ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕР


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

1 БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ІСІНІҢ ТҮСІНІКТЕМЕЛІК АППАРАТЫ4

1. 1 ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕР6

1. 2 АҚПАРАТ ТҮСІНІГІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗІРГІ ҰҒЫМДАР7

1. 3 БІЛІМ БЕРУДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ОРТАСЫ9

2 БІЛІМДІ АҚПАРАТАНДЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ПРОГРАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР12

2. 1 КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ12

2. 2 HTML - ГИПЕРТЕКСТІЛІК ПАРАҚТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ТІЛІ15

2. 2. 1 WEB-ПАРАҚТАРҒА ЕНУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ18

2. 2. 2 МӘТІНДЕРДІ WEB-ПАРАҚТАРДА БЕРУ21

2. 2. 3 WEB-ПАРАҚТАРДА ГРАФИКТЕРДІ БЕРУ23

2. 3 HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕГТЕРІНІҢ КЕСТЕСІ25

2. 4 HTML - ҚҰЖАТТА КЕСТЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ30

3 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ32

ҚОРЫТЫНДЫ35

ӘДЕБИЕТТЕР36

ҚОСЫМША36

КІРІСПЕ

Ақпараттық қоғам жасау шарты ретінде ақпараттық мәдениетті қальштастыру. "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасы приоритеттерінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Казақстан білім жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктірумен сипатгалатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялдық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға және оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді тұрақты түрде дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. Информациялық. қоғамға ауысу информациялық және коммуникациялық технологияларды дамьггу мен күнделікті тұрмыста пайдалану жолымен, яғни қоғамды ақпараттандыру (информация) істерін дамыту арқылы іске асырылады.

Информациялық қоғамға көшу процесінде информация құндылығы өзгеріп, біздің уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы да түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениетті - информациялық мәдениеттің тууына себепші болды. Информациялық мәдениетті информациялық процестерді ұйымдастырудағы адамдардың информациялық қарым-қатынасын қанағаттандыру, қабылданған шешімдердің тигізетін әсерін болжап, әлемді біртұтас күйде көрсете алатын информацияны жасау, сақтау, өндеу, тасымалдау, бейнелеу және пайдалану істерін тиімді ұйымдастыру жолындағы жеткен деңгей түрінде қарастыру керек.

Информациялык қоғам қалыптасуының негізгі бағытгарының бірі білім саласын ақпараттандыру болъш саналады. Қоғамымызды құрайтын түрғындардың алдыңғы қатарларының ой еңбегінің жемісі болып табылатын информациялық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі өсіп келе жатқан жас ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.

Қорыта келгеңде, оқу-тәрбиелеу ісінің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа информациялық технологияларды тиімді (оптимальды) пайдалануды жүзеге асыра алатын негізгі шараларды айтып өткім келеді, олар:

  • әр түрлі пәнаралық мәселелерді шешу барысында білім жүйесін жаңа информациялық технологияларды пайдалану арқылы біріктіріліп өткізілетін сабақтар әдістемелігімен (методологиясымен) қамтамасыз ету;
  • жаңа информациялық технологияларды пайдалануды есепке ала отырып, орта білім жүйесіндегі оқулықтар мазмұнының негізгі жақтарын қайта қарау;
  • жоғары білім беру бағдарламаларына болашақ педагогтардың информациялык мәдениетін қалыптастыратын курстар енгізу;
  • Республика облыстарындағы аймақтық ақпараттындыру орталықтары негізінде мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру курстарын тек компьютерлік сауатсыздықты жою мақсатында ғанаемес, оқьпу құралдары ретіңде жаңа пайдалануды күннен- күнге арттыру мақсатында орындалатын шаралар жүзеге асырылуы тиіс.

Менің дипломдық жұмысымның мақсаты «Программалау технологиясы» пәні бойынша электронды оқулық құру және оның ерекшелігін, оның білім берудегі пайдасын анықтау.

Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады: бірінші тарауда электронды оқулықтың білім беру саласындағы рөлі, білімді ақпараттандыру ісінің түсініктемелік аппараты, оқыту технологияларына байланысты түсініктер, білім берудің ақпараттық ортасы; екінші тарауда электронды оқулықты құру әдістемесі және құралдары HTML - тілі туралы мағлұматтар; үшінші тарауда құрылған электронды оқулық сипаттамасы келтірілген.

1 БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ІСІНІҢ ТҮСІНІКТЕМЕЛІК АППАРАТЫ

Ғылымға, экономикаға, өндіріске ақпараттық процестерді енгізу ісін жоғары қарқынмен жүргізу үшін қазіргі ақпараттық технологияларға негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет. Адамның өз шығармашылық потенциялын толық аша алатындай жағдай жасалуы тиіс.

Кез келген оқыту түрінің, оның ішінде қашықтан оқыту ісінің тиімділігі мынандай факторларға тығыз байланысты, болады, олар: оқуды ұйымдастыру технологиясы, оның техникалық базасы, жасалған әдістемелік материалдардың тиімділігі. Осындайда атқарылып жатқан жұмыстар бұрында да болған сияқты болып көрінеді. Әрине, автоматтандырылған оқыту түрі де осылай басталған. Автоматтандырылған оқыту ісіндегі теориялық бастамаларды қазіргі кездегі компьютерлік оқыту тәсілдерінде де қолдану қажет, бірақ мұнда техника мен телекоммуникациялық байланыстардың дидактикалық мүмкіндіктерін есепке алып отыру керек. Компьютерлік оқыту программалары мен жаңа ақпараттық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту технологияларымен бірге қолданылып, біте қайнасуы шарт.

Қазіргі технологиялар ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.

Осындай кезде мамандар даярлаудағы алғашқы сатыдағы олардың өздігінен білім алуына бағытталған шараларды ұйымдастыру ісі шығады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Мұндағы айтып отырғанымыз - оқытуға арналған материалдың мазмұнын таңдау ғана емес, оқытылатын материалдың құрылымдық жағынан ұйымдастырылуы; оқытуға автоматтандырылған оқыту программаларын енгізу ғана емес, интерактивті ақпараттық орта жасау және барлық танымдық процесстердің өзара байланысып, біртұтас қызмет істеуі және соларды басқара білу болып табылады. Басқаша айтқанда, оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланылатын сапасына тәуелді болады.

Осындай оңай іске аса қоймайтын мәселелерді шешу педагогдардың күннен күнге тасқындап бара жатқан ақпараттар ағынының көбеюі кезінде мәліметтерді бейнелеу, іздеу және өңдеу тәсілдерінің қазіргі деңгейінде жұмыс істей білуіне дайындығына байланысты болып отыр. Педагогтардың жаңа ақпараттық кеңістікте жұмысқа дайын болуы, олардың көзқарастарының алдыңғы сатыға көтеруілуі - білім беру ісінің жаңа формалары мен технологияларын жасау мен соларды өмірге енгізуінің басты шарты болуы тиіс.

Кез келген ғылым өз саласында қолданылатын терминалогиялық аппаратқа көп көңіл бөлуі қажет. Ақпараттық технологиялар өте тез дамып келеді. Бір жағынан, ол көптеген түсініктердің тұрақты бола алмауын көрсетсе, екінші жағынан, осындай динамизм бұрынға тұрақты деп саналатын түсініктерді қайта қарап, соларды толықтыруды талап етеді. Білім саласындағы ақпараттық технологияларды қарастыру кезде ғылым тілінің осындай проблемалары өте өзекті мәселеге айналып отыр.

Енді жиі пайдаланылатын бірсыпыра түсініктердің мағынасын ашуға тырысайық, олар: оқыту технологиялары; оқытудың қазіргі ақпараттық технологиялары; оқытуыдың интерактивті режимі; оқытудың компьютерлік технологиялары; мультимедия технологиялары; ақпавраттық білім ортасына байланысты түсініктердің әр түрлері.

1. 1 ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕР

Біз тағайындайтын ұғымдардың көпшілігінде “технология” сөзі кездеседі.

“Технология” түсінігін қарап шықсақ, ол -“өнім шығару процесінде жүзк\еге асырылатын шикізат формасын материялды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып-күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті-практикада ең тиімді өндірістік пррцесті анықтау және оны пайдалану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және де басқа заңдылықтарды анықтау”.

“Оқыту” түсінігін қарасақ, ол-“белгілі бір мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын, педогогтар, шеберлер, тәлімгерлер, т. б. жетекшілігімен жүргізілетін білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру процесі”.

Оқыту технологиясы - мынадай шараларды:

  1. білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру процесін;
  2. оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау процестерін керек етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.

Интерактивті режим - командалар мен жауаптар алмасу арқылы атқарылатын тұтынушы мен жүйенің жұмыс істеу режимі. Қазіргі компьютер мен оның жұмысына сәйкес программалық жабдығы интерактивтік режимде программаларды түзетуге, дисплей экранындағы бейнелерді қарап шығуға, толықтыруға, жүйенің сауалына жауап енгізуге, басқа да жұмыстар орындауға мүмкіндік береді.

Оқытудың интерактивті режимі - оқушының жүйемен белсенді түрде өзара әрекеттесуі арқылы орындалатын, әртүрлі оқыту, бақылау, новигация құралдары арқылы педогог жұмысын атқара алатын білім беру процесі субъектілерінің диалогтік жұмыс режимі.

Оқытудың компьютерлік технологиялары - ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педогогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педогогикалың шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны.

Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдарыәртүрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. Әрине, қазіргі компьютерме интерактивті программалық - әдістемелік құралдар мұғалі мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқушыдан гөрі ақылдаса отырып көмек беретін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижжелік бақылаудың жаңа модельдерін іздеуге итереде, оқытудың жеке адамға бағыттталған қызықты түрлерін енгізді керек етеді.

Оқытудың компьютерлік технологиялары педоогтар мен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

Мультимедиалық технологиялар - бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.

Мультимедиа құралдары деп әртүрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны бейнелік көріністерді пйдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады.

Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларының қызықты мүмкіндікткрі электронды оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технолгояларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу - әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиалық эффектілерді жай мәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық қосымшалар пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мәселелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені горманиканы бұзу, өте жарқын, әсерлі қосымшаларды, мультимедиалық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмы қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмай, оқу-әдістемелік материалдарын тек эфектілік түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек.

1. 2 АҚПАРАТ ТҮСІНІГІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗІРГІ ҰҒЫМДАР

Біздің зерттеулерімізбен - ақпарат, ақпараттандыу және соңғы ұғымнан туындайтын басқада түсініктермен тығыз байланысты терминдерді қарастырып шығайық.

Ақпарат (латынша information - таныстыру, түсіндіру, көрсету, түсінік) бұл - 1) адамдар арқылы таратылатын нақты жағдай туралы хабар, түсініктеме; 2) хабарлама алу арқылы азайатын, төмендейтін белгісіздік; 3) басқарумен тығыз байланыстағы хабарлама, синтаксистік, симантикалық және прогматикалық сипаттамалардың бірұтас сигналдары; 4) кез-келген объектілер мен процестердегі (өлі және тірі табиғаттағы) көп түрлілікті бейнелеу, жеткізу.

Ақпаратты материя және энергия тәрізді философиялық котегориялармен бір деңгейде қарастырылады. Бұл түсініктің көптеген анықтамалары бар. Төменде осы көп мағыналы түсініктің белгілі ғалымдар берге анықтамалары жинақталған, олар:

  • ақпарат - сыртқы әлемге бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу (Винер) ;
  • ақпарат - коммуникация мен байланыс, бұларды пайдалану процесінде белгісіздік жойылады (Шеннон) ;
  • ақпарат - энтропияны терістеу (Бриллюэн) ;
  • ақпарат - әртүлілікті жеткізу (Эшби) ;
  • ақпарат - құрылымдар күрделілігінің өлшемі (Моль) ;
  • ақпарат - таңдау ықтималдығы (Яглом) ;

Ақпараттың тағы да бірсыпыра анықтамаларын келтіріп, оның басқа да түсініктермен байланысын және ара қатынасын көрсетуге болады, мысалы: ақпараттың бейнелеу категориясымен байланысы; ақпарат экономикалық ресурс ретінде; ақпарат әлеуметтік ресурс ретінде; ақпарат көп шығарылатын жалпылама өнім ретінде; ақпарат прогресті жылдамдатушы ретінде, т. б.

Біз ақпаратты бағалы заттар жүйесіндегі негізгі көрсеткіш ретінде оны адамзаттың рухани этикалық жетістіктері тұрғысынан бағалап, жеке түлғаның дамуына ақпараттың тигізетін әсерін аксиологиялык, тұрғыдан қарастыруды ұсынамыз.

Ақпараттың кең мағынасы - нақты әлемді бейнелеу; ал шағын (тар) мағынасы - сақтауға, тасымалдауға, түрлеңдіруге және басқаруға болатын кез келген мәліметтер. Ақпараттандыру - әр түрлі ақпараттық қорларды (ресурстарды) калыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын жүзеге асырып, олардың ақпараттық талаптарын қанағатгандыру үшін тиімді жағдай жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.

Білімді ақпараттаңдыру - оқыту мен тәрбиелеу ісінің психологиялық - педагогакалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында білім беру саласын қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды жасау және пайдалану жұмыстарының теориясы және пракгикасымен қамтамасыз ету процесі.

Қазіргі кездегі жаңа ақпаратгық технологиялар - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Ақпараттық технологиялардың жиі кездесетін осы анықтамасын біз де пайдаланамыз. Оқытудың казіргі кездегі акпараттық технологиялары - қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық - әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін қазіргі компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс кұралдары, инструменталдық программальіқ құралдар жиыны. Оқыту ісіндегі қазіргі ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері - танымдық әрекеттерді баскару процесі мен қазіргі ақпараттық білім ресурстарына қол жеткізудің интерактивті ортасын жасау ісі болып табылады.

1. 3 БІЛІМ БЕРУДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ОРТАСЫ

Төмендегі, соңғы кезде өте кең тараған түсініктер тобын қарастырып, олардың ара қатынастарын анықтап көрелік, олар: білім берудің ақпараттық ортасы; ақпараттық-пәндік орта; ғылыми-көсіби білім беру ортасы; біріктірілген ақпараттық білім беру ортасы; ақпараттық оқыту сайты (ортаның бір түрі) ; біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігі.

"Білім берудің ақпараттық ортасы" термині құрамын қарастырайық.

Орта - адамды қоршап тұрған, оның тірлігіне, қалыптасуына және қызмет етуіне қажетті қоғамдық, материалдық және рухани шарттар.

Орта ұғымының кең мағынасы (макроорта жалпы қоғамдық-экономикалық жүйені - өндіргіш күштерді, қоғамдық қатынастар мен институттарды, қоғамдық ой-өріс пен мәдениетті қамтиды. Орта ұғымының тар мағынасы (микроорта) адамның нақты айналасы - отбасы, еңбек ететін, оқитын және де басқа ұжымдары мен топтары.

Ортаны әр түрлі негіздерге қарай жіктеуге (топтауға) болады. Менімше, олардың жиі ұшырасатындары мыналар:

  • ортаның ауқымдылыгын аныктайтын оныңқамту деңгейіне қарап: макро-, мезо-, микро-орталар;
  • материяның болу және даму түріне қарай:биологиялық, техникалық, мөдени-этникалық және де басқа орталар;
  • қоғамның көрнекті мәселелерін шешу бағытына байланысты: адамның тіршілік етуі мен рухани даму ортасы, жалпы халықтың бір жекеқоғамдастығына қарай; салауатты өмір салты менфизикалық дамуына байланысты; тәрбиелеу, оқыту және біліктілікті үздіксіз жетілдіруінв қарай; елдің техникалык және коммуникативтік деңгейін жетілдіруге байланысты; елдің, аймақтың, қаланың, селоның экологиялық жағдайына карай; елдің, заманның әлеуметтік-экономикалық жағдайына және дамуына карап, т. б. ;
  • танымдық әрекеттерді баскдру түріне және ақпаратты жеткізу (қабылдау) тәсілдеріне қарай.

Мұндағы бізді қызықтыратыны білім беру ортасын әлеуметтік ортаның бір түрі ретінде философиялық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық тұрғылардан қарастыру болып табылады.

Білім беру ортасы түсінігінің болмысын толық етіп көрсету жолын әр түрлі авторлар әр қилы етіп қарастырады. Мысалы, жұмыста білім мекемесінің оқыту ортасы түсінігінің мынадай сипаттамасы берілген: бұл түсінік оку процесінің толық циклын немесе оның логикалық толық бір бөлігін жүзеге асыратын білім беруді қамтамасыз ету ісі мен білім мекемесінің ақпараттық ресурстары, оқыту технологиялары жиындарын бейнелейді.

Білім беру ортасы - көпаспектілі, толыққанды, әлеуметгік-психологиялық нақты орта, ол адамның осы бағытта алдын ала дайындалған акпарат тұнығынан сусындап, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, үйренуі үшін сол ақпаратты ыңғайлы түрде бейнелеу тәсілдерін және содан алынатын қажетті психологиялық-педагогикалық шарттарды қамтамасыз ете алатын білім алудың материалдық және рухани жағдайларын жасай алады.

Бізді керекті "ақпараттык-білім беру ортасы" түсінігіндегі "ақпараттық" сөзі, бір қарағанда, артықтау сияқты, өйткені білім беру ортасы мәліметсіз, ақпаратсыз жүзеге асырылмайды. Бірақ бұл жердегі осы косымша сөз қоғамның қазіргі даму кезеңінің жаңа ақпараттық технологиялаларға негізделген білім ортасын құруға талпынуынан туып отыр деп түсіну керек. Осы айтылғандардан шығатын қорытынды - "ақпараттық" деген сөз арқылы ақпараттық-білім ортасын қүрудың технологиялық негізі болып табылатын қазіргі акпараттық технологиялар туралы айтып отырмыз.

Сонымен, ойымызды тұжырымдай келе ақпараттық-білім беру ортасы түсінігінің анықгамасын былай деп беруді ұсынамыз.

Ақпараттық-білім беру ортасы(АБО) - танымдық іс-әрекеттерді сүйемелдеуді және ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін, қазіргі ақпараттық технологиялар негізінде қүрылған оқытуға қажетті психологиялық-педагогикалық шарттар, қазіргі оқыту технологиялары және бағдарламалық-әдістемелік құралдар жиынын бере алатын, білім алудың материалдық және рухани жағдайларын жасай алатын көпаспектілі, толыққанды, әлеуметтік-психологиялық нақты орта.

Ақпараттық-білім беру ортасын құруға деген көзқарас тек алдын ала дайыңдалған, тұтынушының талабына сай бейімделіп жинақталған мәтіндік немесе безендіру материалдары ғана емес, сонымен бірге білім берудің танымдық әрекеттерін жобалауға және сүйемелдеуге мүмкіндік беретін оның технологиялық негізін (әдістемелер, тәсілдер, казіргі оқыту құралдары) жасау болып табылады. Ақпараттық-білім беру ортасы үздіксіз өзгеріп отыратын, оқушының жеке ерекшеліктерін, оны қызықтыратын нәрселерді ескеретіндей болуы шарт. Осындай орта адамның өзін мәселенің, есептің қойылуына назар аударып, оны шешу жолдарын іздеуге талпындыруы тиіс, адамның кәсіби және жалпы сауаттылығы тұрғысынан өсуін қалыптастыруы керек.

Казіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат окушыны өздігінен окуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Ақпараттық-пәндік орта ақпараттар ішінен керектісін іздеуте және сонымен өз саласында жұмыс істеуге бағытталған акпараттық-білім беру ортасының бір түрі. Кәсіби ақпараттық орта дегеніміз - кез келген маманның кәсіби талаптарын жүзеге асыра алатын, оның өз мәселелерін басқалармен талқылауына мүмкіндік беретін қазіргі компьютерлік техника және коммуникациялық байланыс құралдарына негізделген көпаспектілі, біріктірілген программалық-аппараттық нақты орта.

Қазіргі компьютерлік технологиялар негізінде жасалған акпараттық-білім беру ортасының және кез келген кәсіби ортаның басты ерекшелігі - интерактивтілік, яғни алдағы мақсатқа байланысты диалог жүргізу. Оны тек сұхбаттасу деп немесе әңгімелесу арқылы мәлімет алмасу деп түсінбеу керек, ол әр түрлі логикалардың, көзқарастардың, қойылған мәселеге байланысты айтылатын пікірлердің, іштей "мәлімет алмасу" формасының, диалогы болуы керек.

Біртұтас ақпараттық-білім беру кеңістігі - берілген кеңістіктегі субъектілерді оқыту және тәрбиелеу ісін сүйемелдеу мақсатында біртұтас ақпаратгық технология негізінде біріктіріліп, бірыңғай түжырымдамалар, көзқарастар және механизмдер арқылы жалпы стратегияны жүзеге асыру арқылы солардың мәдени, білім және кәсіби деңгейлерін арттыруға кол жеткізу жолында ұйымдастырылып басқарылатын нақты орта.

Біртұтас акпараттық-білім беру кеңістігін бірнеше аспектіден қарастыруға болады;

1) тарихи жағынан: ата-бабалардың мәдени тәжірибесі мен білім беру дәстүрлерін кейінгі ұрпаққа жеткізу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектеп химия курсында инновациялық технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесі
Білім сапасын арттырудағы ақпараттық технологияның мүмкіндіктері
Жеке тұлғаға бағыттап оқыту Технологиясы
Білім беруде пәнаралық байланыстың маңызы
Электрондық оқыту әдістері Білімді бағалау әдістемелері
Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі
Педагогикалық технологияның міндеті мен рөлі
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
Бірінші кластағы бейнелеу өнері сабақтарын ұлттық көркем мәдениеттің негізінде өткізу жолдарын
Access бағдарламасын меңгеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz