Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨЗҚАРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... . 9

1.1 ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени
жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-16
1.2 Ә.Бөкейхановтың өмір жолы және педагогикалық идеяларының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 16- 31

2 Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ ... ... ... ... 46
2.1 Ә.Бөкейханның педагогикалық көзқарастары және оның тәлімдік
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .31 -46
2.2 Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..46-58

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

КIРIСПЕ

Зерттеу өзектiлiгi. Қазақ халқының тәуелсiз мемлекетi бiрнеше ұрпақтың
арманы болды. Отарлық билiк кезiндегi Қазақстан тарихы зорлықшыл саясат
үстемдiк еткен, қасiретке толы кезеңдерiмен ерекшеленедi. Ал, ендi бүгiнгi
күнi сол тәуелсiздiгiмiзге қолымыз жеткенде, туған елiнің, Отанының шынайы
тарихын бiлуге деген ұлттық сана-сезiмнің бұрын-соңды болмаған өрлеуiнің
куәсi болып отырмыз. Тарихымызқа деген қоғамдағы сұраныстың жоғары деңгейiн
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылды
“Жалпы ұлттық татулығы мен қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу” және 1998
жылды “Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы” деп жариялауы көрсетiп отыр[1].
Мүның өзi тарих тағылымының болашығы үшiн маңызының өте зор екенiн және бұл
мәселеге мемлекеттiк дәрежеде қолдау жасалып отыранын аңғартады.
Тарихшылардың, қоғамтанушылардың ендiгi мiндеттерi тарихымыздың “ақтаңдағы”
беттерiн, құлдық психологиядан, жалған консепциялардан азат етiп,
өткенiмiздi тарихи шындық түрғысынан зерделеп, тарих тану ғылымының
гуманистiк борышын орындауға адал қызмет етулерi болып табылады. Осы
орайда, кезiнде тәуелсiздiгiмiз, азаттығымыз үшiн күрескен, сондықтан
кеңестiк тоталитарлық жүйе құрбандығына айналған, есiмдерiн осы саяси
тәртiп кейiнгi ұрпақ санасынан тазартуға күш салған тұлғаларды тарихымызға
оралту аса қажет болып отыр. Сондай iрi қайраткердің және ғалымның бiрi -
Әлихан Бөкейханов (1870-1937). Бөкейханов сияқты тұлғаның қайраткерлiгiне
және еңбегiне обьективтi баға беру, ұлттық тарихымыз үшiн ғана емес, егемен
Қазақстанның жас ұрпағын рухани және саяси түрғыдан тәрбиелеу үшiн де
керек.
ХХ ғасырдың басындағы күрделi тарихи оқиғаларға белсендi түрде тiкелей
араласып, терең iз қалдырған Әлихан Бөкейханов сияқты iрi қайраткерлердің
қызметi мен қоғамдық-саяси көзқарасын жан-жақты талдау арғылы, бiз Отандық
тарихымызды одан әрi терең түсiнуге жол ашпақпыз. Мұның өзi бiз зерттеп
отырған тағырыптың өзектiлiгi көрсетедi. Жалпы, отарлық бұғау құрсауында
болған елдердің тарихында ерекше жазылуға тиiс кезең – азаттық қозғалыс
тарихы болатындығы түсiнiктi болды.
Мемлекеттік құрылымдар жөнінен біз зерттеп отырған уақытта Қазақстан
Ресейдің құрамына еніп, өз дербестігінен айрылған уақыт болып саналады.
Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің және оқу-ағарту ісінің
тарихында зерттеушілер Ә.Сыдықов, Т.Тәжібаев, Ә.Сембаев, И.Я.Гармс,
С.Мусин, Қ.Бержанов, И.Б. Мадин, А.Т.Колмаков, Ж.Есекеев, А.Көбесов,
К.Құнантаева, К.Б.Сейталиев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Т.М.Алсатов,
Е.Омарұлы, Ә.Н.Көшербаева, К.Ж.Ибраева, А.Ильясова және т.б. ғалымдар тобы
өз орындарын алады [2].
Ә.Сыдықов зерттеуі қазақтың көрнекті педагогы Ы.Алтынсариннің
педагогикалық мұрасына арналып, сол кездегі қазақ даласындағы оқу-ағарту
жұмыстары мен ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастау алған мектептің оқу-тәрбие
жұмыстары, ондағы әдістемелік жағдай мен мұғалімнің рөлі жөнінде кеңінен
талдаулар жасаған [3].
Т.Тәжібаевтың ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның мектебі мен
ағарту ісі туралы зерттеу жұмысында Қазақстанның Ресейге қосылуының саяси-
әлеуметтік маңызындағы халық ағарту, мәдениет саласына кеңінен тоқталады.
Сондай-ақ, бұл зерттеуде қазақ жеріндегі педагогикалық ой-пікірдің
қалыптасу тарихына (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев) педагог және
ағартушы тұлғалардың қызметіне ерекше мән беріп талдаған. Бұнда отаршылдық
кезеңдегі қазақ жерінде алғаш құрыла бастаған әр түрлі оқу орындарының
Азият мектебі (Омбы), Кадет корпусы, хан ордасы мен шекара комиссиясы
жанындағы қазақ мектептері мен екі сыныпты орыс-қазақ және бір сыныптық
үкімет мектебі, ауылдық жердегі болыстық мектептерді, сонымен бірге
кәсіптік-техникалық білім беру және еңбекке үйрету ісі тарихының қалыптасуы
жөнінде арнайы тоқталып, онда мұғалімдер, кіші дәрігер қызметкерлерін,
қолөнершілер мен ауыл шаруашылық мамандарын даярлау, кәсіптік-техникалық
оқу мекемелерінің даму тарихын сөз етеді.
Ал, Т.Тәжібаев еңбегінің жалғасы ретінде Кеңес өкіметінің орнауына,
яғни төңкеріске дейінгі Қазақстандағы мектеп пен ағарту ісінің дамуын
толықтыра түсетін Г.М.Храпченковтың еңбегі болды [4].
Ә.Сембаевтың зерттеу еңбегінде төңкеріске дейінгі Қазақстанда оқыту
ісінің түрліше ұйымдастырылуы, орыс және орыс-қазақ мектептерімен кәсіптік
оқу орындарында қазақ жастарын оқыту жайы, сонымен бірге Қазақстанда кеңес
мектебін құру тарихы жөніндегі мәселелер қамтылып, мектептерге, әсіресе,
бастауыш сынып мұғалімі мамандарын даярлауда ескіше оқып даярланған
мұғалімдерді қайта тәрбиелеуде кәсіптік білім беру жұмыстарының өркендеуі
мен дамуын тарихи тұрғыдан талдап берді.
И.Я.Гармстың ғылыми еңбегінде бір тарау бастауыш білім берудің тарихына
арналып, орыс-қазақ бастауыш мектептеріне сипаттама беріліп,
Н.И.Ильминскийдің, М.Н.Григорьевтің, Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой-
пікірлері талданады. Сондай-ақ, қоғамдағы болған түрлі төңкеріс пен
өзгерістер қазақ өлкесіндегі оқу-ағарту жұмыстарына тигізген ықпалын баян
етеді[5].
Қ.Б.Бержановтың ғылыми-зерттеу жұмысының негізінде жарық көрген
монографиясында, орыс-қазақ арасында ынтымақтастық және оның халық ағарту
ісіне тигізген ықпалы, қазақ мектептері, орысша білім беру мәселелері
жөнінде өз пікірлерін түйіндеп береді.
С.Мусиннің зерттеу жұмысында 1920-1936 жылдарда Кеңес өкіметі кезіндегі
мектептер бастауыш, жеті жылдық және орта мектеп болып қалыптасуы жалпыға
бірдей міндетті оқу заңының орындалуы кезеңін толығымен қамтиды.
Ж.Есекеев зерттеу жұмысында 1917-1930 жылдар аралығындағы Қазақстандағы
педагогикалық білім мәселелері қамтылса, А.Т.Колмаков 1925-1954 жылдардағы
Қазақстандағы жоғарғы педагогикалық білім берудің дамуын қарастырады. Ал
бұл кезеңге дейінгі бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау мәселесіне
А.П.Герасимова қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы орта дәрежелі
педагогикалық оқу орындары жөнінде тұңғыш пікір айтты. Қазақстанда мұғалім
мамандарын даярлаудағы сырттай оқыту арқылы білім беру ісін дамыту
мәселесіне И.Б.Мадиннің зерттеулері арналған [6].
Қазақстанда қыз балаларға білім беру мәселесі жөнінде
М.Қозғамбаеваның Қазақстандағы әйелдерге білім беру тарихынан
(1968 ж) атты еңбегі қыз балаларға оқу-тәрбие жұмысын арнайы мектепте
ұйымдастыру Ы.Алтынсариннен бастама алған үлкен әлеуметтік-педагогикалық
қозғалыс ретінде көрсетіп, Торғайдағы екі сыныптық қыздардың тұңғыш қолөнер
мектебі бастамасының қалай қазақ жерінде өркендеп дамығаны жөнінде
мәліметтер береді. Осы бағытта қыз балаларға білім беру жұмыстарының ғылыми-
теориялық және тарихи дамуын тереңдете зерттеген К.Құнантаеваның еңбектері
бар [7].
Біздің анықтап алған уақытқа дейінгі кезеңдерде Қазақстандағы
педагогикалық ой-пікірлер мен тәлім-тәрбиелік даналық жолдың өскелең
ұрпақты тәрбиелеу тарихының мәселелеріне Т.М.Алсатов, К.Ж.Ибраева, т. б.
ғалымдар өз зерттеулерін арнаса, Қазақстандағы халықтық педагогиканың
өзектілігі мен бүгінгі күнге қажеттігін дәлелдей отырып, олардың ғылыми-
теориялық және тарихилығына мән берсе, осы тұрғыдағы зерттеулер С.Қ.Қалиев,
С.А.Ұзақбаева, С.Ғаббасов т.б. әр қырынан қамтыған. Сондай-ақ,
Қазақстандағы рухани дүниенің әлеуметтік-мәдени салаға ықпалы, оның ішкі
бірлігі мен табиғи үйлесімділіктерімен даналық бейненің берілуі, ондағы
білім, тәрбие, ұлттық мәселенің төңірегінде ой-түйіндер жасап, пікір
қалыптастырған философ-ғалымдарымыз, Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Ғ.Есімов,
О.А.Сегізбаев, Ә.Сағатова, Н. Елікбаев т.б. болды [8].
Қазақ жеріндегі жеке тұлғалардың педагогикалық мұралары мен
көзқарастары жөнінде жазылған еңбектерде ұлттық бастауыш мектептің
қалыптасуы мен дамуына зор күш салып, еңбек еткен зиялы қауым өкілдерінің
педагогика тарихында алатын орындары анықталып, сараланып дәлелденді.
Кеңестік кезеңде осы сынды зерттеулер 30-жылдары сталиндік жүйеге ұшырап,
жазылған еңбектер мен қолжазбаларды (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, т.б.)
оқуға, сараптап талдауға, авторлардың аттарын атауға тиым салынғандығына
байланысты елеусіз қалған еді. Аттары аталған қазақ зиялыларының алғашқы
ұлттық негіздегі қазақ тілі мен әдебиетінен, тарих, математикадан, т. б.
оқулықтар мен оқу құралдарын жазудағы қосқан үлесі орасан зор. Оның
маңыздылығы жайлы тарихшылар М.Қойгелдиев, Ж.Қасымбаев, М,Қозыбаев,
К.Нұрпейісов, Х.Табылдиев, филологтар Р.Бердібаев, Т.Кәкішұлы, Р.Нұрғалиев,
Ш.Сәтбаева, Р.Сыздықова, С.Сейітов, Ш.Елеукенов, С.Дәуітов, А.Мектепов,
Т.Қожакеев, Н.Омаш, математика саласы бойынша Т.Оспанов, Б.Қосанов,
Ж.Қайынбаев, т.б. ғылыми-зерттеу және ғылыми мақалалары ауқымды талданды
және олардың көмегі зор болды [9].
Әлихан Бөкейхановтың қызметiн зерттеуге арналған жұмыстар, жалпы
алғанда бiрнеше кезеңдерiмен сипатталып отырады. Алғашқы кезең – ХХ
жылдардың орта тұсына дейiн, мәселенi обьективтi талдауға және бағалауға
тырысқан әр түрлi еңбектердің жарық көру кезеңi. Екiншi кезең – 20
жылдардың соңынан басталып, 80-жылдардың екiншi жартысына дейiн созылатын
Әлихан Бөкейхановтың бiр жақты қаралау, жөнсiз айыптау кезеңiндегi
еңбектерден тұрады. үшiншi кезең – 80 жылдардың соңынан бастап, жариялылық
пен “демократия” ұранының ықпалымен тарихи шындықты айтуға талпынған
зерттеулердің, Қазақстанның егемен ел болуына байланысты жарық көрген
еңбектерге ұласуымен ерекшеленiп отырады.
Әлихан Бөкейхановтың өмiрi мен қызметi туралы алғашқы зерттеулер
қатарына, Қазан төңкерісiне дейiнгi мерзiмдi баспасөзде жарияланған бiрлi-
жарым мақалаларды жатқызуға болады.
Кеңес үкiметi тұсында барлық ұлттық қозғалыстар қайраткерлерi сияқты
әлихан Бөкейханов туралы да, тарихи шындық түрғысынан арнайы зерттеу
жүргiзуге тиым салына бастады. Жазылу мерзiмi азамат соғысы аяқталысымен
басталып, 20-жылдардың ортасына дейiнгi аралықты қамтитын еңбектердің
(естелiктер, партияның баспасөздегi мақалалар, арнайы зерттеулер)
бiрсыпырасы, кейiнгi жылдарға қарағанда бiршама обьективтi жазылған
болатын. Мұнда Әлихан Бөкейханов қатысқан қозғалысқа, үкiмет билiгiн қолына
алғанына әлi көп уақыт бола қоймаған большевиктiк билiктiң және осы
тәртiпке қызмет етуге шешiм қабылдаған ұлт зиялыларының алғашғы саяси
бағалары берiлген. Бұлардың iшiндегi ең маңыздысы, әрине Алаш қозғалысының
көрнектi жетекшiлерiнің бiрi – Ахмет Байтұрсыновтың “Революция және
қырғыздар” атты мақаласы болды. Мұнда М.Тынышбаев, Әлихан Бөкейханов сияқты
патша заманынан бастап, отарлық билiкке қарсы күресiп, қазақтың ұлттық
саясатына жетекшiлiгiн жасаған қазақ интеллигенттерi өкiлдерiн атынан, осы
қозғалыстың пайда болу себебiн, қазақ халғының 1917 жылғы қос .үшін
төңкеріске қатысына, елдi большевиктiк анархиядан құтқару құрылған уақытша
Алашорда Үкіметiне, бұл Үкіметтiң азамат соғысы жылдарындағы қызметiне,
бiрiн-бiрi алмастырып, билiкке таласқан орыс Үкіметтерi мен Уақытша Сiбiр
үкiметi, Құрылтай жиналысы мүшелерi комитетi, адмирал А.В.Колчак Үкіметi
және т.б. байланысы бар. Алаш қайраткерлерiне 20-жылдардың соңынан бастап
төнген қатер және сталиндiк ойлау жүйесiнің “Партия тарихының қысқаша
курсы” шыққаннан кейiн тарих ғылымында берiк орнығуы, Алаш қозғалысын,
жалпы Түркістан өлкесiндегi азаттық Үшін күрестің тарихын жазудың тағдырын
шештi. Ендi большевиктiк басылымдарда әлихан Бөкейханов, М.Тынышбаев
бастаған қазақ интеллигенциясының бүкіл қызметi реакциялық, бұхара халықтың
мүддесiне сатқындық деген тұжырым жасалды[10].
Демек, Ә.Бөкейхановтың педагогикалық идеяларын, тәрбиелеу және оқыту
мәселелеріне қатысты жасаған тұжырымдарын, шығармашылық іс-әрекетінің
нәтижелерін қолдану қажеттілігі мен оның бай мұрасының өз дәрежесінде
зерттелмеу деңгейі, уағыздалуы және тәжірибеде пайдалануының арасындағы
қарама-қайшылық айқын көрінеді.
Осындай көкейтесті мәселенің шешімін табу біздің зерттеу мәселемізді
анықтап, диплом жұмысының тақырыбын Әлихан Бөкейхановтың педагогикалық
көзқарастары деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Ә.Бөкейханов мұрасындағы педагогикалық идеяларды
анықтау және жүйеге келтіру.
Зерттеудің нысаны: Ә.Бөкейхановтың тарихи мұрасы.
Зерттеу пәні: Ә.Бөкейхановтың педагогикалық идеялары.
Зерттеудің міндеттері:
- Ә.Бөкейхановтың педагогикалық идеяларының туындауына ықпалын тигізетін
тарихи, әлеуметтік жағдайларға сипаттама беру;
- Ә.Бөкейхановтың өмірі мен іс-әрекетіндегі негізгі кезеңдерін айқындап
сипаттама беру;
- Ә.Бөкейхановтың мұрасындағы педагогикалық идеяларды анықтау және
жүйеге келтіру;
- Ә.Бөкейхановтың оқыту және тәрбие мәселелеріне қатысты педагогикалық
көзқарасын анықтау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: таным теориясы, жеке тұлға
туралы теория және оны дамытудағы іс-әрекеттің рөлінің мәнін айқындайтын
философиялық, психологиялық тұжырымдамалар, өткеннің мәдени мұрасына
шығармашылық қарым-қатынас, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың
өзара бірлігі жөніндегі тұжырымдамалар, тарихи-әдіснамалық принципі, теория
мен практика арасындағы байланыстар принципі.
Зерттеудің әдістері: ғылыми, педагогикалық әдебиеттерді, еңбектерді,
мұрағат материалдарын зерделеп, теориялық талдау; Ә.Бөкейхановтың өмірі мен
шығармашылық қызметіне арналған еңбектерді зерттеу, талдау; өмірбаяндық
деректерді салыстыра талдау және қорытындылау.
Зерттеу базасы: мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми-педагогикалық
әдебиеттер.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде ғылыми жұмыстың тақырыбы айқындалды. Ә.Бөкейхановтың
педагогикалық идеяларының даму кезеңдерін зерттеу мақсатында ғылыми,
педагогикалық әдебиеттерді, еңбектерді, мұрағат материалдарына шолу
жасалынып, материалдар жинастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты
айқындалды және диплом жұмысының жоспары жасалынды.
Екінші кезеңде Ә.Бөкейхановтың шығармашылығына қатысты әдебиеттерді
зерттеу жалғастырылды. Диплом жұмысының жоспарына сай зерттеу жұмысының
бөлімдері жазылды.
Үшінші кезеңде зерттеу барысындағы қол жеткізілген нәтижелер талданып
қорытылды, тұжырымдар жасалдығ зерттеу материалдары әдеби және редакциялық
тұрғыдан рәсімделіп диплом жұмысының мәтіні жазылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Бүгінгі күн тұрғысынан Ә.Бөкейхановтың педагогикалық идеяларының
туындауына ықпалын тигізген тарихи, әлеуметтік жағдайларға талдау
жасалды;
- Ә.Бөкейхановтың жастар мен жасөспірімдердің білімі мен тәрбие сапасын
қамтамасыз ететін басты идеялары мен негізгі тұжырымдары жүйелі түрде
көрсетілді;
- Ғұлама ғалым, көрнекті тұлға Ә.Бөкейхановтың тарихи-педагогикалық
қызметіне талдау жасалып, Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер
тарихындағы орны анықталды;
- Ә.Бөкейхановтың басты педагогикалық идеяларыанықталды және оларға
теориялық тұрғыдан баға берілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- Ә.Бөкейхановтың педагогикалық идеяларының теориялық тұрғыдан талданып,
бір жүйеге келтірілуі, Қазақстандағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер
тарихындағы орнының анықталуы тарихи-педагогикалық проблемаларды
зерттеуге нақты үлес қоса алды;
- Зерттеу нәтижелерін педагогикалық білім беру мамандықтары бойынша
„Педагогика тарихы“, “Этнопедагогика“, „Қазақстан педагогика ғылымының
қалыптасуы және дамуы“, „Педагогика“ курстары бойынша оқытылатын
дәрісбаяндар мен семианр сабақтарын дайындап өткізу барысында
қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеуге арналған мәселенің көкейкестілігі дәлелденіп,
қарама-қайшылығы, мәселесі, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттеріәдістері
анықталды, теориялық-әдістемелік негіздері, ғылыми жаңалығы, тәжірибелік
маңыздылығы анықталды.
Ә.Бөкейхановтың қоғамдық көзқарасының қалыптасуы және ғылыми-
педагогикалық негіздері - деп аталатын бірінші тарауда ағартушының
педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен факторлар, тарихи-
әлеуметтік жағдайлар және оның өмірі мен іс-әрекетіндегі негізгі кезеңдері
анықталып, оларға сипаттама берілді.
Ә.Бөкейхановтың педагогикалық көзқарастары - деп аталған екінші
тарауда ағартушының еңбектеріндегі тұлғаның рухани-адамгершілік жағынан
жетілуі, оларды рухани құндылықтарға бағдарлау мәселелері жайлы ой-
пікірлерді, оқыту және тәрбиелеу проблемаларына қатысты идеяларының негізгі
бағыттары анықталып, жүйеге келтіріліп, сипаттама берілді. Ә.Бөкейхановтың
педагогикалық ой-пікірлері бүгінгі таңдағы еліміздің педагогика ғылымын
дамытуға қосқан үлесі және оларды педагогикалық оқу орындарында пайдалану
жолдары қарастырылды.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелеріне негізделген тұжырымдар
берілді.

1 Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨЗҚАРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени
жағдайлар

Ә.Бөкейхан туралы сөзді оның ата тегінен бастағанымыз жөн. Ол текті
атадан, яғни әріден алсақ Шыңғыс хан, беріден алсақ әйгілі Көкжал Барақ ұлы
Бөкей ханнан тарайды. Бөкей XYIII ғасырдың басындағы Орта жүз ханы Бөкейден-
Мырзатай-Нұрмұхамед. Осы Нұрмұхамедтен туған алты баланың үлкені
Әлихан.Анасының есімі Бегімхан.Дүние есігін ашқан жері Қарқаралы Тоқырауын
өзенінің бойы:ата-бабасынан туған зеректік пен тектілік Әлихан бойына да
туа дарыған.Ол жасынан-ақ алғыр, өткір, әдептілік, көргендік сияқты
қасиеттерімен танылып өседі.
Ә.Бөкейхан 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын
болысының жетінші ауылында өмірге келген. Бастауыш білімді элементарлық
орыс мектебінде алып, Омбы техникалық училищесін бітіреді.Бұдан соң
Петербор орман шаруашылығы институтын аяқтап, Омбыға математика пәнінің
оқытушысы болып қайта оралады.Бұл кез болашақ қайраткерлердің саяси
көзқарасының қалыптасқан кезеңі еді.
Осы арада Ә.Бөкейханның қайраткер ретінде қалыптасуының рухани
негіздеріне тоқталып өтейік.
- Ә.Бөкейхан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған әулетте өсті. Оның
арғы атасы Шыңғысханның ұрпағы әйгілі Барақ сұлтан ақтабан-шұбырынды
заманында ешкімге де бас имей кетті.
- Ержеткен ортасы ұлы Абайдың шығармалары, Мәди мен Нарманбет секілді
күрескер әнші-композиторлардың азаттықты көксеген тамаша туындыларымен
сусындаған, Қоянды жәрмеңкесіне келген бүкіл Арқа қазағының басын қосқан
айтулы Қарқаралы өлкесі.
Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына
бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады.
Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы сондай адамдар
қатарындағы ұлағатты ғалым.
Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы мәдениетiмiз бен ғылымымызға тек сол
мақсаттан тапқан жан. Әлихан Бөкейханов – күрделi тұлға, зерделi ғалым.
Әлихан Бөкейханов (1866 - 1937) ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың
басындағы аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ
білімпаздарының басшысы, ғұлама ғалым, ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі.
Әлихан Бөкейхановтың қазақ елі тарихындағы орны мүлде бөлек.Табиғатында аса
қабілетті және сан-саналы білімдар, біртуар Әлекең тарихшы, этнограф,
экономист, ормантанушы, әдебиетші, публицист-қаламгер, аудармашы, ұстаз әрі
саясаткер еді.
Күрделi болғанда, ел-жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең бiлiп
толғаған, танымына лайық алысқа қол ұсынған алғашқы оқымыстысы. Алғашқы
кезең – ХХ жылдардың орта тұсына дейiн, мәселенi обьективтi талдауға және
бағалауға тырысқан әр түрлi еңбектердің жарық көру кезеңi. Екiншi кезең –
20 жылдардың соңынан басталып, 80-жылдардың екiншi жартысына дейiн
созылатын Әлихан Бөкейхановтың бiр жақты қаралау, жөнсiз айыптау
кезеңiндегi еңбектерден тұрады. үшiншi кезең – 80 жылдардың соңынан бастап,
жариялылық пен “демократия” ұранының ықпалымен тарихи шындықты айтуға
талпынған зерттеулердің, Қазақстанның егемен ел болуына байланысты жарық
көрген еңбектерге ұласуымен ерекшеленiп отырады.
Алаш қайраткерлерiнің тағдырын, әсiресе шет елдерге қоныс аударуға
мәжбүр болған алаштықтардың өмiрi мен қызметiн танып-бiлуде Х.Оралтай
еңбегінің орны ерекше болды. Сондай-ақ бұл еңбектiң даулы жерлерi де бар.
Мәселен, автордың “Алаш” партиясы тарихын 1905 жылдан бастауымен, “Қазақ”
газетiмен бiрге “Айқап”, “Қазақстан” басылымдарын осы ұйымның органына
жатғызуымен келiсу қиын. Х.Оралтай “Алаш – Түркістан түркiлерiнің ұлттық-
азаттық үшін күресiнің ұраны болды”. Бұл басылымдардың ұлт-азаттық қозғалыс
үнi болғаны рас, бiрақ белгiлi бiр саяси ұйымның органы болды деп айту
негiзсiз.
Қазақ демократиялық интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезiндегi
қоғамдық-саяси қызметiн зерттеудегi шын мәнiндегi жаңа кезең 80-жылдардың
соңына қарай басталады. Оған жол ашып берген сол кездегi бүкіл Кеңестер
Одағын қамтыған қайта құру процесi, соған байланысты тоталитарлық жүйенің
құрбаны болған қазақ мәдениетi мен ғалымының көрнектi қайраткерлерiнің
шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін Қазақстан Коммунистiк партиясы
орталық Комитетi жанынан құрылған коммиссияның шешiмдерi де болды.
Социалистiк Қазақстан. 1989 ж.ж 26 шiлде т.б. Соның нәтижесiнде, Сталиндiк
жазалау құрбаны болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасы 1988 жылдан
бастап жарық көре бастады. Осы кезеңнен бастап қазақ зиялыларының қоғамдық-
саяси қызметi “дөңгелек столдардың тағырыбына айнала бастады. Социалистiк
Қазақстан 1989, 19 шiлде. Қазақстан Коммунисi” журналы. Ақиқат 1991 қараша
мен Социалистiк Қазақстан газетi болды. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының
бүгінгi қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде М.Қ.Қозыбаев еңбектерiнің орны
ерекше. Олар бұл күрделi мәселенi ескi, ұлы державалық мүдде түрғысынан
емес, ұлттық ерекшелiктер мен мүддеге, жалпы адамзаттық қасиетке
негiзделген жаңа әдiстемелiк және теориялық деңгейде зерттеудi меңдейдi.
Интеллигенция тарихын зерттеудегi жаңа кезеңнің тағы бiр белгiсi бұл
мәселенi кең тарихи хронологиялық ауғымда және нақты деректiк негiзде
зерттеудi қуаттайтын еңбектердің жарық көре бастауы. ұлттық интеллигенция
тарихын кеңес билiгi дәуiрi шектеген Қарақұсов және басқа авторлардың
пiкiрiн Х.Бабажанов орынды сынаған. Сондай-ақ осы жаңа кезеңде ұлттық
интеллигенцияның қоғамдық-саяси қызметiн зерттеу тарихнамасыда белгiлi
жүйеге түсе бастады. Қозыбаевтың тарихнамалық еңбектердің жарық көруi
соның айғағы.
Кең құлашты, ұлан-асыр терең ойлы ғалым – халық ұлы өмiрдiң қай
саласында да өз пiкiр-толғамын, бағдар-бағытын бiлдiрiп келедi. Осыншама
санқырлы қызметiн жазған еңбектерi арқылы жалпылама тiзбелеп жеткiзуге
болар, бiрақ шағын мақалада саралап айта алмасымыз анық. Дегенмен де
мәдениетiмiзге орасан еңбек сiңiрген адам ер жасы елуге келiп отырған
шағында, бiз оның қазақ әдебиетi мен халық ағарту iстерi саласындағы
қайталанбас қызметiн атап өтуге өзiмiздi парыздармыз деп санаймыз.
Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы – қазақ халқының әлеументтiк өмiрi мен
мәдениетiнде Қазан революциясына дейiн де, одан кейiн де аянбай адал қызмет
еткен iрi қайраткер, үлкен талант иесi, тарихта орны айрықша зор тұлға.
М.Әуезовтың сөзiмен айтқанда, қазақ халқының рухани көсемi болған Әлихан
Бөкейханов Нұрмұхамедұлының ұлағайыр еңбегi сан саладан көрiнедi.
Сонымен қатар, Әлихан Бөкейханов өз халқының саяси, мәдени, рухани
және әлеументтiк өмiрiнiң сан-саласына көз тiгiп, тiкелей араласқан iрi
публицист, қоғам қайраткерi Әлихан Бөкейханов – өнер иесi – ақын; қазақтың
тiлiн емес, әдебиетiн де мәдениетiн де зерттеушi ғалым. Сондықтан Әлихан
Бөкейханов қалдырған мұра да әр тектес. Демек, Әлихан Бөкейхановтың бұл
бай мұрасын бiр тектi басылын етiп ұсыну мүмкiн емес.
Осы бай мұраларының iшiнде көлемi жағынан да, көздеген мақсаты
жағынан да молы – тiл мен оқу – ағартушыға қатысты мұралары кезiнде
тәуелсiздiгiмiз, азаттығымыз үшiн күрескен, сондықтан кеңестiк тоталитарлық
жүйе құрбандығына айналған, есiмдерiн осы саяси тәртiп кейiнгi ұрпақ
санасынан тазартуға күш салған тұлғаларды тарихымызға оралту аса қажет
болып отыр. Сондай iрi қайраткердің және ғалымның бiрi - Әлихан Бөкейханов
(1870-1937). Бөкейханов сияқты тұлғаның қайраткерлiгiне және еңбегiне
обьективтi баға беру, ұлттық тарихымыз үшiн ғана емес, егемен Қазақстанның
жас ұрпағын рухани және саяси түрғыдан тәрбиелеу үшiн де керек.
Съездiң маусым айының 15 жұлдызындағы мәжiлiсiнде Мәдениет
проблемалары жөнiндегi деректемелердi сипаттай келгенде, соңғы он жылда
зерттеушiлердің ХIХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ
зиялыларының шығармашылығына жататын жаңа материалдардың мол қорын алғанын
айта кеткен жөн. Бұлар - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан
Жұмабаев, Мiржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышбаев, Шәкерiм Құдайбердиев,
М.Ж.Көпеевтердің және басқалардың туындылары. Мысалы, Әлихан Бөкейханов
шығармаларының кiтабына Қазақ газетi мен басқа да басылымдарда
жарияланған еңбектерi енгiзiлдi[11]. Бүкіл материал мынадай бөлiмдерге
бөлiнiп берiлген: мақалалар, зерттеулер (1913-1917); сол жылдар iшiндегi
рецензиялар, аудармалар; әлихан Бөкейхановқа құрмет көрсетiлген материалдар
(оның Семейде болуы туралы, қазақтар үшін, соның iшiнде тыл жұмыстарынан
қайтып оралғандар үшін, оның атынан стипендия беруге және медресе салуға
қаражат жинау туралы хабар) ерекше бөлiп көрсетiлген болатын. Кiтап
материалдары ғалымның бұрын араб әрпiмен жарияланған тұпнұсқа мұрасын
қазiргi графикада оқуға, оның мүдделерiнің кеңдiгi мен интелектуалдық
әлеуетiн сезiнуге тұңғыш рет мүмкiндiк бердi. Құрастырушы жинаққа бұрын
ғылыми айналымда болмаған мұрағат құжаттарын едәiур мөлшерде пайдалана
отырып, қазақ зиялыларының аса көрнектi өкiлiнің өмiрi мен қызметi туралы
кiрiспе мақала берген. Мұнда көтерiлген көптеген мәселелер ой-пiкiрдің,
соның iшiнде Алашорда және Қоқан автономиясы мәселесiн түсiндiрудің
сонылығымен ерекше; ал Ә. Бөкейханов ол туралы Қоқанда жарияланған
Түркістан автономиясы мен сайланған Түркістан уақытша үкіметi өлкенің
байырғы халғының саяси өзiн-өзi басқаруының жаңа органдары болды деп жазған
едi.
Қазақстанның жергiлiктi мерзiмдi баспасөздегi тарихи материалдар да аз
емес. Бұлар – орыс тiлiндегi, ал содан соң қазақ тiлiндегi газеттер,
альманахтар, жинақтар. Олардың жұмысына саны шағын зиялылар таратылды.
Мәселен, атап айтқанда ХIХ ғасырдың соңғы ширегiнде Туркестанские
ведомости (1870-1882), Акмолинские областные ведомости (1888-1902)
газеттерiне қазақ тiлiнде қосымшалар шығару жолға қойылды.
Сол кез Үшін қазақ тiлiндегi iрi мерзiмдi басылым Айқап журналы (1911-1915)
болды. Журнал жаңалық, озық қадам атаулыны жақтады, шаруашылықтың жаңа
нысандарын және тауар-ақша қатынастарын дамытуды насихаттады. Оған қазақ
зиялыларының демократиялық ниеттегi өкiлдерi: Мұхамеджан Сералин,
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Бақытжан Қаратаев, Жансұлтан
Сейдалин, Ғазиз Мұсағалиев және басқалар жазып тұрды[12].
1913 жылдың ақпанынан бастап 1918 жылдың күзiне дейiн Айқапқа
қарағанда әлдеқайда көп таралыммен Орынборда шығып тұрған газет Қазақ
газетi болатын. Оның бас редакторы – Ахмет Байтұрсынов, баспагерi – Мұстафа
Оразаев болды. Газетке Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев,
Ш.Құдайбердиев, Т.Құнанбаев және басқалар үзбей жазып тұрды. Газет
беттерiнде жарық көрген проблемалардың негiзгi және кең ауғымды (Дума мен
қазақтар, Дума мен соғыс, Жобаланып жатқан заңдар, Қоныстанушылар
туралы, Қазақтар және жер мәселесi, Шаруашылықтың өзгеруi, Деннің
саулығы, рухтың саулығы, Аурулар туралы, Оба жөнiнде, Бiлiм беру туралы,
Қазақша бiлiм беру туралы, Бастауыш мектеп, Мектептiң мұқтаждары, Оқу
уақыты, Қазiргi соғыс, Соғыс туралы, Дума және солдат мәселесi, Қазақтардан
солдат алына ма?) газет мүдделерiнің сан қырлы екенiн және ХХ ғасырдың
басындағы қазақ қоғамының iшкi және сыртқы өмiрiнің өмiршең проблемаларына
жауап iздестiргенiн көрсеттi[13]. Газет беттерi – қазақтардың шаруашылық,
мәдени, рухани және әлеуметтiк-саяси тарихының аса бай деректер көзi.
Ол өзі үшін ұлтшыл болған қулардан бөлініп, сол ұлт қамы үшін
ерлікпен еңбек етіп күресе білді, [14] - деп С.Сейфуллин айтқандай: ...
байын, кедейін айырмай, қазақты ғана сүйетін адал жүрек, ұлтжанды Ахмет
ауыл мектептерінде, семинарияларында халыққа білім беру, оны жетірдіру
саласында көп ізденді, қажымай қайрат көрсетіп, қиындықтан да тайсалмай
қарсы тұрып, қаһарман болды. ХХ ғасырдың басындағы күрделi тарихы
оқиғаларға белсендi түрде тiкелей араласып, терең iз қалдырған әлихан
Бөкейханов сияқты iрi қайраткерлердің қызметi мен қоғамдық-саяси көзқарасын
жан-жақты талдау арғылы, бiз Отандық тарихымызды одан әрi терең түсiнуге
жол ашпақпыз. Мүның өзi бiз зерттеп отырған тағырыптың өзектiлiгi
көрсетедi. Жалпы, отарлық бұғау құрсауында болған елдердің тарихында ерекше
жазылуға тиiс кезең – азаттық қозғалыс тарихы болатындығы түсiнiктi болды.
Кеңестiк тарихнамада ұлттық қозғалыстар, саяси партиялар тарихы тым
бiржақты, қатаң таптық көзқарас түрғысынан зерттелгендiгi белгiлi. Онда
негiзiнен, марксистiк доктрина қағидаларының дұрыстығы, большевиктердің
стратегиясы мен тактикасының толықтай салтанат құратындығы айтылатын. Ал
басқа (буржуазиялық), “ұсақ буржуазиялық”, “контрреволюциялық”, “ұлттық”
жалпы айтқанда, пролетар емес, ж„не т.б. партиялар мен қозғалыстардың
негiзгi жоқтығы, халықтан алшақтығы, сондықтан да олардың болашақта болмай
қоймайтын жеңiлiсi дәлелденiп отыратын. Ресей империясында пролетариат
диктатурасының және бiр партиялық жүйенің орнауы заңдылық болып табылатыны,
оның обьективтi тарихи процесс екендiгi, ал басқа балама жолдың тек тұйыққа
әкелiп тiрейтiндiгi санаға терең енгiзiле түсiндiрiлетiн. ұлт-азаттық
қозғалыстарының жекелеген қайраткерлерiнің ролiн көрсету, Коммунистiк
партияның коллективтiк мүддесiне жат, беделiне нұсқан болып саналғандықтан,
бодан ұлттардан шыққан тарихи тұлғаларды, соның iшiнде саяси ұлттық
тәуелсiздiк үшiн күрескен, қайраткерлердi арнайы зерттеуге тыйым салынды.
Коммунист “тапшыл” тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметiн жазуға ғана рұқсат
етiлiп отырады.
Әлихан Бөкейхановтың қызметiн зерттеуге арналған жұмыстар, жалпы
алғанда бiрнеше кезеңдерiмен сипатталып отырады. Алғашқы кезең – ХХ
жылдардың орта тұсына дейiн, мәселенi обьективтi талдауға және бағалауға
тырысқан әр түрлi еңбектердің жарық көру кезеңi. Екiншi кезең – 20
жылдардың соңынан басталып, 80-жылдардың екiншi жартысына дейiн созылатын
Әлихан Бөкейхановтың бiр жақты қаралау, жөнсiз айыптау кезеңiндегi
еңбектерден тұрады. үшiншi кезең – 80 жылдардың соңынан бастап, жариялылық
пен “демократия” ұранының ықпалымен тарихи шындықты айтуға талпынған
зерттеулердің, Қазақстанның егемен ел болуына байланысты жарық көрген
еңбектерге ұласуымен ерекшеленiп отырады.
Халық қамқоршысы 1913 жылы Қазақ газетінде Оқу жайы деген бас
мақала жариялап, онда: Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол
шикізаттан жасалатын өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл
надандықтан келген кемшілік, - дейді.
Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін
дәлелдеді. 1914 жылы Қазақ газетінде жарияланған Бастауыш мектеп деген
мақаласында автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген
мәселе қойып, халық сауатын ана тілінде ашу мақсатын алға қояды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласының Ресей қол астына
тұтастай бағынуы, жер-жерлерде әскери бекіністердің, сауда- саттық
өркендеген қалалардың салынуы, орыс шаруаларын қоныстандыруы т.б. саяси-
экономикалық қарым-қатынастар, қалыптасып қалған көшпелі халықты бірден
отырықшылыққа қазақ халқына едәуір әлеуметтік-психологиялық кері әсер етті.
Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім
беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет
аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі
енгізілді. Өйткені, патша өкіметінің отарлау саясатының басты мақсатының
бірі халықты жаппай орыстандыру, шоқындыру еді. Бұған жетудің негізгі жолы
– мектеп, халық ағарту ісі екені даусыз [15]. Осындай мақсатты іске асыра
бастаған Ресей миссионерлері мұсылман елінің бірлігін ыдырату, халықты
дінінен, тілінен айыру, бұратана халықтарды шоқындырып, ата-баба салтынан,
дәстүрінен қол үздіріп тоз-тозын шығару үшін ғасырлар бойы қолданып келе
жатқан алфавитін жойып, мұсылмандық мектеп-медреселерді жоғалтып, орыс-
қазақ мектептерінің санын көбейтіп, оларды бірте-бірте таза орыс тілді
мектептерге айналдыруды көздеген алуан түрлі сұрқия істерін жүргізді. Патша
өкіметінің мұндай саясатпен ашқан мектептері қазақ халқының ұлттық
ерекшелігіне, мәдениетіне үйлеспеді. Себебі, отаршылдардың басты мақсаты –
қазақ халқын сауаттандырып, көзін ашу, білімді болуын қамтамасыз ету емес,
жазба мәдениетінен ажырату болатын. Ұлттық мектептердің азаюы, әлсіреуі
осындай отаршылдық саясаттың күшеюінің нәтижесіне байланысты еді. Мұндай
саясаттың белең алуына қарсылық білдірген алғашқы қазақ ағартушысының бірі
– Ә.Бөкейхан болды.
Осы ғасырдың аяқ кезінде қазақ мектептері құрылымына байланысты екі
түрлі көзқарастар туындады. Алғашқылары – орыстандыру, шоқындыру, ұлттық
дін мен тілден, мәдениеттін қол үздіруді көздеуші миссионерлер, ал
соңғылары – орыс халқының озық идеяларын негізге ала отырып, халқының
дүниежүзілік білімді игеруін қалаған ұлт ағартушылары болды.
Осындай озық идеяның жүзеге асуы үшін қызмет еткендердің бірі –
Ә.Бөкейхан еді. Ол халқының болашағы жарқын болуына бар ғұмырын арнаған
ұлтжанды азамат еді. Оның бойындағы ұлтжандылық қасиет отбасында
қалыптасты. Отбасының сол замандағы зұлматтың қасіретіне ұшырауы, қоғамдық
- әлеуметтік жағдай оның болашақтағы көзқарастарына тікелей ықпал етті дей
аламыз. Себебі, ғалымның балалық шағы Ресей империясының отарлау саясатымен
тұстас келді. Ә.Бөкейхан 1886 жылдан 1907 жылға дейін Қарқаралыда орыс-
қазақ школында, одан кейін қалалық училищенің оқытушысы қызметін атқарады.
Осындай ағарту ісімен айналысып жүрген кезінде-ақ, оның дүниеге деген
саяси көзқарастарының қалыптасуы басталады, әрі осы жылдары өзінің Қырық
мысал атты еңбегін жазады.
Ал, 1909 жылы жазықсыз жаламен Семей түрмесінде тоғыз айдай отырып
шығуы Ә.Бөкейханның өміріне қатты әсер етіп, қоғамдық –саяси күреске
ертерек араласуына тура келді.
Ол туралы белгілі ғалым К.Нұрпейіс: ... ХХ ғасыр басында өрістей
бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыс өз алдына әуел бастан
жалпы ұлттық–демократиялық мақсат-міндеттерді қойды.
Бұл істің басы–қасында екі ғасыр тоғысында қалыптасқан зиялылар жүрді.

Олардың Ә.Бөкейхан бастаған көпшілігі қазақ халқының жалпы ұлттық
мүдделерін білдіретін қоғамдық – саяси ұйымдар құрып, солар арқылы өлкедегі
буржуазиялық – демократиялық сипаттағы қоғамдық қозғалысты басқаруға
талпынды. Солардың қатарында А.Байтұрсынов та болды, [16] - дейді.
Ә.Бөкейханның ағартушылық-педагогикалық көзқарасының қалыптасып, ол
жолды біржола ұстауына әсер еткен оқиғаның бірі 1913-1918 жылдар
арлығындағы Қазақ газетінде редакторлық қызмет атқаруы.
Бұл қызметті атқару барысында Ә.Бөкейхан қоғамдық және саяси -
әлеуметтік жағдайларға белсене араласып, өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
Оған ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған
сол Қазақ газеті бетінде жарияланған мақалалары куә. Мәселен, Ә.Бөкейхан
осы газет бетінде 1913 жылы 5 мың десятина жер, Жауап хат, Қазақтың
бас ақыны, Алаш азаматтарына (М.Дулатовпен бірге), 1914 жылы Бастауыш
мектеп, Мектеп керектері, 1916 жылы Қазаққа ашық хат, Сібір
депутаттарының мәжілісінде, Қазақ жұртына (А.Байтұрсынов, М.Дулатовпен
бірге), Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына (М.Дулатов, Тұнғаншин,
Кәдірбаевпен бірге), 1971 жылы Шорай Ислам (А.Байтұрсыновпен бірге) [17]
және т.б. жазған мақалаларында отаршылдыққа қарсылық, халық санасын ояту,
білімін көтеру, сауатсыздықпен күрес, ұлттық баспасөз ісін жандандыру
мәселелерін көтерді.
Ә.Бөкейхан Революция және қырғыздар атты мақаласында: М.Тынышбаев
тәрізді патша заманынан бастап, отарлық билікке қарсы күресіп, қазақтың
ұлттық саясатына жетекшілік жасаған қазақ зиялылары өкілдерінің атынан, осы
қозғалыстың пайда болу себебіне, қазақ халқының 1917 жылғы қос төңкеріске
қатысына, елді большевиктік анархиядан құтқару үшін құрылған уақытша
Алашорда үкіметін, бұл үкіметтің азамат соғысы жылдарындағы қызметіне,
бірін-бірі алмастырып билікке таласқан орыс үкіметтерімен байланысына және
Кеңес үкіметі жағына өту себептеріне тоқталады.
Мұндай мақалалар сол кездегі баспасөз беттерінде толассыз жарияланған.
Саяси әлеуметтік жағдайларға байланысты көптеген қазақ зиялылары кейбір
мақалаларды бүркеншік атпен де беріп отырды.
Газет халықты қоғамда болып жатқан өзгерістерден құлағдар ету, санасын
ояту, дұрыс жол сілтеп, өнер-білімге, оқуға шақырған бірден-бір
үгітші–насихатшы болды
Ә.Бөкейхан: ... газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз,
құлақ, тіл қандай қажет болса, халыққа газет сондай қажет ..., [18] - деп
газеттің қазақ халқына тигізер пайдасын көрсетеді. Қазақ газеті бүкіл
ұлтымыздың мәдениеті мен тарихын насихаттаумен қатар қазақтың зиялы
қауымының саяси көзқарасын қалыптастырып, саяси партияларды құруға негіз
болды. Жалпы газет 1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрды. Газеттің 265
саны жарық көрді.
Тарихи негіздеме бойынша, мәдениет мәселелері туралы деректемелердi
сипаттай келгенде, соңғы он жылда зерттеушiлердің ХIХ ғасырдың аяғы – ХХ
ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының шығармашылығына жататын жаңа
материалдардың мол қорын алғанын айта кеткен жөн. Бұлар - Әлихан
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Мiржақып Дулатов,
Мұхамеджан Тынышбаев, Шәкерiм Құдайбердиев, М.Ж.Көпеевтердің және
басқалардың туындылары. Мысалы, Әлихан Бөкейханов шығармаларының кiтабына
Қазақ газетi мен басқа да басылымдарда жарияланған еңбектерi енгiзiлдi.
Бүкіл материал мынадай бөлiмдерге бөлiнiп берiлген: мақалалар, зерттеулер
(1913-1917); сол жылдар iшiндегi рецензиялар, аудармалар; Әлихан
Бөкейхановқа құрмет көрсетiлген материалдар (оның Семейде болуы туралы,
қазақтар үшін, соның iшiнде тыл жұмыстарынан қайтып оралғандар үшін, оның
атынан стипендия беруге және медресе салуға қаражат жинау туралы хабар)
ерекше бөлiп көрсетiлген болатын. Кiтап материалдары ғалымның бұрын араб
әрпiмен жарияланған тұпнұсқа мұрасын қазiргi графикада оқуға, оның
мүдделерiнің кеңдiгi мен интелектуалдық әлеуетiн сезiнуге тұңғыш рет
мүмкiндiк бердi. Құрастырушы жинаққа бұрын ғылыми айналымда болмаған
мұрағат құжаттарын едәiур мөлшерде пайдалана отырып, қазақ зиялыларының аса
көрнектi өкiлiнің өмiрi мен қызметi туралы кiрiспе мақала берген. Мұнда
көтерiлген көптеген мәселелер ой-пiкiрдің, соның iшiнде Алашорда және Қоқан
автономиясы мәселесiн түсiндiрудің сонылығымен ерекше, ал Ә. Бөкейханов ол
туралы Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясы мен сайланған Түркістан
уақытша үкіметi өлкенің байырғы халғының саяси өзiн-өзi басқаруының жаңа
органдары болды деп жазған едi.

1.2 Ә.Бөкейхановтың өмір жолы және педагогикалық идеяларының қалыптасуы

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың шығармашылық ғұмыры ХIХ ғасырдың
90-шы жылдарының орта тұсынан басталып, шамамен ол репрессияға ұшыраған
1937 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Әрине, 20-30 жылдар Бөкейхановқа
творчестволық еңбекпен айналысу үшін қолайлы кезең болды деп айту
қиын, дегенмен бұл жылдары да ол өмірінің мазмұнына айналған үйреншікті
ғылыми және әдеби тақырыптардан қол үзген емес. Міне осындай
айтарлықтай ұзақ және құнарлы творчестволық өмір жолының болуына
қарамастан белгілі қайраткердің еңбектері жеке кітап түрінде (бұл
арада 20-шы жылдары түрлі тақырыптпрға арналған кітапшаларың есепке
алмағанда) жарық қөрген жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі
Россия империясы көлемінде қалыптасқан саяси жағдайда қазақ ұлт-
азаттық қозғалысы көсемінің еңбектерін бөлек жинақ етіп бастыру,
әрине, қисынсыз нәрсе еді. Оңдай мүмкіндік міне енді ғана туып отыр.

Ә. Бөкейханов 1913 жылдың ақпанынан бастап Орынбордан шыға бастаған
Қазақтың негізін қалап, бағыт- бағдарын анықтаушылардың бірі болып
қана қойған жок, сондай-ақ газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған ең
белсенді және өңдірімді авторларының қатарында болды. Ал, Қазақ болса
1913-1918 жылдар арлығында ең алдымен белгілі үштік, яғни А.
Байтұрсынов, Ә. Бөкейха,нов және М. Дулатовтардың табаң ет, маңдай тер
еңбегінің арқасында жалпыұлттық басылым деңгейіне көтерілуімен бірге, ұлт-
азаттық қозғалыстың баспа үніне де айналған еді [19]. Тура осы
мезгілде ол қазақ қоғамында отарлық және феодалдық езгігі қарсы
күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті.
Міне сондықтан да қадірменді оқырма жинақтағы Ә. Бөкейхановтың
еңбектері арқылы ғасыр басындағы қазақ қоғамдық ойының даму мен
бағыттарынан хабардар болумен бірге, сол ойдың дамуына Бөкейхановтың
қосқан үлесін де байқап, бағалай алады деп ойлаймыз.
Жинаққа Ә. Бөкейхановтың Қазақ газетінде жарық көрген
еңбектерімен бірге, оның Кеңес билігі тұсыында түрлі басылымдарда
Ақ жол т.б. жарық көрген мақалалары, аудармалалары енді. Әрине,
Ә.Бөкейханов сияқты ірі қайраткерлердің көпқырлы шығармашылық мұрасы
жинақтағы материалдармен шектелмейтіндігі түсінікті. Оларды жинап,
заман талабына сай бастырып шығару маман ғалымдардың абыройлы
міндеті деп білеміз.
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен
екінші жалпы қазақ сьезі Алаш автономиясы деп аталатын Ұлттық
мемлект құрылғандығын мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің
алтыншы бөлігін алып жатқан Ресей империясы көлемінде бұл аса зор
болмағанымен, отарлық езгідегі қазақ қоғамы үшін оның тарихи маңызы
ерекше еді. Өйткені мұның бәрі қазақ елінің ХVIII ғасырдан бергі
өз бостандығы мен теңдігі жолында орыс империясына қарсы жүргізген
азапты күресінің қорытындысы болатын.
Тарих саласында Алашорда –Халық Кеңесі үкіметін алып келген
жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың
ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік
жағдайындааяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін басқа
өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол –ұлттық
мемлекттік құрылымының болуы еді.
Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп
бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлект құру
жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық
теңсіздік болған жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен
мүддесін қорғайтын саяси институттарға сұраныс та қалыптаспақ. Ал,
осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық
–мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да табиғи
нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған елдердің бәрінде де осылай
болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине, Алашорданың өмірге келуі
тарихи қажеттіліктен туған болатын. Бірақ қазақ ұлт –азаттық
қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі Ресейдің тұтастығын
көксейтін ақ қазақтар мен патша генералдарына да, жаңа тотлитарлық
жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймады. Егер алғашқылары
Алаш қайраткерлеріне Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын
бұратана халықтың ат төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей
қарап, аяқтарынан шалса, соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан
ұрандармен артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушыларын
буржуазиялық ұлтшылдар, ұлтшыл -уклонистер деп жариялап, алдымен
халықты оларға қарсы қойып, артынан бұларды асып –атып, рухани
азапқа салып, жойып тынды.
ХIХ ғасырдың соңында Ресей империясында саясаттан тыс қалған
түпкірді табу қиын болар еді. Ә. Бөкейханов сол өткен ғасырдың 80
–ші жылдары империяның шығыстағы ірі саяси орталықтарының бірі
Омбы қаласында техникалық училищеде оқыды. Бірақ оның шын
мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген кезі, әрине, С.
–Петербургте орман –техникалық институтында оқып жүрген жылдарына тұс
келеді. Мұнда ол студенттік қызу айтыстарға қатысып, ХХ ғ.
босағасынан аттағалы тұрған Ресйдің қандай жолмен дамуы тиімді
болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз
ойын да шыңдай түсті [20].
Ә. Бөкейханов институтты бітірген бетте ішкі Ресейден қоныс
аударушылар жағдайын зерттеу үшін ұйымдастырылған Половцев
экспедициясына қатынасу үшін 1895 жылдың жазында Омбыға келіп,
экспедия жұмысына рұқсат берілмеген соң сонда қалып қояды.
1896 жылы үкімет орындарының шешімімен Ақмола, Семей және
Торғай облыстарындағы жер жағдайын зерттеп, қазақ даласына орыс
шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз
жасап беруге тиіс болған Ф. А. Щербина бастаған экспедиция
ұйымдастырылды. Ә. Бөкейханов экспедиция жұмысына қатысуға мүдделілік
танытқандардың бірі болды. Оның ойы бойынша бұл жұмыс сол тарихи
кезеңде қазақ жұрты үшін ең зәру мәселеге айналған – жер
қатынастарын тереңірек түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге
жағдай жасауга тиіс еді.
Экспедиция алдына мынадай міндеттер қойылды. 1.
Көшпелі шаруашылықтың жерпайдалану әдіс –тәсілдерінің заңдылықтарына
көз жеткізу ; 2. Қазақтарды ауылдық қауымға бөліп, оларды
шаруашылық жүйе бойынша жіктеу; 3. Сол жеке шаруашылыққа қажет төрт
түлік малдың көлемін есептеп шығару ; 4. Әр түлктің керекті
жайылым мөлшерін жер нормасын анықтау; 5. Этикалық жағынан ,
жағрапиялық ерекшелігі мен тарихи даму тұрғысынан зерттеу.
Жұмыс мерзімі 1896 және 1903 жылдар аралығын қамтыған Щербина
экспедициясы шын мәнінде қыруар шаруа бітіріп, аталған облыстарда
он екі уездерден жиналған материалдардың негізінде 13 томнан тұрған
ғылыми зерттеу еңбегін бастырып шығарды. Экспедиция жұмысына
қатынасу барысында Ә.Бөкейханов қазақ даласына байланысты Ресей
империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа
қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шаралардфы іске
асыруға даярлық жасап жатқанын байқады[21].
ХХ ғасырдың басы, анығырақ айтқанда 1905-1910 жылдары Ресейдің
переселен саясатында, сол арқылы Оралдың шығыс бөлігін отарлау
саясатында жаңа кезең болды. Оған мынадай фактілер арқылы көз жеткізу
қиын емес. Егер 1864-1885 жылдар Оралдың шығыс жақ бетіне қоныс
аударушылардың саны 300000 адам болса, бұл сан 1885-1910 жылдары -2,5млн-
ға өсті.
ХХ алғашқы он жылдығының орта тұсында империя көлемінде
қоныстандыру ісі белгілі бір жүйеге түсті. 1904 жылы Петербургте
Қоныс аудару және Жерге орналастыру бас басқармасы құрылды. Ал келесе
бір-екі жылдың ішінде бұл басқарманың мекемелері губерния, облыс және
уез деңгейінде барлық қазақ жерлерінде құрылды. Мемлекет тарапынан
үлкен және нақты қолдау алған бұл мекемелердің құқықтық статусы
да жоғары болды және олардың негізгі міндеті артық жерлерді
анықтап, ол жерлерге ішкі Ресейден орыс шаруаларының көшіп келіп
орналасуына жағдай жасау еді.
Белгілі бір жүйеге түскен, ұлыдержавалық отарлау саясатының
басында патшаның өзі, Мемлекеттік Дума және басқа өкімет орындары
тұрды, сондай –ақ бұл іс жақсы қаржыландырды.
Қалай болғанда да, Ә. Бөкейхановтың көзқарасының Щербина
экспедициясына қатысқанын кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге
ұшырағандығы анық [22]. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ
оқығандарының саяси көзқарасының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне
тұңғыш орыс революциясы ерекше ықпал етті. Патшалық отарлау аппараты
өзіне қызметке даярлаған түрлі мамандық иелері арасынан шыққан
қазақ зиялылары елде жаңа сипат, жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ӘДЕБИ-СЫН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Ең алғашқы қызметтері
Өскен ортасы мен қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуы
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Әлихан Бөкейхановтың өмiрi мен қызметi
Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау
Пәндер