Мал жаю әдістері
Мазмұны
Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .7
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Белгілер мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..9
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1 Табиғат
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 15
1.1 Агроклимат

... ... ... ..15
1.2Геологиялық-гидрогеологиялық жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ..
2. Алқаптың суармалы жайылым жер қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Суармалы жайылым жер қоры және оның пайдаланылуы ...
2.2 Суармалы жайылым жерді пайдаланудың тиімділігі ... ... ... .
2.2.1.Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Қара бураЖШС-нің
суармалы жайылымдарды егістігін жерге орналастыру және бағалау
... ... ... ... ... ... ...
2. Жайылымдардың территориясын ұйымдастыру ... ... ... ... ...
3. Жайылым территориясын орналастыру элементтері ... ... ... .
4.Ауыспалы егісті қолдануы,тыңайтқыштарды пайдалануы ... ..
5.Мал азықтық ауыспалы егістіктерді реттестіру ... ... ... ... ... ..
6. Суармалы жайылымдарды реттестіру ерекшеліктері ... ... ... .
7.Жайылымдарды жабдықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Тіршілік
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4 Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
5 Экономикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
6 бизнес-
жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Аннотация
Дипломдық жұмыста ОҚО ауданындағы Қара бура ЖШС-нің суармалы
жайылымдарды егістігін жерге орналастыру және бағалау қарастырылған. Жалпы
ауданы 87 га, оның ішінде: егістік 7,5 га, тыңайған жер 7,5 га.
Дипломдық жұмыста қарастырылып отырған мәселе бойынша әдебиетке шолу
жүргізілген, экспериментальдық бөлімде климаттық-географиялық жағдайы мен
шаруашылықтың суармалы жайылымдар егістігі жерге орналастыру және бағалау
әдістері келтілірілген. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған
ортаны қорғау бөлімдері, экономикалық есептеулер дайындалған.
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жүмыста келесі сілтемелер қолданылған:
ҚР СТ 1.5-2004. Стандарардың мазмұнына және орнектелуіне, құрастырылуына
жалпы талаптар.
ҚР СТ 1.14 – 2004. Ұйымдастық стандарт. Өндеу түрлері мен peтi.
ҚР СТ 1.12 – 2000. Жазбаша нормативтік құжаттар.
ҚР МЖМБС 3.08.327 – 2006. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға,
міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Жалпы ережелер.
МЕСТ 2.105- 95 КҚБЖ. Жазбалық құжаттарға койылатын жалпы талаптар.
МЕСТ 2.106 – 96 КҚБЖ. Жазбалық құжаттар.
МЕСТ 2.109 – 73 КҚБЖ. Сызуға қойылатын негізгі талаптар.
МЕСТ 21.1101 – 97 КҚБЖ. Жұмыстық және қызметтег і құжаттардың
жалпы талатпар.
СТОҚМУ 4.02-2010. Университет стандарты. СМЖ құжаттардың дайындау,
баяндау мен рәсімдеудің жалпы талаптары.
СТ ОҚМУ 7.06-2010. Университет стандарттары. Оқу- ұйымдастыру
процестерін басқару.
ӘН ОҚМУ 7.15 -2010. Әдістемелік нұсқау. Дипломдық жұмысты ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыс.
Анықтамалар
Жер – Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық
кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек
процесінің аумақтық негізі.
Жерді жалдау төлемақысы – уақытша өтеулі жер пайдалану төлемақысы.
Жер иелену құқығы – жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен
қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Жер кадастры – жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың
құрамдас бөлігі.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – жер
қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер,құқықтық және қала құрылысы
кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру
сипаттамаларын қамтитын құжат.
Иммиграциялық жер қоры – оралмандарға беру үшін резервке қалдырылған
және арнайы жер қоры құрамына кіретін жер учаскелері.
Кадастрлық бағалау құны – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу
құқығын сатқан кезде қолданылатын,инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми
статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері
үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері
негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны.
Мемлекеттік жер пайдаланушылар – мемлекеттік республикалық және
коммуналдық заңды тұлғалар.
Меншік құқығындағы объектілер – мемлекеттік және жеке меншіктегі жер.
Өзіндік қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта
орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет
түрі.
Топырақтың су балансының тапшылығы - жобадағы өнімді өндіру үшін әр
гектар егістікке жіберілетін барлық судың мөлшері.
Жерге орналастыру – жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын
реттеуге, жердің ұтымды пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыруға және
жағымды экологиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесі.
Жыртылған жер – сүрі жер мен көп жылдық шөптер егістігін қоса ауыл
шаруашылық дақылдар егістігі үшін жүйелі түрде өңделіп пайдаланылатын ауыл
шаруашылық алабы.
Жайылым – мал жаю үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жерлер.
Кондоминиум – бөлуге жатпайтын ортақ иеліктегі және пайдаланудағы
меншік.
Межелерді рәсімдеу - жер иелері мен жер пайдаланушылар учаскелерінің
межелерін жер бетінде белгілеу және бекіту.
Отарлы мал шаруашылығы - малды маусымдық пайдаланудағы учаскелерге
жоспарлы түрде айдап бағу жүйесі.
Су сіңіру - топырақ құрамындағы бос уақ текістерді (порларды) судың
өзінің ауыртпалық күші қысымы арқылы және оның сулана бастаған кезінде
пайда болатын капилляр күші арқылы біртіндеп сумен толтыру процесі.
Ауыспалы егіс учаскесі – белгіленген ротацияяға сәйкес әр қайсысында
дақылдар өзгеріп тұратын ауыспалы егіс танаптарына бөлінген ауыспалы егіс
жерінің көлемі.
Сервитут – өтен межелес учаскелерді шектеулі түрде пайдалану құқығы.
Ситуация – шартты белгілермен топографиялық пландар мен карталарда
бейнеленген бүкіл объектілердің жиынтығы.
Суармалы жыртылған жер – жобалық норма бойынша осы жерлерді сумен 75 %
қамтамасыз ете алатын су қоры бар су көздерімен байланысқан, тұрақты және
уақытша суару жүйелік желісі бар жыртылған жерге пайдалануға жарамды
жерлер.
Техникалық рекультивация – бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезеңі.
Суарылатын жерлердің көлемін нетто мөлшері - суару жобасында белгіленген
ауыл шаруашылық дақылдары және басқа да өсімдіктер егілген нақтылы.
Суаруға қатыспайтын жер - суармалы жердің шекарасында жатқанымен
топырақтың-мелиоративтік және басқа да жағдайларға байланысты суару
мүмкіншілігі жоқ жерлер.
Суарылатын жер көлемінің брутто мөлшері - суарылатын жердің нетто
мөлшерімен суаруға қатыспайтын жерлер қосындысы.
Шабындықтар – ылғалдылығы жоғары немесе тұрақты көлтабанмен
суарылып отыратын, шалғынды топырақтарда орналасқан жер учаскелері.
Шаруашылық аралық жолдар - шаруашылықтарды аудан орталықтарымен, темір
жол станциялармен, пристандармен және т.б. байланыстыратын жолдар.
Шаруашылық ішіндегі жолдар - шаруашылық орталығын бригадалармен,
фермалармен, егіс қостарымен, шаруашылық аралық жолдармен, немесе жоғарыда
көрсетілген объектілерді өзара байланыстыру үшін жасалатын жолдар.
Далалық жолдар - суару учаскілерін шаруашылық ішіндегі, немесе
шаруашылық аралық жолдармен байланыстырып, егіс өнімін танаптардан тасу,
тыңайтқыштар жеткізу, тракторлар мен машиналардың барлық танаптарға баруы
үшін жасалатын жолдар.
Белгілер мен қысқартулар
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің
ӨК – өндірістік кооперативтердің
ҚР – Қазақстан Республикасы
ШАЖО –шаруашылық аралық жерге орналастыру
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы
ІШЖО – ішкішаруашылық жерге орналастыру
ШҚ – шаруа қожалығы
АҚ – Акционерлік қоғамдардың.
ШФҚ –шаруашылық фермерлік қожалық
га - гектар
гр - грамм
ц - центнер
цга - центнер гектарына
см - сантиметр
м2 - шаршы метр
м3г - текше метр гектарына
% - пайыз
тг - теңге
тгга - теңге гектарына
Төлқұжат
№ Көрсеткіш атаулары Өлшем Көрсеткіштері
бірлігі
1 2 3 4
1 Нысананың орналасқан жері, км Оңтүстік Қазақстан облысы,
ауданы Созақ ауданы 41000
2 орталығы - Шолаққорған
3 мақсаты - Қара бураЖШС –н суармалы
жайылым жерін жерге
орналастыру және бағалау
4 Жалпы жер көлемі га 87
5 Суармалы егістік га 7,5
6 Тыңайған жер га 7,5
7 барлығы га 80
8 Аймақтың топырағы - Тасты-шөлді құмды
9 Гидрологиялық жүйесі - Қызылкөл,Ақжайқын, Айдын
көлдері, Үшбас, Жылыбұлақ
өзені.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан ертеден аграрлы ел ретінде дүние жүзіне
танымал. Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарына ие. Біркелкі
мемлекеттік жер қоры 272,5 млн га құрайды. Қазақстан аграрлық секторы үлкен
экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие.
Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге
бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды. Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан
көмек көрсетіп отыр. Фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігі кеңейту
үшін балама жолдар табу қажет. Мемлекетке астық саласын ұйымдастыру және
құрылымдау, біртұтас астық холдингін құру қажет. Ет өндірудің экспорттық
әлеуметін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек ету қажет.
Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой
шаруашылығының, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал
шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді
тапсырды ел басымыз Н.Ә Назарбаев. Қазақ халқы баяғы заманнан мал
шаруашылығымен айналысқан төрт түлік мал тірлігінің негізі болған, оған
себеп болған табиғи мал азықтық жерлердің орасан зор аумағы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: ОҚО ауданындағы Қара бура ЖШС-нің суармалы
жайылымдарды егістігін жерге орналастыру және бағалау
Республика бойынша мал шаруашылығы үшін мал азығының берік қорын жасауда
табиғи шабындықтар мен жайылымдардан және азықтық егістіктерден түсетін
азық өндірісін дамыту шешуші роль атқарады. Табиғи жайылымдар
республиканың кең байтақ жерін алып жатыр. Жайылым көлемі 182 млн га.
Қазіргі уақытта ірі және орташа мал шаруашылығы кәсіпорындарын ұйымдастыру
қажет, асыл тұқымды малдар санын көбейту керек және оларды бағалы мал
азығымен қамтамасыз ету, оның бәрі астық және басқа екпе дақылдардың
аумағын азайтпай, бос жатқан 8-10 млн га танаптан шығарылған тыңайған
жерлерді шабындық пен жайылымға айналдыру арқылы шешуге
болады.Республикадағы табиғи жайылымдардың және шабындықтардың өнімі жылдан
–жылға азайып барады. Олардың әр гектарынан орта есеппен 3 центнерден ғана
пішен жиналуда. Бізде шабындық жердің кемшілігінен, пішенге арнап жайылым
шөбін шабу негізінде олардың өнімділігі кеміп барады. Сондықтан табиғи
шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі және кейбір жерлерді жеңіл-желпі
жақсартып олардың өнімін арттыру шаруашылықтың басты міндеті болып
табылады. Жайылымдар мен шабындықтарды дұрыс пайдалану керек.
Елімізде агроөнеркәсіпті одан әрі дамыту жағдайда жемшөп өндірудің
прогресті технологиясын қолдана отырып, шабындықтың жемшөп өндіруді
интенсивтендіру үшін шабындық және жайылым шаруашылығын ойдағыдай жүзеге
асыру қажет. Жер дегеніміз бар байлықтың басы, бүкіл тіршіліктің көзі.
Жер- адамзаттың басты тіршілік көзі, бүкіл материалдық өндірістің базистік
негізі, мемлекетті құрып, дамытудың аса маңызды геосаяси факторы. Жер
ресурстары өткен ғасырға дейін таусылмайтын ұшан- теңіз байлықтың көзі
ретінде қарастырылып келеді. Жер бетін жайлаған адам санының жедел өсуіне
байланысты қалалар мен қала шаруашылықтары күрт дамып, егістіктер мен мал
жайылымдықтар тарылды. Құнарлы деген жерлердің біразы ауыл шаруашылығы
айналымынан шығарылып, басқа салалардың игілігіне берілді.
1 Әдебиетке шолу
1991 жылы маусым айында қабылданған Жер реформасы туралы заң жердегі
әртүрлі шаруашылық формаларының тиімді қызметі үшін құқықтық және
экономикалық шарттарды қалыптастыруға арналған еді. Тәуелсіздік алғаннан
жылдан бері Мемлекет басшысының елімізді дамыту жөнінде алға қойған
стратегиялық мақсатында, Үкіметтің сол стратегияны жүзеге асыру жөніндегі
жоспарларына сай жүргізіліп, келе жатқан жер реформасы қазіргі күні өзінің
шешуші сәтіне аяқ басты. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары
негізінде айқындалып тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызыды ел
байлығына айналдырудың маңызды мәселелерін шешкен Жер кодексі қабылданып,
жүзеге асырыла бастады.Жер ресурстарын жаңа жағдайда басқару ісі өңірлік
бағдарлама қабылдау, жерге орналастырудың ішкі шаруашылық жобаларын
ландшафтық-экологиялық негізде жасау, ауылшаруашылық жерлерін инвестиция
тартудың негізгі көзіне айналдыру арқылы іске асырылады. Мемлекет жер
кадастрының, жер мониторингінің, жерге орналастыру және жерді төлемді
пайдалану жөніндегі әдістемелер мен нормативтердің еліміздің экономикалық
жағдайының жақсаруына тигізетін ықпалы елеулі. Бұл шаралардың қай-қайсысы
болмасын өздерінің инновациялық сипатына сәйкес, еліміздің 2012-
2014жылдарға арналған үдемелі индустриялық – инновациялық даму
бағдарламасын, сондай-ақ өңірлік даму бағдарламасын жүзеге асыруға тікелей
әсер етуге тиісті.
Сонымен қатар, мемлекет адамдардың жермен жұмыс істеуіне еркіндік
бере отырып, осы бағыттағы заңдылықтардың дұрыс орындалуын қатаң қадағалап
отыруы қажет. Сонда ғана халықтың жерге қатысты мемлекеттік саясат туралы
түсінігі дұрыс қалыптасатын болады. Ал енді қазір мал санының көбеюіне
байланысты, бұрынғы қыстаулар мен жайылымдардың да қадірі арта түсуде.
Мұндай жерлер мал өсіремдеушілер үшін бірте-бірте құт- береке көзіне
айналып келеді.
Сонымен адамзат қауымы дамыған сайын оның тіршілігінің негізгі көзі
–жердің маңыздылығы да арта беретіндігінің куәсіміз. Сондықтан әлемнің
дамыған көптеген елдері жер ресурстарын пайдалану мен игеруді реттеу және
бақылау мәселелерінде мемлекеттің рөлін күшейте түсіп отыр. Жер
ресурстарының молдығы басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанның ең үлкен
басымдығы. Демек, бұл артықшылығымызды қадірлеуіміз керек. Жердің сан түрлі
қасиеті бар. Ол қасиеттер осы уақытқа дейін қоғамның даму жағдайына
байланысты ашылып келеді.[1]
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану көрсеткіші табиғи-климаттық
жағдайлармен және шаруашылықтардың қолданатын технологияларының даму
деңгейімен, әлемдегі жер ресурстарын пайдалану жетістіктерімен анықталады.
Қазақстан жерінің тағы бір басты қасиеті минералды шикізат көзі ретіндегі
қазба байлық түрінде ашылып отыр. Адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше
заңдылықтармен бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау мәселелері көбінесе,
Жер кодексі мен табиғат қорғау заңдарына бағындырылса, адамдардың үй салу
үшін жер телімін алуы, оның пайдалануы Жер және Азаматтық кодекстермен,
басқа да заң аясындағы актілердің қатысуымен реттеліп отырады.
1.1 Жайылымдарды тиімді пайдалану жолдары
Мал шаруашылғымен айналысатын шаруашылық үшін берік жемшөп қорын
жасауда жайылымдардың маңызы ерекше. Қазіргі уақытта ірі қараның қосатын
салмағы мен сүтінің жартысынан көбі, сондай- ақ барлық қой жүні қаракөл
елтірісі осы жайылымдарда өндіріледі. Республика жайылымдарының көпшілігі
шөл шөлейт аймақтарда орналасқан. Жайылым- мал үшін табиғи ем.Өйткені қыс
бойы қорада тұрғандықтан пайда болған кейбір жұқпайтын аурулар жойылады.
Күннің көзі, таза ауа, көгал бәрі-бәрі малға жақсы әсер етеді. Сонымен
екпе жайылымдар егіп қана қоймай, оны тиімді пайдалану жолдарын да
іздестірген орынды. Жайылымдық шөптердің құнарлығы да өте жоғары. Жайылым
өте құнарлы азық қоры және зат алмасуға, мал денесінің шынықтыруға, мал
өнімділігін арттыруға әсер ететін орта болып саналады. Мал жайылымда өзіне
керекті шөп түрін және өсімдіктің тек жапырағы мен бұтағын өсу кезеңінде
сәйкес таңдап жейді. Жайылымда бағылған малдан сауылған сүт, қосымша салмақ
және жүн шығымы жоғары, ал өзіндік құнының төмен болатындығын атап өту
керек.[3]
Соңғы жылдары жайылымдарды тиімді пайдаланбағандықтан онда арам шөптер,
улы, зиянды шөптер қаптап,кейбір жерлерде құнды шөптер мүлде жойылып,
қалғандарының өнімділігі төмендеп кетті. Республика бойынша табиғи
жайылымдардың орташа өнімділігі әр гектардан 3,8 құрғақ масса мөлшеріне
тең. Жайылымдарды дұрыс пайдаланбау, малды жүйесіз жаю оның өнімділігінің
өте төмендеп, онда өндірілетін өнімнің өзіндік құнының артуына әсер етті.
1.2 Созақ ауданының табиғи - агроклиматтық жағдайы
Созақ ауданы-Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігіндегі әкімшілік-
аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 41000 км квадрат (облыс жерінің 35%-ін
қамтиды). Тұрғыны 52000 адам. Аудан аумағында 36 елді мекен 2 кенттік
(Қыземшек,Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы –
Шолаққорған ауылы. Аудан 1928 жылы қаңтар айында мекендеген 6 болыс
ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды. Аудан жерінің көпшілік бөлігі
тасты-құмды шөлді жазық (Бетпақдала,Мойынқұм) алып жатыр. Оңтүстік және
оңтүстік-батысын ала Қаратау жотасы орналасқан. Солтүстік –батысында Ащыкөл
ойысы, Тамғалы соры, орталық бөлігінде Тамғалынұра қонысы, шығысында
Сүмбешетарал қонысы мен сор жерлер орналасқан. Созақ ауданының ең биік жері
– Бессаз (Мыңжылқы 2176м).
Климаты тым континеттік. Қысы солтүстігінде суық, оңтүстігінде біршама
жылы. Жазы ыстық, қуаң, аңызақты.Қаңтар айының орташа жылдық температурасы
-7-12 градус,шілдеде 24-27 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150-
250мм. Қаратаудан Үшбас, Үштөбе, Торлан, Балдысу, Жылыбұлақ тағы басқа
шағын өзендер басын алады. Қызылкөл, Ақжайқын, Айдын көлдері бар. Ауданда
уран кентасы, таскөмір өндіріледі. Жерінің басым бөлігі сұр топырақты,сор,
сортанды, құмды.Өсімдіктерден жусан, көкпек, жаңғыл, сексеуіл,таулы өңірде
киік оты,тобылғы қызылқайын өседі.
Жануарлардан қасқыр,қарсақ,түлкі, қоян киік,бауырымен жорғалаушылар
мекендейді. Созақ ауданының тұрғындарының құрамы көп ұлтты. Халқының 90 %
астамы –қазақтар. Ауылда қаракөл қойын,түйе,жылқы, қой, етті-сүтті ірі
қара, астық өндіруге маманданған 10 кеншар болған. Олардың негізінде 329
шаруашылық нысаны құрылды,8 өнеркәсіп нысаны,321 агроқұрылым.Ауыл
шаруашылығының жетекші саласы – ет,сүт өндіру болып табылады. Әрбір
жердің климатының қалыптасуына климат түзуші факторлар ықпал етеді.Сондай-
ақ біздің ауданымыз климатының қалыптасуына Қаратау жотасы мен Мойынқұм
негізгі фактор болып есептелінеді. Себебі Қаратау жотасы Оңтүстік Батыстан
келетін субтропиктік ауа массаларын тосып алады. Нәтижесінде жауын-шашын
түсуіне кедергі келтіреді. Біздің территорияда негізінен қыс айларында
Сібір антициклоны үстемдік жасайды. Соның салдарынан көбірек Шығыстан жел
түріп ауа-райы суық болады.Желі аудан территориясында өз әсерін тигізіп,
әсіресе көктем айларында ауа- райын өзгертіп,күрт суытып жіберіп, егін
шаруашылығына зиянын тигізеді. Осы желдің әсерінен көбінесе егін
алқаптарына үсік келеді. Сондықтан ол жерде егіндерді қайта егуге немесе
кеш егуге тура келеді. Ауа басым өте құбылмалы. Қардың қалыңдығы
ауданымызда 10-13см.
Көп тұрмай еріп кетеді.Жауын-шашынның көбі көктемде наурыз, сәуір
айларында, күзде қазан айының соңы қараша айында жауады. Жауын-шашын
жеткіліксіз болғандықтан ауыл шаруашылығы дақылдарын қосымша суару қажет
болады. Аумағының үлкендігі Азияның: Израильден екі есе,Тайваньнан 1,5 есе
үлкен. Аудан жер көлемі қанша үлкен болса,мұндағы өсімдіктер мен
жануарларда алуан түрлі. Табиғат зоналары ендік бағытында созылып жатыр
Ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған
жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады.Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл
шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары мен
коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора жайлар мен
ғимараттар орналасқан жер, сондай ақ басқа да алқаптар сор, құм, тақыр
жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалады.Ауыл шаруашылық
алқаптарына егістіктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер,егілген
жер,шабындықтар мен жайылымдар жатады.
Егістік – жүйелі түрде өнделетін және көп жылдық шөптердің егістігін
қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын жер
учаскелері, сондай-ақ сүрі жер.
Тыңайған жер бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап, бір
жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар
айдауға әзірленбеген жер учаскесі. Көп жылдық екпелер – жеміс жидек,
техникалық және дәрі-дәрмек өнімдерінің түсімін алуға, сондай ақ аумақты
сәндеп безендіруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық көп жылдық ағаш,
бұта екпелеріне пайдаланатын жер учаскелері. Сонын ішінде табиғи
шабындықтар мен жайылымдар – шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелі түрде
пайдаланылатын жер учаскелері. Түбегейлі жақсартылған- шабындықтар мен
жайылымдар – шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым
учаскелері. Суландырылған жайылымдар – тиісті мал басын сапасы ойдағыдай
сумен қамтамасыз ете алатын су көздері бар жайылымдар.
Ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болып бөлінеді.
Жайылма суару жері қар суын және көктемгі тасқын суды, сондай-ақ топырақты
ылғалдандыру үшін суару және суландыру каналдарынан берілетін суды осы
учаскелер аумағында ұстап қалуды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін су
бөгейтін белдеулері, суды реттейтін бөгеттері мен басқа да гидротехникалық
құрылыстары бар учаскелер болып табылады.
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен
қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының
сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады. Жерге
орналастыру меншік нысанына тиесілілігіне және оларда шаруашылық жүргізу
нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргізіледі. Жерге орналастыру
жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижесінде белгіленген,Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қаралған және бекітілген
жердің нысаналы мақсаты, жерді пайдалану мен оны қорғау режимі, шектеулер
мен ауыртпалықтар, жер учаскелерінің шекарасы, жердің сапасы мен мөлшері
туралы деректер және басқа да деректер жер құқығы қатынастары
субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады. Жер учаскелерінің
мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша
жүргізілетін жерге орналастыру олардың тиісті жергілікті атқарушы органға
беретін өтініштерінің негізінде жүзеге асырылады. Жерге орналастыру
жұмыстарын Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес
жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензиясын
алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды. Жерге орналастыру жұмыстарын
орындау тәртібі ен технологиясы орталық уәкілетті орган бекітетін
нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді, олар жерге орналастыру
жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшін міндетті. Жерге орналастыру
құжаттамасына өзгерістер осы құжаттаманы бекіткен органның рұқсатымен ғана
енгізіледі. Жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдерді қамтиды жерге
орналастыру ісін жүргізуді бастау, дайындық жұмыстары, жерге орналастыру
болжамдарын схемаларын бағдармалары мен жобаларын әзірлеу, жерге
орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту жобасын орындау.Жерге
орналастыру жүргізу бойынша тапсырыс беруші, жерге орналастыру құжаттамасын
әзірлеуші, жерге орналастыруды жүргізу кезінде құқықтары мен заңды
мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тұлғалар, сондай - ақ жерге орналастыру
құжаттамасы келісілетін және оны бекітетін мемлекеттік органдар мен басқа
да тұлғалар жерге орналастыру процесіне қатысушылар болып табылады.
1.3 Жайылымдардың территориясын ұйымдастыру
Қазақстанда табиғи мал азықтық алаптар 183 млн га астам жерді алып
жатыр, олардың 6 млн га жақсартылған. Мәліметтер бойынша мал шаруашылығы
үшін табиғи мал азықтық алаптардан 20 % -дан 80% -5 га дейін мал азығы
алынадыекен. Табиғи шабындықтыр мен жайылымдардың сапасы мен өнімділігі
климаттық жағдайлар әсіресе ылғал тапшылығы бойынша
анықталады.Ауылшаруашылық алаптар құрамында табиғи мал азықтық алаптардың
үлес салмағы республиканың солтүстігінен оңтүстігіне қарай жылжығанда
көтеріле бастайды. Олардың үлес салмағы орманды далалы аймақта -44%,
құрғақ - далалы -57%, жартылай шөлейтті -82% құрайды. Республиканың
жартылай шөлейтті және шөлейтті аймақтарында оңтүстік шамамен 130 млн
га.жайылым,яғни барлық мал азықтық алаптардың үштен екі бөлігін алып
жатыр.
Жайылымдардың түсімділігі 1,5-3 ц га аралығында. Қарсыз кезеңнің
ұзақтығы 250-280 күн болғандықтан, жайылымдарда қой мен жылқыларды жыл
бойы жаюға пайдалануға болады. Жайылымға жаю- жайылым өнімділігінің
өзгеруін анықтайтын елеулі фактор. Жаюдың әсері, көбінесе, қуаң аймақ
жағдайында күшті байқалады. Мал жайылым шөбін әрқилы пайдаланады. Шөптің
желінгіштігін қойды жайылымда мөлшерлеп жаюмен реттеуге болады. Ауа
райының қолайсыз жағдайында қойды жайған кезде шөптің желінгіштігі
төмендейді, ал малды баққанда артады. Малдың жайылымда жеген шөбінің
оның пайызбен алғандағы жалпы мөлшері арақатынасы толық пайдалану
коэффициенті болып табылады. Қойлар біржылдық шөптің жер бетіндегі
бөлігін толықтай жейді, өйткені ол бәрі бір құрып кетеді. Шөптің
пайдаланудың коэффициенті жайылымды құнарсыздандыруға әкеліп соқтырмауы
тиіс, сонымен қатар малдың шөпке деген мұқтажын толық қанағаттандыру
керек. Әрбір шөп үшін пайдаланудың мүмкін коэффициенті белгіленуі
тиіс.
Мал жаю тығыздығы шөп пен топырақ қабатын сақтап қалу үшін
жайылымдағы малдың тығыздығын мұхият реттеп отыру керек, бұл шөптің
құнарсыздануына соқтырмайтын жайылым алаңының бір өлшемінде бір мезетте
болатын малдың саны. Мал жаюдың тығыздығын топырақтың механикалық
құрамына, оның ылғалдығына, тығыздығына, өсімдік қабатының күйіне және түр
құрамына қарай анықтайды. Мал жайылым шөбімен шамадан тыс қамтамасыз
етілгеннің өзінде және оны пайдаланудың коэффициенті төмен мал жаюдың
өте тығыздығы шөптің құнарсыздануына әкеліп соқтыруы және салмақ
қосуына әсер етуі мүмкін. Құрылымы жеңіл топырақты жерде бір
мезетте жайылатын мал саны азайтылады, ауыр топырақты жер үшін мал жаю
тығыздығының шегі 100 цга, жеңіл саздақ топырақты жер үшін 500 бас
шамасында отар құрастырылады және нақтылы мөлшерде өріске бөліп жаю
қажеттігі туады. Жаю тығыздығын тиісті шамадан тыс арттыру топырақты
эрозияға ұшыратады және өсімдік қабатын құнарсыздандырады.
Жайылым территориясын орналастыру келесідей элементтерді қамтиды:
- жайылымдарды фермалар мен мал топтарына,түрлеріне бекіту, гурт
және отар учаскелерін, жазғы лагерлерді, суару пунктерін
орналастыру;
- жайылымдық ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру және олардың ішкі
территориясын реттестіру;
- мал жаятын өрістерді , мал айдайтын жолдарды орналастыру.
Жайылым территориясын орналастыру кезінде, келесідей мәселелер шешілді:
- бүкіл жайылымдық кезеңде малдың жасыл азықты қажетсінуін үздіксіз
қамтамасыз ету;
- жайылымдық ауыспалы егіс жүйесінде жайылымның өнімділігін қалпына
келтіру және көтеру;
- малдарды ұзаққа айдауды болдырмау, мал азығын, өнімді және жұмысшы
күшін тасымалдауға кететін транспорттық шығынды азайту;
- жайылымдарды жабдықтауға кететін шығынды қайта өтеу.
1.4 Маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру жүйесі, олардың территориясын
реттестіру ерекшеліктері
Отарлап мал өсіру аудандарындағы маусымдық жайылымдардың территориясын
реттестіру, ішкішаруашылық жерге орналастырудың негізгі мазмұны болып
табылады. Дегенмен, табиғи жағдайларының және мал азықтық алаптарын
пайдалану технологиясының өзгешелігіне орай, мал азықтық алаптар
территориясын реттестірудің бірқатар маңызды ерекшеліктері бар. Онымен
қоса жаздық және қыстық жайылымдардың территориясын ұйымдастыру әр түрлі
жүргізіледі.
Қазақстанның мал азықтық алаптарының барлық ауданының таулық жайылымдар
мен шабындықтардың үлесіне 11% келеді. Биіктік аймақтылық таулы
территориялардың негізгі ерекшелік белгісі болып табылады, сондықтан оны
жерге орналастыру кезінде ескерудің маңызы зор. Таулы жерлердің
аймықтылығы, жазықтықты территорияға қарағанда анығырақ көрінді. Бір
аймақтан келесі аймаққа ауысу жолақ ретінде байқалады да, жолақ, түрлі
жағдайларда теңіз деңгейінен орналасуы және биіктігі бойынша әр түрлі
болады.Кейбір кездері ол әлсіз байқалады,ал кейде болмайды. Бір аймақтың
екіншісіне сыналап кіруі айтарлықтай жиі кездеседі және ол климаттық,
географиялық факторларға байланысты. Осы факторлар тау жолақтарындағы
өсімдік жамылғысына, оның құрамына едәуір әсерін тигізеді. Осының
салдарынан жерге орналастыру кезінде аймақтау материалдарын қолдану едәуір
қиындайды.
Пайдалану мерзімі, климаттық факторларының ерекшелігі, территория
бедерінің анық байқалуы, гидромелиоративтік жағдайларының өзгешелігі және
экологиялық талаптары бойынша ерекшеленетін жайылымдар құрамының өзіне тән
үйлесімі, жерге орналастырулық мәселелерді белгілі бір тәсілмен шешуді
талап етеді. Биіктіктік жолақтар лайықты әсерін тигізе отырып, жайылымдық
алаптарды мерзімдік пайдалануды алдын-ала анықтайды. Мұндағы көктемде
–күзде және жарым жартылай қыста пайдаланылатын жайылымдар, олардың
аздығына, шығымдылығының төмендігіне және белгілі бір кезеңдерде пайдалану
мүмкін еместігіне орай, атқаратын рөлі шамалы болады. Дегенмен, бұл аймақ
жазғы кезеңде мал жаюға қолайлы жоғары өнімді табиғи жайылымдардың көп
болуымен ерекшеленеді. Сондықтан таулы жағдайлардағы жазғы жайылымдардың
территориясын ұйымдастыру, ішкішаруашылық жерге орналастырудың негізгі
мазмұнын құрайды. Таулық жайылымдар, кәдімгі табиғи жайылымдардың
территориясын орналастыру әдістемелік реттілігі сияқты, бірақ өзгеше табиғи
жағдайы, жайылымдық кезеңінің 3-4 аймен шектеулі екендігі ескеріле отырып
реттестіріледі. Ол мыналарды қамтиды: жайылымдық азықтың қорын,
территорияның мал сыйымдылығының анықтау, жайылымдарды өндірістік
бөлімшелерге үлестіру және бекіту, жайылатын мал топтарын біріктіру,
аудандарын анықтау және табын, отар және басқа мал түрлері үшін
учаскелерді орналастыру, ауыспалы, жайылымдарды, олардың танаптарын және
кезекті мал айдайтын жобалау,жайылымдарды жабдықтау.
Малдың келешектегі өнімділігі ескеріле отырып, азықтандыру нормасы
белгіленеді және территорияның мал сыйымдылығы есептеледі.
Шаруашылықтың өндірістік бөлімшелеріне жайылымдарды үлестіру ондағы
жоспарланған мал басын есепке ала отырып,жүзеге асырылады. Мұнда
біріншіден өндірістің мамандандырылған саласының ойдағыдай дамуы, екіншіден
жайылымдық алаптардың тиімді пайдалануы қүшін қолайлы жағдайлармен
қамтамасыз етуге негізгі көңіл бөлінуі тиіс.
1.5 Жайылымды пайдалануға, малдарды –жайылымға дайындау
Ерте көктемде, солтүстік аймақтарда қар суы кеткеннен кейін, мал
мамандары немесе арнайы құрылған комиссия жайылымға пайдаланатын жерлерді
бағалайды.Жайылымды зерттеу жоспарына, үлескілерді түгендеп жазу,
қоныстанатын жерлердің, лагерь құрылыстарын, суат орындарын, малды айдау
жолдарын бақылау енеді.
Жайылым аумағын сыпырынды, қалдықтардан (сымдар, ағаш
қалдығы,шөпшектерден т.б) тазалау,бұташықтарды, былтырғы жылғы шөптерді
суырып алып тастау, жайылымның өнімін арттырады және оның мал азықтық
сапасын жақсартады.
Мал шаруашылығының лагерлі-жайылым жүйесінде лагерді жабдықтайды.мүйізді
ірі қара малдар үшін лагерде аспалы жаппалар, басам соғатын желдерден
қорғау үшін ашық немесе жабық қалқандар қойылады немесе дербес ұстау үшін,
сиырларды сауу үшін тетіктері мен автосуішкішімен, сарқынды суларды
ағызатын жерасты құбырлармен төлдеу бөлімдері мен қолдан ұрықтандыратын
орындарымен, науа оттықтарымен, шетен қораларымен жабық типтес жеңіл қора-
қопсы салынады.
Аналық қойлардың қоздау үшін-торлары мен төмен жабылған аспалы жаппалар
немесе қойлар үшін лагерде жеңіл сарайларды жабдықтайды. Лагерлік
құрылыстар жануарлардың түнеу мен демалу, оларды ауаның қолайсыз
жағдайынан (суық және ыстық( қорғау) үшін салынады.
Лагерде су ішетін орындарды жабдықтайды. Оларды жайылымдардың аумағында
орналасқан төлқұжатталынған өзен мен өзеншелер, көлдер және су айдындарын
есепке ала отырып орналастырады. Төлқұжаттарда жануарларды суару үшін
жарамды, судың физикалық-химиялық қасиеттерін, олардың санитарлы-гигиеналық
күй-жайы көрсетіледі.
Егер суару үшін ашық су алаңын пайдаланса, онда малдар үшін суға
жақындайтын арнайы жодар дайындаған жөн. Батпақты жағалауларда саз балшық
немесе қиыршық тастар жайып тығыздайды немесе жалпақ тастармен жабады. Тік
жағалауларда мал түсу үшін ыңғайландырып, жайпақтайды.
Егер малдарды суару үшін тоғандарды пайдаланатын болсақ, онда бөгеттің
төменгі жағынан малдар су ішетін науаларды бекітеді. Оған суды құбырлар
арқылы жібереді.
Алдын ала сақтандыру, емдеу және санитарлы-гигиеналық шаралар кешені
ескі, көне заманғы мал көмген жерлерді қоршауды, биотермиалық шұңқырларды
жөңдеуді, жайылымда ұстайтын кезеңдегі өткен малдар өлексесін пайдаға асыру
жолдарын алдын ала қарастырады. Өсімдіктер қалдықтарын да пестицидтер,
нитраттар және т.с.с. мөлшерін анықтап, жайылымдардың улылық дәрежесін
бағалау жұмысы іске асырылады.
Сондай-ақ, малдарды жайылымда ұстауға дайындық жүргізеді.Оларға алдын
ала сақтандыратын егу жұмысын (ваксинация) жүргізу және малдар сібір ойық
жарасы, басқа да қауіпті аурулардың қоздырғыштардың жұғуына тұрақты
(төзімді) қасиетке ие болады. Жануарларды жайылымда ұстауға дайындауда
тұяқтарын тазалайды және артық өсіндісін алып тастайды.
Үйірлер, отарлар, табындар-түрлдерін, жыныстарын, жасын, жануарлардың
денсаулығы мен өнімділігін есепке ала отырып қалыптастырады. Мүйізді қара
малдарды-көптеген мал шаруашылығында топтарға бөлуге ұсынады:
1) сиырлар, қысыр, бойдақ мал;
2) бір жылдық ересек қашарлар;
3) 6-айдан 12-айға дейінгі жастағы еркек тайынша мен қашарлар;
4) 2-айдан 6-айға дейінгі бұзаулар.
Ашық жайылымдарда немесе жасанды жайылымдарда мал жаюда 100-150
сиырлар, 150-200 бұзаулар табынын қалыптастырады.
Малдардың түріне,пародасына, биологиялық ерекшеліктерін есепке ала
отырып, тек жайылымдағы шөптер тұқымдасына сәйкес таңдаған жөн. Қойлар мен
ешкілер үшін шөбі аласа, қою, салыстырмалы түрде құрғақ жайылымда жайған
мақсатқа сәйкес келеді, орманды жерлерде ашық алаңға жаяды. Жайылымдарды
жаю үшін шөп биіктігі онша биік емес,бірақ шөбі қою, топырағы тығыз,
көтеріңкі, үстірт жерлі, құрғақ жайылымды пайдалану ыңғайлы.
Жаю тәсілдері.жаю екі қарама-қарсы тәсілдерге бөлінеді:ерікті немесе
жүйесіз мал жаю және өрістік немесе жүйелі өріс. Экологиялық, тіпті
экономикалық жағынан болсын жайылымдарды өрісті пайдаланудың ең жетілген
тәсілі, оны кішірек үлескілерге бөліп жаю. Жүйелік жайылымда жекелеген
үлескілерге бөледі де, оларды шөптердің өсуіне қарай кезекпен оттатып
жаяды. Осындай формада жаю шет елдерде XVIII-ғасырдың екінші жартысында
ұсыныла бастады (Англия, Германия, Францияда).
Алайда Қазақстанда жайылымды жүйесіз жаю тәсілі басым болғандықтан
жайылымның жаппай тозуына әкеліп соқтырады. өрістік тәсілмен жаю іс жүзінде
нашар қолдануда.Жалпы алғанда бүгінгі күнде Республикамыздың
шаруашылықтарында малды жайылымда ұстаудың мынадай негізгі ұйымдастырушылық
түрлері қалыптасқан:
1) Әртүрлі жерлерге орналасқан әдеттегідей, алыс қашықтықтарға малды
жаздық және қыстық жайылымдарда отармен айдап жаю. Бұл оңтүстік аудандарда
тараған.
2) Шаруашылық өз жерінде немесе соған жақын жерге, қыста қолда ұстаған
малды жаздық жайылымдарға отармен айдап жаю (Солтүстік және Батыс
Қазақстанда).
3) Малды қыстық жайылымдарға отармен айдап салу мен көктемде негізгі
пайдаланатын жерлерге қайтарып әкелу.
4) Малды жыл бойы жайылымда ұстау.
2 Экспериментальдық бөлім
2.1 Жайылымдарды фермаларға, мал топтарына бекіту
Жайылатын мал топтары, малдың жынысы жасы, тұқымы, өнімділігі бойынша
топтастырылады. Шаруашылықтың нақты мүмкіншіліктеріне байланысты табан,
отар, гурттардың мөлшері төмендегідей болады: сиырлар –сауынды -150-180
бас, етті -180-200 бас, аналық қойлар -600-800 бас, тоқтылар 800-1500 бас,
жылқы табыны -100-150 бас. Малдарды қорада ұстаудан жайылымға ауыстырумен
байланысты санитарлық- профилактикалық шараларды және шаруашылықты
ұйымдастыру кешенін жүргізу үшін ферма комплекстер маңынан жайылымдық
учаскелер бөлу қажет. Олардың ауданы мына формула бойынша анықталады:
Р= 0,005*ГД= 0,005*200*20=20
(1)
мұнда,
Р – ауысу кезеңі,
Г- фермадағы мал басы
Д- ауысу кезеңінің ұзақтығы (20-30 күн)
0,005 – тәуліктік моцион үшін бір басқа бөлінетін жайылымның ауданы,
га.
Малдың топтары мен түрлеріне жайылымның негізгі массивін бекіту,
жер оттылығының шығымдылығына, сапасына және мал топтарының
физиологиялық ерекшеліктеріне олардың жер оттылығына қоятын
талаптарына байланысты жүргізіледі. Жайылымды бекітудің бірнеше
варианты болуы мүмкін. Ең тиімдісі әрбір табанға бір ауыспалы
шабындықты – жайылымдық егісті бекіту, дегенмен жер оттылығының
сапасына және мерзімділігіне, территорияны реттестіруге, бедерге және
басқа жағдайларға байланысты ауыспалы шабындықты-жайылымдық егісті екі
табынға немесе бір табынға екі ауыспалы шабындықты-жайылымдық
егісті бекітуге болады. Табиғи мал азықтары деградацияға ұшырамас
үшін олар белгілі бір ауыспалы жайылым және шабындық жүйесінде
пайдаланылады. Қазақстанда жайылымдық кезеңде құрғақ далалы аймақта
бір-екі және орманды далалы аймақта екі-үш шаруашылықтық, жайылымдық
құндылығы бар балауса шөп өсуі мүмкін. Осыған байланысты жайылымдық
кезеңде мал жаю циклының саны шөлейтті және жартылай шөлейтті
аймақтарда - бір-екі, құрғақ далалы екі-үш орманды далалы -үш-төрт.
Қойларды жыл бойы жаю үшін пайдаланылатын шөлейттік және жартылай
шөлейттік жайылымдарда төрт танапты ауыспалы жайылым егісі
ұсынылады. Жыл мерзімі бойынша 1 танап көктемде, 2 танап жазда, 3-
күзде,4- қыста пайдаланылады.
Суармалы жерлерде құрылған көпжылдық мәдени жайылымдарда мал жаю
циклдарының саны 5-6 рет. Жер отын пайдалану қоршалған өрістерде
өтеді. Жер отынның жоғары өнімділігін сақтау үшін әрбір 3-5 жыл
ішінде екі жыл демалдырылады, олардың бірінші жылы шөп себіледі,
екіншісінде шөп шабылады. Ауыспалы жайылым танабы уақыт пен кеңістікте
жайылымдарды пайдалану мерзімдерін кезектестіру және күтіп баптау
өткізілетін өндірістік учаске болып табылады. Танаптардың өлшемдері
жер отының толық пайдаланылуына да оның шығымдылығына көтермелеу
шараларын өз уақытында жүргізуге де әсерін тигізеді. Сондықтан
танаптарды жобалау кезінде мыналардың маңызы зор: топырақтық және
геоботаникалық тұрғыдан алғанда танаптардың біртектілігі танаптардың
ұзындығы, ені және пішіні, танаптардың бедері жел бағытын ескере
отырып жобалануы, осы танаптағы малдың экологиялық, санитарлық-
профилактикалық жағдайлармен қамтамасыз етілуі, жазғы лагерь және суару
пунктері мен танаптардың арасындағы байланыстың қолайлы болуы.
Ауыспалы жайылымдағы кезекті айдау өрістерінің саны мен өлшемдері
жайылымның типіне және олардың шығымдылығына байланысты.
Жайылымның шығымдылығын сақтау үшін әрбір өріске шамамен 4 жыл
сайын екі жылға демалыс беріледі. Осы жайылымдар үшін ауыспалы
жайылымдардағы өрістердің жалпы саны мына формуламен анықталады:
Чк = Un Д *К = 20 4*1,5= 7,5
(2)
мұнда,
Чк- кезекті айдау өрістерінің саны
Un – жер отының қайта жаңғыру кезеңінің ұзақтығы (24-32)
Д – малдың өрісте болу ұзақтығы (3-5 күн)
К- ауыспалы жайылым коэффициенті =1,5
Қазақстанның табиғи аймақтары бойынша богарлы жайылымдарға мал
айдау циклының саны бірден үшке дейінгі аралықта. Осы жайылым типі
үшін, ауыспалы жайылымдағы өрістердің орташа саны мына формуламен
анықталады.
Чк = Дn Дn *К= 20 120*5= 0,84
(3)
мұнда,
Дn – жайылымдық кезеңнің ұзақтығы,күн
n – мал айдау циклының саны.
Құрғақ далалы аймаққа ұсынылған, үштанапты ауыспалы жайылымда, малды
жер отына екі рет айдау қарастырылған.Жайылымдық кезеңнің ұзақтығы 120
күн және малдың өрісте болуы 5 күндей болғанда, ауыспалы жайылымдағы
өрістердің жалпы саны 12, ал танапта-4.
Табынның қозғалу жылдамдығы 250-450 мсағ, қамту ені 150-200 м
аралығында. Қозғалу жылдамдығын, табын өлшемін және қамту енін ескере
отырып кезекті айдау қашаларының жақтарының ара қатынасы бір бас
сиырға -1,5-2м, қойға -0,2-0,3 м орнатылады.
Өрістің ұзындығы Lқ малдың жайылып бастауынан демалуға дейінгі
жүріп өтетін жолының жартысына тең болуы тиіс. Яғни, бос жүріс
жасамай малдың мал айдайтын жолға келуі мына формуламен есептеледі:
Lқ = tU 2= 12* 200 2= 1200
(4)
мұнда,
t – мал жаюдың бір циклының ұзақтығы – сағат
U – малдың жайылып отырғандығы қозғалысының жылдамдығы – мсағ
Өрістің ұзындығы, бір жағынан, табынның жайылып бастауынан демалуға,
суаруға дейінгі жүріп өтетін жолының жартысына тең болатынын анықтаса,
екінші жағынан, жер отын күтіп баптау және жақсарту жұмыстарын
орындайтын трактор агрегаттары үшін жұмысшы өрістердің ұзындығын
анықтайды. Осы танаптарды ескере отырып, өрістердің ұзындығы жер отына
байланысты 500-800м аралығында болуы мүмкін. Табынның қамту ені 125-150
м аралығында болатынын ескерсек онда өрісте жайылу ұзақтығы 3-5 күндей
болғанда өрістің ені 400-500 м болуы мүмкін демек тік бұрышты
формадағы өрістің жақтарының ара қатынасы 1:1 немесе 1:2 боолады.
Танаптар мен кезекті айдау өрістерін орналастыру кезінде мал көп күш
және энергия жұмсайтын бос айдауды қысқарту маңызды болып табылады.
Малды бос айдаудың негізгі түрлеріне танаптар,өрістер және жазғы
лагерлер, суару пунктері арасындағы айдаулар жатады. Сондықтан
танаптарды орналастыру кезіндегі негізгі мақсат олардың арасындағы
арақашықтықты қысқартуға саяды. Табын учаскесіндегі жазғы лагерьлер
орталықта орналасса, ауыспалы жайылым танаптарының орналасуы негізгі
екі схемемен жобаланады – коридорлы және радиалды.
Танаптардың радиалды схемемен орналастырылған кезде бос айдау мүлдем
болмайды, бірақ жазғы лагерь маңында пайда болған сүйір бұрыштар
малдың топырлап жиналуына, табындарды басқару қиындығына және жер
отының тапталуына әкеліп соғады. Мұндай жағымсыз құбылыс болмас үшін
жазғы лагерьдің айналасында радиусы 0,5 км жерде мал жаймаған жөн. Жазғы
лагерь табын учаскесінің сыртында орналасқан жағдайда бос айдау
қашықтығын азайту үшін өрістердің қысқа жақтары оны жазғы лагерьмен,
суару пунктерімен қосатын мал айдайтын жолға шығуы тиіс.
Фермадан 3 км астам алыс орналасқан жайылым массивтерінде жазғы
лагерьлер орналастырылады. Олардың орналасуы жер бедерімен табын
учаскелерінің конфигурациясы және ауданымен, су коздерінің, мал
азықтық ауыспалы егістерінің орналасуымен келістіріледі. Егер жайылым
мал қорасынан 100 км және одан да астам қашықтықта орналасса, шалғай
мал жайылымы дейміз. Қазақстанда мұндай жайылым өте көп. Шалғай мал
жайылымында мал түнейтін, сиыр сауатын лапастар, сонымен қатар мал
күтушілерге үй салынады. Шалғай жайылымдарда сумен қамтамасыз етуге үлкен
көңіл бөлу керек және оны тиімді пайдалану мен жаюдың алдыңғы қатарлы
тәжірибелерін барлық шаруашылыққа кең тарату қажет. Малды бір жайылымнан
екінші жайылымға айдағанда, олардың жүретін жолын белгілеп, әрбір 6-8 км
қашықтықта мал қанып ішетін су көзі болуы керек. Оның өзен, арық, көл,
құдық болуы керек.
Қысқы жайылымды пайдаланғанда малды желге қарай өрістеткен дұрыс.
Сонда ауа райы бұзылып, борап соғып кеткен жағдайда, малды қыстауға
жеткізу оңай болады. Тағы бір жағдай, қыста мал жайылатын жерді жаздыгүні
тұяқкесті етпеу керек. Қысқы жайылымда қардың қалыңдығы 2-4 см болса,
мал жақсы жайылады.
2. 2 Мал жаю әдістері
Негізінде мал жаюдың үш әдісі қолданылады: Еркін немесе жүйесіз жаю,
өрістеп немесе жүйелі жаю,арқандап жаю. Мал еркін жайылғанда жайылымның әр
өрісіне реттеп жаю мүмкіншілігі болмайды. Өрістеп жаю кезінде, жайылым
бірнеше өріске юөлінеді және оларда көк шөптің өсіп-жетілуіне сәйкес мал
кезек жайылады. Арқандап жаю әдісі екпе жайылымда, мал саны 20 –дан
аспағанда қолданады. Бұнда көк шөп өрістеп жаюға қарағанда өте тиімді
пайдаланылады. Бұл әдіспен сүтті сиырларды және асыл тұқымды бұқаларды
жаяды. Малды өрістеп жайылымды тиімді пайдаланудың негізі болып
саналады. Өйткені малды еркін жайғанда олар бүкіл жайылымды шарлап, тек
құнды өсімдіктерді ғана теріп жейді. Сонымен өріс саны және оның көлемі
жайылымның түсіміне, малдың бір өрісте қанша күн жайылатындығына, мал
түлігіне және оның санына байланысты. Егер жайылым түсімі мол болса, өріс
көлемі аз болады. Мал саны неғұрлым көбейсе, өріс көлемі де солғұрлым
кеңейеді. 100-200 сауын сиырға 25-30 өріс керек екен. Оның жалпы көлемі
40-60 гектар болуға тиіс.
2.3 Малды көктемде жайылымға шығару және күзде мал жаюды тоқтату
мерзімі
Жайылым түсімі мен малдың қондылылығы оларды көктемде жайылымға шығару
мерзіміне тікелей байланысты. Егер мал ерте шықса, құнды өсімдіктерді
таңдап жегендіктен олардың өсу қуаты нашарлайды. Ерте жайғанда топырақ
ылғалды болса, мал тұяғымен таптап өсімдіктерді жерге батырып, шымдарын
бұзады. Ал мал жаюды кешіктірген жағдайда өсімдіктер бойлап өсіп
кеткендіктен, мал жайылудың орнына оны таптап рәсуасін шығарады. Жайылым
шөптерінің құнарлылық сапасы төмендеп, мал ондай шөптерді жақсы жей
алмайды. Күзде жайылымға мал жаюды уақытында тоқтату оларды тиімді
пайдаланудың бір әдісі болып табылады. Өйткені көпжылдық шөп келесі жылы
мол өнім беру үшін тамыр төбесінде қоректік заттар жинап алуы керек.
Жайылымның әр гектарынан орта есеппен 340-400 центнер көк шөп
өндіріледі деп есептесек, шартты түрде 200 сиырға 60-66 га өріс
бөлінуі қажет. Әр табынды жемшөппен қамтамасыз ету үшін қажет болатын
өрістің көлемін арнаулы формула арқылы анықтауға болады.
S= 100·K·n·t·f Т·М·В
(5)
мұндағы
S - өрістің қажетті көлемі;
t - әрбір мал жаю кезеңінің ұзақтығы;
K- әрбір шартты малға керекті көк азық мөлшері;
n- табындағы мал саны;
Т - мал және мерзімнің барлық ұзақтығы ;
М- әр кезеңдегі жайылым өнімділігі ;
В- әрбір жайылым кезеңінде өндірілетін өнім мөлшері ;
f - шартты мал басына келтіретін коэффициент.
Жайылымда 140 күн мал жайғанда,әр сиырды жемшөппен қамтамасыз ету үшін
18 центнер шамасында жемшөп керек болса және жайылымның барлық
өнімділігі 70 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz