Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері


КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектiлiгi . Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі - мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық процесстерге араласуы - объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.
Сонымен қатар мемлекеттік реттеу ролінің күшеюі мемлекетаралық экономикалық интеграциялық объективтілігі және экологияның кең ауқымды мәселелерін әлемдік деңгейде қажеттілігімен байланысты екендігін де атап өту керек. Мұның бәрі де жас экономиканы жан-жақты зерделеу қажеттілігі туралы мәселені күн тәртібінде қойып отыр. Қазіргі нарққа өту кезеңіндеэкономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми-әдістемелік негіздерімен қатар тәжірибесін де танп-білу маңызды рөл атқарады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - дағдарыс жағдайында экономиканы мемлкеттік реттеуді талдау арқылы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:
- экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен әдістемелік негіздерін анықтау;
- дағдарыс жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің түрлері мен ұйымдастыру негіздерін талдау.
- дағдарыстан шығу жолында экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіруді қарастыру.
Зерттеудің пәні - Қазақстандағы дағдарыс кезінде экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерінің ел экономикасындағы алатын орны мен оның дамуындағы қарама-қайшылықтар мен мәселелердің құқықтық - нормативті тұрғыда орныдалуы мен шешілуі жағдайлары, оларды қолдау мен қорғау, тұғындардың әл -ауқатына келтіретін әсері мен экономикалық тиімділігі, әлеуметтік алатын орны.
Зерттеу объектісі - дағдарыс жағдаында экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерінің еліміздегі қолданылуы және тиімділігінің көріністері.
Дипломдық жұмысты зерттеудің әдістемелік және теориялық негізін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулыктары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық кұжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері жылдық есептемелік кұжаттары құрайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Мемлекеттік теориясының әліппесінен бастап, оның қалыптасуының неғұрлым тереңірек әдістемелік мәселелеріне дейін атақты экономист- ғалымдардың қомақты еңбектері болды. Олардың қатарында Сапарғалиев Ғ., Нұрғалиев Қ. Р., К. Б. Бердалиев., Шеденов Ө. Қ., Сахариев С. С., Сахариева А. С., және т. б атауға болады.
Зерттеу әдістері. Жұмыстың тақырыбын зерттеуде жалпы диалектикалық, салыстырмалық, аналитикалық, тарихи, логикалық, жүйелік, функционалды талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Дағдарыс кезінде экономиканы мемлекеттік реттеу төңірегінде негiзгi ғылыми жаңалығы мынадай:
- мемлекеттік нысандардың қызметінің дағдарыс кезінде тиімділігін арттыру басқару әдiстерiнің озық үлгiлерi ұсынылды.
- Елiмiздiң экономикасына тән өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкес мемлекеттік басқарудың стилі мен әдісін дамытудың ғылыми- әдiстемелiк жүйесiн қалыптастырудың тұжырымдамасы дайындалды.
- Зерттеу объектiсiн басқарудың қағидаларына және талдау нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік басқарудың стилі мен әдісінің бағдарламасы жасалынды.
Зерттеудiң тәжiрибелiк маңыздылығы практикалық аспектіде экономиканы мемлекеттік реттеу әдісі толық жетілдіруі әдеттегі комплексті талдаудан, бағалаулар және екі кезеңнен үйлестіріледі адамдық потенциалдың шоғыралғанды мемлекеттік өкімет органдарында және жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік басқару мақсаттарының бар болғаны басқаратын қорлары.
Қандай мемлекеттік және муниципальдық қызметкерге мемлекетке, мемлекеттік және муниципалдық органға жүйелік технологияларға табыс кіргізу қажет. Жауап-жүйелік және технологиялық мемлекеттік және муниципальдық қызметтер халықтың және кәсіпкерлік сауалдарына дәл керектісін өндіру.
Ол үшін қазіргі жоба мәнінде мемлекеттік басқару жүйелік технологиясы болу керек. Дәл осылай, тәжірибе мемлекеттікті басқарулар - ол технология, философиялық мемлекеттікті басқару - ол технологияларды жасаудағы негізі тәжірибелілер.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қорытындылар мен ұсыныстар келтірілген.
1 ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен маңызы
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімінің кез келген саласы «оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиоталар жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешіліг мен макроэкономикалық түрақтылығын қамтамассыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықты негізде араласуын білдіреді [2] .
Мемлекеттік реттеу қажеттлігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздығының «сыртқы әсерлері» болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындард ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағантандыру және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты тиімді пайдалану мәселелрі толықтай шет қалатындыға әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдмен мемлекеттің араласуын талап етеді.
Нарық субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің шарттарын анықтауға және олардң сақталуын бақылауға арналған тракжациялық шығындарды төмендетуде де мемлекеттің ролі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді; ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың бәрі де мүдделі.
Белгілі шарттылқпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін - микроэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын перамида түрінде елестетуге болар еді. Макро жән микро экономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық - салалық органдарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болады.
Мемлекеттік басқару тетіктері әдетте экономикалық (ақша-кредит, бюджет), әкімшілік (талап ету, мәжбірлеу, рұқсат ету) және идеологиялық болып бөледі. Экономиканы мемлекеттік реттеу елді ұтымды баланстауды және макроэкономикалық тұрақтандыруды қолдау масатымен мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және әкімшілік-құқықтық формада экономикаға араласуын білдіреді. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық саясатпен тығыз байланыста және оны жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекет өзінің алдына қойған мақсаттарын орындау үшін экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарын құрайтын әр түрлі әдістерді қолданады.
Мемлекет экономикаға тікелей және жанама әсер етеді. Тікелей әсер ету әдісі жоғарыда атап өткен әкімшілік және экономикалық құралдар арқылы, жанама реттеу әдісі тек экономикалық құралдармен жүзеге асады.
Шаруашылық процеске экономикалық құралдардың әсер етуі төмендегілердің қолданылуын ұсынады:
- Мемлекеттік экономикалық болжау;
- Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау;
- Бюджет-салық жүйесі;
- Ақша-кредит, валюта;
- Кеден саясаттары.
Осы аталған басқару тетіктерінің ішінде жергілікті шаруашылықты басқаруға тікелей әсер ететіні бюджет - салық жүйесі.
Бюджет-салық саясаты саясаты - жалпы ұлттық өнімнің инфляцияға ұшырамаған жағдайында толық еңбекпен қамту, төлем балансының тепе-теңдігін сақтау және экономикалық өсуге бағытталған салық салу және мемлекеттік бюджет жағдайын, мемлекеттік шығындарды азайту бойынша жүргізілетін үкіметтің шаралары [3] .
Басқару тетіктері ретінде бюджет-салық жүйесінде жергілікті шаруашылық үшін қарастырылатын маңызды мәселелердің бірі - ол бюджетаралық қатынастар. Жергілікті шаруашылықты дамыту үшін жергілікті басқару органдарының жеке бюджеттері, олардың өздеріне бекітілген салықтық көздері болуы шарт.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тиімді және тұрақты даму мемлекеттік реттеусіз және тиімді мемлекеттік басқару институттарынсыз мүмкін еместігі белгілі.
Егер де көрсеткіштердің тұтастай жүйесін тауарлар (қызметтер) «қозғалысның» қорытынды сипаттамасы ретінде қарастыратын болсақ, онда пирамида негізінің беріктілігі макроэкономикалық сипаттағы және нарықтық қатынастар өрісінің кеңеюі үшін барынша қолайлы жағдайлары жасауға мүмкіндік беретін, көбінесе қоғамдық тауарлардың нарықтан тыс қозғалысына тәуелді нарықтық механизм әректінің тиімділік дәрежесімен анықталады. Макроэкономикалық саясат саласында салық, бюджет және ақша-кредит жүйелерін реформалау жолымен бірқатар міндеттерді шешу алда тұр. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының дамуына әсер ететін сыртқы факторлар едәуір өзгерді. Бұл, бірінші кезекте, мұнай экспортының өсуінің жоғары қарқынына және мұнайға, газ бен металға әлемдік бағаның ұлғаюына, евроға шаққанда доллардың айырбас бағамы қатынасының өзгеруіне, шетелдік капиталдың едәуір ағынына байланысты. Осы факторлардың барлығы макроэкономикалық теңгерімнің бұзылуына едәуір қатер төндіреді, өйткені инфляцияның өсу, теңгенің айырбас бағамының шамадан тыс нығаю, экономиканың шикізат емес секторларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеу және экономиканың «қызып кету» қаупі күшеюде. Осы жағдайда макроэкономикалық саясат инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге, теңгенің айырбас бағамына қатысты икемді саясат жүргізуге, мемлекеттік шығыстар саясатын шектеуге және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылықты төмендетуге, бизнесті дамытуды салықтық ынталандыруға бағытталуға тиіс. Үкімет пен Ұлттық Банк фискальдық және ақша-кредит саясатының келісілген түрде жүргізілуіне жұмыс істейтін болады. Үкіметтің экономикалық саясаты елдегі экономикалық өсуді көбінесе еңбек өнімділігін арттыру есебінен ынталандыруға бағытталған.
Макроэкономикалық теңгерімді сақтау мақсатында, сондай-ақ мұнай байлықтарын неғұрлым тиімді пайдалану үшін мұнай мен газ өндіруді өсіру қарқынына қатысты ұзақ мерзімді перспективаға арналған оңтайлы саясат әзірленетін болады. Салық саясаты тұтастай алғанда, салықтық әкімшілендіруді оңайлату, салық санын оңтайландыру және салықтың жинақталуын арттыру жолымен бизнес пен халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға бағытталған. Салық салу мен салықтық әкімшілендіруді оңайлату мақсатында салық аңнамасына салық есептілігін, салықтық тексеру нәтижелеріне шағым жасауға өтініштер беру мерзімін ұзарту, сондай-ақ есепті салық кезеңі үшін акциздер бойынша ақы төлеу мерзімін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Салықты және төлемдерді банкоматтар мен Web-дүңгіршектер арқылы төлеу тетігін енгізу жоспарланып отыр [4] .
Кеден ісі бөлігінде кедендік ресімдеу рәсімдерін оңайлату жүргізіледі және кедендік әкімшілендіру жақсартылатын болады. Бұдан басқа, салық және кеден органдары қызметінің сапасын бағалау өлшемі өзгертілетін болады. Бағалау өлшемінің кешені бюджет кірістері бойынша жоспарлардың орындалуын бағалауды алмастыратын болады. Негізгі салықтардың ставкаларын төмендету көзделуде. Атап айтқанда, өндірісті дамыту және кеңейту мақсатында қосылған құн салығына, сондай-ақ корпорациялық табыс салығына ставкалар кезең-кезеңімен төмендетілетін болады. Әлеуметтік салықты төмендету жалақының көлеңкелі төлемдерін одан әрі барынша азайтуға ықпал ететін болады.
Бір уақытта ҒЗТКЖ-да инвестицияларды ынталандыратын жеңілдіктер жасалатын болады, бұл экономиканың өңдеуші секторының технологиялық дамуын жеделдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ салық пен алымдардың кейбіреуін біріктіру жолымен олардың саны қысқартылатын болады, сондай-ақ арнайы салық режимдерін қолдану тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Ішкі отын нарығында айқын салық салуды құру салық ауыртпалығын мұнай өнімдері нарығының субъектілері арасында қайта бөлуді болжайды. Экономиканың энергетикалық емес секторын дамытуға ықпал ету үшін металлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа да салаларда бар «жасырын» монополияларды бұзу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Мұны экономиканың осы секторларына жаңа компанияларды - отандықты да, шетелдікті те кіргізу үшін тартымды жағдайлар жасау арқылы жүзеге асыру керек.
Үкімет жаңа технологияларды меңгеру бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр, бұл жерде Қазақстан жаңа технологияларды дамытып жатқан компаниялардың құрылтайшысының және акционерінің рөлін атқарады. Осы қызметтің негізі ретінде жұмыс істеп тұрған Ұлттық Инновациялық Қорды пайдалануға болады. Бұл құрылым Үкіметтің атынан нақты «серпінді секіріс» технологиялық процестерде жұмыс істейтін және әлі «ашылу қарсаңында» тұрған бірқатар шетелдік фирмалар мен ұйымдардың құрылтайшысы бола алады. Осылайша, әлемдік процеске ғылыми-техникалық дамуды енгізуге болады. Мейлінше тиімді тәсіл - Қазақстанның тікелей және/немесе инвестициялы банктер мен қорлар арқылы венчурлық компаниялардың капиталына қатысуы болады. Қазақстан өзінің ресурстарын бүкіл әлем бойынша перспективалық компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін сатып алуға шоғырландыруы, сөйтіп өзін әр түрлі салалық науашаларда нақтылауы тиіс [5] .
Осы мақсаттарда өнеркәсіптік маркетинг жүйесін әзірлеу, қазақстандық компаниялардың халықаралық қауымдастықтарға, одақтарға кіруін және олардың шетелдердегі ірі технопарктерге қатысуын қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік қатысу үлесі бар және ірі әрі өңірлік қор биржаларында белсенді қатысушылар бола алатын жеке инвесторларды мейлінше көбірек тартатын трасталық компаниялар құру мүмкіндігі де қаралатын болады. Бұл компаниялар Ұлттық инновациялық қордың қатысуымен лицензиялар рыногында технологиялық брокерлік компанияларды құруы және тіркеуі тиіс.
Қазақстанның ықпал ету саласының кеңеюіне және оның әлемдік экономикадағы мәнінің артуына байланысты халықаралық экономикалық бірлестіктердің, бірінші кезекте ШЫҰ пен ЕурАзЭҚ шеңберінде іске асырылатын «серпінді секіріс» жобаларына Қазақстанның қатысуы зор маңызға ие болып отыр. Сондықтан Үкімет ШЫҰ пен ЕурАзЭҚ шеңберінде іске асыру үшін ұсынылатын «пилоттық» жобалардың тізбесін екі жақты және көп жақты негізде құруды болжайды.
Уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық технологияларды және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін электрондық бақылауды кеңінен пайдалану жолымен Салықтың жинақталуын арттырға қол жеткізілетін болады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшу мүмкіндігі де қарастырылатын болады. Барлық салықтық реформалар бақылаушы органдар сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендеткен жағдайда ғана табысқа жететін болады, бұл басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта салық органдары салық төлеушілерге ұсынатын электрондық қызметтердің тізбесін кеңейту жолымен кәсіпкерлік субъектілері мен бақылаушы органдардың жеке байланысын барынша азайту ұсынылып отыр.
Бүкіл әлемдік тәжірибе нарықтық механизмдерді қолданудың тимділік коэффициенті қоғамдық тауарлар қозғалысын мемлекеттік реттеуді ескермеудің дәрежесіне қарай төмендейтіндігін сөзсіз дәлелденген. Немесе, керісінше, егер мұндай реттеудің объективтілігі ескеретін болса, әлгі тиімділік коэффициенттің мөлшері жоғарлайды.
Осылайша, бұл қажеттілік тауарлар мен қызметтердің барлық түрін өндіру мен тұтынуды мемлекеттік және нарықтық реттеудің диалектикалық бірлігінен туындайды.
- Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесіне оның концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері де енеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін шартты түрде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) деп екі топқа бөлуге болады.
Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процесстердің өзіне және оның шамасына етумен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипатта болады, яғни белгілі бір объектіге бағытталған. Бүл негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәселекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге аысратын шараларды қамтиды.
Нарықтық жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қаракеттің шарттары нәтижесіне сер етумен байланысты [4] .
Енді экономикалық процесстерге әсер ету үшін мемлекет осы әдістердің кейбіреулерін қалай қолданады, осыған қысқа тоқталайық:
1. Фиксалдық саясат мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қыржылар (субсидия), салық шараары жатады.
Салықтық реттеу фиксалдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
- кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында салық мөлшерін өзгерту. Экономикалық өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалар мен өңірлер (мысалы Арал өңірі), шет селолық аудандар мен еркін экономикалық селолық үшіе салық салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар да өзіне берілген билік шеңберіне сол жердегі кәсіпорындарды ынталандырып отырады. Кейде жеке тұтынатын тауарларға сұранмды шектеу мақсатында салық төлеушілердің басым мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықтың нарқы да өзгертіледі: салық нарқы барынша да өзгертіледі: салық нарқы барынша төмен жағдайда өзгеріске ақша қаражатын жұмсау әдетте өседі, ал салық нарқы барынша жоғары жағдайда өзгерісті қаржыландыру тиімсіз болады;
- салық нарқын өзгерісіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзмін өзгерту жатады;
- салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіутерді ендіру капиталдың саларалық құйылымн реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді [5] .
Несие - ақша саясаты. Мемелкет нақты салалық және аймақтық мәселелрді шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонысем бірге, ол бюджеттен тыс ерекше даму қорын да құра алады. Несие және ақшалық реттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:
- несиенің пайыз нарықтық өзгеруі. Мысалы, өндіріс салаларын дамыту үшін пайдаланатын несиелік қаражаттарға осы пайыз төмен деңгеймен болғаны абзал;
- эмиссиялық банктің есептеу нарқын өзгерту. Есептеу нарқы (дисконттық) - бұл банк вексельдерін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқа мерзімді міндеттемелірен сатып алған жағдайда банктен өндіріп алынатын қарыз пайының нормасы. Эмиссиялық банк тек қаан коммерциялық банктердің вексельдерін есепке алады. Есептеу нарқын төмендету көтеру жеке коммерциялық бантер үшін несеи жарқын қайта қарауға түрткі болады. Несиенің қымбаттауы (есептеу нарқының өсуі) несиелік және инвестициялық белсенділікті шектейді, ал оның арзандауы, керісінше іскерлік белсенділікті көтермелейді;
- эмиссиялық банкке ақша салудың мендетті минмумын арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері (сақтауға берілген ақша) ерікті ақша салымдарынан (бос резерв) және міндетті ақша салымдарынан (оларды пайдалануға рұқсат берілмеген) тұрады. Орталық банк, міндетті ақша салымдрының мөлшерін артыра отырып жеке банктердің несеи қаражаттарын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің несие экспенсиясына мүмкіндік туғызады;
- «Ашық нарықтағы операциялар». Бұл жағдайда мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда жеке несие жүйесінің қарыз капиталының қаражаттары алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, несие жүйесі қосымша қаражаттармен толықтыырлады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді.
Бағалы және табысты реттеу салаты. Фиксалды және несие саясаты көп жағдайда баға мен табыстарды реттеудің құралы бола алмайды. Сондықтан мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың өсуіне тыйым салады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда неемсе дивиденд сияқты түрлеріне тартылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz