Коммерциялық банктер қызметінің құқықтық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3

:

1.

1. 1

1. 2

1. 3

КІРІСПЕ:

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ Коммерциялық банктердің қызметтері және олардың түрлері

Банктік операциялардың мәні, рөлі және түрлері

Коммерциялық банктер қызметінің құқықтық негіздері

3:

6

6

14

22

:

2.

2. 1

2. 2

2. 3

КІРІСПЕ:

II-ШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ("КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ МЫСАЛЫ НЕГІЗІНДЕ)

«Казкоммерцбанк» АҚ-ның атқаратын қызметтері мен операцияларының жалпы сипаттамасы

Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары және оларды жүргізу әдістері

Банктің операциясы мен қызметтеріне байланысты тәуекелдер және оларды төмендету әдістері

3:

30

30

37

43

:

3.

3. 1

3. 2

КІРІСПЕ:

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Дүниежүзілік дағдарыстың коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларына әсері

Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының дүниежүзілік дағдарыс кезіндегі проблемаларын шешу жолдары

3:

50

50

57

:
КІРІСПЕ:

ҚОРЫТЫНДЫ

3:

62

:
КІРІСПЕ:

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3:

65

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеудің өзектілігі . Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі - экономикалық өсімді қамтамасыз ететін бағыттағы нарықтық өзгерістерді жүзеге асыру. Осы мәселелерді шешу екінші деңгейлі банктерді дамыту мен қолдаудың объективтік керектігімен байланысты, өйткені соңғысы бәсекелестік ортаны қалыптастырады, макроэкономикалық көрсеткіштердің сапасына әсер етеді, мемлекеттің халықаралық нарықтағы үлесінің өсуіне мүмкіндік береді.

Нарықтағы реформаларды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының банктік жүйесі өзгерді, ол екі жүйеге бөлінді, банктік ұйымдардың саны көбейді, олар өз қызметін нарықтың принциптеріне сай жүргізеді, бұл жағдай банктік қызметтер нарығында бәсекелестіктің дамуына әсер етеді.

Банктер әр түрлі қызметтер атқарады, өзара және шаруашылықтың басқа субъектілерімен терең қарым-қатынасқа түседі. Соңғы уақытта банктер жаңашыл операциялармен айналысуда, оған бағалы қағаздармен операциялар, лизинг, факторинг, басқа қаржылық-кредиттік операцияларды жатқызуға болады, үнемі көрсететін қызметтер және операциялардың саны мен сапасын көтеріп, жаңа клиенттерді тартуға тырысады.

Қазіргі таңда банктер 300 түрге тарта әр түрлі өнімдер мен қызметтерді нарықта ұсына алады, ескеретін бір жағдай бұл бір банк барлық қызметтерді міндетті түрде атқармайды, бірақ белгілі бір қызметтер мен операциялар жүйесінсіз олар қалыпты түрде жұмысын жүргізе алмайды.

Коммерциялық банктер жаңа экономиялық жағдайда бәсекелестікке тойтарыс беруі тиіс. Қазіргі нарыққа сай болу үшін екінші деңгейлі банктер отандық емес, дүниежүзілік жаһандануға сәйкес қызмет атқарады.

Нақтылап айтқанда банктердің қолындағы қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, несиелік қаражаттарының қымбаттылығы. Елдегі шағын және орта бизнесті дамыту, ол үшін екінші деңгейлі банктердің қызметін жоғарылату мемлекеттің басымдылық міндеттерінің бірі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін бұл республика саясатының негізгі бағыттарының бірі болып отыр.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Экономикалық оқулықтарда банктің операциялары мен қызметтерінің дамуы жайында теориялық мәліметтер көп көрініс тапқан. Дипломдық жұмыстың тақырыбы Г. С. Сейтқасымовтың, С. Б, Мақыштың, Б. Көшенованың, Г. Ш. Көпбаеваның, Б. Хамитовтың еңбектерінде зерттелген, соған қарамастан коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын дамытуда бірталай мәселелер бар.

Экономикалық әдебиеттерде «банк өнімі», «банк қызметі», «банк операциясы» сияқты ұғымдардың теориялық мәні толық ашылмаған, сонымен қатар қазіргі қаржы нарығының жаһандану жағдайында банктердің қызметтері толық өзгеріп, жаңа талаптарға сай жаңарып отырады. Сондықтан оларды зерттеудің өзектілігі де артады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты банктің операциялары мен қызметтерінің даму мәселелерін зерттеу.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қойылып, шешілген міндеттер :

- коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтерінің экономикалық мәнін ашу;

  • қазіргі таңдағы банктік операциялар мен қызметтерді талдау;
  • жаһандану жағдайында банктік операциялар мен қызметтердің жаңа тенденцияларын анықтау;
  • қазіргі таңдағы банктік операциялар мен қызметтердің жұмысына талдау жасау;
  • банктердің қызметтерді ұсынуының тиімділігіне баға беру;
  • дүниежүзілік қаржылық дағдарыс жағдайында коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтерінің дамуы мәселелерінің шешу жолдарын зерттеу.

Зерттеу объектісі банктік технология негізінде әр түрлі операциялар жүргізу процесінде туындайтын экономикалық қатынастар.

Зерттеу пәні болып Қазақстанның ірі банктері, соның ішінде -«Казкоммерцбанк» АҚ.

Дипломдық жұмысты орындаудың практикалық негізі - «Казкоммерцбанк» АҚ.

Дипломдық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі болып Қазақстан, шетел экономистерінің зерттеу материалдары, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қызметін талдау барысында алынған мәліметтер, статистикалық материалдар, «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық есебі, тәуелсіз аудиторлар есебі, оқулықтар, ғылыми мақалалар.

Зерттеу әдісі . Дипломдық зерттеуді жүргізу кезінде келесі әдістер қолданылыды: жалпы диалектикалық тәсіл, салыстырмалы-статистикалық, аналитикалық, тарихи және логикалық тәсілдер, жүйелі-құрылымды, жүйелі-функционалды және жалпылау әдісі.

Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық маңызы. Дипломдық жұмыста екінші деңгейлі банктердің қызметтерін теориялық тұрғыда талдау арқылы, дүниежүзілік қаржылық дағдарыс кезінде банктік қызметтердің даму бағыттары анықталған.

Дипломдық жұмыс кіріспені, үш тарауды, қорытындыны және қолданылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу пәні мен тәсілі және жұмыстың құрылымы берілген.

Бірінші бөлімде банктік операциялар мен функцияларының негізгі түсініктемелері мен мағынасы, коммерциялық банктің операциялар классификациясы, жаһандану процесіндегі банктік функциялардың қалыптасуының жаңа тенденциялары қарастырылады.

Екінші тарауда коммерциялық банктердің операциялар мен функцияларының қазіргі күйінің талдауы, халыққа қазіргі инновациялық банктік талдауы көрсетілген.

Үшінші тарау дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезіндегі екінші деңгейлі банктердің функциялары мен операцияларын жетілдіруін зерттеуге арналған.

Зерттеу нәтижелелері қорытындыда көрініс тапқан.

I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Коммерциялық банктердің қызметтері және олардың түрлері

Банк маркетингінің негізгі элементі банктік қызмет болып табылады, себебі банк пен клиент арасындағы барлық қарым-қатынас банктің ұсынған қызметіне байланысты пайда болады.

Экономикада өнім термині қолданылады, оған банктер ұсынатын барлық өнімдер мен атқаратын қызметтер жатады.

Банктік өнімді үш деңгейге бөлуге болады, бірақ көбінесе екеуі жайында айтылады, олар базалық өнім және кеңейтілген өнім.

Бірінші деңгей немесе базалық ассортимент, өзіне банктің стандарттық қызметтерін қамтиды; депозиттік, кассалық есеп айырысу, несиелеу және де басқа базалық қызметтер. Базалық ассортименттің құрылымы қоғамның әмбебап немесе мамандандырылған болуына байланысты банктің өмірге келген кезінде айқындалады.

Қазақстанның коммерциялық банктерінің атқаратын базалық қызметтерінің түрлері бірдей, сондықтан клиенттерді тарту мен олармен қатаң қарым-қатынас орнатуда негізгі орынды қосалқы қызметтер мен өнінің кеңейтілген ассортименті алады [1] .

Кеңейтілген өнім ассортименті банктің жаңа қызметтер енгізу, модификациялау немесе бұрынғысын ауыстыру барысында қалытасады. Бұл процесс кездейсоқ клиентті тұрақтыға айналдыруға, оған көптеген қызметтерді қолдануға ықпал жасауға арналған. Мұнда негізгі көңіл жалпылама қызмет көрсетуге аударылады.

Екінші деңгейлі банкттерде маркетингтік бағдарлама құрастырғанда ескертілетін банктік қызметтердің ерекшеліктері:

1. Материалдық емес қызметтер. Олар абстрактылы, яғни бұл қызметті көруге, көрсетуге, және де ең негізгісі қызмет көрсетудің нәтижесін бағалауға болмайды, сондықтан бұл жағдай банкке де, клиенттерге де қиындық туғызады. Клиенттке маңызды тек қана пайда немесе табыс болуы мүмкін, себебі басқа нәтижені зерделлеу мүмкін емес. Банктік маркетинг клиентке көрсетілген қызметтен күтілген нәтижеге баға беруге көмектеседі.

2. Қызмет түрі оның көзінен ажыратылмайды. Бұл қызметтің ұсынылуы мен қолданылуы бір мезгілде болатындығын, қызметті ұсыну, яғни оны клиенттерге жеткізу сапасы олардың банкке сенімділігін көрсетеді. Сатып алушының қызметті өндіру мен ұсынуға қатысуы сатушының нені және қалай өндіретіндігін ойлану керектігін сипаттайды. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, қызметтер ұсынушылардың жоғары мамандануы мен білімі қоғамның бәсекелестер алдындағы артықшылығы болып табылады. Клиент қызмет көрсетушіні оның біліміне сене алатын маман ретінде қабылдайды. [2]

Қызмет көрсетудің өзгергіштігі және тұрақсыздығы - алдыңғы қасиеттің, яғни қызметті ұсыну мен қолданудың бір уақыттылығының міндетті нәтижесі. Қызмет ұсынудың сапасы екінші деңгейлі банкке және онда жұмыс атқаратын қызметкерлерге тәуелді. Менеджменттің маңызды мәселесі қызмет көрсетудің сапасын бақылау болып табылады, оның нәтижесін клиент тек қызметті қолданғаннан кейін ғана бағалай алады.

3. Қызмет көрсету сапасының өзгергіштігі. Ол қызметкерлердің классификациясына байланысты, ол қызмет көрсетудің стандартын орнату арқылы анықталады, онда банктің әр қызметкерлеріне арналған клиенттерге қызмет көрсету көрсеткіштері жазылады. Қызмет көрсету стандарты - міндетті атқаруға арналған ережелер жүйесі, ол банктің барлық қызметтерінің сапасын қамтамасыз етеді [3] .

Қызмет көрсетудің өзгергіштігінің тағы бір себебі - клиент, оның «әмбебаптығы». Банктің қызметкерлері қарым қатынас психологиясының негізін білуі керек, сонымен қатар, қосалқы қызмет көрсету көрсеткіштері, мысалы банктің интерьері маңызды болып келеді.

4. Қызмет ұсынысының өмірлік қысқалығы. Бұл ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігіне жағымсыз әсер етеді.

5. Банктік қызмет көрсетуде қаражаттың әртүрлі формада қолданылуы. Негізінен, банктік өнім - ол банктің пассивтік және активтік операциялармен атқаратын барлық қызметтер жүйесі, ал банктің негізгі міндеті - клиенттерге қаражаттың барлық қасиеттерін толық қолдану үшін үлкен банктің қызмет ассортиментін ұсыну.

Қаржылық қызметтерге үлкен белгісіздік тән, оларды нарықта ұсыну жоғары білім мен біліктілікті қажет етеді, себебі клиентке баға беру қиынға түседі. Сондықтан, банктік жүйеде белгісіздік еселенеді; клиент материалдық емес активтермен материалдық емес қызметтерді алады.

Коммерциялық банктердің атқаратын қызметтер мен операциялар түрлері мен жүйесі кең, әр белгілі бір жағдайда ол банктің ресурстары мен функцияларымен анықталады. Оған қаржылық құжаттарды дайындау, акционерлердің реестрін ұсыну және басқа да бағалы қағаздрмен операциялар, салық салу, инвестиция, клиенттермен сыртқы экономикалық қатынасы, бухгалтерлік қызмет көрсетуі жатады [4] .

Екінші деңгейлі банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Коммерциялық банктермен атқарылатын негізгі қызметтердің құруға түрлері:

  • уақытында бос ақшалай қаражаттарды жинақтау ;
  • экономиканы және халықты несиелендіру;
  • қолма- қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • инвестициялық қызметі;
  • клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды [5] .

Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%- нан жоғары бөлігін пайдаланады. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдардың барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құрылады.

Банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.

Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы, немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді.

Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланбайды.

Депозиттердің үшінші түрі - жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеудің жинақ салымдарын құтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады [6] .

Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес ресурстарды жинақтайды. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы қағаздарды кері сатып алу шартымен сату, вексельдерді есепке алу және орталық банктен қарыз алу, кепілге салу қағаздарын, банктік облигацияларды эмиссиялау және т. б. жатады.

Депозиттік емес пассивтерге банктік облигациялармен және кепілге салу парақтарымен жасалатын операциялары жатады. Бұл операциялардың мәні белгілі бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.

Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады.

Банктердің активтік қарыздық операциялары. Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық қорларын толықтыру, жалақыны төлеу, жабық сатып алу үшін және т. б. ; ауыл шаруашылық кәсіпорындар, фирмалар - өздерінің тұқым, жанар-жағар май және тыңайтқыш сатып алу шығындарынжабу үшін; бір реттік тұтынушылар - автомобиль, үй, ұзақ пайдаланылатын тауарлар және т. б. сатып алу үшін; үкімет - ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарызды, негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырылған ақша қаражаттарын орналастыратын коммерциялық банктерден алады [7] .

Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшыдан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуды қаржылық делдалдар рөлін атқарады.

Несиенің екі нысаны бар: ақшалай және тауарлай.

Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілермен тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Несие беруші банк, ал қарыз алушы - шаруашылық субъектісі болып табылады. Банкаралық несиеде несие беруші де және қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни бір банк басқа банкіге несие береді.

Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктелінеді: мерзімдері бойынша - қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін), орта мерзімді ( 1-ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) ; қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілмеген ( қарыз алушыға сенімге негізделген және және қамтамасыз етілуі жоқ бланкілер) және қамтамасыз етілген; банктің рөліне байланысты ( несие беруші немесе қарыз алушы) - активтік және пассивтік қарыздық операциялар ( активтік - бұл клиентті және басқа банктерді несиелеу; пассивтік - Орталық банктен және басқа коммерциялық банктерден банкаралық несие алу) ; несиелендіру мақсатына байланысты - негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.

Несиенің пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және тұтынушылық қолма - қол және қолма - қолсыз (тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға) деп бөлінеді. Несиенің мұндай жіктелуінің негізінде формалды белгілер жатқанын атап көрсету қажет.

Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады [8] .

Несиенің белгіленген мерзімдегі қайтарымдылығы мен төлемділігі шешуші мәнге ие екендігі сөзсіз. Бұл принциптерсіз несие өзінің мәні мен мақсатын жоғалтады.

Қарыз алушының белгіленген мерзімде несиені қайтарудың нақты мүмкіндігін ескермеді. Қазіргі кезде клиенттің өтінішінше, оның өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді.

Қарыздарды қамтамасыз ету банк активтерінің сақталуы мен табыс табуының кепілдігі үшін қажет. Несиелік қамтамасыз етудің негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:

  • кепілге алу - тапсырма бір жақты міндеттемелі келісімшарт;
  • кепілдік - кепілдеме уақыты жеткенде қарыз алушы өз міндеттемесін орындамай жатқан жағдайда, анықтаушы соманы өтеп беру туралы кепілдік міндеттемесі;
  • бағалы қағаздар, тауарлар және басқа да мүліктерді кепілдікке салу;
  • жылжымайтын мүліктерді кепілдікке салу құқығы.

Несиелерді қамтамасыз етудің материалдық формаларына: жер, құнды қағаздар, тауар- материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері, және т. б. жатады.

Қысқа мерзімді несиелер - күнделікті айналым операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар - күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингтер.

Лизинг - қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды қаржыландыру үшін қолданылады [9] .

Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну несиелерін береді. Ол, негізінен, тұрғын үйлер, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелерге жаңармалы несиелер, ұзақ мерзімді пайдаланылатын несиелер, және мерзімі өтелетін несиелер жатады.

Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар - құрылыс мерзімі екі жылдай көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін несие. Бұл несие тұрғын үй сатып алу үшін 15-25 жылға да беріледі.

Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар - ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі.

Вексельді кепілге алып берілетін қарыздар - мерзімді болады, егер де вексель иесі алдын-ала келісілген мерзімге банкіден оларды сатып алуға міндетті болса, немесе онкольдық болса, онда қарыздарды қайтаруды банктің кез келген уақытта талап етуге құқы бар.

Коммерциялық банктердің үшінші қызметі - қолма- қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне, немесе банктің коммисиондық операцияларына байланысты.

Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әртүрлі шоттар ашады: есеп айырысу. ағымдық, дербес, депозиттік, контокорренттік және тағы басқалар.

Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл банктің айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот бойынша жазба түріндегі аударымдары.

Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп айырысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады. Ал, есеп айырысу формасы мен әдістері осы талаптарға сай болып, олардың өзгерістеріне бейімделіп отырылуы керек.

Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа бөлінеді: клиенттіқ есеп айырысу операциялары (қатысушылары клиенттер мен банктер) және банкаралық есеп айырысулар (қатысушылары тек банктер) . Есеп айырысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде банктердің келесі есеп айырысуларын айтуға болады: аударымдық, инкассалық, аккредитивтік және клиринтік.

Есеп айрысу кезінде келесі төлем құралдары қолданылады: төлем тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер(тапсырмалар) [10] .

Қазақстан Республикасында банкаралық және халық шаруашылындағы есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы Ұлттық банк. Ол мынадай қызметтерді орындайды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Банк филиалдары мен өкілдіктері
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Банктік қызмет аясындағы банктік құқықтық қатынастар: жалпы сипаттамасы, теориялық мәселелері
Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
Банк жүйесі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz