Диктант мәтінінің мазмұндылығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстары туралы әдістемелік еңбектерге шолу . . . 5

2 Эксперименталды бөлім . . . 8

2. 1 Түрлі жазба жұмыстарының өткізу жолдары мен әдістемесі . . . 8

2. 1. 1 Жазба жұмыстары, оның түрлері . . . 8

2. 1. 2 Жазба жұмыстарын өткізу әдістемелері . . . 9

2. 1. 2. 1 Диктантты өткізудің өзіндік ерекшеліктері . . . 9

2. 1. 2. 2 Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытудағы мазмұндаманың

түрлері . . . 20

2. 1. 2. 3 Жазба жұмыстар жүйесіндегі шығарманың алатын орны . . . 25

2. 1. 2. 4 Жазба жұмыстарының бір түрі - жаттығу . . . 32

3 Жазба жұмыстары - оқушы сауаттылығын арттырудың бір жолы . . . 41

3. 1 Оқушылардың жазба жұмыстарында кездесетін қателер түрлері,

оларды болдырмаудың жолдары . . . 41

3. 2 Жазба жұмыстардың оқушы білімін, сауаттылығын арттырудағы

орны . . . 46

Қорытынды . . . 48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тілінен оқытылатын курс мектепте тіл ғылымының негізінен теориялық білім беріп қана қоймайды, оның күнделікті өмірде қолданылатын практикалық жағынан да ескереді.

Тіл ұстарту - баланың ойлау процесімен байланысты әрі психологиялық фактор, әрі тіл білімінің зерттеу объектілерінің бірінен саналады. Баланың тілін дамыту, жеке сөздердің басын біріктіріп, сауатты сөйлеуге баулу - психология мен тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз байланысты құбылыс.

Зерттеудің әдістанымдық негіздері. Тіл ұстарту оқушы тілін дамытудың, сауатты жазудың негізі болып саналады.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Жазба жұмыстарының түрлері және оны өткізу жолдарын зерттеу барысында мына төмендегі мәселе ғылыми шешімін тапты:

  • Жазба жұмыстарының түрлеріне және жеке - жеке сипаттама берілді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жалпы білім беретін мектептерде өтілетін қазақ тілі пәні тілдік материалдарды меңгерумен бірге оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту жұмыстарымен тығыз байланыстырыла оқытылады.

Жазу мен айту - бір-біріне байланысты нәрсе. Сабақ барысында оқушының ауызша сөйлеуі бағдарлама аясында өтілген теориялық материалдарды дәлелдеу, ережелерді айту мақсатында болады.

Оқушының жазбаша тілін дамытуда, ойды байланыстырып құрастыруда, сөздерді орынды тіркестіріп, дұрыс жазуға дағдыландыруда жазба жұмыстарының алар орны айрықша. Қазақ тілі сабағының басты міндеттерінің бірі оқушы сауаттылығын арттыру екендігін ескерсек, бұл мақсат жазба жұмыстары арқылы жүзеге аспақ.

Осы дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым :

1. Жалпы орта мектепте қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстары мен

оларды өткізу жолдарына тоқталу.

2. Әдіскер - ғалымдардың жазба жұмыстары туралы пікірлерін негізге алып, әдістемелік мұраларына тарихи шолу жасау.

3. Мектептегі іс-тәжірибеме және баспасөз бетінде жарияланған ұстаздар тәжірибесіне сүйеніп, жазба жұмыстарда оқушылардың жіберген қателеріне және оларды болдырмау мақсатындағы жүргізілетін жұмыс түрлеріне талдау жасау .

4. Жазба жұмыстардың маңыздылығын, оқушының білім деңгейінде алар орнын айқындау.

Зерттеу нысаны. Жазба жұмыстары және оны өткізу жолдарының қазіргі қазақ тіліндегі түрлері, мағынасы мен қызметін зерттеуге арналды. Ғылыми талдауда әдеби тілдің нормасына жататын нақты тілдік деректер нысана болды.

Зерттеудің әдістері. Жұмысты жазу барысында жазба жұмыстарының өткізілуі, салыстыру әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілді.

Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысының қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының түрлері және оны өткізу жолдарын анықтау арқылы жасалған теориялық тұжырымдар тілдің морфология, синтаксис, сөзжасам салаларын оқыту әдістемесіне кішігірім үлес қосуы оның теориялық маңызын көрсетеді.

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне, жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде жазба жұмыстарына арналған курстар мен семинарларға дайындау барысында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

1 Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстары туралы әдістемелік еңбектерге шолу

Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері қазақтың көрнекті педагогі Ыбырай Алтынсариннің есімімен байланысты. Оның қаламынан туған: «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы», «Мақтубат» атты кітаптары тұңғыш қазақ оқулықтары ретінде тарихта қалды. Қазақ балаларының ана тілінде сауат ашу жұмысын дыбыстық әдіс бойынша үйреткен.

ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ ғалымдары еңбектерінде жазба жұмыстары арнайы сөз болмағанмен, сауатты жазуға үйрету жолдары қарастырылған. Сол кезеңдегі тіл мамандарының алдындағы мақсат - елді сауаттандыру, оқу құралдары мен оқулықтар жазу, орфография мен пунктуация ережелерін ұсыну, түйіндей айтқанда, практикалық мәселелерді жүзеге асыру болды.

Қазақ тіл білімінің, оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым Ахмет Байтұрсынов 1914 жылы Орынборда басылып шыққан «Тіл-құрал» еңбегінде: «Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.

Сөздің жүйесін қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек, » - деген тұжырым жасаған.

Ғалым сөйлеу мен жазуға айрықша мән беріп, жазудың өзіндік заңдылықтары мен ойды көркемдеп жазудағы ерекшелігін сөздің өзгеріске ұшырайтын дағдыларын білуді еске салады. [1. 142]

Ол «Қай әдіс жақсы?» атты мақаласында: «Сауаттылық негізі жазу екендігін сауаттылықтың шыққан жолы да көрсетеді. Сауаттылықты оқу мұқтаждығы тудырмаған, жазу мұқтажы тудырған.

Сауаттау әдісі дегеніміз - соны білдіруге жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы болады», - деп сауаттылық шарты жазу екендігін баса айтқан. [2. 362]

Қазақтың профессионал лингвисі, алғашқы профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов мектеп оқушыларының сауаттылығын арттыруда фонетикалық принципті ұсынып: « Емле негізіне қожа сол тілдің жаратылыс заңы болуға керек. Тіліміздің жаратылысына қарасақ, емле дыбыс негізді болуға керек», - деген. [3. 32-34]

Құдайберген Жұбанов буын мәселесіне де ерекше көңіл бөлген. Буын жүйесін оқушыларға терең ұғындырмай, сауатты жазу мүмкін еместігін былайша ескертеді: «Қазақ тілінің табиғатын дұрыс тану үшін буын жүйесін жете білу керек. Буынды жақсы білмесең, емлені де білмейсің.

Оқушылардың емле қателерін талдап қарағанда қатенің көбісі осы буын жүйесін дұрыс ұға алмағаннан келгені байқалады ». [4. 5]

Өткен ғасырдың 20 - жылдары көпшілік назарын аударған мәселе - мектептерде ана тілін қалай оқыту, әліппе мен емлені тіліміздің заңдылығына лайықты қайта құру, сол арқылы жазу ісін бір жүйеге келтіру, емле ережелерін жасау жұмыстары жүргізілді.

Осы орайда ғалым Қажым Басымұлының жазған еңбектерін атаған жөн. Қажым Басымұлының емле, орфография жөнінде:

«Әріп, емле, термин мәселесін көңілдегідей шешейік», «Бас әріптің жазылатын орындары», «Емлемізді түзеу туралы», «Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік», «Орфографияны жөндеу туралы» сияқты өзекті мақалалары жарық көрген.

Ол: «Оқуды жеңілдету, оңай сауаттандыру, сөйлеу - жазу тілін бір қалыпқа түсіру тіліміздің өркендеуіне, мәдениетіміздің гүлдене беруіне жол белгілейтін ірі мәселе болып саналады», - деп жазған. [5. 3-4]

1940 жылы Ғали Бегалиевтің «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы», 1950 жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деген еңбектері шыққан. Бұл - бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған оқу құралдары.

Ғалым Сейіл Жиенбаевтың орта мектеп оқытушылары мен педагогикалық училище студенттеріне көмекші құрал ретінде жазған «Қазақ тілінің методикасы» (бірінші басылымы - 1941 ж, екінші басылымы - 1946 ж. ) оқулығының құндылығы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.

Ана тілі методикасының педагогикалық негіздері, талдау үлгілері, жазу жұмыстары т. б. қарастырылады.

ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазақ тілінің орфографиясы ғылыми әрі әдістемелік жағынан терең зерттеле бастады. Орфография туралы әдістемелік еңбек жазған - Кәшен Жолымбетов. Ғалым 1958 жылы «5-6 класс оқушыларында кездесетін орфографиялық қателерді түзету және болдырмау жолдары». «5-7 класс оқушыларының ана тілінен өз бетімен жұмыс жүргізуі үшін қосымша тапсырмалар» (1961) . Қазақ орфографиясын оқытудың негізі» (1962), «Қазақ тілін оқыту методикасы» (1991) еңбектерінде орфографияны оқытудың негізгі принциптері мен әдіс-тәсілдеріне тоқталған.

И. Ұйықбаевтың 1959 жылы «Қазақ тілін оқыту мәселелері» атты мұғалімдерге көмекші құралы жарық көрді. Бұл кітапта қазақ тілі орфографиясын үйрену, бірге жазылатын сөздердің емлесі т. б. айтылады. Сонымен байланысты орындалатын жазба жұмыстарын ұсынған. Емле мәселесін И. Ұйықбаев «Қазақ тілі орфографиясын оқыту жөнінде методикалық нұсқауында» (1962 ж) сөз еткен. Бұл - дауысты мен дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесін оқытуға арналған еңбек.

Тыныс белгілерді оқыту әдістемесін зерттеген - Шәріп Әуелбаев. Оның «Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалары (1971), Пунктуацияның қиын мәселелері» (1977) сияқты еңбектері жарыққа шыққан.

Ә. Алдамұратов «Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы» (1983 ж) еңбегінде оқушыларға қазақ тілі грамматикасының ұғымдарын меңгерту мәселелерін психология ғылымы тұрғысынан қарастырған. Автор жазба жұмыстар мен оның психологиялық мәселелеріне тоқталады. Оқушылардың жазба жұмыстарын зерттеуде 5-6 сыныптардағы сөз таптарын оқыту материалдарына сүйенген.

Тіл маманы Бибігүл Кәтенбаеваның «Сауатты жазуға керек дағды» (1992ж) мақаласын да айтқан жөн. Аталған мақалада оқушылардың жазба жұмыстарында жиі жіберілетін кемшіліктерді көрсетеді.

Қорыта келгенде жазу мен айту - бір - біріне байланысты нәрсе. Сабақ барысында оқушының ауызша сөйлеуі бағдарлама аясында өтілген теориялық материалдарды дәлелдеу ережелерді айту мақсатында қазақтың көрнекті педагогі Ыбырай Алтынсариннің есімімен байланысты. Ол «Қазақ хрестоматиясы», «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы», «Мактубат» атты тұңғыш оқулықтары ретінде тарихта қалды.

ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ ғалымдары еңбектерінде жазба жұмыстары арнайы сөз болғанмен, сауатты жазуға үйрету жолдары қарастырылған.

2. Эксперименталды бөлім

2. 1 Түрлі жазба жұмыстарының өткізу жолдары мен әдістемесі

2. 1. 1 Жазба жұмыстары, олардың түрлері

Оқушы ойын дұрыс құрастырып сөйлей білумен қатар, айтылған ойды мұқият тыңдай білуі қажет. Тыңдау дағдысы дұрыс қалыптасқан оқушының сөйлеу тілі де, жазу стилі де жатық болады. Жазба жұмыстарын орындау барысында мұндай дағды үрдістері қажет-ақ.

Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстары дегеніміз -оқулықтардағы теориялық тілдік материалдар негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, педагогикалық принциптермен тығыз байланыста жүргізілетін дағдыландыру жұмыстары.

Берілген білім практикада түрлі жұмыстар арқылы бекітіліп, тексеріліп отырады. Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстарының негізгі түрлері :

1. диктант

2. мазмұндама

3. шығарма

4. сыныпта және үйде орындалатын жаттығулар.

Мұғалім қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстары арқылы тілдік ұғымдарды меңгеруге дағдыландырып қоймай, оқушылардың дүниетанымын, білімін кеңейтіп, әдеби мұраларды зерделей, сөз қадірін ұғынуға жетелейді.

Осыған орай, мұғалімнің міндеті - оқушының өз ой-пікірін еркін, сауатты, мазмұнды түрде, жазбаша баяндауға үйрету. Оқулықтағы жаттығулармен қатар оқушылардың зердесін көтеріп, дамытып отыратындай қосымша танымдық материалдарды беруі тиіс.

Жалпы орта білімнің бірінші сатысы бастауыш сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктеріне лайықталып, диктант, мазмұндама, шығарма, жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқушының бастауыш сыныптарда осылайша іргетасы қаланған білім көлемі негізгі 5-9 және 10-11 сыныптарда тілдік материалдармен кеңейе түседі.

Мұғалім жазба жұмыстарында сабақтың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын естен шығармағаны жөн. Жазба жұмыстары мынадай төрт бағытты қамтиды:

  1. орфографиялық, пунктуациялық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

2. оқушыға әдеби тіл нормасын игерту, сөздік қорларын кеңейту.

3. оқушының өз ойын нақты, дәл байланыстыра жаза білу қабілетін дамыту.

4. шығармашылық ізденіске баулу.

Жазбаша жұмыстарда оқушының шығармашылық ізденісін, білімге құштарлығын арттыру, дүниетанымын кеңейту, белгілі бір икемділікке баулитын жұмыстар орындалады. Сонымен бірге анықтамалар мен қағидаларды жазба жұмыстарда дұрыс қолдана білуге әдеттендіру, оқушының іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсат етіледі. Оқушыларға ана тілі грамматикасының, орфографиясы мен пунктуациясының негіздерін жете меңгерту үшін, әрбір сыныпта түрлі жазба жұмыстары жүргізіледі.

Оқушы ой өрісінің терең болуы мұғалімнің теориялық, әдістемелік білім деңгейіне, ұстаздық шеберлігі мен қабілетінің жоғары болуына байланысты. Шәкіртті әдеби тілде жатық, мәдени сөйлеп, сауатты жаза білуге, пікірін еркін айтып жеткізуге, ойын дәлелдей сөйлеуге дағдыландыру тіл пәні мұғалімінің шығармашылық жұмысының жемісі болмақ.

Сонымен, жазба жұмыстары дегеніміз - оқулықтардағы теориялық тілдік материалдар негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, педагогикалық принцептермен тығыз байланыста жүргізілетін дағдыландыру жұмыстары.

Қазақ тілінде жазба жұмысының төрт түрі бар. Олар оқушылардың шығармашылық ізденісін, білімге құштарлығын арттыру, белгілі бір икемділікке баулитын жұмыстар болып саналады.

2. 1. 2 Жазба жұмыстарын өткізу әдістемелері

2. 1. 2. 1 Диктантты өткізудің өзіндік ерекшеліктері

Мектепте тіл сабағында өткізілетін жазба жұмыстарының бір түрі диктант болып табылады.

Диктант латын тілінің «дикто» деген сөзінен шыққан, «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын сынау үшін өткізіледі. Диктант естіген және көрген мәтіндерін дұрыс жазуға үйретеді.

Белгілі әдістемеші - ғалымдардың сабақты дидактикалық мақсатына қарай бірнеше түрге бөліп жүргені мәлім. Диктант жазбаша бақылау-тексеру сабағына жатады. Сонымен бірге диктантты өзінің алдына қоятын мақсат, мазмұны жағынан қайталау, жинақтау немесе білім сапасын анықтау сабағы деп те атауға болады.

Ана тілі сабағы жүргізілетін сыныптардың барлығынан диктант алынады. Диктант өткізудің өзіндік ерекшелігі, жолы, тәсілі бар. Оған да әдістемелік шеберлік керек.

Диктант өзінің мақсатына жету үшін, мәтініне қойылатын төмендегідей талаптарды ескеру қажет:

  1. Диктант мәтінінің мазмұндылығы.

2. Өтілген ережелерге сай келуі, мәтіннен тиісті орфограммалардың ұшырасуы.

3. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болумен қатар, білім беретіндей болуы.

4. Диктанттар жинағынан, көркем әдебиеттерден, газет-журналдардан алынып, оқушылардың таным-түсінігін қалыптастыратындай болуы, авторы көрсетілгені жөн.

5. Диктантты ұйымдастыру жұмысы дұрыс жолға қойылуы керек.

Әдіскерлер диктантты бірнеше түрлерге жіктеп, өткізу жолдарына түсініктеме берген. С. Рахметова диктанттың бастауыш сыныптардағы мынадай түрлерін көрсеткен:[6. 133-134]

1. Ескерту диктанты.

2. Іріктеу диктанты.

3. Түсіндіру диктанты (сөздік диктанты, үнсіз диктант) .

4. Творчестволық диктант.

5. Ерікті диктант.

6. Бақылау немесе тексеру диктанты.

Бастауыш сыныптарда кемінде айына бір рет диктант жазу ұсынылуы тиіс.

И. Ұйықбаев, Д. Әлімжанов, Б. Кәтенбаева, А. Ошқаровтардың авторлығымен 1969 ж. шыққан «Қазақ тілі методикасының мәселелері» атты еңбекте диктанттың төмендегідей түрлерін ұсынған:

1. Түсіндірме диктант.

2. Терме диктант.

3. Өздік диктант.

4. Творчестволық диктант.

5. Сөздік диктанты.

6. Өзімді тексеремін диктанты.

Түсіндірме диктант белгілі бір грамматикалық ережелерге байланысты жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан соң ережеге сай келетін сөйлемдерді айтып, оқушыларға жаздырады. Ол түсіндірме диктанттың есту арқылы болатын түріне (құлақ жаттықтыру) жатады. Мұның көру арқылы болатын түрі де бар (көз жаттықтыру) . Кітаптан бір үзінді алып, сыныптағы барлық оқушыларға оны оқытып, оқығанын жатқа жаздырады немесе тақтаға ережеге байланысты орфограммалары бар сөйлемдерді жаздырып, олардың емлесін түсіндіріп болғаннан кейін, тақтаға жазғанды жауып немесе өшіріп, оны оқушыларға жатқа жаздыртады. Сонан соң тақтадағы жабулы сөйлем ашылады, оқушылар қателерін түзетеді. Көру диктантына 15-20 минут ғана уақыт бөлінеді.

Түсіндірме диктанттың есту және көру арқылы болатын түрлерін араластырып жүргізуге болады. Диктанттың бұл түрінің сөздердің орфограммаларын есте қалдыруға, жазып үйретуге зор пайдасы бар. Көру диктанты төменгі сыныптарда, ал жоғары сыныптарда есту арқылы болатыны көбірек өткізіледі.

Түсіндірме диктанты кейде ескерту диктанты деп те аталады. Бұл оқушылардың өтілген материалдардан алған білімін жетілдіре түсуге себін тигізеді. Түсіндірме диктантын жаздырардан бұрын мәтін талданып, объект сөздер ерекшеленеді, түсініктер беріледі. Оқушылар керек етсе, қиын сөздер тақтаға жазылады. Мұны сыныпта оқушыларға бір-біріне тексертуге де болады. Диктанттың бұл түрін кез-келген тақырыптан кейін алуға болады.

Мысалы: 5-сыныпта сөйлемнің бірыңғай мүшелерін өткенде, бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылатынын айтып, осыған байланысты бірнеше сөйлемдер жаздыруға болады .

Суыр бөрік, сұр тонды жүргінші үнсіз, жым-жырт сұр тастардың қат-қабат шыңына кірді. Ол қысқа мұртты, өткір көзді, сұлу жүзді, қара күрең жігіт еді. Қызылбалақтың сілкінуі тегі ерекше болатын. Оқыс сілкініп қалғанда атты да, адамды да еріксіз елең еткізіп қалушы еді

Бұл уақыттарда Абай күндізгі, кешкі уақытының көбінде кітап оқиды. Кітапхананың ұзынша оқу бөлмесінде жұрт толып отыр екен. Абай кітапқа үңілген жандарды байқады. Әр жастағы, әр алуан киімді еркек-әйелдер, жас оқушылар мен қыздар да көрінеді. Абайды танитын әжімді жүзді, шоқша бурыл сақалды, жұпыны киімді қарт кітапханашы жымия күлді (М. Әуезов) .

Терме диктант

Терме диктантта мәтін ішінен өтілген ережеге байланысты сөздер, сөз тізбектері немесе жеке сөйлемдерді теріп жазады. Терме диктант мәтінінің көлемі аз болады.

Терме диктант фонетиканы, лексиканы және грамматиканы пысықтау үшін өте керек, баланың ақыл-ойының дамуына көмектеседі. Оқушыларға бір мәтін беріп, оның ішінен сөз тұлғаларының бірін теріп жазыңдар деп, тапсырма беруге болады.

Мысалы, 8-сыныпта оқушыларға мына мәтінді оқып шығып, етістіктерден болған баяндауыштарды бастауыштармен қоса теріп жазыңдар деп тапсырылды.

Терме диктант

Үй ішінде Қанышты өзінше баулыды. Жасы онға толған баласын есі кірген адамға жорыды. Бұған баланың зеректігі мен ұғымталдығы да себеп болды. Сабағын әзірлеп бітіргеннен кейін әкесі Қанышты қасына отырғызып алады да, қисса-дастандар оқытады. Өзі тапжылмаған қалпы бас шұлғи тыңдайды. Бұдан басқа ұлы бабасы Бұқар жыраудың жыр-толғауларын да жатқа айтқызады. Осылайша Қаныштың көкейінде талай дастандардың сарыны сақталып қалды. Әсіресе әкесі үзбей оқытатын «Едіге» жырының оқиғасы жадында өшпестей жатталды

Саналы бидің үзбей жыр-дастан айтқызуының мәнісі - баласының ана тілін меңгеруіне себін тигізудің тәсілі еді. .

Қаныш туған халқының салт-дәстүріне, өлең өнеріне, мәдени мұраларына қаныға берді. Сүйіспеншілігі тасқындады. Қариялар сөзіне құлақ түре жүріп, қазақтың таралым шежіресінен де көп жайларды білді.

Сырғыған жылдар Қанышты ширатып, жаңа-жаңа белестерге өрмелетті. Қаныш төрт сатылы мектепті екі жылда тәмамдады. Уақыт та шапқан аттай зымырап өте шықты (Қ. Толыбаев. «Қаныш Сәтбаевтың балалық шағы» кітабынан) .

Терме диктанты арқылы оқушылардың грамматикалық категориялар мен формаларды қалай білетінін байқауға болады.

Өздік диктант

Бұл диктант бұрыннан білетін мәтінді жатқа жазу үшін қолданылады. Ол оқушылардың логикалық ойын дамытады. Өздік диктанттар оқушылардың есте сақтау қабілетін де арттырады. Оқушылар өздері жатқа білетін өлең шумақтары мен прозалық сөздерді қағазға түсіреді. Өздік диктантқа алынатын мәтін күні бұрын хабарланады.

Объект сөздер мен тыныс белгілеріне назар аударылуы ескертіледі. Ол үшін оқушылар мәтінді түгел жатқа білуі тиіс. Жазба жұмысының бұл түрі оқушылардың мәтінге байланысты орфограммалар мен тыныс белгілерін өздігінен қоя білу дағдыларын нығайта түсу үшін керек.

Шығармашылық диктант

Бұл диктант оқушылардың өз беттерімен жазған жұмыстарында қателер жібермеуге дағдыландыру, өз ойларын сауатты жазуға машықтандыру мақсатында жүргізіледі. Диктанттың бұл түрі түсіндірме диктантқа өте ұқсас. Мұнда мәтінді не сөйлемді оқушылардың өздері ойлап толықтырады.

Шығармашылық диктант та оқушылардың логикалық ойын дамытады. Мұны өткізгенде, сөйлем құрау, сөздерді сөйлемге енгізу сияқты мәтіндер ұсынылады. Бұл көбінесе жаттығу түрінде жүргізіледі. Кейде сөйлемдегі сөздердің орындарын ауыстырып, оларды орын-орындарына қойып жазу тапсырылады. Егер сөздер түгел атау тұлғада алынып, олардың байланысын келтіріп, сөйлем құрау тапсырылса, мұндай жұмыстың оқушыларға тигізер пайдасы зор болады.

Оқушылардың құрастырған сөйлемдерін оқытып, қателерін өздеріне тапқызған дұрыс.

Мұғалім тақтаға жеке сөздерді жазып, соларды келтіріп сөйлемдер құрастырып жаздырады немесе тақырып беріп, сол сөздерді қатыстыра шығарма жаздырады.

Мысалы: көктем, халық, ақ, наурыз, мейрам, дәстүр деген сөздерді келтіріп, сөйлем құраңдар немесе осы сөздерді қатыстырып, «Наурыз мейрамы» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар деген сияқты тапсырма беруге болады.

Суретпен жұмыс та жүргізуге болады. Тілдің барлық салаларында өткізіледі. Шығармашылық диктант сабақты жинақтау, қорытындылау кезінде қолданылады. Шығармашылық диктант оқушыларды мазмұндама, шығарма жазуға үйретеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жүргізілетін жазба жұмыстары
Жазба жұмыстарының түрлері және оның өткізудің жолдары
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарында оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары. АВТОРЕФЕРАТ
Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған мәліметтер
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінде жүргізілетін жазба жұмыстары
Морфологиялық жаттығулар
Бақылау диктанты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz