Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыру


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
1. НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1. 1 Несиелік қатынастардың экономикалық мәні . . . 6
1. 2 Несиелік қатынастардың жіктелуі . . . 9
1. 3 Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыруы . . . 12
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ КЛИЕНТТЕРМЕН НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» АҚ мысалында)
2. 1Банктің клиенттерімен несиелік қатынастарының құқықтық негізі . . . 16
2. 2Банктің клиенттерге көрсететін несиелік қызметтерін талдау . . . 23
2. 3Несие қатынастары негізінде пайда болатын тәуекелдерді талдау . . . 29
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарындағы туындайтын мәселелері . . . 36
3. 2 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарын жетілдіру жолдары . . . 40
3. 3 Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің несиелік қатынастарын бағалаудағы ролі . . . 46
Қорытынды . . . 56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 58
Қосымша
КІРІСПЕ
Клиенттерді таратудағы банктердің арасында күшейе түскен бәсекелестік банктердің клиентке, олармен серіктестік қатынасты орнатуға қатысты ұйымдастыру мәселелеріне айырықша назар аударуын талап етеді. «Қазақстан Республикасындағы Банктер мен банктік қызмет туралы» заңның 33-бабы бойынша банктер тең құқықты серіктестер ретінде алға шығып, өз операцияларын еркін несие ресурстары нарығында жүзеге асыра алады.
Өз қызметінде олар өздерінің клиенттеріне қаражатты орналастырудың, несиені алудың жақсы жағдайын, банк қызметінің ауқымды спектрін ұсынумен бір-бірімен бәсекелеседі. Банк өз клиентінің алдында жауапты болады.
Банктердің клиентпен жүргізетін экономикалық жұмысы банкке клиенттерді таратудан бастап, олардың шоты бойынша әр түрлі банктік операцияларды орындауға дейін банк қызметінің барлық жағын қамтиды.
Банктер клиенттерді өз жағына тартуы үшін нақты жұмыстарды жүргізуіне тура келеді - жарнама, жаңа қызмет түрлерін енгізу, келіссөздер жүргізу, қаржылық жағдайды алдын ала талдау, әр түрлі келісімшарттарды әзірлеу әрі бекіту және т. б. Бұл жұмыстардың барлығы да банктің өз активтері мен пассивтерін басқару жөніндегі қызметімен тығыз байланысты.
Клиенттермен жүргізілетін жұмыс әр түрлі келісімшарттарды бекітудің негізінде құрылады: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет көрсетулер, бірлескен қызмет, депозит шоттарын ашу әрі жүргізу және т. б. туралы келісімшарттар.
Клиентті несиелеу банк пен клиент арасында бектіліген несие келісімшарты негізінде жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт ссуданы берудің және өтеудің мерзімін, шарты мен тәртібін, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, ссуда бойынша кепілдікті және пайыздық мөлшерлемені реттейді.
Кейбір банктерде несие келісімшарттарымен (ол бірнеше жылдарға бекітіледі) қатар несие хаттамас пайдаланылады. Несие хаттамасы ағымдағы жылға жасалады. Онда жекелеген сәттер, мысалы, тиімділіктің баршаға ортақ және өзіндік ерекшелігі бар критерийлері, жекелеген несие түрлерін берудің шарттары нақтыланады.
Банк клиентпен келісе отырып, байланысты несие бөліміне берудің мерзімі мен тәртібі және қарыз алушының өзгеге де есепшілік формаларын белгілейді. Әрі осылардың негізінде клиенттің қаржылық жағдайын және оның несиеге қабілеттілігін талдайды. Банктер несиенің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуі үшін банк іс-тәжірибесінде қабылдаған формада, кепілзаттарды, кепілгерлікті және міндеттемені қабылдайды.
Несиені және басқа төлемдерді уақтылы қайтармаған клиенттерге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» заңның 36 бабына сәйкес банк мынадай шараларды қолдана алады:
- жаңа (екінші мәрте) несиені бермеу;
- осы клиенттің шотындағы кез келген қаражатпен оның берешегін өндіріп алу;
- соттың шешімімен сатылған мүлікті сату.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы сәйкес мұндай қарыз алушылар төлем қабылеті жоқ тұлғалар ретінде жариялануы мүмкін.
Банктердің өз клиенттеріне оларға берілген несие мен оның пайызы бойынша қоятын талапхатының мерзімі ескерілмейді.
Банктер өз клиенттерінің және корреспонденттерінің салым ақшалары, шоттары, операциялары бойынша құпияны сақтауға кепілдік береді. Банктің барлық қызметкері банк корреспонденттері мен клиенттерінің салым ақшасы, шоты және операциясы бойынша құпия сақтауға міндетті.
Банктер мен олардың клиенттері арасындағы пайда болған барлық дау-дамай немесе клиенттермен арадағы талас Қазақстан Республикасы заңына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
Банк қарыз алушырмен несие қатынастарын орнату үшін клиенттің несиеге деген нақты қажеттілігінің пайда болуына сенімді болуы тиіс. Клиенттің несиеге объективті қажеттілігін білу және несиені қарызға, тек субъективтік қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайы үшін беру несиелік өзара қатынастардың беріктігін және ссудаларды қайтару мүмкіндігін көрсетеді.
Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бере отырып, тәуекелге барады, сондықтан несие беру процесінің маңызы ссудаларды берудің техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылау мен мерзімінде қайтарудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие беруші мен қарыз алушының міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да білдіреді.
Нарықтық ортада несие беру бизнесі тұрғысынан отандық банктер үшін ендігі жерде талдау техникасы мен несие беру процедурасы емес, ең негізгі болып кең ауқымды пайымдау мен ұтымды шешімдер қабылдай білу қатысады. Сонымен бір мезгілде несие беру жағдайы өзіне несие беру үшін қарыз алушы орындауы тиіс талаптарды да енгізеді.
Қарыз алушының қарызды несие шартында көрсетілген жағдайларға сәйкес қайтаруға қабілетті және дайын екендігіне сенімді болу үшін, ссудаға қатынасы бойынша клиенттің өз ісіне жауаптылығын, қарыз алушының беделін, рентабельділігін; ссуданы қамтамасыз етуін; экономикалық конъюнктураны ескереді. [1. 302 б]
Осы жұмыстың теориялық және практикалық негізі ретінде, экономистердің еліміздегі мәселелерді зерттеген материалдары, Қазақстандық коммерциялық банктердің жұмысын талдау барысында алынған материалдар, статитикалық материалдар және мерзімдік басылымдардың мәліметтері табылады.
Дипломдық жұмыста банктің клиенттремен несиелік қатынасын жетілдіру аясында несиелік қатынастарының пайда болуының теоретикалық аспектілері, несие қатынастарының құрылу тәртібінің құқықтық негізі, банктердің несиелік қызметтер көрсету түрлері айқындалады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты банктің клиенттермен несиелік қатынастарын жетілдіруде, оның несиелік қатынастар мәселелері және оларды жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстарды дайындау болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
-несие қатынастарының құрылу тәртібінің құқықтық негізін қарастыру;
-несиелік қатынастар түрлерін анықтау және оларға сипаттама беру;
-банктің несиелік қызметтер көрсету сапасын бағалау.
Зерттеу объектісі. «Цеснабанк» АҚ-ның клиенттерімен несиелік қатынасы қызметі. Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс беттік компьютерлік терім мәтінін құрай отырып, кестені, суретті және қосымшаны қамтиды.
1. НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
- Несиелік қатынастардың экономикалық мәні
Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық категория ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері - қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды.
Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:
• қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны
үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
• несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-
құқықтық айырмашылық;
• қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы
қозғалысының әр түрлі бастамасы;
• несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс
процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы. [1. 112б]
Несиелік катынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уакытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік кұнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем кұралдарының косымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.
Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай-ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатынасты тұтыну несиесінің мазмұны құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады. [1. 145 б]
Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражытын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ несиелік қатынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік құнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем құралдарының қосымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.
Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар туындайды. [1. 174 б]
Несиелік қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы.
Кредитор - несиелік мәмленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болу керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады.
Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор - банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақтаған қаражаттар есебінен де бола алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өнімі болды. Банкирлер ұжымдық кредиторлар ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатуға жататын тауарлдарды қарыз алушыға береді.
Тауардың жіберілу факты, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді. Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімнің арасындағы уақыт бойынша үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы эквивалент төлеушінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек.
Мына жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу - сату, тауарды жіберу мен оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факті тудырмайды, оны төлемнің кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімді қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады. Қарыз алушылар мен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттың шекарасы несиенің мерзімімен анықталады.
Несиенің мерзімі өз кезінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.
Қарыз алушы - несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес.
Борыш - міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмлеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өз еңбектерімен күн көруші ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық несиенің бар болуының басқа формасы - ақсүйектердің көбіне жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуы мен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекетттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы, ол несиелік мәмледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; Өзіне тиісті емес бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді.
Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай -ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитор мен жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсу керек.
Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: Кредитор, қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастардың қатысушылары ретінде кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор - қарызды беруші жақ, қарыз алушы - берілген қарызды алушы жақ; Бүтіннің шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы - анағұрлым арзан несиеге мүдделі.
Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды.
Несие жүйесі несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есеп шоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әртүрлі топтарына қарызға береді.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әртүрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с. с. көптеген операцияларды жүзеге асырады. Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Несиелік жүйелерді жүзеге асыру 1987 жылдан басталды. Несие жүйесінің құрылымын ұйымдастырғанда банк рөлінің жоғарылауы, олардың халық шаруашылығының дамуына оңтайлы әсері, несиенің әрекет ететін “экономикалық тұтқаға” айналуы алдын ала көзделген еді. Гүлдендірудің басты мақсаты банктерді шаруашылыққа жақындату болды. Қайта ұйымдастыру белгілі дәрежеде банктердің жұмысын жақсартты. Бірақ бұл жағдайды түбірімен өзгерте алмады, себебі ол шын мәнінде экономикалық қатынастардан тыс болды. Түп негізінде несиелік қатынастар өзгерген жоқ: жартылай автоматты түрде несиелеу жалғастырылды, несиелік ресурстарды әкімшілік әдістермен бөлу сақталды, банктік жүйенің монополистік құрылымы жойылған жоқ, тек ведомстволық принципке сәйкес маманданған банктердің әсер етуші салаларының бөлінуі байқалды. Бұл олардың арасындағы бәсекелестіктің болдырмауына жол берді.
Банктік реформаның екінші сатысында тек банк құрылымы қайта ұйымдастырылып қана қоймай, несие қатынастар механизмі мен несиелеу қызметтерінің әдістерінде терең өзгерістер орын алды. Нәтижесінде Қазақстанда заңды түрде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. [2. 120б]
- Несиелік қатынастардың жіктелуі
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Несиелік қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау - несиелік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру - несие беруді білдіреді.
Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында.
Жоғарыда анықтағанымыздай, несиелік қатынастар несие экономикалық категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауарлық несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие берушіге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа құжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ақша формасында ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың жүргізуші субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.
Несиелік қатынастардың, несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі түсінігін құрайды.
Тар мағынада несие жүйесі - бұл несие-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелерінің желісі.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдемелерінің жиынтығымен сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес институттар шеңберінде. Сәйкесінше несиелік жүйенің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік мекемелер және мамандырылған несие-қаржы мекемелері.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Банктік иесие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге кайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенін жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz