Диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . .

Негізгі бөлім

І. Жалпы орта білім беретін мектептің білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеудің теориялық негіздері . . .

1. 1. Білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеу мәселесінің қазіргі уақыттағы даму тенденциялары . . .

1. 2. Білім беру сапасын бағалау жүйесі . . .

1. 3. Білім сапасын бақылаудағы халықаралық тәжірибелер . . .

ІІ. Жалпы білім беретін орта мектептің білім сапасын арттыруға арналған тәжірибелік - эксперименталдық жұмыс . . .

2. 1 Диагностика мен мониторинг жүргізудің негізгі кезеңдері . . .

2. 2 Алынған мәліметтермен жұмыс істеудің әдістемесі . . .

2. 3 Жалпы орта мектептің білім сапасын арттыруға арналған тәжірибелік - эксперименталдық жұмыс нәтижелері . . .

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Реферат

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарына тұғыры биік тәуелсіз, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде мүше болып енуі, дербес деп танылуы отандық білім берудің алдына жаңа міндеттер мен талаптар қойып отыр. Білім берудің маңыздылығы сөз болған уақытта ең алдымен білімнің сапасы да міндетті түрде алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады. Білім беру сапасын арттырудың ең негізгі түрткі боларлық нәтижеге бағытталған жүйесі диагностика мен мониторингілеумен тікелей байланысты. Өйткені диагностика мен мониторингілеу арқылы білімнің даму бағытын, білім мазмұнының мағынасы мен деңгейін анықтауға болады. Білім беру мекемелерінде білім сапасын анықтауда тиімді механизмдерінің болмауынан әкімшілік пен педагогикалық ұжым арасында білім беру үдерісін реттеу қажеттілігінен қарама -қайшылық туындайды.

Осы қарама - қайшылық білім беруді арттыруға мүмкіндік беретін басқарушылық шешімдер қабылдап білім сапасын арттыруда диагностика мен мониторинг жүргізу механизмдерінің жеткіліксіздігін анықтады.

Осылайша, орта мектептің білім сапасын арттыру үшін диагностика мен мониторингтің негізгі тәсілдерін оқу үдерісінің талаптарын ескере отырып ұйымдастыру қажет. Осы мәселені маңыздылығы «Диагностика мен мониторинг мектептің білім сапасын арттырудың шарты ретінде» деген тақырыпты таңдап алуға түрткі болды.

Зерттеудің мақсаты : жалпы орта білім берудің сапасын диагностикалау мен мониторингілеуді теориялық тұрғыдан қарастырып, практикалық тұрғыдан анықтап және білім сапасын жетілдіру жолдарын тексеру.

Зерттеу объектісі : жалпы орта білім беретін мектептің білім сапасы

Зерттеу пәні : жалпы орта білім беретін мектептің білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеу үдерісі

Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер жалпы орта білім беретін мектептің білім жүйесін диагностикалау мен мониторингілеуді мемлекеттік стандарт пен мектепті бітуші түлектің моделі әдіснамалық тұрғыдан жетілдіріп ол тәжірибеде іске асатын болса, онда мониторингілеу жүйесі мақсаттылық сипатта болып, оқушылардың сапалы білім алуына негіз болып, жалпы орта білім беретін мектептің білім сапасын артуына ықпал етеді, өйткені диагностика мен мониторинглеудің мақсаттылыққа бағытталған жүйесі, түлектің кәсіби маман болып қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Зерттеу міндеттері:

  1. Жалпы орта білім беретін мектептің білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеуді теориялық тұрғыдан талдау арқылы негіздеу.
  2. Білім сапасын арттырудың мазмұндық құрылымдық моделін жасау.
  3. Білім беру сапасын диагностикалау мен мониторингілеуді ұйымдастырудың әдістемесін ұсыну және оның тиімділігін тәжірибелік жұмыстарда тексеру.

Зерттеудің әдіснамалық негізі мен әдістері: зерттеу мәселесі бойынша аналитикалық, нормативті құжаттардың талаптарын анализдеу, басқарудың теориялық, технологиялық жүйесін зерттеу, бақылау (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) диагностикалық, интервью, әңгімелесу, мәліметтерді салыстыру, маман дайындаудың ерекшелігін модельдеу, статистикалық, ақпараттық мәліметтерді жинап талдау, топтық тестілер, ойындар және т. б.

Диплом жұмысы 85 беттен, 19 кестеден, 2 сызбадан, 2-суреттен кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттен, 4 қосымшадан тұрады.

Глоссарий

Диагностика - қандай да бір үдерістің жүру ағымын анықтап, нақты нәтижелер алуды көздейді.

Интеллект - тұлғаның индивидуалды (ақыл ой) тәжірибесін ұйымдастырудың спецификалық формасы.

Ақпарат - адамның немесе арнайы құрылғылардың қоршаған ортаны қабылдауы туралы мәліметтер.

Сапа - белгіленген қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті өнімдердің жиынтығы.

Басқару әдісі - басқарушылық тұлғадан тәуелсіз объективті талаптар мен мүмкіндіктерге сайкес адамдардың жұмыс тобына ұйымдасу тәсілі.

Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру.

Білім берудегі мониторинг - білім беру үдерісінің қалаған нәтижеге немесе бастапқы ұйғарымға сәйкестігін айқындау мақсатындағы тұрақты бақылау, қадағалау.

Мотив - тұлғаның белгілі бір әрекет үшін саналы түрде талаптануы. Ол тұлғаның өзінің қоршаған жағдайын және алдына қойған мақсатын бағалау, есептеу деңгейіне байланысты мазмұны анықталып қалыптаса бастайды.

Өзін - өзі бағалау - тұлғаның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сайкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі.

Мониторинг - қандай да бір білім беру іс- әрекетінің нәтижелерін педагогикалық болжайтын және бағалайтын зерттеудің циклдық үдерісі.

Білім беру технологиясы - оқушылар мен мұғалімдердің білім беру үдерісін жоғары дәрежеге жету мақсатымен жобалау, жоспарлау, түзету жұмысы бойынша бірлескен әрекеттер жүйесі.

Психологиялық - педагогикалық мониторинг - психологиялық - педагогикалық мониторинг жүйесі білімнің объективті бағасының оқыту үдерісінің жеке дара субъектісі ретінде, сонымен қатар оқушылар ұжымының уақытша созылған аралықта тұтас қалыптасуына бағытталған үдеріс.

Педагогикалық технология - педагогикалық үдеріс пен оған қатысушылар іс-әрекетінің құрауыш, кезең күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік қозғалысы.

Танымдық қызығушылық - ғылым жаңалықтарын, қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық.

Психологиялық диагностика - тұлға дамуының индивидуалды ерекшеліктерімен жетістіктерін анықтау әдісі.

Психологиялық педагогикалық диагностика - оқушылардың білім сапасына әсер ететін оң және теріс факторлардың, оқушылар біліміндегі әр түрлі ерекшеліктерді зерттеудің психологиялық - педагогикалық қағидалары мен әдістерінің жиынтығы.

Әлеуметтік диагностика - тұлға дамуының әр түрлі әлеуметтік факторларын зерттеу, анықтау әдістері, қоғам мен микросоциумның педагогикалық потенциалын анықтау.

Педагогикалық басқару - қойылған мақсатқа сайкес педагогикалық жағдайды, үдерісті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру үдерісі.

Басқару - рационалды жолды қолдана отырып, алға қойған мақсатқа жету жолындағы нақтылы әрекет.

Басқарушылық ақпарат - ұйым ішінде және оның айналасында болып жататын, басқарудың анықтылығын арта түсіретін үдерістер туралы мәліметтер жиынтығы .

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарына тұғыры биік тәуелсіз, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде мүше болып енуі, дербес деп танылуы отандық білім берудің алдына жаңа міндеттер мен талаптар қойып отыр. Сондықтын білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы, жоғары және жалпы орта білім берудегі қалыптасқан дәстүрлерді жетілдіріп, өткен тәжірибені ескеріп, шетел мемлекеттерінің білім беру жүйесіндегі озық үлгілерімен ерекше тұстарын өзіміздің ұлттық білім беру жүйемізге ендіру болашақтағы бастамасы игі жоспарлардың біріне айналмақ. Білім берудің маңыздылығы сөз болған уақытта ең алдымен білімнің сапасы да міндетті түрде алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады. Білім сапасы жайында қазіргі уақыттың өзінде ұстаздар, студенттер, жалпы оқу ағарту ісіне қатысы бар адамдардың арасында кеңінен пікір таластар ұйымдастырылып, ғылыми теориялық болжамдар көптеп айтылуда.

Соңғы жылдары білім сапасы елдің әлеуметтік - экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылуда. Ал білім сапасын арттыруды қамтамасыз етуде бағалау жүйесінің көмегімен оқушының білім сапасын объективті бағалау мүмкін болмай отыр. Оқушы білімнің беріктігін, тереңдігін және білім, білік, дағдыларының жүйелілігін, яғни оқығандық сапасын бағалауды педагогикалық диагностика мен мониторингілеудің көмегімен іске асыруға болады. Білім беру мазмұнының жаңарып, жаңа инновациялық білім беру технологиялары еніп, білім беру мекемелерінің түрлерінің дамып ондағы инновациялық үдерістер мектепішілік басқаруды талап етеді. Осыған байланысты білім сапасына диагностика мен мониторинг жүргізу мәселесі жалпы орта білім беретін мектепті басқарудың теориясы мен практикасында өте өзекті болып табылады.

Білім берудегі диагностика мен мониторингілеудің қолданылуы соңғы уақытта кеңінен таралуда. Олардың жіктеліп дамулары да әрқилы. Білім беру жүйесінің сапасын диагностикалау, болжам жасау, білімнің жай күйін тексеріп көру үшін кеңінен пайдаланылады. Оқыту бағдарламаларының оның ішіндегі әдістемелік нұсқаулардың білім беру ісіне қалай әсер етіп жатқандықтарын, аймақтық білім берудің қарқынын анықтау үшін, сонымен қатар үздіксіз білім берудің бағытын, жалпы білім беру, жоғары білім берудің сапасын диагностикадан өткізіп, нақты міндеттер қоя білу үшін мониторингілеу жүйесін қолдану заман талабынан, уақыт сұранысынан туындап отырған жағдай болғандықтан, диагностика мен мониторингілеу жүйесіне ауқымды үдеріспен қарау, айтарлықтай болжамдардың орындалу үшін маңызды факторлардың бірі ретіндегі өлшемдерін елеп екшеу маңыздылығы арта түскен уақытта, диагностика мен мониторингілеудің мазмұндылығы біршама жетіледі. Әдістемелік нұсқаулардың бағыты аясында қолданудың негізгі ұстанымдары мен даму бағыты аясында мониторингілеудің жүйесін, оның мазмұндылығы мен маңыздылығын төмендетпейді, керісінше бұл жүйенің қарқыны білім сапасын бағалау үшін әдіс - тәсілдерді жинақтауға мүмкіндік туғызады. Алайда диагностика мен мониторингілеу жүйесінің ғылыми негізі жасалмаса, оны гуманитарлық ғылымдардың негізінде қолдану қиынға түсері анық. Өйткені мониторингілеу жүйесі білім беру саласына ғылымның басқа салаларынан келгендіктен, білім берудегі мониторингілеу мүлдем басқаша болмаса да, оны ғылымдар жүйесіндегі негізгі ұстанымдарды пайдаланып, педагогикалық үдерістерге негіздеп, ерекшелігін ескеріп қолдану қажет.

Білім сапасын бақылауды диагностика мен мониторингілеу жүйесінсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Өйткені диагностика мен мониторингілеу жүйелерден өзгешелігі сол бұл жүйе өзінің ғылыми сипатымен үнемі өзгерісті қажет етіп, арнайы әдістермен толықтырылып отырады . [1] .

Білім берудегі диагностика мен мониторинг бастапқы алғышарттарға негізделген білім беру үдерісіндегі белгілі бір жүйені үнемі бақылап отыру [2] . Білім беру сапасын арттырудың ең негізгі түрткі боларлық нәтижеге бағытталған жүйесі диагностика мен мониторингілеумен тікелей байланысты. Өйткені диагностика мен мониторингілеу арқылы білімнің даму бағытын, білім мазмұнының мағынасы мен деңгейін анықтауға болады. Диагностика мен мониторингілеудің үдерісін білім беруде қолдану ең алдымен білімнің деңгейін тексеріп алудан басталатындықтан мәліметтерді жинақтау жүйесі тиісті деңгейде өрбіп дамуы қажет. Олай болмаған жағдайда диагностика мен мониторингілеудің мазмұны өзгеріп, қойылған мақсаттылығы жағынан жоспарлы түрін ауытқып, өз даму бағытын айқындаудан бастау алса, өз жүйесінің іргелілігін біртұтастығын қамтамасыз ететін бағыттағы даму үдерісімен байланыста болады, аралас жүйелердің ішкі мағынасы арқылы болашақтағы атқарылған іс - шаралардың үлгілері бүгіннен бастап жобалау, жоспарлау негізі, құралдың алғышарттарындағы сипатымен белгіленеді. Ең алдымен мониторингілеудің жүйелілік сипаттағы бағытын біліп алу маңыздылығы арта түседі.

Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқыту үдерісіндегі кемшіліктер оқушылардың білімдерін бағалаудағы жіберілген олқылықтар мен қателіктер, оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылмауынан болған нәтижелердің барлығы үнемділік пен бағамдылықтың аясында дамып, сол арқылы жақсы сапалы білімге қол жеткізу үдерісі, білімнің сапасын арттыруға бағытталған арнайы шаралардың негізгілері білім беруді бағалап тексеру арқылы жүзеге асады. [3] .

Дегенмен білім беру қай кезде болмасын өзіндік өлшемдермен бірге бағалануды қажет етеді. Олай болмаған жағдайда білім беруді дамытуға еш мүмкіндік болмай, білімнің сапасы өте төмендеп кеткен жағдайларға жол берілуі мүмкін.

Сондықтан білім сапасы ең алдымен қоғамның даму бағытын айқындайтын модельдермен байланысты бола отырып, өзінің дамуындағы үдерістерді қалыптастыру арқылы инновациялық процестер негізінде құралатын логикалық құрылымдық ойлардың дамуына алып келеді.

Диагностика мен мониторингілеу жүйесінің маңыздылығы күн өткен сайын өзінің қажеттілігін дәлелдеп отыр. Білім берудің дамуы ең алдымен сол жүйедегі нақты болжамдарға тікелей байланысты, өйткені білім берудің бүгінгі жай - күйін талқылап, оған нақты болжамдар жасау тек қана диагностика мен мониторингілеу көмегімен жүзеге асатынын ескерсек, онда білім берудегі диагностика мен мониторингілеудің қажеттілігін тез түсінуге болады, әрине қандай да болмасын жүйені білім беру үдерісіне енгізу оңайлықпен жүзеге аспайтыны белгілі. Сондықтан теориялық өлшемдердің алғашқы шарттарын нақтылай түсетін ұғымдардың аздығынан ұстанымдар мен құрылымдық қызметтердің өлшемдері де бір арнаға бағынышты болып өрби түсетін ерекше тұстары да болады. Жоспарлайтын үдерістер мейлінше жүзеге асыруды қамтамасыз етіп отырады. Қазіргі уақытта білім мекемелерінің атқарып жатқан істері өте ауқымды. Біріншіден жалпы орта білім беретін мектептердегі білім жүйесінде айтарлықтай өзгерістер жүріп жатыр. Білім жүйесі оны арттудың, басқарудың мәселелерімен көптеген ғалымдар айналысып жүргені белгілі және бұл мәселе олардың зерттеу объектілеріне айналған. Мәселен, В. П. Беспалько, Е. В. Бондаревский, В. И. Загвязинский, В. С. Гершунский, А. А. Греков, В. А. Караковский, Е. Г. Мартынова, Ю. А. Назаров, Н. А. Селезнова, Н. Л. Селиванова, Н. К. Сергеева, В. В. Сериков, А. П. Тряпицыной, И. Г. Фомичева және т. б. ғалымдарымыз орта мектептердегі білім сапасын басқарудың теориялық алғышарттарын жасаған болса, Н. Ф. Бунакова, Н. П. Корф, Н. М. Пирогов, К. Д. Ушинский және т. б. білім беруді ғылыми сипатта басқарудың теориялық негіздерін жасаған. Әлеуметтік басқару мәселелрімен кеңінен айналысқандар: В. Г. Афанасьев, Е. С. Березняков, Ю. В. Васильев, Ю. А. Конаржевский, М. И. Кондаков, Т. И. Шамова және т. б. Білім жүйесі және білім сапасын басқарудың теориялық негіздерін жасағандар: Ю. С. Алферов, Б. С. Гершунский, В. И. Загвязинский, В. А. Кораковский, Д. Ш. Матрос, А. М. Моисеев, М. М. Поташник, Е. А. Ямбург және т. б.

Қазақстанда бұл мәселелемен А. П. Сейтешева, А. Ж. Караева, У. С. Абдукаримова, Т. М. Ба ймолдаева, К. Ж. Каракулова, Н. Д. Хмель және т. б.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде педагогикалық мониторинг мәселесімен А. Ж. Арыстанова, Б. А. Койшибаева, Г. К. Нургалиева, А. Тажигулова және т. б. ғалымдар айнылысып жүр.

Диагностика мен мониторинг белгілі бір деңгейде мектеп білім беру жүйесінде болды. Бұл бақылау жұмыстыры, эмтихандар, тексеру жұмыстары. Алайда тәжірибе дәстүрлі мониторингтің формалары жеткілікті тиімсіз екенін көрсетеді. Біздің көзқарасымыз бойынша оқушылардың қателерін, мұғалімдердің жұмысына кері әсер етеін факторларды, оқушылардың үлгермеушілігінің себебін анықтайтын негізгі факторларды айқындауға мүмкіндік беретін диагностикалық функциялардың болмауы.

Диагностика мен мониторингті ұйымдастыру орта мектептегі оқу тәрбие процесінің күйі туралы өңделген стандартталған әдіснамасыз мүмкін емес екені анықталды.

Білім беруді диагностикалау мен мониторингілеу, ең алдымен сапаның өлшемдеріне, сапа табиғатына байланысты білім беру деңгейінің өсуін қамтамасыз ететін факторлардың азайғандығын хабардар етіп, ақпарат беретін жүйе болып табылады. Диагностика мен мониторингілеудің нәтижесінде алынған мәліметтер бүгінгі білім берудің даму бағытын айқындап, болашақта атқарылар іс шараларға теориялық және практикалық негіз болып, білім беру сапасының артуына қажетті жағдайлар жасайды.

Педагогикалық тәжірибеде кездесетін білім сапасын бағалау механизмінде төмендегідей кемшіліктер кездеседі:

  • «Білім сапасы» ұғымын түсінуге және оның механизмдерін білім беру үдерісінде тәжірибеде қолдануға бірегей тәсілдердің жоқтығы;
  • Білім, білік, дағды деңгейін және білім сапасын өлшейтін бақылау өлшемдік материалдардың жоқтығы;
  • «бақылау», «диагностика», «сараптама», ұғымдарының айырмашылығын және осы ұғымдардың «мониторинг ұғымымыен ұқсастығын түсіндіретін ұғымдардың жеткіліксіздігі;
  • Объективті ғылыми әдістерді және мониторингтік зерттеулерден алынған статистикалық мәліметтерді мектеп әкімшілігінің басқарушылық әрекетінде жеткіліксіз деңгейде қолданылуы;
  • Білім сапасында келісімді индикаторлардың болмауы.

Осының барлығы мектеп жай - күйі туралы объективті мәліметтер алуға және әртүрлі деңгейде: муниципиалды, аймақтық, және облыс аралық салыстырмалы мәліметтер алуға кедергі келтіреді. Сәйкесінше осыдан келіп, Білім беру мекемелерінде білім сапасын анықтауда тиімді механизмдерінің болмауынан әкімшілік пен педагогикалық ұжым арасында білім беру үдерісін реттеу қажеттілігінен қарама қайшылық туындайды.

Осы қарама қайшылық білім беруді арттыруға мүмкіндік беретін басқарушылық шешімдер қабылдап білім сапасын арттыруда мониторинг жүргізу механизмдерінің жеткіліксіздігін анықтады.

Осылайша, орта мектептің білім сапасын арттыру үшін диагностика мен мониторингтің негізгі тәсілдерін оқу үдерісінің талаптарын ескере отырып ұйымдастыру қажет. Осы мәселені маңыздылығы «Диагностика мен мониторинг мектептің білім сапасын арттырудың шарты ретінде» деген тақырыпты таңдап алуға түрткі болды.

Зерттеудің мақсаты : жалпы орта білім берудің сапасын диагностикалау мен мониторингілеуді теориялық тұрғыдан қарастырып, практикалық тұрғыдан анықтап және білім сапасын жетілдіру жолдарын тексеру.

Зерттеу объектісі : жалпы орта білім беретін мектептің білім сапасы

Зерттеу пәні : жалпы орта білім беретін мектептің білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеу үдерісі

Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер жалпы орта білім беретін мектептің білім жүйесін диагностикалау мен мониторингілеуді мемлекеттік стандарт пен мектепті бітуші түлектің моделі әдіснамалық тұрғыдан жетілдіріп ол тәжірибеде іске асатын болса, онда мониторингілеу жүйесі мақсаттылық сипатта болып, оқушылардың сапалы білім алуына негіз болып, жалпы орта білім беретін мектептің білім сапасын артуына ықпал етеді, өйткені диагностика мен монитиринглеудің мақсаттылыққа бағытталған жүйесі, түлектің кәсіби маман болып қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Зерттеу міндеттері:

  1. Жалпы орта білім беретін мектептің білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеуді теориялық тұрғыдан талдау арқылы негіздеу.
  2. Білім сапасын арттырудың мазмұндық құрылымдық моделін жасау.
  3. Білім беру сапасын диагностикалау мен мониторингілеуді ұйымдастырудың әдістемесін ұсыну және оның тиімділігін тәжірибелік жұмыстарда тексеру.

Зерттеудің әдіснамалық негізі мен әдістері: зерттеу мәселесі бойынша аналитикалық, нормативті құжаттардың талаптарын анализдеу, басқарудың теориялық, технологиялық жүйесін зерттеу, бақылау (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) диагностикалық, интервью, әңгімелесу, мәліметтерді салыстыру, маман дайындаудың ерекшелігін модельдеу, статистикалық, ақпараттық мәліметтерді жинап талдау, топтық тестілер, ойындар және т. б.

1. 1. Білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеу мәселесінің қазіргі уақыттағы даму тенденциялары.

Қазіргі замана дамуы кезеңінде білім сапасына диагностика жасау өзекті мәселе. Ол білім беру жүйесі оқыту процесіндегі ахауалдың статистикалық және динамикалық сипаттамасын айқындауға арналған. Тағы да ол оқу үдерісі немесе білім беру жүйесінің көлемі мен құрылымдық күрделілігіне байланысты зерттеліп отырған білім деңгейі мен педагогикалық үдерістің нәтижесін сан жағынан сипаттайтын критерийлер мен параметрлер кешенін анықтауға негізделген.

Педагогикалық диагностика бұл бақылау түрлерінің жүйесі. Онда өлшемдік тетіктер көмегімен оқу процесінің сандық, сапалық сипаттамасын белгілеп, қол жеткен табыстарын анықтауға болады. Педагогикалық диагностиканың мақсаты қай қырынан алғанда да сандық және сапалық көрсеткіштерді белгілеу, бұл жүйедегі істердің нәтижелері әрі тиімді болуы үшін қажет. Білім сапасына диагностика жасағанда оқыту процесінің нәтижесіне үңіліп, мамандар даярлығына мониторинг жүргізбей болмайды. Немесе керісінше, өйткені сандық, сапалық көрсеткіштерді жинау және байқап отыру объективті даму заңдылықтары мен жүйедегі хал жағдайға бара бар бағалауды белгілеуге арналған база болып табылады. Білімдегі сапа бағалаудың критерийлік базасы ұғымымен байланысты.

«Педагогикалық диагностика» ұғымын дұрыс түсіну үшін философия мен психологиядағы диагностиканың жалпы теориясын қарастыруымыз қажет. өйткені педагогикалық диагностика философия мен психологиядағы диагностиканың заңды жалғасы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесі
Дәйектілік принциптері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау
Сарапшы жүйесі мүмкіндіктер
БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
Бейіндік оқытудың жүйесі
Мектепішілік бақылау жүйесі
Құрылыс-монтаж жұмыстарын мониторингілеу үшін қажетті жағдайлар
Педагогикалық тестілеу және мектеп құжаттары мен оқушылардың қызмет нәтижелерін зерттеу
Лазерлер және олардың қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz