Қазынаны іздеу алгоритмі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ КОМПЬЮТЕР МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Оқу үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланудың қажеттілігі 6
1.2 Информатика пәнін оқытуда мультимедиялық
кабинет мүмкіндіктерін пайдалану әдістемесі. 11
1.3 Информатиканың пәндік ерекшелігі және оның мектеп
курсында алатын орны. 18

ІІ ТАРАУ. АЛГОРИТМДЕУ НЕГІЗДЕРІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ
ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
2.1 Алгоритмдеу негіздері жайлы жалпы түсінік 22
2.2 Электронды оқулық даярлау кезінде Macromedia Flash программасының
мүмкіндіктерін пайдалану 37
2.3 Алгоритмдер негіздері электронды оқулығын оқу үрдісінде
пайдалану әдістемесі 57

ІІІ ТАРАУ. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
3.1 Еңбекті қорғау түсінігі 58
3.2 Жұмыс жасау кезіңдегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау 63
3.3 Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі 65
қауіпсіздік техникасы ережелері
3.4 Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері 67

ҚОРЫТЫНДЫ 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 69

ҚОСЫМША 70

Кiрiспе

Қазiргi таңда компьютерлiк технология қоғамдық өмiрдiң барлық саласына
енуде. ғасырда Қазақстан мемлекетi экономикалық, саяси, әлеуметтiк
т.б. әртүрлi проблемаларды шешудi алдына қойып отыр. Бiлiм саласы Қазақстан
мемлекетiнiң iшкi саясатының басты облысы болып табылады. Стратегиялық
“Қазақстан-2030“ дамуында оқуды компьютерлендiру маңызды орын алады.
ғасырдың соңы компьютерлiк техниканың дамуымен ерекшеленетiнi
сөзсiз. Компьютердiң есептеу,ақпараттарды қабылдау,оны өңдеу және сақтау
секiлдi мүмкiндiктерi олардың қоғамымыздағы араласпаған саласы жоқ
екендiгiн көрсетедi. ЭЕМ-дi оқу процесiне қолдану практикасы мен арнайы
зерттеулер оқытудың ұйымдық түрiне әрi мазмұны мен әдiсiне ықпал ететiнiн
дәлелдеуде. Компьютерлер оқу мiндеттерiнiң ауқымын айтарлықтай кеңейтiп,
оқыту мазмұнына дәстүрлi оқыту жүйесiнде ескерiлмеген негiзгi аспектiлердi
енгiзуге мүмкiндiк бередi. Сабақтың мiндеттерi оқыту, дамыту және тәрбие
беру мақсаттарымен анықталатыны белгiлi. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын
талаптардың бiрi оқыту барысында сөз бен көрнекiлiктi үйлестiру, қазiргi
кездегi техникалық құралдарды, әсiресе компьютерлердi қолдану. Оқу
процесiне компьютердi пайдалану психология ғылымының iргелi принциптерiне:
психиканы қызмет ретiнде түсiну, оның сыртқы практикалық қызметпен бiрлiгiн
сезiну, адамның психикалық қызметiнiң әлеуметтiк табиғатын бiлуге
негiзделедi. Демек, ақыл-ой қызметiн бiртiндеп қалыптастыру теориясынан
туындайтын қағидалар оқу программасын жасау методикасының негiзiне айналуы
тиiс.
Қазiргi уақытта мектеп курсында компьютерлiк техниканы тиiмдi
пайдалану кең қолдау тауып отыр. Ғылымның негiзгi салаларын оқытуда
компьютерлiк техниканы қолдану әдiстемесi А.П.Ершовтың, В.М.Монаховтың,
В.Г.Болтянскийдiң, А.Г.Кушниренконың, Ж.А.Қараевтың, Т.Ж.Байдилдиновтың
және т.б. еңбектерiнде қарастырылады.
Қазiргi кезде жетiлген дербес компьютерлер көмегiмен сабақты тиiмдi
өткiзу жолдарын жоспарлауға толық мүмкiндiк бар. Елiмiздiң 2030-шы жылға
дейiнгi стратегиялық жоспарында мектептердi компьютерлендiру бағдарламасы
қамтылған. Осы бағдарламаға сәйкес қазiргi кезде мектептердiң көпшiлiгi
жаңа типтi компьютерлермен жабдықталды. Қазiргi күнi компьютердi сабақ
барысында қолдануға кедергi болып отырған бiрнеше жағдайлар бар:
-бiрiншiден, мектептердегi компьютерлiк кабинеттердiң аздығы, яғни әр
мектепте бiр-бiрден ғана кабинет бар, тiптi кей мектептерде жоқ та;
-екiншiден, арнаулы программалық пакеттердiң тапшылығы, оның iшiнде ұлттық
тiлде жазылған программалар жоқ деп айтуға болады;
-үшiншiден, пән мұғалiмдерiнiң компьютердi пайдаланып сабақ өткiзуден бас
тартатындығы, оған себеп,компьютерлiк дайындықтың жоқтығы.
Бiр назар аударатын жайт, компьютердi қолдану-мұғалiмнiң де арнайы
дайындығын қажет етедi. Осыған байланысты, жоғарғы оқу орындарында
студенттерге компьютерлiк дәрiс беру мен әдiстемелердi оқыту, орнымен жұмыс
iстеудiң шеберлiгiн қалыптастырумен ұштастырылуы тиiс.
Мұғалiм компьютерлiк сауаттылықтың төмендегiдей ғылыми негiздерiн бiлу
шарт:
-Бiрiншiден, компьютердi қолданудың кибернетикалық негiздерi, яғни
компьютерлiк құралдарды пайдаланудың механизмдерi мен заңдылықтарын
меңгеруi керек.
-Екiншiден, компьютердi өз сабағына байланысты тиiмдi пайдалана бiлуi
қажет, яғни сабақ мазмұнымен (тақырыбымен) жасанды интелектуальдық
ақпараттың (компьютердiң) ара байланысын тануы қажет.
-Үшiншiден,психологиялық негiздерiн айқын тануы керек, яғни оқушының
компьютермен жұмыс iстеудегi iшкi психологиялық процестердiң өзiндiк
ерекшелiктерiн тануы қажет.
-Төртiншiден, танымдық-гносеологиялық негiздерiмен жақсы таныс болуы керек,
яғни компьютердi қолдану барысында оқушының танымдық мүмкiндiктерi ашыла
түседi, сол жолдың ерекшелiгi сақталу керек.
-Бесiншiден, логикамен байланысы айқын танылуы қажет, яғни оқушының ойлау
жүйесiндегi ұғым, топтастыру, пайымдау, ой-қорытудағы компьютерлiк қызметiн
анықтау керек.
-Алтыншыдан, компьютерде қолданудың дидактикалық-әдiстемелiк негiздерiнiң
танылу маңызды роль атқарады.
Танымдық негiздер қай салада да маңызды болады, өйткенi адамзаттың
әрбiр даму жолындағы жаңалық-танымдық жолындағы жаңалық ретiнде бағаланады.
Әр замандағы танымдық қатынас, ойдың ақиқатқа жетуiнiң жолдары мен
әдiстерi, онiң әдiсi адамның дүниеге қатынасының белгiлi бiр типiн
бейнелейдi, соны идеалдық формада дамытады. Адам iс жүзiнде дүниеге қандай
қатынаста тұрса, ойлау да сондай қатынаста тұрады.
Қоғамдық өзгерiстердiң барлығы адамдардың өзгеруiнен басталатыны
белгiлi. Өйткенi өмiрдiң негiзгi күшi адамдар болып отыр. Адам баласы өзiне
берiлген күштердiң арқасында табиғатты игеруге, тани түсуге бар күшiн
салады, сол арқылы адамның өзi жаңа сапаға ие болады, олардың дүниенi тануы
тереңдеп, оған әсер етуi өзгередi, сөйтiп адамның өз қабылеттерi артады.
Осындай танымдық күштiң нәтижесiнде пайда болған компьютерлiк құрал-адамның
жасанды нәтижесi бола отырып адамды көптеген қиындықтардан құтқаратынң
көмекшiсiде болады, танымның терең сырларына жетелейтiн жетекшiсi де бола
алады. Сондықтан да компьютерлiк сауаттылықты Қазақстан Республикасы
бiрiншi орынға қойып отыр.
Адам баласы компьютердi өзiне сай етiп жасады деген пiкiр бар. Әрине
адам баласының өң бойында жүрiп жататын биохимиялық, психологиялық
процестердi машинаға аудару мүмкiн емес. Себебi, оның құпиясы адам санасына
танылмай келедi. Дегенмен де, электрондық көмекшiлерi адамның барлығы
болмағанымен, көптеген iс-әрекеттерiн үйренiп, соңында адамның өзiн
үйретуге жарап келедi. Сондықтан да компьютердi жасаушы ғалымдардың
қызығатын мәселесi-адам мен компьютердiң ұқсастығы емес, керiсiнше, олардың
бiр-бiрiнен айырмашылығы .
Кибернетика атасы ғалым Н.Виннер машинаның логикасы адамның
логикасына ұқсайдың десе, Д.Нейман адамның миы мен машина миыныңң
есептеуi түрлi дей келiп, сол түрлiлiктiң өзi адам миының аса терең құпиясы
мол екенiн көрсетедi.
Компьютер қалай болғанда да адам баласының ойлап шығарған құралы.
Сондықтан, оның тым асыра бағалануы терiс әсер тигiзуi мүмкiн екендiгiн әр
уақытта есте тұтқан абзал. Адам баласының санасы, миы, қызметi-барлығы
компьютермен салыстыруға теңдесi жоқ, бағалы нәрселер екенiн де оқушыларға
осындай салыстырулар жүргiзiп үйрету керек. Мұның өзi оқушының өзiң-өзi
тануға ұмтылысын да қалыптастыра алады. Бiрақ, компьютердiң бұл жердегi
артықшылығы-оның тез операциялар мен еске сақтау қабылетiнiң күштi
екендiгi.
Қазiргi ғылым мен техниканың, өндiрiс технологиясының қарқынды дамуы,
экономиканы көтерудiң күрделi мәселелерiн шешу кезеңiнде мектептегi оқыту
оқушыларды белгiлi бiр бiлiм қорымен қаруландырумен шектелмеуi тиiс. Олар
алған бiлiмдерiн өз беттерiмен әрi қарай кеңейтiп, тереңдетiп әртүрлi және
жаңа жағдайларға қолдана алатындай жоғарғы деңгейдегi ойлау қызметiн
дамытуға қол жеткiзу керек.
І ТАРАУ. ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ КОМПЬЮТЕР МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Оқу үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланудың қажеттілігі

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық
ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғары оқу орындарында,
мектептерде қолданылады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты Қазақстан
Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып
табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа
ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық
кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік
береді.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
-ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз
ету;
-білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап
жүзеге асыру;
-оқу - тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді
қамтамасыз ету бойынша ғылыми - ізденушілік және оқу - әдістемелік
жұмыстарын жүргізу;
-мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім
стандарттарының және оқу - әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық
технологияны пайдадану мүмкіндіктерімен жетілдіру білім беруді
басқаруда ақпараттық жүйені құру;
-білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін программалық –техникалық
құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды,
электрондық оқулықтарды жасақтау;
-педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін
пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру.
Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:
-қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің
түсініктілігі;
-жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін
дамыту;
-білім мен тәрбиенің бірізділігі;
-жалпы компьютерлік сауаттылық;
-оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Нәтижелер:
-жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын
көтеру;
-жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу
арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
-жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынща оқушыларды
мамандыққа баулу механизімін құру;
-біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық
ресурстарға жедел ену;
-мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық
лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
-отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік
кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;
-білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;
-республиканың білім беру мекемелерін бас0арудың біртұтас ақпараттық
желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттық
желісін құру.
Білім беруді ақпараттандыруды дамыту индикаторлары:
І.Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету;
1.Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы
(ҚР Президентінің №3645 өкімімен 1997 жылы 22 қыркүйекте бекітілген)
2.Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік оқу мекемелерін
ақпараттандыру бағдарламасы (ҚР Үкіметінің №616 қаулысымен 2001 жылдың 10
мамырында бекітілген)
З.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 тамыздағы №1037
қаулысымен қабылданған "Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін
ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы".
ІІ.Оқу жоспары және бағдарламасы;
ІІІ.Ақпараттық және техникалық жағынан қамтамасыз ету;
ІV. Программалық жағынан қамтамасыз ету; Қолданбалы
программалық құралдар, электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар.
V. Мамандармен қамтамасыз ету;
Кезеңдер бойынша мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру:
1-кезең "Ақпараттық технология негіздері"
2-кезең "Электрондық оқулықтармен жұмыс жасау технологиясы"
3-кезең "Интернет-технология. Web -сайтты құру технологиясы"
4-кезең "Жаңа қолданбалы программалық құралдардың мүмкіндігін
шығармашылық бағытқа пайдалану технологиясы"
VІ.Глобальды коммуникациялық құралдар.
Интернетке қосылу арқылы әлемдік білімдік кеңістікке шығу. Қашықтан
оқыту формасына көшу.
Мемлекеттік ақпараттық саясат – ақпараттық қоғам жағдайында түрлі
қызмет салаларын ақпараттандыру және біртұтас әлемдік ақпараттық кеңістікке
енуді қалыптастыруға бағытталған құжаттардың мемлекеттік органдарда
бекітіліп, жүзеге асырылу механизмдерін реттеу.
Білім беруді ақпараттандыру - білім беру саласының теориясы мен
практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту
мен тәрбиелеудің психологиялық -педагогикалық мақсаттарын жүзеге
асыратындай жағдайда оның мүмкіндіктерін қолдану процесі.
Ақпараттық кеңістік - белгілі бір ереже мен қағидаларға негізделіп
ақпараттық субъектілерін өзара әрекетін және ақпараттық тұтынушылардың
қызметін толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурстар
мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің жиынтығы.
Ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелердегі жекелеген құжаттардың
немесе қүжаттар жиынтығы (кітапханалардағы, архивтегі, деректер қорындағы
және басқа да ақпараттық жүйелердегі).
Ақпараттық жүйе – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын ақпараттық
технологиядағы реттелген құжаттармен бірнеше құжаттар жиынтығы.
Ақпараттық процестер - ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, іздеу және
тарату процестері.
Ақпараттық орта - ақпараттық процестер мен қарым - қатынас ретінде
пайда болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердің жиынтығы.
Ақпараттық процестер субъектісі – ақпараттық ресурстар иегері және
меншігі ретінде ақпараттық процестерге қатысушы жеке және заңды тұлғалар
ақпаратты қолдаушылар басқарудың инфрақұрылымына қатысушылар.
Ақпараттық процестер объектісі - ақпараттық ресурстар мен жүйелер,
технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары.
WWW (World Wide Web) - гипермәтін құрылғысы көмегімен мультимедиялық
құрылғыларға өту мүмкіндігі мен іздеу навигациялар жүйесі.
Гипермәтін - басқа мәтіндермен байланысты жүзеге асыру мәтіні.
Қашықтан оқыту. Қазақстандағы білім беру жүйесін ақпараттандыру
үрдісінің тұжырымдамалық ережесі экономиканың ғаламдану дәуірінде
мемлекетті өркендете алатын ақпараттық сауатты мамандар буының қалыптастыру
арқылы елді әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға бағытталған ақпараттық
инфрақұрылымды жасауды, жетілдіруді талап етеді және мынадай негізгі
міндеттерін атап көрсетуге болады:
-қазіргі ақпараттық қарым-қатынастық технология кезінде білім берудің
ғылыми-әдіснамалық және құқықтық – нормативтік негіздерін зерттеу;
-бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құру;
-ақпараттық білім беру желісін және орталық телекоммуникация
торабын қалыптастыру;
-білім беру ресурсынан және оның бөліктерінен бірыңғай ақпараттық
база жасау;
-білім беру жүйесін программамен қамтамасыз ету индустриясын және оқу
мақсатындағы электрондық – мультимедиалық тасушыларды қалыптастыру.
Бүгінгі уақытта аймағымыздағы елдердің бәрі дерлік ұлттық ақпараттық
инфрақұрылым жасауға кірісіп кетті.
Елімізде ақпараттық, қарым - қатынастық технологияларды
енгізу және ақпараттық ортаны қалыптастыру білім беру жүйесінің түбірлі
өзгерістеріне негіз болды яғни, білімдік желі құру жұмысы басталды. Оған
еліміздің негізгі фирмалары- Қазақтелеком мен АЛСИ қатысады. Бұл
желінің негізгі міндеті - білім беру үрдісі. Әрбір деңгейге және тұтас
алғанда бүкіл білім беру жүйесінде кеңінен қол жететін ақпараттық-білімдік
орта қалыптасады, онда әрбір оқушы өзінің оқу үстінде қазіргі жаңа
ақпараттық қарым - қатынастық технологияның барлық мүмкіндіктерін еркін
пайдаланатын болады деп ойлаймыз.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасынын
негізгІ мақсаты - әлемдік ақпараттық кеңістікке ену және оны жүзеге асыру
үшін "интернет" желісіне қосылу және "электрондық поштаны" пайдалану қажет.
Егер осы байланыс жүйелерін қолдана білсек әлемдік деңгейде бұл бағытта
еркін жұмыс жасайтындай мүмкіндікке ие боламыз.
Интернет жүйесімен жұмыс істей білу - әлемдік ақпараттан мәлімет алуға
үлкен мүмкіндік береді. Ал, қазіргі жағдайда ақпаратты мәліметке ие болу
дегеніміз - экономиканың барлық саласында үлкен жетістікке жетудің бірден -
бір жолы екендігі белгілі. Сондықтан интернет жүйесін игеру кезек күттірмес
қажеттілік.
Электрондық поштамен жұмыс қашықтықта орналасқан абоненттермен
компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ақпаратты
өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде
жеткізетін қазіргі пошта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез
келген ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әртүрлі
құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген
пікірін тез жинап алуға болады.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияны кең көлемде енгізу
педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің
арсеналының кеңейуіне, оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік
жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Ал, қазіргі кезде дыбыстық,
графикалык, бейне, мультимедия, гипермәтіндік элементтермен "қашықтан
оқытудың мүмкіндігі пайда болды. Осылайша оқыту құралдарының бірі -
электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды
жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктіліктерді тестік бақылауға
арналған программалық құрал. Қазіргі заман талабына сай электронды
оқулықтар жасақтап, оқушыларды қашықтықтан оқыту мәселелерінің шешілуі үшін
арнайы Web -сайт даярлап осы мақсатта даярланған сайтты Internet желісіне
қосу өзекті мәселелердІң бірі.
Оқу ақпаратын әсіресе қашықтықтағы және халқы аз елді мекендерге
жеткізудегі теледидардың зор мүмкіндіктерінің ерекше маңызы бар. Олар озық
педагогтік әдістердің, үздік ғалымдар мен практиктердің
жұмыстарының, мұражай кітапхана және мұрағат қорларының, қажет етушілерге
шектеусіз жетуіне жағдай жасайды, Жобаны бастаушылардың бірі "КАТЕЛКО" ЖАҚ.
Спутниктік антенналармен және қабылдағыштармен, арнайы Интернет -
карталармен білім беруді ұйымдастыру үшін күн сайын хабар таратылады.
Білім беруді ақпараттандырудың республикалық орталығы атқарады.
Қазіргі уақытта еліміздің барлық облыстарында қажетті жабдықтар сатылып
алынуда.
Бүгінде қашықтан білім берудің және оны ұйымдастырудың көптеген
тұжырымдамаларын қарастырсақ, әлемдік және аймақтық желілік
жаңа технологияларды жасау идеясы назар аударуға тұрады.
Қазақстан үшін қашықтан оқытуды дамыту көкейтесті мәселе болып
отыр. Осыған орай тәжірибелер де жүргізілуде.
Қазақстанның Білім беру жүйесінде қашықтан оқыту формасын енгізу
жағдайларын зерттеуді Томск мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік
Қыздар педагогтік институтының бірлескен ғылыми - педагогикалық
тәжірибесінің үлгісімен жүзеге асуда. Алғашқы тәжірибе мұндай оқыту түрін
Қазақстанда ұйымдастырудың болашағы бар екенін көрсетті.
Қазіргі кезде Республикада қашықтан оқыту жүйесі Шығыс және Батыс
Қазақстан облыстарында, Павлодар облыстарында бастауын тапты.
1997 жылы 22-ші қыркүйекте Президент Н.Ә.Назарбаев кабылдаған ҚР орта
білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасының бір
элементі қашықтан оқытудың спутниктік арнасын жасау қажеттілігін айқындай
түсті. Ондағы мақсат - білІм беруді тиімді ұйымдастыру, біртұтас ақпараттық
жүйеге шалғайдағы оқу орындарын біріктіру, ақпарат алмасу.
Қашықтан оқыту жобасын жүзеге асырудың негізгі құралдарына
"электрондық оқулық" және "қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы" жатады.
Қашықтан оқытудың тиімділігі.
XXI ғасырдағы білім беру нарығының негізгі талабы-ол үздіксіз жаңа
біліммен және икемділікпен қарулану больш табылады. Бұл жағдайда
қашықтықтан оқыту мамандардың білімін өте қысқа мерзімде өздерінің таңдауы
бойынша күндіз немесе сырттай көтеруіне мүмкіндік береді. Мұнда жеделдетіп
оқыту процесі де жүзеге асырылады. Осы аталған процестер оқытудың "жеке
проекциясы" жобасын жасақтауға келтіріп отыр.

1.2 Информатика пәнін оқытуда мультимедиялық кабинет
мүмкіндіктерін пайдалану әдістемесі

Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып
педагогтің оқушылармен өзара қарым-қатынас жасауының жеке тұлғаға
бағытталған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны
жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын
анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет.
Соңғы кезде жас өспірімдер сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы
келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу
қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс
істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге
асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.
"Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек
айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз
еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс",- деп Дистервег айтқан болатын.
Сондықтан жас ұрпақты оқьпу мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл
керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, педагог рөлін
арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагог-информатордан қазіргі
кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы
педагог дәрежесіне көтерілу керек.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру
технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін
емес.
Педагогикалық технология - бұл жастарға әсер ету тәсілдері ішінен
педагогикалық тұрғыдан пайдалы саналып, практикада тиімді түрде қолдану
мақсатында мұғалім таңдап алған, оған қажет болатын білім, біліктілік және
дағдылар кешені.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту
ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К.Д.Ушинский: "Бала табиғаты көрнекілікті
қажет етеді",- деген болатын. Көрнеклік схемалар, кестелер немесе
суреттермен шектеліп қала алмайды, олар - қозғалыссыз, статикалық түрде
тұр, қазірде олар ғылыми танымдық түрде болса да, бала жанына жақынырақ
ойын түрінде болуы тиіс. Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың
оқытудың дифференциалдық және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра
алатын мүмкіндіктері бар. Мұғалім сабақта әрбір балаға дараланған схема
бойынша тиянақты түрде талдауға қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке
жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады. Ақпараттық технологияларды бірге отырып
немесе алыстан оқыту үшін де және қала мектептерімен қатар ауыл
мектептерінде де пайдалануға болады. Олар білім берудегі әлемдік талаптарды
жүзеге асыра отырып, балаларға біртіндеп дүние жүзілік бірыңғай ақпараттық
кеңістікке кіру мүмкіндігін береді. Компьютерлік технологияларды қолдану
өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу процесін жүргізуді
қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды
қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады; осыларға қоса, мемлекет
мектептерге қойып отырған әлеуметтік тапсырыс деңгейіне де сәйкес келеді.
Компьютер мүмкіндіктері мен мұғалім білімін біріктіре алатын мультимедиялық
жүйелерді пайдалану арқылы электрондық оқулықтар жасауға болатын болды,
олар сабақты бұрынғыдан гөрі көрнекі, қызғылықты түрде өткізіп, оқушыларға
жаңаша мәлімет беруге жағдай туғызды.
Мұндай оқулықтың мынадай бөлімдері болады: теориялық бөлім, бақылау
тапсырмалары, лабораториялық жұмыстар, өзін өзі тексеру сұрақтары. Бұлар
қалыпты оқулықтарда да болады, бірақ электрондық оқулық көлемі шағын (бір
компакт- дискіге толық сияды), оның ішінде балаларды қызықтыратын
бейнефильмдер, дыбыстық үлгідегі мәтіндер мен әндер болғандықтан, оның
берер мәліметі де толырақ болады. Дискіні пайдалану да жеңіл, түсінбей
қалған жағдайда бір оқыған материалға қайтып оралу да қиын емес. Кітапты
парақтап отырғаннан гөрі пернелерді басып кез келген тақырыпқа да оңай
көшуге болады. Мұндай оқу құралы балаларды қызықтырып, сол пәнді ары қарай
терендетіп оқуға итермелейтіні сөзсіз, әрине білім деңгейіне әсер етпей
қоймайды.
Мұғалім компьютер желісі ақылы әрбір оқушымен тығыз байланыста
болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке
деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.
Мультимедиялық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің
бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін
пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материаддарының басты көлемін бұрынғыша
беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді.
Жаңа мультимедиялық технологияларға байланысты компьютерлік
программаларды да көрнекі материал ретінде қолданып, тестер және бақылау
жұмыстарын өткізіп, шығармашылықты дамытатын есептер шығарып, қашықтан
оқыту сабақтарына қатысып, бұрынғы калыптағы тәсілмен қоса компьютерде де
жұмыс істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын сабақтарын,
т.с.с. жасау мүмкін болып отыр.
Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияларды енгізу оқушылардың
мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып
болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ
берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар
оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді
де тез игеруге жағдай жасап отыр.
Өкінішке орай, біз әзірше компьютерлердің аздығынан, әртүрлі пән
мұғалімдерінің компьютерде жұмыс істеу білмейтіндігінен және оны үйренуге
қызықпайтынынан артта қалып жатырмыз. Мұғалімдерді оқыту жүйесінің жаңа
талаптарына сай қайта дайындықтан өткізу керек. Педагогтың тәжірибесі мен
білімін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіру- білім берудің қазіргі кездегі
жаңа деңгейіне көтерілудің басты мақсаты болуы тиіс.
Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін
ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді. Оларды
таңдау кезінде технологияның оқушының жеке игеру қабілеті мен нақты пәннің
ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлінуі тиіс. Мультимедиялық
технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты
танымдық әрекеттерге араласа алады. Осындай процесс барысында жастар білім
алып, оны іс жүзінде қолданып қана қоймай, сол ортадағы қосымша мәлімет
көздері мен қажетті деген кұралдарын да өздері таңдап ала алады.
Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай
сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің
болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, оларды жүзеге
асыра алатын сауатты ұрпақпен камтамасыз ете алады.
Соңғы кезде балалардың компьютермен алғашқы танысу мерзімі бірсыпыра
төмендеді (орташа - 8,5 жасқа дейін) және Интернетпен жұмыс істеумен
танысқан оқушылар тобы (80-% -ға дейін) да көбейді. Бүгінгі күні
оқушылардың компьютерге және Интернетке деген қызығушылығын тек информатика
сабағымен ғана шектемей, оған жан - жақты қолдау көрсетуіміз қажет.
Интернет- технологияларды екпінді түрде пайдалану жалпы оқу процесінің
сапасын арттыруға көмектеседі және барлық мұғалімдерді ақпараттандыру
процесіне араластыруға да әсерін тигізіп отыр.
Оқу-тәрбиелеу ісін қазіргі кездегі ақпараттық қоғамның талаптарына сай
тиімді түрде ұйымдастыру үшін мекгепте ақпараттық білім беру ортасын (АББО)
құру керек. Бұл, өз кезегінде бірсыпыра әдістемелік, техникалық-
технологиялық және ұйымдастыру-басқару мәселелерін шешуді керек етеді.
Әдістемелік мәселелерге мыналар жатады:
• ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие жұмысында
кешенді түрде пайдалануға мұғалімдерді дайындау;
• оқушыларға білім беру қызметтерін ұйымдастыру түрлерін өзгерту;
• пәнаралық байланыстарды дамыту мақсатында мұғалімдерді мектеп ішінде
және одан тысқары жағдайда бірлесе жұмыс істеуге шақыру т.б.
Жалпы орта білім беру жүйесін акрараттандыру дегеніміз - бұл
компьютерлерді қоддану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша
тиімді пайдалануға бағытталған процесс.
Мұндағы басты жаңалық - компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес,
ол оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді де шеше алады:
білім мазмұнының мектептік компонентін жасау,
мектептің оқу жоспарын тиімді етіп жасау,
оқушының қабілеіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру,
- оқыту уақытын бөлуді тиімді түрде жүургізу,
- сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау,
- педагогикалық болжам жасау,
- сабақ жургізудің ыңғайлы жүйесін жасау.
Қазіргі кездегі қоғам индустриалдық кезеңнен кейінгі дамудың
ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Оның басты сипаттарына - ақпараттық
технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін
компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау
істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін "компьютерлік сауаттылық"
дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде
іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім
саласыңда да бірсыпыра өзгерістердің туындауына себепші болып отыр.
Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі
инновациялық өзгерістерге де президентіміз Н.Ә.Назарбаевта назар аударып,
ол Республикалық мұғалімдер съезіңде: "ХХ ғасырдың екінші жартысында
белгілі болған нәрсе - XXI ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз
жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын
мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған елғана
көтеріле алады ",- деген болатын.
Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде
ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Мен "Болашақта білім беру
ісіндегі компьютерлердің қолданылуы қандай болады" деген сауалға "Барлық
оқу кабинеттері компьютерлермен және электрондық оқулықтармен жабдықталады"
дер едім.
Егер физика пәнін оқыту мысалын карастыратын болсақ онда мұғалімдер
компьютерде қажетті физикалық құбылыстардың модельдерін тұрғызып, солар
арқылы күрделі тақырыптарды қадағалау жолымен оқушыларға түсінікті түрде
жеткізе алады. Дегенмен, жиі кездесетін нақты тәжірибелердің барлығын да
компьютерлік модельдер арқылы оқытумен әуестене берудің де керегі жоқ, олар
тек физикалық приборлар жетіспейтін кездерде уақытша мүмкіндік ретінде
карастырылуы тиіс.
Компьютер-әмбебап құрал. Онымен жұмыс істеу кезінде программалық
оқытудың барлық тәсілдерін пайдалануға болады, мысалы, ол теледидар мен
кинопроектор мүмкіндіктерін көрсетіп, кестелер, көрнекі материалдар,
калькуляторды, т.с.с. алмастыра алады.
Компьютерді білім беру мақсатында пайдаланудың ең кең таралған
тәсілдерінің бірі -
оқьпу программаларын қолдану. Бұлар, мысалы, "ТеасһРго Физика"
(мультимедиялық технологиялармен қашықтан оқьпу) оқушылар мен
абитуренттерге арналған физиканың толық курсы, құкүрамыңда 1000 есебі бар
"Физика есептері жинағы" (Решебник по физике) немесе "Физикадан Кирилл мен
Мефодийдің репетиторы" т.б. Осылардың қатарындағы "1С: Репетитор.Физика"
атты мультимедиялық оқыту программасы оқулықтан, анықтамалықтан,
компьютерлік анимациядан, тестерден және өзін өзі тексеру мақсатында
шығарылатын есептерден, емтиханға дайындалуға қажет оқулықтар тізімінен
түрады.
Осындай оқулықтар және де баска программалар мұғалімге нендей көмек
береді?
1. Жаңа материаддар берген кезде компьютерде оларды динамикалық
иллюстрациялармен, компьютерлік модельдермен, мәтіндік және бейнелік
фрагменттермен сүйемелдей отырып, түсінікті етуге болады.
Компьютерлік модельдер материалдарды қозғалыстармен толықтырьш, табиғи
экспериментте көрсетуге болмайтын элементтерге көңіл бөлуді жүзеге асырады,
оларды суреттер арқылы түсіндіру өте қиын.
Компьютерлік модельдердің интерактивтілігі (екі жақтылығы) оқыту
процесіне бұрын болмаған жаңа мүмкіңдіктер береді (интерактивтілік- модель
параметрлерін өзгерту арқылы не болатыны көрсету).
2. Көрсетілетін экспериментте компьютер керекті қондырғының бөлігі
ретінде немесе бүкіл сыныпқа тек микроскоп тәрізді құралдармен ғана
көрсетуге болатын құбылыстарды (мысалы, броундық қозғалыстар) бейнелейтін
құрылғы ретінде пайдаланылады.
3. Есептер шығару кезіңде компьютер оларды мәтіндермен көрсетіп,
жауаптарын тексеріп, жалпы есеп шығару жолын автоматтандыратын құрал
ретінде қолданылады.
4.Лабораториялық жұмыс жүргізгенде компьютер бірден екі түрлі қызмет
атқара алады. Олардың біріншісі - арнайы программа арқылы немесе Місrosoft
Office кұрамындағы электрондық кесте көмегімен тәжірибелер нәтижесін жылдам
өңдеу. Екіншісі - компьютерлік лабораториялық жұүмыстар жүргізу, мұндай
жұүмыстар жоғарыда айтылған программалардың екеуінің құрамында көптеп
кездеседі.
5.Компьютерді білім сапасын тексеру мақсатыңда қолдану кешегі
механикалық және электрлік "бақылау машиналарынан" бастау алып, олар
қазіргі кездегі компьютерлік программаларға жалғасып, оқу материалдарын
игеру деңгейін тексеріп, нақты тақырыптарды толық қамтып отырады.
Мектептерде жалпы БҰТ жүйесін енгізуге байланысты оларға дайындалу
кезеңінде оқушыларды тексеруден өткізетін, жаттықтыратын "1С.Репетитор.
2003- бірыңғай емтихан тапсырамыз" дискілерінің маңызы өте зор.
Мысалы, біздің мектебімізде физикадан біріктірілген сабақтар өткізу
кезінде, А.Ш.Қасқабаева сияқты әріптестерімізбен екеуміз жоғарыда айтылған:
"ТеасһРго Физика"."Физика есептері жинағы (Решебник по физике), "Физикадан
Кирилл мен Мефодийдің репетиторы","1С:Физика репетиторы", 10-11
сыныптардағы физика пәніне арналған "Элекгрондық оқулықтар" тәрізді
программаларды кеңінен пайдаланып келеміз.
Оқушылардың жеке жұмыс істеуіне бағытталған дидактикалық тапсырмалар
мысалдарының бірін келтіре кетейін.
I- тапсырма. Диск бойынша тапсырма орындау.
Ол үшін:
а)а-бөлшектерін таратудағы Резерфорд тәжірибелері". Атомның
планетарлық моделі сабағымен танысу;
ә) үй жұмысын сол оқулықтың сәйкес материалдарымен салыстыру;
б) дискідегі берілген сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін
көрсету;
в) тірек конспектісін құрастыру.
Осындай тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар қосымша материаддармен
танысып, оларды пайдалануды, талдауды үйреніп, сапасына да сыни көзбен
кдрауға тырысады.
Әр түрлі физикалық есептерді шығару (есептеу арқылы, сапалық талдау
жолымен, тәжірибе жасау тәсілімен, конструкторлық есептерді пайдалану
арқылы) - оқытуды практикалық бағытта жүргізу шараларының қажетті бөлігі.
Есеп шығару барысында балалар сол есептің шығару программасын,
математикалық моделін, алгоритмін құрып, алған нәтижелерін талқылайды.
Осылардың қатарында массаның жылдамдыққа тәуелділігін қарастыратын
салыстырмалық теория есептерін шығару сабақтары, Ом заңын тексеруге
арналған кернеуге ток күшінің тәуелділігін, механикадағы дене
кооринатасының алғашқы жылдамдыкқа және лақтыру бұрышына байланыстылығын
зерттейтін сабақтар өткізідді.
Дербес компьютер көмегімен есептер шығару оқулықтан немесе есептер
жинағынан алып есептер шығарудан гөрі қызықты болып өтеді.
Мен сабақ өткізудің әр түрлі кезендерінде компьютерді пайдалана білу
керектігін баса айтар едім. Мысалы, жаңа тақырып өтер кезде электрондық
оқулықты пайдаланған абзал, оқушылар керекті мәліметтерді тауып, тірек
конспекгілерін жасайды, мұндай жұмыс оқушыға көптеген мәліметтер ішіндегі
басты нәрсеге назар аударып, өз ойларын қысқаша беруге үйретіп, логикалық
ойлау қабілеттерін де арттырады.
Өткен тақырыптарды қорытындылайтын "Тұрақты ток", "Әр түрлі ортадағы
электр тогы" сияқты біріктірілген сабақтар өту кезінде басқа тәсілдер
қолдандық: компьютермен практикалық түрде жұмыс істеу, электрондық оқулықты
пайдалану, өз білімдерін жылдам тексеру (экспресс-контроль) т.с.с. Оқушылар
өздеріне берілген тапсырмаларды мәтіндік, графикалық мәліметтерді қатар
қолдану жолымен шағын топтарға бөліне отырып қорғады. Нәтижесіңде
буклеттер, альбомдар шығарылады.
Білім берудегі ақпараттық технологияларды пайдалану әсіресе
үстіміздегі компьютерлендіру ғасырында өте өзекті тақырып болып табылады.
Біз жаңа цифрлық технологиялар ғасырына кіріп жатырмыз, енді жастарымыз
дисплей "терезесі" арқылы Интернет кеңістігіне шыға алады, ал оның қарым -
қатынас жасауға, оқуға, әр түрлі мәлімет алуға берері өте мол екендігі
белгілі.
Интеграцияланған білім беру техналогиясы 1977-1984 ж. жасалған
болатын, ол бұрынғы толық блокты технологиялар жалғасы болып саналады да,
соңғы кездерде батыста өріс алып келе жатқан бағытталған жобалық оқыту
тәсілімен катар білім беру ісінің белгілі бір тобын құрайды. Көптеген елдер
пәндері интеграциялау, яғни біріктгіріп оқыту жолымен жүргізіп келеді.
Сонымен интеграция не береді дейтін болсақ, ол мынадай жұмыс түрлерін
жүргізуді қамтамасыз етеді деп айта аламыз:
- педагогтардың бір- бірімен тығыз байланста болуы;
- жеке шығармашылық ізденісті екпінді ету мүмкіндігі;
- оқушылар үшін әлемнің біртұтастығы, пәндердің байланыстылығы жайлы
ұғымды қалыптастыру.

1.3 Информатиканың пәндік ерекшелігі және оның мектеп курсында алатын орны

Информатиканың тақырыптары оның әртүрлі салада қолданылатындығымен
анықталады. Қоғамдық өмірдің көптеген салалрында қолданылатын әртүрлі
информациялық технологиялардың жалпы сипаттамалырымен қатар әрқайсының
өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты операциялар мен
процедуралардың әртүрлі жинақтарына, кибернетикплық жабдықтардың әртүріне
және әртүрлі информациялық тасымалдаушыларға геніздельген “пәндік
информатикалар” пацда болды.
Қазіргі кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетін саланың бірі халық
ағарту жүйесі. Ал, мектептегі информатика проблемаларын қарастыратың сала
мектеп информатикасы деп аталады. Мектеп информатикасы информатика ғылымның
бір саласы ретінде, мектептегі оқу процесінде пайдаланылатын ЭЕМ-ді
программалық, техникалық, оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарынан
қамтамасыз етуді зеріттейтін сала ретінде анықталады. Мектеп информатикасын
программалық қамтамасыз ету орта мектептің информациялық, басқару және
оқыту жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар. Мектеп
информатикасын оқу әдстемелік жағынан қамтамасыз ету үшін ол курс бойынша
оқу программалары, әдістемелік құралдар, оқулықтар жасалуы қажет.
Қазіргі уақытта қалыптасқан информатиканы оқытудың практикасы
төмендегідей негізгі факторлармен сипатталады.
Біріншіден, бұл күндері информатиканы оқытуда жеке мәселелерді оқыту
тереңдігі мен материялдық баяндалу бағыты және мазмұны бойынша бір-бірінен
едәуір айырмашылығы бар, әр түрлі оқу құралдары мен оқу бағдарламалары
пайдаланылады. Тағы бір айтылатын міселе информатиканы оқытатын
мұғалімдердің мамандық деңгейі мен базалық білімі әртүрлі. Сондықтан әр
мектептегі информатиканы оқыту нақты мазмұны мен бұл пән бойынша
оқушылардың дайындығына жеке оқытушылар тарапынан қойылатын талаптардың
деңгейі түрліше. Бұдан көптеген мектептерде жалпы білімдік мәні бар курстың
маңызды мәселелері қалып қояды.
Екіншіден, қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғары кластарда
ғана емес, төменгі буынға көшіру қажеттілігі анықталып отыр. Қазіргі кезде
Информатика жетінші кластан оқытылады. Ал, бұл информатиканың мазмұнының
осы жастағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай болуына талап етеді.
Үшіншіден, информатика курс алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік
сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды информациялық
қоғамда еңбек етуге дайындау үшін енгізілгені белгілі. Бұдан бұл курстың
жалпы білім беретін маңызды міндеті ескерілмей қалған. Қазіргі уақытта
компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру үшін информатика негіздерін зеріттеу
мәселелерінде біртіндкп межелеп бөліну байқалып келе жатыр. Есептегін
техниканың мектепте жаппай енгізілүі жағдайында барлық пәнді оқытудағы
компьютердің қолданылуы томенгі кластарда компьютерлік сауаттылықты
қалыптастырудан бастап, мектептегі брлық оқу пәндерінде қалыптастырылатын
жалпы оқу іскерлігімен сипатталады. Информатика негіздері курсының алдында
компьютерлік сауатылықты қалыптастыру мәселесі шеңберінен тыс жалпы білім
беретін пән ретінде оқу-тәрбие мәселесінің комплексі тұр.
Мектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы, бұл крстын жалпы
білім беретін функциясымен, оның оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту сияқты
жалпы мәселелерді шешудегі потенциалдық мүмкіндіктеріне баса көніл
аударуға, басқа сөзбен айтқанда, компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру
мәселесінен жалпы білім беретін оқу пәніне көшуге байланысты. Осындай
озгерістердің бағытына сәкес информатиканы оқытудың мақсаты, оның мазмұның
қайта қарауды талап етеді. Мектепте информатикадан берілетін білімнің
негізі компоненттерін бөлу мұғалімдерге көмек көрсетіп, оқушылардың
дайындығына негізделетін талаптарды жасауға бағыт беруі, курстың
мазмұнындағ жалпы білімік мәні бар негізгі мәселелерді айқындауыға
мүмкіндік береді.
Информатика және есептегіш техника негіздері курсын оқыту
тәжірибелерін талдау, мектепке информатиканы оқыту мақсатының
жаңа түсінігі мектептегі оқу процесінде информациялық мәдениетті
қалыптастыру мен информатика негіздерін меңгеруді бірнеше кезенгі бөлу
қажеттілігін көрсетеді (А.Кузнецовтың тұжырымдамасы).
Бірінші кезең (1-6-кластар) – пропедевтикалық курс. Бұл кезінде
оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Математика,
Орыс тілі және басқа сабақтарда қарапайым компьютерлік тренажер, оқу
ойын програмаларын пайдалану процесінде информациялық мәдениеттің алғашқы
элементері қалыптасады.
Екінші кезең (7-9-кластар) – оқушыларға информатикадан берілетін
міндетті жалпы білім көлемін қамтамасыз ететін базалық курс. Ол оқушыларға
информациялық техналогия қуралдары мен
әдістерін пайдаланып есептер шығару, алдымен оқу іс-әрекетінде, онаң
кейін кәсіптік мамандығына компьютерді саналы да, тиімді
пайдалану дағдысынқалыптастыруға бағытылған. Иформатиканы
жүйелі оқытудың бастамасын орта буынға көшіру, яғни мектептегі білім
беруді информатикаландыру жағдайында информатикадан берілетін білім мен
іскерліктің басқа пәнтерді оқытуда орта буыннан бастап кеңінен пайдаланылу
қажеттілігі екі негізі фактормен сипаталды:
1) информатиканы төменгі класстардан бастап оқытудың оң нәтиже
беретіндігі;
2) дәл осы жастан информатиканы оқытудың жас өспірімдердің дүниеге
ғалыми көзқарасын қалыптастыру мен логикалық ойлауын дамытуда маңызды
ролі бар.
3) Компьютерлік сауттылықты қалыптастыруға байланысты информациялық
технологияны практикалық іс-әрікетке кеңінен қолдануға дайындықты
қамтамассыз ететін пайдаланушылық аспект.
Үшінші кезең (10-11-кластар) – кәсіптік оқыту ретінде информатика
саласы бойынша білім беруді жалғастыру. Бұл атап айтқанда, математика
мамандығына бағытталған кластар мен мекткптер үшін программалау мен есептеу
математикасы әдістерін терендетіп оқыту, ал жаратылыстану мамандығына
бағытталған мектептер үшін – экспремент мәліметтерін өңдеу, компьютерді
модельдеу үшін қолдануға байланысты информатика курсы, ал ауыл мектетері
үшін – ауыл-шаруашылық өндіріс экономикасын ұйымдастыруға арналған
есептерді шығаруға информациялық технологияны қолдану іскерлігін
қалыптастыруға бағытталған курс оқытылады.
Негізгі мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының
құрылымы төмендегідей:
1. Информациялық процестер, информацияның берілуі:
▪ адам өмірінде, тірі табиғатта, техникада информацияны пайдалану, алу,
тарату, түрлендіру және сақтау;
▪ информацияны сандық бағалау, информация мөлшерінің бірліктері;
▪ тіл информацияны беру тәсілін реттегенде, информацияның екілік түрде
берілуі және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары;
▪ компьютерде командалардың және мәліметтердің берілу принциптері.
2. Алгоритмдеу және программалау.
▪ алгоритмдер, алгоритмдердің қасиеттері, алгоритмді атқару арқылы адам
қызметін автоматтандырудың мүмкіндіктері;
▪ шама: атау және мәні, шамалардың типі, мәліметтердің негізгі құрлымы;
▪ алгоритмдердің негізгі құрлымы және оны алгоритм құру үшін пайдалану,
алгоритмдер кітапханасы;
▪ мектептік алгоритмдік тіл (немесе программалау тілі).
3. Компьютер және оны программалық қамтамасыз ету.
▪ ЭЕМ жұмысын басқаруды ұиымдастыру, компьютердің негізгі құрлымының
жалпы жұмыс істеу принципі;
▪ ЭЕМ-де программаның автоматты түрде атқару принципі;
▪ ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етудің түрлері (базалық программалық
қамтамасыз ету, трансляторлар, программалау тілдері, инструментарийлер,
қолданбалы программалық қамтамасыз ету).
4. Формальдау және модельдеу негіздері.
▪ формальдаудың негізгі принципі;
▪ компьютерлік модель құру және оны пайдалану.
5. Информациялық технологиялар.
▪ компьютерде есеп шығару негіздері: есептің қойылысы, модель құру,
алгоритм жазу және атқару, Нәтижелерді талдау;
▪ текстік, графикалық редакторларды пайдалану, мәліметтер қоры,
электрондық кестелер;
▪ телекомуникациялар, әртүрлі типтегі телекомуникациялық желілер
(жергілікті, аймақтық, аумақтық), оның тағайындалуы мен мүмкіндіктері,
электрондық телеконференциялар;
▪ мультимедия технологиясы.
Бұл жалпы білім беретін орта мектеп информатика курса бойынша
берілетін білім мазмұны. Әрбір мәселені оқыту терендігі мен деңгейі,
оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысына қойылатын талаптарды анықтау
осы пән бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жасалады. Ал,
материялдың жүйелік баяндалуы, логикасы – мектепте информатиканы оқытудың
әдістемесін жасайтын оқулық авторлары, мұғалім әдіскер, ғалымдардың жұмысы
болып табылады.

ІІ ТАРАУ. АЛГОРИТМДЕУ НЕГІЗДЕРІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ
ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

2.1 Алгоритмдеу негіздері жайлы жалпы түсінік.

Алгоритм, программа ұғымдары.
Алгоритм ұғымы информатикада акпарат сиякты іргелі ұғымлардың қатарына
жатады. Бұл атаудың мағынасын түсіну үшін оған жан-жақты талдау жасаған
жөн.
Алгоритм дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берер алдында шамалы тарихқа
жүгінелік. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мүхаммед ибн
Мұса әл-Хорезми (763—850 ж.) есімінің латынша АІ£огііһті (Алгоритми) болып
жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен
арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды
мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен
құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Оған дейін де арифметикалық амалдарды орындаудың көптеген ережелері
болған. Онда негізінен сандардың ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Ал әл-
Хорезми көп орынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды
ереже ұсынған. Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жақтаушыларды алгоритмдіктер
деп, ал алгоритм ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп
атаған.
Қазіргі кезде алгоритм ұғымы тек математикалық есептерді шешу
әдістерімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы одан әлдеқайда кең. Әрбір
компьютер алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспармен жұмыс істейді.
Алгоритмді заңдылық, реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын
операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Бұл ұғым қазіргі кезде кеңінен
қолданылып жүр. Оның көптеген анықтамалары да бар. Соның бірін келтіре
кетейік:
Алгоритм — берілген есептің шыгару жолын реттелген амалдар тізбегі
түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау
арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа
түрінде жазып шығу керек.
Программа — алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде
жазу. Программа машинаға түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар
тізбегі орындалу барысында есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын
ала жазылған программамен істейді. Программа дегеніміз - белгілі бір нәтиже
алу үшін орындалатын амалдардың айқындалған тізбегі. Процессор программаның
құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін
программа деп қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау
үшін берілген бұйрық ретінде беріледі. Командалар: арифметикалык немесе
логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру
командасы; нәтижені экранға, қағазға басып щығару командасы; келесі
командаларға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.
Компьютердің жұмысы программалык принципке негізделген, яғни ол өзінің
жадында сақталатын командалар тізбегін автоматты түрде орындау арқылы есеп
шығарады.
Кез келген компьютер жадында берілген мәліметтермен қоса оны қандай
жолмен, қандай нүсқауларды орындағанда шығатынын көрсететін программаны
сақтайды. Компьютер берілген тапсырманы орындауға дайын тұрған техникалық
аспап болғандықтан, әрбір тапсырманы түсінікті түрде қысқаша жаза білу
қажет. Тапсырма жоғарыда айтылған жекеленген командалардан тұрады. Машинага
түсінікті түрде жазылған тапсырмаларды немесе командалар жиынын да
программа деп атауға болады. Программа - арнайы мәтін арқылы компьютерге
тапсырманың ретін хабарлайтын ережелер мен нүскаулар тізбегінен түрады.
Алгоритмдердің орындалуы.
Алгоритмді орындаушының рөлін негізінен адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары
Кітапхана ісін жоспарлау аймақтық кітапхана
Кітапхана білім жүйесі
Орталықтанған кітапхана жүйесі
Графиктерді іздеу алгоритмдеріне және жолдарды іздеу алгоритмдеріне бөлу
Тоқтату символының эвристикасы
Іздеу алгоритмі
Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызы
Информатика пәнінен лекциялық сабақтардың тезистері
Пәндер