Интернационалды сөздерді аудару тәсілдері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
1. Қазіргі танда интернационалды сөздер мәселесі 7
1.1 Жалпы интернационалды лексикалық қордың қалыптасуы 7
1.2 Интернационализм түсінігі мен терминінің мағынасын анықтау 15
1.3 Интернационалды лексиканы қазақ тіліне аудару мәселесі 26
2. Жалпы ғылыми интернационалды сөздерді ағылшын тілінен қазақ тіліне
аудару ерекшеліктері 34
2.1 Жалпы ғылыми мәтіндердегі интернационалды сөздер 34
2.2 Интернационалды сөздерді аудару тәсілдері 43
2.3 Интернационалды сөздерді аудару кезінде кездесетін қателіктер 51
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 59
Кіріспе
Қазіргі қолданысымыздағы қазақ лексикасы, ғылым тілі бір күнде
қалыптаса қалған жоқ. Ол өзінің қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерден
өтті. Тілдер арасындағы өзара сөз алмасу – қашанда болып отыратын табиғи
құбылыс. Өзге тілден сөз қабылдамай, тек өз ішінен байып отыратын тілді
кездестіру қиын. Әлем халықтары тілдерінің қай-қайсысы да сөзалмасу
құбылысынан тыс қала алмайды. Қазақ тілі де солай. Біздің лексикалық
қорымызда да әр кезеңде түрлі халықтардың тілдерінен қабылданған сөздер
едәуір. Ағылшын және қазақ тілдерінде таралу деңгейі бойынша
интернационалды лексика маңызды орын алады және оның аудармасы өзіндік
ерекшеліктерге ие.
Жаһандану кезеңі қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында халықаралық
байланыстар арқылы сипатталады. Кейін бұл тілдік байланыстардың
интенсификациясында көрінісін табады. Пайда болған тілдік тенденция, ең
біріншіден, лексикада байқалады, уақыт өте келе, ол интернационалды сипатқа
ие болады.
Ғылым саласына тән белгілі бір интернационалды сөзде шындықтың
көрінісі жалпы интернационалды сипатқа ғана негізделмей, сонымен қатар тек
нақты халыққа тән спецификалық сипатқа ие болады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Кірме сөздер қазіргі қазақ тіліндегі
динамикалық үрдістердің бірі болып саналғандықтан, бұл тақырып әрқашан
өзекті болатыны мәлім. Зерттеушілер интернационалды лексиканының
мәселелерін қарастырса да, бұл тақырыпқа байланысты нақты нәтижелер әлі де
жоқ. Бұл жұмыстың өзектілігі – интернационалды сөздердің қызметінде деп
санаймыз. Кірме сөздердің ішкі саласы ретінде интернационалды сөздер
қазіргі қоғамда үлкен рөл атқарады, мемлекеттер арасындағы халықаралық
үрдістер,байланыстар, әрине, ең біріншіден, сөздік қор мен лексикаға әсерін
тигізеді. Кез-келген этностық ұлттық-мәдени байлықтарының ерекшеліктерін
зерттеу екі немесе одан да көп мәдениеттер арасындағы тілдің өзгеріс қалпы,
даму эволюциясындағы көп қырлы байланыстар жағдайын құрастырып орнатып
беруге мүмкіндік ашады. Кірме сөздер үрдісі халықтардың және тілдермен
байланысын сақтайтын табиғи және заңды құбылыс. Бұл үрдіс тілді байытады,
сонымен қатар, тілдің төліне зиянын келтірмейді. Халықаралық лексика
бүгінгі күні ең күрделі және мәселесі көп сала. Қазір жарыса шығып жатқан
жаңа сөздер көп. Сөздіктердің өзі ала-құла. Кәсіби, салалық, ғылыми
терминдердің әр жерде әр түрлі жазылуы бәрімізді де жаңылдырады. Заң,
медицина, техника, экономика, әлеуметтану, саясаттану, тағы басқа
салалардың өзіне тән терминдері мен атау сөздерін бір ізге түсіру де әлі
басталмаған жұмыс. Ғылым, өндіріс салаларын терминмен толық қамтамасыз ету
үшін кем дегенде 300 мыңдай сөз бекітілу керек екен. Сондықтан
интернационалды сөздерді аударудың ерекшеліктерін білу қажеттілігі –
дипломдық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы. Жалпы ғылыми интернационалды сөздерді
ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – интернационалды лексиканы зерттеу мен
талдау, сонымен қатар аударма кезінде кездесетін қателіктер және
интернационалды лексика түсінігі жалпы ғылыми мәтіндерде қандай орынға ие
екенін анықтау. Қойылған мақсатқа сәйкес, берілген жұмыста келесі міндеттер
орындалады:
- Интернационализм немесе халықаралық сөздер түсініктердің
мағынасын аңықтау және олардың басқа лексикалық бірліктерден айырмашылығын
айқындау;
- жалпы ғылыми интернационалды сөздердің аудару ерекшеліктерін
қарастыру;
- ғылыми мәтіндер негізінде интернационалды сөздердің аударылу
мәселелері.
Зерттеу жұмысының нысаны – интернационалды лексикасы бар ғылым
саласына жататын ағылшын тіліндегі халықаралық мәтіндер болып табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні ретінде ғылыми жаңалықтар мәтіндерінде
кездесетін интернационалды сөздер.
Дипломдық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері. Зерттелетін тілдік
құбылыстардың ерекшеліктерін еске ала отырып, қойылған міндеттерге сәйкес,
келесі зерттеу әдістерді қолдандық: сараптама әдісі (бақылау, жинақтау,
талдап отырған ақпараттың типологизация әдістері), тарихи-этимологиялық
талдау, сөздік дефиницияларды талдау әдісі, салыстырмалы-типологиялық
талдау әдісі.
Зерттеу жұмысының жаңалығы қазақ және ағылшын тілдерінің ғылыми
интерлексемалар аудармасының анализі мен құрылымдық-салыстырмалы
сипаттамасынан тұрады.
Дипломдық жұмыстың болжамы. Мақсатқа сәйкес келесі болжам жасалды:
интернационалды сөздер қазақша ғылыми мәтіндердің көп бөлігін қамтиды.
Интернационалды сөздердәі аударма ерекшеліктері – өте күрделі тақырыптардың
бірі болып саналады. Ғылыми мәтіндер арасында тұрақты интернационализмдер
кездеседі және олардың аудармасы да ерекше.
Зерттеудің теориялық маңызы. Интернационалды сөздерді қарастыру
нәтижесінде лексикалық семантиканың дамуына жол ашады. Ағылшын және қазақ
тілдердің лексикалық жүйесін жетілдіруге, интернационалды сөздердің әртүрлі
құрылымдық тілдерде семантико-функционалдық мәнін және орнын аңықтаудың
мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Осы жұмыс болашақ студенттер мен
оқытушылар үшін лексикологияның сәйкес аспектісін, сонымен қатар осы
саладағы зерттеулерде теориялық маңызы өте зор.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Берілген дипломдық жұмыстың
нәтижелерін лексикографиялық практикада қолдануға болады, сонымен қатар,
жұмыстың теориялық және практикалық қағидасы қолданбалы басылым ретінде
оқу процессінде, ағылшынша, қазақша аудиторияларға шет тілдер сабактарында,
көп тілді және монотілді сөздіктерді, лингвистикалық оқу құралдарын, ғылым
тілінде жалпы қолданылатын лексикалық сөздіктерді жасау кезінде өз орнын
табады. Берілген дипломдық жұмыс жалпы тіл білімінің, лексикологияның
дамуына әсерін тигізеді, сонымен қатар, аударма теориясы мен практикасының
дамуына зор үлесін қосады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазіргі танда интернационалды сөздер мәселесі
1.1 Жалпы интернационалды лексикалық қордың қалыптасуы
Мәдени және экономикалық қоғамда ұлттар мен халықтардың жанасу
үрдістері болашақта өркениетті толық бірлікке, үлкен жетістіктерге әкелуі
мүмкін. Жанасу үрдісіне ұлттық тілдер де бар. Алайда, тіл құрылымы мен оның
өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байанысты жанасу үрдістері қатысты болып
келеді, сондықтан олар тілдердің бірігуіне жол бермейді. Бұл процесстердің
қатыстылығы тілдің жан-жақты бөліктерінде ерекшеленеді. Көбінесе тілдердің
жанасуы сөздік құрамда болады. Оған мысал ретінде, Кеңес Үкіметі кезінде
халықтардың барлық әдеби тілдерінде жалпы лексикалық қор пайда болды.
Интернационалды сөздер қорының құрылуына әртүрлі оқиғалар әсер еткен:
діндердің таралуы, жаңа континенттердің ашылуы, соғыстар, Ренессанс,
мемлекеттер колонизациясы және т.б. Ғылыми интернационалды сөздердің ерекше
қыртысының пайда болуына ғылыми оқиғалар маңызды болды: 1945 ж. Қазақстан
Ғылым академиясының құрылуы, физика, химия, математика, т.б. ғылым
салаларында жаңалықтар мен жаңа түсініктердің пайда болуы, сонымен қатар
жаһандану үрдісі интернационалды ғылым лексикасының толығуына себеп болды
[1, 75б].
Жалпы лексикалық қордың негізін сипаттамасы мен шегі туралы бірегей
пікір жоқ интенационалды лексика немесе интернационалды терминология
құрайды. Интернационалды лексика – саясат, мәдениет, ғылым, техника, өнер
салаларының түсініктерін қамтитын және көбінесе дамыған тілдерде
қолданылатын айдынды терминологиялық қабат. Әрине, өзінің сыртқы пішіні
(фонетикалық және морфологиялық) бойынша сөздер сәйкес келе алмауы мүмкін.
Бірақ, олардың түбірлері әртүрлі тілдерде оңай білінеді. Сонымен қатар,
олардың негізгі лексико-терминологиялық мағынасы сақталады.
Кеңес өкіметі тұсында ұлттық терминологиямыз интернационалистік
принциппен дамыды. Түбірі сақталып, жалғауы орысшаға бейімделіп өзгертілген
халықаралық терминдер, атау сөздер біздің тілдік ортамызға сол күйінше еніп
кетті. Бірнеше ұрпақ сол терминдердің тілімен оқып, бұл сөздер әбден
құлаққа сіңісті болып қалды. Енді кеп біз оларды жаппай аударуға көштік.
Жөні келсе аударған дұрыс, әрине. Бірақ, өкінішке қарай, терминді, атау
сөзді аударған кезде көпшілік жағдайда оның кез келген сөз тіркесіндегі
әмбебап мағыналық принципі, яғни терминнің аудармасына деген академиялық
көзқарас сақталмады. Көпшілік жұрттың оны қалай қабылдайтыны, аударма
терминнің тілдік ортаға сіңісу мәселесі ескерілмеді. Содан келіп бір сөзді
бірнеше нұсқада аудару проблемасы пайда болды. Академиялық көзқарас соңғы
жылдары қаптап кеткен сөздіктерде де сақталмаған. Осыған байланысты
академик Ә. Қайдаровтың сонау 90-шы жылдардың басында айтқан: “Қазақ тілі
терминологиясы әр түрлі жағдайларға байланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап
отыр: оның ғылыми принциптері жаңа үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп
отырудың орнына артта қалып, термин практикасы аяқ асты болып бара жатыр.
Осының салдарынан әркімнің өз білгенінше термин жасауы немесе оны
ауыстыруы, алмастыруы тәрізді бейберекет әрекетке (анархия) жол беріле
бастады”, – деген сөзі бүгінгі күні күрделі проблемаға айналып, алдымыздан
шығып отыр [1, 58б].
Ал өзге тілдегі нұсқасы қабылданып алынған интернационалды сөздер
қазақ тілінің заңдылығына икемделіп қабылданып алынған. Бұл 1925 жылдан
бергі осы кезеңде шығарылған сөздіктердің барлығында, тіпті 1931 жылы
кеңестік биліктің басқаруымен шыққан алғашқы сөздікте де солай. Оған дәлел
осы сөздіктен келтіре кетуге болатын автомат – абтамат, агитсут – үгіт
соты, академия – академие, баллистические приборы – балістіке құралы,
барометр – барометір, брезент – бірезент, вольтметр – болтметр, вымпел –
бемпел, газ – ғаз, градус – қырадыс, инспектирование – інспектеу, инспектор
– інспектір, канал – қанал, капот – көпет, капсюль – кәпсүл, комутатор –
көмететір, комиссар – кемесер, лаборатория – лабыратыр, магазин – магажін,
микрофон – мекіропон, перископ – перескеп, планшет – пыланшет, почта –
пошта, рапорт – ырапырт, химия – кемие,, т.б.
Бір мән берерлігі – осы кезеңдегі шығарылған басқа сөздіктердегі
сияқты бұл сөздікте де кірме интернационалды сөздердің сол қалпында алынған
түрін байқай қоймайсыз. Осы сияқты кірме интернационалды сөздердің ішінде
қазіргі үрдіс бойынша сол қалпында алынған интернационалды сөздерді іздеп
көргенімізде, өзге тілдегі нұсқасын сақтап жазылған динамит – динамит, штат
– штат түрінде берілген бар болғаны 3-4 интернационалды сөзді ғана
кездестірдік. Қалғаны жоғарыдағыдай өзгертіліп жазылған, қазақтың тіліне
жатық қалпында берілген. Ал басым көпшілігінің аударылып берілгендігін
еріксіз аңғаруға болады [1, 101б]. Олардың барлығы өз тілімізден алынған
баламалармен немесе тіркесті баламалармен аударылған. Сол қалпында, сол
кезеңнен бастап қолданыла беріп кете бергенде, қазіргі айтып жүргендей жай
сөз жүзінде емес, шынында интернационалды сөздердің көпшілігі қазақтың өз
тілінде сөйлер ме еді деген тұжырымның шындыққа жақын екендігіне нақты
дәлелдермен, осы сөздікте көрінетін мысалдармен көз жеткізе түсуге болады.
Бұл қазіргі кезде жай сөз деп айтылып жүрген ұлттық интернационалды сөздер
қалыптастыру бағытының мүмкін екендігін айғақтай алады. Сөздікпен танысып
шыққан әрбір ғалым, әрбір интернационалды сөз зерттеуші, әрбір қолданушы
тілде интернационалды сөз жасау мүмкіндігінің табиғатына, сол кездегі
термин жасаудың табиғи үлгісіне тереңдей еніп, жаңа сөз, термин жасаудың
қыр-сырын тұла бойымен түсіне алатын болады.
Басым көпшілігі интернационалды сөздердің ежелгі грек пен латын шығу
тегіне ие. Оны мәдениет дамуының тарихында классикалық тілдердің үлкен
орынға ие болуымен түсіндіруге болады.
Орта ғасырларда латын тілі халықаралық тіл болып саналды. Сонымен
қатар, бұл тіл ғылым мен шіркеу тілі болған. XVIII ғасырдың аяғына дейін
бұл тіл ғылыми шығармаларда қолданылған еді. Тіпті біздің уақытымызда да
кейбір университеттерде салтанатты жағдайларда латын тілін пайдалану
дәстүрі сақталды. Латын сөздері Батыс Еуропа тілдеріне кең тасқынмен енген.
Олар әртүрлі әдіспен және әртүрлі деңгейде тілдерде бейімделді. XIV
ғасырдан бастап, Батыс Еуропаның ежелгі грек тіліне деген қызығушылығы арта
бастайды, ал бұл процесс Шығыс Еуропа елдерінде ертерек басталған еді. Бұл
латын тілінде жазылған схоластикалық ғылымның озбырлығына өзінше бір
реакция ретінде болды.
Латын сөздері орыс тіліне басқа тілдер (француз, ағылшын, неміс)
көмегімен енді. Грек сөздеріне келетін болсақ, олар ежелгі славян тілі
арқылы түпдеректен кірді. Кейін бұл сөздер қазақ тіліне ене бастады.
Латын мен ежелгі грек тідер мәліметі арқылы қазіргі кезде көптеген
жаңа сөздер құрылуда, мысалы: автомобиль, телефон, телевизор, телеграф және
т.б.
Грек-латын тегіндегі сөздерден басқа, интернационалды терминологияға
математика, астрономия, химиямен байланысты араб тілдерінен енген сөздер де
бар: алгебра, алгоритм, азимут, алколоидтар, ализарин және т.б. Арабша тегі
бар кейбір ерекше де сөздер бар: арабески, адмирал.
Музыкалық терминологияда көптеген итальян сөздері бар: альт,
баркаролла, виолончель,интермеццо, канцона, каватина, мандолина,
фортепиано, бемоль, клавесин және т.б.; спортта – ағылшын сөздері: спорт,
футбол, волейбол, бокс, хоккей, баскетбол, ринг, аут және т.б.; теңіз
лексикасында – голланд сөздері: док, компас, рейд, фрегат және т.б.
Интернационалды лексика қазақ тілінде мығым орынға ие. Ол қазіргі мәдениет,
ғылым, техника, өнер, саясаттың барлық салаларында бар. Интернационализмдер
қазақ тілі терминологиясының ажыратылмайтын құрамдас бөлігі болды. Ал қазақ
тілі, негізінде жалпы ұлттық лексиканың қорына тіреледі [2, 43б].
Орыс тілінің интернационалды терминологиясын әртүрлі авторлар әртүрлі
топтастырады. Мысалы, Ю.А. Бельчиков келесі топтарды саралайды: 1) қоғам
ғылымдарының терминологиясы (оның ішінде саяси лексика да бар); 2)
жаратылыстану терминологиясы; 3) жаратылыстану терминологиямен тығыз
байланысатын техникалық терминология.
Берілген топтардың әрбіреуі ғылым, пән, мамандық белгіленген жүйеге
сәйкес лексикалық топ бөліктеріне бөліне алады. Мысалы, қоғам ғылымдарының
терминология тобын: а) саяси терминдер – партия, класс, коммунизм,
пролетариат, демократия, конституция жәнет.б.; ә) философиялық
–материализм, материя, диалектика, метафизика, идеализм, агностицизм,
гносеология және т.б.; б) әдебиеттану мен этика – эстетика, лирика, проза,
драма, романтизм, трагедия, театр, комедия, фабула, эпитет, сюжет, хорей,
ямб, метафора, композиция, реализм, классицизм және т.б.; в) тіл білімі –
грамматика, лингвистика, семантика, лексика, синтаксис, фонетика,
морфология, фонема, стилистика, парадигма, синтагма, субъект, перфект,
инфинитив, фонология және т.б.; г) заңгерлік – кодекс, нота, ратификация,
экспертиза, меморандум және т.б.; д) саяси экономика – экономика, капитал,
базис және т.б.
Қазіргі тілдің қызметі мен толық дамуына әсерін тигізетін
интернационалды терминологияны шет тілінің қажетсіз үйінділерінен ажырату
қажет. Яғни біз шет тілдер сздерінің қажетсіз және бейсауат қолданысымен
күресуіміз керек. Интернационалды терминологияның кірме сөздері туралы
айтатын болсақ, бұл лексика қазақ тілінде орнығып, қазірде жат лексика деп
саналмайды.
1925-1927 жылдары шығарылған терминография тарихындағы маңызды
еңбектердің бірі – Н.Қаратышқанұлы құрастырған Пән сөздері. Сөздіктің
ішінде берілген халықаралық терминдердің аудармасынан, олардың берілісінен
оның өз кезеңінде ауқымды міндеттер мен мақсаттарды орындап, іске жарай
алғандығын байқауға болады. Әсіресе көзге бірден түсетін ерекшелік қайсыбір
терминнің қазіргі сөздіктердей кірме нұсқасын бере салуды бұл сөздіктен
сирек кездестіресіз. Сөздік мүмкіндігінше терминдер мен термин емес
сөздердің орыс тіліндегі нұсқасын қазақшалауға ұмтылған. Мысалы, абберация
– бұлдырлық, агит суд – үгіт соты, аквариум – су қора, анатомия тән жүйесі,
выводная труба – шүмек, высший центр мозга, вычитаемое – азайтқыш, гипноз –
ұйыту, испарение – кебу, каолин – ақ саз, поршень – іскек, потсобник –
көмекші, растворитель – ерітпе, регресс – кер кету, уголовно-процессуальный
кодекс – қылмыстық істерді жүргізу заңы, т.б. Мән беріп қарасақ, қазіргі
сөздіктердей көптеген кірме терминдердің нұсқасын тұлғасында бере салу
мұнда жоқтың қасы [2, 57б].
Орыс тілі интернационалды лексиканың таратушысы ғана емес, сонамен
қатар бұл лексиканың дамуына әсерін тигізеді. Мысалы Қазан революциясына
дейін, орыс тілінен интернационалды лексикаға келесі сөздер енді: нигилизм,
нигилист, фагоцит, большевик, хвостизм, совет, ликвидатор және т.б.
Революциядан кейін КСРО-да пайда болған техникалық жаңалықтар, сонымен
қатар кеңестік шыңдықты сипаттайтын құбылыстар мен түсініктер
интернационалды сипатқа ие болды: ленинизм, колхоз, комсомол, мичуринец,
комитерн, стахановец, агробиология, гибридизация, коллективизация,
тракторист, комбайнер, автоблокировка, автобаза, индустриализация, ударник,
пятилетка, агитатор, бригада, план, комиссар, спутник, лунник және т.б.
Орыс тілі интернационалды лексика мен терминологиясының тарауына улкен
әсерін тигізеді. Л. Андрейчиннің айтуы бойынша, орыс тілі арқылы ежелгі
грек пен латын тілдерінің элементтері болгар тіліне енді. Оған революция,
конституция, конференция, цивилизация, прокламация, культура, температура,
структура, фигура, цензура, варваризм, эгоизм, деспотизм, дуализм, студент,
агент, темперамент, директор, профессор, ревизор, музыка, минерал, экватор,
меридиан, полюс, плюс, минус, минимум, микроб, автор, министр, секунда,
миллион, миллиард және т.б. сөздер кіреді. Чех тілінде ұқсас орыс кірме
сөздері туралы Ф.Травничек айтады [3, 93б].
Көптеген интернационалды сөздер орыс тілі арқылы КСРО халықтарының
тілдеріне еніп, басқа лексикалық қабаттармен түзіліп, кеңес халықтар
тілдерінің жалпы сөздік қорын құрды. Кейін интернационалды лексикамен бірге
КСРО халықтарының тіліне кеңес социалистік экономика мен мадениеттің дамуы
мен жағдайын бейнелейтін терминдер мен басқа да көптеген сөздер кіре
бастады. Жалпы лексикалық қордың құрамы КСРО халықтар тілдерінен алынған
көптеген сөздер орыс тілі арқылы таралды. Бұл әртүрлі халықтардың тұрмыс-
жағдайын сипаттаған түрлі сөздер: мацони, чанах, лаваш, пиала, паранджа,
арык, чайхана, аксакал, акын, шашлык, бастурма,инжир, изюм. Оның құрамына
көптеген халықтар мен жерлердің атаулары кіреді: осетиндер, балкарлар,
чуваштар, грузиндер, марийлер, свандар, чукчалар, Кахетия, Алтай.
Жалпы лексикалық қордың дамуына үлесін қосқан ұлттық тілдердің рөлі
ұлттық жазушылардың шығармаларын аудару арқылы ерекшеленген. Кеңес оқырманы
көптеген ұлы жазушылар мен ақындардың есімдерін біледі: Шота Руставели,
Тарас Шевченко, Джамбул Джабаев, Ксста Хетагуров, Дмитрий Гулиа, Сулейман
Стальский, Расул Гамзатов, Муса Джалиль, Чингиз Айтматов, Кайсын Кулиев
және т.б. [3, 104б].
Алайда негізгі сөздік қордан алынған сөздің фономорфологиялық қалпы
барлық тілдерде бір қызметте емес екенін айту керек. Жалпы лексика ұлттық
тілдердің сәйкес (фонетикалық және морфологиялық) көмкеруінде болып,
сонымен қатар сөздік құрамның ажыратылмайтын бөлігі ретінде тіршілік етеді.
Сондықтан жалпы қордың сөзі мен әрбір тілдің құрылысына байланысты әртүрлі
безендіріледі.
Басқа жағынан, жалпы лексикалық қор әртүрлі тілдерде бірдей
көрсетілмейді. Сәйкесінше, ол бай әдеби дәстүрлердің болмауынан лексика мен
терминологияның толығуын қажетсінген жас әдеби тілдерде маңызды деңгейде
орнын табады. Ескі әдеби тілдерде, керісінше, белгілі бір терминологиялық
қабатты иемденіп, кейінен бұл сөздік қордан жалпы лексикалық жүйенің
дамуына әкелетін көптеген жаңа терминдер пайда бола бастайды.
Жалпы лексикалық қор дамуының заңдылықтарына сәйкес – даму мен күшею.
Бұл құбылыс прогрессивті, өйткені барлық ұлттар мен халықтардың жанасу
тенденциясымен толық сәйкестікте болады. Басқа жағынан, жалпы лексикалық
қордың болуы барлық ұлттық тілдердің дамуына көмектеседі, яғни ұлттық
тілдердің даму үрдісінде өз терминологиялық қабатын дамытатын сарқылмас
қайнар көзі.
Тілдік құрылыс пен өзара байыту Кеңес үкіметі жылдары кезінде КСРО
халықтардың әдеби тілдерінің даму деңгейін көтеру тетіктері арқылы енді.
Алайда, тілдер кемелінің мүмкіндігі мен қажеттілігі тіршілік етуінің
әлеуметтік жағдайларына байланысты болды, яғни кеңес социалистік ұлттар мен
халықтардың экономикалық және мәдени жоғарылауының қарқынды үрдістері
үлесін қосты.
Ішкі сапасына сәйкес дамыған және дамымаған тілдер жоқ. Мысалы,
грамматикалық сан категориясының болуы мен жоқ болуы, септіктердің, белгілі
бір дыбыстардың саны – тілдің даму деңгейін сипаттай алмайды. Осыған қоса,
тіл құрылысындағы функционалдық даму үрдісінде белгілі бір өзгерістер болып
жатады. Тіл даму деңгейінің негізгі көрсеткіші – оның лексикасы. Оның
айнасы – қоғам жағдайы қамтылады, яғни сөздер жай ғана пайда бола салмайды,
олар белгілі бір түсініктерді түсіндіру үшін пайда болады. Мысалы, тайпа
тілдерінің сөздігі сәйкес топтағы қажет түсініктер тобын сипаттаған.
Халықтар тілдерінің сөздер саны әрқашан дамуда, бұл топтың қарым-қатынасы
нәтижесінде түсініктер тобы ұлғая түседі. Қазіргі өркениетті халықтардың
тілдері бай сөздік қорға ие, ол өнеркәсіп, техника, ғылым, қоғамдық-саяси
өмір,мәдениет және т.б. дамуының нәтижесі.
Тіл дамуының басқа көрсеткіші – стилистикалық дифференциация. Мысалы,
дамымаған жазу дәстүрі жоқ тілдерде біз негізінде сөйлеу-тұрмыс және
фольклор-ертегі стилдерін таба аламыз. Дамыған елдердің әдеби тілдерінде
кең таралған әртүрлі стилдер жүйесін кездестіре аламыз: көркем,
публицистикалық, ғылыми және т.б.
Көптеген жаңа сөздер басқа тілдерден енеді. Оларды әртүрлі атайды,
негізінде – кірме сөздер, немесе интернационалды сөздер. Шет тілдер
сөздерінің кірігуі халықтардың араласуымен, жаңа заттар мен түсініктерді
атаумен аңықталады. Мұндай сөздер белгілі бір ұлттың ғылым мен техника
саласында жаңашылдық нәтижесі. Интернационалды сөздерге деген қарым-қатынас
екі шектің жанасуына әкеледі: бір жағынан, бұл тілдің шет тілі сөздерімен
тым қанығуы, екінші жағынан – оларды мүлдем менсінбеу, яғни байырғы
сөздермен түсіндіру. Шет тілі лексикасын игеру мәселесін ғылыми шешімнің
жоқтығы тілдік құралдарды функционалды-стилдік бекітуден бөліп қарастырумен
анықталады: кейбір жағдайларда, шет тілдік әдеби сөздерге қарым-қатынас
стилистикалық жағынан қисынсыз, ал басқа жағдайларда мәжбүрлі, өйткені бұл
сөздер белгілі бір қарым-қатынас саласында қызмет ететін, белгілі бір стилі
бар лексиканың ажыратылмас бөлігін құрайды.
Тіларалық қарым-қатынас идеясы 18 ғасырда пайда болды, бірақ бұл
мәселенің мақсатты зерттелуі 20 ғасырдың соңында ғана басталды. Зерттеулер
әсіресе декларативті сипатқа ие болды және 70 жылдардың аяғына дейін шет
тілі мен кеңес үкіметінің тіл білімінде осы мәселеге байланысты толық терең
зерттемелер болған жоқ. Тідің әлеуметтік және мәдени шарттастығын
зерттеушілер өкілдері сөз мағынасының зерттеуіне назарын салады. Олардың
айтуы бойынша, сөз, ең біріншіден, белгілі бір тұрмыс реалияны сипаттайды,
сондықтан оның семантикасында тікелей және әлме-әл мәдениетті сипаттайтын
экстролингвистикалық мағынаны ерекшелеуге болады.
Лексика тілдің ең құбылмалы табы болып саналады. Алайда уақыттардың
байланысын анықтайтын дәл өзі, оның ішінде қоғамның қазіргі материалдық
және рухани мәдениеті немесе ежелгі мәдениет жөнінде ақпаратты көруге
болады. Осыдан лексиканың маңызды функциясы ерекшеленеді – кумулятивті
немесе жинақтаушы - адамдардың, жалпы өркениеттің интеллектуалды және
материалдық жетістіктерін бекіту.
Бір уақытта бірнеше халықтарға тән ерекшеліктер мен сипаттамалар
туралы түсінік, бір халыққа ғана тән ерекшеліктер мен сипаттамаларға
қарағанда, ежелден бастап құрылған еді. Алайда интернационалдылықты
(халықаралықты) түсінікті білдіретін ағылшын сын есімі international
ерекше сөзді қолданудың бірінші оқиғасы 1780 жылы болған деп есептейді. Бұл
сөз Еуропада жалпы қолданған латын материалы негізінде құрылған және таза
ішкі формасы бар, XIX ғасыр бойы Еуропа тілдеріне таралып, XX ғасырда
барлық континенттердің дамыған тілдеріне фонетикалық кірме сөзі ретінде
енді (орысша - интернациональный, поляк - internacjonalny, болг. -
интернационален, франц. - international, исп. - international, итал. -
internazionale, нем. - International).
Қоғам өмірі – үздіксіз қозғалыс. Бұл үлкен, кішкентай және кейде
елеусіз өзгерістер мен оқиғалар, маңызды немесе маңызды емес ақиқаттардың
пайда болуы – тұтынушы заттары мен өнеркәсіп тауарлары және жаңа мәдени-
эстетикалық және әлеуметтік-саяси идеялар мен көзқарастар. Қоғам сезетін
барлық өзгерістер сәйкес атаулар түрінде сөздік бекітулерді талап етеді
және алады. Осы сөздік жаңалықтардың тұрақтылығы немесе тұрақсыздығы
әртүрлі, бірақ олардың пайда болысы мен қоғамның оларды қолдану мезетінде
индивидуалды және топтық сана-сезімімен анықталатын өзгерістер ақиқатын
көрсетеді [4, 62б].
Шет тілдер лексика бұл басқа тілден алынған сөздер деп түсінеді.
Тарихи дамуы немесе шығу тегі жағынан жақын тілдер тобының жалпы
этимологиялық қорға жататын заттар, сөздер, айтылулар, құбылыстарды
сипаттайтын, жалпы қолданысқа енгізген халық тілінен алынған, әлем
тілдерінің көбісі қолданып жатқан сөздер интернационалды сөздер немесе
интернационализмдер деп аталады.
Шет тілі лексикасы, негізінен, басқа тілдерге халықтардың тікелей
қарым-қатынасы арқылы енді. Қарым-қатынас түрлі жағдайлар негізінде пайда
болды: бір мемлекеттен басқа елге көшуі, тауар алмасу немесе соғыстар
кезінде. Қалай болса да, өзара әсер ететін тілдердің лексикалық құрамы
әрқашан жаңа сөздерге толығады. Басқа тілдерден енген сөздер – жиі
кездесетін құбылыс. Ондай құбылыс барлық халықтардың тілдерінде болған және
бар.
Кірме сөздер есебімен айналысатын ғалымдар қызықты деректерге тап
болды. Неміс тілінде кірме сөздер саны он мыңнан астам, ал ағылшын тілінің
сөздік құрамында жартысынан астам. Мұндай құбылыс ежелгі тілдерге де тән
болған: латын тілінде 7000 астам грек сөздері бар. Орыс тілінің сөздік
қорының 10% кірме сөздер болса, қазіргі қазақ тілінің лексикасының 20% шет
тілі сөздерінен тұрады.
Көптеген ғасырлар бойы халықаралық ғылыми тілі латын тілі еді. Латын
және грек тілі, немесе классикалық тілдер, ұлттық шектерден тыс та танымал
болғандықтан, Еуропада жалпы маңызға ие. Ғылым және мәдениеттің көптеген
түсініктері осы тілдердің лексикалық материалдарының арқасында. Ежелгі
тілдер, телевизор, география, телеграф, телефон сияқты сөздердің тууында
қатысуы нәтижесінде, байқаусыз барлық әлем тілдерінің дамуына үлесін
қосқан.
Интернационалды сөздердің орыс тіліне белсенді енуі XVIII ғасырда
байқалады. Оның маңызды бөлігі петрлік өзгертулермен тығыз байланысты.
Туған тіліне жат сөздердің енуінде кінәлі - Петр I деп санаған. Іс жүзінде,
ол кірме сөздердің тым көп кірмеуін бақылап отырған.
Шет тілдер сөздерінің ену үрдісі өте күрделі еді. Басында, өз жаңа
терминдерді енгізуді ойластырды. Алайда, бұл көп еңбек қажет ететін,
сонымен қатар көп жағдайларда ақталмады. Мысалы, петр уақытында география
атауын землемерие деген атаумен ауыстырған. Алайда, землемерие сөзі
география сөзінің толық мағынасын ашпайтындығын кейін түсінді. Шет тілі
лексикасының ғылыми терминологияға енуі заттың түсінігін қиындатады деген
қауіп болды. Мысалдар келтірілді, дәлелдеді, алайда терминологияны тек
затты зерттегенде ғана толық игере алатынын ұмытқан еді. Басында көбісі
түсініксіз болса, ол туған тілдің сөздерімен айтылмағанымен емес, сол
саладағы білімнің аз болуымен байланысты. Белинскийдің айтқанындай:
Қарапайым адам интеллект, эгоизм деген сөздерді түсіне алмайтыны, олардың
шет тілді екендігі емес, оның себебі оған бұл түсініктердің жат,өзге
екендігі. Бұл адамдарға өзінің қарапайым тұрмыс заттардың тар тобынан тыс
көптеген таза орыс тілдің сөздерін түсінбейді....
Петр уақытында орыс тілінің құрамында болған шет тілі сөздерінің
бірінші сөздік қолжазабалары сақталған. Қолжазба, ең біріншіден, Петр I
енгізген өзгертулермен танымал да, қызықты. Петр пікірі бойынша, шет тілі
сөздің мағынасын ашу мақсатында өзге лексиканы қолдану орынсыз деп санаған.
Ғылыми жетістіктерді қарапайым халыққа жетімді ету орыс ғылыми тілдің
құрылуымен сипатталады. Осы істе М.В.Ломоносовтың үлесі де зор. Ломоносов
өзге лексиканың толық алмастыруын қаламаған еді, оның ойынша бұл тиімсіз.
Өйткені өзге сөздің аудармасы сөз мағынасын бұрмалайды деп есептеген. Орыс
ғылыми тілдің құрылуында Ломоносов жаңа түсініктерден орыс сөз тудыруларға
бет бұрған. Алайда соңғысы нәтижелі болмай шықты, сонда да Ломоносов
уақытында интернационалды ғылыми лексика кең тарала басталды [5, 52б].
Терминтану жеке ғылым саласы ретінде өткен ғасырдың 30-шы жылдарында
қалыптаса бастағаны белгілі. Содан бері әлемде ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына
дейін термин және оның ерекшелігін айқындайтын 20 мыңнан аса стандарттардың
қолданыста жүргені туралы статистикалық мәліметтер бар. Олардың басым
бөлігі өндірісі дамыған алдыңғы қатарлы елдердің еншісінде көрінеді.
Келтірілген статистикалық мәліметтер терминтану мәселесінің аса күрделі,
қыр-сыры толық ашыла қоймаған әлемдік деңгейдегі маңызды мәселелер
қатарында екенін айғақтайды. Осы уақытқа дейін термин ұғымына анықтама
беруде де ғалымдардың арасында пікір алуандығының басым екендігі көп
айтылып та, жазылып та жүр. Кеңестік терминология мектебінің негізін
қалаған Д.С.Лотте және оның өкілдері С.И.коршунов, Г.Г.Самбурова және тағы
басқа да ғалымдардың зерттеу еңбектерінде терминдер мен терминжүйеге мағына
шектеулігі, қарапайымдылық, уәжділік, жүйелілік, бейтараптылық сияқты
талаптар қойылған [6, 220б].
Интернационалды сөздердің енуі 90 жылдарда жоғарлады. Бұл қоғамның
саяси өмірі, экономика, мәдениет салаларында өзгерістермен байланысты.
Барлық салаларда өзге тіл лексикасының бұрын болмаған экспансиясы байқалды.
Ол мемлекеттің жаңа түсініктерге үйренген саяси өмірде жүргізуші орынға ие
болды: президент, инагурация, спикер, ипичмент, электорат, консенсус және
т.б.: шет тілі терминдері ғылым мен техниканың басты салаларында қамтылған
– компьютер, дисплей, файл,мониторинг, плейер, пейджер, сонымен қатар қаржы-
сауда ісінде – аудитор, бартер, брокер, және т.б. Мәдени салаға бестселлер,
вестерн, триллер, хит және т.б. сөздер ене бастайды. Тұрмыс тілі өзге
тілдегі – сникерс, твикс, гамбургер және т.б. реалияларды қабылдайды.
Қай тілдің болса да, сөздік құрамы өзінің даму барысында басқа
тілдерден енген сөздермен де толысып отыр. Бір тілден екінші тілге сөз ену
тарихи жағдай және экономикалық, сауда, мәдени қатынастарға байланысты
болды. Мұндай мемлекетаралық қатынастар халықтардың бір-біріне зат
алмастырумен қатар, ол заттардың атауларын да ауыстыруға мүмкіндік береді.
1.2 Интернационализм түсінігі мен терминінің мағынасын анықтау
Кез-келген этностық ұлттық-мәдени байлықтарының ерекшеліктерін

беруге мүмкіндік ашады.
Осы орайда әр алуан кірмелердің, әсіресе, лексикалық, әсіресе,
лексикалық кірме сөздердің дәлелдерін зерттеу айырықша назар аударады.
Бұл мәселені шешуде ұлттық-мәдени және елтану сипатындағы
экстралингвистикалық мәліметтерді қолданбау мүмкін емес.
Мұндай мәліметке назар аудару лингвистика ғылымының аясынан шығу деп
түсіндірілмеуі керек. Өйткені кез-келген мәтін кең мағынасында тілдік
бөлік, сөз коммуникативті мақсатқа сол тілді сөйлеушілердің тілдік және
экстралингвистикалық ғылымдары мен білімдерінің бірлігінде қабылданады.
Тарихи тіл білімінің дамуының барлық кезеңдерінде тіларалық қарым-
қатынас әрқашан зерттеушілер назарында болды. Әр түрлі уақыттарда тілдік
қарым-қатынас пен екітілдік мәселелерімен Л.В. Щерба, Ю.А. Жлуктенко, А.Е.
Карлинский, М.М. Михайлов, В.Ю.Розенцвейг, Л.П. Крысин, У. Вайрайх, Э.
Хауген және тағы басқалары айналысқан болатын. Қазірге тіл білімінде
интернлингвистика деп аталатын бағыт құрылып жатыр. Оның басты мақсаты –
жер шары халықтары үшін қарым-қатынастың ортақ тілі ретінде қызмет ететін
тибиғи тілді табу. Түрлі ұлттық тілдердің лексикалық қорының құрылуында екі
тенденция байқалады. Оның біріншісі – сөздік қордың ұлттық элементтерін
күшейтіп, екіншісі – интернационалды лексикалық қорды, яғни халықаралық
сөздік қорды күшейтеді. Халықаралық сөздер немесе интернационализмдер
бір ғана тілге емес, бірнеше тілге еніп, осыдан адам өмірінің түрлі
саласындағы терминдері бар лексиканың халықаралық қоры құрылады [9, 82б].
Бір дерек көзден алынған интернационалды сөздер графикалық және
дыбыстық жағынан және кейде мағынасы жағынан сәкес келіп, бірнеше тілдің
ортақ игілігін құрайды. Олардың көп бөлігі жаңа тілдердің параллельді
молаюы ежелгі тілдер лексика нәтижесі. Мысалы, демократия, синоним,
философия (латын және грек тілдері). Оның басқа бөлігі заманауи тілдерден
алынады, мысалға, соната (итальян тілінен). Интернационады сөздерге шығу
тегі бір тіл және туыстас тілдер арсындағы туыстас сәйкестіктер жатпайды.
Мысалы, ағыл. – mother, нем. – mutter, орысш. – мать.
Осыдан, кірме лексика бұл бір тілден екінші тілге енген сөздер,
морфемалар, дыбыстар, мағыналар деп түсінсек, А.Э.Рыцареваның айтуы
бойынша, интернационализмдер немесе интернационалды сөздер бірнеше әлем
тілдерінде қызмет ететін және ғылым, техника, бизнес, саясат, өнер
салаларында тілдік қарым-қатынас нәтижесінде енген дыбыстық, графикалық
және семантикалық формасы жағынан жақын лексикалық бірліктер [9, 93б].
Интернационализмдерді морфемдік деңгейде ішкі жүйе ретінде
қалыптастыру үрдісі келесі операциялар арқылы жүзеге асады:
- интернационалды сөздердің құрылымды-семантикалық қасиеті негізінде
элементтердің инвентарлы жиынтығын анықтау;
- интернационалды сөзде элементтердің дистрибутивті жиынтығын ерекшелеу;
- интернационализм элементтерінің жеке функционалдық қасиеттерін
анықтау;
- кірме сөздер жүйесіне қарағанда интернационалды сөздер ішкі жүйесінің
ерекшелігін анықтау.
Интернационалды сөздердің құрылымды-семантикалық қасиеті негізінде
элементтердің инвентарлы жиынтығын анықтау профессор Р.Г.Зятковская
жетілдірген градация деңгейлері теориясына негізделген. Осы теорияға
сәйкес, морфемді деңгейдің құрамына морфтар, аффикстер, комбинирленген
формалар кіреді. Морфемді деңгей морфемдік деңгей мен субморфемдік
деңгейден тұрады. Суперморфемді деңгей бірізділікті: түбір, аффиксті
құрайды. Бірізділік мағынасында морфтардың жаппай реттілігі, яғни кемінде
екі морфы бар көп морфемалы жалғаулықтар реттілігі. Субморфемалы деңгей
сөздің негізінде жарты морфтар немесе екпін сияқты сегментті морфемаларды
біріктіреді. Әр түрлі құрылымдық деңгейде элементтердің инвентарлы
жиынтығын анықтау үшін өлшем бірлік қажет. Морфемді деңгейде негізгі бірлік
– морф болып табылады. Соңғы он жылдың ішінде болған интернационалды
сөздердің талдауына сүйенсек, элементтердің инвентарі келесі үлгі бойынша
көрсетіледі: 1) қабылдаған тілдің түбір морфы (реципиент); 2) беруші тілдің
түбір морфы; 3) беруші тілдің жұрнақ морфы; 4) реципиент тілдің префикстік
морфы; 5) беруші тілдің префикстік морфы. Интернационалды сөздердің
құрылымдық жиынтықтың элементтер инвентарі 50 моделден аса қолданылады.
Мысалы, image, grant, shop, brok-er, shop-ing, market-ing.
Сәтті балама табылмай жүрген сөздердің бірі раздел – бөлім, отдел –
бөлім – часть – бөлім; отделение – бөлімше, подразделение – бөлімше
(подразделениенің – отделениеден анағұрлым үлкен екені белгілі). Аталған
сөздер әсіресе қатарласа, қабаттаса келген кезде аудармашылақ қиналып қалып
жатады. Договор - шарт, условия – шарт, утвержение – бекіту, закрепление –
бекіту (утвердить закрепление), служба – деятельность, функцияның да
жағдайы осындай.
Оған қоса жекелеген аудармашылар, тілшілер тарапынан қолдану қалпына еніп
кеткен халықаралық терминдерді зорлап ұлттандыруы қарын ашырады. (Әрине,
олар ұғымды дәл беріп, сіңісіп кетіп жатса қарсылық жоқ). Мәселен, телефон
– сымтемір, радио – үнжария, директор – мүдір, министр – уәзір, тираж –
ұзынсан, техника – жасалым, рецепт – ішірткі сөздерін тап осы күйінде
бекіте салу асығыстық болар еді. Сондай-ақ өлшем бірлігі: граммды – мысқал
деп алсақ – дейді аудармашылар. Алайда, 1961 жылы жарық көрген сөздікте
(сөздікті жасағандар: Ш. Ахметова, Ә. Болғанбаев, Т. Жанұзақов,
Г.Жәркешева, Е.Жұбанов, А.Иманбаев, А.Махмұтов, Ә.Мұсалдаев, Б.Нұрғазина,
Ә.Тәжмұратов; Редакторлар алқасы: М.Балақаев, Ә.Болғанбаев, І.Кеңесбаев,
Ғ.Мұсабаев): Мысқал – зат. 4,25 грамға тең салмақ өлшемі. Білесіздер ғой
кесегімен табылған мыстардан бір мысқал қосылған жоқ-ты. (Мүсірепов).
Яғни, тілді дамытудың басы-қасында жүрген көрнекі ғалымдарымыз мысқалды –
1 грамм емес, 4,25 граммға тең өлшем дейді.
Сондай-ақ акциз, аукцион, демпинг, сертификат, субсидия, тариф, лицензия
тағы басқа халықаралық терминдерді де осы күйінде қалдырған жөн деп
санаймыз. Бір кездері лицензия терминін рұқсат қағаз деп алып, онымыздың
беделі пропускке дейін түсіп қалғаны белгілі [9, 97б].
Қазіргі қазақ тілінде интернационалды сөздердің негізгі қызметі –
коммуникативтік қызметті атқарады. Олар синтагматикалық және
парадигматикалық қарым-қатынасты да қамтиды, сөз құруда қатысып, қазақ
тілінің сөздік қорын молайтады.
Кірме сөздердің ішкі жүйесі ретінде интернационалды сөздердің ерекше
қасиеті бұл сөздің семантикалық, графикалық немесе фонетикалық қалпы,
кемінде, үш тілде болады. Әлем тілдері (мировые языки), халықаралық
тілдер (международные языки) деген атаулар, нақты ұғымдар бар. Тілдердің
кең тарағандығына байланысты артықшылықтарын айтқымыз келгенде осы
терминдер ойымызға оралады. Халықаралық терминологияда қай тілдердің үлес
салмағы басым екендігіне қарап та тілдерді ұлы тілдер қатарына қосушылар
бар. Бұл жөнінде мынаны айтуға болады.
Ағылшын, француз, неміс сияқты еуропа халықтары тілдерінің сөздері
терминқорда басымырақ. Оны өзіміздің терминқорымыздан да көруге болады.
Бірақ оны сол тілдердің ұлылығынан деп ұғынуға болмайды. Ғылым-білімнің,
экономиканың өркендеу деңгейіне, халықтардың ғылыми-мәдени қарым-қатынасына
байланысты белгілі бір халықтардың сөздері, терминдері өзге тілдерге
көбірек қабылдануы мүмкін. Бодан елдер мен дамушы елдер тілдеріне үстемдік
етуші елдер тілдерінің жекелеген терминдері ғана емес қоғам өмірінің
көптеген салаларында солардың тілі тұтастай үстемдік құруы да мүмкін
екендігі белгілі. Cондай-ақ жазба ескерткіштерде сақталған қазіргі
қолданыста жоқ өлі тілдердің де халықаралық терминологияда үлесі едәуір
болуы мүмкін. Мысалы, латын тілі сөздерінің халықаралық қолданыстағы
терминдер қатарындағы үлесі айрықша. Кейде қолданыстағы ұлт тілдерінің
қатарында болмағандықтан да, өлі тіл болса да латын тілінің сөздері
терминдік элемент ретінде дайын күйінде пайдаланылып та жатады.
Халықаралық сөздер дегеннің екінші аты – интернационализмдер, яғни
интернационалдық терминдер (сөздер) немесе интернационалдық лексика.
Бұлардың мағыналарын ертелі-кеш шыққан лингвистикалық сөздіктерден қарап
көріп едік, 1996 жылы шыққан І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовың Тіл білімі
терминдерінің орысша-қазақша сөздігінде былай депті: Интернационалдық
лексика – жер жүзі халықтарының бәрі білетін, бәріне ортақ сөздер. Дәл сол
жылы шыққан О.С.Ахманованың Словарь лингвистических терминов деген
еңбегінде: Интернационализм – слово, принадлежащее к общеэтимологическому
фонду ряда языков, близких по происхождению или сходных по своему
историческому развитию, - дейді.Ал осылардан он жыл кейін шыққан
Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкованың Словарь-справочник лингвистических
терминов деген анықтамалығында: Интернациональная лексика – слова общегно
происхождения, существующие во многих языках с одним и тем же значением, но
обычно оформляемые в соответсвии с фонетическими, морфологическими нормами
данного языка, - дегенді айтады.
Сонда осы пікірлердің қайсысы дұрыс?
Біздің ойымызша, халықаралық терминдер дегенді жер жүзі халықтарының бәрі
білетін, бәріне ортақ деу дұрыс болмайтын сияқты. Өйткені халықаралық
сөздер бар болғаны бір топ тілдерге ғана тән, соларға ғана ортақ сөздер.
Бұл жағынан жоғарыда келтірілген анықтамалардың ішіндегі дәлірегі соңғы
Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкованың анықтамасы.
Дәлірегі деп отырған себебіміз олар Интернационалды сөздер
көптеген тілдерде қолданылады депты. Көптеген тілдерде емес, бір топ
тілдерде деген дәл келеді. Себебі әдетте лингвистикалық әдебиеттерді жиі
кездесетін халықаралық терминдерді сөздіктерден індетте іздестіріп көріп
едік, олар тек біраз Еуропа тілдері мен түркі тілдеріне ғана ортақ болып
шықты. Интернационалдық сөздердің Еуропа тілдеріне ортақтығы түсінікті.
Өйткені олар бір-біріне жақын, туыс тілдер. Ал түркі тілдеріне не жорық?
Біздің ойымызша, түркі тілдерінің Еуропа тілдерімен ортақтығының сыры
көпшілікке белгілі ғой деп есептейміз. Өйткені ол өз еркімізбен таңдап
алған ортақтық емес, сырттан күштеп танылған ортақтық, зорлықпен ендірілген
ортақтық. Оның үстіне бұл ортақтық әлгі терминдердің шығу тегіне қатысты
емес, олардың қолданылуына ғана қатысты. Шығу тегі жағынан халықаралық
терминдер тек грек, латын тілдері мен Еуропа тілдерінің біразына, онда да
негізінен ағылшын, орыс, неміс, француз, италия, испан сияқты дамыған
елдердің тілдеріне ғана тән сөздер. Халықаралық терминдер, халықаралық
сөздер десе болды, елдің еуропа тілдерінің сздеріне жүгіретіні сондықтан.
Болмаса халықаралық сөздер деп жүргендеріміздің бүкіл дүниежүзі халықтарына
ортақтығы шамалы.
Бір сәт ойланып көрелікші. Егер халықаралық сөздер бүкіл дүниежүзі
тілдеріне ортақ екендігі рас болса, ол сөздердің еуропа тілдеріне ғана
емес, басқа да Азия, Африка, араб, қытай, жапон, үнді, индонезия тілдеріне
де ортақ болулары керек еді ғой. Жоқ, олай емес. Халықаралық сөздер делініп
жүрген газ, йод, цемент, цех деген сияқты көптеген сөздерді Шығыс Азия
(қытай, жапон, корей, въетнам), араб,үнді, индонезия халықтарының
тілдерінен кездестіре алмайсың. Бұл тұрғыдан алып қарағанда аймаққа ғана
тән ортақ сөздер болып шығады [10, 103б].
Ортақ терминдердің болуы жағынан Еуропа, Азия тілдерін шартты түрде 5
аймаққа бөлуге болады: 1) Еуропа аймағы (Бүкіл еуропа тілдерімен бірге
ағылшын, орыс тілдері де осы аймаққа кіреді), 2) Орта Азия мен Қазақстан,
Орта және Шығыс Сібір аймағы (түркі тілдері), 3) Таяу және Орта Шығыс
аймағы (араб, парсы тілдері), 4) Шығыс Азия мен Қиыр Шығыс аймағы (қытай,
жапон, кәріс, въетнам тілдері), 5) Үнді аймағы (Үндістан, Пәкістан,
Бангладеш, Непал, Индонезия тілдері).
Олардың бұлай бөлінуінде белгілі бір заңдылық бар. Ол заңдылықты
географиялық жағынан да, экономикалық жағынан да, саяси жағынан да, тіпті
сол топтардағы тілдердің туыстығы, жақындығы жағынан да іздестіруге болады.
Басқа мәнбірлерді (факторларды) былай қойғанда, ол топтағылардың
әліпбилерінің ортақ болуының өзі неге тұрады? Айталық, бүкіл Батыс Еуропа
тілдерінің басын қосып тұрған латын әліпбиі болса, Шығыс Еуропа тілдерінің
басын – славян (кириллица) әліпбиі, араб халықтарының басын – араб әліпбиі,
ал Шығыс Азия мен Қиыр Шығыс халықтарының басын – санскрит қосып тұрды. Бұл
айтылғандырға қарап, халықаралық терминдер дегеннің негізі – тілдердің
туыстығы мен жақындығы екен деп қалуға әбден болады. Бір қараған кісіге
солай екендігі де рас. Оған интернационализм сөздердің басым көпшілігі тек
Еуропа тілдеріне ғана тән екендігін дәлел етуге болады. Бірақ теориялық
әдебиеттерге қарасақ, интернационализм болу үшін, әлгі ортақ сөздер туыс
тілдердің сөздері емес, туыс емес тілдердің сөздері болуы керек деген
қағида баса айтылады. Бұл қағида тұрғысынан түркі тілдеріне тән ортақ
сөздер (конгнаттар – шығу тегі жағынан ортақ сөздер) түркі тілдері үшін
интернационализмдер болып табылмайды. Олай болса, еуропа тілдеріне ортақ
сөздер де еуропа тілдері үшін халықаралық сөздер болып табылмауға тиісті
ғой.
Тіл арқылы ойын жарыққа шығаратын адам, әдетте, жаңа сөз жасамайды,
сол тілде бар, сол тілдің сөздік құрамында бар сөздерді өзінше қолданады,
шебер шешен болғанның өзінде сол тілдің байлығын бармүмкіндігінше
пайдаланады. Жаңа сөз жасадым деген адамның өзі қолдануда бар сөздердің
элементі негізінде, не сол тілде бар сөздерге ұқсастыру арқылы жасай алады.
Аудармашы да аударма тілде бар, түпнұсқа тіліне сәйкес сөздерді таңдап,
тауып алады. Тек кейбір жағдайда, термин, авторлық неологизм немесе
интернационалды сөз арқылы жеткізеді.
Интернационалды сөздер жалған балама сөз тіркесімен тығыз байланысты.
Жалған балама дегеніміз – аударма тілге шетел тіліндегі дыбыстық,
графикалық жағынан сай келетін, этимологиясы жағынан ортақ, бірақ мағынасы
жуық болғанмен, бірдей емес сөздер. Осылайша мағынаның бірдей болмауы
аудару барысында аудармашыны адастырады, қатеге ұрындырады. Мысалы, бір
ғана артист сөзі француз, ағылшын, испан тілдерінде өнер адамы деген
мағынаны білдірсе, неміс тілінде цирк пен эстрада артистері деген ұғымды,
ал орыс, қазақ тілдерінде кез келген театрдың ойын көрсетушісі, сахна я
арена адамы деген мағыналарға ие.
Жалпы ғылыми әдебиет стилі қоғамда кейіннен пайдаланыла бастады. Бұл
стильдің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты. Ғылыми-
көпшілік әдебиет стилінде қолданылу үшін салалық кәсіби ғылым тіліндегі
терминологиялық бірліктер жалпы халықтық қолданымға түсуі керек. Жалпы
халықтық қолданымға түскен кезде олардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz