Ұлтаралық қатынас мәдениетінің көрсеткіштерінің мәдениетінің сипаттамасы көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ЭТНОТОЛЕРАНТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Жеке тұлғаның этнотолеранттық қасиеті туралы педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
1.2 Этнопедагогика курсының этнотолеранттық тәрбиелеудегі
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
1.3 Болашақ мұғалімнің этнотолеранттық қасиеттерін қалыптастыру
факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
2.ЭТНОТОЛЕРАНТТЫҚ ҚАСИЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ПӘНДІК
СИПАТТАМАЛАРЫ:ПРИНЦИПТЕРІ,КЕЗЕҢДЕРІ ,МАЗМҰНЫ.
2.1 Тәжірибелік эксперименттік жұмыста этнотолеранттық
қасиеттерінің қалыптастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Этнопедагогика сабағында ұлттық толеранттық қатынас орнатудың
әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
2.3 Тәжірибелік жұмыстың нәтижесін талдау.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ.
Бүгінде әлемдік қауымдастық толеранттылықты мемлекетаралық, ұлтаралық
және тұлғааралық қатынастың қалыпты жағдайы ретінде қажет екенін ұғынды.
XXI ғасырдың бірінші 10 жылдығы (2001-2010 жж) БҰҰ-мен Бейбітшілік пен
әлем балаларының мүддесіндегі жәбірсіздік мәдениетінің он жылдығы деп
жарияланған. Қазақстандағы соңғы он жылдықта болып өткен саяси және
әлеуметтік-экономикалық оқиғалардың түпкілікті өзгеруі, адамдардың санасы
мен әдетінің сондай-ақ қазіргі заманның адамуына қоғам тарапынан қойылатын
талаптардың өзгеруіне алып келді. Осыған байланысты қоғам мен білім беру
жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі болып жеке тұлғаның
толеранттылығын тәрбиелеу үшін қажетті әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар
жасау табылады. Тәрбиелеу – мемлекетпен реттелуіне немесе еркін жүзеге
асуына қарамастан – қоғамның аткаратын қызметі болып табылады. Сол себепті
тәрбиелеудегі кемістіктер үшін жауапкершілікті барлық қоғамға жүктеу
керек, - Платон.
Қазақстанда бүгінгі күні 160 ұлттың өкілдері мекендейтін ұлан ғайыр
кеңістік, және аталған қоғамдастықтың өмірінде қиындықтың, қақтығыстардың,
ұлтаралық қатынастарға қатысты әлемдік проблемалардың барлық аясы айнадағы
бейне тәрізді байқалады. Осыған орай Қазақстан әлем мәдениеті мен
толеранттылық қағидасына негізделген, әлем халықтарының интернационалды
ынтымақтастық үлгісінің құрылуы бойынша керемет орталыққа айналуы мүмкін.
Мұндай үлгіні құрудағы тиімді жолдардың бірі болып жеткіншек ұрпақты
этнотолерантты тәрбиелеу жүйесі табылады.
БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) бас
директоры Ф.Майор мен Мәскеу қаласының мэрі Ю.М.Лужковтың қамқорлығымен
болып өткен, Европа қала-елордаларының мэрлері мен мәдениет, ғылым және
қоғамдық өмір қайраткерлерінің За культуру мира и диалог этнокультур в
третьем тысячелетии (Москва, 1999) атты Халықаралық форумы, өз
құжаттарында этномәдениеттік сан алуандылықтың құндылығын мойындады.
Форумның қаулысында келесідей сөздер жазылған болатын: Кез-келген
этномәдениет баға жетпес байлықты білдіреді, ол адамның жан-жақты дамуы
үшін мүмкіндіктерді ұлғайтады, оған өзге мәдениет элементтерін игеруге
мүмкіндік туғызады. Барлық этномәдениеттер адамзаттың жалпы мұрасындағы
ортақ бірегейлікті құрайды; халықтардың мәдени ерекшелігі өзге халықтардың
салт-дәстүрлерімен және құндылықтарымен байланысқа түсу арқылы жаңарып әрі
байып отырады; мәдениет – ол диалог, пікір және тәжірибе алмасу, өзге
құндылықтар мен дәстүрлерді ұғыну; ол оңашада сөніп және қаза табады.
Барлық этномәдениеттің мәртебесінің теңдігін және әрбір халық, әрбір мәдени
қоғамдастық өз мәдени ерекшелігін бекіту, сақтап қалу және оның
құрметтілігін қамтамасыз ету құқығын мойындау қажет.
Өсіп келе жатқан ұрпақта ұлттық толеранттылық қағидасына негізделген
ұлтаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселесі түрлі бағыттағы ғалымдар
мен ғылыми жоғары оқу орынның назарында екен. Ғылымда, студенттерді
этнотолерантты тәрбиелеу мәселесімен байланысты теориялық және тәжірибелік
тапсырмаларды шешу үшін қажетті дәрежеде мүмкіндік жинақталған. Жаhандану
жағдайында толеранттылықтың жалпы теориясы құрастырылған (отандық ғалымдар
– С.К.Бондырев, Е.С.Каменев, Д.В.Колесов, Д.В.Лекторский, В.С.Малахов,
В.А.Тишков тағы басқалар, шетелдік – М.Валзер, Е.Геллнер, Ж.Дюби, Ф.Радтке,
Ч.Тэйлор, К.Цюрхер, К.Ясперс тағы басқалардың еңбектері). Ұлттық
ұқсастылықтың, сонымен қатар ұлтаралық қатынас мәдениетінің қалыптасу
проблемаларының түрлі аспектілері отандық ғалымдар – А.Г.Здравомыслов,
В.В.Кочетков, М.Лебедева, Т.Г.Стеыаненко, О.Л.Романова, А.Н.Ямсков т.б.;
шетелдік ғалымдар – Т.Адорно, Дж.Берри, С.Бочнер, Н.Миллер, Ж.Пиаже,
Н.Шериф еңбектерінде қарастырылған.
Жеткіншек ұрпақты этнотолерантты тәрбиелеу мәселесі көптеген шетел
ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапты, негізінен студенттердің ұлтаралық
қатынастың терең талдауы Р.Ф.Бенедикт, Дж.Окамур, Б-Э.Риэрдон, Э.Холл т.б.
еңбектерінде көрсетілген; мектеп білімінің жаhандануындағы этномәдени
құндылықтар мен көпұлтты мемлекеттердің түрлі халықтарының қарым-қатынас
үлгісін ескеруші негізгі беталыстар Р.Д.Альберт, Г.Триандис, Г.Хофстед тағы
басқалар тарапынан анықталған болатын.
Е.Геллнер, В.А.Лекторский, Е.А.Найденова, В.А.Тишков, Ч.Тэйлор,
В.В.Шалин т.б. еңбектерінде ұлтаралық толеранттылық қазіргі заманның
жаhандану жағдайында адамзаттың тіршілікке қабілеттілігінің қажетті жағдайы
ретінде қарастырылады, мультимәдениеттіліктің идеологиясы мен саясаты
талданады, ресей қоғамында (сонымен бірге білім беру жүйесінде) толерантты
сананың қалыптасуы бойынша жалпы ұсыныстар беріледі. А.С.Жулева,
В.Нестеренко, М.Ю.Новицкая, В.В.Пименовтар мектептік білім беру жүйесіне
халықтану курсын енгізу қажеттілігі жайында сұрақтар көтеруде, алайда оны
түрлі методология негізінде құрайды. И.Л.Бим, Р.П.Мильруд, З.Н.Никитенко,
Е.И.Пассов, В.И.Скалкин т.б. зерттеулерінде оқушылардың лингвистикалық
білімінің педагогикалық беталысы, ұлтаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеу
аясында қарастырылады.
Дегенмен, осы кезге дейін жоғары оқу орындарында студенттердің
этномәдени білім беру инфрақұрылымының түрлі мекемелерінің беталысын
кешенді оқытуға қажетті деңгейде көңіл бөлінген жоқ. Зерттеудің өзектілігі
жалпы назардың заманауи оқушы тұлғасына, көпұлтты социумда әлеуметтік
тәрбиелеу процесінің субъектісі ретінде артуымен де анықталады. Астаналық
мегаполистің оқу бағдарламаларындағы тәжірибелік қызмет талдауы жалпы білім
беру мектептері, қосымша білім беру мекемелері, тұрғылықты жері бойынша
сабақтан тыс жұмыстар орталығындағы проблемалардың өзектілігін түсінуіне
қарамастан полимәдениеттік білім беру идеясы әзірше әлсіз жүзеге асырылуда,
сонымен бірге балаларда ұлттық толеранттылықты тәрбиелеу бойынша жұмыстарға
қажетті дәрежеде көңіл бөлінбеуде.
Зерттеудің қарқындылығына қарамастан, заманауи мегаполис жағдайында
студенттерді этнотолеранттылыққа тәрбиелеу проблемасы өзекті болып қалуда.
Бұл көп жағдайда келесідей бірқатар қарама-қайшылықтармен негізделеді:
- студенттердің ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру аясындағы
түрлі білім беру мекемелерінің, сабақтан тыс жұмыс орталықтарының,
бейбітшілік пен толеранттылық мәдениетінің орталықтары, қосымша білім беру
мекемелерінің нақты тәжірибесі мен оның ғылыми мағынасының жоқтығы
арасындағы қайшылық;
- студенттер тарапынан ұлтаралық қатынас аясында білім, талап және
дағдыны игеру қажеттілігі мен жоғар оқу орыннында аталған біліктілікті
құраушы тәжірибелік жүйенің жоқтығы арасындағы қайшылық;
- студенттердің қоғамдағы қазіргі заманғы шындыққа бейімделу
қажеттілігі мен жалпы білім беру мекемелеріне арналған халықтану бойынша
оқу құралдарындағы советтік өткен дәуірдің романтизациясы, ресей
халықтарының бүгінгі күнге сай келмейтін бейнесін трансляциялаудың
арасындағы қайшылық;
- студенттерде этномәдениетті танып-білуге деген мотивацияны дамыту
қажеттілігі мен жоғары оқу орынның оқу-тәрбиелік процесінің қазіргі
заманның шынайы полимәдени өмірінен алшақтығы арасындағы қайшылық;
- жалпы білім беру құрылуындағы заманауи жағдайдың қиындауы мен
студенттердің этнотолеранттылық негізінің қалыптасуы бойынша түрлі
мамандардың жаңа формалары, технология мен жұмыс әдістерінің баяу енгізілуі
арасындағы қайшылық;
Анықталған қарама-қайшылықтар проблеманың бар екендігін атап өтуге
мүмкіндік берді: яғни, студенттерді этнотолерантты тәрбиелеудің
ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайы қандай? Аталған проблеманы шешудің
ғылыми және тәжірибелік маңызы зерттеудің тақырыбын анықтап берді.
Тақырыбы: ???
Зерттеудің объектісі: жоғары оқу орын жағдайында студенттердің
этнотолеранттық қасиетін қалыптастыру үрдісі
Зерттеу пәні: жоғары оқу орында полимәдени,әлеуметтенуінде
студенттердің этнотолеранттылығын тәрбиелеуде педагогика және
этнопедагогика пәнінің мүмкіндіктері.
Диплом жұмысының мақсаты: Студенттердің этнотолеранттылық қасиетін
тәрбиелеудің ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайын негіздеу және болашақ
мұғалімдердің басқа ұлт өкілдерімен үйлесімді қатынас орната алуын
қалыптастыруға шынайы жағдайын жасау.
Зерттеу міндеттері:
1.
2.
3.

Зерттеудің болжамы: егер төмендегідей мән-жайлар орын алған жағдайда
студенттердің этнотолеранттылығын тәрбиелеу үрдісінің тиімділігі артады -
деген алдын ала пікірге негізделген:
● егер толерантты тұлғаны қалыптастырудың кешенді
бағдарламаларын іске асырушы қосымша білім беру үрдісіне арнаулы курстар,
тәрбиелік іс шаралар еңгізілсе;

● егер студенттерді этнотолерантты тәрбиелеудің ұйымдастырушылық-
педагогикалық жағдайлары жасалса (яғни, жоғары оқу орнында оқу-тәрбиелік
процесі ұлттық өзіндік сана мен этнотолеранттылықтың қалыптасуына
бағыттылық мамандардың этнотолерантты мінезді қалыптастырудың арнайы
бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша қызметтерінің белсенділігі;
этнотолерантты тәрбиелеу саласында этнографиялық мұражайлардың әлеуметтік-
педагогикалық потенциалын пайдалану; этнололеранттылықты тәрбиелеу
проблемасы бойынша педагогтардың квалификациясын жоғарылатудың түрлі
формаларының жүйесі құрылса; этнотолеранттылықты тәрбиелеу саласындағы
жетекші ғалымдар мен педагог-практиктердің продуктивті өзара іс-әрекеті
орнатылса);
● егер этнотолерантты тұлғаны қалыптастырудағы үздіксіз процесте
барлық қалалық қауымдастықтың (мектеп мамандарының, қосымша білім беру
мекемелерінің, қоғамдық және діни ұйымдардың, жанұя мен құқық қорғау
органдарының, БАҚ-ның т.б.) күш-жігері жұмылдырылса;
● егер студенттердің этнотолеранттылығын қалыптастыруға бағытталған
бағдарлама мен әдістердің тиімділігінің жүйелі нормативті-құқықтық,
психолого-педагогикалық және этикалық тәжірибесі жүзеге асырылса.

Зерттеудің алдында мақсатқа, объектіге, пәнге және гипотезаға сай
келесідей тапсырмалар тұрды:
● Тұлғаның ұлттық толеранттылығы ұғымының мазмұнды толықтырылуын,
жоғары оқу орын білімінің заманауи жаңару контексінде жоғары оқу орынында
студенттердің этнотолеранттылығын тәрбиелеу процесінің мәні мен мазмұнын
нақтылау;
● талдау мен отандық және шетелдік тәжірибенің жүйелілігі негізінде
оқушылардың этнотолеранттылығының қалыптасуына деген негізгі ұстанымды
анықтау;
● өсіп келе жатқан ұрпақтың этнотолеранттылығын тәрбиелеу саласында
жоғары оқу орын мен қосымша білім беру мекемелеренің оқу-тәрбиелік
процесінің ерекшелігін анықтау;
Зерттеудің теориялық-методологиялық негізін тұлғаның қалыптасу
процесіндегі әлеуметтік-мәдени микроортаның анықтаушы рөлі жайындағы
философиялық мән-жайлар; тұлғаның әлеуметтенуіндегі жүйелі, адамгершілік,
мәдени идеялар, тұлғаның әлеуметтік-психологиялық даму теориялары құрады
(К.А.Абульханова, Б.Г.Ананьев, Г.М.Андреева, А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев,
В.П.Зинченко, С.Кон, С.Л.Рубинштейн т.б.). Зерттеудің ғылыми базасы болып
Н.А.Добролюбов, К.Д.Ушинскии және тағы басқалардың антрополого-
педагогикалық идеялары, Л.Н.Гумилев, Дж.Фрезер т.б. тарапынан жасап
шығарылған этнопсихологияның концептуалды мән-жайлары, полимәдени білім
беру проблемалары бойынша жұмыстар (Г.Д.Дмитриев, Д.И.Латышина,
М.Г.Тайчинов, Р.З.Хайруллин т.б.). Ерекше қарастырылған пәндер қатарына
толыққанды педагогикалық процестің адамгершілік саласындағы ғалымдардың
еңбектері (Б.З.Вульфов, О.С.Газман, Л.И.Новикова, В.А.Поляков,
В.А.Сухомлинский, В.А.Сластелин т.б.), комплексті, жүйелі, мәдениетті
әдістеме негізінде әлеуметтік тәрбиелеу проблемасы бойынша жұмыстар
(Е.В.Бондаревская, И.Д.Демакова, Л.В.Мардахаев, А.В.Мудрик, Т.И.Шамова
т.б.)

Зерттеу 3 кезеңде жүргізілді:
Бірінші кезең (1996-1997 жж) – зерттеу проблемасын оқып білу мен
теориялық пайымдау. Аталған кезеңде философиялық, әлеуметтік, құқықтық,
этнологиялық, психологиялық, педагогикалық отандық және шетелдік
әдебиеттердің, қарастырылып отырған проблема бойынша диссертациялық
зерттеулердің, отандық және шетелдік жалпы білім беру мекемелерінің
жеткіншек ұрпақтың этнотолеранттылығын қалыптастыру аясындағы тәжірибені
зерттеудің талдауы жүргізілді. Өткізілген талдау зерттеудің бастапқы
ұстанымдарын, болжамды, тапсырмаларды, әдістеме мен әдістерді анықтауда
негіз болып табылды.
Екінші кезең (1998-2004 жж). Зерттеудің техникасы және тарату
әдістемесі жүзеге асырылды, тәжірибелік жұмыс өткізілді, түрлі типтегі
мекемелерде этнотолеранттылықты тәрбиелеу процесінің жеке психологиялық-
педагогикалық және мазмұнды-әдістемелік жақтары анықталып, түзетілді.
Үшінші кезең (2005-2006 жж) – талдауға және тәжірибелік жұмыстың
нәтижелерін жалпылауға, алынған мәліметтерді түсіндіруге, зерттеудің
теориялық және тәжірибелік нәтижелерін әшкерелеуге, тәжірибелік ұсыныстарды
құрастырып шығаруға және оларды мектептегі тәрбиелік білім беру процесіне
енгізуге, диссертацияны рәсімдеуге арналған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы келесідей мән-жайлардан құралған:
→ Тұлғаның этнотолеранттылығы ұғымының әлеуметтік-педагогикалық
мәні, жоғар оқу орынының қазіргі заманғы жағдайындағы студенттердің
этнотолеранттылығын тәрбиелеу процесінің ерекшелігі нақтыланған;
→ студенттердің этнотолеранттылығын қалыптастырудағы кешенді
бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жоғары оқу орынның оқу-тәрбиелік
процесінің ерекшелігі анықталған;
→ этнотолерантты тұлғаны қалыптастыру аясында қосымша білім беру
мекемесінің полимәдениетті тәрбиелік кеңістігінің әлеуметтік-педагогикалық
потенциалы (ынталандырушы, ақпаратты-танымдық, сезімдік-коммуникативті,
қызметтік) зерттелген;
→ жоғар оқу орынның студенттерінің этнотолеранттылығын тәрбиелеу
процесінің кезеңдері (базалық, мазмұнды-ақпараттық), қағидалары
(жағдаяттық, тұлғалық бағыттылық, педагогикалық үлгілеу, көңіл-күйлік,
креативтілік), ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар, технологиялық
негіздер анықталған;
→ этнотолерантты тұлғаны тәрбиелеу аясында қазіргі заманғы әлеуметтік
педагогикалық беталысты ескере отырып, жоғары оқу орыны, қосымша білім беру
мекемесі мамандарының өзара кәсіби қарым-қатынас ерекшеліктері анықталған;
→ студенттердің этнотолеранттылығын тәрбиелеудің, қосымша білім
беру мекемесінің жоғары оқу орынның шынайы өмір жағдайында жасалған
үлгісінің жүзеге асуының мазмұнды-технологиялық аппараты теориялық
негізделген және тәжірибелі сынақтан өткен.
Зерттеудің теориялық маңызы сол, онда этнотолеранттылықты тәрбиелеу
саласында жоғары оқу орынның оқу-тәрбиелік процесінің тиімділігін көтеру
проблемасын зерттеу жолымен, студенттерді әлеуметтік тәрбиелеудің теориясын
құрастыруға үлес қосылған, қосымша білім беру мекемесінің, полимәдени
тәрбиелік кеңістігінің қалыптасуының мақсат, әдіс, қағидаларының мазмұнды
толықтырылуы нақтыланған; психолого-этикалық, әлеуметтік-педагогикалық және
рухани-адамгершілік факторлардың жиынтығы анықталған; студенттерді
этнотолерантты тәрбиелеу процесінің тиімділігін сипаттаушы объективті және
субъективті көрсеткіштері анықталған.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы келесідей: зерттеудегі орын алған
теориялық мән-жайлар астаналық полимәдени білім беру инфрақұрылымының түрлі
мекемелерінің тіршілік әрекетінде 10 жыл бойы сынақтан өтілген; теориялық
мән-жайлар мен зерттеудің нәтижелері студенттер мен педагогикалық колледж,
ЖОО мұғалімдері тарапынан оқу және тәжірибелік қызметте, түрлі саладағы
мамандарды (мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтарын, әлеуметтік
педагогтарды, тәжірибелік психологтарды, тәрбиешілерді т.б.) кәсіби даярау
және қайта даярлау процесіне, олардың біліктілігін арттыру курстарының
жүйесінде қолданылуы мүмкін; оқушыларды этнотолерантты тәрбиелеудің кешенді
бағдарламасының жасалған болжамды құрылымы түрлі деңгейдегі білім беру
мекемесінің әлеуметтік тәрбиелеу бағдарламаларын құрастыру үшін қолданылуы
мүмкін.
Зерттеу нәтижелерінің шынайылылығы қамтамасыз етіледі: теориялы-
әдістемелік ұстанымдардың қайшы келмейтіндігімен; философия мен
педагогиканың жалпы қабылданған заңдарына, теорияларына, идеяларына,
принциптеріне сүйенетін зерттеу жағдайының әдістемелік негізділігімен;
таңдап алынған әдістердің зерттеудің міндеті мен мазмұнына сәйкестігімен;
қолданылған дерек көздерінің сан алуандылығымен және салыстырмалы талдаудың
қолданылуымен; алынған нәтижелердің және диссертанттың көпжылдық
тәжірибелік қызмет нәтижелерінің жалпы білім беру мекемелерінің жұмыс
тәжірибесіне енгізілуімен; зерттеу нәтижелерінің жаңғыртылуымен және
олардың көрнектілігімен.

Жанслу, кіріспе дұрыс емес, қайтадан қарап, керегін қалдыр.

1.БОЛАШАҚ МҰҒІЛІМНІҢ ЭТНОТОЛЕРАНТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
1.1 Жеке тұлғаның этнотолеранттық қасиеті туралы педагогикалық
негіздері.
Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуы әлемдік деңгейде көтерілуге бет бұруы кезкңіндегі ұлттық
мәдени-тарихи рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға
қоғамның сұранысының өсуі жасөспірімдердің бойына толеранттылық пен
ұлтаралық мәдени , ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім
жетістіктеріне өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру
қажеттігін алға тартады. Жасөспірімдік ортада ұлтаралық мәдениетті
тәрбиелеуде Отан, туған жер , отбасы, халық,ұлттық тіл, ұлттық мәдениет
бәстүрлері мен ғұрыптары сияқты категориялар қолданылады. Бүгінгі
уақыт, қараштап алға басқан ғаламдық білім мен ғылым, біздің де
жаһандану көшінен қалмауымызды айқын көрсетіп отыр.Ел болып еңсемізді
көтерген кезде , қолға алар ісіміздің бірі ұрпақ тәрбиесі. Мектептің
білім беру ісіндегі алған бағаты ертеңгі ел тұтқасы,бүгінгі мкетеп
шәкірті- жеке тұлғаның білім алуын, ізденісін, тәрбиесін қазіргі
өркениет талабы сай жаңа үрдісте ұйымдастыру болып табылады. Оқу
мен тәрбие – егіз дегенді басшылыққа алған педагогикалық ұжым білім
берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыруда шығармашылықпен еңбек етуде.
Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса,оның замандасының
бәрі кінәлі- деп Абай атамыз айтқандай, балаға қоршаған орта әсер
етеді.Бүгінде дүниежүзілік қоғамдастық қатынастардың және көп
мәдениетті қоғамда өмірсүруге деген даярлы сұрақтарына алаңдаулы.
Қоғамда саяси үрдістердің дамуы, сөз бостандығы, адам құқығы
мәселелері өткір қойылып, діндер мен этностардың, салт-дәстүр мен
мәдениеттердің бәсекелестігі үнемі назарда болып, адамзат алдына
да, зорлық-зомбылық, лаңкестік, нәсілшілдік пен ұлтшылдық алға шықты.
Әсіресе діндер арасындағы қақтығыстар әлемді мазалауда. 1974-жылы
ЮНЕСКО Халықаралық өзара түсінушілік , ынтымақтастық және
бейбітшілік, адам құқықтарына және бостандықтарына сыйлаушылық
рухында тәрбиелеу құжаттарын жасаған еді.

Ол халықаралық
өзара түсінушілік аясында жасаған барлық жобалардың әдіснамалық
негізіне айналды. 1995-жылы 16-қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы
Толеранттылық қағидалары туралы декларация қабылдады. 1996-жылы
ЮНЕСКО Толеранттылық деп жарияланды. Толеранттылық сөзі латын
тілінен , француз тіліне, кейін еуропа тілдеріне енген, оны
төзімділік деп аударып жүрміз. А.Айтолының пікірі бойынша,
шындығында , оның мәні қазақ тілінде терең; төзімділік, шыдамдылық,
ымырастылық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, келісімін табу деп
жалғастыра беруге болады. Толеранттылыққа қарсы илтолерантность деген
ұғым бар. Оны төзімділік, ымырасыздық, шыдамсыздық, тағатсыздық,
менмендік, оспадарлық, парықсыздық деп адам, әлеуметтік топтар,
мемлекеттерге байланысты айтуға болады. Толерантты парасаттың үлгісі
қазақ билерінде көп кездескен. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы
Қоңтайшыға айтқан біз қазақ деген мал баққан елміз -деп
басталып, достығымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген
елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз...
берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт! деп
аяқталатын сөздері өзара сыйластыққа шақырады.
Толеранттылық, келісім тарихтың
мәңгілік сыйы емес, себебі, күнделікті дамудан туып отыратын
қайшылықтар біржола шешілмейді, күніге, ай сайын, жылдар бойы,
үздіксіз, ешкімге бұра тартпай , шынайы жанашырлықпен, түсінік
жұмыстарын жүргізе отырып, шешімін табуды талап етед.

Жасөспірімдік ортада толеранттылық пен ұлтаралық мәдениетті
тәрбиелеуде- қазақ мәдениеті, ғасыр бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет,
ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып қалыптасады. Ұлттық тәрбие
сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады.
Қазақстан мемлекеті- көп ұлтты мемлекет. Сол себепті, біздің
этикалық фактордың қоғам дамуындағы атқаратын ролін ескере
отырып,ұлтаралық қарым-қатынасты шынайы достық рухында дамытуды есте
ұстауымыз қажет. Толеранттылық қағидалары туралы декларациясында
мынадай түсініктер берілген: толеранттылық біздің дүниеміздің
мәдениетінің көп түрлілігін, адамның жекелігін өзін білдіру
формаларында және көрініс тәсілдеріне сыйлаушылықты, қабылдауды, және
түсіндіруді білдіреді. Жасөспірімдік ортада толеранттылық пен
ұлтаралық мәдениетті тәрбиелеуде сапалы білімдік ашықтық қарым-
қатынас септігін тигізеді. Бүгінгі әлеуметтану ғылымы
толеранттылықтың мынадай түрлерін атайды :

1.Шыдамдылық,төзімділігі;
2.Неге болсада,
кімге болса да бейімделу;
3.Орнықтылығы;
4.Жол беру;

5.Қабылдау;

6.Түсіністік;
Толерантты
тұлғаны тәрбиелеу күрделі үрдіс. Ол арнай оқу-тәрбие үрдісі, бүкіл
әлеуметтік шындық, отбасындағы өзара қатынастың және қоршаған
ортаның әсері арқалы жүзеге асады. Қ.Ақынып атындағы орта
мектебінің тәрбие жұмысы Шпағат тәрбие орталығының бастауымен,
Мұрагер ұлдар клубы, Инабат қыздар клубы, Айгөлек, Шұғыла бишілер
үйірмесі, Терісайрық толқындары оқушылар оркестрі жұмыс жасайды.
Шапағат тәрбие орталығының мақсаты: Тәрбие үрдісінің жаңаша мазмұн
бере отырып, жеке тұлғаныы қалыптастыруды, сынып жетекшілерінің
жұмысын диагностикалау, бағалау, мониторинг жүргізу, сынып оқушылардың
тәрбиелік деңгейін зерттеу, сыныптағы ата-аналардың демографиялық
мінездемесін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тоқсан сайын отырыстар
откізіледі. Ұлағат ата-аналар кеңесі, профилактикалық кеңес, жоспарлы
жұмыстар жүргізіп, Ата-аналардың бала тағдырына жауапкершілігі,
Жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі ерекшеліктері тақырыбына
дөңгелек стол, кездесу пікірталас, түрінде жұмыстар жүргізіліп,
жасөспірімдік ортада толерантты тұлғаны ұлттық қасиеттері
меймандостық, кісілік, сыйласылымдылық, имандылық, кішіпейілділік,
салауаттылық, өнерпаздық, ақынжандылық,тіршілікке бейімділігі т.б
қасиеттері Баланың ата-анаға парызы атты видекассета арқылыы
дәріптеліп, жеке тұлғаны адами құндылық қасиеттерін ерекшелігіне
тоқталады. Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ
білімпазы Ж.Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: Мектеп
бітіріп шыққан соң, жеке тұлға үшін әлемге, өзгенің және өзінің
өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе,
міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты, жас ұрпақтың келешекте
жетілуіне мықты негіз салуы керек. Ендеше, оқушылардың ұлттық
құндылық қасиеттерін қалыптастару негізінің бірінен-бірі мектепішілік
жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Атап айтсақ Қатігездік қайдан
шығады? атты ой қозғау, пікірталас тренингте бірінші топ
Байлыққа басы айналған бала, екінші топ Өгей шешенің қылығы,
үшінші топ Ана туралы аңыз атты әңгімені талдауда,
жасөспірімдердің барлығы ой-пікірлерін ортаға салып, ата-аналарын
сыйлайтындықтарын, қатегездік, тасбауырлық жаман қасиеттерге
төзбейтіндерін айтты. Тренинг өз мақсатына жетті. Жас ұрпақты
толеранттылық ортада тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
ерекше. А.Айталы БАҚ пен қоғам арасындағы байланыс толеранттылық
қатынастардың маңызды қыры, баспасөз бен теледидар арқылы зорлық-
зомбылықтың, жыныстық қатынастарда мен ел халқының мінез-құлқына,
салт-дәстүріне жат қылықтардың таралуы үлкен алаңдаушылық тудырып
отыр деген ой қортады. Шынында да, Қазақстан сан алуан ұлттар,
діндер мен өркениеттер тоғысында тұрған ел болғандықтан, БАҚ-ты
ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында қолдану
ерекше өзекті, Қазақстандағы БАҚ ( теле-радио арналар, мерзімді
басылымдар) жалпы саны 2232. Олардың тілдік арасалмағы
мынадай:469(27℅) бұқаралық ақпарат құралы қазақ тілінде, 879(39,4℅)
қазақ және орыс тілдерінде, 856(38,4℅) басқа ұлттардың тілінде.
Қарап отырсаңыз, Қазақстандағы ақпарат құралдарының 79 пайызы өзге
тілде. Бүгінгі Қазақстанда тарайтын шетелдік БАҚ-тардың саны 2265.
Шынында да, еліміздегі сан алуан ұлттар, діндер өркениеттер
тоғасында тұрған ел болғандықтан, БАҚ-ты ұлтаралық қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру мақсатында қолдану ерекше. Ең алдымен,
Қазақстан азаматтарының, халқының мүдделерін басшылыққа алып, оның
ұстанған саясатын, талпыныстарымен мүдделері туралы жазып, ақпарат
таратуы керек. Осы орайда, енді қоғамның рухани-адами ахуалына
тікелей ықпал ететін салаға, қоғамдық бақылаудың қажеттілігі туып
отыр. Қорыта келе толеранттылық идея сырт көзге қарапайым
көрінгенімен , шындығында жай төзімділік қана емес. Ол өмір
талабынан туып отыр, әр түрлі салдарға апарып соғады, өзінен
бөтенге дербес пікір бар, өзге тілде сөйлейтіндерге , бөтен дінге
жататындарға, бөтен құндылықтарды мойындайтындарға деген ашу, ыза,
төзімсіздік, кектесушілдікке айналады. Ол жеке адамнан бастап,
ұлттар, мемлекеттерге қауіп төндіреді. Сонымен бірге, мектептің
педагогикалық ұжымдарының және ата-аналардың тәрбиелік міндеті- жас
ұрпақты толеранттылықты тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарын
тиімді пайдалану болып табылады. Педагогикалық ұжым ата-аналар
жиналысында, конференцияларда, кездесулерде, т.б мектептің тәрбиелік
шараларында, оқушылырға бұқаралық ақпараттың жағымды және жағымсыз
жақтары айтылып, олармен қарым-қатынастың қандай болу керектігін
түсіндіреді. Толеранттылық ұғымының мазмұндық толықтырылу мәселесі
жеке тұлға үшін ғана емес, қоғам мен мемлекет үшін өзекті болып
отыр. Мұнда барлығы ғылымның назарынан тыс қалмай толеранттылық
проблемасы үшін теориялық және қолданбалы зерттеулердің өзектілігін
көрсетеді. Ғылымы-педагогикалық әдебиеттерде соңғы кезге дейін
Толеранттылық термині көп кездескен жоқ. Сондықтан да біз ең
алдымен бұл сөздің этимологиясына назар аудардық. Толеранттылық
түсінігі латының шыдау, төзу, көндігу түсініктерін беретін tolero
етістігінен шығады. Неофрейдизм өкілдерінің еңбектеріне сүйене
отырып, агрессия жауығудың негізінде, ал толеранттық бейбітшілдік
пен зорлық-зомбылыққа қарсылықтың негізі екенін көреміз. В.Лекторский
Две концепции толерантности деген еңбегінде В.Золотухин
толеранттық түсінігін талдап, бұл ұғымның тұрмыстың жан-жақтылғын
ескеру екендігін анықтайды. Оның ойынша толеранттық бір жағынан,
дүниетанымның ерекше типін қалыптастыратын адами қызметті
реттеуші адамгершілік қағида болса, екінші жағынан қарама-
қайшылық пен жан-жалды тиімді шешуге мүмкіндік беретін
практикалық құрал. Саясаттанушы В.Тишков өзінің Әлем
мәдениеті атты еңбегінде толеранттық ұғымына ерекше мән береді. Ол
толеранттықты тұлға немесе затты қарсылықсыз қабылдау қасиеті
немесе дайындық, яғни адам ойының ашықтығы мен еркінгінің қасиеті
деп түсіндіреді. Сөйтіп, бұл категорияның маңызды аспектілерін
көрсетейік. Біріншіден, толеранттық шыққан тегіне қарай әлеуметтік
категория ( адамның әлеуметпен қарым-қатынасы үдерісінде туып,
көрініс береді ); екіншіден, ол адамның әлеуметпен қарым-қатынасының
ерекше түрлерін көрсетеді ( зорлық-зомбылықсыз, бейбітшіл, талас-
тартыссыз); үшіншіден, феноменге тән маңызды қасиет-көрініс
тұрақтылығы; төртіншіден, кейбір авторлар ол екі деңгейде көрінеді
дейді: тұлға қарым-қатынасы түріндегі саналық деңгейінде және саналы
әрекет ретінде көрінетін мінез-құлық деңгейінде; бесіншіден, көптеген
зерттеушілер толеранттылыққа тәрбиелеуге болады және оны тәрбиелеу
керек, ол үшін арнайы педагогикалық жағдайлар ұйымдастрылуы қажет
деп атап көрсетеді; алтыншыдан, толеранттық түсінігінің негізі мазмұны
көп өлшемді қоғамдық тұрмысты түсіну,жеке тұлғаға сыйластық ,
жеке адамдардың ерекшеліктеріне, көзқарастарына, ұстанымдарна,
сенімдеріне шыдамдылық; агрессияға, жаугершілікке және зорлық-
өомбылықа белсенді қарсылық; жетіншіден, толеранттық әмбебап
категория емес: оның мазмұны мен шектері , қатардағы азаматтар мен
әлеуметтік кеңістіктегі белсенділер арасындағы әдептер саны тарихи
тұрғыда ғана емес, мәдени дәстүр, қоғам жағдайы және көптеген
басқа факторлар арқылы да ерекшеленеді. Яғни, толеранттық-жеке
тұлғаның әлеуметтік өсуінің көрнісі. Толеранттық басқалардың мінез-
құлық модельдерін, нанымдары мен құндылықтарын либералды қабылдау.
Жағымды түсінігінде басқалардың құндылықтарын қорғауды, плюрализмді
қолдауды және олардың ашық көрінуіне кедергі келтіруге шынайы
қарсы тұруды білдіреді. Философтар мен саясаттанушылар қазіргі
жағдайда толеранттық педагогикаснң қарапайым және қзқты қағидаларын
дайындау керек дейді және оны өскелең ұрпаққа қалыптастырудың
тиімді бағдарламаларын ұсынады. Бүгінгі күні мектеп оқушыларын
толеранттылыққа тәрбиелеудің фундаментальды концепция дайындалмағанымен
мен ғылымдағы бай тәжірибеге сүйене отрп біз бұл үдерісінің
технологиялық және әдістемелік мәселесін шешуді теориялық
негіздей отырып, практикалық тұрғыда сауатты келе аламыз.
Мектеп оқушыларын кейбір адами әлсіздіктерге шыдамдылықтарға
тәрбиелеу және оны түсіне білу мәселесі В.Сухомлинский
еңбектерінде қарастырылған . Ол шыдамдылықты адамгершілік тәрбиесі
арқылы көрініс табатын оқушы тұлғасының рухани- мәдениетінің маңызды
элементті деп таниды. Оның ойынша, оқушылар ең бірінші қарттарға,
жалғыз басты және науқас адамдарға қатысты шыдамдылық көрсетуге
үйренуі қажет. Бірақ, оның пікірінше , шектен шыққан мейірімділік
пен шыдамдылық бәрін де кешіруге әкеп соқтырады. В.Сухомлинский
мұндай жағдайды болдырмау керек деп есептейді. Толеранттылық зорлық-
зомбылықсыз педагогиканың негізгі категорияларының бірі. Зорлықсыз
педагогика прогрессивті педагогтардың қоғамдық қозғалысы аясында
туды. В.Ситаров, В.Маралов, А.Козлова бұл бағыттың педагогикадағы
маңызы туралы былай деп жазды: Зорлықсыз педагогика – табиғат пен
қоғамдағы зорлықсыз қағидаларға негізделген ізгілікті педагогиканың
жетістіктерін жинаған , педагогикалық қарым-қатынаста өзіндік
ерекшелігі бар жаңа педагогикалық парагдиманы қалыптастратын дербес
бағыт. Философиялық , саясаттану, педагогикалық-психологиялық
еңбектерге талдау бізге толеранттылықты тұлғаның біртұтас көрінісі
ретінде тануға мүмкіндік береді. Қазіргі шетел сөздеріндінің
сөздігінде толеранттық tolerantia деген латын терминінен алынған
ұғым, біріншіден, ағзаның кез-келген бір улы заттың қолайсыз
жағдайына төзімділігі, екіншіден, біреуге , бір нәрсеге деген
шыдамдылық, жұмсаттық деп көрсетілген. Испан тілінде tolerancia- өз
пікіріне қайшы келетін идеялар мен пікірлерді қабылдау қабілеті
деп көрсетілсе, немісше-орысша сөздікте tolerant біреудің пікіріне
шыдау деген білдіреді. Қытай тілінде толеранттық басқаларға
кеңпейілдікпен қарау дегенді білдірсе, парсы тілінде
шыдам,шыдамдылық, төзім,татуласуға дайындық дегенді, француз тілінде
tolerant шыдамды, мейірбан,ал, tolerare төзу, қолдау көрсету,
дегенді білдіреді. Әртүрлі тілдердегі толеранттық ұғымын салыстырып
қарау арқылы толеранттық адам құқығы мен тұлғаға сыйластыққа
негізделген қағидалар жүйесі деген тұжырымға келдік. Сонымен,
біздің ойымызша толерантылық дегеніміз бөтен деп саналатын өмір
салтына, мінез-құлыққа, дәстүрлерге, сенімдерге, идеяларға,нанымдарға,
көзқарастарға, қасиеттерге, әдеттерге деген шыдамды қасиет.
Толеранттылық түрлі халықтардың, ұлттардың және діндердің
ерекшеліктеріне қатысты болатын қасиет. Бұл ұғым қазақ ойшылдарының
еңбектерінде тікелей осы мағынада қарастырылмағанымен , гуманизм,
әлеуметтік әріптестік, мәдени сабақтастық, бірлік, зорлықсыздық
идеялары арқылы айқын көрінеді. Толеранттық проблемасының негізгі
мәселелері антикалық дәуірден басталады. Толеранттық антикалық
философтардың зерттеу пәні болмағанымен, сол кезде әрі қарай өз
жалғасын тапқан көптеген теориялық қағидалар қалыптасты. Кейінгі
ғасырлардағы ойшылдардың өздерінің толеранттылыққа арналған
еңбектерінде антикалық саяси қайраткерлер мен философтарға сілтеме
беруі жайдан –жай емес. Аристотель ( б.з.д 384-322ж.ж) Никомаховая
этика атты еңбегінде: өзіне мейірімділік көрсеткен адамға
түсіністікпен қарайтын адамды жақсы деп есептеуге болмайды, жақсы
адам өзгеге сондай қарым-қатынас көрсеткен адам, ал бұл қиын іс,-
деп жазған. Рим императоры Марк Аврелей Антонионың (121-180 ж.ж)
К самому себе немесе Наедине с собой деген шығармаларында
әңгімелесушіге толеранттық қарым-қатынасты сипаттайтын жазбалар бар:
Адамдарды сендіруге тырыс. Егер олар көнбесе өзің әділет заңына
қарсы келме, Оларға шын мейірім мен пайданы көрсет, бірақ
тітіркенбей, сілкінбей, Өзіңе айтылған нәрсені мұқият тыңдауға
дағдылан және өзіңмен сөйлесіп отырған адамның ойын толық
қабылдауға ұмтыл. Адамдардың басшылыққа алатын әдет-ғұрпы мен күшін
мінез-құлқы мен әдеттерін жақсы білу керек. Антикалық кезең
толеранттықтың екі типін көрсетеді: полистік, имперлік. Полистік тип
–тұрақсыз, антикалық демократияның қозғалысымен байланысты және
сыни рационалистік диалогта, сопылық, қозғалыста, скептиктер
көзқарасында, діни тәжірибе формаларның көптүрлілігінде және саяси
плюрализмде көрініс тапқан. Толеранттылықтың имперлік типі күшті,
саяси билікке негізделеді. Бұл жағдайда діни және философиялық
плюрализм анық өрінеді, ұлттық және сенім үшін шеттету болған
жоқ. Антикалық политеизм жағдайында сенім шыдамдылығының да
проблемасы болған жоқ. Осылайша ерте орта ғасырда толеранттық
термині біздің зерттеу мәселемізге қатысты қолданылмағанымен,
құдайдан өзге ешкім кіре алмайтын жабық әлем ретінде қабылданды.
Сондықтан толеранттық жақын адамға деген махаббат және көнбістік
түрлерінде көрініс тапты. Толеранттық тақырыбы М.Монтеннің (1533-1592)
ұлт еркіндігін қорғау туралы пайымдауларында да сөз болды: Өз
еркіңмен немесе қажеттілігі үшін бірқалпты өмір ұстанымын ұстану- күн
көруді ғана білдіреді, ол өмір сүру емес. Ең жақсы жан кімде
көп: икемділік пен көптүрлілік болса сол адамда. М.Монтень
түсінігіндегі адам өзін-өзі танушы, өз бетінше пайымдай алатын
индивид. Оның өз тәжірибесі бірегей, ол сыртқы дүние мен өзі
туралы білімді тек содан алады. Д.Локк (1632-1704) ағылшын философы
және педагогы , өзінің Опыт о веротерпимости (1667ж) еңбегінде
толеранттылыққа шексіз құқық береді. Толеранттықтың апологеттік
дәстүрі- билеушінің діни істерге араласу құқығының болмауы.
Тұлғаның рухани ізденісіне қол сұғу, өзге дінді мойындауға мәжбүрлеу
дұрыс емес. Бұл билік өкілі үшін ақырында жеңіліске ұшырататын ең
тиімсіз жол. Д.Локк Послание в веротернимости еңбегінде: Адамның
рухни сенімін өзгерту үшін көңіліне сәуле түсіру керек, ол
ешқашанда дене жарақаты арқылы мойындатылмайды,-дейді. Сөйтіп, ол
басқаша ойлайтын бытыраңқы секталарға қатысты толеранттылыққа жол
беруге болады, ал олардың езушіні тайдыру ниетімен бірігуіне жол
бермеу керек деген пікір айтты. Д.Локк сенімдері мемлекет
құрылымын шайқалатындай ой-пікірлері бар адамдарға қатысты
мәжбүрлеуді ақтайтынын атап көрсетеді. Толеранттық тақырыбы
француз публицисі және философы П.Бейль (1647-1706) еңбектерінде де
көрініс тапты. Оның пікірінше, адамдардың табиғи үйлесімсіздігі өз
кезеңінде пікірлердің әртүрлігіне әкеліп соқтырады: Қабылдау
мүшелері бірдей болғанымен әр адам бірнәрсені түрліше таниды,
олардың тәрбиесі бірдей емес, қалған жағдайларда да осылай әрекет
етед. П.Бейльде ұят еркіндігі және оның мемлекет билігіне
бағынбайтындығы туралы талап Д.Локкқа қарағанда жоғары. Толеранттық
оның шығармаларында догматикалық билікке қарсы құрал ретінде
көрінеді және билікті ұстап тұрудың басты құралы, қаруы өріскел
қарсылықты жоюға бағытталған. Ол философтардың толеранттық
жөніндегі пікірталасы діни негізде жүргенімен, діни ұстанымның
астарында мемлекет мүддесі жатқандығы жақсы түсіне білді. Билеуші
өз билігін шіркеудің әмбебаптығына сүйене отырып, ғайбаттау,
жалған сөйлеу, жер аудару, өлім жазасна кесу секілді жаман құралдар
арқылы жүргізді. Сөйте тұра, ол жасап отырғандардың барлығының
дінді насихаттау барысындағы дұрыстығына, заңдылығына өзі сене
білді немесе сондай түр жасады. И.Кант (1724-1804) атақты философ,
педагог, оның көптеген еңбектері толеранттық проблемасына арналған.
Ол толеранттық проблемасын адамның ішкі мені тұрғысынан
қарастырған. Неміс ойшылы Идея всеобщей истории во всемирно-
гражданском плане (1784) еңбегінде толеранттылықтың Өзгеге
қатыстылығы мәселесіне пайымдаулар жасайды. Канттың пікірінше,
адамда екі жақты бейімділік болады: бірі-өзі сияқтылармен пікірлесу
мүддесі, екіншісі-оқшаулануға тырысу. Бұл жағдайда адамның өз
туыстармен сыйласудан басқа амалы қалмайды. Басқаша айтсақ, адам
өзінің басқаларға деген табиғи шыдамсыздығын жеңе алады, қоғамда
құндылықтарға ие болып, өз орнын табады. М.Ломоносов жалпы
адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалады; жастардың бойында даналық,
игілік, тазалық, сабырлық, кеңпейілділік, тұрақтылық, жомарттық, достық
сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге шақырады. Адамдар тұрмысындағы
құндылықтар мен маңыздылық туралы айта келе, жастарды жақсы іс-
әрекет жасауға шақырды, себебі тек солар арқылы байлыққа да, өшпес
даңқ пен атаққа да қол жеткізуге болады деп ақыл айтты. Атақты
швейцар педагогы И.Песталоций өте қарапайым жолмен адам бойындағы
ізгілікті сезімдердің алғышарттарын түсіндіріп берді. Оның ойынша,
адамгершіліктің алғашқы бастауы сәби бойында пайда болатын өз
анасына деген махаббат сезімі, кейін тәрбие арқылы бала
сүйіспеншілігі обьектісіне кіретін шеңбер кеңейе түседі. Сөйтіп,
сәби өз сүйіспеншілігін әкесі мен бауырларына, ұстазы мен
жолдастарына көрсетеді. Соңында бала халқына да сондай
сүйішпеншілікпен қарауға бейімделеді. Қазіргі әдебиеттерде
толеранттық ұғымының түрлі классификациясы ұсынылған. Мәселен ,
Америка ғалымы М.Уолцер толеранттылықты белгілі бір қондырма не
ақылдың қорытындысы деп түсіндірілген толеранттықтың бірнеше
мүмкіндіктері бар екенін атап айтады, көрсетеді. Соның
біріншісі, бейбітшілікті сақтауға бағытталған өзгешеліктер мойынсұну
болса, екіншісі, немқұрайлылық, селқостық, парықсыздық ұстанымы.
Үшінші мүмкіндік өзіндік моральдік социумнан келіп шығады, яғни
басқалардың өз құқықтарын жүзеге асыруы сізге ұнамаса да, оны
күштеп мойындауға тиіссіз; төртінші-өзгелерге ашықтық, қызығушылық,
сыйластық,тіпті құрмет, тыңдауға және білуге деген құмарлық, бесінші-
өзгешеліктерді мақұлдау. М.Бахтиннің пікірінше, жасаған нәрсенің
барлығын түптің түбінде мен сөз арқылы жасаймын. Осыдан келіп
өзге адам танитындай әрекет еткен жағдайда мен жеке тұлғалық
деңгейге көтерілемін. Менің өзіндік белгім өзгелермен қарым-
қатынасқа түскенде ғана көрінеді. Сондықтанда да менің адам
ретіндегі өмір сүруім басқаның бар болуымен анықталады. Осыдан
келіп толеранттықтың Отандық танымы полииәдениеттік, полиэтникалық
тұрмыстың базисі, сөзсіз құндлығы ретіндегі өз бастауын алады.
Сөз, көзқарас, ым-ишарат сияқты барлық сыртқы құралдар өзгенің
жауап қайтаруы барысындағы үздіксіз диалог ретінде тнылады. Қазіргі
заманғы философиялық зерттеулерде толеранттық мәселесі алғашқы
зерттеу сатысында қалып отыр. Осы мәселеге қатысты көптеген
материалдар мерзімді баспасөз беттерінде және әлеуметтік-
философиялық жинақтарда жарық көріп отыр. Бұл жұмыстар толеранттық
түсінігін адамның өмірлік әрекетінің түрлі салаларына қатысты
талдайды және толеранттықты қазіргі заманғы адамның өмір сүруінің
ең басты шарты ретінде қабылдау қажеттілігін көрсетеді.
Толеранттық проблемасының ң көп талданған аспектісі Батыс Еуропа
Д,Локк , Вольтер және т.б, ал Ресейде В.Соловьев, Н.Бердяев және т.б
көтерген сенім шыдамдылығы мәселесі болып табылады. Орыс философы
В. Соловьев былай деп жазады: Жоғары деңгейдегі мінез-құлық идеалы
бізден өзге адамдарды өзімізді сүйгендей сүюді талап етеді,
бірақ жеке адамдардың тұтас халықтан тыс өмір сүрмейтіндіктен
(халық жеке адамдарсыз болмайтындығы сияқт) бұл байланыс та мінез-
құлықтық, ішкі болып кеткен. Бұдан шығатын қорытынды, біз бар
халықты өзімізді сияқт сүюіміз керек. Толеранттық мәселесінің
саясаттағы және ұлттық-этникалық қарым-қатнастағы сипатына В.Козлов,
З.Мубинова, С.Семенов, М.Хомяков, В.Шалин және т.б ғалымдардың
ебектері арналған. В.Козловтың пікірінше, қазіргі заманғы этнологияда
ұлтаралық толерантықты бағалауда екі түрлі көзқарас бар. Біріншісін
В.Тишков жақтаған, ол ұлтаралық толеранттықты өзгенің теңдігін
сыйлау мен мойындау ретінде қарастырады. Бұл көзқарастар автор
толеранттылық ұғымын түсіндіруде де қолданған . Зерттеушінің
пікірінше, толеранттық негізгі салада көрінеді: психологиялық деңгейде
-ішкі тоқтам және тұлға мен ұғымның қарым-қатнасы ретінде және
саяси днңгейде-әрекет немесе іске асатын норма ретінде.
Толеранттылық белгі мен әрекет тұлға мен қоғам деңгейінде , тіпті
жеке тұлға деңгейінде де сәйкес келмеуі мүмкін. Л.Дрробижева
қолдаған екінші жол күйінде қабылдау және келісім негізінде қарым-
қатынас жасау деп түсінеді. Н.Лебедева мәселесінің этномәдени
аспектін өз мәдениетін сыйлау оның құндылығы мен маңызына сенімді
болу және өзге мәдениеттермен таныс болу деп түсінеді. Бұлар оның
ойынша мәдени толеранттықтың белгілі құрамдас формулалары.
Толеранттық ұғымына теориялық тұрғыдан талдау жасау В.Лекторский,
М.Хомяков, Е.Быстрицкий, Н.Брусов, В.Шалин және т.б. ғалымдар ұмтылыс
жасады. Н.Бусова толеранттық ұғымын ашуда субьектілік қатынастырға
көп көңіл бөледі. Оның пікірінше , толеранттық күштінің әлсізге
қарым-қатынасы барысында көрінеді. Өз құқығы үшін күрес жолына
түскен аз топ толеранттыққа бейімсіз болады. Себебі олар тек жай
ғана өзін тыңдатуға , өз өзқарасын білдіруге ғана емес, өздерінің
жайсыз жағдайларына түрткі болған нормалар мен қағидаларды жоққа
шығаруға ұмтылады. В.Шалин толеранттықтың қазіргі әлем жағдайындағы
мәдени құндылықтармен, біліммен, саясатпен үйлесімін әлеуметтік-
философиялық тұрғыдан талдайды. А.Асмоловтың пікірінше, толеранттылық
өзара бәсекелес мәдениеттер арасындағы өркениетті келісім және
өзгешелікті, әртүрлілікті сақтаудың жағдайы болып табылатын өзге
қисындар мен көзқарастарды қабылдауға дайындық. Бұл жағдайда
толеранттықтың сипаты төмендегідей болып табылады: Біріншіден,
шыдамдылық көрсету, өзін-өзі ұстау, бейбітшілікті сүю, өзгенің
пікіріне, мінез-құлықына шыдау; Екіншіден, қоршаған табиғат пен
әлеуметтік ортағы бейімделетіндей жоғары адаптивтік қабілеттердің
көрінісі; Үшіншіден, қақтығыс жағдайларынан бейбіт жолмен шығу.
Бұл проблемаға Саха Республикасы ғалымдарының қызығушылығын атап
өту керек. Е.Махаров толеранттылықты әмбебап рухани-әдептілік және
саяси қағида ретінде қарастырады. Ол мынадай сипатқа ие:
Біріншіден, белсенділік, себебі оған болып жатқан барлық нарселерге,
мысалы, салқынға, аштыққа пассив қарау мүмкін емес. Зерттеушінің
пікірінше, оның құлықсыздықпен, шешімсіздікпен ешқандай ортақтығы
жоқ. Бұл қағиданың өз жақтастарының болуы өз позициясының
болуымен, белгілі бір қағиданың өз жақтастарының болуы өз
позициясының болуымен, белгілі бір қағидалары мен идеяларымен
анықталады. Екіншіден, толеранттық бітімгершілікті, саналы түрде
бас тартуды, қарым-қатнасқа әр уақытта дайындықты білдіреді. Оған
өз ұстанымын қайта қарауға икемділік тән. Олар бір нәрсеге қадалған
табандылықты, соның ішінде өзінің қағидалары мен көзқарастарын
міндеттеуді жоққа шығарады. Үшіншіден, толеранттық екі жақтың
паритетіне негізделеді және бір жақтың жақтаушысы болғысы келетін
патернализмін жоққа шығарады. Төртіншіден, толеранттықтың
монополизммен, яғни өз ұстанымын басқалардың пікірінен жоғары қоюға
тырысу сияқты қасиетпен еш байланысы жоқ. Ол өзге пікірдің де
бар екендігін, өзге тұлғаның ерекшеліктерін және құндылықтарын
көрсетеді. Ал бұның маңыздылығы сенім, теңдік және бір-біріне
шыдамдылық атмосферасын орнатудан келіп шығады. Кез-келген басқа
пікірлерге тітіркенушілік, өз қарсыласын нақты деректермен тойтара
алмау келісімге жету жолында және жаңа тың идеяларды тудыруда
үнемі кедергі келтірп отырады. В.Михайлова толеранттылықты субьект-
субьекттілік қатынастардың көрінісі деп қарайды: ... жалпы рухани
бағыт Біз сезімі қатал табиғи әлеуметтік-экономикалық және саяси-
құқықтық жағдайларға сәйкес туындаған ұлттық мүдделерге тәуелсіз,
ол толеранттылықтың негізі азаматтық келісімге әкеледі.
Т.Михайловтың пікірінше, толеранттық субьект-субьект қарым-қатнасының
пайда болуына әкеледі: Социум адамдардың өзара әрекет ету ортасы
бола отырып толеранттық қызмет ететін негізгі кеңістік болып
табылады. Қазіргі заманғы көптеген ғалымдар толеранттылықты
сыйластық, өзара түсінушілік, өзара бас тарту сияқтылардан және
зиян келтіруден тартынудан (себебі өзгеге келтірген зиян, жалпыға
және өзіңе де қатысты) тұратындығын көрсетеді. Толеранттық
қағидаларының біреуі бұзылған жағдайда ол қоғамдағы үйлесімділіктің
жойылуы мен зорлық-зомблыққа әкелеп соғады. Егер толеранттық
қағидалары діндер арасындағы қарым-қатнастың бір жағынан бұзылса,
кенже дамығаны немесе мемлекет тарапынан өз қолдауға ие болғаны
шетке шығарылады. Бұл сабақты адамзат миссионерлік кезеңде бастан
кешірді, мұны біз дәл қазір де монотеистік мемлекеттер жағдайында
көріп отырмыз. Егер толеранттық қағида мемлекеттер арасындағы қарым-
қатнас барысында бұзылса, бұл даму деңгейі төмен мемлекеттің
тәуелдігіне немесе бейбітшілігінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Егер қоғам тұлғаға қатысты толеранттық қағидасын бұзса, ол сол
қоғамдағы адам құқығының аяққа тапталуына әкеп соқтырады. Егер
жеке тұлға қоғамға немесе қоғамның басқа адамына қатысты
толеранттық қағидасын бұзса, мұндай қоғам қылмыстық қоғамға айналды.
Толеранттық қағидаларының кез-келген тұрғыдағы бұзылуы қарым-
қатынастың дисгармониясы мен социумның бұзылына әкеп соғады. Яғни,
қазіргі қоғам толеранттық мінез-құлықтың қалыптасу технологиясын
жасау үшін әлеуметтік тапсырыс береді.
Қорытынды жасауда

1.2 Этнопедагогикалық курсының этнотолеранттық тәрбиелеудегі
мүмкіндіктері.
Жоғары оқу орнындағы көп ұлтты ұжым жағдайында оқу-тәрбие процесін
жүргізудің ерекшелігі ????
Оқытушының көп ұлтты ұжым жағдайында оқу-тәрбие процесін жүргізудің
негізіне білім алушыларға көп мәдениетті білім беруді, олардың өздерінің
белгілі бір мәдени топқа жататындарын тануларын және өзге мәдениеттерді
түсіне және бағалай білулерін қамтамасыз етуі алынуы тиіс. Жоғары оқу
орындарындағы оқу топтарының көп ұлттылығы әр түрлі себептерге байланысты
пайда болады: республикаларда, автономиялы облыстарда және округтарда
негізгі ұлт өкілдерінің үлесі 60 % құрауы мүмкін. Ірі қалаларда орыс емес
студенттердің үлесі 10-15 % жетуі мүмкін, алайда бұлар негізінен түрлі ұлт
өкілдерінен құралған студенттер болып табылады. Мұндай жағдайда оқу
процесі деңгейінде педагогтардың, оқудан тыс жұмыстарды жүргізу барысында
деканның студенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі орынбасары – тәлімгерлер
тарапынан өз шәкірттеріне ерекше назар аударуларын талап ететіні сөзсіз.
Көптеген зерттеулер (Белинская, Баклушанский, Собкин, Писарский, Хакимов
және басқалар) топтағы орыс емес студенттердің сан жағынан азшылықта болған
жағдайда өздерінің жайсыз сезінетіндерін, үнемі мазасызданып жүретіндерін,
өздерін өзгелерден төмен сезінетіндерін көрсетіп жүр. Оның үстіне олар
орыс тілін жеткіліксіз игерген болса, олардың жағдайлары одан ары қиындай
түспек. Ал орыс студенттерінің бойында керісінше, орыс емес студенттерге
қатысты тұрмыстық деңгейдегі шовинистік әрекеттер мен менмендіктер көрініс
береді. Осының нәтижесінде орыс емес студенттер ұлттық белгілері бойынша
(мұндай шағын топтар әдетте бір ұлт өкілдерінен құрылады) немесе этникалық
тұрғыдан аз ұлттардың өкілдері ретінде (мұндай шағын топтарға мажоритарлы
ұлтқа жатпайтын түрлі ұлттардың өкілдері кіреді) топтасады.
Түрлі елдердің білім беру орындарында жүргізілген тәжірибелердің
арасынан өзін ең тиімді бағыт ретінде көрсете білген көп мәдениетті білім
беру тұжырымдамасын ерекше атауға болады және бұл бағыттың негізінде
тұлғаның өзінің белгілі бір мәдениетке жататындығын мойындау екендігіне
ерекше назар аудару керек. Өзінің төл мәдениетін жеткілікті дәрежеде
меңгерген адам ғана өзгелердің мәдениетін түсіне және қабылдай алады.
Сонымен қатар өзге мәдениеттермен танысу барысында адам өзінің төл
мәдениетін бұрынғыдан да тереңірек түсінуіне мүмкіндік алады. Көп
мәдениетті білім беру кез келген халықтың мәдениетін оның халқының санына
қарамастан ерекше құнды және бірегей құбылыс ретінде қабылдайды. Көп
мәдениетті білім беру студенттердің бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін
қалыптастыруды қарастырады. Жоғары оқу орындарында ұлтаралық қатынас
мәдениетін қалыптастыру студенттердің дүниеге деген көзқарастары мен мінез-
құлық мәселелерін шешуді талап етеді. Дүниеге деген көзқарастарды
дүниетанымды қалыптастыру міндеттерінің негізгі бағыттары ретінде білім
алушының өзін белгілі бір мәдениетке жататын тұлға ретінде түсінуіне
көмектесуді; оны өзге де мәдениеттермен таныстыру, оларды түсінуіне және
бағалай білуіне көмектесуді; білім алушының бойында өзге халықтардың
мәдениетіне қатысты шыдамдылық пен құрметпен қарай білуді қалыптастыруды
атауға болады. Мінезді қалыптастыру сипатының негізгі міндеті ретінде түрлі
ұлттық ортада күнделікті қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуді; өзге ұлт
өкілдеріне қатысты толеранттық қатынасты тәрбиелеуді атауға болады.
Жоғары оқу орындарында көп мәдениетті білім беру - арнайы оқу
курстарын зерттеу; оқу процестерінің мүмкіндіктерін толық пайдалану;
студенттермен аудиториядан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру
арқылы қамтамасыз етіледі.
Жоғары оқу орындарында білім алу адамның рухани қалыптасуының
негізі болып табылып, оның бойында адамгершілік мәдениеттің қалыптасуына
орасан зор ықпал етеді. Тиісінше білім беру жүйесінің білім алушылардың көп
ұлтты ұжым ретінде қалыптасуы мен оның әрбір мүшесінің өздерін көрсете
білулерін дамытуда атқарар рөлі ерекше.
Арнайы оқу курстарын зерттеу эносоциология, этнология,
әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, мәдениеттану секілді
пәндердің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл бағытта негізгі салмақ
Этнопсихология, Этнопедагогика және Ұлтаралық қатынас педагогикасы
курстарына түсетіні белгілі.
Этнопсихология оқу курсы. Болашақ маманды дайындау барысында
оның өзінің кәсіби міндетін атқару кезінде өзімен бірге істейтін адамның
ұлттық психологиясын үнемі назарда ұстай білулерін үйрету өте маңызды.
Этнопсихология оқу курсы бұл мәселені оң шешуде елеулі үлес қоса алады.
Аталған курсты өту барысында студенттер келесідей құбылыстарды: ұлттық
психологияның өзіндік ерекшеліктері және оның қатынас мәдениеті мен мінез-
құлыққа тигізер әсері; белгілі бір ұлт қауымдастығына жататын студенттің
ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына әсер етін себептер мен механизмдер; көп
ұлтты ұжым ішінде пайда болған ұлтаралық шиеленістер мен даулар, олардың
себебін және т.б. игеріп, оларды дұрыс шеше білуді үйреніп шығатын болады.
Этникалық психология әдетте жеке мүдделер дауы мен құндылықтар
дауынан туындайтын ұлтаралық шиеленістердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың генезисі
Этностық өзіндік сананың дамуы
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Төзімділік мәселесін теориялық - әдіснамалық талдау
Ұлттық сананы қалыптастыру
Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстану ерекшеліктері
Оқушыларға адамгершілік-патриотта тәрбие берудегі көпұлтты мектептің қызметін талдау
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
«Жастардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру»
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Пәндер