Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау


Мазмұны
Кіріспе
1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері
1. 1 Жобалық талдаудың маңызы мен мақсаты
1. 2 Жобалық талдаудың түрлері
1. 3 Жобалық талдаудың қағидалары
2 Қазақстан Республикасындағы даму институттарының инвестициялық жобаларын талдау
- Жобалық талдаудың концептуалды негіздерін бағалау
- «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау
2. 3 «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ның инвестициялық жобаларын сипаттау
3 Қазақстан экономикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы
3. 1 Инновациялық-инвестициялық жобалардың мәні мен маңызы
3. 2 Инновациялық-инвестициялық жобалардың даму перспективасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
Жобаны іске асыру - бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты - бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
Жобалық талдаудың ақша ағынын модельдеу, жобаны оның өмірлік циклі бойынша қарастыру, уақыт факторын ескеру, инфляцияның әсерін есепке алу, тәуекелдің әсерін ескеру, кәспорындардың қаржылық жағдайын «жобамен» және «жобасыз» шарттарымен салыстыру деп аталатын қағидалары бар.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Курстық жұмытың тақырыбы: «Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері».
Курстық жұмыстың мақсаты: жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу.
Осыдан келіп, курстық жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:
- Жобалық талдауды маркетингтік тұрғыдан қарастыру;
- Жобалық талдаудың техникалық қырларын анықтау;
- Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау;
- Жобаның институцноналдық талдау жолдарын көрсету
- Жобаны тәуекелді талдау арқылы сараптау.
Курстық жұмыс қысқартылған сөздер, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде, жобалық талдаудың түсінігі: мақсаттары, міндеттері, түрлері және қағидалары туралы жазылған.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы даму институттары, оның ішінде «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, « Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ның инвестициялық жобалары талданған.
Үшінші бөлімде, Қазақстан экономикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы мен дамуы сипатталған.
Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек.
Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері
1. 1 Жобалық талдаудың маңызы мен мақсаты
Жобалық талдау инвестициялық жобаны алдын ала дайындау кезеңінде жүзеге асырылады. Жобалық талдау арқылы инвестициялық жобаның іске асырылу тиімділігіне баға бріледі.
Жобалық талдау - бұл жобаға жұмасалатын шығындарды, осы жоба бойынша түскен табыстарды салыстыру негізінде жобалық табыстардың салыстыру негізінде жобалық талдаудың үдерісі болып табылады.
Жобалық талдаудың міндеттері:
- іске асырылған жобаның іс жүзінде кедергі болар шектеулерін және олардың өзгерістерін ала отырып, қол жеткізетін нәтижеге баға беру;
- жоба бойынша жұмасалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және оларды әр түрлі нұсқалар бойынша салыстыру;
- жобаны іске асырудан түскен табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.
Жалпы алғанда жобалық талдаудың бірінші міндеті инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау; екіншісі - нәтижелігін бағалау; үшіншісі -тиімділікті бағалау; төртіншісі - жобаны белсендіру болып табылады.
Жобалық талдаудың мақсаты - инвестициялық ресурстарды пайдаланудың балама тәсілдері арасында талдау туралы дұрыс шешім қабылдау. Жобалық талдау инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалған шығындар мен одан алынатын пайданы салыстыруды көрестеді. Сол себепті жобаны талдауда жоба құндылығын анықтау маңызды рөл атқарады. Жоба құныдылғының шамасы осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде алынатын пайда мен оған жұмсалатын шығындар айырмасымен анықталады.
ЖҚ = П - Ш,
мұнда, П - пайда (табыс) ;
Ш - шығындар.
Инвестициялық жоба пайдасы мен оған жұмсалатын шығын құрамы әр түрлі сипатталады және оны анықтау оңай емес. с оныдықтан жобалар әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Ең алдымен инвестициялық жобалар техникалық негізделген бе, коммерциялық тұрғадан өміршең бе, өзін-өзі қайтарымдылығы қамтылған ба, экономикалық тұрғыдан өзін-өзі ақтай ма, жобаның қоршаған ортаға әсері жағымды немесе жағымсыз ба, жергілікті әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық ерекшеліктеінің жобадағы көрінісі, жобаны жүзеге асырудағы институционалдық мүмкіндіктерінің болуы тұрғыларынан қарастыру қажет.
Инвестициялық жобаны талдаудың екі көзқарасы бар:
- макрокөзқарас;
- микрокөзқарас.
Макрокөзқараста қарастырылып отырған жобаның жалпы мүмкін болатын нәтижелерін талдаудың үш түрін көрсету керек - салалық, аймақтық, ресурстық.
Салалық талдауда осы жобаға қатысты салаларды, аймақтық талдауда инвестициялық обьектіні орналастыру үшін нақты аймақтың мүмкіндіктерін, ресурстық талдауда табиғи шикізаттарды және басқа да ресурстарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін тиімді пайдаланумен байланысты нақты мүмкіндіктерді айқындау қарастырылады.
Микрокөзқарас бойынша инвестициялық жобаны талдау инвестордың жоба туралы ойын анық инвестициялық көзқарасқа ауыстыруға ынталандыру бойынша бірқатар факторларды анықтау болып табылады.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі(жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
1. Жобаның тұжырымдалуы. Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес- идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т. б. - оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.
3. Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек.
Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен
өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты - бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
5. Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері мынадай:
1. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдеу керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.
2. Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты - жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым тиімді бола бермейді.
3. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңеуті. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
4. Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңеуту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.
5. Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма - жобалардың қай түріне назар аудару керек: 1) капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе 2) ағымдағы шығындарды көбейте отыры, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.
6. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т. с. с. қамтиды.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы
жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийларді қолданады:
- саланың пісіп - жетілуі;
- кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы.
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілген немесе ескірген. Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.
Кәсіпорынның пісіп- жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.
Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты «торға» жататындығын білдіреді.
Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет
- стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;
- егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.
Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қолданбайды» революциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың жауабына байланысты:
1. Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
2. Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда көре аламыз ба?
Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды. Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі- маркетингтің жеткілікті болмауында.
Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:
1. Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық па немесе ішкі нарық па?
2. Жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арсындағы балансты ойластырама?
3. Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса, онда оның мақсаты мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ме?
4. Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары мемлекеттің ішкі саясатыны жауап бере ме?
5. Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны ары қарай қарастыру керек пе?
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
1. жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
2. жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
3. жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.
Инвестициялық жобаның қаржылық талдау бөлімінде көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:
1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына
талдау жасау.
2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.
5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі. Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек. Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар мен тұрақтыға бөлінуін қамтиды.
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
- жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
- инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;
- инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;
- жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
- жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.
1. 2 Жобалық талдаудың түрлері
Инвестициялық жобаны талдау қарастырылатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді. Сондықтан да, инвестициялық жобаны жасау және жүзеге асыру үшін әлемдік және отандық тәжірибеде инвестицияық жобаларды талдауды бірнеше түрге бөлуге болады.
Жобалық талдаудың түрлері:
- Техникалық талдау;
- Коммерциялық талдау;
- Институционалдық талдау;
- Әлеуметтік талдау;
- Қоршаған ортаны қорғау немесе экологиялық талдау;
- Қардылық талдау;
- Экономикалық талдау.
Техникалық талдау - бұл инвестициялық жобаға қолданылатын ең тиімді техника мен технологияларды анықтау және обьектінің орнын таңдай мәелелері шеңберінде жүргізіледі.
Техникалық талдаудың негізгі мақсаты осы инвестициялық жобаға ең тиімді техника және технология нұсқаларын қарастыру және анықтау болып табылады.
Техникалық талдау келесідей міндеттемелерді шешуге көмектеседі:
- техникалық - технологиялық нұсқауларын анықтау;
- орналасқан жерін таңдау;
- жобаның көлемін анықтау;
- жобаның жүзеге асыру мерзімін және оның кезеңдерін анықтау;
- шикізат көздерінің, жұмыс күшінің және басқа да ресурстардың қол жетімділігін және жеткізілуін анықтау;
- өнімінің нарық сыйымдылығын анықтау;
- ескергендегі кездейсоқ жоспарланған жобаның шығындарын болжау;
- жобаның графигін анықтау.
Жобаға техникалық талдауды жүргізу барысында жобаның сметасы мен бюджеті анықталады. Мұндай кездейсоқ шығындарға әкелетін мүліктік және бағалы факторларға талдау жүргізіледі. Техникалық талдау арқылы жобаның іске асырылуына қатысты құрылыстық және архитектуралық мәселелер шешіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz