Мақал - мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу тәсілдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3 - 5

І. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке

тәрбиелеудің педагогикалық негіздері . . .

1. 1. Педагогика тарихында адамгершілік тәрбиесінің

зерттелу жайы . . . 6 - 18

1. 2. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке

тәрбиелеуде мақал-мәтелдердің мүмкіндіктері . . . 19 - 30

ІІ. «Ана тілі» сабақтарында мақал-мәтелдерді оқыту арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу жолдары . . .

2. 1. Бастауыш мектеп оқушыларын мақал-мәтелдерді оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің «Ана тілі» оқулықтарында

қамтылу жайы . . . 31 - 40

2. 2. Мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке

тәрбиелеу тәсілдері . . . 40 -56

2. 3.

Қорытынды . . . 57 - 58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59 - 60

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі:

Қазіргі кезеңдегі саяси және экономикалық жағдайдың шиеленісуі, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың өршуі, адамгершілік құндылықтардың кемуі білімге, адал еңбекке деген ұмтылудың азаюы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің белең алуы, жеке адамның қоғамнан, ұлттық және мәдени дәстүрлерден өзін шектеуі жас ұрпаққа теріс ықпалын тигізуде.

Халық дәстүрлері мен оның озық үлгілерінің жоғалуы, қоғамның рухани жағынан жұтаңдыққа ұшырауына, уақыт пен ұрпақ байланысының ыдырауына әкеліп соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін білмейді.

Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында:

«Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуы қажет» деп көрсетілген.

Демек жастарға әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім-тәрбие беру ғаламдық мәні бар проблемаға айналып отыр. Сондықтан елеміздің даму стратегиясына сай олардың рухани байлығын одан әрі жетілдіруде адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән берілуде.

Адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық даму сатысында зерттеу объектісі болып отырғаны баршаға белгілі. Жастардың адамгершілік көзқарасын, санасын, жауапкершілік қатынасын қалыптастыру ерте кезден-ақ ұлы ойшылдар мен педагогтарды толғандырған мәселе. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін Әбу Нәсір әл -Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинский т. б. Олар өздерінің педагогикалық идеяларында жеке адамның адамгершілік қатынасын қалыптастырудағы маңызына ерекше мән берді.

Жеке тұлғаның адамгершілік дамуы мен ұлттық мәдениетінің қалыптасуын Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов зерттесе, адамгершілік тәрбиесінің психологиялық, педагогикалық негізі мен жеке тұлғаның әлеуметтену проблемасына Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, Қ. Б. Жарықбаев тәрізді ғалымдар назар аударған.

Адамгершілік тәрбиесінің тарихи даму жолдарын Қ. Б. Бержанов, Р. Д. Ержанова, А. Д. Сембаев, Т. Т. Тәжібаев зерделеген.

Адамгершілік тәрбиесін ұлттық педагогика аясында зерттеген еңбектер де бірқатар: С. А. Ұзақбаева, С. Қ. Қалиев, К. Ж. Қожахметова, Р. К. Төлеубекова және т. б.

Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы еңбектерге, оқу әдістемелік құралдарға жасаған талдау жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің қажеттілігін, бірақ оның ғылыми педагогикалық тұрғыда жүйелі зерттелмегені арасында қарама-қайшылық бар екені байқалды.

Осы қайшылықтардың шешімін табу біздің зерттеу проблемамызды айқындап, тақырыпты «Бастауыш мектепте Ана тілі пәнін оқыту барысында мақал-мәтелдерді оқыту арқылы оқушыларды адамгершілікке баулу» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларын адамгерші- лікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздерін анықтау және оны жүзеге асыру жолдарын көрсету. Мақал-мәтелдерді ана тілі сабақтарында оқыта отырып баланы адамгершілік қасиеттердің жоғарғы сатысына көтеру. Яғни өмірге деген белсенді көзқарасын, достық, жолдастық, еңбек сүйгіштік, имандылық, ұлтжандылық, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде адамгершілік тәрбиесінің алатын орны мен мүмкіндіктерін анықтау.

2. Ана тілі сабақтарында адамгершілікке баулудың тиімді әдіс-тәсілде- рін қарастыру.

3.

Зерттеу орны: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №36 орта мектеп.

Зерттеу әдістері : 1. Педагогикалық, әдістемелік, философиялық, тарихи әдебиеттерге шолу жасау.

2. Озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау жасау.

Зерттеу объектісі : бастауыш мектептің оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: Ана тілі пәнін оқыту барысында мақал-мәтелдерді оқыту арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Зерттеу болжамы:

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І . Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке баулудың

педагогикалық негіздері

  1. Педагогика тарихында адамгершілік тәрбиесінің зерттелу жайы

Қазіргі кезде біздің қоғамымыздың ілгерілеу үдерісінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайында адамгершілік тәрбиесінің мәні мен оның проблемалары күрделіленіп отыр.

Қоғамның тарихи даму тәжірибесі адамгершілік тәрбиесінің проблемалары үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін дәлелдейді.

Адамгершілік-қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Бірде-бір адамзат қоғамы адамгершілік тәрбиесінің тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

Тарихқа көз жіберсек, қоғамдық өмірдің дамуында адамзат бойында адамгершілік ең негізгі құндылық болып келеді.

Чех ғалымы Я. А. Коменскийдің адамгершілік тәрбиесі жөніндегі мәселеде діни бағыты өте айқын байқалғанмен, тәрбиенің бұл саласынан да құнды пікірлер қалдырды.

Ұлы ойшыл адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі-эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету деп есептеді.

Я. А. Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайылық, еңбексүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.

Джон Локк адамгершілік тәрбиесін кеңірек қарастырды. Ол адамгершілік қасиеттер мен сапалар ретінде адамдағы кішіпейілділікке, ұстамдылыққа, сақтыққа және әділеттілікке ерекше мән берді. Осы қасиеттер мен сапалардың барлығы ақылға бағындырылуы қажет. Бірақ Локктың түсінігіндегі ақылдылық Коменскийдің ұсынған жоғары және кең ұғымдағы ақылдылық дәрежесіне жете алмады. Локк түсінігіндегі ақылдылық құр тәжірибеге сүйенді, тар практикалық шеңберде ғана болды. Сөйткенмен де Локктың педагогикалық пікірлерінде гуманизм және адамды сыйлап құрметтеу элементтері орын алды.

Локктың ойынша адамға қажетті тағы бір сапа-мінез-құлықтағы мәдениеттілік. Дөрекілік, мысқылшылдық, әдепсіздік, кекшілдік мінез- құлық мәдениеттілігіне сыйыспайтын қасиеттер деп есептеді.

Ж. Ж. Руссо адамгершілік тәрбиесі 15 жастан басталады деген. Руссоның сенуінше «үшінші сословиенің» алдыңғы қатарлылары жалпы адамгершілік идеалды (мақсатты) ұстаушылар. Сондықтан жаңа қоғам жастарын ел-жұртын сүюге үйрету, оларды нағыз адам етіп тәрбиелеу керек деген пікірде болады. Руссо осыған байланысты адамгершілік тәрбиесінің үш міндетін: дұрыс мінезге, дұрыс ұғымға, дұрыс ерікке тәрбиелеуді ұсынады.

Сөйтіп, тәрбиенің жоғарыдағы сатылары мен мазмұндары арқылы Руссоның қиялындағы жаңа адамның идеалды образы құрылды. Оның сипаты: ақылды, қайратты, адамгершілігі мол, бірақ білім дәрежесі шағын қолөнерші-ойшыл адам.

И. Г. Песталоций адамға пайдалы істерге баланы араластырып жаттықтыру арқылы ғана дұрыс мінез-құлыққа тәрбиелеуге болады деді. Моральдық тәрбиенің ең жай элементі баланың анаға деген сүйіспеншілігі, ол баланың күнделікті қажеттерінің орындалып отыруы негізінде дамиды. Моральдық тәрбиенің негізі- семьяда қалыптасады деген Песталоцци. Баланың анаға деген сүйіспеншілігі бірте-бірте семьядағы басқа адамдарға да ауысады. Баланың моральдық дамуы әрі қарай мектепте жалғастырылады, онда мұғалімнің балаға қатынасы әкелік қамқорлық негізінде құрылады. Мектепке келуге байланысты баланың қарым-қатынасы кеңейеді. Мұғалімнің міндеті- баланың айналасындағы адамдарға, жалпы адамзатқа сүйіспеншілікпен қарайтын етіп тәрбиелеу.

Моральдық тәрбиенің негізгі бір мақсаты балаларды адамгершілікке жататын қылықтарға жаттықтыру. Осының нәтижесінде олардың еркі дамиды, ұстамдылыққа үйренеді.

Иоганн Гербарттың дәлелдеуінше, адамгершілік тәрбиесінің мақсаты- мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие негізінен оқу арқылы жүргізіледі. Осылай Гербарт адамгершілік тәрбиесін түгелдей интеллектуализм тұрғысынан есептеді.

Осыған байланысты Гербарт адамгершілік тәрбиесі де оқу сияқты баланың әр салалы қызығушылықтары мен адамгершілікті елестетулеріне негізделеді деп есептеді.

Ол адамгершілік принциптерін жоғарыда айтылған баланы бағындыра басқаруға қарсы қойды. Бағындыра басқаруда баланың еркі мен саналылығы кемітіледі, тежеу жасалынады, ал адамгершілік тәрбиесінде бүкіл әдістер балада болатын барлық жағымды, жақсы сапаларға арқа сүйеуге негізделеді. Тәрбиеші тіптен тәртіпсіз баланың өзінен жақсы сапаларды іздестіруі тиіс деді ол.

Адольф Дистервег мектептің мақсаты- азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі. Жалпы адамға және халыққа деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деп көрсетті.

Революцияшыл- демократиялық педагогиканың негізін салушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі мәні-адамның адамгершілік қадірі мен абыройына, жоғары міндетіне табанды сенім, отаны мен халқына адал қызмет ету, шындық пен ақиқатты сүйе білу, әділетсіздік атаулыға терең жиіркеніштілік сезім, онымен күресу деп дәлелдеді. Адамгершіліктің осындай мәніне сәйкес Белинский мен Герцен балаларда ең алдымен патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, сөзді іспен байланыстыру қасиеттері мен сапаларын тәрбиелеуді көздеді. Олар шынайы, таза адамгершілік адамның өз отанына жалынды сүйіспеншілікте болуын талап етеді деп көрсетеді. Олар нағыз адамгершіліктің өлшемі мен көрсеткіші сөз жүзінде емес, практикалық іс-әрекет үстінде байқалады, сондықтан адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін-адамгершілік жөніндегі жүйелерді, өсиет сөздерді оқып, үйреніп қана қоймай, дұрыс адамгершілік қасиеттерді практикалық іс пен өмір үстінде қалыптастыру керек.

Кіші жастағы балаларға адамгершілік тәрбиесін сіңіру үшін олардың мінезін теріс бағыттардан тазарту қажет, ал ол үшін олардың көз алдына ұнамды үлгілер көрсетілуі тиіс деді.

Н. Г. Чернышевский жас өспірімдерге, болашақ белсенді қоғам қайраткерлеріне, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік сапалары мен қасиеттер қажет деп есептеп зерттеді: патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыра білу, кішіпейілділік, әдептілік.

Шығыс философтары мен ұлы ойшылдар өздерінің ой-пікірлерінде халықтық педагогиканың негізін қалаған, оның тәлім-тәрбиелік мәнін ашқан, ұлттық салт-дәстүрдің маңызын дәлелдеген.

Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағлымдары мәдениет тарихын Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ойшылдарының еңбектерінен көруге болады. Олардан халықтың бір-бірімен әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұрғысынан жақындағы ғасырлар қойнауынан орын алатындығын көреміз.

Тәрбие туралы ой-пікірлер VІ ғасырдағы Орхон-Енисей жазуларынан басталып Орта ғасыр ғұламалары (әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари т. б. ) мен алтын орда дәуірі оқымыстылары (С. Сари, Қ. Жалайри т. б. ), ХІV-ХV ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулар (Асанқайғы, Шалкиіз, Бұқар, Махамбет Әсет т. б. ) .

Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік ерекшеліктерімен, қайшылықтарымен біте қайнасып, ұлы ғұламалардың мұраларында елеулі орын алған. «Алдымен қайырымдылыққа, одан кейін даналыққа үйрен, себебі біріншісіз екіншісіне үйрену мүмкін емес»-делінген.

Ал қазақ даласының перзенті, ұлы ойшыл ғұлама ғалым Әбу насыр әл-Фараби Я. А. Коменскийден алты ғасыр бұрын-ақ өзінің тарихқа танылған трактаттарында: «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жолында», «Азаматтық саясат», «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік -этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар» т. б. еңбектерінде сол кездің өзінде-ақ адамгершілікті философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан дәлелдеген. Әл-Фараби үлкендердің кішілерге, жастарға беретін тәрбиесін «Үлкендердің ұлағаттылығы» деп атады. Жастарға тәрбиенің мәнін түсіндіруде оның қоғам дамуындағы алатын орнына, ең алдымен адамгершілік тәрбиесіне және жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына байланыстылығын дәлелдеді.

Ғұлама ғалым әл- Фараби - шығыс елдерінде тұңғыш педагогикалық жүйе жасаған ағартушы, оқымысты. Сонымен қатар «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жету жолында» туралы трактаттарында эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, адамгершілік қасиет- сапалардың құндылығын көрсетіп, олардың қоғамдық - әлеуметтік негізін айқындаған. Ол адамды бүкіл жаратылыстың биік шоқтығы деп санап, оны құрметтеуге, қастерлеуге мән берген. Осы орайда әл- Фараби жасаған қорытындының бірі- білім, еңбек, адамгершілік үшеуінің бірлігінде. Сондай- ақ адамның адамгершілігінің көркемділігін, сұлулығын бағалаған. Көркемдік- адамның денесі мен рухани жан дүниесін, адамгершілік қасиетін көрсететін белгі деп есептеген.

Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік ой- пікірі тарихында ірі ғұламалардың бірі болып саналатын XІ ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұни.

Жүсіп Баласағұни - XІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл шығыс елдеріне және бүгінгі күнге дейін дүниежүзілік қоғамдық ой- пікірге мәлім данышпан, ойшыл, философ, энциклопедист ретінде танылған. Оның есімін әлемге танытқан «Құтты білік» поэмасы- қазақ халқының педагогика тарихында ерекше орны бар адамгершілік тағылымы мол мұра.

Ж. Баласағұни «Құтты білік» еңбегінде адамгершілік, қоғамдық саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет- ғұрыптар, мәдениет т. б. мәселелерді өз дәуірінің талап тілектері тұрғысынан жоғары дәрежеде көрсете білгендігі, бүгінгі қоғамның педагогикалық сұраныс талаптарына жауап беретін рухани мұра деп бағалаймыз. Ж. Баласағұнидың педагогикалық мұрасында имандылық, рухани, адамгершілік, тәлім- тәрбиелік көзқарасы, сонымен қатар тектілік, мейірімділік, достық ұғымдарының, қасиет- сапалардың мәні айқындалып, тәрбиенің, өзін- өзі тәрбиелеудің алатын орны көрсетілген.

Осы бағытта ерекше орын алатын орта ғасырлық ғұламалардың бірі- Махмұт Қашқари (XІ ғ. ) . Оның басты еңбегі- «Диуани лұғат- ат- түрк» түсіндірме сөздігі. М. Қашқари өз сөздерінде әділдікке, адамгершілікке, ар- намысты жоғары ұстауға, махаббатқа, мейірімділікке, әдептілікке шақырады. Сонымен қатар, бұл қоғамдық өмірді және адам тәрбиесінің барлық салаларын бір- бірімен байланыстылықта түгел қамтыған шығарма.

М. Қашқари «Сөздігінде» тәлім- тәрбиелік тағылымдарды, ой- толғау- ларында адамгершілік қасиет- саналарды тірек етіп алған.

Мәселен:

1. Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер,

2. Ұлысыңда ұлы болсаң, біліміңді елге бер.

3. Асығыс еткен іс -шала,

4. Асығыс жаққан от- шала . . .

5. Ғаріп келсе- күт оны, ас- суыңа қандыр да,

Қума үйіңнен, бірақта сапарынан қалдырма.

Иә болмаса, «Жақсы адамның сүйегі шірігенмен, аты қалар»- деп, жақсылық жасаған адамның аты өшпейді деген тұжырым айтып, адамдарды бір- біріне жақсылық жасауға, қайырымдылыққа шақырған.

Көріп отырғанымыздай адамгершілік тәрбиесі өзінің дамуында қазақ халқының барлық тарихи кезеңінде белгілі орын алғаны айқын.

Біздің адамгершілік тәрбиесіне байланысты ұлы ғұламалардың еңбектерінен іріктеліп алған негізгі идеялардың XІІ ғ. өмір сүрген педагогикалық, қоғамдық ойдың қалыптасуына ықпал жасаған ірі тұлға Қожа Ахмет Йассауи еңбектерінде әрі қарай дамып, жалғасып келе жатқанын «Диуани хикмет» еңбегінен көреміз. Бұл еңбегінде автор рухани байлықты қоғамдық өмірдің дамуымен байланыстыра отырып, халық даналығына негіздеп, адам тәрбиесі туралы идеяларды, ережелерді қорытындылаған. Қоха Ахмет Йассауи шығармасында басты адамгершілік ізгіліктерге, сөз бен істе шыдамды, төзімді болу, жақсы мен жаманды айыра білу, надандық, сараңдық, дүние құмарлық, жалған сөйлеп, имансыз болудан сақтандырған.

Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген дала ғұламаларының көрнекті өкілдері Өтебайдың Тілеуқабылұлы (1388-1483жж. ), Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж. ), Қадырғали Жалайыр (1555-1607жж. ), Асан қайғы (XV ғ. ), Бұхар Жырау (1693- 1787жж. ), Төле би (1663-1756жж. ), Қазыбек би (1665-1765), Әйтеке би (1682-1765 жж. ) т. б. тәлімдік тағылымдарына, әсіресе ұлттық психологияның алғашқы ұғымдарына және адамның адамгершілік қасиет- сапаларына ғылыми- педагогикалық талдау жасалған. Жоғарыда аталған ұлы ғұламалардың өмір сүрген кезеңнің өзінде- ақ адамның адамгершілік тәрбиесінің ұлттық моделінің құрыла бастағанын көруге болады, осы арада мынандай педагогикалық тағылымдар болғанын айта кеткен орынды. Ғұламалардың тағылымдарының өзегіне жан- жақты, «сегіз қырлы, бір сырлы» болып жетілген ұрпақты тәрбиелеу алынғанын көреміз.

Ал XІXғ. басында бұл адамгершілік идеялар әрі қарай жалғасын тапқан. Мәселен, XІXғ. басында Дулат Бабатайұлы (1802-1874 жж. ), Махамбет Өтемісұлы (1803- 1844жж. ), Шортанбай Қанайұлы (1818-1884жж. ), Сүйінбай Аронұлы (1822-1895жж. ), Мұрат Мөңкеұлын атап өтуге болады.

Тамыры терең тартқан тарихымызды педагогикалық тұрғыдан таразыласақ, Қазақстандағы педагогикалық ой- пікірдің дамуы. Ш. Уәлиха- нов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин есімдерімен байланысты болғаны айғақ.

Бұл ағартушы ғалымдардың еңбектері бүгінгі күнге дейін ғылымның барлық саласында әр қырынан зерттеліп отырғандығы мәлім. Дей тұрғанмен біз зерттеуіміздің басты бағытына байланысты Абай, Шоқан, Ыбырай еңбектерін, оның адамгершілік тәрбиесі мәселелерін педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қарастыруды жөн көрдік.

Осы тұрғыда Абай педагогика мәселесіне арнайы еңбек жазбаса да, педагогтік қызметпен тікелей айналыспаса да жастарды тәрбиелеу жөнінде терең, аса құнды пікірлер айтқан ойшыл-педагог деп танимыз. Абайдың рухани әлемі, оның негізгі зерттеу объектісі -адам. Ол адамның мінез-құлқын, адамгершілік ізгі қасиеттерін тәрбиелеуді өмір бойы басты идея етіп ұстап, кісілік тұрғыдан жетілдіру қажеттігін айқындаған. Осы тұрғыдан жастарға «адам бол», «азамат бол», «қатарыңнан қалма» деген философия- лық қағидаға негізделген педагогикалық көзқарасында адамгершілігі мол адам -қоғамға ең пайдалы деп тұжырымдаған.

Абай адамгершілік қасиеттерін биік талғаммен талдап, адамгершіліктің ұстаздық жолын көрсеткен. Сонымен қатар, адамгершіліктің тарихи даму жолын шығыс, орыс, батыс, еуропа мәдениетімен және қазақ халқының сан ғасырлық бай мұрасының негізінде педагогикалық әлеуметтік тұрғыдан ой тұжырымдаған. Абай шығармалары бүгінгі күнде де өзінің құндылығымен әлемге танылған тарихи рухани мұра деп есептейміз.

Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік, өтірік, өсек пен араздық, надандық пен мәдениетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, үміт артып отырған жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін көре отырып, халықты, әсересе жастарды адамгершілікке тәрбиелеуді ашық ұсынды. Бұл идея оның тіпті кез-келген шығармасында байқалып отырады деуге болады.

Ол жастардың еңбексіз жүріп, жаманшылдыққа бой ұратынына қарсы болды. Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді.

Абай түсінігінде, адамның ең жақсы қасиеттері-ерлік, табандылық, тұрақтылық, әділеттілік және шыншылдық, сыпайыгершілдік, еңбексүйгіш- тік, білімге құмарлық және ақылдылық.

Абайдың айтуынша, адамгершілігі мол адам батыл, ер жүрек болуға, қорқыныш дегенді білмеуге тиіс, қайткен күнде алдына қойған мақсатқа жете білуі тиіс.

Қазақстан тарихында осындай өзі өскен ортасынан нәр алып, жетілген өкілдің бірі- Шоқан Уәлиханов. Қазақ халқының рухани өмірінде Шоқан есімі шығыстанушы, географ, этнограф, тарихшы, суретші, ағартушы, демократ және Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші ғалым деп танылған. Сонымен қатар, Шоқан адамгершілік ар-ожданы жоғары, өмірге деген азаматтық құштарлығымен, байқампаздығымен, өзіндік пікірлерімен, жоғары мәдениеттілігімен өз халқына, Отанына деген сүйіспеншілігімен аса мейірімді жоғары бекзаттық, адамжандылық қасиет-сапаларымен өз ортасында ерекше көрінген тұлға.

Шоқан «Мұсылмандық туралы», «Қазақ шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Манас» және т. б. еңбектерінде өз халқымен бірге басқа халықтардың әдет-ғұрпын, әлеуметтк жағдайын, ортасын, адамдармен қарым-қатынасын, ерекшеліктерін, діни көзқарастарын, жағымды-жағымсыз қасиет-сапаларын, жастар тәрбиесіндегі адамгершілік ерекшеліктерінің мәнін жан-жақты ашып көрсеткен. Қырғыздардың ауыз әдебиетін зерттеу нәтижесінде Шоқан тарихи эпос дәрежесіне көтерілген «Манас» шығармасында халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының география, дін және салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі бір халықтың болмысына адамгершілік негізінде тарихи, ғылыми талдау жасаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Мақалдар жарысы
3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану
Бастауыш сыныпта ана тілі сабағы арқылы жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту
Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
«Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz