Оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамытудың маңыздылығы


Қазақстан Республикасы
Алматы 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.
Олай болса, әрбір қоғамның әлеуметтік -экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жек адамның потенциалына байланысты. Қазіргі кездегі қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, егеменді еліміз Қазақстанда қабілетті, дарынды, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту жақтарына терең үңіле бермейміз. Бұл жағдайда, білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, бастауыш мектеп оқушысының қабілеттілігін дамыту басты рөл атқарады. Қабілетті жеке адам ретінде дамуға бұл кезеңнің мәні зор. Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың танымдық қабілеттерінің дамуына жол ашады.
Сонымен қатар, қабілеттілік психологиясы - қазіргі психологиядағы өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.
Қабілет - бұл тұлғаның қандайда бір іс-әрекет түрін табысты орындау шарты болып табылатын индивидуалды - психологиялық ерекшелігі. Қабілеттің табиғаты туралы мәселені қарастырған шетел псохолого - педагогикалық ғалымдары (А. Н. Леонтьев, К. К. Платонов, С. Л. Рубинштейн, Б. М. Теплов, В. Д. Шадриков және т. б) атап өтуге болады. Жалпы қабілеттер мағынасы арнайы қабілеттер дамуының негізі ретінде зерттеулер (Б. Г. Ананьев, С. Л. Рубинштейн), қабілетті дамытудың жалпы заңдылықтарын (А. В. Брушлинский, Л. С. Выготский, Н. С. Лейтес, Р. Стенберг және т. б. ), қабілетті зерттеудің әдістері (А. Бине, Дж. Гилфорд, Л. Термен, П. Торренс және т. б. ) қарастырған.
Ал отандық педагог-психологтардан М. А. Құдайқұлов, А. Р. Мандыкаева осы тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Түрлі мекемелерде шет тілдерін оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздері (О. А. Артемьева, И. Л. Бим, Н. Д. Гальскова, Н. И. Гез, П. Б. Гурвич, Р. П. Мильруд, Р. К. Миньяр-Белоручев, А. А. Миролюбов, Е. И. Пассов, О. Г. Поляков, Г. В. Рогова, И. И. Халеева, С. Ф. Шатилов, А. Н. Щукин) де көптеп қарастырылған.
Олай болса, қазіргі заман талабына сай келешек ұрпақ шет тілін меңгеруі тиіс. Себебі қазір көп жерде шет тілі қолданысқа ие. Шет тілін меңгерту үшін әрбір жас ұрпаққа ана тілімен қосымша шет тілін меңгерту керек. Ол процесс мектеп жасынан басталады, яғни бастауыш сыныптардан бастап ағылшын тілін оқыту қазіргі таңда басты нысандардың біріне айналып отыр. Жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларының қабілетін арттыру мәселелері қарастырылып, жан-жақты зерттелген. Дегенмен де, отанымыздың білім беру үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін шет тілдерін оқыту арқылы дамытудың мүмкіндіктерін қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Сол себепті зерттеу жұмысының тақырыбын «Шет тілін оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамытудың мүмкіндіктері» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты. Шет тілін оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамытудың мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу объектісі. Шет тілін оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамыту.
Зерттеу пәні. Шет тілін оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамыту үдерісі.
Зерттеу болжамы. Егер, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін шет тілдерін оқыту арқылы дамытудың мүмкіндіктері анықталып, тұжырымдамасы жасалып, оны жүзеге асыратын құрылымдық-мазмұндық жүйесі құрылса, онда ол өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген көп тілді меңгерген тұлға болып қалыптасады.
Зерттеудің міндеті.
- Бастауыш сынып оқушысы тұлғасын дамытуда қабілет мәселесіне арналған ғылыми зерттеулерге теориялық талдау жасау.
- Шет тілін оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамыту мүмкіндіктерін қарастыруды іске асыру.
- Оқушы қабілетінің дамуында жас кезеңін нақтылап, осы кезеңде яғни бастауыш сыныпта қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштерін белгілеу.
- Шет тілін оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамытудың тиімді жолдары мен құралдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Бастауыш сынып оқушысы тұлғасын дамытуда қабілет мәселесіне арналған ғылыми зерттеулерге теориялық талдау жасалынды.
- Шет тілін оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамыту мүмкіндіктерін қарастырылды.
- Оқушы қабілетінің дамуында жас кезеңін нақтылап, осы кезеңде яғни бастауыш сыныпта қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері белгіленді.
- Шет тілін оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамытудың тиімді жолдары мен құралдары анықталды.
Зеттеу әдістері - зерттеудің әдіснамалық және теориялық-әдістемелік негіздерін айқындауда сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері, бақылау, салыстырмалы әдістер, сауалнама, диагностикалық әдістер, зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында талдау, қорыту, эксперименттік мәліметтерді сапалық және сандық тұрғыда жүйелеу, модельдеу, жинақтау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі:
- шет тілдерін тұтас объект ретінде зерттеуге бағытталған (А. Л. Бердичевский, И. Л. Бим, В. А. Бухбиндер, В. П. Кузьмин, Г. А. Харлов, А. И. Филюков, В. Д. Шадриков, С. Ф. Швырев) ;
- тілдік дағдылар мен іскерліктерді дамытудағы тұлғаға-бағдарланған амалдар (И. Б. Ворожцова, И. А. Зимняя, А. А. Леонтьев, Р. П. Мильруд, Р. К. Миньяр-Белоручев, Ю. А. Ситнов) ;
- түрлі мекемелерде шет тілдерін оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздері (О. А. Артемьева, И. Л. Бим, Н. Д. Гальскова, Н. И. Гез, П. Б. Гурвич, Р. П. Мильруд, Р. К. Миньяр-Белоручев, А. А. Миролюбов, Е. И. Пассов, О. Г. Поляков, Г. В. Рогова, И. И. Халеева, С. Ф. Шатилов, А. Н. Щукин) ;
- білімнің қазіргі философиясы мен әдіснамасының теориялық ережелері (Б. С. Гершунский, М. С. Каган, Б. Т. Лихачев, Г. П. Щедровицкий т. б. ) ;
- тарихи-педагогикалық үрдісті қарастырудың мәдени-тарихи амалы (Б. М. Бим-Бад, Г. Б. Корнетов, т. б. ) ;
- іс-әрекеттік амал идеялары (А. А. Леонтьев, Б. Т. Ананьев, Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, т. б. ) ;
- тұлғалық-бағдарлы оқыту теориялары (Е. Н. Бондаревская, В. В. Сериков, И. С. Якиманская, т. б. ) болып табылады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы - зерттеудің ғылыми әдістерін мақсатты түрде қолдану және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы жүзеге асырылды. Тәжірибе жүргізуге бағытталған теориялық деректер жинағы сапалық жағынан талданып өңделді, ұсыныстар енгізілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы - зерттеу нәтижелері шет тілін оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамытудың мүмкіндіктерін анықтау үдерісін терең ұғынып, соның негізінде оқу іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік туғызады.
Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы зерттеу негізі етіп алынған теориялық тұжырымдардың әдіснамалық тұрғыдан талдануы арқылы танылады. Жұмыстың мақсатына, алға қойылған міндеттеріне сәйкес шешімін тапқан зерттеу әдістері мен көрсетілген нәтижелердің білім беру мекемелерінде жүргізілген сабақтарда дәйектелуі зерттеудің сенімділігіне кепілдік етеді.
Зерттеу базасы: . . .
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің ғылыми-ізденістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бөлімдері анықталынды. Пайдаланылатын әдебиеттер жинақталынып, талданды.
Зерттеудің екінші кезеңінде оқу іс-әрекеті барысында диагностикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Инновацяилық технологиялардың тиімділігін анықтау жұмыстары жүргізілді.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы - кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1 Бастауыш сыныптардың басқа мектеп буындарынан ерекшеліктерін ғылыми-теориялық талдау
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену, білім беру саласын арттыру бағытында елімізде жүріп жатқан жаңалықтар, ғасырлар бойы жүретін жаңалықтардың жедел өмірге кірігуі әр адамнан өмірге бейімделуді қажет етеді. Бұл қажеттілікті іске асыру алдымен мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуінен байқалады. Соның бір дәлелі - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы» жариялануы болса, [1] Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріп отыр. [2]
Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі - оқу үрдісінде оқушылардың қабілеттерін дамыту . [3]
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Бұл заңда орта білім берудің үш сатысы көрсетіледі:
- Бастауыш (1-4 сыныптар) ;
- негізгі білім беру мектебі (5-9 сыныптар) ;
- жалпы орта білім беру метебі (10-11 сыныптар) . [4]
Бастауыш мектеп кезеңі - мектеп жүйесіндегі ең маңызды кезең болғандықтан, мұнда оқушының танымдық қабілеттілігінің дамуы басты рөл атқарады. Сондықтан қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және мәдени деңгейі жоғары болуы тиіс. Себебі, бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап оқушының жас ерекшелігіне байланысты бойындағы қабілетін анықтау, қасиеттерін ажырата біліп, жеке тұлға ретінде қарап, тек ғылыми білім негіздерінде ғана оқытпай, әр баланың ой-өрісін, қабілетін дамыту, келешекте нағыз маман иесі болуға тәрбиелеу ұстаздардың талмай еңбек етуінің жемісі.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ.
Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. [5 ] Ал Чехтің педагогы Я. А. Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған. [6 ]
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Олар озық тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің білімділігі, шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.
Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады. [ 7]
Балалық шақтан орта сыныптарға (5-6 сынып) өткен кездегі мектеп оқушыларының психикалық және жеке дамуында көптеген психологиялық ерекшеліктер болатындығы анық . Сондай-ақ 5 сыныпқа көшу - оқыту кезеңінің «ересек» түрінде әділ бағаланып, сабаққа деген өзіндік қатынастың қалыптасуын жеңілдетеді, алайда балалардың барлығы бірдей оған дайын еместігі байқалады. Яғни бұрынғы ұсыныстарды балалар мойындамайды, ал жаңа ұсыныстар әлі пайда болмағандығымен сипатталады. Сондықтан 5 сынып оқушыларын 4 сыныппен салыстырғанда, олардың көпшілігі «оқу саған ұнайды ма ?» деген сұраққа «білмеймін» деп жауап береді. Бұл «ауыспалы» кезеңде өзін-өзі бағалау дағдарысының пайда болуы туралы айтуға болады. 4-5 сыныпта өзін-өзі жағымсыз жағынан бағалау көлемі ұлғаяды, өзін негативті және позитивті бағалау арасындағы тепе-теңдік алғашқысының басымдылығымен жойылады. Өзіне-өзі көңілі толмауы бұл кезеңде олардың өмір әрекетінің жаңа сферасына ғана емес, сонымен қатар, оқу әрекетіне де, тіпті игерілген аймаққа да әсерін тигізеді. [8]
Бастауыш мектеп оқушыларының орта буынға ауысуындағы жиі кездесетін мәселелердің бірі - ол бесінші сыныптардың жаңа мұғалімдерге деген бейімделуіндегі қиындықтар. Олар оқушы мен мұғалімнің бірін-бірі түсінбейтін жағдайын және жанжалдар туғызуы мүмкін. Алайда, мұндай қиындықтар балалармен ғана емес, сонымен бірге ата-аналар мен мұғалімдер арасында да пайда болуы мүмкін. Бастауыш мектепке қарағанда енді 5 сыныпта ата-ана өз баласы туралы мәліметтерді түрлі мұғалімдерден алады, сондықтан оларда балаларының оқуындағы жетістіктерін, әр түрлі сабақтардағы олардың мінез құлқының қандай екенін салыстыруға мүмкіндік туады. [9]
Олар балаларының жетістіктері мен сәтсіздіктерін бұрынғыларымен салыстырып қорытынды жасай алады. Егер нашар жаққа өзгерсе, ол мұғалімдер мен мектеп психологының бұрыс қатынасымен түсіндіріледі.
Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру - қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері - оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру.
Бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағанда бәрін білсем, үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпесе де, азамат болсам деп қиялдайды.
Бастауыш сынып - қиын да күрделі. Оқушылар жас, оның үстіне ой-өрісі тар, тіл байлығы кем. Сабақтан бұрын ойнағанды жақсы көреді. Жылауы да, жұбануы да оңай. Ұрсуды, кеюді көтермейді. Олармен тіл табыса білу үшін үлкендер өз жасын шегеріп, былайша айтқанда, баламен бала болуға тура келеді.
Солармен бірдей күй кешесің, бірге ойнайсың, бірге күлесің, қысқасы, бар тілеуің солармен бірге болуға тиіс. Онсыз білім берем деу құмға сіңген сумен тең.
Сабақ басталды дейік. Алдыңда көздері жәудіреп бір топ бала отыр. Олар саған бір жағы сынай, бір жағы үрке қарайды. Мұғалім қалай қарым-қатынас жасайтыны, мінезі қандай екені, мектеп тұрмысының көптеген ерекшеліктері оларға әлі тылсым, жұмбақ.
Сезімтал ұстаз оқушылармен алғашқы таныстық үстінде - ақ көп нәрсені аңғара алады. Шәкірттерінің ой-өрісі ауқымын да бірден ажыратады.
Баланың бәрі бірдей емес, кейбіреуі зейінді, зерек, айтқанды лезде ұғып ала қояды. Ал кейбіреуінің аңғарымпаздығы әлі нашар, ұққанын жеткізіп айта алмайды. Ондай оқушылармен көбірек жеке жұмыс жүргізуге тура келеді. Ол үшін олардың мінез-құлықтарын, психологиясын алдын ала жете зерттеп, біліп алу қажет, мұның сабақ процесінде көп жәрдемі тиеді.
Бұл бізге бұрынан белгілі нәрсе «Мың рет айтып түсіндіргеннен, бір рет көзбен көрген абзал» деген ұлағатты сөз бар. [ 9]
Бұл жастағы балалар көп сөзділікті ұнатпайды, ауызша айтқанға сене бермейді. Не нәрсе болса да, көзбен көргені мақұл. Сонда оқушыларда ол бейне, зат немесе сурет жайында түсінік пайда болады, оның құрылысы, жалпы көрінісі, қандай іске пайдаланатындығы санасында мәңгі сәулеленеді, қызығушылығы артады. Мынаны көз алдыңызға елестетіңіздерші: цирктегі сиқыршыға үлкен де кіші де қызыға қарайды. Көз алдыңда бір заттан бір зат пайда болып жатады. Шынында да керемет нәрсе емес пе? Ал енді сиқыршы соларды қолмен істеп көрсетпей, сөзбен сипаттап айтып берсе, қызығы болар ма еді? Әрине жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz