Еуразия аумағындағы мемлекеттер қоғамында Батырлар институтының пайда болу тарихы
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I . тарау. Еуразия аумағындағы мемлекеттер қоғамында Батырлар институтының пайда болу тарихы
1. 1. « Батыр» . этнонимінің шығу тегі.
I. 2. Батырлар институтының генезисі.
I.3. Батырлар институты көшпелі қоғамғы тән қалыптасу ерекшеліктері
II . тарау. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы Батырлар институты.
2. I Қазақ қоғамындағы Батырлар институтының этномәдени ерекшеліктері
2.2.Қазақ қоғамының әлеуметтік. саяси құрылымындағы батырлар орны.
2.3 Жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Батырлардың рөлі.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни олар ұлттық тұлға болған.Осы ұлттық тұлға биігіне кімдер көтеріле алған? Осы биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты болған? Және қандай істері арқылы осындай дәрежеге жеткен? Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым – тарихи өлшем. Яғни тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін бағаны беріп отырған. Міне қазақ тарихының әрбір белесінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған, немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған.
Қазақ жерінің бір сүйемі де осылардың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырлардың ішінде, әсіресе, Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай сынды ақберендердің есімдері де айрықша жарқырап көрінеді. Сондықтан осы аттары аталған айтулы батырлардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні мен маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сәтке де ұмыт қалған емес.
Қазақ батырлары – бұлар кімдер? Біз ұлттық мәдениетіміздің рухани ұйытқысына, кемеңгерлер даналығының тақырыбына айналған ұлттық идеямыздың, оның ел санасында сақталып ұрпақтың өмір сүруінің тірегіне айналған батырларымыздың тұлғалық феноменін қай деңгейден түсінеміз немесе қалай түсініп, қалайша зерделеп жатырмыз? Ұлттық философиямыздың рухани тамырына тегістей таралған ұлттық рухтың қасиеті толықтай жүйелі зерделеп, ұрпақтың зиялы өмір сүруіне бағыт- бағдар беретін деңгейде жарыққа шығуда ма? Ұлттық құндылықтардың болмысын, ұрпаққа берер мүмкіндігін зерделей де , зерттей білген адам үшін бұл сауалдардың адамға салмақты түсінік бермей қоймасы анық. Рухани өмірін ұлтынгың игілігіне арнаған ғұламаларымыздың бірі

1. Бикенов А.Х. Қазақтың дәстүрлі қоғамы және оның саяси потестарлық құрылымы . Автореферат (XVIII – XIX ғасырлар деректері негізінде) Алматы 2001
2. Дауытбекова М. Қ. Автореферат. Қазақ қоғамындағы батырлар институты.- Алматы, 2010.
3. Дауытбекова М. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институты // Қазақстан тарихы.- 2009. - № 6(99).
4. Қайырғалиева Г. Автореферат . Батырлар институты және оның қазақ қоғамындағы орны,- Орал 2010.
5. Өмірәлиев Қ. ҮІІІ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері.
Алматы: Дәуір, 1985.
6. Сүлейменов М. Қобыланды қазақтың бас батыры // Астана Айнасы.-2004.- №32.
7. http://thenews.kz/2011/05/09/813284.html
8. Иманбаев Т., Иманбаева С. Батырлар тарихы – ел тарихы // Жалпы тарих және құқықтану мектепте.- 2004.- № 5(8).
9. Нұрилә Ш. Көшпелілердің әскери салтындағы тағам символикасы.// Nomad Kazahkstan.- 2010.- №2(33).
10. Ноғайбаева Н. М. Қазақ қоғамында өзіндік орны болған батырлардың рөлі// thenews.kz/2010/12/27/665696.html
11. Тынышбаев М. Т. Ақтабан шұбырынды,Ташкент, 1927.
12. Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер.- Алматы :Дәуір. 1996.
13. Әбдезұлы Қ. Қазақ батырларының тарихы тағылымы және көркем әдебиет // Ұлт тағлымы ғылыми-педагогикалық басылымы.-2004.- №3.
14. Асаров Ә . , Сәрсембин Ү. Қазақ идеясының дамуындағы қазақ батырларының тұлғалық рухы // Ақиқат.-2011.- № 3
15. Ақтамберді жырау. Ай заман-ай, заман-ай (Бес ғасыр жырлайды). Алматы, 1991.1 т.
16. Жалғыз жігіт ұрпақтары . Ертегілер. Алматы, 4 т.
17. Липец Р.С. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. М.- 1984.
18. Сағидоллаұлы Қ. Қазақ халқының әскери өнері мен жауынгерлік дәстүрі // Алаш айнасы.- 2010.-№ 5.
19. Омарбеков Т. Қазақтың батырлық ұғымын байыптасақ// Қазақ әдебиеті.-2010.- № 6(3170).
20. Қойгелдиев М. Баһадүр // Егемен Қазақстан.-2006.- № 10.
21. Мұқаметханұлы Н. Жоңғарға қарсы күрес кезіндегі қазақ батырлары (Қытай деректері бойынша)// ҚазҰУ хабаршысы. тарих сериясы.-2003.- № 4 (31).
22. Ағыбаев А. Ел қорғаны батырлар // Қазақ тарихы – ғылыми әдістемелік журнал.-2006.- №2.
23. Тынышпаев М. История казахского народа. – Алматы: Білім.- 1993.
24. Төлеген Ә.А. Қаракерей Қабанбай батыр.// Астана Айнасы.-2000.-№159.
25. Құлмағамбет Е. Ер Таңыбай// Астана Айнасы.-2003.- №40.
26. Дәдебаев Ж. Қазақ халқының тағдыры //Егемен Қазақстан.-2003.- №35.
27. Доспанбет Ұ. Жекпе-жек// Атамекен,2003.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I - тарау. Еуразия аумағындағы мемлекеттер қоғамында Батырлар институтының пайда болу тарихы
1. 1. Батыр - этнонимінің шығу тегі.
I. 2. Батырлар институтының генезисі.
I.3. Батырлар институты көшпелі қоғамғы тән қалыптасу ерекшеліктері
II - тарау. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы Батырлар институты.
2. I Қазақ қоғамындағы Батырлар институтының этномәдени ерекшеліктері
2.2.Қазақ қоғамының әлеуметтік- саяси құрылымындағы батырлар орны.
2.3 Жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Батырлардың рөлі.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни олар ұлттық тұлға болған.Осы ұлттық тұлға биігіне кімдер көтеріле алған? Осы биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты болған? Және қандай істері арқылы осындай дәрежеге жеткен? Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым - тарихи өлшем. Яғни тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін бағаны беріп отырған. Міне қазақ тарихының әрбір белесінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған, немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар - халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған.
Қазақ жерінің бір сүйемі де осылардың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырлардың ішінде, әсіресе, Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай сынды ақберендердің есімдері де айрықша жарқырап көрінеді. Сондықтан осы аттары аталған айтулы батырлардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні мен маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сәтке де ұмыт қалған емес.
Қазақ батырлары - бұлар кімдер? Біз ұлттық мәдениетіміздің рухани ұйытқысына, кемеңгерлер даналығының тақырыбына айналған ұлттық идеямыздың, оның ел санасында сақталып ұрпақтың өмір сүруінің тірегіне айналған батырларымыздың тұлғалық феноменін қай деңгейден түсінеміз немесе қалай түсініп, қалайша зерделеп жатырмыз? Ұлттық философиямыздың рухани тамырына тегістей таралған ұлттық рухтың қасиеті толықтай жүйелі зерделеп, ұрпақтың зиялы өмір сүруіне бағыт- бағдар беретін деңгейде жарыққа шығуда ма? Ұлттық құндылықтардың болмысын, ұрпаққа берер мүмкіндігін зерделей де , зерттей білген адам үшін бұл сауалдардың адамға салмақты түсінік бермей қоймасы анық. Рухани өмірін ұлтынгың игілігіне арнаған ғұламаларымыздың бірі Ахмет Байтұрсынов, өз заманында қазақ зиялыларына бас болып, ұлттық рухты жетілдіру мақсатында бірқатар мазмұны терең рухани дүниелерді жаоыққа шығарған болатын. Бүгінгі біздерге ұлттық мұра деңгейін танытып отырған А.Байтұрсыновтың еңбектеріндегі батырлықтың рухы хақындағы ойларына сүйенер болсақ, бұл ұңымның, батырлық туралы халық түсінігінің кездейсоқ ұлт санасында қалыптасып қана қоймай, шын мәнінде тарихта өмір мүріп, жекелеген зиялылардың ғана емес, тұтастай ұлттың тірегіне айналған идея, ұлттық қажеттіліктен туған өмірлік ұстаным, зиялылардың ерекше тқлғалық құбылысын паш ететін қасыиет екендігіне көз жеткіземіз. Алаш зиялысы былай дейді: Батырлар турасындағы әңгіме - халықтың жаны, рухы турасындағы әңгіме. Батырлар қандай болса, халықтың рух жағы да сондай болады. Батыррлықты ерекше бағалап, ұлттық қалыпта сүрудің, ережесіне айналдыру, кісіліктің қасиетін оның ұлттық мәдениетін кеңістігіне халық бойына таралуын батырлықтың рухымен ұштастыру, батырлықты дәріптеу, ұрпқтың батыр, еркін болуын аңсау бұл ата-бабаларымыздың интеллектуалдық тереңдігін бейнелейтін ұлттық идеямыздың қанаттарының бірі. Демек, батырлықтың өзі адамзат санасында берілген адами рухтағы құндылықтарды жетілдірудің негізгі қадамдарының бірі деп айтсақ артық емес. Рухты ертек жырлар,- деген А.Байтұрсынов - батыр әңгімелері халықтың рухы көтерілген шақта шыққан сөз болады. Батырлардың рухынан, батырларды жыр қылған ақын сөздерінің рухынан сол сөздер шыққан замандағы халық рухы қандай болғанын білеміз. Тарихи шындықтың үстінен тегістей дөп басып отырған А.Байтұрсыновтың бұл тұжырымы адамзат мәдениетінің рухына ортақ, ұлттық мәдениетіміздің тарихи құбылысына айналған батырлықтың, оның құндылығы туралы идеяның халықтың арман қиялынан туып қана қоймай, шын мәнінде батыр тұлғалардың дүниеге келіп хақының мұң-мұқтажын сезіне білетін, ықыласы мен тілегін, үміті мен сенімін көңіліне жылы қабылдай алатын ұлттың ұлт болып өмір сүргендігін дәлелдейді.
Қазақ батырларының тарихтағы рухани тұлғасы- мәдени келбеті, танымы, рухани қызметі, ұрпақ игілігіне қосқан үлесі өз алдына дербес әлем. Қазақ батырлары елдіктің елдіктің философиясын туғызды, ұлтжандылықтың ақиқатын өмір тәжірірбиесі деңгейіндедәлелдеп берді, кісіліктің жолын ұрпаққа табыс етті, ұлт ісіне келгенде, кәсіби білімі жағынан ұлтқа қызмет етудің үлгісін жасап берді. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қазақ батырлары, қазақ ұлтының батырлықтың мәні тұрғысындағы идеялары - өзалдына дербес философиясы бар рухани өріс. Сонымен қатар, батырлық хақындағы қазақ идеясы жыры, күйі, өсиеті сынды даналық дүниелерді дүниеге әкелді. Әрбір тұлғаның сом бейнесі, жүрген ізі, атқарған қызметі, жеткізген ісі, бұның барлығы ұлт өнері мен даналығының өмірге келуіне және оның тұтас қлттық құндылыққа айналуына оң ықпалын тигізді. Осы жерде бізді ойландыратын нәрсе, қазақ ұлтының тарихи кеңістіктегі әлеуметтік мәдени даму негіздерін қалыптастырушы феномендердің бір - біріне ықпал етіп, бірінің ізін бірі жалғастырып, бірінің ісіне бірі қамқор болып ұлттық ұйытқыны сақтауда ерекшелік танытатындығы. Қазақтың хандары, батырлары, жыраулары соғыста, мемлекетті басқару ісінде болсын, бір жүретін болған. Хандардың қызметі қалың қолды басқару, соған жетекші ету болса, батырлар өздерінің әдіс-тәсілдері арқылы елді қорғауға адал қызмет еткен. Жыраулар осы тарихи оқиғаның ішіндегі бар шындықты өзінің руханиятына енгізіп, тарихта қалдыруды өз міндетіне алған. Соның бір мысалы ретінде Кенесары мен Наурызбайдың тағдыры мен тарихын ұрпаққа жеткізген Нысанбай жыраудың қызметін айтуға болады. Осы батырлық тарихта тұлғаларымыздың дүниетанымының, іс-әрекетінің, ұлт игілігін ойлау мен сол үшін күресу техникасын қалыптастырып, оның толықтай жүзеге асуына себеп болған қасиет. Бұл ұлттық тәрбие арқылы берілетін қасиет, яғни, ұлттың қанына сіңген ізгі қасиет, ұлттық идея арқылы ұрпақ санасына жетіп,оның бойындағы бар рухани мүмкіндіктерді шыңдай түсетін құндылық деп әбден болады.
Қазақтың батырлық философиясын танымдық, тағлымдық жағынан кім-кімге де мәлім. Өзінің ішкі мұң-мұқтажын, қол жеткен жетістігін, қол жете алмаған арманын ұрппақа табыстап кету ісі де қазақ батырларына тән ерекше белгі. Осы қасиеттің ұлттық рухқа ықпалын, танымдық мәнін әріден зерттеген сайын ұлттық идеяның қалыптасуындағы қазақ батырларының рухани тұлғасының биік шоғырын талдауға болады. Түркітанушы ғалым Л.Н. Гумилевтің айтуы бойынша , кез- келген этнос піл сауырлы қара жердің тау мен дала, шөл мен көк орайлы алқап, дала мен тау тәрізді әртектес ландышафтары тоғысқан өңірлерде өсіп, өнеді. Осындай өңірлерде өмір сүріп, тіршілік еткен адамдарға жақын космос қуаты әсер етеді, соның игі әсерінен от жігерлі, қайратты пассионар тұлғалар өсіп жетіледі. Еті тірі, өзі пысық осынау пассионар адамдар қалың халықтың соңынан ертіп субпассионарларды- қарсыластарын аузына қаратып, өзіне дейігі мәдени жаралымды жойып, этнос -халық деп аталатын жаңа қауымдастықты құрып қалыптастырды. Бұл тұжырым ұлт тұлғаларының тарихи кеңістіктегі рухани қызыметінің феноменін зерттеуге негіз. Табиғи ортаның ықпалынан да болар, ұлы дала төсінде туып өскен батырларымыздың батыр атануы, алдымен, жер мен ел рухын қатар қойып, оның өзіне және халыққа берер рухани нәрін сезіне білуінде. Демек, батырдың тұлғасына қуат беретін оның елдік түсінігі. Жыраудың поэзиясы көбінесе зиялылар елдігінің рухын сомдап, сол елдіктің негізінде тарихта қалған батырлар қызметінің тағдырын жоймай сақтап қалудан туған. Батырлықтың феноменімен тамырланған идея- адамзат баласының рухани қалыптасуы беріктігінің кепілі. Батырлықтың бейнесі даналық,еркіндік ой және ұлттық мүддеге ерікті іс рухының тұтастығы арқылы көрніс табуының мәні, елдік түсініктің бағалылығында. Ұлт ісіне келгенде, ұлттық рухқа еркіндік беру, ұлттық идеяның арнасын кеңейту мақсатында Ахмет Байтұрсынов сынды зиялыларымыз ұлттық философияның ізін ғылыми зерттеудің бағытына айналдыруға кіріскен: Соңғы уақытта қазақта сауық кеміген себепті жыршылар азайып,батырлар әңгімесі жойылып барады. Батырлар әңгімелері- өлеңмен айтылатын әңгімелер. Өлеңмен айтылатын әңгімелер, жыршылар жоғалса, батырлар әңгімелері өлең түрін жойып, ертегіге айналды. Ертегіге айналса, батырлар әңгімесінің рухы, көркі жоғалып, құр сүлдесі қалады. Бұл сөздің шындығы бүгінгі қазақтану бағытында өзінің ғылыми ізденіс бағытын қалыптастырып жүрген ғалымдарымызға салмақты ой бермек.
Хандықтың өзі батырлықтан шыққан , ұлттың ұранымен рухтанған батыр халықтың қалауымен ақ киізге отырғызылып хан сайлайды және батырлық ел қорғауда қазақ хандарның бойынан шығып отырды. Сонау Күлтегін батырдан қалған өсиеттің шындығын осы қазақ хандары мен батырларының рухани өмірінен табуымызға болады. Күлтегін батырдан қалған өсиеттің шындығын осы қазақ хандары мен батырларының рухани өмірінен табуымызға болады. Күлтегін батыр мынадай өсиетін ұлы далаға жазып қалдырған:
Өлімші халықты тірліттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым ...
Бұл өсиеттің мәнін бірнеше деңгейде ұғынуымызға болады. Соның ішінде ұлттық идеямыздың дамуымен байланысты негізі, оның ұлт ісінің үздіксіз ғасырлар бойы тарихымен бір жүретіндігі және оның өмір сүруі ұлт ішінен батырлардың батырлардың дүниеге келуін қажет ететіндігі.
Қазақ ұлтының батырлық философиясындағы Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын,Едіге, Қамбар сынды тұлғалардың рухани бейнесі, оның жеке дар батырлық бейнені паш ететін болмысы мен қатар, ел мен ата мекенннің болмысын, мінезін, де бейнелейді.
Батырда елдік істі тындырып, өмірдің рахатына батамын дейтін түсінік жоқ. Елдікке қолы жетіп, елдің тәуелсіздігінің сақталуына өз үлесін қосса да, батырдың арманы елдің алдында жүретін идея. Батырлық Алланың құдыретімен адамға берілетін қасиет болғандықтан, бүкіл болмыс-бітімін ішкі әлемін батырлық рух билеген адам еш уақытта рухани өмірден шаттық іздемейді. Олардың осы рухани өмірі кеңістігінен алтын тәлім тәрбиесі, ұрпақа көрсетер өнегесі елді қорғау, ұрпақтың ұлттың рухын сақтау, елдің мүддесіне қорған болатын елдіктің қабырғасын тікейту. Батырдың көздеген идеясы халық тегістей түсінгенде ғана бұл идея тегістей жүзеге аспақ. Лаш зиялылары және Е.Бекмаханов сынды тарихшыларымыз қазақ мәдениетінің тарихи кеңістігіндегі батырлқтың рухы мен мәдениетінің философиясының биік шоғыры Кенесары феноменін жарыққа шығарып кеткен. Ғылыми тұрғыда зерделей білетін адам үшін бұл өз алдына зерттеуді қажет етіп отырған өзекті мәселе.
Батыр мінезі әсершілдік жат, рухшылдық тән. Батырдың рухшылдығы жоғарыда атап өткеніміздей, ішкі жан дүниенің негізгі, интеллект қызметінің жемісі. Батыр арманының ұлттық идеяға айналуы оның ел мүддесі, ел тәуелсіздігі туралы білімінің зерделеніп, пайымдалып, парасат биігінен өткізіліп, тұтас тәжірбие деңгейіне жетуінде. Батыр мәңгі өмір сүрмесе де, батырлық мәңгілік құндылық. Қазақ даналары елдің батыры қартайып, дүниеден өтсе, осы ұлы тұлғаның ізін басатын, ісін жалғастыратын сәбидің дүниеге келуін тілеген.
1917 жылы Қазақ газетінде жарық көрген, алаш зиялыларының Тарихи жыл атты мақаласында Қазақ елінің басынан өткізген тарихии жылдар жөнінде айтылады: Қазақ халқының өткен дәуіріне айналып қарасақ түрлі тарихи зор уақиғалар, өзгерістер бастан кешіргенін көреміз:
- Қазақ-қалмақтың жауласқан заманы, - Ақтабан шұбырынды. - Россияға бағынған шағымыз. - Кенесары заманы.
- Қоқан заманы.
- 1868 жылғы жаңа заңның шығуы. Бұлардың әрқайсысы тарихи шындықтың кеңістігі. Қазақ елінің рухани өмірінде орын алып отырған тарихи оқиғалар уақыты қазақ батырларын туғызды. Батырдың ел алдына шығуы жоғарыда айтып өткеніміздей қазақ зиялыларының ұлттық рухының тарихи кезеңдерге берік болғандығын көрсетеді.
Қазақтың әр батыр тұлғасының ұлттық мәдениетіміздің кеңістігінде алар орны бар. Олардың ұрпақ алдында атқарған қызметтерінің бүгінгі бізге бірі жетіп, бірі жетпесе де, ұлттың сақталып қалуына, ұрпақтың рухани тұлғалануына тигізген пайдасы шексіз. Сол себепті батырдың есімін атап, оның тарихын зерттеуге бағытталған ұрпақ талпынысын жоғары бағалау ұлттық рухты тарихи кеңістік өрісінде жетілдірудің, қалпына келтірудің, ұлттық идея арнасын кеңейтудің басты қадамы. Батырлықтың философиясын сомдау ұрпақа игілік әкелетін іс. Қазақ идеясының өзі ұрпақтан, зиялылардан батырлықты талап еткен. Ұлттық рухымызды сақтап қалған да осы батырлық рух. Батырлық біздің баға жетпес мұрамыз, оны кез-келген құндылықпен теңестіріп, орнын, рухани қызметін алмастыру мүмкін емес.
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін.
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып, жауға найзаң тимесе.
Елден бөтен үйің күйсін!
- деген бабалар өсиеті осыдан қалса керек. Бұл ерлікті бағалап, ұлттық рухпен өз білімін шыңдай білген адамның қолынан келетін іс. Тарихтағы тұлғаларымыздың рухы бүгінгі ұрпақтан осыны күтуде.
1 ТАРАУ
XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамындағы батырлар институтының генезисі мен қалыптасуын, оның негізгі атқарған қоғамдық - әлеуметтік және саяси қызметінің ерекшеліктері мен орнын қарастыра отырып, төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткіздік.
- Батыр этимологиясының ұғымдық, терминологиялық мәселелері талданып, әлеуметтік табиғаты айқындалды;
- Отан тарихы ғылымында алғаш рет батырлар институты дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік феномені ретінде қарастырылады;
- XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамының ішкі саяси кеңістігінде барлық белгілер бойынша жетекші орынға ие болған батырлар институтының ішкі саяси жүйедегі әлеуметтік - экономикалық қызметі негзінен барымта, олжа, сауға тәрізді ұғымдарымен байланыста қарастыру арқылы талданды ;
- Батырлардың елшілік қызметін сараптау арқылы қазақ қоғамындағы олардың саяси ролі көрсетілді ;
- Батырлардыңәлеуметтік топ ретіндегі рухани-моральдық бет-бейнесі мен негізгі қызметтерінің қазақ қоғамының жалпы рухани құндылықтар жүйесіндегі орны сарапталады ;
- Қазақ қоғамындағы батырлыққа тәрбиелеу мектбі мен батырлық өмір салтының этнопедагогикалық жүйедегі орнының тарихи тамырлары қарастырылады.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері: Хронологиялық шеңбері негізінен XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысын қамтиды. Себебі, дәл XVIII ғасырдың басынын бастап батырлар институтының қалыптасу үрдісі аяқталып, ол дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеке әлеуметік институт ретіндегі өзіндік қызметін атқарады. Ал, XIX ғасырдың екінші жартысынан кейін незінен Қазақстанның Ресейдің боданына айналып тәуелсіздігінен айрылуына байланысты өз ықпалы мен орнынан айрылады. Батырлар институтының тек дәстүрлі қазақ қоғамына ғана тән әлеуметтік институтқа айналуының негізгі заңдылығын жалпы қазақ қоғамының қалыптасуының өзіндік ерекшеліктріменбайланысты болғандығымен түсіндіруге болады. Қазақ қоғамының рулық-тайпалық құрылымының ерекшелігі және осы құрылымның Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі қазақ жерінде болған ежелгі мемлекеттік құрылымдар мен хандық бірлестіктердің саяси, әлеуметтік және әскери өміріндегі, дәстүрлі шаруашылық пен болмыстағы маңызды да шешуші рөліне ерекше назар аударған жағдайда ғана батырлар институтының қалыптасу жолдары мен негізгі атқарған қызметтерінің ерекшеліктерін түсіне аламыз.
Қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі де көшпелілердің жауынгерлік рухының жоғары болуын көшпелімал шаруашылығының экстенсивті түрімен, әскери артықшылықтарын қоғамның жалпы тұрақты жағдайы ретінде кең көлемді аумақтарды тұрақты түрде қорғап отыру қажеттілігінген туындаған дамудың нәтижесі деп түсіндіреді. Этнологиялық зерттеулердің көпшілігінде көшпелілердің жауынгерлігі, мен батырлығының себептері олардың соғысқұмарлығымен байланысты деп түсіндіру басым. Көріп отырғанымыздай көпшілік зерттеушілер көшпелілердің батырлық өмір салтының қалытасуы мен жауынгерлік рухының жоғары болуын негізіне еуроцентристік көзқарастар негізінде жалпылма түрде үстірт қарастырған. Біздің пікірімізше мәселені, яғни көшпелілер қоғамындағы қандай себеп-салдар батырлық қасиеттерді ерекшеленуіне сұраныс туғызғаны туралы қойылу керек. Мұндай себептерді төмендегідей топтастыруға болады:
1) Жеке немесе ұжымдық қауіпсіздік. Дала өмірі өзінің қауіп - қатерге толылығымен адамның жеке басы мен жақындрының қауіпсіздігіне жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Олар кез - келген жағдайда орын алған кісі өлтіру, дене зақымын келтіру, дүние - мүлікке қол сұғушылық сияқты қатерлердің алдын алу үшін тек өзінің жеке басының батырлық қасиеттерінің басымдығымен ғана қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды.
2) Мүліктік кикілжіңдер. Көбінесе көшпелілердің басты байлығы - малға байланысты туындайды. Батыры бар, қаруы сай ру, тайпа ғана өзінің мүліктік қауіпсіздігіне қол сұғушылықтан толықтай болмаса да, біршама тәуелсіз саналған.
3) Жер. Көшпелілер арасында негізгі басты жайлымдық жерлер үшін өзара қақтығыстар жиі болып тұрды. Су көздері орналасқан жайлымдар, сонымен қатар өңделетін жерлер мен керуен жолдарының барлығы негізгі жер иеліктері көшпелі тайпалардың өз ішінде және отырықшы көршілерімен бейбіт және әскери әрекеттерінің объектісі болуы мүмкін еді.
4) Саяси үстемдікке ұмтылу. Әлсіз ру - тайпаларды бағындырумен қатар отырықшы - егінші халықтармен басты сауда - тауар орталығы болып табылатын аймақтар үшін де жиі - жиі күрестр жүргізуге мәжбүр болды.
5) Көшпелілердің кең көлемді шапқыншылықтары. Трихта мұндай шапқыншылықтардың мысалдары өте көп. Зерттеушілер мұның себептерін әртүрлі түсіндіруге тырысқандарымен, негізінен олардың пікірлерінің басым көпшілігі экологиялық теорияға келіп саяды. Дегенмен осы теориялық бағытты қолдаушылардың өзі мұны екі қарама - қарсы көзқараспен түсіндіреді. Алғашқылар көбінесе өз пікірлерін көшпелілер қоғамындағы оң өзгерістермен байланыстырады. Мәселен мал немесе адам санының өсуі жаңа жайлымдық жер іздеуге итермелейді. Бұл пікір алғаш рет Ибн Халдунның еңбегінде көрініс тапқан еді. Ал екінші топтағылар керісінше табиғат апаттары құрғақшылық, жұт және т.б көшпелілерді жаңа жерлерді басып алуға итермелеген басты себеп деп түсіндіреді.
Батырлардың пайда болуы мен жауынгерлер тобының жетекшілері ретінде ерекшеленуі қоғам дамуының әскери демократия кезеңімен тығыз байланысты. Дәл осы кезеңде көшпелі қоғамның қозғалысқа түсуімен батырлардың қоғамдық - саяси өмірдегі рөлі ерекшеленіп, батырлар культі пайда болды. Батырлар институтының қалыптасу үрдісінің генезисі мен барысы батырлар жырынан көрініс тапқан. Моңғол шапқыншылығының нәтижесінде батырлардың жеке көсемдік қызметтері шектеліп, батырлық тек жеке тұлғалық қасиет ретінде қарастырлып, олардың қоғамдық - саяси өмірдегі белсенділігі бәсеңдейді. Батырлар институтының генезисі мен қалыптасуының кезеңдеріне көшпелі қоғамның өзіндік ерекшеліктері маңызды рөл атқарды, батырлар институты көшплі қоғамның шаруашылықтық - мәдени кешенінің қалыптасу нәтижесінде пайда болған әлеуметтік сұраныстың қажеттілігі ретінде пайда болды.
1.1
Көшпелі тұрмыс әскери тұрмыспен тығыз байланысты. Басқа көшпелі халықтар секілді, қазақ қоғамының әскерилендірілген өмір ырғағын анықтайтын ішкі факторлар - феодалдық ыдыраңқылық, жайылымға таласудан туындайтын руаралық және тайпа аралық қақтығыстар, барымта, қанды кек дәстүрі. Ал сыртқы саяси сипаттағы қайғылы оқиғалар: оңтүстіктегі Орта Азия хандықтарымен қақтығыстар, Еділ қалмақтарының шапқыншылықтары, жоңғар жаулаушыларына қарсы күрес оларды шиеленестіре түсетін. Осы себепті ХVІІ - ХХ ғғ. бас кезеңіндегі қазақ қоғамы әскери-көшпелі қоғам ретінде анықталады.
С. Е. Толыбековтың образдық сипаттамасы бойынша, ...дала қазақ көшпелі хандықтарының құрылу кезінен бастап толассыз әскери қимылдар алаңына айналды. Кез келген қоғамның дәстүрлі әскери ұйымдастырылуының аса маңызды аспектілерінің бірі - әскердің қамтамасыз етілуі, оның ішінде азық-түлікпен қамтылуы. Мақалада қазақтардың әскери-көшпелі тұрмыс жүйесіндегі тағаммен байланысты салттардың өзіндік ерекшеліктері жай-лы сөз қозғалады.
Қазақ хандықтарында тұрақты әскер болмаған. Оның орнына қажеттілік шамасына қарай ханның, сұлтандар мен батырлардың басшылығымен жорыққа шығатын халық жасағы жиналатын болған.
Қазақ жасағының негізгі құры-лымдық бірлігі қос - бір қазаннан тамақтанатын адамдар тобы болған. Қостағы тағамның әзірленуі мен бөлінуі үшін жауапты адам қазаншы немесе асбасшы деп аталған. Қазаншыларды жасақ басшылары жорыққа шығардың алдында әскери кеңестерде сайлайтын болған.
Отырықшы халықтардың әскерлері-не тән болатын азық-түлік арбалы керуені көшпелілерде болмаған. Әдетте әскердің жанында арнайы бөлінген адамдар жылқы үйірлері мен түйе табындарын айдап отырған. Малдың осы түрлерін таңдау, біріншіден, олардың ұзақ асуларға жақсы икемделгенімен, екіншіден, жауынгерлерге жаңа сауылған сүт пен сойылған ет беретіндігімен және осы өнімдерді үлкен көлемде беретіндігімен түсіндіріледі, ал бұл өте маңызды жайт.
Жорық кезінде, күнделікті тұрмыстағыдай, жаңа сойылған етті көбіне пісірілген түрінде қолданған. Оны аттың еріне бекітілетін дорбаларға салатын болған. Әскери қимылдар жағдайында лагерь болып орналасып, ыстық тағам дайындау мүмкіндігі болмаған кезде көшпелілер пісірілген ет қорларын пайдаланған. Ол біткен кезде аштықты басу үшін жылқының немесе түйенің сіңірін қолданған. Сонымен қа-тар, түрлі консервіленген ет тағамдарын, әсіресе жылқы етінен жасалған, сондай-ақ кептірілген, қақталған, сүрленген етті қолданған.
Жорықтағы ет тағамының ерекше бір түрі түймеш - кептіріліп, қойдың қарнында сақталатын келіде ұнтақталған ет болған. Оны қайнаған ыстық суға ерітіп, тойымды майлы тағам алатын болған.
Жорықтағы тағамның тағы бір түрі - пісірілген құйрық май. Жылдың салқын мезгілінде жауынгер майды беліне орап, тамағын осылайша өзімен алып жүрген, сонымен бірге, май оның белін жылытып отырған. Бір қызығы, құйрық майды жем біткен кезде салт мінетін атқа да беретін болған. Мұндай ат төзімді болады деп саналған.
Жорық жағдайларында тағам дайындаудың өзіндік тәсілі - қуыру және отқа немесе ыстық күлге пісіру, ал бұл әдеттегі көшпелі тұрмыс үшін дәстүрлі тәсіл емес. Осылайша істікке шаншылған бауыр, көк бауыр, бүйрек, жылқының тоқ ішегі қуырылған. Биенің және түйенің сүті де тамаққа қолданылған. Көшпелілердің сүтті шикі түрінде ішпейтіндігі белгілі. Қазақтар жылқының (қымыз) және түйенің (шұбат) сүтінен ашытылған сүт өнімдерін дайындаған. Бұл өнімдердің жорық жағдайларындағы құндылығы түйенің және биенің сүтінің бір литрі адам ағзасының барлық дерлік дәрумендерге деген тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ететіндігінде. Күніне ашытылған түйе сүтінің екі литрін ішу аптапты шөлде адамның су мен тамаққа алаңдамауы үшін жеткілікті. Қой сүтінен ашытылып дайындалатын сусындар: қатық, айран, шалап және т. б. тамаққа қолданылған. Ашытылған сүт өнімдері арнайы теріден жасалған ыдыстарда торсықтарда тасымалданатын. Сусын ыстық күндері де салқын болып тұруы үшін торсықты сулап, киіз қапқа салған. Су бірте-бірте буланып, торсықты салқындатып отырған.
Жорықта қолданылған тағамның бірден-бір түрі - құрт - ашытылған қой сүтінен дайындалатын ірімшік. Ол түрлі пішіндегі шағын кесектер түрінде дайындалып, кептірілген. Жазғы уақытта құрт шөлді жақсы қандырады, сондықтан қазірдің өзінде бәйгеге қатысушы шабандоздар аузына құрт салып қояды. Ал суға ертіліген құрт тойымды және шөлді қандыратын сусынға айналады. Ірімшіктің тұщы түрлері де тағам ретінде қолданылған (қызыл ірімшік, ақ ірімшік, сүр ірімшік және т. б.).
Өсімдік тағамдары да тамақтанудың маңызды құрамдаушылары болған. Көшпелі тұрмыста және жорық жағдайларында кең тараған және ыңғайлы тағам түрі талқан болған. Оны дайындау үшін тарыны суға шамалы пісіріп, одан соң қуырған, ағаш келіге ұнтақтап, одан соң қол диірменде ұнтақтап тартқан. Тойымды тағам, көже (көже, ботқа) жасау үшін оны суға немесе сүтке қосса болғаны. Тары мен бидай талқанынан жасалған көже өте тойымды болған, ол тез салмақ қосуға көмектескен. Өсімдік рационы сонымен қатар тары мен бидайдың қуырылған дәндерімен толықтырылған.
Азық-түлік қорлары біткен кезде, терімшілік өнімдері қолданылған: жабайы өсімдіктердің тамырлары немесе дәндері, жапырақтары, сабақтары, баданалары , жидектер және т. б.
Таза көшпелі өнімдермен қатар, жорық жағдайында мал шаруашылық дәуірінен тамыр алатын тағам түрлері де дайындалатын. Бұл ұшаны құрсақ қуысына ыстық тастарды жануардың тамағы арқылы салып пісіру; шоққа немесе үстіне от жағып, жермен көміп немесе үстіне тас үйіп, шұңқыр ішіне күлге пісіру; ұшаны оттың үстіне істікке шаншып пісіру. Осы тәсілдердің кейбіреулері әлі күнге дейін аңшылықта қолданылады.
Көшпелілер тамақтың салттық тағайындалуына үлкен маңыз бөлген. Қазақтардың түсінігінше, қандай да бір тамақтың берекесі болады. Бұл идеяның негізінде ата-баба рухтары сыйлайтын астың молшылығымен теңестірілетін құт-береке түсінігі жатыр. Сол себепті жорыққа шығар алдында ата-баба рухына құрбандық ретінде боз немесе ақ түсті бие сойылатын. Бұл ғұрып көптеген ауызша аңыздарда көрініс тапқан. Осындай аңыздардың бірінде қырық жігіт қырық ақ және боз биені жинап, төбенің немесе таудың етегіне ауыл сыртына әкетеді. Ол жерге әйелдер мен балалардың баруына тыйым салынады. Сол жерде малды сойып, ру ақсақалдары ата-баба рухына дұға оқып, еркектер құрбандық етін жеген.
Осы секілді құрбан шалу салты жазба дерек көздерінде де тіркелген. Осылайша, 1710 жылы Қарақұмдағы қазақ жүздері өкілдерінің жиналысы шақырылып, онда жоңғар әскеріне қарсы жасақтың қолбасшысы болып Бө-кенбай батыр сайланады. Ант қабылдау рәсімі аяқталысымен бәрі бірге бата оқып, ақ жылқының етінен дайындалған құрбандық тағамы үлестіріліп, бұл одақтың беріктігін білдірген.
Батаның тұрақты қолданылатын өз формуласы бар: Боз қасқа, жолыңа боз қасқа. Көптеген халықтардағы ақ түстің сакралды рөлі баршаға белгілі. Түркі-монғол халықтарының мәдениетінде ол бақыт, игілік, тазалық, бекзаттық және т. с. с. білдіреді.
Салттық тағамдардың қатарына жау жұмыр жатады (жау сөзінің мағынасы белгілі, ал жұмыр сөзі бірнеше мағынаны білдіреді: дөңгелек; асқазан, қарын; сұйық сүт тағамдарына арналған ыдыс). Осы тағамның диалектілі атауы - жау бүйрек. Демек, ол жаудың қарны (бүйрегі) дегенді білдіреді. Жау жұмыр былайша дайындалатын болған: өлтірілген жануардың еті оның қарнынан салынып, күлге пісірілген. Сірә, бұл тағамды пайдалану магиялық қызмет атқаратын болған: ол жаудың өмірлік маңызы бар мүшелерін жеуді білдіріп, демек алдағы шайқастағы жеңіске әкелетін болған.
Жорық тағамының тағы бір аспектісіне тоқталар болсақ, азық-түлік сырқаттар мен жаралыларды емдеуде де қолданылған. Осылайша, жараланған адамға ту биенің қазысын берген, жарасына қойдың құйрығы немесе шабының үстінен жаңадан сыпырылған терісін жапқан; ауыр жарақаттанған жағдайда денеге құйрық май жапсырған. Жылқының майын асқазан ауруларын емдеуде қолданған. Сынықшылар оны соғылған жерлерге, тіпті сүйек жарықтарына уқалап қолданған. Қазіргі тұрмыста да бұрынғыдай жылқы майы үсудің алдын алу үшін қолданылады. Малшылар оны қатты аяздарда бетіне, қолының ашық жерлеріне жаққан. Ешкінің майы да емдік мақсаттард а қолданылған.
Қазақтардың жорық жағдайларын-дағы тамақтануының сипатталған үлгісінің жақын аналогияларын біз ең алдымен көптеген түркі халықтарынан, сондай-ақ монғолдардан табамыз.
Осылайша, қазақтардың көшпелі және әскери-жорықтық тұрмысының жақындығы жауынгерлер мен малшы-лардың тамақтану үлгілерінің және олармен байланысты салттардың белгі-лі шамадағы бірлігін анықтаған. Әдет-ғұрып жүйесі жауды үрейлендіру, жеңіске көмектесу, ата-бабалардың қолдауын қамтамасыз ету, ауыз әдебиетінде Отан қорғаушы жауынгерлердің ерлігі мен даңқын бекіту үшін қажет болатын.
Нұрилә Шаханова, философия докторы
Қазақтардың дәстүрлі қоғамындағы батырлар институтының көне түркі заманында қалыптасқандығы туралы ойымызды Білге, Күлтегін, Тоныкөктің өз заманындағы қызметтерімен нақтылауға болады. Мысалы, Білге - мемлекет басшысы, қолбасшы, Күлтегін - батыр, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, әрі данагөй. Бұлар қазақ хандары, билері, батырларының бойынан табылған қасиет. Х.Әбжанов: өз әскерін ұстай алмаған ел басқаның әскерін асырайды екен. Бұл қағидаларды байырғы түркі қоғамы қапысыз ұққан. Өйткені байырғы түркі мемлекетінің дүниеге келуі, территориялық тұрғыдан ұлғаюы, табғаштармен күресте жеңіске жетуі, алыс-жақын көршілеріне өзін мойындатуы - бәрі, қарулы күштер арқасында жеңіспен аяқталған қақтығыстар, соғыстар нәтижесінде жүзеге асқан еді. Байырғы түркілер адамзат өркениетіне аз олжа салған жоқ. Солардың ішінде бір де болса бірегейі - әскери тактика, стратегия және соғыс өнері жайлы қалдырған мұрасы, - деп түйіндейді [36, 117 б.].
Замана ағымына сай батырлар институты даму сатысынан өтіп отырды. Ол көне түркілік көшпелі қоғамдағы жауынгерлер тобы, яғни мемлекеттің саяси құрылымындағы әскерилік жүйе, көшпелілердің күнделікті өмірінде жаугершіліктің үлкен рөл атқаруына орай әрбір ер-азамат-жауынгер тізбегімен сипаттауға сай келді. XIII-XY ғасырларда мемлекеттік шекараны жаңа жерлерді жаулап алу арқылы кеңейту, империялар құру дәуірінде Шыңғыс хан, Әмір Темір сияқты билеушілердің тұсында соғыс өнерінің шеберлері, жекелеген батырлардың ерліктерін көреміз. Осы кезде түркілік дәуірде қолданыста болған эр атауының орнына бахадур термині жиі айтыла бастайды.
Қазақ халқының тарихындағы үздіксіз әскери қақтығыстар мен соғыстардың жиі болған қазақ хандығы дәуірі, әсіресе оның ыдырау кезеңінде батырлар институтының нағыз гүлдену дәуірі болды. Батыр және бахадүр терминдеріне қатысты бахадүр негізінен ақсүйектерден, ел билеуші хандардың батырлық қасиеттеріне сай бахадүр деген атақ алып, ал қарапайым қазақ руларынан шыққандар батыр деген атаққа ие болды деген тұжырым жасауға болады. Өйткені жоғарыда айтып өткеніміздей, ханнан да, қарадан да жаужүрек батырлар шығып отырған. Бірақ бәрі бірдей бахадүр атала берген жоқ. Енді осы мәселеге талдау жасап қарағанда, батырлығымен әйгілі болған хандардың саяси титулдарымен қатар бахадүр деген де атақтары болғандығы анықталады. Атап айтқанда, тарихта батырлықтарымен Тәуке, Абылай, Әбілқайыр хандардың мысалының өзінен бәрінің де есімдері және лауазымдарымен қатар бахадүр атағы кездесетін заңдылықты байқаймыз. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мөрінде Мұхаммед Қазы бахадүр Әбілқайыр хан Қажысұлтанұлы деген жазулар бар. Қазақ билеушілері Тәуке хан, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Қайып хан, Нұралы хан, Қаратай сұлтан сияқты тұлғалардың ресми хат алмасуларда, мөрлерінде өздері жайындағы толық мағлұмат қатарында батыр (бахадүр) титулын бірге көрсетеді. И.Ерофеева XVII ғ. соңы-XVIII ғ. ортасында бахадур титулы қазақтардың шыңғыс тұқымдарына ірі әскери жеңістері үшін берілді, ол көшпелі қазақ қоғамының барлық топтарында беделді маңызға ие, сондықтан әрбір жаңа сайланған хан мен сұлтан өзінің мөрінде негізгі титулымен қатар міндетті түрде жаздырып отырды,- деп есептейді [37, С. 29].
1.2
Батыр атауы көшпелі халықтармен қатар, отырықшы халықтарда да кездеседі. Термин шығу тегі жағынан түркі-монғолдық топқа жататын халықтарда да, славян халықтарында да кездесуіне байланысты батыр сөзі ержүрек, батыл адамдарды сипаттауға арналған еуразиялық ортақ атау. Терминнің алғаш пайда болуы ерте орта ғасырларға жатады. Бұл кезеңде батыр термині әлеуметтік мәнге ие болмағанмен жеке тұлғалық ерекшеліктерді сипаттайтын термин ретінде қоғамда қолданысқа ие болды. Батырлар қазақ қоғамында ерекше әлеуметтік мәнге ие. Оған Қазақстанның Еуропа мен Азияның, яғни батыс пен шығыстың (отырықшы және көшпелі өркениеттер арасындағы) ортасындағы геосаяси орналасуы да әсер етті. Кейіннен түркі халықтары арқылы батыр атауы славян халықтарына таралған, оған шығыс славяндардағы богатырь (багатур) атауы дәлел. Дж. Кестль өз күнделігінде батыр (батур) қырғыздарда (қазақтарда) ер (герой) деген мағына береді, - деп жазады [3, С. 119].
Қазіргі кзеңдегі тарихи зерттеулерге талдау жасай отырып , батыр сөзінің этимологиясына байланысты зерттеулерді үш топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа батыр сөзі көне түркі тілінде қалыптасқан ұғым деген пікірді қолдаушыларды жатқызуға болады. Зерттеушілердің екінші бір тобы батыр сөзінің түп-төркіні көне арийлерден басталды деп есептейді. Зерттеушілердің үшінші бір тобы - батыр сөзін бастауын моңғол тілінен іздейді.
Ал енді батыр сөзінің этнониміне, яғни мағынасына келетін болсақ онда зерттеушілердің басым бөлігі ортақ пікірге келіп саяды. Батыр сөзінің мәні ержүрек, батыл, әскери өнерді жетік меңгеген, ерлігі мен аты шыққын деген мағына беретіндігіне көз жеткіземіз. Ал, батыр атағын тек қана адамның жеке бас қасиетеріне , яғни батыр сөзінің жоғарыдағы анықтамасына ғана сәйкес келетін тұлғаға ғана берілетін атақ деген тұжырым жасаймыз.
Қазақ қоғамы үшін батырлықтың белгісі ең алдымен сыртқы жауға қарсы күрестегі ерлік. Қазақ ұғымында батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Көшпелілер өміріндегі соғыстың орны мен олардың жалпы өмірінің әскерилену ерекшелігі олардың психлогиясы мен идеологиясына өз әсерін тигізген. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлық, ерлік қасиеттердің халықпен бірге жасасып келе жатқан, ұлттық ерекше қасиеттерінің қыры екендігіне шет елдік саяхатшылар мен зерттеушілер де баса назар аударғанын көреміз. Егер құндылықты тарихи-мәдени ерекшеліктерден туындайтын қоғамдық феномен ретінде қарастыратын болсақ, онда қазақ халқының да дәстүрлі қоғамына ғана тән батырларр институтын осы өлшемнің ажырмас бөлшегі ретінде ретінде зерттек қажет. Көшпелі және жартылай көшпелі қоғамның өзіне тән ғана мәдени- әлеуметтік тарихи тамырын айқындауға ұмтылыс жасау осы мәдени-әлеуметтік тамырдың ерекшелігін білген кезде ғана қоғамдық өмірдің жекелеген салалары ғана емес, сол сияқты бұл салалардың арасындағы байланыстардың қайталанбас сипатына көз жеткізуге болады 20, 94 б.. Кез-келген қоғамның ерекшелігі оның шаруашылық-экономикалық құрылымының сипатына ғана емес, сол сияқты мәдени-рухани тұрмыс-тіршілігіне де тікелей байланысты. Ал, көшпелі қоғамдар үшін бұл екеуі ажырағысыз ұғымдар. Көптеген ғалымдар мен зерттеушілер қазақтардың сана-сезімі , әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, танымы, бір сөзбен айтқанда бүкіл өмірі көшпелілік үрдісімен тығыз астасып жатқандығына ерекше назар аударады. Көшпелі қазақ қоғамын зертей отырып С. Толыбеков Батырлықсыз көшпелі халықтың қалыптасуы ойға сиымсыз 21, 257 б., - деп атап өткен еді.
Кеңестік таихнамада батырлардың билеушілер тобына жатқызылуы, біз қарастырып отырған кезеңде қазақ қоғамындағы әскери-потестарлық құрылымның рөлінің үлкегндігімен анықталды, сондай-ақ мұндай билік пен беделге батырлар да ие болды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелу барысында батырлардыың үстем тапқа жатқызылуы тарихи кезеңдегі әскери - басқару құрылымының үлкен рөл атқаруымен, демек, әскери қарсыласу дәуірінде батырлар - көсемдер ие болатын зор билік ықпалымен анықталды.
Батырлар жырында, ақын-жыраулардың толғауларында, тарихи романдарда, әртүрлі лұғаттарда батыр термині жиі кездеседі.
Әскери өнерді жақсы меңгерген, ақылдылығымен , асқан қайратымен, жау түсірер жеке басының ерлігімен аты шыққан, қол бастайтын азамат батыр деп аталған. Батыр атағы мирасқорлық жолын қумаған, әрбір адам оған жеке басының ерлігімен ие болған. "Батырлар атағының кең таралуы,- дейді М.П.Вяткин - қазақ қоғамының өзгешелік сипатының бір түрі. Бұл жағдай біз қарастырып отырған заманда өзбектерде де, қарақалпақтарда да, қырғыздарда да болмаған".
Батыр - жалпы түркі тілдеріне ортақ көне сөздердің бірі. Көне түркі жазуларында батур, баһадур сөздері жалқы есім және әскери атақ мағыналарында қолданылған. Батыр термині көпшілік тілдерде бар: қарақалпақ, татар тілдерінде батыр, өзбек тілінде ботир, ұйғыр тілінде батур осман түріктері тілдерінде ватур , қырғыз тілінде батыр, алтай тілінде матыр, патыр, шор тілінде бағатыр, румын тілінде бахадирка, украин, поляк, орыс тілдерінде богатырь, венгер тілінде ватор, вогул, манси тілдерінде мадур, осетин тілінде ватраз, үнді тілінде вахадур, француз тілінде бахадоир формасында ұшырайды.
Қазақтың қаһармандық эпостарында ұшырайтын батырлар: қара батыр, қара берен батыр, жеке батыр, қамал бұзған батыр болып бөлінеді.
Үрім-бұтағынан бері қарай батыр атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс даласын тастамайтын батыр қара батыр немесе қара берен батыр деп аталған.
Жеке батыр - қауіп-қатерді елеместен, ұрысқа жолдассыз, жалғыз өзі аттанатын батыр. Қазақтың қаһармандық эпостарындағы Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды, Қамбар - жауына жалғыз аттанған ұлы батырлар.
Қамал бұзған батыр - талай рет жаугершілікке қатынасып, жауын жеңіп, бірнеше рет қамал алған, атақты, танымал батыр.
Жоңғар басқыншыларына қарсы қол бастап, жауына соққы берген Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар-батырбасы атанған. Ертеде қазақтарда не көп батырлар көп болған. Тарихи мәліметтерге жүгінсек, қазақтарда әр тайпаның, әр рудың өзінің батырлары болған. Жорық-жортуыл, жаугершілік тәрізді ел, халық тағдыры шешілетін сын сағаттарда, ауыр кезеңдерде, ер сасқан, әйел етегін басқан, ата баладан, ана қызынан айрылған, "Ақтабан шұбырынды" аталған аласапыран заманда, қан кешті ұрыс, жан кешті майдандарда өзінің айлакерлігімен, ерлігімен көзге түскен, жауына қарсы аттанған азаматтардың басын біріктірген, халық ұландарын бастағандарды, ел батырбасы деп атаған.
Ғалымдар арасында батыр сөзінің шығу тегі, қайсы тілге жататыны жайлы әртүрлі болжамдар, қарама-қарсы пікірлер бар. Ғалым- тілшілердің бір тобы бұл сөздің баатур түрінде "Алтын жарықта", ал баһадур формасында монғолдың жазба тілінде кездесуін атай келіп, мұның екеуі де монғол тілінің сөзі деп топшылайды. В.Банг қырғыз, сағай тілдерінде ұшырайтын баатырматыр формаларын баһадур сөзінің қысқарған түрі, яғни дыбыстық өзгерістерге ұшыраған варианты деп табады. К.Менгес көне түркі тіліндегі батур сөзін баһадур сөзінің қысқарған түрі деп, В.Бангтың пікірін қуаттайды. М.Рясенен де түркі тіліндегі батур сөзін баһадурден шығарады. Т.Рамстедт парсы, орыс тілдерінде кездесетін баһадур және батырь, түркі тілдеріндегі батыр сөздерінің түбірі: "герой, ержүрек" мағыналарын білдіретін баһа сөзі болу керек деп топшылайды Л.З.Будагов алтай тіліндегі пәттірмәттір сөзін монғол тіліндегі баһадур сөзінің варианттары деп, монғол тіліне апарып телиді. С.Е.Малов ұйғыр тіліндегі батурбатыр сөздеріне шолу жасап, оны бірде парсы, бірде монғол тіліне жатқызады.
К.Менгес В.Хенигстің ауызша айтқан жорамалына сүйеніп, оған сілтеме жасап, көне түркі тіліндегі батыр сөзінің шығу тегін парсы тілімен, әсіресе, оның шығыс тобымен байланыстырады. Мұның дәлелі ретінде авеста тіліндегі вахтар сөзін мысал ретінде келтіреді. К.Локоч баһадур парсы тілінің сөзі, ол баһа путра сөзінен шыққан, яғни, "бақытты болып, кейін оралу" деген мағынаны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz