Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   






Мазмұны

Кіріспе . . . 4-6

Анықтаулар . . . 7-8

Қысқартылған сөздер және белгілер . . . 9

Ι бөлім. Әдебиетке шолу . . . 10-26

ΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының жалпы сипаттамасы . . . 27-37

ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау . . . 38-50

ΙV бөлім.

4. 1. Қоршаған ортаны қорғау . . . 51-56

4. 2. Еңбек қорғау . . . 57-61

Қорытынды . . . 62-63

Қолданылған әдебиеттер . . . 64












Кіріспе

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272, 5 млн га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи шаруашылық аумақ пен 2 табиғи шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөп (112, 2 млн га), шөлейтті (37, 3млн га), және дала (62, 4 млн га) аумақтарында болып отыр. Барлық жер қоры 7 санатқа бөлінеді, оның ішінде 34, 4 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, 43, 9 мемлекеттік запастағы жерлер, 7, 5 елді мекендердің жерлері, 4, 1 өнеркәсіп, транспорт, байланыс және қорғаныс, өзге де ауыл шаруашылығы емес, 4, 0 орман, 1, 3 су қоры жерлер, ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 0, 55 пайызды құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан, қалалар мен поселкелердің саны 7164 құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының мол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді.

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерлерінің және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері нысаналы пайдаланылу мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуымен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Жер кадастры арнайы дайындықты және білімді талап ететін күрделі шара.

Жер- адамның өмір сүру ортасы, өсімдік және мал шаруашылығы өнімін өндірудің ең басты құралы, елді-мекендердің тұрағы және өнеркәсіптік құрылыстарды, байланыс көліктерін орналастыру негізі, сондай-ақ табиғат байлығының қоймасы.

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны.

1. Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылықтар жалға берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Бұл ретте жер учаскелерін пайдалану төлемақысының ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен төмен белгіленбейді.

Жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына қарай сараланып белгіленеді.

2. Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган мемлекеттің жеке меншікке өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді.

Жер тек өндіріске тартылғанда ғана өндіріс құралы бола алады. Ол әрқашанда еңбек, су және басқа биоклиматтық ресурстармен пайдаланылады.

Ал, ауыл шаруашылығын алсақ бұл процесс табиғаттың ұдайы өндіріс процесімен аралас, ал, нәтижесі болса биоклиматтық ресурстардың, алдымен жердің, әсіресе, оның құнарлы қабатының күйімен байланысты.

Қазіргі кезде академик З. Д. Дүйсенбеков, профессор, Подольский Л. И. басшылығымен жер бағасын анықтау әдістері және республикамыздың әр аумағында әр түрлі санаттардағы жерлердің бағасы бойынша ұсыныстарды зерттеулер жетілдіру үстінде. Сонда да қазіргі қолданыстағы әдістемелер жерді нарық айналымына түсуге мүмкіндік беріпотырған жоқ . Бұл әдістемелер тек ауыл шаруашылық арналуындағы жерлерді бағалауға бағытталған. Ал басқа санаттардағы жерлерге бұл әдістемені қолданудың реті келмейді. Л. И. Подольскийдің ойынша жерді бағалау әдісі, бағыты қоғамның даму деңгейіне, жер ресурстарын жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің пайдалану сипатына, олардың қажеттілігіне тәуелді. Сондықтан осы кезде әр түрлі мақсаттар үшін бірыңғай жерді бағалау әдісі жоқ .

Жерлерді бағалау, Қазақстан жер ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын және әдістерін зерттеу мәселелері ҚР ҰҒА академиктері Қалиев Г. А., Куатов Р. И., Сағадиев К. Ә., Дүйсенбеков З. Д., ҚР ҰҒА корреспондент мүшелері Сатыбалдин А. А., Григорук В. В., ғылым докторлары Гендельман М. А., Сигарев М. И., Спектор М. И., Ткачук С. А., және т. б. ғылыми жұмыстарында келтірілген. Осы еңбектердің нәтижелері қазіргі уақытта да пайдалануда. Мемлекеттік жерге орналастыру және жер қатынастарының ғылыми- өндірісінде орындалған жерді бағалау жұмыстары нәтижелері негізінде мемлекеттің пайдалануға берілген жерді сатып алу төлемінің базистік ставкалары ұсынылған. Олар жер салығының ставкасы негізіне алынған.

Қазақстанда жерлерді бағалау жұмыстары «жерлерді бағалаудың бүкіл одақтық әдістемесіне» және «жерді бағалауды жүргізу тәртібі» туралы нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. Мұнда Қазақстанның және басқа да мемлекеттердегі жер кадастрының даму тарихы, жерді есепке алу, жерді бағалау және жер салығын салу жұмыстарының негізі, мемлекеттік жер кадастрының басқа пәндермен және ғылым салаларымен байланысы қарастырылады.

Жер сапасы дегеніміз - шаруашылышылықтың өнімділігінің ең басты негізгі факторы десек болады. Сондықтан щаруа қожалығының құжатарының басты бөлігіне топырақтың құнарлы сатысы, бал бонитетімен көрсетілуі керек. Бұл тек табиғи жағдайын ғана емес, экономикалық факторларының көрсеткіші болып келеді. Дәл осы екі фактор арқылы жер өнімділігін, өнім көлемін анықтауға және жоғары өнім алуға болады. Негізгі топтама бал бонитеті мен егістік көлемінің орташа салмағын қарастыруды қадағалау болады. күлі шаруашылық бойынша.

Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен қатар топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақ геоботаникалық және басқа да зерттеу іздестіру жұмыстары жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.





































Анықтаулар.

Жер - Қазақстан Республикасының егеменділігі белгіленетін шекті аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келгкен еңбек паоцесінің аумақтық негізі;

Төлемақының базалық ставкасы - Мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатқан кезе оның кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы;

Уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар;

Мемлекеттік жер пайдаланушылар - мемлекеттік республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар;

Жер үлесі - жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге қатысудың Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленгнен тәртіппен және жағдайларда бөлініп шығарылуы мүмкін сан жағынан айқындалған үлесі;

Жер құқығы қатынастары - жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар;

Жер ресурстары - қоғамдық материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер;

Жер кадастры - жер туралы мәлметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрдың құрамдас бөлігі;

Жер учаскесі - Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

Жерді жалдау төлемақысы - уақытша өтеулі жер пайдалану төлемақысы;

Жер учаскелерінің нысаналы мақсатының жіктемесі - аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес учаске аумағын және онда орналасқан үйлер мен ғимараттардың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатының (пайдаланылуының) үлгісі мен түрі бойынша жер учаскелерінің мақсаты пайдалану түрлерін топтастыру;

өзіндік қосалқы шаруашылық - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;

Жер қатынастарының объектісі - Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан желеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар;

Топырақ қабаты - жердің құрғақ үстіңгі қабаты, тек өзіне тән құрылымы, құрамы мен қасиеттері бар ерекше табиғи түзілім;

Шартты жер үлесі - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерінің, мемлекеттік емес болып қайта құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ Кодексте аталған өзге де тұлғалардың сандық тұрғыдан анықталған үлесі, оған сәйкес аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамында бұдан бұрын болған жер учаскелерін құқықтар беру жүзеге асырылады немесе Кодексте көзделген өзге де құқықтар іске асырылады.

Жерге орналастыру - жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға және жағымды экологиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесі.

Жер категориялары (санаттары) - негізгі мақсатталғанына және белгілі бір пайдалану және қорғалу режиміне қарай ерекшеленетін елдің жер қорының бөліктері.

Шартты белгілер - жерге орналастыру схемалары мен жобаларының элементтерін топографиялық пландар мен карталарда бейнелеуге қолданылатын белгілер жүйесі.

Орташа қашықтық - жерге орналастырулық есептерде қолданылатын шама. Бұл көрсеткіш шаруашылықтың ішінде жүкті тасымалдаудың орташа қашықтығын сипаттайды. Оның шамасы жер учаскелерінің ауданы мен сол учаскеге дейінгі қашықтық ескеріле отырып анықталады.






















Қысқартылған сөздер және белгілер

Қ Р - Қазақстан Республикасы

А. Б. - Ақшалай бірлік

Ж. Ж. - Жыртылған жер

ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ЖК - Жер кадастры

ЖО - Жерге орналастыру

ЖҚ - Жер қоры

МЖК - Мемлекеттік жер кадастры

Кж - жалпы коэффицент;

Км. ж. - мелиоративтік жағдайға байланысты коэффицент;

Ке - жер учаскелерінің еңістігіне байланысты коэффицент;

Ксу - суландыруына байланысты коэффицент;

Калш - орналасуына байланысты коэффицент.























Ι бөлім. Әдебиетке шолу.

Жер кадастры дегеніміз - жердің құқықтылық және шаруашылықтық жағдайы, жер учаскелерінің мөлшері, орналасқан орындары мен шекаралары, олардың сапалық сипаттамасы, бағалануы, есепке алынуы жайындағы мәліметтер жүйесі.

Жер кадастры ежелгі Римде пайда болған. Жер кадастры әдістемесінің ерекщелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерешеліктері келесідей. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді.

Ол қайда болмасын өндіріс процесінің болуына шартты, бірақ оның ролі қоғам өндірісінің әртүрлі сала қорында бірдей емес. Өңдеуші өнеркәсіпте және құрылыста ол кеңістік іс орны (еңбек жасалатын орын) ретінде көрінеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте оның үстіне ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында жер тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады.

Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.

Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.

Жер өндірістің мәңгі ауыстырылмайтын құралы болып табылады.

Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды ерекше қасиетімен, құнарлығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше - жақсарады, сөйтіп оның құнарлығы жоғарлайды.

Жердің айрықша ерекшелігі - ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері өсіріледі.

Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрының мазмұнын, оны жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын ала есептейді. Жалпы түрде жер кадастріне келесі әрекеттер тән: жерлерді есепке алу; жерлерді баяндау; жерлерді бағалау.

Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады.

Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс - тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады.

Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылылығы және пайдалылығы анықталады.

Кадастрдың осы аталған әр әрекеті - өзінше бір қатар техникалық тәсілдерден тұрады. Ал, олар барлығы бірге жердің санына, сапасына, негізгі қасиеттеріне, нышандарына ең толық сипаттама береді және шаруалау, салық салу обьектісі ретінде салыстырмалы құндылығын көрсетеді. Кадастрды жүргізуде әр әрекеттің маңызы туралы сұрақ әр кезеңде және әр елде әртүрлі қойылған. Бір жағдайда кадастрде ең басты көңіл - жерлерді есепке алуға, басқа жағдайда жерлерді жаратылыс - тарихи немесе экономикалық баяндауға, ал үшінші жағдайда жерлерді бағалауға немесе әрекеттерді қалай болса да үйлестіруге бөлінген. Барлық жағдайларда жер кадастрының құрамдық бөліктері болып жерлерді сөзсіз есепке алу және бағалау жататын. Міндетті түрде жерлердің кеңістік жайлары ескеріледі. Сондықтан әр елдің әр уақытта жүргізілген жер кадастрлері бір - бірінен мазмұны және жүргізу техникасы, ұйымдастырылуы бойынша кәдімгідей айырылады. Кадастрдың барлық әрекеттері бірден және бір уақытта пайда болып, жүргізілген емес. Қоғамның ең ертедегі даму сатыларында жерлер тек қана есепке алынса, көптен кейін оларды бағалау басталады.

Жер кадастры салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдың құқық жағының маңызы күшейе түсті. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.

Қоғамның даму кезеңдері басында негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілігі пайда болды. Содан кейін алқаптарды топырақ құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастры мәліметтерін тек мәтіндік құжаттарда ғана белгілей бастады. Топырақтардың сапасына қарай олар топтарға (кластарға) бөлінді. Оған тарихтың ескерткіштері куә. Олар қазіргі дәуірге дейін көптеген жылдар бұрын жер және топырақтарда сапасы бойынша топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер кадастрының болғандығын куәләдірады.

Жер қорларын ұтымды және тиімді пайдалану - халық шаруашылық маңызды мәселе. Ол халық шаруашылық салалары арасында жерді дұрыс орналастыру, қоғамға керек ауыл шаруашылық өнімді толық алуды, топырақтың құнарлығын сақтау және жүйелі түрде жоғарлатуды көздейді. Осы мәселені шешу үшін жер кадастрын толық, қомақты жүргізу керек. Ұйымдастыру- шаруашылық қызметін атқара отыра, мемлекет жер иесі және аумақтық басымдылық құқығын тұтқасы ретінде бірыңғай жер қорын басқаруды жүзеге асырып, жер кадастрына ерекше мемлекеттік мәнділік береді.

Кадастр мәліметтері, бірінші кезекте жерді тіркеу мәліметтері мемлекетпен тек қана жер қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддесінде емес, сонымен қатар жерге ресми мемлекеттік меншікті жүзеге асыру, қорғау мақсатында сондай-ақ жер пайдаланушылар, иеленушілердің құқықтарын қорғауда қолданады. Сондықтан жер кадастры мәліметтерінің экономикалықпен қатар, құқықтық та маңызы зор.

Кадастрлық мәліметердің көп мәні жерлерді мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер үшін бөліп беруде аз емес. Халық шаруашылық қоғамдық мүдделер жағынан қарағанда осы мақсаттар үшін бірінші кезекте ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз немесе аз жарамды сондай - ақ пайдалануға, иеленуге берілмеген жерлерден бөліп берген жөн. Сондықтан осы мәселелерді шешуде жер қорын пайдалану, орналастыру, оның нақтылы жай- күйі, сондай-ақ ауыл шаруашылық алаптардың өнімділігі туралы мәліметтердің керектігі туындайды. Сөйтіп, бұл мәліметтер жерді бөліп берудің ең қолайлы жолын негіздеу үшін қажет.

Мемлекет жерді кәсіпорындарына, мекемелерге, ұйымдарға, азаматтарға пайдалануға, иеленуге беретіндіктен кадастрлық мәліметтер жерлердің нысаналы, ұтымды пайдаланылуын, қорғалуын мемлекеттік тұрғыда бақылауды жүзеге асыру үшін керек.

Өндірістің дамуымен оның төңірегіне табиғи қордың шоғырлану үлесі өсе береді де, сөйтіп экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, биологиялық процестердің өзара байланысы күшейе түседі. Өндіріс тек қана материалдық игілік жасаумен шектелмей, қоршаған ортаны қорғау, табиғатта экологиялық тепе - теңдігін сақтау тиіс. Осыған байланысты табиғат қорларын, соның ішінде жер қорларын қорғау ең бір маңызды халық шаруашылық мәселе, сондықтан оған мемлекеттік назар аударылады.

Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары ьолып топырақтардың құнарлығын арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, қорғаудан, өнеркәсіп тастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының сапалық жай- күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек.

Жекелеп салық салу мәселесі де жеке табиғи - экономикалық аймақтар бойынша жердің сапасын есеспке алу, бағалау керектігін талап етеді. Кадастрлық мәліметтер жерлердің жай - күйін жақсарту, оларды пайдалану бойынша шараларды жоспарлау үшін де керек.

Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын арттыру бойынша нәтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел және су эрозияларына қарсы жүргізілген, ұйымдастыру - шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық шараларды жүзеге асыруға, сондай - ақ тұзданудың, ластанудың, батпақтанудың және басқа да жерлердің жай- күйін төмендететін процестердің алдын алу кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асыру жер алқаптарының сапалық жай- күйін жан-жақты зерттеу және есепке алуға негізделеді.

Жер кадастрының шаруашылық әрекетін талдау, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жерлерін нәтижелі пайдалануында көп маңызы бар. Осыған байланысты ауыл шаруашылық алқаптардың жай- күйін және көлемдерін ескеру, олардың өнімділігін салыстырмалы бағалау, жеке дақылдарды өндіру нәтижелігіне қарасты, қажеттілік пайда болады. Жер кадастры мәліметтерінің жер салығын, жалға төлем алу шығындарын өтеу сомасын белгілеуде маңызы өте зор.

Сонымен, қазіргі уақытта жер кадастрының міндеттері кәдімгідей кең және жауапкершілікті. Олар Қазақстан Республикасының жер қорларын ұтымды және нәтижелі пайдалану мемлекеттің және барлық жер пайдаланушылардың мүдделіктерін айқындайды. Бұл мемлекеттік Қазақстан халық шаруашылықтық маңызға ие екенін айғақтайды.

Қазақстандағы жер кадастрының мақсаттары мен арнаулы оның міндеттерін және мазмұнын анықтайды. Кадастр жүйесінің бірлігі, өз кезегінде, қолданатын әдістемелердің бірдейлігін және барлық деңгейде сәйкесті тәртіпте жүргізуін, жеке әр учаскесінен бастап, жалпы мемлекеттік дәрежеде болғанын қажет етеді. Мемлекетке есепке алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мемлекеттік жоғарғы басқару органдарының міндеті болғандығынан сол органдар жер кадастрының мазмұнын және жүргізу тәртібін белгілейді.

Мемлекет жер кадастрының арналуын, міндеттерін, мазмұнын, құрамдық бөліктерін және оларды жүргізудің тәртібін анықтайды. Ол жер кадастрлық мәліметтердің, құжаттың мазмұнын, кадастрлық есептің рәсімін, жер кадастрына жүгізілетін бақылау және кадастрлық жұмыстарды орындауды, ұйымдастыруды белгілейді.

Жер кадастрының мазмұны және оны жүргізудің белгіленген тәртібі еліміздің барлық аймақтарына міндетті. Мемлекеттік жер кадастрының обьектісі Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік жер өоры болып саналады. Мемлекеттік жер кадастры осы қордың толық саны және сапалық сипаттамасын беруге және жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы дұрыс, қажетті мәліметтер жиынтығынан тұруға тиісті.

Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген қаулысы бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің картографиялық проекциялардың, клссификатр, код, кіру және шығу форматтардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принциптерін қамтамассыз ету болып табылады.

Кадастр мәліметтері топографиялық- геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерді орналастыру, нивентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастр мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, тұйық шекарада бөлінген жер учаскесі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастрының принциптері
Жер кадастры жайлы мәліметтер
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Ақмола облысы Шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау туралы ақпарат
Жер учаскелерін кадастрлық құнын анықтау
Шаруа қожалықтарының құқықтық және кәсіпкерлік даму негіздері
Жер кадастрының теориялық негізі
Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі
Жер мониторингі мәліметтерін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz