Дәтүрлі педагогикалық технология


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

<h3>МАЗМҰНЫ

1 Қазіргі педагогикалық технологиялар - объективті қажеттілік 3

1. 1 Қазіргі педагогикалық технологиялар - объективті қажеттілік 3

1. 2 Білім беру жүйесіндегі технологиялардың даму генезисі 8

2 Бастауыш білім берудегі педагогикалық технологияларға шолу 15

2. 1 Дәтүрлі педагогикалық технология 15

2. 2 Ойын технологиялары 26

2. 3 Ұжымдық оқыту технологиясы 33

2. 4 Топтық технологиялар 47

2. 5 Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология 60

2. 6 Ынтымақтастық педагогикасы 62

2. 7 Ізгілендіру технологиясы 72

Әдебиеттер тізімі 82

ГЛОССАРИЙ 84

</h3>
<h4>1 Қазіргі педагогикалық технологиялар - объективті қажеттілік

1. 1 Қазіргі педагогикалық технологиялар - объективті қажеттілік

Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.

Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады:</h4>

- қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтар арасындағы,

- қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам игеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы,

- ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы,

- мұғалімнің әлеументтік ролі, және қоғамдық ақпараттық-коммуникациялық қызмет арасындағы,

- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.

Білім ізгілігі - педагогтер мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субъектісі болатын, педагогикалық процестің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі. Педагогикалық процестің негізгі мәні, мұндай жағдайда, тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады.

Соның ішінде ең маңыздылары:

1 Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар:

- білімдік-бағдарлық әдістен бас тартып, дамытушы тұлғалық бағдарлық әдіске көшу;

- пәндік және жекелік білімнен білім берудің үздіксіз жүйесінің барлық сатыларында терең және көп пәнаралық кіріктіруге, шоғырлануға көшу;

2 Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тєрбиелеудің тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау (Ойлаудың, есте сақтаудың, назар аударудың негізгі типтері бойынша) ;

3 Мұғалімнің озық игілік дайындығы: оның оқушылармен ынтымақтастығын қалыптастыруға оқушылардың дайындығы, педагогикалық процестегі шығармашылық, өзін-өзі көрсетудің қажеттігі.

Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік-қызметі - білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып, білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялық жєне тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті. Мұны П. П. Блонскийдің, Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің, А. Л. Леонтьевтің, П. Я. Гальпериннің, Н. Ф. Талызинаның, Дж. Брунердің және т. б. зерттеулері дәлелдейді.

Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ айтсақ, жоғары білімнің Н. Чебышев пен В. П. Коган пәнаралық байланыстың тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің нақты оқу-әдістемелік механизмін ұсынады. Бұл бағыттағы, инновациялық іс-әрекет мәселесі жалпы білім беру мектептерінде шешілуі қажет.

Сондықтан, әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. «Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің зияттылық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі», - деп көрсетеді С. В. Селевко.

Қоғам өмірінің барлық салаларында, яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім. Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.

Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске жеткізері мәлім. Ал техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарлауына әкеледі. Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да негізі деп білуіміз керек.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.

Шынында бұл мєселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.

Ю. Н. Кулюткин кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі «мөлшерлік шығармашылық белсенділіктің» ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі.

<h4>Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.

Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту деңгейінде (кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б. Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды «Білімділігіне» және «Түсініктілігіне» шоғырланады, ал талдау-жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына, мұғалім іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетіледі.

Педагогтің кәсіби даярылығындағы технологиялық қағида болашақ мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат, мазмұн, оқыту әдістерінің бірілігі болып табылады. </h4>

Оқыту технологиялары теориялық негізде құрылады: Егер, Л. В. Занков әдістемесі Л. С. Выготскийдің дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің қағидасын содан іздеп табады. Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту, оқу материалының теориялық күрделілігінің жоғары деңгейі, оқу жұмысының жоғары темпі оқушылардағы жеке тұрғыдағы бағдар.

Оқыту технологиясының генетикалық дерекнамасы педагогикалық эвристикадан алынған дейді Д. Пойа. С. Л. Рубинштейннің, А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориялары қазіргі оқытудың инновациялық технологияларының әдіснамалық негізі.

Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын зерттеуші ғылым ретінде қызмет етеді, сонымен қатар тәсілдер жүйесі ретінде, қағидалар мен оқытуды зерттеуші қызметін атқарады.

Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын әдіснамалық қамтамасыз етеді. Философиялық тұрғы білім беру мазмұнында, пән мазмұнында басшылыққа алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізіділік жоқ, сондықтан мектептегі білім мазмұны әлемнің бүтіндей картинасын бере алмайды. Әдістер мен тәсілдердің философиялық негізін байқау қиын, ал технология белігі бір философиялық негізді ұстанушы ретінде қызмет ете алады.

Көптеген педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық бағыттар:

- материализм және идеализм;

- диалектика және метафизика;

- гуманизм және антигуманизм;

- антропософия және теософия;

- прагматизм және экзистенциализм.

Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика психология және әлеуметтік ғылымдар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, отандық және шетел педагогикасындағы озық идеялар болып табылады. Кез-келген қазіргі педагогикалық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеументтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы болады.

Бір технологияның өзі әр орындаушыда әр түрлі сипатта болуы мүмкін, өйткені, шебердің тұлғалық компетенттілігі, оқушылар контингенті, сыныптағы психологиялық ахуал, көңіл-күй әр түрлі болуы мүмкін. Бір технологияны қолданғандағы әр педагог алған нәтиже әр түрлі болғанымен, бірі-бірімен ортақ технологияның сипатына сай белгілері болады.

Педагогикалық технология М. В. Клариннің анықтауында: Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. Ғалым-академик В. М. Монахов оқыту технологияларының практикадағы қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: «Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі».

Педагогикадағы ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде В. П. Беспалько: «Оқу технологиясы - тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы», - деп көрсетеді. Мұнда ғалым педагогикалық ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.

Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың танымдық іс-әрекеті деген анықтама береді.

Сонымен, технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бір ізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.

<h4>1. 2 Білім беру жүйесіндегі технологиялардың даму генезисі

Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы болып табылады.

Технологиялардың пайда болуы ең алдымен әртүрлі теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланысты. А. С. Макаренко бүкіл әлемдік танымал «Педагогикалық поэмасында»: «Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: технологиялық процесс, операциялар есебі, конструкторлық жұмыстар, құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару», - деген. </h4>

Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Коменский оның пікірінше оқыту «технологиялық» болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.

АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.

60-шы жылдарда америкалық және батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты «оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады» мағынасын беретін «педагогикалық технология» термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мәселесіне арналған П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, В. М. Кларин, Ж. А. Қараев, Т. Т. Галиев т. б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.

М. П. Сибирская бойынша «әдістеме» мен «технологияның» салыстырмалы сипаттамасын былайша қарастырады. 2

Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер «әдістеме» ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.

Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан “технология” technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.

Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.

И. Г. Песталоцийдің педагогикалық маңызды мәселенің бірі «Әрбір арнайы даярланған мұғалім кез-келген оқушыны оқытып, тәрбиелей алатындай білім берудің «тетігін» жасауы қажет деуін оқытуды технологияландыру деп түсінген жөн. Сондай-ақ жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысындағы С. Т. Щацкийдің, Н. И. Попованың, В. Н. Сорокин-Росинский технологиялары соны құбылыстар деуге тұрарлық. Әр түрлі тұжырымдамалық негізге құрылған мұндай технологиялар ортақ жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алды. Олар: әр бала өмірін және еркіндігін құрметтеу, оқушы тұлғасын шығармашылықпен дамыту, оны әлеуметтік мәнді әрекеттерге қатыстыру нәтижесінде әр жақты дамыған тұлға қалыптастыру ұстанымдары.

Ю. Н. Кулюткин кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі «мөлшерлік шығармашылық белсенділікті» ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер «іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі», - дейді.

М. С. Левит: «кәсіби жұмыс технологиясын меңгермеген педагог, оқытудың стратегиясы мен тактикасы жайлы білімді қайдан алу керек екенін білмейді. Тек жоғары дәрежедегі шығармашылықпен ғана берілетін еркіндік сезімін түсіне алмайды”, - деген екен.

В. П. Беспальконың айтуынша, әрбір іс-әрекет не технология; не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология - ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. Экспромтқа қарама-қарсы, интуиция бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық іс-әрекетке көшу болып табылады.

Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы жылдардың басына жатқызады жєне оны алғашында американдық, ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі педагогикалық қазіргі заманғы технологияларды неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл, Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, Л. М. Эрдиев, Н. П. Раченко, Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. П. Хомерики жєне басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген.

Бастапқыда көрсетілген педагогтер оқыту технологиясы, оқу технологиясы жєне педагогикалық технология арасында өзгешелік қоймады. «Педагогикалық технология» термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал оқу технологиясы өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық тапсырмаларды шешумен байланысты, педагогтің зерттеу іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы бұндай көріністер былай анықталады:

- өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері;

- мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.

<h4> Педагогикалық технология - бұл педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе қағидаларында құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы қағидаларды жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Педагогикалық технологияға белгілі ғалым В. П. Беспалько «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба», - деп анықтама береді. Мұнда ғалым педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарайды.

В. М. Монахов «Педагогикалық технологиялар дегеніміз - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі» деп түсіндірді.

Қоршаған ортамен оның қарым-қатынастарына қатысты балаға ғылыми негізделген әсер ету. Н. Е. Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалық технология бұл көзқарастан - бұл табиғи және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті, жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғарғы руханилығы деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен байланыста болады. </h4>

Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары (дидактикалық технологиялар) және тәрбиелеу технологиялары ретінде қарастырылуы мүмкін. В. В. Ликан бұл технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді:

- технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның негізінде автордың белгілі әдіснамалық философиялық ұстанымы жатады. Осылайша, білім беру процесінің технологиясы және жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады;

- педагогикалық іс-әрекеттердің технологиялық тізбегі операциялары, қарым-қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сәйкес тізбектеледі;

- диалогтық қарым-қатынас адами және технологиялық мүмкіндіктерді тиімді іске асыру, даралау және саралау қағидаларын негізге ала отырып келісімді түрлі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасты іс-әрекетін технология қарастырады;

- педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез-келген мұғаліммен өндірілуі қажет, ал екінші жағынан қарағанда барлық оқушылардың жобаланған қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді;

- педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі болып табылатындар - диагностикалық процедуралар, іс-әрекеттер қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері және ережелер, белгілі ұстанымдар.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі - шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі көрінеді.

Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.


<h4>2 Бастауыш білім берудегі педагогикалық технологияларға шолу

2. 1 Дәтүрлі педагогикалық технология

Математика 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сандарды 4-ке қосу және сандардан 4-ті азайту кестесі.

Сабақтың мақсаты:

1. Санға 4-ті қосып, одан 4-ті азайтуға жаттықтыру, математика теңдігін дәлдікпен дұрыс шешуге баулу.

2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, есептеу дағдыларын дамыту.

3. Ойын элементтері арқылы пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: Ауызша санауға арналған мысалдар жазылған карточкалар, есеп жазылған қағаз, «Мысық пен тышқан» ойынына арналған үлгілер.

Сабақтың барысы:</h4>

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Біз бүгін сабақта өткен материалдарды еске түсіріп, «Артық», «Кем» қатынастарына «Үндемес» ойынын ойнаймыз, қосу, азайтуға мысалдар шығарамыз.

- Балалар, мынау не?

- Бауырсақ.

- Бүгін біздің есеп сабағымызға «Бауырсақ» ертегісінен қонақтар келеді. Қонақтарды түзу отырып, жақсы қарсы алайық.

ІІІ. Өткен материал бойынша істелетін жұмыстар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Стандарт туралы ұғым
Алгоритмдік ойлау дағдысы
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Шет тілін оқытудың жалпы әдістемесінің құрылымы, мақсаты және мәні
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Логикалық ойлау дағдысы
Топтық оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz