңғыртуда арта түспек. Сол сияқты қандай бағытта жазса да орыс, Еуропа ғалымдарының қазақ ою-өрнегіне байланысты зерттеулері мен тұжырымдарын зерделеп, ою-өрнек өнерінің көнеден келе жатқан қолдану аясын анықтауға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы . Диплом кіріспеден, екі тараудан (алты бөлімнен), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Көлемі 78бет.

Бірінші тарауда қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің мазмұнын ашатын, тарихи дамуын көрсететін мынандай мәселелерге тоқталып өтемін:

  • қазақ жерінде алғашқы ою-өрнектердің пайда бола бастауы: неолит дәуірінде керамикалық ыдыстарда геометриялық оюлардың (сызықша, дөңгелек т. б. ) бейнеленуін; сақ, ғұн, үйсін тайпалары қолөнерінде зооморфтық өрнектердің өркендеуін; түрік қағанаты дәуірінде архитектуралық өрнектердің басым болуын; қарлұқ, қимақ, қыпшақ тайпаларының қолөнерінде ою-өрнек түрлерінің дами түсуі; қазақ хандығы және одан кейінгі кезеңдердегі ою-өрнектерінің дами түсуі.
  • қазақ ұлттық ою-өрнектерінің дамуына әсер еткен негізгі үш факторлары: а) әлеуметтік-экономикалық. ә) табиғат. б) халықтың рухани өмірі.
  • қазақ ұлттық ою-өрнектерінің табиғи сипатын ашатын мазмұндық ерекшеліктері:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ПОЛИМОРФТЫҚ БЕЙНЕЛЕР
Қазақ өнері
Сақ алтын ғасыр елі кесте техникасында
Қазақ халқының ұлттық өнерінің мәні
Ұлттық өнер
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Қазақстан аумағынан табылған сақ дәуірінің археологиялық ескерткіштеріне жалпы сипаттама
Алтын адам туралы дерек
Архаикалық мәдениет
Сақтар мен ғұндардың әскери өнері мен мемлекеттік ұйымы: салыстырмалы талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz