Дамыта оқыту шығармашылық қабілеттердің теориялық мәселелері
Мазмұны:
Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
-3-5
1-бөлім. Дамыта оқыту шығармашылық қабілеттердің теориялық мәселелері.
1.1.Философиялық, психологиялық, педагогикалық
негіздері ----------------------------------- -----------------------
-- 6-23
1.2.Дамыта оқыту даяралығын қалыптастыру ------------------ 24-28
1.3.Ұлттық тағылымы - халық тағылымы --------------------------29-32
1.4.Педагогикалық технология ----------------------------------- ----33-36
2-бөлім. Дамыта оқыту кезіндегі оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің
теориялық мәселелерін зерттеу және оның нәтижелері-------------------------
------------------------37-60
Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
61
Қолданылған әдебиеттер ----------------------------------- --------------62
Қосымша
А ң д а т п а
Диплом жұмысының тақырыбы: Дамыта оқыту кезінде оқушылардың шығармашылық
қабілетін қалыптастыру
Бұл дипломдық жұмыста дамыта оқыту мәселесінің ғылыми
теориялық негіздері баяндалады. Дамыта оқытуда бүгінгі техналогияларына
сипаттама беріліп, сабақ үлгілері келтрілген.
Аннотация
Дипломная работа на тему: Формирование творческих способностей учеников в
период развивающего обучения
В дипломной работе рассматриваются примеры организации развивающего
обучения. Дается характеристика современным учебным технологиям,
приводятся примеры уроков в начальных классах.
Annotation
Diploma work: It is given the haracterization to the modern
technology of teaching and showed t he modern
It is considered the methods of organization of developing
teaching in this diploma. It is given the haracterization to the
modern technology of teaching and showed t he modern technology of
teaching and showed the examples of lessons in the primary
school.
Кіріспе
Ғылым мен техниканың жылдан – жылға кең өріс алып, жедел
қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын –мектептерде де өз
әсерін тигізуде.
Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделіп, егемен мемелекет
құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің
өркениетке жету жолындағы талабына тұғыр болаларлықтай ұрпақ оқыту,
тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр.
Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының
алмасуы, оның дамытушылық көзқарастарын, жұмыстың жоғары сапасын және
кәсіби біліктілікті талап етеді.
Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді
шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Ізденіс - адам бойындағы
қабілеттерін дамытып, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға
көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ертең осы
елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Қазақ
тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешек
көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.
Қоғам дарынды балаларға қажеттігін қанағаттандыру, оқыту, білім беру,
баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу,
шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Шығармашылық тұлға
негізі бастауыш сыныпта қолданатыны анық. Осы жастағы балалар бойында
шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. “Бұлақ көрсең, көзін аш” деген
халқымыз. Бастауыштағы білім – білім берудің алғашқы бастауы, қиын да
жауапты іс.
Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы
дамыту, яғни оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру,
жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс
айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін
жеткен жетістіктері-жалпы және жеке адамның шығармашылығы болып табылады.
Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп
қана қоймай, өз іс-әрекетін де сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей,
жетілдіре отырып, барлық санада таңғажайып табыстарға қол жеткізді. Ал,
бүгінгі күрделі әлеуметтік – экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық
қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің
болмауы үлкен проблема болуы тиіс. Себебі, өмірдегі сан алуан
қиыншылықтарды шешу тек қана шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Бұл
мәселені шешуде алғашқы сатылардың бірі - бастауыш мектепте ерекше орын
алып отыр.
Сондықтан да бұл диплом жұмысының өзекті мәселесі оқуға ынтасы төмен
оқушыларды жан-жақты дамыта оқыта отыра шығармашылық қабілетін арттыру
болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: төменгі сынып оқушыларын дамыта оқыта отырып
шығармашылық қабілетін жан-жақты қалыптастыру.
Міндеті: оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту,
олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын дамыта түсу.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеті
Зерттеу пәні: дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің
туындауы
Зерттеу болжамы: төменгі сынып оқушыларын шығармашылық қабілеттерін
тексеруге арналған арнайы әдістемелер арқылы тексеріп, нәтижесі төмен
оқушылармен ойын, теннинг-сабақтар, тақырыпты талдау жұмыстары жүргізілсе,
оқушы сабақ материалын түсініп, пәнге деген қызығушылығы артып, дүниетанымы
молайып, шығармашылық қабілеті сөзссіз арта түсер еді.
Зерттеу әдістері: И.П.Волковтың шығармашылық қабілетін анықтау әдістемесі
Зерттеу базасы: Петропавл қаласы. Әбу Досмұханбетов атындағы дарынды
балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-гимназиясы.
Тәжірбиеге 3а сыныптан 25 бала, 3ә сыныптан 30 бала, 4 сыныптан 30 бала
қатысты.
1-бөлім. Дамыта оқытудағы шығармашылық қабілеттердің
теориялық мәселелері.
1.1. Философиялық, педагогикалық, психологиялық негіздері.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын
анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ерте зерттеліп келеді.
Шығармашылық - әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында
болған. Шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн
талаптарынан туындаған, озық қоғамға ылайықты жаңа тұлға, рухани сап
қалыптастыру мен дамытуда шешімдер іздестіру болып табылады.
Шығармашылық туралы жазған ойлар, тұжырымдар, көзқарастар, еңбектер
баршылық. Бұл ежелден – ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әль – Фараби,
Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын,
қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Көрнекті педагогтар К.Д.
Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С. Макаренканың шығармаларында қабілеттерді
дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт – бағдар
беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. (1923ж)
Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн,
А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, В.А. Крутецкий,
Б.М. Тепловтың өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, М.М.
Мұқанов, Ж.Ж. Әбділдин, Қ.Б. Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектерін жеке
тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп
білеміз. Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті
педагогтар Ш.А. Аманшвили, И.Б. Волков, О.С. Газман еңбектерінде де
қарастырылады.
Өз Республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар
Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешева жоғары сыныптарда шығарма жазғызу, В.Д. Чернов
факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық
деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ.Ә. Жаманбаеваның зерттеу
жұмысының негізгі идеясы – оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем –
шығармашылық қабілеттерін дамыту, М.Мұхамедин ойын әрекеті арқылы
шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді
талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі
бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа
адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешіліктерімен ерекшеленеді деген
қорытындыға келеміз.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең
алдымен “қабілет” ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.
Философияда “қабілеттерді” тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық тарихи іс -
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын
атап көрсеткен.
“Қабілет” ұғымына берілген психологиялық анықтамалар көп. “Қабілет”
деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге
жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
“Қабілет - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері”.
“Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда
көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілет мәселесі көптеген зерттеушілердің
назарын аударып келеді.
Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде
2 топқа бөлуге болады. Біріншілер – қабілеттер мәселесін теориялық
тұрғыдан талдаса, екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын
зерттейді.
Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С.Л. Рубинштейн іс -
әрекеттің қабілет дамытуындағы шығармашылық рөлін нақтылады. Осыдан бастап
қабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі
теория біртұтастықта қарастырылатын болды. Б.М. Теплов және оның
шәкірттерінің еңбектері қабілеттерді жеке адамның психологиялық
айырмашылығы деп қарастырып, қабілеттер дамуындағы нышандардың рөліне
ерекше назар аударған. Қабілеттер туа пайда болады деген пікірлерге
қарсы, туа берілген тек табиғи алғышарттар, яғни нышандар деп
қорытындылайды. Қабілеттер жайлы ой пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып,
Б.Г.Ананьев қабілеттер тек білім, біліктілік жиынтығы ғана емес, оларды
қолдана білудегі дербестік, сапалылық, шығармашылық деген пікір
айтады. Қабілеттердің дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай – ақ
талаптылық жайлы мәселе көтеріп, талантылық деп қабілеттердің
көпқырлылығын айтады. К.К.Платонов қабілеттер жайлы түсініктерді тұлғаның
ерекшеліктерімен байланыстыра қарастырады. Ақыл – ой қабілетінің кейбір
компоненттерін анықтайды. Жоғарыда аталып өткен нақты қабілеттер
жайлы зерттеулер туралы сөз еткенде, В.А. Крутецкийдің математикалық
қабілеттерге байланысты жасаған іргелі еңбегіне тоқталған жөн.
Көрнекті ғалым қабілеттерді әрекетке жарамдылық деп тануды ұсынады.
Және басқа да зертеушілер сияқты қабілеттер әрекеттін белгілі бір түрін
ойдағыдай орындауда көрінетін қасиет деген пікірді қуаттайды.
Бейнелеу өнеріне деген қабілет жайлы зерттеу жүргізген В.И.
Кирянко да басқа авторлар сияқты, қабілеттер адамдардың жекелік
айырмашылықтары деген қорытындыға қосылады және бейнелеу өнеріне деген
қабілет тек сурет салуда ғана емес, ойын, еңбек сияқты басқа да
әрекетте дамитындығын дәлелдейді.
Психологиялық қабілеттерді арнайы зерттеген Н.В. Кузьмина оның
құрамының үш түрлі қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бір
– бірімен байланысын ашып көрсетеді.
Қабілет жайлы еңбектер мен зерттеулерді талдай отырып, бұл
проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отырғандығын байқауға
болады. Аталған еңбектердің әрқайсысы қабілет мәселесінің теориялық
негіздемесін қамтамасыз етіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге
үлес қосады.
Қабілет проблемасы — оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы.
Қабілет туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында қалыптасып, дамып
отырады. Қабілет дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Қабілет
әрекетте байқалып, сол әрекет арқылы дамып отырады. Қабілет әректтің
белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады.
“Бейімділік — адамның әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің
аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі” деп жазады академик
Т.Тәжібаев. Бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік оның келешек
қабілетінің көрсеткіші екендігін айтады. “Бейімділік пен қабілеттің
соншалықты тығыз байланыстылығы кейде тіпті бірінен – бірін ажырату
қиындығын туғызады. Дегенмен, бейімділік — ұмтылу, ал қабілет —
мүмкіндіктер” деген пікір айтады көрнекті психолог Н.С. Лейтес. Баланың
бейімділігін тәрбиелей отырып, оның жалпы қалыптасуына, ақыл – ойының
өсуіне жағдай жасауға болатындығына тоқталады. Сондықтан, әсіресе бастауыш
сынып мұғалімдерінде кішкентай бала бойындағы бейімділікті көру, болжай
білу қасиетінің болуы, оны әрі қарай дамыту жауапкершілігінің болғаны
дұрыс деп есептейді. Қабілет мәселесін қарастырғанда талант, дарын
деген терминдерден айналып кетуге болмайды. Көптеген зерттеушілер мен
психологтар “талантылық” деп белгілі бір салада (өнер, музыка т.б.) жоғары
жетістікке жеткізетін қабілетті айтады. Олар талантылықтың тұқым
қуалау арқылы берілуі өмірде көп кездесетін жағдай болмағанымен, ол
бірден – бір фактор бола алмайтындығын дәлелдеді. Францияның ағарту ісінің
өкілі К.А. Гельвецкий адамдардың барлығының бірдей, тең дәрежеде
болатындығын, сол себепті кез келген баланы талант дәрежесіне
көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен. Осы пікірді қуаттайтын ХІХ
ғасырдағы неміс ғалымы Карл Витте оны дәлелдеу үшін өз ұлын өзі
дайындаған жүйесі бойынша тәрбиеледі. Нәтижеде әкесінің атымен аталған
кішкентай Карл тоғыз жасында Лейпцинг университетіне түсіп, бір жылда
толық курсын бітіреді. Он үш жасында философия докторы деген атақ алып,
он сегіз жасында Гейдельберг университетінің профессоры, жиырма үш
жасында Берслау университетінің кафедра меңгерушісі қызметін
атқарады.
Бұл эксперимент оқыту мен тәрбиенің адамның ішкі мүмкіндіктерін
ашудағы күшті құрал екендігін көрсеткенімен, Карлдың мұндай
таңғажайып жетістіктерін оның табиғи талантының болуының мүмкін екенін
де жоққа шығара алмаймыз.
К.А. Гельвецкийдің көз қарастарын қолдайтындар осы кезде де кездесіп
отыр.
Мысалы, жаңашыл педагог И.П. Волков “... егер баланың жеке
қасиеттерін өте жас кезінен анықтап, дамытуға жағдай жасаса, талантты
қалыптастыру да кез келген мамандықты дайындау сияқты... - дейді.
“Дарындылық” ұғымына берілген анықтамаға жоғары ақыл – ой
қызметімен ерекшеленетін адамдар қасиетін жатқызады. Кейбіреулер дарындылық
пен талантылықты синоним ретінде қолданып жүр. Талантылық арнайы іс -
әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе, дарындылық ақыл – ой қызметінің ең
жоғарғы дәржесімен сипаталады. Әрбір таланты балада дарындылық бар да,
ал дарынды баланың бәрі бірдей таланты болмауы мүмкін.[43, 56-б.]
Жеке тұлғаның қалыптасуы, шығармашылық қабілет компоненттерінің
бірі болса, онда “тұлға” немесе “жеке бас” ұғымының мәнін түсініп
алу қажет. “Тұлға” латын тілінен аударғанда – persona, деген мағынаны
білдіреді.
“Тұлға” — қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның
психикасында болатын жаңа сапа”, - деп жазды А.Н. Леонтьев. [22,234-б.]
Ал, Э.В.Илбенковтың айтуынша, “тұлғалар” қоршаған ортада да, өздеріне
де өзгеріс енгізе алатын адамдар. Г.М. Қоджасынрова “Тұлғаға”
мынандай анықтама береді. “Өзгелер арасында өзінің позициясын еркін
және жауапкершілікпен анықтап алатын және ұстана алатын адам”. [20,15-
б.]
“Жеке адам - әлеуметтік қатынастарымен сапалы іс - әрекетті жүзеге
асырушы нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін,
өзінің кім екенін түсінетін, есі кірген ересек кісі”,- деген анықтама
береді академик Т.Тәжібаев. [36]
Барлық ғалымдар адамның мұндай күйге бірден келмейтінін, тұлғалыққа
біртіндеп жететінін жазады. “Тұлға болып қалыптасу – баланың
жартылысынан бастап, қоршаған
орта, басқа да әр түрлі әлеуметтік факторларға байланысты дамитын
күрделі процесс , - деп жазады психология ғылымының докторы
В.Э.Чудновский.[39,6-б.] Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық
қасиетін тәрбиелеу үшін ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор.
Біріншіден – адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде
болмауы. Қабілеттердің бірдей еместігін сыныпта отырған оқушылардың
әрқайсының әр пәнге және әр деңгейде болатындығымен дәлелдеуге болады.
Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет
салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын
компоненттері де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым
балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілеті
басым балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай
білу сияқты сапаларымен ерекшеленеді.
Екіншіден – адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, деген
сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы ғалымдар, керісінше адам бойында
әрекеттің бірнеше түрін орындай алу мүмкіндіктерінің бар екенін дәлелдейді.
Б.М. Теплов ақындықпен қатар музыкаға, суретке қабілеті бар А.С. Грибадовты
мысал ретінде келтірсе, ұлы Абай, Шоқан, Шәкәрім сынды ғұламаларымыздың
қалдырған мол мұралары да осының айғағы дегіміз келеді.
Халқымыздың “жігітке жеті өнер де аз ”, “сегіз қырлы , бір сырлы” -
деп айтылатын нақыл сөздері адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерін
көрсе керек.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын
дәлелдейді.
1. Репродуктивті - іс - әрекет, білім арқылы берілген үлгі бойынша
қабылдай алу деңгейі.
2. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі.
“Шығармашылық” сөзінің төркіні, этимологиясы “шығару”, “ойлап табу”
дегенді білдіреді. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: “...
шығармашылық қайталанбайтын, тарихи - қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы
жаңалық ашатын іс - әрекет”- деп түсіндіріледі. [Философиялық сөздік 42
286-б.] Көрнекті психолог Л.С. Выготский “шығармашылық” деп жаңалық
әрекетін атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың
бірі Я.А. Пономарев оны “даму” ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір
жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын
жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі
күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады.
Соңғы жылдары “шығармашылық”, “жаңалық” сөздерімен қатар “бастама,
белсенділік” ұғымдары астарласа қолданылып жүр.
[Б. Тұрғынбаева 43 қаб ]
Шығармашылық қабілеті бар кез келген баланы одан әрі тереңдете дамытуға
болады.
Бірінші жағдай – баланың өз еркімен шұғылдануы. Екінші жағдай
- терең ықыласты еңбек. Психолог А.Н. Лук әрекет нәтижесінің
шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға
байланысты деген пікір айтады.
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
- мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегенділікті ;
- ақпаратты нерв жүйесінде код арқылы хабарлауды ;
- тасымалдай білуді ;
- ақылдың икемділігін, ойдың орамдылығын ;
- әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Іс - әрекет арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту үшін қажетті
ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан
тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне
тоқталады. В.И. Андреевтің зерттеу жұмысы мектепте, орта және жоғары оқу
орнында шығармашыл тұлға тәрбиелеу және өзін - өзі тәрбиелеу мәселесінің
диалектикасына арналады. Бұл проблеманың зерттелуінің методологиялық
ауқымын, педагогикалық заңдылықтары мен принциптеріне тоқталады. [14
64-б.]
Оқушылардың көркем – шығармашылық қабілеттерінің ерекшіліктері,
оларды дамытудың жолдары мен әдістері А.А.Мелик -Пашаевтың, В.С.
Шубинскийдің, Қ.Ә. Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады.
Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі - дарындылық,
таланттылық мәселесінің теориясына терең бойлаған В.Э. Чудновский,
В.С. Юркевич, И.П. Волков сынды тұлғалар феноменнің ерекшеліктері, олармен
жұмыс істеу түрлері, дарынды, талантты балалар экологиясы жайлы ой
қозғап, оқу – тәрбие процесін жетілдіруге байланысты тәжірибелерімен
бөлісіп, ұсыныстар береді.
Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған
В.А. Кан – Калик , Н.Д. Никандровтың зерттеулерінде ұстаз
шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке
шығармашылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады.
Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде шығармашылық қабілеттердің
белгілерін анықтау, шарттарын айқындау жолдары, құралдарын белгілеу
сияқты идеялардың бар екенін байқаймыз.
Сонымен, біз “шығармашылық қабілет” ұғымының соңғы уақыттарда
көптеген зерттеулердің негізгі арқауы болғанын көреміз. Шығармашылық
туралы, төменде көрсетілген ерекшеліктерімен сипатталатын қорытынды
жасаймыз:
• шығрамашылықтағы қарама - қайшылықтардың болуы ;
• әлеуметтік немесе жеке адамға деген түсініктің болуы ;
• шығармашылыққа арналған шарттар мен жағдайлардың
болуы ;
• шығармашыл тұлғаның жеке қасиеттерінің болуы ;
• нәтиженің жаңалығы.
Бұдан: “шығармашылық – қайшылықтарды шешуге бағытталған жеке
қасиеттердің болуын талап ететін әлеуметтік мәні бар жаңалық
әкелетін - адамның іс-әрекеті”, - деген тұжырым жасаймыз. Көрнекті
француз математигі Адамс шығармашылық процесті 4 кезеңге бөледі:
1. Дайындық кезеңі .
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуцияның жарқ етуі. Эврика.
4. Тексеру кезеңі.
Ал, А.Н. Лук шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2. Күшті жұмылдыру , қосымша мәліметтер іздеу.
3. Проблемадан уақытша кету.
4. Интуицияның оянуы. Инсайт.
5. Нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Жоғарыда келтірілген және басқа да шығармашылық еңбектерді талдай
отырып, бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық процесінің
кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырдық:
1. Жаңалықпен бетпе - бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
3. Шешімнің жарық көруі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалық
қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты
сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады.
Белгісіздік кезеңіндегі табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны
қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл - күйге бөлеп,
жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы бастауыш мектеп
оқушыларында болуға тиісті қасиеттер. Әрине, шығармашылық жұмыстың
түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір — бірімен астарласып,
қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасып, әрі қарай дамып
отыратын сапалар бірі анық көрініп, бірі керісінше, көмескіленіп
жатуы ықтимал. Дегенмен, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас
ерекшеліктер біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл
тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының
басты мақсаттарының бірі де осы.
Шығармашылық процесс - баланың ақыл – ойы мен қабілетін дамытатын
болса, “даму” ұғымының да бала үшін алатын орны ерекше.
“Даму” ұғымы философиялық сөздікте”... мөлшерлік өзгерістердің
белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы”, —
деп түсіндіреді. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс
өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, жаңа сапаға
көшеді. “Даму” ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңаның өмірге
келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен
дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша баланың даму процесін, 3 түрлі
фактордың қатысуымен қарастыруға болады. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Баланың өсіп дамуы табиғи процестерге байланысты болуы.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл — бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы.
Бұл, сондай — ақ, баламен қарым — қатынас жасайтын адамдардың
сипаттары, мінез — құлық және ақыл — ой бейнелері, олардың
мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен
дағдылары, ұмтылыстары, яғни, бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Бұл даму процесіне әсер ететін үшінші күш болып саналады.
Оқитын пәнде қандай да бір жаңалық болмаса, мұғалімнің шеберлігі қанша
жерден жоғары болса да, егер мұғалім баланың өз белсенділігін
туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке
қатынасуында нәтиже болмайды. Баланың даму процесі, оның қоғамдық
белсенді істерге араласуы, азамат ретінде қалыптасуы, осы үш
фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін
психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға
болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың
рөліндегі алатын орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский [ 5
246-б.]. Ол дамуды оқытуымен тең деп санап, керісінше, оқу мен
даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең
алғаш рет бала дамуының екі аймағы болатындығы жайлы теория
ұсынады.
1. Бала дамуының жақын аймағы — баланың тек үлкендердің көмегі
арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы — баланың үлкендердің
көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың
қол жеткен аймағы, жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны
игерген кезде дамуға өріс ашады. Бұл процесте ол бір жағынан
өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайта жетілдіріп, жаңа дағдыларды
игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар арқылы
адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық
мүмкіндіктері неғұрлым жан - жақты, үйлесімді, толығырақ дамыса,
есейген кезде оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан - жақты, табысты
болады. Оны жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп,
жаңғырта алады.
Ғалым психологтар Л.В. Занков, А.А. Люблинская, В.В. Давыдов,
Д.Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын,
сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалды. С.Л. Рубинштейн, Е.Н.
Кабанова —Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың
негізгі алғышарты екенін дәлелдейді.
И.Я. Лернер “даму” деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға
негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше
білуге дайындығы деп түсіндіреді [28 103-б.]. Мұндай анықтама
интеллектуалдық іс — әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе
қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл — ой қызметі
де соншалықты кең, ауқымды демек, даму деңгейі де жоғары болады.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар
оқушының даму белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П.П. Блонский бұған
индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше, нақтыдан абстрактіге
қарай қозғалыс жасай алу қабілетін жатқызса, Д.Н. Богоявленский
және Н.А. Менчинская — оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары
меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және
көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере білу
дағдысын жатқызады.
Л.В. Занков ақыл — ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері
дамуды іске асырады деп есептейд. Олар: байқампаздық, өз ойын
еркін жеткізе білу, практикалық іс —әрекеттерді атқара білу.
В.В. Давыдов баланың ойын жинақтап, қорытындылай алу дағдысын
ақыл — ой дамуының көрсеткіші деп санайды.
Соңғы жылдары философияда, психологияда адамды зерттеудің
әдістемесі қарастырылуда. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның
жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Адамның іс —
әрекеті, оның бүкіл өмірі өзімен қатар жасап келе жатқан адамдармен
тығыз байланыста өтеді. Олармен бірге өмірді ұғынып, күнделікті
тіршілік қалыптасады. Оның негізгілері: ойын, оқу, еңбек. Олар жас
мөлшерлерінің әр кезеңінде түрліше көрінеді. Бастауыш сынып
оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Демек, кез
келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі
жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы
шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің қалыптастыруына, өз
идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс — тәсілдерді іздейді.
Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Екі әрекетте де
оқушылар екі түрлі мақсаттар шешеді. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі
бір ережені меңгертетін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар
орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты
нысанада болады. Сондықтан оқу баланың жалпы қабілетін дамытса,
шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін
қабілеттерін дамытады.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді.
Мысалы: И.Я. Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны
жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектіні жаңа қызметін көре
білуді, жаңа шешім табуды белгілейді .
А.Н. Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке,
қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу ),
болжай білу қабілеттерін атайды .
Бүгінгі мектепте, өкінішке орай, баланың оқу әрекеті басым.
Сабақтарда оқушылар үнемі бір типтес жаттығулар орындап, есептер
шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар баланы өз күшін байқау
мүмкіндігінен айырады.
Бүгінгі сынып оқушылары кез келген шығармашылық тапсырмалар
шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер
ұйымдастырушылық қажет. Осы тұста орыстың ұлы жазушысы Л.Н.
Толстойдың педагогикалық ізденістерінің, өсіп келе жатқан
жеткіншіктерді шығармашылықққа үйретудегі тәжірибесінің құндылығына,
көкейтестілігіне тоқтала кету жөн сияқты. Ақынның Ясная Полянадағы
мектебінде бала тек іс — әрекет, ойлау еркіндігі бар жағдайда
шығармашылық қабілеттерін дамыта алады деген қағида басшылыққа
алынып, оқу, оның мазмұны баланың тұлға болып қалыптасуына қызмет
ету керек деген бағыт ұстануы бүгінгі күгі ғылыми психологияға
жақын екендігін көрсетеді. 1862 жылы жарияланған “Шығарма жазуды
шаруа балалары бізден бе, әлде біз шаруа балаларынан үйренуіміз
керек пе ? ” атты мақаласында өз оқушылары Семка мен Федькаға
еркіндік бергені сол — ақ екен, олар “осыған дейінгі орыс
әдебиетінде болмаған ” шығарма жазғандарын келтіреді. Л.Н. Толстой
егер бала мектепте бір жаңалық жасауға, ойлап табуға үйренбесе,
тек біреуді қайталаса, еліктесе, ол үлкейгенде де өздігінен
ешнәрсе шеше алмайтын адам болады деген [29,145].
Бұдан қорытынды: бала әдемі, байыпты, ұйымдастырылған шығармашылық
жұмыстардың қатысушылары болғаны дұрыс. П.П. Блонский сөзімен
айтқанда, “ол — біліммен толтырылған бос ыдыс емес, ол — жануға
тиісті шырақ болуы тиіс”.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері шет елдік
психологтарды 1950 жылдардан бастап қызықтыра бастады, және осындай
өте қысқа мерзім ішінде қабілеттер туралы діни көзқарастардан,
ғылыми психологиялық ұғым деп тануға дейінгі дәрежеге жетті.
Шығармашылық туралы пікірлер А.Осборор (1953), А.Бионди (1967),
Д.Треффингер (1976) еңбектерінде айтыла бастады. Бұл жұмыстардың
әдістемелік негізі ретінде 1950 жылдары жазылған Дж. Гилфорд және
оның ізбасарларының (креативтілік) интеллект туралы теориясы алынады.
Бұл теорияның негізгі мәні — факторлық зерттеулер нәтижесінде
шығармашылық ойлаудың балаларға, сондай — ақ ересектерге тән ортақ
компоненттері анықталған. Олар:
• интеллектуалды шығармашылық;
• категоризацияялаудың кеңдігі, заттарды пайдаланудағы оқыстылық,
• ойлаудың шапшаңдығы ;
• ойлаудың тапқырлығы.
Осы теория негізінде баланың шығармашылық қабілеттерін анықтауға
арналған тестер жүйесі өмірге келді. Соның бірі тәжірибеде көп
қолданылатын Е.Торренс әдістемесі (тесты творческого мышления
Торренса). Зерттеулер нәтижесінде Е. Торренс баланың шығармашылық
ойлауы 4 — 5 жастан басталады деген тұжырымға келеді. Шығармашылық
қабілеттердің дамуын зерттеген психологтар мәселенің әр қырына,
әртүрлі компоненттеріне тоқталады. Мысалы: жоғары шығармашылық елестете
білу және еркін ойын әрекетіне байланысты ( Дж. Моран, Р.Мильграм,
1984 ), ата — анасының қызығушылықтары мен бейімділіктеріне байланысты
(Т. Ковач, 1984 ), от басындағы тәрбие ерекшеліктеріне (М. Филберг,
1977 ), балаға еркіндік беріп, жағдай жасауға, оны көтермелеп,
мақтап отыруға байланысты (П.Смит , 1983 ) деген пікірлер айтты. Д.
Дельман (1982) зерттеулері Ж. Пиаже теориясына сүйене отырып,
баланың шығармашылығының сапалық жақтарын ашуға бағытталады. Ол
шығармашылықтың нәтижесі баланың ақыл — ойында логикалық
интеллектуалдық құрылымдардың пайда болуы деп есептейді.
1.2. Дамыта оқыту даярлығын қалыптастыру
80 — жылдардың аяғында Қазақстанның қоғамдық — саяси өмірінде
болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп,
жаңа леп әкелді. Республика мектептеріндегі оқыту жаңадан жазылған
төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің
мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылып, оқытудың жаңа
технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы
пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы
біршама. Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын
ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей,
гимназия сияқты мектептерді заман талабына сай өмірге келтірді. Бұл
мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай
лайықталынып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім
беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде пәндер
көбірек, балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол.
Оқушылардының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып
олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге,
баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл — ой жұмысының
тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою
керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлау мен
практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
Ойлауға үйрететін сабақтардың барлығын дамыта оқыту сабақтарына
жатқызуға болады. Дамыта оқытуды ұйымдастыруды балаға ақыл — ой
әрекетін меңгертуге жағдай жасау, деп қарастыру керек. Дамыта оқыту
— сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше
қарым — қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп
қоюшы, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс - әрекетті
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана
бала интелллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап —
ақ, ойшылдар білім мен ақыл — ой тәрбиесінің ара — қатынасын,
олардың бала дамуына әсерін зертттей бастаған. Бізге белгілі
алғашқы дидактиктердің бірі Квинтилиан оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз ету
міндетін қойған.
ХVІІ ғасырдағы Я.А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің
негізгі қағидаларының бірінде баланың ақыл — ойын, қабілеттерін
дамыту арқылы оларды білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі
делінген.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің әйгілі “Неміс
мұғалімдердің білім беру ісіне басшылық ”атты еңбегінің де негізі
болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет
етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. “Нашар мұғалім ақиқатты өзі
айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді ”
деген. [11.61-б.]
Орыстың ұлы ағартушысы К.Д. Ушинский де өз дидактикалық
еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту
мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған. Ал, Л.С.
Выготскийдің пікірінен көп нәрсе аңғаруға болады. Алғашқыда оқытудың
тиімділігі алынған білімнің көлемімен, сапасымен өлшенсе, соңғыда
білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің
қаншалықты дамығандығымен анықталады.
“ Дамыта оқыту ” деген термин психология ғылымының қойнауында туып,
баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін,
типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леогнтьев, С.Л Рубинштейн) және
психиканың басқа да функциясын зерттеген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк,
А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т. б. іс — әрекет
теориясының психологиясын жан — жақты талданды. Нәтижесінде дамыта
оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның
бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков
басқарды.
Дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин — В.В. Давыдов жасаған жүйесінің
көздеген мақсаттарына жету баланың өзінің белсенділігіне байланысты.
Осыған орай, бұл жүйенің әдіс —тәсілдері де оқушының оқу
белсенділігін ұйымдастыруды, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді.
Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру әдістерінің мәні төмендегідей
3 құрамдас бөліктермен анықталады:
1. Үлгіні көрсету.
2. Түсіндіру.
3. Бақылау, бағалау.
Яғни мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып, түсіндіріп шығады.
Содан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан
кейін қалай меңгерілгендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау
ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әртүрлі болып өткізілуі мүмкін.
Мысалы: өзі айтып бермей, ұнтаспадан тыңдату, балаға оқыту т.
б.. Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы — түсіндірме
әдісінің қатаң тәртібі сақталынуы керек. Баладан ыждағатпен тыңдап,
мүлтіксіз орындау ғана талап етіледі.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік — зерттеушілік әрекетін
ұйымдастыру басты назарға ұсынылады. Ол үшін бала өзнің бұған
дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жеткіліксіз екенін
сезетіндей ахуалға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген
ынта — ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай
жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі — дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин — В.В. Давыдов жасаған
жүйесінің негізгі компонентері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда
ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын
жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін
ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім
оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге тырысады. Әр оқушыға өз
ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады.
Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге
талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез —
келген кезеніңде алдымен мұғалімнің шебер басшылығы қажет
етіледі. Басқаша айтқанда, мұғалім оқуды қалай түсіндіруі, қай
жерде бақылауы, түзетуі керек екенін айқын білуі шарт. Мұғалім
өзінің осы міндеттерін неғұрлым дұрыс орындаса, соғұрлым баланың
сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі
болу үшін оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы
қажет. Демек, оқушы алдын ала бағдарлап қойған іс — әрекеттің
қатысушысы ғана болып қалады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды
бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеалы, мұраты
болып саналады. Дәстүрлі оқытуда оқу процесіне қатысушылардың “
басқарушылар мен орындаушылар” түріндегі рольдері белгіленген.
Басқарушылардың қарым — қатынасы қарапайым басқару түрінен қатал
әкімшілікке дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Олардың іс-
әрекетінің негізгі мәні — оқушыларды белгіленген нысанаға қарай
бастау, ал орындаушылар мұғалім соңынан еріп отырулары керек.
Мәселенің бұлай шешілуі дамыта оқыту жүйесінің мақсаттарына мүлдем
қайшы келеді.
Дамыта оқытудың Л.В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне
тоқталып өтейік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі
ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады:
• оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер ;
• мақсаттардағы айырмашылықтар ;
• дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер ;
• әдіс — тәсілдердегі ерекшеліктер ;
• оқытуды өзгеше ұйымдастыру ;
• мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері
;
• мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым — қатынастар.
3. Ұлттық тағылымы — халық тағылымы .
Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана
еңбек барысында қалыптасатындығын айта кете, ол адамның ішкі
сезімдік қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның “ Он жетінші
сөзіндегі ” қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп
ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын
әдеби — публицистикалық тұрғыдан көрсетпек болады. Бұдан бұл
мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден
көтеріліп келе жатқандығын көруге болды.
Қай халық болса да , ұрпақ тәрбиесі туралы өздерінше әр-түрлі
тағылымдар жасаған. Қазақ тағылымдарының негізгі бағыттағы принциптері
мыналар:
а) көрегенділік — не нәрсеге болса да көз жеткізу, иландыру,
нандыру, шындықпен әділдіктен, ақиқаттан айнымау, берген сертіңе
берік болу, аманатқа борышты болмау ;
ә) ар - ождан тазалығын сақтау, ақыл — ойлы, парасатты болу.
б) ерте тұр, кеш жат, аз сөйле, көп тыңда, сөзің жерде қалмасын,
иманды, инабатты, қайырымды болу, жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпа
— ол парызың ;
в) халық дәстүрлеріне берік бол, әдеп — ғұрыпта жоқ нәрселерден
аулақ болу ;
г) сегіз қырлы, бір сырлы болу, рухыңа кір келтірмеу, үлкендерді
тыңдау, құрметтеу, өз қатарыңнан кем ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz