Кәсіпкерлердің жаңа әдістері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
1. 1 Жұмысбастылықтың эволюциясындағы классикалық және қазіргі теориялары3
1. 2 Кәсіпкерлік ілімінің қалыптасуы тарихы3
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ3
2. 1 Қазақстандағы 2007-2011 жж. аралығындағы туристік тасымалды талдау3
2. 2 Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы жұмысбастылық жағдайы3
2. 3 Қазақстандағы туристік кәсіпорындарының қазіргі жағдайын бағалау3
3 ЖҰМЫСБАСТЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ3
3. 1 Халықты жұмыспен қаму бағдарламаларының перспективасы3
3. 2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау3
ҚОРЫТЫНДЫ3
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ3
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде шаруашылық түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнестің әлеуметтік - экономикалық мәні зор екені белгілі. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.
Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады делiнген. Осыған байланысты Үкімет 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізіп, оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп айтылған. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.
Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
- несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;
- шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;
- бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;
- кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары.
“Бизнестің жол картасы-2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады [1] .
ҚР-да өткізілетін экономикалық реформалардың тиімділігін ең толық және ұтымды пайдаланудың, қаржылық құралдарды басқару және реттеу мүмкіншіліктерімен тікелей байланысты, солардың қатарына несие жатады. Қазіргі несиелік қатынастардың мәнділігі, өндірістік және қоғамдық өнімді іске асыру және ұлттық табыстың үдерісінде пайда болатын, өндіріске және елдің экономикалық әлуетінің үздіксіз өсу ынталандырумен несиенің белсенді ықпалы дәлелделді.
Дүниежүзінде шағын және орта кәсіпкерлігі экономиканың икемді және нәтижелі секторлардың бірі болып табылады. Оның үлесіне түсетіні, жалпы ішкі өнімнің бөлігін жасау, онда экономикалық белседі тұрғындардың үлкен бөлігі жұмыс істейді. Жұмыс қамтылуды қамсыздандырумен қатар, шағын және орта кәсіпкерлігі бәсекеге жарамды, серпінді және әртараптандырылған экономиканы жасауға үлкен үлес қосады.
Шағын және орта бизнес XX ғасырдың аяғында және қазіргі экономикада үлкен орын алады, мемлекеттің гүлденуінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан шағын және орта бизнестің субъектілерін қорғау жөніндегі сұрақ, мемлекеттің маңызды сұрағы болып келеді. Шағын және орта бизнес саласын несиелендіру, республиканың экономикалық өсуін нығайту және тұрақтандыру бағдарламасы басымдықтың бірі болып табылады.
Жұмыспен қамту қазіргі кезде әр мемлекеттің алдына қойған проблемаларының бірі. Әр елдің тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейі сол елдің даму деңгейін көрсетеді. Егер жұмыспен қамтылу жоғарғы деңгейде болса онда сол елдің халқының әлеуметтік-экономикалық деңгейі соған сәйкесті жоғары болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі» [2] .
Қазіргі таңда ел экономикасының қозғаушы күші - кәсіпкерлік пен әлеуметтік мәселе жұмысбастылық өзекті болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпкерлік және жұмысбастылық ұғымдарын қарастырып, қазіргі даму деңгейін талдап, кәсіпкерліктің мемлекеттік бағдарламаларын қарастыру.
Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді қарастыру көзделді:
- жұмысбастылықтың эволюциясындағы классикалық және қазіргі теориялары н анықтау;
- кәсіпкерлік ілімінің қалыптасуы тарихы н қарастыру;
- Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және кәсіпкерлік туризмнің даму жағдайын талдау ;
- жұмысбастық және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын бағалау.
Зерттеу объектісі болып Қазақстандағы жұмысбастылық және кәсіпкерлік табылады.
Зерттеу көздері отандық және шет елдік еңбектер мен бағдарламалар. Туризм саласындағы ғалымдардың зерттеу жұмыстары, баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері (әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер) қолданылды.
1 Жұмысбастылық пен кәсіпкерлік ұғымдарының теориялық негіздері
1. 1 Жұмысбастылықтың эволюциясындағы классикалық және қазіргі теориялары
Еңбек нарығының негізгі элементтерінің бірі ретінде жұмыспен қамту қарастырылады. Жұмыспен қамту - бұл халықтың еңбекке кірісу мөлшерін, жұмысшы мен оның жеке мұқтаждықтарының қанағаттандырылу дәрежесін, ақы төленетін жұмыс орындарындағы табыс табуға мүдделілігін көрсететін еңбек қызметіне қатысуы жөніндегі қатынастар жиынтығы [3] .
Сурет 1. Еңбек нарығының құрылымы.
Еңбек нарығының теориялық негіздері тарихының іргетасының қалануына классикалық мектеп өкілдері көп үлес қосқанын білеміз. ХХ және ХХІ-ғасырларда еңбек нарығы теориясы А. Маршал, Д. Кейнс, П. Самуэльсон, К. Маркс сияқты т. б. көрнекті экономист-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды. Экономика ғылымында алғаш рет еңбек нарығының теориялық негіздерін қалаған классикалық мектеп өкілдерінің бірі шотланд экономисті Адам Смит болып табылады. [4] .
Классикалық экономиканың көрнекті бір өкілі Давид Рикардо (1772-1823жж. ) жалақы мөлшерінің еңбек ұсынысына тәуелділігі туралы қағиданы дәлелдеді. Қазіргі еңбек нарығы жалдау және еңбек ұсынысымен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады. Оны төмендегі суреттен көре аламыз.
Сурет 2. Жұмысшылар санаты.
Жұмыспен қамтудың алғашқы теорияларының бірі классикалық теорияға келетін болсақ, аталмыш теория нарықтық жүйе адамзат ресурстарын қоса алғанда, барлық ресурстарды толық пайдалануды, яғни экономикадағы халықты жұмыспен тұрақты және толық қамтамасыз етеді деген қағиданы ұстанады. Сонымен қатар осы теорияның негізін қалаушылар жұмыспен қамту көлемі бір жұмысшының жалақысының орташа ставкасына тәуелді болатындығын айтады [5, 15б. ] .
Неоклассикалық экономикалық теорияның ең басты өкілі, «маржинализмнің» кембриджтік мектебінің лидері Альфред Маршалл жұмыскерлердің білім деңгейін арттыру, білікті жұмыскерлерге нарықты кеңейту қажеттігін, оның жұмыс күші нарығында жұмыспен қамтуды арттыратынын айтқан .
Ұзаққа созылған әлемдегі ұлы дағдарыс (1931-1933 жж. ) классикалық экономикалық теория тұжырымын жоққа шығарды. Ол жаппай жұмыссыздыққа бастаған ұзақ жылға созылған депрессия жағдайында жұмыспен қамтуды реттеу теориясында жаңа көзқарастарды дәлелдеуді талап етті [5, 8б] .
Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселенің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мультизияндық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді.
Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы - жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері - «монетаристер» - осы көзқарасты қуаттайды.
Жұмыспен қамту теориясының қалыптасуына аса зор үлес қосқан ғалымдардың бірі - К. Маркстің экономикалық іліміндегі маркстік теория қосымша құн теориясы, капиталдың органикалық құрылымының өсім теориясы және халық туралы заң сияқты қағидаларға негізделеді. Маркстің зерттеуіндегі маңызды қағида - капитал құрылысы және оның жинақталу барысында басынан кешетін өзгерістері. Тұрақты капиталдың айнымалы капиталға қатынасын ол капиталдың органикалық құрылысы деп атаған. Мұнда құрылыс өзгеріссіз қалатын болса, еңбекке деген сұраныс капитал өсіміне пропорционал ұлғаяды. Олай болса, өндіріс және жұмыспен қамту өсімімен қатар жалақы да өсуі мүмкін. Бірақ нарықтық капиталистік шаруашылық өсіміне қарай капиталдың органикалық құрылысы өседі. Ең әуелі бұл өсім қосылған құн ықпалына негізделеді. Артық қосылған құн алуға талпыныс жасай келе, кәсіпкерлер кәсіпорындағы тауарлардың жеке құны қоғамдық құннан төмен болуын көздейді. Ал ол үшін тұрақты капитал шығындарын техникалық жағынан жетілдіру және ұлғайту қажет. Нәтижесінде айнымалы капитал үлесі азаяды, жұмыс күшіне сұраныс салыстырмалы түрде төмендейді, жұмыспен қамтылғандар саны барлық капитал мен барлық қоғамдық өндірістің өсімімен салыстырғанда баяу ұлғаяды. Осыған байланысты К. Маркс өндірістің капиталистік тәсіліне тән халықтар заңын қалыптастырады, ол мынадай: «жұмысшы халық капиталды жинақтай отырып, өспелі мөлшерде қаражат өндіреді, ал ол оны салыстырмалы түрде артық халыққа айналдырады» [6, 39б. ] . Бұл артық халық капиталистік өндірісті дамытуда, оны қажетті жұмыс күшімен тұрақты қамтамасыз етуде аса маңызды болып табылады.
Мальтузиандық теорияны Англияның классикалық политэкономиясының көрнекті өкілі Томас Роберт Мальтус жасаған. Ол 1798 жылы «Халық өсуі заңының тәжірибесі» кітабын шығарды. Онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі: яғни бір 25 жылда екі есе өседі: ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны 1, 2, 4, 8, 26, 32 және тағы басқа, ал өмір сүру жабдығы - 1, 2, 3, 4, 5 және тағы басқа. Сөйтіп, артық халық - бүкіл адамзаттың кедейлікке ұшырау еншісі.
Батыс мектебінің өкілдері 20-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық - жалдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді.
Жұмыспен қамту теориясының келесі бір түрі, неоклассикалық теорияның жаңа бағыты - монетаризмнің негізін американдық экономист М. Фридман қалады. Ол баға салыстырмалы түрде тұрақты болғанда ғана жұмыспен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге болатындығын айтты.
Сондай-ақ, М. Фридман: «Инфляция емес, болжанбаған инфляция ғана маңызды, инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ, нақты факторларға сәйкес келетін, жұмыссыздықтың нақты деңгейі болады . . . Жұмыссыздықты жеделдететін инфляция көмегімен сол деңгейден төмен не жеделдетілген дефляция көмегімен жоғары ұстап тұруға болады . . . Инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ, тек уақытша таңдау болуы мүмкін . . . Инфляцияның өспелі қарқыны жұмысбастылықты азайтуы мүмкін, ал жоғарғы қарқыны өсірмейді . . . Инфляциямен күресудің бір ғана жолы бар, ол - ақша санының өсу қарқынын баяулату», - деген тұжырым айтты.
Олай болса, жұмыссыздық табиғи деңгейінде еңбек нарығындағы ұзақ және тұрақты тепе-теңдігіне қол жеткізуге болады. Ал бұл жұмыспен қамтудың негізгі тұжырымы болып табылмақ. Жұмыссыздық деңгейі өспелі болып келеді және еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігі арқылы анықталады. Мемлекет тарапынан ұзақ мерзімде жасалған кез-келген әрекет нәтижесіз болады, ал қысқа мерзімде инфляцияны өсіреді. Ондай кезде нақты қарқыны күткендегіден жоғары болады. Демек, жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгеймен теңескен кезде мемлекет еңбек нарығына араласпауға тиіс [6, 94б] .
Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді.
Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Жаңа Зеландиялық экономист Олбен Филлипс осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ол «Филлипс қисығы» деп аталды.
Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясы өте ұзақ, олардың концептуалдық бағыттары, әдістері, инструментариі мол. Осы мәселеге назар аударған неоклассикалық мектептің өкілдеріне Д. Гидлер, А. Лаффер, М Фелдстайн, Р. Холл тағы басқа жатады. Олар өздерінің концепцияларының негізіне А. Смиттің классикалық теориясын тартқан. Осы авторлар еңбек нарығын нарықтық заңдарға бағынатын іштей біркелкі емес және динамикалық байланыстардың жүйесі деп тұжырымдайды. Оның реттеушісі нарықтық механизм.
Кесте 1 - Классиктер, неоклассиктер және кейнсиандықтардың жұмыспен қамту (жұмысбастылық) туралы көзқарастары*
1-кестеден көріп отырғанымыздай классиктер, неоклассиктер және кейнсиандықтардың жұмыспен қамту (жұмысбастылық) туралы көзқарастарында айтарлықтай айырмашылықтар көрінеді.
Айта кететін жайт, ақпаратқа, оқуға, білімге деген қажеттілік абстрактылы емес. Ол қазіргі өмірдегі мәселелермен байланысты шындық. Яғни шектелген жұмысбастылық, жаңа әрі драмалық жұмыссыздық, әлеуметтік құрылымдағы урбанизацияның өсуі. А. Тоффлердің үшінші толқыны бұл мәселелерді шеше ала ма - сұрақ, бірақ ең бастысы бұл толқын инновациялық болуы керек. А. Тоффлер тұрақты білім беретін ұйымдар арқылы осы жағдайдан шығудың басқа жолын іздеуді ұсынуы дұрыс болуы мүмкін [8, 79б. ] .
Жұмыспен қамтудың контрактілік теориясы (М. Бейли, Д. Гордон, К. Азариадис) неоклассикалық және кейнстік бағыттардың синтезіне негізделген концепция болып табылады. Осы авторлар, бір жағынан, кейнстік ақшалай жалақының қатал болу тезисін мақұлдап, еңбек нарығында үйлесімділігі баға арқылы емес, өндіріс және жұмыспен қамту көлемдеріндегі физикалық өзгерістер арқылы орнайды деп тұжырымдайды. Келесі жақтан, осы қаталдықтың өзін олар, өз мүддесіне сәйкес әрекет ететін индивидтердің оптималдықтандыратын тәртібімен байланыстырады.
Стандарты емес жұмысбастылық формалары көптүрлі және оған келесілер жатады:
Тұрақты емес (уақытша) жұмысбастылық. Тұрақты емес жұмысбасты адам деп еңбек келісім шартын белгігі бір мерзімге немесе нақты бір жұмыс көлемін орындауға, сондай-ақ маусымдық, кездейсоқтық немесе бір жолғы жұмысты істеуге деп бекіткен кезде айтамыз;
Толық емес жұмысбастылық. Толық емес жұмыспен қамту - бұл орындалатын жұмыс барысында индивидтің біліктілігі мен кәсіптік дайындығын толық пайдалануды талап етпейтін, оның күтулеріне сәйкес емес және жұмысты орындаған жағдайда алатын жалақыны бере алмайтын жағдай. Бұл жерде екі көзқарас бар - сандық және сапалық. Сандық деп әдетте жұмыс уақытының ұзақтығы қалыпты мөлшерден аз болғанда (аптасына 30-35 жұмыс сағаты, олар «аз жұмысбасты» деп саналады), ал сапалық деп толық емес жұмыс уақытына бекітілген еңбек келісім шарттары бар жұмысшыларды айтамыз;
Аяқсыз жұмысбастылық. Бұл категорияға жұмыс берушінің ықпалымен, қысқартылған жұмыс кестесіне мәжбүрлі түрде көшу, клиенттердің немесе тапсырыстардың жоқтығы және т. б. сияқты жұмысшыларға байланысты емес себептерден әдеттегі уақыттан аз еңбек ететін немесе уақытша жұмыс орнында болмайтын жұмысшылар жатады;
Үстеме жұмысбастылық. Үстеме жұмысбастылықтағы жұмысшылар деп жұмыс уақыты белгілі шектік мөлшерден көп болған кезде (аптасына 40 жұмыс сағатынан аса) ;
Өзін-өзі жұмыспен қамту, оған жұмыс берушілер, өндірістік кооперативтердің мүшелері және тар мағынада, өз бетінше бетінше жұмыспен қамтылғандар жатады;
Ресми емес жұмысбастылық. Бұған кіретіндер: а) жеке кәсіпкерлігі бар; ә) жеке тұлғаларда жалданушылар; б) халықтың үй шаруашылығындағы жұмысбастылық; в) ауызша келісім шарт негізіндегі ресми сектордағы жұмысбастылар;
Халықтың үй шаруашылығындағы жұмысбастылық. Бұл категория тауарлар мен қызметтерді үй жағдайында рынокта сату үшін немесе өзі тұтыну үшін өндіретін жұмысшыларды қамтиды. Көптеген елдерде өнімдерді өзінің тұтынуы үшін өндіретіндерді жұмысбасты деп қарамайды және де олар экономикалық белсенді емес халық тобына жатқызылады.
1. 2 Кәсіпкерлік ілімінің қалыптасуы тарихы
Кәсіпкерліктің мәнін түсіну үшін, ең алдымен бұл сөздің этимологиясын және даму эволюциясын зерттеуден бас тарту керек. Кәсіпкерлік түрлі елдерде және түрлі халықтарды соңғы 800 жыл бойы әр түрлі түсінікті иемленеді. Француз сөзі «Enterprendre» ХІІ және ХV ғасырларда «бар нәрсені жасау» дегенді білдірсе, Англияда ХV ғасырдан бастап кәсіпкерлікке жақын келесі көрсетілгендей түсініктер қоланылды: «merchant» - саудагер, «adventure» - тәуекелге барушы адам, «undertaker» - міндеттерді өзіне алушы тұлға [9, 136б] .
Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырлардан басталады. Осы кезеңнен бастап саудагерлер, қолөнершілер, көпестер, миссионерлер өздерін кәсіпкер ретінде көрсете білді. Капитализмнің пайда болуынан бастап байлыққа деген ұмтылыс шексіз пайданы алуға ынта тудырды. Кәсіпкерліктің іс-әрекеті мәдени шеңберге ие бола отырып, мамандандырылған сипатқа ие болды. Көп жағдайларда кәсіпкерлер өндіріс құралдарының иесі бола отырып, өз фабрикаларында, зауыттарында өздері қызмет жасады.
ХІV ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болып, акционерлік қғамдар пайда құрыла бастады. Бірінші акционерлік компаниялар халықаралық сауда саласында қалыптасты. Ең бірінші 1554 жылы Ресеймен сауда қатынастарын жүргізу үшін ағылшын сауда компаниясы қалыптасты. Кейінірек, Гудзон шығанағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының құрылуына алып келді. Осыдан кейін шарушылықтың акционерлік формасы экономиканың басқа салаларына ене бастады.
ХVІІ ғасырдың аяғында бірінші акционерлік банктер қалыптасты. Осылай 1694 жылы акционерлік бастамалар негізінде Ағылшын банкі, 1695 жылы Шотландия банкі құрылды. ХVІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың басында банктік істің акционерлік формасын жүргізу көптеген мемлекеттерде кеңінен дами бастады. Бұндай жағдайларда ұсақ фирмаларға өмір сүру қиынға соғып, орта және ірі фирмалар пайда болды. Соның негізінде максималды пайда табу мотиві күшейді. Осы кезеңде жаңа мамандықтар - жетекші менеджер және ірі өндіріс ұйымдастырушы мамандықтары қалыптасты. Алғашқы кезде бір жаққа жинақталған кәсіпкерлік функциялар мамандандырылған бағытқа бөлінеді. Экономистер, қаржыгерлер, бухгалтерлер, заңгерлер, конструкторлар, технологтар, мамандықтары пайда бола бастады. Олардың бәрінен болып, олар көптеген қызмететрден босатылып, өндірісті басқаруға және ұйымдастыруға тоқталған.
Кәсіпкерлік концепциясының теориясын 1-ші болып Ричард Кантиллион 1725-1730 жылдары өз еңбектерінде сипаттады. Соңғы 250 жыл арасында кәсіпкерлік теориясы түрлі ғалымдар мен экономистер еңбегінде бейнеленіп, ақырында олар кәсіпкерлікті -- адамның тәуелділікпен инновацияға сай бейімділігі емес, бұл одан да көп мағынаға ие жаңа бір кәсіпорынды құру деп ақырғы бір тұжырымға тоқталды [9, 155б] .
Бастапқы «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкер тауарды өндіру және сатумен байланысты тәуекелділік пен жауапкершілікті өзіне алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Р. Кантиллион кәсіпкерлік тұрғысндағы тәуелділікті өзіне міндеттеумен байланыстырып, сонымен ол капиталды салушы, өзінің жеке еңбегін және ресурстарын пайдаланушы кәсіпкер деп айыра білді. Ол кәсіпкерді өзіне жұмыс орнын жасай алатын адаммен байланыстырды. Қашан адамды өзінің жұмысындағы нақты еңбек ақысы қанағаттандырмаған жағдайда, ол өзінің идеяларын жүзеге асыратын жолдарды іздей бастайды, ақыр соңында ол кәсіпкер бола бастайды. Кантиллионның ойы б ойынша кәсіпкер мен жұмысшы арасындағы басты айырмашылық, бұл - кәсіпкерлер белгісіз жағдайда жұмыс істеуінде дейді.
ХVІІі ғасырдың ІІ жартысындағы физиократтар және олардың танымал өкілі Квисней - кәсіпкерлік концепциясын кеңейте білді. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлікті белгісіздікті тасушылар және бұл анықтамаға өндіріс ресурстарды иемдену керек екенін, оларды біріктіріп ары қарай дамытты. Олардың түсінігінше кәсіпкер жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу рыноктарын іздеу арқылы өнімнің өндірісін ұйымдастырушы тұлға.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz