Талан - таражға салудың объективті белгілері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ТАРАУ. БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ . . . 5
1. 1 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы көрінісі . . . 5
1. 2 Талан-таражға салудың түсінігі, белгілері және түрлері . . . 10
1. 3 Талан-таражға салудың объективті белгілері . . . 26
1. 4 Талан-таражға салудың субъективті белгілері . . . 30
ТАРАУ 2. ТАЛАН-ТАРАЖДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ . . . 34
2. 1 Талан-тараждың нысандары . . . 34
2. 2 Талан-таражға салудың түрлері . . .
ТАРАУ 3. ТАЛАН-ТАРАЖ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР . . . 44
3. 1 Талан-тараждың затына қатысты ауырлататын белгілер . . . 44
3. 2 Талан-тараждың объективті жағына және субъектісіне қатысты ауырлататын белгілер . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 53
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормалармен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормалары арқылы да қорғалады.
Қылмыстық құқық нормалары бойынша меншік иесінің құқығы меншік нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады.
Талан-тараж меншікке қарсы бағытталган қылмыс болып табылады. Талан-тараж қылмыстарына ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету, соңдай-ақ ерекше құнды заттарды талан-таражға салу жатады.
Аталған қылмыстар тергеу тәжірибесінде жиі кездесетін қылмыстар болып табылады. Сондықтан бұл қылмыстардың түсініктерін білу, оларды дұрыс саралай білудің және бір-бірінен нақты және дұрыс ажыратудың маңызы өте жоғары. Келешек құқық органдарының қызметкерлеріне бұл қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасын білу, қылмыс қүрамдарын талдай білу қажет. Біздің дипломдық жұмысымызда осы мәселелерге терең көңіл бөлінген.
1 БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
1. 1 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы көрінісі
Меншік құқығы, меншіктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орынның бірін алады. Меншік қатынасын нормативтік реттеу Қазақстан Республикасында мемлекеттің қалыптасуының барлық кезеңінде жүрді. Тарихи тұрғыда Қазақстан біршама уақыт Ресей империясының, одан кейін КСРО құрамында болып, тек 1991 жылы ғана тәуелсіз мемлекет болды. Республикада меншік құқығы туралы нормативтік ережелер айтылған мемлекеттердегі қалыптасқан ағымға бағынышты еді. Меншік иесі құқығы күшінің шектелген саны белгілі бір ауқымнан шықпауға әрі бақыланбауға тиіс болды, ал меншік иесінің меншікке қатысты құқығы болса, тар ауқымда қатаң түрде шектеліп отырды. Меншік жеке бастың еркіндігі ұғымынан туындайтын табиғи құқықты ’’байланыстырғыш” ретінде байқалды. Жеке адамның меншікке егемендігі мемлекеттің өктемдігіне қарсы неғұрлым тиімді тосқауыл ретінде қарастырылды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеуді, ағарту, рационалдық және саяси ойдың жаратылыстану-құқықтық мектептері өркениетті қоғамның институттық негізі ретінде қабылдады.
Қазақстан Республикасында меншік құқығы жөніндегі нормативтік ережелердің азаматтық-құқықтық дәстүр аясында туындағаны сөзсіз. Әйтсе де сыртқы сипаттағы белгілі бір тарихи себептерге қатысты өзіндік ерекшелігі де болды. Ол негізінен мына кезеңдерге бөлінген: 1) революцияға дейінгі кезең - XІX ғасырдың екінші жартысынан 1917 жылды қоса; 2) кеңестік кезең -1917 жылдан басталып, 20 ғасырдың 80 жылдарының соңы; 3) кеңестен кейінгі кезең - 80 жылдардың соңынан қазірге дейінгі мезгіл.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188 бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз, субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауыша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып табылады [36, 11 б. ] .
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалықтар түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Сондықтан да, меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқық нормаларымен және меншік құқығына қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанда қылмыстық құқық нормаларымен де қорғалынады.
Қылмыстық құқықта меншік иесінің құқықтары меншік нысандарына қарамастан тең дәрежеде қорғалынады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің тең түрде қылмыстық құқықтық қорғалынуы үшін қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін, қолданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалынуы үшін: қылмыстық заң біріншіден, әртүрлі меншік нысандарына қол сұғатын ұқсас іс-әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден, меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей белгілеген; үшіншіден, меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен кең мағынада алғанда пара пар. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 және 1926 жылдардағы Қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары осылай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады [37, 87 б. ] .
Меншікке қарсы қылмыстар деп - мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал қауіпін тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз [34, 140 б. ] .
Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісін меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар құрайды.
Меншікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі болып меншіктің кез-келген нысаны табылады. Меншіктің нақты нысаны қылмыстық жауаптылыққа және адамның мінез-құлқын саралауға әсерін тигізбесе де, қылмыстық іс бойынша анықталынуы міндетті болып табылады, себебі: біріншіден, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затының міндетті элементі; екіншіден, кейбір ауырлататын белгілерді тануға әсерін тигізеді.
Қылмыстық заңның Ерекше бөлімін талдап қарасақ, қылмыстың тікелей объектісі бөтеннің мүлкі екендігі туралы қорытынды жасауымызға болады. Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық қорғау объектісі ретінде өз мүлкі бола алмайды. Өз мүлкіне қатысты әрекеттер, егер де олар басқа азаматтардың заңмен қорғалынатын құқықтары мен мүдделерін бұзған жағдайда ғана заңсыз деп танылады. Бірақ та, бұл жағдайда қылмыстық құқықтық қорғаудың объектісі меншік қатынастары емес, басқа игіліктер - қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың өмірі мен денсаулығы қарастырылады.
Біз талдайын деп отырған қылмыс құрамдарында меншік қатынастары негізгі тікелей объект ретінде қарастырылған. Меншікке қарсы кейбір қылмыстар көп объектілі болып есептелінеді, яғни, оларды жасау барысында өмірге, денсаулыққа зиян келтіріледі. Оларға: тонауды, қарақшылықты, қорқытып алушылықты, автокөлікті заңсыз иеленуді жатқызамыз.
Меншікке қарсы қылмыстардың заты - Азаматтық кодексте көрсетілген меншік құқығының кез-келген объектісі бола алады. Осыған байланысты интеллектуалдық қызметтің нәтижелері де меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде қарастырылады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне сәйкес интеллектуалдық меншіктің өнімдері азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар тарауында қарастырылған [38, 19 б. ] . Бұл мәселеге байланысты отандық заң шығарушының позициясы өте орынды деп есептейміз.
Осылайша, меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде -заттар, яғни ақша, бағалы қағаздар, кейбір кезде мүліктік құқықтар, интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, яғни азаматтық айналымнан алынбаған басқа да жылжитын немесе жылжымайтын мүліктер қарастырылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, тегін айналдыру үшін құқыққа қайшы түрде алып қоюы арқылы сипатталады.
Меншік иесінен немесе өзге де иеленушісінен кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өз иелігіне заңсыз алуын алып қою деп білеміз.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы негізінен белсенді әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, тек қана бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру құрамның кейбір тәсілдері ғана әректсіздік арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық нәтиже әр уақытта материалдық сипатта болады да, мүліктік зиян келтіруден көрінеді. Көп жағдайда қылмыстық нәтижені меншік иесіне немесе өзге адамдарға келтірілген тікелей нақты залал құрайды, тек қана, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру кезінде залал жіберіліп алынған табыс нысанында болуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы материалдық қылмыс құрамдарының көмегімен құрылған. Олардың объективтік жағы үш міндетті белгіден тұрады: іс-әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық құрамдары формалдық болып табылады. Диспозицияда көрсетілген іс-әрекеттерді жасаған уақыттан бастап, көрсетілген қылмыстар аяқталған болып табылады, яғни қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстық іс-әрекет қарастырылған.
Меншікке қарсы кейбір қылмыстардың объективтік жағының міндетті белгісі - қылмысты жасау тәсілі (күш қолданып, күш қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстар субъективтік жағына келетін болсақ, бұл қылмыстардың ішіндегі тек біреуі ғана абайсыздық нысанындағы кінәмен жасалынады - ол бөтеннің мүлкін абайсыздықта жою немесе бүлдіру. Қалған қылмыстар тек қасақаналықпен жасалынады. Осыған байланысты тек бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалынады да, қалғандары тек тікелей қасақаналықпен жасалынады.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет және мақсат жатады.
Жалпы ережелерге сәйкес меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі - жалпы субъект болып табылады. Тек бір ғана қылмыста - бөтеннің мүлкін иемдену және ысырап етуде субъект арнайы болып табылады. Кейбір қылмыс құрамдарында арнайы субъект, қылмыстың ауырлататын белгілерінде көрсетілген. Мысалы: адамның қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасауы.
Қылмыстық жаупатылық туындайтын жас мөлшеріне қатысты меншікке қарсы барлық қылмыстарды екі топқа бөліп қарастыруымызға болады.
14 жастан бастап қылмыстық жауаптылық келесі қылмыстарда туындайды: ұрлық (175 бап), тонау (178 бап), қарақшылық (179 бап), қорқытып алушылық (181 бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185 баптың 2, 3, 4, бөліктері), ауырлататын жағдайда бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187 баптың 2, 3 бөліктері) .
16 жастан бастап қылмыстық жауаптылық келесі қылмыстарда туындайды: бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету (176 бап), алаяқтық (177 бап), ерекше құнда заттарды ұрлау (180 бап), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру (182 бап), көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (183 бап), интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (184 бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185 баптың 1 бөлігі), жерге заттай құқықтарды бұзу (186 бап), ауырлатпайтын жағдайда бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187 баптың 1 бөлігі), бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188 бап) .
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 6 тарауындағы қылмыстар пайдакүнемдік ниеттің орын алғанына немесе жоқ болуына байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік емес болып бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар талан-тараждар және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар болып екіге бөлінеді:
Талан-таражға - ұрлық (175 бап), тонау (178 бап), қарақшылық (179 бап), алаяқтық (177 бап), сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету (176 бап) жатады.
Меншікке қарсы басқадай пайдакүнемдік қылмыстарға ерекше құнды заттарды талан-таражға салу (180 бап), қорқытып алушылық (181 бап), автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185 бап), интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (184 бап), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру (182 бап), көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (183 бап), жерге заттай құқықтарды бұзу (186 бап) жатады.
Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187 бап), бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188 бап) құрамдары жатады [39, 287 б] .
1. 2 Талан-таражға салудың түсінігі, белгілері және түрлері
Талан-таражға салудың дәлме-дәл анықтамасын беру осы қылмыстардың мәнін анықтауға, қылмысты дұрыс саралауға, талан-таражға салудың жекелеген түрлерін басқа ұқсас қылмыс түрлерінен ажыратуға, сондай-ақ осы қылмыс түрлерімен табысты түрде күрес жүргізуге және заңдылықты сақтауға мүмкіндік береді.
Күші жүріп тұрған заңдарға сәйкес талан-тараж ұғымы бұл топтық ұғым, себебі оның негізгі элементтерінің сипаттамасы талан-таражға салудың барлық нысандарына тән белгілерді айқындап, біріктіруге мүмкіндік береді. Күші жүріп тұрған заңда талан-таражға салудың ұғымын беру барысында ескі заңдардың тәжірибесі, сондай-ақ қылмыстық құқық ғылымында берілген анықтамалар қолданылған.
Қылмыстық құқық теориясы мен тәжірибе жүзінде соңғы уақытқа дейін талан-таражға салудың біртұтас анықтамасы қалыптаспаған болатын. Бұл жағдайдың себебін заңдарға талдау жүргізу арқылы іздестіріп көрейік.
КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдары “талан-тараж” ұғымын кең түрде қолданғанымен де, бұл ұғымды заңда бекітпеді [40, 121 б. ] . Талан-таражға салудың ұғымы қылмыстық құқық ғылымында теориялық деңгейде қалыптастырылды. Яғни, “талан-тараждың” біртұтас ұғымының болмауы соттардың біртектес қылмыстық істерді қарау барысында әртүрлі шешімдер қабылдауына әкеліп соқтырды. Бұл жағдай құқық қорғау органдарының меншікке қарсы қылмыстармен ойдағыдай күрес жүргізуге елеулі дәрежеде кедергі келтірді деп айтпасымызға болмайды.
Отандық тәжірибеге сүйенсек, талан-таражға салудың толық ұғымы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 25 шілде 1996 жылғы №9 қаулысында берілген. Осы қаулының бірінші тармақшасына сәйкес “бөтен біреудің мүлкін талан-таражға салу деп - меншік иесінің мүлкін пайдақорлық мақсатпен заңсыз, тегін алуды және оны өз пайдасына немесе басқаның пайдасына айналдыруды - бөтеннің мүлкін ұрлау деп түсіну керек. Бұл орайда бөтеннің мүлкі жасырын да, ашық та, алаяқтық, қорқытып алу, меншіктену, жұмсап қою немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен де ұрлануы мүмкін” [41, 11 б. ] .
Қазіргі таңда алғаш рет заң деңгейіндегі талан-таражға салудың толық көлемдегі және кеңейтілген анықтамасы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде берілген. Қылмыстық кодекстің 175 бабының ескертуінің 1 тармақшасына сәйкес: “осы Кодекстің баптарында ұрлық деп, пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады” [42, 65 б. ] .
Берілген ұғым талан-таражға салудың белгілерін анықтау үшін, оларды бір-бірінен ажырату үшін және осы қылмыстармен табысты күрес жүргізу үшін маңызды, басты ұғым болып табылады.
Заң деңгейінде берілген талан-таражға салудың ұғымын қарастырған кезде, бұл ұғымды қалыптастыруға түйткі болған ғалым-заңгерлердің әртүрлі көзқарастарына назар аудармауымызға болмайды. Қазіргі кезде “талан-тараж” ұғымының мәселесіне байланысты екі негізгі көзқарас орын алып отыр. Бұл теориялар Г. А. Кригер және В. А. Владимировпен берілген.
Г. А. Кригердің пікірі бойынша, талан-тараждың ұғымы осы қылмыстардың белгілерін жалпылайтын ұғым болуы қажет. Яғни, “талан-таражға салу деп - мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың қорларындағы мүлікті пайдақорлық мақсатпен қылмыстық иелену немесе үшінші жақтарға беру танылады” [15, 72 б. ] . Г. А. Кригермен берілген талан-тараж ұғымын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде берілген ұғыммен салыстырып қарастырсақ, қылмысты жүзеге асырған “әрекетке” және “ұрланған мүлік иесіне” қатысты кейбір айырмашылықтарды көруімізге болады. “Ұрланған мүлік иесіне” қатысты, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жәбірленуші ретінде “меншік иесін”' және “мүліктің өзге иеленушісін”' таниды. Г. А. Кригер жәбірленуші ретінде “мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың, олардың қорларын түсінеді” [15, 172 б. ] . Бұл айырмашылықтың болуын уақыттан іздеуіміз керек. Себебі Кеңес Үкіметі тұсында жеке меншік пен мемлекеттік меншіктің мәртебесі бірдей емес болатын.
“Қорлар” ұғымы экономикалық санат болғандықтан біркелкі мағынада қолданылмайды. Бұл термин қандай да болмасын ұйымның мүлкі туралы сөз болған кезде қолданылады. Бірақ та, иелігіңде нақты мүлкің болмаса да, белгілі бір қорға ие болуға болады. Осыған байланысты Г. А. Кригермен берілген жәбірленушіге қатысты ұғым шектелген болып табылады.
. В. А. Владимиров болса, жәбірленуші ретінде мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың қорларын емес, тікелей мемлекет немесе қоғамдық ұйымдардын озін таниды [43, 121 б. ] . Бұл жағдайда мемлекет немесе қоғамдық ұйым түріндегі нақты жәбірленушілер бар.
Әрекетке қатысты айырмашылықтарға келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі “талан-тараж, бөтен мүлікті кінәлінің немесе үшінші жақтардың меншігіне алу немесе айналдыру жолымен жасалынады” деп бекіткен. Г. А. Кригер, талан-таражды иелену немесе үшінші жақтарға мүлікті беру деп түсінеді [15, 111 б. ] . Ал В. А. Владимиров, “мемлекеттің немесе қоғамдық ұйымның иелігінен мүлікті құқыққа қайшы алу және ұрланғанды өз меншігіне айналдыру мақсатында қайтарымсыз түрде алу” деп түсінеді [43, 87 б. ] .
Осылайша, “талан-тараж” ұғымын анықтау барысында ғалымдар және заң шығарушы әртүрлі терминологиялық базис қолданылды. Жоғарыда келтірген әрбір терминнің дара мағыналық жүктемесі бар. Қылмыстық кодекстің қазақша нұсқасында қолданылған “ұрлау” терминінің өзі де өте ұтымды емес. Cебебі орыс тіліндегі нұсқада берілген “хищение” термині қазақ тіліндегі нұсқада тоны айналдырылып “ұрлау” болып кеткен. Яғни заң шығарушы топтық ұғымды жеке, дара ұғыммен бір деңгейде қарастырған. Олай айтып отырған себебіміз “ұрлау” талан-таражға салудың бір нысаны ғана болып табылады. Сондықтан да біз Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175 бабының ескертуінің 1 тармақшасында берілген талан-таражға салудың анықтамасын былай деп беруді ұсынамыз: “Талан-таражға салу дегеніміз - пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне зиян келтіре отырып, кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алу немесе айналдыру”.
Қылмыстық заң және ғалымдар арқылы берілген “талан-таражға салудың” ұғымында адамды талан-тараж үшін жауаптылыққа тартудың мәнді шарты болса да, жәбірленушінің мүлікті иеленуінің заңдылығы көрсетілмейді. Осыған байланысты тәжірибе жүзінде жиі кездесетін жағдай, мүліктің заңсыз иеленушіден алынуы, яғни ұры ұрыдан ұрлайды. Бір жағынан алып қарастырсақ, егер де олар мүлікті меншік иесіне, заңды иесіне не болмаса құқық қорғау органдарына қайтару мақсатын көздемейтін болса, онда бұл әрекеттер құқыққа қайшы болып табылады. Осы жағдайға байланысты сот тәжірибесіне талдау жүргізіп байқайық. Жоғарғы Сот Пленумының қаулысына сәйкес, “алынған мүлік адамның заңсыз иелігінде болса да, кінәлінің әрекеттерін бөтен мүлікті талан-таражға салу ретінде саралау қажет” деп көрсетілген [41, 71 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz