Халық ауызекі шығармашылығын адамгершілік тәрбиесінде қолдану идеясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . … . . . …3

Бірінші тарау Бастауыш мектепте оқыту процесінде ауызекі шығармашылығын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері . . . 8

  1. Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ауызекі поэтикалық шығармашылық материалдарының қарастырылу мәселелері . . . 8

1. 2. Бастауыш сыныпта қазақ халық ауызекі поэтикалық шығармашылық материалдарын пайдаланудың мүмкіндіктері……… . . . 20

Екінші тарау Бастауыш мектепте оқыту процесінде қазақ халық ауызекі шығармашылығын пайдалану бойынша тәжірибелік - эксперименттік жұмыс мазмұны . . . . . . 39

2. 1. Бастауыш мектепте оқу процесінде қазақ халық ауызекі шығармашылығын пайдалануда мұғалім жұмысының мазмұны…. . … . . . 39

2. 2 Бастауыш мектепте оқу процесінде қазақ халық ауызекі шығармашылығын пайдалануда мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау . . . 56

Қорытынды . . . . …. . 63

Әдебиеттер тізімі …. . . . … . . . 65

Қосымшалар …. . . . 70

К І Р І С П Е

Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі ең негізгі талаптардың біріне саналады. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Айнала қоршаған ортаның қыр - сырын, сын - сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни қиялын, ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытады. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтық шығармаларды оқып - танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман - мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшыратынына көз жеткізеді.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заныңда: «Білім беру жүйесінің басты міндет-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,, -делінсе, басым міндеттерінің бірі ретінде, , жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының даму үшін жағдай жасау арқылы интелектіні байыту»-деп көрсеткен. (29)

Халық педагогикасының қайнар бұлағы, ең үлкен бір саласы-халық ауызекі шығармашылығы. Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас құралы. Кезінде М. Горький: «Халықтың өткендегі тарихын, тұрмыс-күйін, әдеп-ғұрпын, ұрпақ тәрбиелеу тәсілін жақсылап зерттейміз десек, ауыз әдебиетін білуге тиістіміз»- деген болатын. (20, 135)

Ауыз әдебиетінің тәлім-тірбиелік мәнін кемеңгер жазушы М. Әуезовтың мына бір пікірінен аңғаруға болады: «Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизімді, халықтың қанатты үміті - оптимизімді . . . сол халықтың өткендегі өмірі, аңсау -арманы, әдеп-ғұрпын, халықтың ұжымдық тәрбиесінің жемісін көреміз». (96 20)

Ата-бабаларымыз күмбірлеген күміс күйімен сыбызғы сырнай үнімен, әң-жырымен, мақал-мәтел, шешендік сөз, ертегі, айтыс өлеңдерімен сан ғасыр бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Сонымен халықтық педагогиканың тамаша идеялары мен дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде халықтың ауызекі шығармашылығы айрықша роль атқарады.

Халық ауызекі шығармашылығының балалар мен ересектер тәрбиесінің таптырмас құралы, әдіс-тәсілі, құнды адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратындығын ескере отырып, бала тәрбиесінде дұрыс пайдалану арқылы жетілдіруді көздедік Сонда ғана Қазақстан Республикасының егеменді ел болуымен байланысты ұлттық мәдениетті марапаттау, халықтық педагогиканың қағидаларын оқушылардың бойына дарыта, адамгершілік, ізгілік рухында тәрбиелеу талабын шешілері сөзсіз.

Халық педагогикасы дәстүрі негізінде бастауыш сынып оқушыларын, балабақша бүлдіршіндерін адамгершілікке тәрбиелеуге тәрбиешілерді, болашақ мұғалімдерді даярлау мәселелері А. Әлімбаевтің, Р. К. Төлеубекованың, А. С. Мағауованың, Б. Мұқанованың, С. Қ. Әбілдинаның, зерттеулерінде әр қырынан сөз болады. Халық педагогикасы проблемасы саласында кейінгі ондаған жылдар көлемінде белсенді жұмыстар жүргізілгені баршаға аян. Оған дәлел ғылыми диссертациялар, монографиялар, оқу құралдары және ғылыми мақалалар жалпы кейінгі кезеңде халық педагогикасына тыңғылықты көңіл аударылып, оның сан- салалы тәрбие мүмкіндіктері жан-жақты зерттеле бастауы кездейсоқ емес. Өйткені, халық педагогикасы -көптеген жылдар електен өткен тәрбие мәйегі. Осындай зерттелген жұмыстардың авторларын атау өте орынды. Олардың ішінде Қ. Б. Жарықбаевтің, С. Қалиевтің, С. А. Ұзақбаеваның, Ж. Ж. Наурызбайдың және т. б. еңбектері көпшілік көңілінен шыққанын айту ләзім. Қазақ халық педагогикасы мұраларының құнды идеяларын көптеген ғалымдар тәрбие құралы ретінде (мысалы: Ы. Оршыбеков - адамгершілік, Е. С. Сағындықов - адамгершілік, дене тәрбиесі, Т. А. Қышқашбаев -музыкалық, К. Сейсембаев -адамгершілік, Ұ. О. Асанова- адамгершілік-эстетикалық және т. б. ) қарастырған. Алайда ежелден тәрбие құралы міндетін өтеп келе жатқан халықтық педагогика қазыналары, қазақ балалары әдебиетінің таңдаулы туындыларымен күнделікті өмір тәжірибесімен біртұтас жүзеге асырылғанда ғана, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыта тәрбиелеу міндетін атқаруға тиісті. Осы міндетті шешуде тәрбие бесігінің бірі- мектеп. Мектептегі шәкірттеріміздің бойына ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар, намыс, ождан, имандылық, шабыттылық, ата-анаға мейірімді, кішіпейіл, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіре тәрбиелеу - заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан халық педагогикасының тәрбие құралдарына назар аудару, республиканың қоғамдық өмірін қайта құру барысындағы талаптарға сай келетінін, ұлтаралық мәдениет байланыстарын нығайтумен бірге, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын демократияландырып, ізгілендіруді тереңдете түсуге ықпал ететінін негізге алған абзал.

Біз жоғарыда айтылғандардан бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесінде халық ауызекі шығармашылығын материалдарын пайдалану зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелер. Сондықтан біз бұл мәселені зерттеуді «Бастауыш мектепте оқыту процесінде халық ауызекі шығармашылық материалдарын пайдалану» дипломдық жұмысымыздың негізі етіп алдық.

Зерттеу объектісі - оқу процесінде халық ауызекі шығармашылығын материалдарын пайдалану процесі

Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде халық ауызекі шығармашылығын пайдалану бойынша мұғалім жұмысының мазмұны

Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына қазақ халқының ауызекі поэтикалық шығармашылығын пайдаланудағы сабақтар жүйесін жасау

Зерттеу міндеттері :

  • халық ауызекі шығармашылығының пайдалану мәселесін талдау;
  • қазақ халық ауызекі шығармашылығы материалдарының өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
  • алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірибесін талдау және жинақтау;
  • бастауыш сыныптың оқыту процесінде қазақ халық ауызекі шығармашылығы материалдарын пайдаланудың тиімділігін анықтау;

Зерттеудің әдіснамалық негізі - жеке тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, педагогикалық процесс теориясы, мемлекеттік құжаттар.

Зерттеу әдістері:

- Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену мен талдау.

- Бақылау әдісі.

- Әңгімелесу.

- Сауалнама.

- Педагогикалық эксперимент.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейтестілігі көрсетіліп, зерттеудің ғылыми аппараты айқындалған.

«Бастауыш мектепте оқыту процесінде қазақ халық ауызекі шығармашылығын пайдаланудың ғылыми- теориялық негіздері » атты бірінші тарауда бастауыш мектепте оқу процесінде қазақ халық ауызекі шығармашылық материалдарының мазмұны, оны бастауыш мектепте пайдалану мәселелері қарастырылады.

«Бастауыш мектепте оқыту процесінде қазақ халық ауызекі шығармашылығын пайдалану бойынша тәжірибелік - эксперименттік жұмыс мазмұны» атты екінші тарауда бастауыш мектепте оқу процесінде қазақ халық ауызекі шығармашылығын пайдалануда мұғалім жұмысына талдау жасалынады, жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижелері беріледі.

Қорытындыда бастауыш мектептеің оқу процесінде қазақ халық ауызекі шығармашылығын пайдалануға байланысты ұсыныстар қатары берілген

Қосымшада тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері көрсетілген, кестелер және сабақ жоспарлары берілген

Бірінші тарау Бастауыш мектепте оқыту процесінде ауызекі шығармашылығын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері

1. 1. Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ауызекі поэтикалық шығармашылық материалдарының қарастырылу мәселелері

Ұрпақ тәрбиесі - ұзақ және күрделі процесс. Аталарымыз табиғатпен етене өмір сүріп, барлық жақсыны үздік тәрбиелеу жолына бағыштап отырған. Өйткені, ұрпақ тәрбиесін елдің әлеуметтік дамуы мен құрылысының келешегін айқындаушы негіз деп санаған. Сол үшін де оқушыларға тәрбие беруде халқымыздың ғасырлар бойы сан мыңдаған сындарынан өтіп бізге жеткен тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін негізге алуға- міндеттіміз.

Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы біздің үлттық болашағымызды, халықтық қасиетімізді өзімізге де, өзгеге де жазбай танытатын асыл мұра, сол арқылы ата-бабаларымыздың тәрбиелік мирастары негізінде жас ұрпақты адамгершілікке, адал еңбек, өнер -білімге баулу, өмірге бейімдеу, отбасының, ауыл аймақ, Отанының намысын қорғау сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеуге мүмкіндік туады.

Біздің зерттеуімізге тікелей қатысты мөселе халық ауызекі шығармашылығының адамгершілік тәрбиедегі мүмкіндіктері болғандықтан, ең алдымен, оны ұрпақ тәрбиесінде қолдану жөніндегі көзқарастарга тоқталайық.

Халық ауызекі шығармашылығы халық күші мен даналығын, оның адамгершілік мұраттарын, халық педагогикасының терең сипатын жеткізетін педагогикалық құрал болып табылады.

Ертедегі көпке танымал педагогтардың педагогикалық мұраларына ден қойсақ, олардың үнемі халық педагогикасына сүйенгендерін аңғарамыз. Мысалы, И. Г. Песталоццидің тәрбие теориясы шын мөнінде халықтық төрбиенің тәжірибесін жинақтап қорыту болып табылады. Ол адамгершіліктің өлшемін адамның «жақсылық жасауға тілегі мен іскерлігі» арқылы бағамдады. Оның ойынша, тәрбие қүралын халық өмірінің өзінен алу керек. (35, 116)

Халық ауызекі шығармашылығын адамгершілік тәрбиесінде қолдану идеясы К. Д. Ушинский еңбектерінде де өз көрінісін тапты. К. Д. Ушинский алғашқылардың бірі болып ертегілерде, мақалдар мен мәтелдерде халықтың педагогикалық кемеңгерлігі анық көрінетіндігіне көңіл бөлген. «Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы» атты еңбегінде халықтың адамгершілік идеалы халықтың санасезім деңгейін, оның жақсылық пен жамандыққа деген көзқарасын, халықтың ар-ұятьн білдіреді» деп атап көрсетті. Ұлы педагог ертегілерді жоғары бағалап, оларды өзінің педагогикалық жүйесіне енгізді. «Халық ертегілерінде, - деп жазды ол, - халық балаларына бала кездегі қиялдары туралы әңгімелейді, түптеп келгенде, бүл қиялға өздерінің де ішінара сенетіні сөзсіз». Ол педагог ретінде, әжелерді, шешелерді, аталарды тумысынан педагогтар деп санайды. Өйткені олар жастайынан ертегідегі қиял дүниесіне араласып, өздері шебер ертекші болып алады. (50, 45)

XIX ғасырдағы орыс демократтары В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский халықтық тербие идеясын дамытуға, оның ішінде халық ауыз әдебиетіне үлкен мән берді.

Егер В. Г. Белинский «халық әдебиеті - айна, онда халық өмірі барлық жақтарымен, өзіндік сипаттарымен бейнеленеді. Халық әдебиеті бір жағынан оның санасын да білдіреді»- деп, ертегілерде ұлттық мінез бен халықтың бейнесі көрініс тапқанын сөз етсе, Н. А. Добролюбов ертегілер арқылы халықтың көзқарасы мен психологиясын ұғынып-түсінуге болатындығын айтады. (13, 220)

Бұрынғы Одақ көлемінде орындалған зерттеулерде халық шығармашылығы үлгілерінің жеткіншек ұрпақтың адамгершілік тәрбиесінде маңызды роль атқаратынына көңіл бөлінген. Мысалы, А. С. Макаренко ата-аналарға арналған лекциясында: «Жақсы айтылған ертегі - мәдени тәрбиенің бастамасы», - деп, әр отбасындағы кітаптар сөресінде ертегілер жинағы болу қажеттігін ескерткен. Грузин педагогы А. Ф. Хинтибидзе, әзірбайжан оқымыстысы А. Гашимов, чуваш халқының зерттеушісі Г. Н. Волков, татар педагогы Я. И. Ханбиков т. б. өз зерттеулерінде халық ауызекі творчествосы халықтың адамгершілік идеалдарын бейнелей отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін, принциптерін көрсететіндігін айтады. (43, 175)

Жас жеткіншектерді патриоттыққа төрбиелеуде, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятуда «Желкен жерінде көгерер, ер елінде көгерер», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Сағынған елін аңсайды, сарыала қаз көлін аңсайды», «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас», «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» т. б. мақал-мәтелдердің құндылығы орасан зор.

Бастауыш сынып оқушыларына еңбек туралы алғашқы ұғымдарды тұтас педагогикалық процесте мақал-мөтелдер арқылы түсіндіруге толық мүмкіндік бар.

«Жан қиналмай, жүмыс бітпес, талап қылмай, мұратқа жетпес», «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады», «Ерінбегеннің еңбегі оңады», «Еңбек бәрінде жеңбек», «Бір еңбек еткен екі етеді, екі еткен әдет етеді», «Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер» т. б. мақал-мәтелдер балалардың еңбек туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырып, еңбекті сүюге тәрбиелейді.

Адамгершілік қасиеттердің ішіндегі ерекше құндыларының бірі -ізеттілік, ал оның басты белгілері кішіпейілділік, қайырымдылық, адамжандылық болып саналады. Бала мектепке келгеннен бастап не жаман, не жақсы деген ұғымдарды салыстыра отырып, адамгершілік туралы түсініктерін кеңейтеді.

Қазақ халқының мақал-мәтелдеріне балалар түсінігіне сай қайырымдылық, кішіпейілділік, адамжандылық, жақсылық, ізгілік тәрізді қасиеттерді уағыздайтын даналық ой толғам өзек болған. «Кішіпейілділік - кісінің көркі», «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет», «Кішілік пен кісілік - ұлылықтың белгісі» (Махмұд Қашғари), «Жақсыға қылған жақсылық . . . өмірінде тозбайды, жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды», «Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені, шын достықтың белгісі - көп кешікпей келгені», «Жақсы болсаң - жақын көп», «Ұлық болсаң - кішік бол» т. б. мақал-мәтелдер сондай тұжырымдарға құрылған.

Сонымен қатар мақал-мәтелдерде халық жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты, еңбекқорлық пен еріншектікті, жомарттық пен сарандықты, саналылық пен надандықты салыстыра сөз етеді. Адамгершілік жолына нұсқан келтіретін жамандық пен жауыздық қылықтарды батыл сынап, әшкерлеп, қалың жұртшылыққа адамгершілікке тән мінез-құлықтарды үлгі өнеге етеді.

Балаларға адамгершілік тәрбие, білім беруде қазақ халқының эпос шығармашылығының да орны ерекше. Қазақ эпостарында еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, рулар мен тайпалардың өзара ізгілік қарым-қатынастары, әйелдерге, ақсақалдарға құрметпен қарау, адамгершілік, батылдық, балаларға қамқорлық, мейірбандық, туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік т. б. жырланады.

Батырлар жырында («Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т. б. ) батырлардың басқыншыларға, билеуші-қанаушыларға қарсы ұлы ерліктері, турашыл мінезі, ержүректілігі, халқына шексіз берілгендігі, оның жолына өзін құрбан етуге әзірлігі тәрізді жеке басының асыл қасиеттері ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар гуманизм мен патриотизм, ерлік пен ізгілік, аға мен інінің қарым-қатынасы, батырлардың өзінің айналасындағы адамдарға қамқорлығы, бірлік пен татулық, ел мен елдің достығы т. б. сөз болады.

Батырлар жырындағы негізгі тақырып - отансүйгіштік. Халық елін, жерін, халқын қорғайтын батырлардың бойына ең жоғары адамгершілік қасиеттер дарытып, қалың жұртшылыққа шебер таныта білген.

Ал лиро-эпостық жырларда көшпелі ауылдың тұрмыс-тіршілігі бейнеленіп, қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптары, дәстүрлері кеңірек сөз болады. Сонымен қатар жастардың бір-біріне деген ыстық сезімдері, феодалдық өмір салтының қыспағындағы сүйіспеншілік үшін күрес әсерлі суреттеліп, қазақ қыз бен жігіттерінің бойындағы адалдық, сыйластық, ізеттілік, сертте тұрушылық, ата-анаға құрмет ерекше шабытпен жырланады.

Бұл айтылғандардың барлығы эпостық шығармалардың балалардың адамгершілік тәрбиесінде жетекші роль атқаратындығын дәлелдейді.

Қазақтың көне ауыз әдебиетінің, арада талай ғасырлар өтсе де, ұрпақтан ұрпаққа тарап, ел зердесіне мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын есте жоймаған, заман ағымына қарай қайта жасарып, көпшіліктің айрықша ілтипатына ие болып отырған түрі - шешендік сөздер. Олар халық ауызекі шығармашылығының басқа түрлері сияқты, оқиғаны баяндау, тапқырлыққа баулу, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының таным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндейді. Шешендік сөздердің аясы кең, негізгі арқауы - адамгершілік болғандықтан, қай заман талабына да сай келе беретін халық байлығы саналады.

Қазақ шешендік сөздері бата-тілекпен қатар өнеге-өсиет сөздерді, өмірде кездесетін жер дауы, жесір дауы, ер құны секілді дау-талаптарды, келіссездерді қамтиды.

Адам қоғамы үй ішінен басталады. «Үй тірегі - ерлі-жарлы жұбайлар, жұмысың өнімді, өмірің көңілді болсын десең, адаммен дос бол және ол достықты ең алдымен жұбайыңнан баста», - деген өсиет айтады халық.

«Қатыныңмен дос бол - үйіңе береке кіреді, Азаматпен дос бол - қадірінді біледі. Білімдімен дос бол - сасқанда ақыл береді».

Халықтың жалақор, өзгені көре алмайтын күншілдерден жирендіріп, адамды жақсылыққа меңзейтін ізгі көңілін мына шешендік сөздерден аңғаруға болады:

«Жапалақ құс мақтанса, Жардан тышқан алдым дер. Жаман адам мақтанса, Жақсыны жағасынан алдым дер»; немесе «Қанша жуан болса да, Жалғыз ағаш үй болмас Қанша жақсы болса да, Жалғыз адам би болмас».

Қазақтың шешендік сөздері жанры жағынан шешендік дау, шешендік толғау, шешендік арнау болып жіктеледі. Шешендік арнау-адамдар арасындағы қарым-қатынасты, шешендік толғау - халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді десек, шешендік дау -қазақ қауымының заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңы іспеттес.

Шешен адам - сол заманның айтушысы, білімпазы, парасатты жаны. Ондай жандар - ежелден жұртшылыққа белгілі Майқы би, Жиренше шешен, Аяз би, Асанқайғы, Қорқыт ата, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке мен Жәнібек, Сырым және олардың ізін басқан Абай, Шоқан, Ыбырай т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмысы
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Мектептің педагогикалық кеңесі
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Ж. Аймаутовтың педагогика жөніндегі көзқарасы.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz