Жеке тұлғаға бағыттап оқытудың дәстүрлі педагогикалық оқытудан айырмашылығын анықтау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар мен
қысқартаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..3

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясының
мәні, оқу үрдісінде алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясының
моделдері мен оған қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 17
1.3 Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың дәстүрлі
педагогикалық оқытудан айырмашылығы ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 28
1.4 Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясын
пайдаланудағы мұғалімнің басқару қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... 37

ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ (Ана тілі пәні 3-сынып)

2.1 Бстауыш мектеп оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерін анықтау
жұмыстары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
... ... ... 37
2.2 Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясын пайдалану үлгісі
бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
нәтижелері ... ... ... ... ... ... 46
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...61
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 63

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға,
бағдарламаларға сілтеме жасалған:
1. Қазақстан Республикасы ҚР БМЖБМС 2.003-2002 жалпы орта білім берудің
бастауыш сыныптарға арналған мемлекеттік стандарты. Негізгі ережелер.
Алматы: 2002.
2.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. Алматы 2005.

Анықтамалар мен қысқартулар

Білім беруді ізгілендіру технологиясы – оқушыны азамат етіп
тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны
мен жүрегіне жылылық ұялату
Жеке тұлға - дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты
жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық
өмірінің дара нысаны.
Жеке тұлға — жоғарғы дәрежеде кіріктірілген үнемі оқу, даму
процесінде болатын әлеуметтік жүйе.
Жеке адам - тек әлеуметтік сана мен қасиеттерді игерген тұлға.
Қызығушылық- дүниедегі заттар мен кұбьшыстарды белсенділік пен
танып білуге багытгалған адамньщ жеке ерекшеліктерінің бір көрнісі.
Өзін-өзі басқару - ұжым мүшелерінің өз ұжымдарына басшылық етіп,
басқару әрекеті. Өзін-өзі басқару негізінен сыныптан тыс, мектептен тыс
жұмыс түрінде кеңінен көрініс береді.
Өзін-өзі-жетілдіру- өзінің өмірлік қуатының мәнін, мақсатын жүзеге
асыратын, тәндік, жаңдық, рухани күш-қуатын сандық және сапалық өзгеріске
түсіретін ішкі объективтік процесс.
Өзін-өзі меңгеру- түрлі жағдайда өзінің эмоциясын, тәртібін адамның
шамадан тыс кетірмеуге байланысты әрекеті.
Өзін-өзі меңгеру тәсілдері- қызметте өзін босаң ұстау, релаксация,
аутотренинг жасай білу, өзін басқаларға жақсылық жасауға дайын болуға
тәрбиелеу, ісіне оптимизіммен қарау. (еңбек терапиясы, музыка терапиясы,
кітап терапиясы, имитациялық ойын т.б.)
Өзін-өзі тәрбиелеу- адамның өз бойындағы ұнамсыз, жағымсыз мінез
құлықты жеңуге, ұнамды, жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, жетілдіруге
бағытталған жүйелі де саналы әрекеті.
Технология – (грек сөзі - өнер, іскерлік, шеберлік) бір істі
орындағанда қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесі.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы – оқушыны азамат етіп тәрбиелеу,
олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне
жылылық ұялату

Ұжым - бір мақсатқа бағытталған ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-
әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР БМЖБМС – Қазақстан Республикасы білім берудің міндетті жалпы
білім мемлекеттік стандарты

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру
жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру
мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай
Қазакстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін
осы заманғы білім беру жүйесі қажет делінген. Сол білім беруді дамыту ісі
жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді , білім
берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады.
Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке
басының әлеуметін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен
салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді.
Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге жан - жақты дайындалған,
еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және
адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу
қажеттігін дамыту мәселесі тұр.
Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл
тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым
бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру.
Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз педагогикалық іс
әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға
ретінде өзін- өзі тануын, өзін - өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз
ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс - әрекеттер
жиынтығы.
Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке
тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің
қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты
жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен
оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің
тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе
әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыру.
Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен
тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Сонда: Жеке тұлғаның
қалыптасуы- үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде
қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті
бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын
арттыру, олардың ақыл- ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны
қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу,- деп атап көрсетіп, мектеп
алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды.
  Жеке тұлғаны дамыту мәселелері- Л.С.Выготскийдің, М.Б.Блонскийдің,
С.Л.Рубинштейннің, Л.В.Занковтың, Д.В.Элькониннің еңбектерінің негізгі
арқауы.Қазіргі кезде Д.Н. Богоявленскийдің, П.Я. Гальпериннің, Б.В.
Давыдовтың, Л.В. Занковтың, Е.Н.Кабанова-Меллердің, С.Л.Рубинштейннің,
Н.Ф.Талызинаның т.б. жеке тұлғаға бағытталған және дамыта оқытудың
психологиялық теориялары жасалып, оқу үрдісіне енгізілген. Білім берудің
жеке тұлғаға бағытталған технологиясына Л.И. Аниферованың, Е.В.
Бондаревскаяның, В.С. Ильиннің, М.В. Клариннің, Т.Н. Мальковскаяның, В.В.
Сериковтың, И.С. Якиманскаяның, Д.В. Дорофеевтің зерттеулері арналған.
Білім берудің мәні баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып
белсенді іс-әрекет жасауына, оқуға деген ынтасы мен өз қабілетін
еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі
тәрбиелеп дамытуына, жасы және жеке бас ерекшеліктерін ескеруге жағдай
туғызуды қажет етіп отыр. Білім берудегі бұл мәселелер қазіргі таңда
қоғамдағы ең өзекті тақырыпқа айналып отыр. Бастауыш мектеп үрдісінде жеке
тұлғаға бағыттап оқытуды өзектілендірудің басты себебі:
- Оқу барысында дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыны бастауыш пәндері бойынша
қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды жеке тұлға ретінде ұсына
алмады;
- Оқу барысында жеке тұлға ретінде оқушы қайшылықты практикалық іс-
әрекетте көрсете білмеді немесе шеше алмады;
- Оқу барысында мұғалім оқушыға жеке тұлға ретінде бір сұрақты жан-жақты
қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алмауы, құбылысты әр түрлі позициядан
қарастыру технологиясы жүзеге аспады;
- Оқу барысында мұғалім оқушыға жеке тұлға ретінде ұқсастықтар мен
қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай
туғызбады;
- Жеке тұлға ретінде оқушы өз бетімен нақты сұрақтар қоюды, мәселелерді
шешуді өз бетімен жүзеге асыру технологиясы жүзеге аспады.
Яғни оқыту технологиясы оқушы тұлғасын басты орынға қоя оқыту
педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының мазмұнына
негізделмеді.
Бұл өзекті мәселелерді шешудің негізі мені дипломдық жұмыс тақырыбын
Бастауыш мектеп оқу үрдісінде жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясын
пайдаланудың педагогикалық шарттары деп таңдауыма негіз болды.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш мектептің оқу үрдісінде жеке тұлғаға
бағыттап оқыту технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау,
теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін эксперимент арқылы
тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
• Зерттеу тақырыбына сай педагогикалық, психологиялық,
әдіснамалық әдебиеттерді оқып, саралау.
• Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясының мәнін оқу үрдісінде
алатын орнын анықтап, нақтылау.
• Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясының модельдері мен
талаптарына талдау жасау.
• Жеке тұлғаға бағыттап оқытудың дәстүрлі педагогикалық оқытудан
айырмашылығын анықтау.
• Бастауыш мектептің оқу үрдісінде жеке тұлғаға бағыттап оқыту
технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау
және оларды іске асырудың әдістемесін жасау
• Бастауыш мектептің оқу үрдісінде жеке тұлғаға бағыттап оқыту
технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарының
тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу маңыздылығы мен объектісі. Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі
үшін өз жауапкершілігін көтеру оның "көптің бірі" немесе" көптің ең
жақсысы" болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігімен, субъектілік
тәжірибесінің ерекшелігімен, қайталанбайтын тұлғалық құндылығымен маңызды
болып саналады.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектептің оқу үрдісінде жеке тұлғаға бағыттап
оқыту технологиясын пайдаланудағы мұғалім іс әрекетінің мазмұны және оның
педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Бастауыш мектептің оқу үрдісінде
жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясын пайдалану оқушылар тұлғасын
шығармашылық тұрғыдан дамытуды және мұғалім іс әрекетінде педагогикалық
жаңашылдықты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Зерттеудің болжамы. Егер бастауыш сыныпта жеке тұлғаға бағыттап
оқыту технологиясын пайдаланудың нақты педагогикалық шарттары айқындалса,
онда мұғалім іс ірекеті нәтижелі болып, білімнің сапасы қамтамасыз етіледі,
Өйткені жеке тұлғаға бағытталған технологиясы бастауыш мектептің оқу
үрдісін жетілдіруді көздейді.
Зерттеудің практикалық маңызы:
Бастауыш мектептің оқу үрдісінде жеке тұлғаға бағыттап оқыту
технология пайдалануда жеке тұлға ретінде қалыптастыруда экперимент
жүргізілді Сауалнамалар, тәрбие сағаты,сабақтар жүргізілді.
Зерттеу әдістері:
- Педагогикалық психологиялық әдебиеттерге, оқулықтарға, әдістемелік
материалдарға талдау жасау.
- сұрақ-жауап әдістемесі, сараптау, талдау әдісі;
- диалогтік, ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық әдісі
- Озат ұстаздар тәжірибесінен тәжірибе алмасу
- Интернет,кітапханадан мәліметтер жинастыру
- сарамандық-тәжірибе жасау әдісі;
- байқау, салыстыру, бақылау әдісі;
- Зерттеу тәжірибелік базасы: СҚО, Уәлихан ауданы, Бидайық ауылы,
Бидайық орта мектебінің 3 сыныбы

І. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясының мәні, оқу үрдісінде
алатын орны

Жеке тұлғаға бағытталған технологияның өзектілігі соңғы кезде
Қазақстанда болып жатқан өзгерістердің демократиялық бағыты жеке тұлғаны
дамыту жағына қарай білім беру жүйесін өзгертті. Бүгінгі күні оқытуды тек
қана оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру емес, сонымен қатар
оқитын тұлғаның жеке ерекшеліктерін, оны тәриелеуі мен дамуын, мәдени
байлығын және өзін-өзі тәрбиелеу мен дамытуға жағдай жасауын айқындап,
есептеуге бағыттауымыз қажет.
Қазіргі жүйеге қойылатын талаптардың өзгеруімен мұғалімге деген де
талап өзгереді. Білімдік парадигманың орнына келген қазіргі парадигма
эрудициясы бар және мәдениетті мұғалімнің ұмтылысын жетелейді. Осы ұмтылыс
оқуға деген қызығушылығын дамытуға әкеледі. Осы аталған өзгерістердің
бағыттаушы векторына оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтитын
жеке тұлғаны оқытуға бағытталған идеялар жатады. Мектеп дамуының қазіргі
кезеңінде олардың әлемдік деңгейде қарағанда басым мағынасы бар. Жаңа білім
беру мекемелерінің пайда болуына және қазір бар мекемелердегі оқу үрдісінің
қайта құруына осы жеке тұлғаға бағытталған технология жақсы ықпал етеді.
Жеке тұлғаға бағытталған технологияның жетекші идеясы жаңа
парадигманың негізгі бағыты - баланың жеке тұлғалық қасиетінің дамуы. Оның
жетекші идеясы мынадай негізделеді: даму көзі баланың өзінде, оның
субъективтік тәжірибесінде, табиғи жеке тұлғалық қажеттілігінде болып
табылады. Адамға, оның жеке тұлғалық дамуына, мәдениетіне және қоғамдық іс-
әрекетіне деген бетбұрыс-жеке тұлғаның және қоғамның қажеттілігіне
толығынан сәйкестенетін білім берудің түрін өзгертуге әкеледі.
Өткен жылдардағы оқытуда басты назар оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына,
әдіс тәсілдеріне аударылып, оқушының өзіне және осы мазмұнды игеру
қажеттілігіне көңіл бөлінбеді. Оқуға деген мұндай көзқарастың нәтижесі
жүктемеден асып кетуіне, оқуға деген қызығушылықтың кемуіне, соңында оқушы
білімінің нашарлауына әкелетіндігі белгілі. Осының әсерінен оқуға деген
қызығушылық жойылды.
Оқу үрдісінен мұғалім де осылай алыстатылып қалды (процентомания,
жалған бағалар, т.с.с). Оқушының беделін өзгерту туралы сұрақ мүлдем
қойылмады. Оқу үрдісінің объектісін көру маңыздырақ болған (барлығын және
барлығына үйрету мақсатына жету болды.). Нақты жеке тұлғаға бағытталған
білімді, оның жеке тұлғалық қасиетін қолдауды талап ететін принцип жойылды.

Осы оқу тәрбие үрдісінің технократизациялануына әкелді. Технократтық
педагогтардың ойлау қабілетіне де енді. Ал мұғалім білім тек интеллектіні
қозғайтын жалпы өсім емес оның қабілеті адамға емес, ақыл-ойға
бағытталғанын әрқашан есте сақтауы керек. Адам ойының бейнесі де әрқашан
білімге тән емес.
Сондықтан оқыту басты мәселе болатын білім беру, көбінесе не істеу
керек? деген сұраққа жауап береді, ал оқушы болса мектепте оқи отырып,
қалай өмір сүру керек? деген сұраққа жауап табуы тиіс. Сөйтіп, жеке
тұлғаға бағытталған технологияның міндеті - оқушыларды жай өмір сүруге
емес, жоғарғы қоғамдық критерийлермен сәйкес лайықты өмір сүруге үйрету.
Мектепте оқып жүріп оқушылар білім алумен қатар, өмірдің мәнін тауып, оның
нақты бағалы мазмұнын толықтырулары тиіс. Қазіргі кезде
Д.Н. Богоявленскийдің, П.Я. Гальпериннің, Б.В. Давыдовтың, Л.В.
Занковтың, Е.Н.Кабанова-Меллердің, С.Л.Рубинштейннің, Н.Ф.Талызинаның т.б.
жеке тұлғаға бағытталған және дамыта оқытудың психологиялық теориялары
жасалып, оқу үрдісіне енгізілген. Білім берудің жеке тұлғаға бағытталған
технологиясына Л.И. Аниферованың, Е.В. Бондаревскаяның, В.С. Ильиннің, М.В.
Клариннің, Т.Н. Мальковскаяның, В.В. Сериковтың, И.С. Якиманскаяның, Д.В.
Дорофеевтің зерттеулері арналған.
Соңғы кездері білім беруді басқару мәселесін ізгіліктік және
демократаялық көзқарастар тұрғысында қайта зерделеу арқылы жаңа басқару
технологиясын қалыптастыру қажеттігі туындап отыр. Өйткені, бүгінгі мектеп-
адамға білім, білік, дағдылар жиынтығын беріп кана қоймайды, сонымен қатар,
өмірдегі өз орнын анықтай алатан, білімі арқылы мүмкіндіктерін жүзеге асыра
алатын, үнемі даму үстінде болатын тұлғаны қалыптастырады. Сондықтан мектеп
басқаруды білім беру үрдісіне қатысушы оқушы және мұғалім тұлғасының
айналасына шоғырландыру тұлғаның бойында ізгіліктілік, рухани қасиеттер
пайда болуын көздейді. (Д.Дьюи, К.Роджерс, С.Л.Рубинштейн, Ж.Пиаже,
Л.Выготский).
Көптеген еңбектерді саралау нәтижесінде қарастырып отырған мәселенің
теориялық заңдылықтары мен ұстанымдары айқындалды. Білім беруді басқарудың
теориялары зерделеніп, мазмұнына қарай топтастырылды. Бірінші топқа алдын
ала белгілеген нәтижеге бағытталған қызметтік басқару теориялары
жатқызылды. Олар өзара жүйелі байланыстағы әрекеттер мен қызметтердің
жиынтығын құрайды. Мектеп басқару теориясында қызметтік басқару түрлі
көзқарастар тұрғысынан қарастырылған. Мысалы, Н.В.Кузьмина алдын ала
болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, тәртіп беру, үйлестіру және бақылау деп
алса, А.М.Моисеев, В.С.Лазарев, Н.Ә.Әбішев т.б. басқаруды педагогикалық
жүйе ретінде көрсетіп, оның танымдық, жобалау, құрастыру, ұйымдастыру,
қарым-қатынастық деген бөліктерін айқындайды. В.А.Якунин, Б.А.Қойшыбаев,
Г.П.Храпченков т.б. білім беруді басқарудың өзін үрдіс ретінде қарастыра
отырып, мақсат қою, ақпарат жинақтау, болжау, шешім қабылдау, орындау,
қарым-қатынас, бақылау мен нәтижені бағалау бөлімдеріне бөледі.
Соңғы кезде білім беру үрдісінде жеке тұлғалық бағыттылықты жасау,
қалыптастыру мәселесіне үлкен ден қойылып отыр. Себебі қоғамның бүгінгі
қарқынды дамуы әр істе белсенді әрекет жасай алатын жаңа ұрпақ адамының
қалыптасуына мүдделі. Яғни жаңа дамып келе жатқан қоғамға жаңа білім алған,
жаңа тұрмысқа, жаңа еңбек түрлеріне, жаңа қатынастарға бейімделген, өз
бетінше шығармашылық қабілет-қасиеттерін дамыта алатын, өзінің
мүмкіндіктерін бағалай білетін және оларды қалыптасқан қатынастар жүйесінде
іске асыра алатын тұлға қажет. Ал бұл қажеттіліктің жүзеге асырылуы білім
беру тәсілін, оны жақсартудың әдістемелік негіздерін жетілдіруге тікелей
байланысты.
Білім беру тәсілдерін жетілдіру мәселелері белгілі ғалымдар мен
педагог-әдіскерлердің назарынан тыс қалмай, олардың үнемі зерттеу нысанына
айналып келеді. М.Кларин, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Леонтьев,
А.Петровский, Б.Бим-Бад, Е.Пассов, т.б. ғалымдар мен жаңашыл ұстаздар білім
бөрудегі тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың теориялық және әдістемелік
негіздерін жасауда үлкен нәтижелерге жеткен. Олар білім берудің әлемдік
үрдісіне тән негізгі тенденцияларды атап көрсетті. Оның ішінде танымдық іс-
әрекеттердің тәсілдерін белсенді меңгеруге бағытталған, тұлғаның мүддесіне
және мұқтажына бейімделген, оның өзін-өзі ашып көрсете алатын мүмкіндікті
қамтамасыз ететін білімнің басымдылықтағы орынға ие екендігі ерекше
көрсетілген.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасында да жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім
берудің мақсаты мен оның тәсілдерін жетілдіру міндеті де айқын көрсетілген.
Атап айтқанда, онда "Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде
еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз
бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру" делінген.
Ендеше оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың
және жетілдірудің теориялық негіздері мен технологиясына ғылыми тұрғыдан
талдау жасалынып, оны шешудің жолдары көрсетіліп, жаңа міндеттері
айқындалып жатыр деуге толық негіз бар.
Жеке тұлғалык, бағыттылықты жасау технологиясына байланысты жіктеулер
жасау мәселесінде де ілгерілік байқалады. Атап айтар болсақ, бұл мәселеде
зерттеуші Г.Селевко мен И.Харламовтардың жіктеулері мағыналық жағынан
тартымды көрінеді. Г.Селевко қазіргі заманғы білім беру технологиясын
зерттей келе жеке тұлғалық бағыттылықты жасаудағы басты мақсат баланың жан-
жақты, еркін және шығармашылық дамуына жетуде антропоцентрлік, гуманистік
және психотерапевтік бағыттың рөлін ерекше атап көрсетеді. Ал И.Харламов
тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда білімді болудың жеткіліксіз екендігін
айтады. Оның пікірінше, әрбір жеке адам білім, іскерлік және дағды
жиынтықтарын жақсы меңгеріп, жоғары білімділігін көрсете алса да, ол өзінің
тәрбиелілігін көрсете алмауы мүмкін, яғни қарым-қатынас жасау мәдениетінің
болмауы, эгоцентрлік әдетінің болуы оның өнегелі болып саналуына қайшы
келеді.
Тұлғалық бағыттылық қасиетті қалыптастыруда оқушы өзін-өзі дамытатын,
өз бетінше білімін көтеретін, өзін-өзі іске асыра алатын субьектіге
айналады, ал оқу үрдісі, оның категориялары (мақсаты, мазмұны, әдістері,
формалары) тұлғалық бағыттылықты жасаушы, қалыптастыру шы қайнар ретінде
қабылданады.
Сонымен, жеке тұлғаға бағытталған технологияның мақсаттар, жаттығулар
мазмұны -бұл таным және заттық іс-әрекеттің субъектісі ретінде оқушының
жеке қабілетін көрсету негізінде даму және өзіндік дамуды қамтамасыз ететін
технологиялар, яғни оқу үрдісі оқушылардың қабілетінің дамытуы
(интеллектуалдық, креативтік, коммуникативтік және т.б.) сонымен қатар
оқушының мақсатты бағытталған әсерін оқушының бағалы, жігерлік эмоционалдық
және басқа сфераларына тигізуі керек.
Дәстүрлі дидактикалық жүйелерде кез келген педагогикалық
технологияның негізі болып түсіндіруді алсақ, ал жеке тұлғаға бағытталған
білім беруде-түсіну және өзара түсінушілік, монологтан диалогқа, басқарудан
өздік басқаруға, көшу болып табылады. Шығармашылық, зерттеушілік ізденіс,
жеке тұлғаға бағытталған білім беру көлемінде баланың бар болуының негізгі
тәсілі болып есептеледі. Бірақ оқытудың шығармашылық міндеттері мен өмірлік
мәселелерді өздігінен жеңіп шығу үшін балалардың мүмкіндігі әлі де
жеткіліксіз, балаға педагогикалық көмек пен қолдау қажет.
Яғни бала тұлғасының дамуы мен оны тәрбиелеу жеке тұлғаға бағытталатын
білім берудің негізгі мақсатына айналды. Мұнда даму, адам субъектісінің
дамуы болып табылады. Қазіргі заманның жаңа парадигмасына сәйкес міндеттер
анықталады:
• балаға гуманизмдік қарым-қатынас жасау;
• адамгершілік қасиеттерді дамыту;
• оқушының жеке тұлғалық көрсеткіштерін қолдау (денсаулық жағдайы,
қабілеттілігі және т.б.);
• жеке тұлғалық сұранысты қанағаттандыру;
• білім берудің мазмұны мен білім алу жолдарын қабылдау;
Жеке тұлғаға бағытталған технологияның негізігі мазмұны
келесі ұстанымдармен анықталады:
1. Мектеп барлығы үшін мектеп болуы керек және онда жеке тұлғалық
қабілеттері мен ерекшеліктерін назарға алмай-ақ оқушылар өздерінің
үйіндегідей сезінуі керек. Басқаша айтқанда, бір жағынан мектеп
оқушыларға үйрену үшін ұмтылыс жасайтын болса, екінші жағынан -
қоршаған ортаның, әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне де назар аударып
отырады. Ол жоғары-этикалық та, көмекші, компенсациялық та болмауы
керек.
2. Мектеп барлығы үшін ғана емес, әрқайсысы үшін болуы керек. Оның
негізгі міндеті — оқушыны дамытумен қатар ойлау қабілетін дамыту
және бірінші кезеңде - жеке тұлғаны тұтастай дамыту және жеке
тұлғаның әрі қарай дамуына дайын болу - мектеп қабырғасынан шыққаннан
кейін бәсекеге қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз
етеді.
3. Сабақ оқушыға жағымды болу керек, сонда мектепте оқу нәтижесі жоғары
болып, ал жеке тұлғаның өзі де әрі қарай дамиды.
Жеке тұлғаға бағыттап оқыту барысында оқушылардың психологиялық жайлылығы
мынаны болжайды:
• оқу үрдісінде барлық стресс болатын факторларды жою;
• сыныпта оқушылардың ашылуына жағдай туғызу;
• оқуға деген нақты себептерді ескеру және оларды дамыту;
• оқушылардың ілгерілеуіне сезім туғызу;
Яғни, жеке тұлғаға бағытталған білім берудің мақсаты жеке тұлғаның
өзімен, білім берудің жалпы мақсаттарымен, жаңа білім берудің идеяларымен
келісілген, олардың ішінде негізгі білім берудің гуманизациясы,
гумантаризациясы бола алады. Процессуалды бөлігі (әдістері, формалары
(түрлері) және күтілетін нәтижелері) болып табылады.
Жеке тұлғаға бағытталған технологиялар әр баланың жеке ерекшеліктеріне
сәйкес оқытудың және тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын табуға тырысып,
психодиагностика әдістерін қолданады, балалар іс-әрекетіндегі қатынас пен
бағытын өзгертеді, оқытудың әр түрлі құралдарын (соның ішінде техникалық)
пайдаланады, оқытудың мазмұнын түзетеді. Жеке тұлғаға бағытталған
технология құралдарын екі топқа бөлінеді:
І-топқа барлық оқытудың жалпы педагогикалық қолдаумен қамтамасыз
етеді, өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың керекті жағдайын тудырады. Бұл
мұғалімнің оқуға деген назарлы, жылы қарым-қатынасы оларға деген сенімі,
сабақты жоспарлауға қатыстыру, бірігіп оқытудың жағдайын тудыру, ойындардың
іс-әрекетін пайдалану, драматизациялаудың әр түрлі формаларын шығармашылық
жұмыстарды, жетістіктердің оңтайлы бағалануы, диалогтік қарым-қатынас және
т.б. әдістер топтастырылады.
ІІ-топта жеке тұлғалық қолдауға бағытталған және жеке дамудың
диагностикасы, білімділігін, тәрбиелілігін баланың жеке проблемаларының
тууын жорамалдайды, әрі баланың даму үрдісін бақылайды.
Осы уақытта педагогикалық көмектің білімге және баланың дене мен жан
дүниесін түсінуге негізделген мөлшерлеуіне, оның өмірі мен тағдырының
жағдайына жанымен мінез-құлқының ерекшеліктеріне тілі мен іс-әрекетіне
сонымен қатар, оған тән жұмыс қарқынына ерекше мән беріледі.
Мұғалімнің жеке қолдауына сәттіліктің жеке тұлғаның өзін-өзі іске
асыруына, оқушы мәртебесін жоғарылатуға, оның жалпы міндеттерін орындауға
жеке үлесінің мәнділігіне ерекше мән беріледі.
Жеке тұлғаға бағытталған технологияларда оқу үрдісінің әдістері мен
формаларын жетілдіру педагог-новаторлардың жүйелерінде қолданылатын
дидактикалық идеялардың қатарында В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдарында,
Р.Штейнердің еркін таңдау идеясында,С.Н.Лысенкованың ілгерілетіп оқыту
идеясында, П.М.Эрдниевтің блоктарды ірілендіруінде, В.А.Сухомлинскийдің
сыныптың интеллектуалдық бейнесінде, Л.В. Занков бойынша жеке тұлғаны
дамытуда, И.П. Волковтың шығармашылық және атқарушылық іскерлігінде,
Л.С.Выготскийдің жақындағы даму аймағында, Д.В.Элькониннің
демократияландыру тәсілдегідей ойынында, И.Ильиннің білім берудің
гармонизациялауымен гуманитаризациялауының жаңа идеяларында және т.б.
көрсетіледі.
Бұл орайда жеке тұлғаға бағытталған технологиялар бойынша мектеп
түлегі қандай болады дегенді алып қарасақ, біздің ойымызша бұл:
• өнеркәсіптік еңбекке, оның ең кең мағынада дене және (ең бастысы ) ой
еңбегіне дайын;
• алдағы оқуға, ал болашақта үзіліссіз білім алуға дайын;
•жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-философиялық көзқарасы қалыптаса-тын;
• жалпы мәдениеттілігі қалыптасатын;
• отбасылық және әлеуметтік өмірде қажет болатын педагогикалық
біліктерге ие жеке тұлға болады.
Жеке тұлғаға бағытталған технологияның ерекшеліктеріне тоқталар болсақ
төмендегідей тұжырымдарды жасауға болады. Әр оқушының еркін дамуын
қамтамасыз ететін оқыту идеясы, мектептің өзі ежелгі болады. Педагогика
тарихын мұқият талдау бізді мынадай тұжырымға әкеледі: Олардың
әрқайсысы дарынды ұстаздың жеке тұлғасымен байланысты.
Сондықтан, жеке тұлғаға бағытталған оқыту әркімнің қолында бола бермейді.
Білім беру жүйесі әр мұғалімге жеткілікті болатын педагогикалық
технологияға сүйене отырып, тұтастай міндеттерді шеше алады. Қатардағы
мұғалімге оқытуды әр түрлі деңгейде сауатты етіп дайындауға мүмкіндік
беретін осындай технологияны XVII ғ. ортасында Ян Амос Каменский енгізді.
Сол кезден бастап жаңа технологиялар шыққан жоқ, 350 жыл бұрын болғандай
қазіргі мектеп оқушыларының стандартты оқытумен айналысатын фабрикаға
ұқсайды.
Оқытудың қарастырып отырған концепциясы жаңалығы мұнда: алғаш рет
меңгеру мен дамыту бастамасы, механизмдері әр түрлі болса да, бірақ өзара
тығыз байланыста болатын, екі үрдіс ретінде ғана емес, оқушының жеке
тұлғасын өзгертетін біртұтастай үрдістің екі өзара келісілген бөліктері
ретінде қарастырылады. Міне, осындай көзқарас оқытудың қарапайым моделінен
оқушының оқыту субъектісі ретінде дамуын қамтамасыз ететін оқыту моделіне
көшуге нақты мүмкіндік ашып, қажеттігін талап етті.
Жеке тұлғаны дамыта оқыту, тәрбие беру, оқушыларды тұлға ретінде
қалыптастыру үрдістеріндегі жүйе құрушы құрылымдар оқыту әдіснамасының
негізі болып табылады.
Тәрбиелей–дамыта оқытудың негізі ретінде келесі анықтаманы басшылыққа
аламыз: Тәрбиелей-дамыта оқыту дегеніміз - оқыту процесіндегі баланың
тұлғалық ерекшелігін, жеке құндылығын ескере отырып, білімді толығымен
игеруді қамтамасыз етіп, баланың дамуына, тұлға ретінде орнығуына белсенді
әрекетін қалыптастыр болып табылады.
Оқыту, дамыту және тәрбие беру ұғымдарының байланысын анықтау, олардың
әсерін оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуында қарастыру, ең алдымен
жеке тұлға ұғымымен байланысты.
Бұл орайда жеке тұлға деген не, оның анықтамалығы қандай дегенге
тоқталайық. Бұл орайда оның анықтамалығы адамның өзі педагогика,
психология, философия сияқты көптеген ғылымдардың зерттеу нысанына
айналуымен түсіндіріледі.
Философиялық сөздікте жеке тұлға анықтамасын келесі жолмен береді.
Жеке тұлға-қоғамдық өмірде, қарым-қатынаста, іс-әрекетте субъект ретінде,
сонымен қатар жеке өзінің күші, қабілеттілігі, қызығушылығы, мақсаты және
т.с.с ие жеке адам
Осыдан, жеке тұлға-өзінің барлық жеке психологиялық ерекше-ліктерімен
қоғамда өмір сүретін жан иесі. Жеке тұлға болып саналы түрде ойлана сөйлей
алатын, еңбек етуге толық қабілетті жан иесі саналады деген пайымдау
жасауға болады.
Осынау құбылыстар мен түсініктерді: дара тумыс иесі, адам, жеке тұлға
сөзінің мәнінен айыра білген жөн. Дара тумыс иесі - адамзат тегінің өкілі
бола алатын адам баласы. Туа біткен даралық та тумыс иесі ұғымына ұқсас,
сондықтан олардың арасында айырмашылық жоқ. Бірі -саналы дара адамның
өзіндік қасиетін, келесісі - сол адамның өзін білдіретін атау. Бірақ туа
біткен даралық ұғымын басқаша мағынада - адамның туа біткен ерекшелігі деп
түсінуге болады.
Туа біткен ерекшеліктер - адамға, хайуанаттарға да тән қасиетін
айқындай түсетін өзіндік сапасын айқындай алуы. Жеке тұлға - әлеуметтік
қатынас, сондықтан адам әлеуметтік қарым - қатынастың нәтижиесі.
Карл Маркстың Фейрбах туралы тезистерінде ...жеке тумыс иесіне тән
адамның бар болуы абстракты емес. Өз іс-әрекетінде ол барлық қоғамдық қарым
- қатынас жиынтығы болып табылады - деп жазған.
Дүниеге перзент болып келіп, әлеуметтік ортада жеке тұлғаға айналады.
Осыдан, жеке тұлға бұл адамның "әлеуметтік сапасы" деген қорытынды жасауға
болады.
Философтар мен психологтар жеке тұлғаны адамның іс-әрекетімен
байланыстырады. Мұнда психикалық және практикалық әрекет, яғни адамның
әлеуметтік іс- әрекеттерін қарастырып отыр.
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік дара туманың, адамның қоғамдық беті,
оның іс-әрекетінің әлуметтік мінездемесі.
Сондықтан, психологиялық сөздікте берілген анықтама нақты берілгендей:
Жеке тұлға - біріншіден, саналы іс-әрекеттер мен әлеуметтік қатынастардың
субъектісі болушы дара тума; екіншіден, анықталған қорытындыға сүйенсек,
жүйелі әрекеттер мен қатынастар нәтижесінде қоғамдық өмірде қалыптасатын
дара туманың жүйелі түрдегі сипаттары болмақ Төмендегі 1-схемада адам,
дара тума, субъект, жеке тұлға, тума даралық ұғымдарының байланысы
көрсетілген.

Мұнда, психологиялық сөздікте жеке тұлға - саналы іс - әрекеттің
нәтижиесі екені анық айтылған. Мұнда іс - әрекеттің ықпалы адамның даму
барысындағы қағидасы екені көрсетілген.
Іс-әрекет жетілген сайын адамның рухани, сымбаттылық әлеуеті де өзгеру
үстінде болады. Іс-әрекет – адам дамуының қозғаушысы. Іс-әрекет – ол адам
дамуы механизмі және процесі. Адамның рухани, сымбаттылық дамуының
барысында жеке тұлғаның іс-әрекеті көпжақты және жан-жақты сипатта. Іс -
әрекет механизм және оқушының даму процесі ретінде - бұл адамның
тәжірбиелік және психологиялық іс - әрекетінің жиынтығы, құнды - танымдық,
яғни іскерлік болып табылады. Баланың тұлға ретінде дамуын қалауымызға сай
басқару, оның іс - әрекетін практикалық әрі психикалық жағынан басқару -
тек адамның өзіндік әлеуметтік іс-әрекеті ғана оны жеке тұлғаға
айналдырады.
Баланың бойына қандай қасиеттерді сіңіру керек, қандай ұғымды іс-
әрекеттерді ұйымдастырып, оған шәкірттерді қалай қатыстыру керек?деген
мәсеелерді шешуде оқушыларды жеке тұлға ретінде мектепте оқытудың маңызы
зор. Сондықтан, жеке тұлғаны қалыптастыру ұстаздың негізгі мазмұны, оны
ғылым негіздеріне үйрету.
Ұстаз өз әрекетінің нәтижесіне мұқият талдау жасай алуы керек. Мұнсыз
оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасу барысына бақылау жасай
алмайды.Ұстазды жеке тұлғаны қалай өсіріп шығару керек деген сауал
қызықтырады. Жеке тұлғаның қалыптасуы ұғымының негізі, содан кейін оның
мүмкін болатын жолдары алдымен оқушыны оқыту, дамыту және тәрбие берумен
байланысты.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту,
дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің
жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай Қазакстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бізге экономикалық қоғамдық
жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет
делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи
құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді , білім берудің арнайы таңдап
алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың
мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске
асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес
келетін білім алуын талап етеді.
Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге жан - жақты дайындалған, еңбек
сүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік
тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін
дамыту мәселесі тұр.
Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл
тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым
бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру.
Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз педагогикалық іс
әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға
ретінде өзін- өзі тануын, өзін - өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз
ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс - әрекеттер
жиынтығы.
Соңғы он жылдықта біздің қоғамымыздың қоғамдық-саяси және экономикалық
шарттары білім және тәрбие берудің парадигмасының өзгеруіне алып келді.
Авторитарлық-технократиялық парадигманың орнына білім және тәрбие беру
ісінде гуманитарлық жеке тұлғаға бағытталған парадигма келді. Бұл жаңа
парадигма оқушының толық тұлғалық дамуына бағытталған, оның өз бетімен
оқуын дамыту, шешім қабылдай алу қабілеті, еңбек нарығында бәсекеге
қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін негізгі үш
мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн.
1. Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер:
- адамның даралық ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі;
- жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;
- тұлғаның өзіне тән қасиеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі",
- өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік
көрсететін жеке тұлға әрекеті;
- мендік тұжырымдаманың болуы;
- педагогикалық қолдау оқушылардың білім алуына, өмірлік, кәсіби өсуіне,
психикалық қарым - қатынас бойынша алдын ала көмек беру іс әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру құрылымының негізгі ережелері мен бастапқы
жағдайы:
- өзін - өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;
- дарашылық ұстаным;
- субъектілік ұстаным;
- таңдау ұстанымы;
- шығармашылық табыс ұстанымы.
3. Технологиялық бөлік. Оған мыналар жатады:
- шығармашылық іс- әрекетке шақыру;
- баланың жеке басының дамуын қолдау;
- оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен
жолдарын таңдауға еркіндік беру.
Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын
айқындауға мүмкіндік береді, яғни жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз
оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс әрекетін ескеретін, жан жақты,
яғни интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын,
шығармашылық қабілетін дамытатын тұлғаның мәдениетаралық қарым -қатынас
субъектісін қалыптастыру.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту — бұл жеке тұлғаның белсенділігіне
жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы
практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.
Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту оқушыға ғылым негіздеріи
үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық негізіне
қарай білім беруі тиіс. Ол баланың табиғи қабілетін зерттеу арқылы оны
болашақ мамандығына сәйкестендіру. Педагогикалық технологияда осы күнге
дейін жеке тұлғаға бағытталған оқытудың мәнін анықтауда түрлі пікірлер
болды. Тұлғалық көзқарас тұрғысы көптеген ғалымдардың күрделі нысанасы-
тұлғаның өзі де сияқты бір ғана ұғыммен айқындалмайды.
И.С. Якиманскаяның ойы бойынша, оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы
ретінде тану - бұл жеке тұлғаға бағыттап оқыту деп аталады. Жеке тұлғаға
бағытталған оқытудың моделін құру үшін келесі түсініктерді айыруды қажет
деп есептейді:
- түрлі дәрежелі амал - түрлі дәрежелі бағдарлама материалының
қиындығына бағытталған болуы тиіс;
- өзгешілік амал - оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білімі,
- қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша бөлу;
- жекеше амал- оқушыларды біріңғай топ бойынша: үлгерімі,
- қабілеті, әлеуметтік-кәсіби ағымына қарай топтау;
- субъекті-жекелі амал - әрбір оқушымен жақын қарым қатынаста болу.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында
тұрады. Әрбір адам тұлға бола отырып, бір жағынан жеке тұлға, екінші
жағынан әлеуметтік типтік тұлға, яғни әлеуметтік маңызды сипаттарды
қамтушы болып табылады.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуды Ариян М.А. былай дейді: Сыныптағы оқушылар
өздерінің әр түрлі параметрлері бойынша бөлінеді: оқу деңгейі, оқуға деген
талпынысы, тілді меңгеруі, топта шетел тілінде қарым-қатынас жасай білуі,
интеллектуалдық қабілеттері, шетел тілін оқуға деген мотивациялары. Ал
И.Л. Бим жеке тұлғаға бағыттап оқытуды жеке тұлғаның құрылымы арқылы
түсіндіреді және оны мәдениетаралық қарым-қатынаспен салыстырады. Жеке
тұлғаға бағыттап оқыту оқушыда мәдениетаралық қарым-қатынастың барлық
компоненттерін игергенде жүзеге асады деген тұжырым жасайды.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуға Алексеев Н.А. келесі анықтаманы береді:
Оқытудың мақсаты болып окушының өзіндік ерекшеліктері деп, оның өзін-өзі
бағалауы, яғни оқу процесінің субъективтілігін айтамыз. Жеке тұлғаға
бағыттап окыту - бұл оқу субъектісінің ерекшеліктерін ескеру ғана емес,
сонымен қатар оқу шарттарын ұйымдастырудың басқаша әдіснамасы, оның өзіндік
жеке функцияларын өндіруді айтады.
Жоғарыдағы әдіскерлердің ойларымен келісе отырып, жеке тұлғаға бағыттап
оқытудың сипаттамасын былайша қорытқым келеді: Сыныптағы әрбір оқушының
ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, оның оқу процесінде жан-
жақты дамуын жүзеге асыру болып табылады, яғни тұлғаны оқытудың соңғы
нәтижесі мәдениетаралық қарым - қатынасқа жету. Жеке тұлғаға бағытталған
амалды қазіргі заманғы теория және парадигма ретінде қарау, білім беру
жүйесінің барлық компоненттеріне әсер ететін (мақсатты, технологиялық,
ұйымдастырушылық, прагмо-нәтижелі және т.б.) оқушыны оқу процесінің басты
орталығы ету қажет, оқу әрекетінің белсенді субъектісі, жеке тұлғаның жан-
жақты дамуын, оқушының барлық тұлғалық сипатын белсенділендіру, әсіресе,
оның интеллектуалдық жағын, типологиялық ерекшеліктерін, мінезін,
коммуникативтік қабілетін.
Жаңа парадигмаға сай оқу процесінің орталығында оқушының қажеттіліктері,
қабілеті, мүмкіншіліктері тұрады. Оқушы мүғаліммен қатар оқу әрекетінің
субъектісі ретінде танылады, ал мұғалім - ұйымдастырушы, кеңесші, әріптес
болып табылады, яғни оқушы іс-әрекетінің педагогикалық көмекшісі болып
табылады. Жеке тұлғаға бағытталған парадигма оқу жүйесінің барлық
компоненттерін қамтиды.
Жеке тұлғаға бағытталған парадигма шетел тілін меңгеру үшін оқытудың
барлық маңызды қазіргі заманғы амалдарына сәйкес келеді:
- әрекетшіл ( адам іс-әрекет арқылы дамиды);
- әлеуметтік-мәдени (білім - бұл адамның мәдениетке енуі,
айналуы);
- коммуникативті-когнитивті (қатынас және таным білім алудың негізгі
әдістері);
- біліктілігі (тәжірибеге бағытталған білім берудің нәтижелі
мақсатты бағытын анықтайды);
- ортаға бағытталған (тиімді білім беру орталығын жобалауға
мақсатталған).
Оқушылардың мектепте алған іскерліктері мен білімі, олардың
қызығушылықтары мен мүмкіндіктері, олардың жеке психо физиологиялық
ерекшеліктерін ескеру педагогикалық біліктілік болып табылады. Сондықтан
педагогикалық процесте оқу жоспарын және бағдарламаларын кұруда жеке
тұлғаға бағыттап оқытудың ерекше маңызы бар.
Н.А. Алексеев және т.б. ғалымдардың ойлары бойынша жеке тұлғаға
бағытталған оқытудың технологиялық жағын қамту керек, сондықтан да жеке
тұлғаға бағытталған оқытудың педагогикалық технологиясы туралы айтудың
маңызы ерекше. Қазіргі кезеңде біздің қоғамымыздың қажеттіліктерінің дамуы
бұл технологиялардың белсенді және әр түрлі деңгейдегі технологияларға
байланысты болып отыр.
Бұл амалдардың жүзеге асуы үшін Якиманская И.С. мына жайыттарды
ескеру кажеттігін айтады:
- оқытудың барлық сатысын қамтитын жүйелі болуы тиіс;
- ерекше білім беру орталығы қажет, әрбір оқушының жекеше
таңдаушылығын, оның тиянақтылығын, танымдық стилін көрсету үшін арнайы
шарттар ұйымдастыру;
- жеке тұлғаға бағыгталған білім беру жүйесінің мақсатын, құндылығын
түсінетін және бөле алатын арнайы дайындалған мұғалім керек.
Сонымен біз жеке тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын беретін
бірнеше анықтамаларға тоқталдық. Біздің пікіріміз бойынша осы қаралған
мәселе шетел тілін оқыту үрдісіндегі тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың
сипаттамасын беріп қана қоймай, сонымен қатар білім беру мекемелерінде
оқытудың жаңа амалын қолдануға мүмкіндік береді және жеке тұлғаға
бағытталған парадигма мектепті жаңартуға әдіснамалық негіз болып табылады
деп ойлаймыз.

1.2 Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясының моделдері мен оған
қойылатын талаптар

90-шы жылдары педагогакалық жүйеге ене бастаған "жеке тұлғаға
бағытталған оқыту" ғылымы индивид, жеке-дербестік, жеке тұлға сияқты
категориялармен анықталды. Я.А.Коменский оқыту-тәрбие процесінде үнемі
оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығын
педагогикалық бақылау жүйесінде қолданған. Мысалы педагогика ғылымының
өзінде, педагогика жеке тұлғаны қалыптастыру үшін белгілі бір мақсатқа
бағытталған жүйелі түрде құрылған тәрбие, оқыту, білім беру, даму,
қалыптасу жайлы ғылым. Төмендегі жүйеден педагогаканың негізгі ұғымдарының
бір-бірімен қаншалықты байланысты екендігін көруге болады. Яғни, тәрбие,
оқыту, білім беру, даму, қалыптасу өз мақсаттарына жеткенде ғана педагогика
мақсатын жүзеге асырады.
П
Е
Саналылық
Д

Бостандық

А
Жеке басының қадірі
Г
Жауапкершілік

О
Даралық
Г
Қоғамдық белсенділік

И
Саяси идеялық бағыт

К
А

Жеке тұлғаға бағытталған білім моделінің кезеңдері:
— ұлттық деңгейлік мақсат;
— көп деңгейлік мақсатты жүйе, нәтижеге бағытталған білім ретінде;
— білім беру бағдарламаларының көп түрлігі;
— мектеп құрылымын жетілдіру;
— оқуды ұйымдастыруда принциптердің өзгеруі;
— ағымдық және қорытынды бағалаудың келісімді жүйесі;
— білім беру сапасының мониторингтік жүйесі;
— білім беру ашық жүйе ретінде;
— халықаралық салыстырмалы зерттеулер.
Бастауыш мектеп үрдісінде жеке тұлғаға бағыттап оқыту мектеп түлегінің
құрамы әлеміндегі сапалы сипаттама ретінде ұлттық деңгейде білім беру
мақсатын нақтылайды.
Мысалы, Австралияда ұлттық мақсаты мынадай базалық құзырлығын көрсетеді.
— Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда талдау және проблемаларды шешу шеберлігі,
ой мен ақпараттарды жеткізу қабілеті басқалармен серіктестік, іс-әрекетін
ұйымдастырып жоспарлай білу;
— Өзіне сенімді, жаңа технологияны шығармашылықпен қолдана білу, жаңа
технологияның қоғамдық мәнін түсіне білу.
Оқу нәтижесінің көп деңгейлі жүйесі орта және білім беру мазмұнының көлемін
реттеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде көп түрлі білімдік бағдарлама
жасалынып, ол бағдарлама мыналарды қамтамасыз етеді.
— Кең диапозандағы түрлі қабілетті балалармен түрлі әлеуметтік және
этникалық топтардың білімдік қажеттілігін қамтамасыз ету;
— Оқушы, мұғалім, мектеп іс-әрекетінің ақпараттық кеңістік потенциалын
қолдану жолымен жетістікке жеткен нәтиже жолдарының көп түрлілігі.
Қазіргі таңда бастауыш мектеп үрдісінде жеке тұлғаға бағыттап оқыту
білім беру процесінде балаға деген қарым-қатынастың бірнеше технологиялық
типімен тығыз байланысты екендігін көруге болады.
Гуманистік-тұлғалық технология—тұлғаға көмек беруге психотер-апевтік
бағытталған өзінің адамгершілік менділігімен ерекшеленеді. Бұл бағыт
балаға деген сүйіспеншілік пен сыйластықты пайда болдырады. Оның
шығармашылық күші қабілетіне деген оптимистік сенім идеясына сүйенеді.
Ынталандыру технологиясы - тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің, мұғалім
мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі. Бұл технология
оқушы мен оқытушы арасындағы демократизм, тендік әріптестік қарым-
қатынасты жүзеге асырады.
Еркін тәрбиелік технология — баланың өмірлік қызметі саласында еркін
және өз бетінше тандау беріледі. Бала өз тандауын сыртқы әсерден емес,
өзінің ішкі сезімі арқылы жүзеге асырады.
Эзотерикалық технология (санадан тыс, өздігінен) -эзотерикалық білім
ақиқатына негізделген.
Педагогикалық процесс — хабарлау, жариялау немесе тыңдау емес, ал
ақиқат білімге қосылу, бейімдеу. Дидактикалық жүйедегі педагогикалық
технология негізі — түсіндіру, ал жеке түлғаға бағытталған технологая
негізі - түсінісу және өзара түсіністік. В.С.Библер бүл екі феноменді
былай түсіндіреді.
Түсіндіру - Сана +субъект = монолог
Түсінісу - 2 субъект +2 сана өзіндік түсінік = диалог
Түсіндіру көзқарас + ақыл, өсиет Мақсаты: Балаға үнемі педагогикалық
көмек пен қолдау көрсету. Бұл орайда қолдау және көмек көрсету
Ш.Амонашвилидің 3 принципіне негізделген:
- Баланы сүю;
- Өмір сүріп отырған ортасын жаңцандыру;
-Балада, өз балалық шағын өмір сүргізу.
Ш.А.Амонашвили адамгершілік тұлғалық технологаясы өзінің эксперименттік
мектебінде ынтымақтастық педагогакасын жүзеге асырды. Мұның педагогакалық
іс-әрекетінің қорытындысы мектеп өмірінің технологиясы болып табылады.
Ш.Амонашвилидің тұлғалық технологиясының мақсат бағыттылығы төмендегіше
анықталады:
-Тұлғалық сапаларын ашу жолымен оқушыны дамытуда және тәрбиелеуде
адамгершілігі бар адам жасау;
-Оқушының жүрегі мен жанын түсіну;
-Оқушының танымдық күшінің қалыптасуы және тануы;
-Білім мен ғылымды тереңдету және кеңейту үшін жағдай жасау;
-Тәрбиенің идеялы өзін-өзі тәрбиелеуде.Негізгі тұжырымдамалық жағдайлар:
1. Ынтымақтастық педагогикасының барлық жекелей жақ жағдайы.
2. Бала құбылыс ретінде өзі қызмет ететін өмір жолын арқалайды.
3. Бала - табиғаттың және ғылымның ең жоғарғы жаратылысы, сондықтан ол
шексіз және күшті.
4. Баланың толық психикасында 3 құмарлық бар: дамуға, есеюге және еріктікке
құмарлық. Маңызды білімділік және қабілеттілік, оларға тән тәрбиелік немесе
сабақ, танымдық оқу, оқып-жазу іс-әрекеті, лингвистикасы, математикалық
елестету, жоғары математикалық түсініктер, жоғары және жоспарланған іс-
әрекет, жігерлік және төзім, қатынас, шет тілде сөйлеу, шахмат, рухани өмір
т.б болып табылады.
Білім мен ғылымның мөлшері арнайы әдістермен және әдістік тәсілдермен
қалыптастады. Олардың ішінде:
—Адамгершілік қасиет балаға деген махаббат өнері, бала бақыты, ерік-күші,
таным қуанышы.
—Жекелік жақ қасиеті жеке тұлғаны, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Фольклорлық шығармаларды оқытудың қажеттілігі
Информатиканы тұлғаға - бағытталған оқыту
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТЫ
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Тілді меңгеру тәжірибесіндегі мобильді қосымшалардың топтастырылуы
Технологияның артықшылықтары
Оқушылар ұжымын нығайтуға педагогикалық жетекшілік
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
Пәндер