Электрондық оқулықтарды құру құралдарын жіктеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

3
Кіріспе . . .:
  1. Электрондық оқу құралдарын дайындау мәселесі
3:
Кіріспе . . .: 1. 1. Электронды оқулыққа қажетті нұсқаулар . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 2. Электронды оқу құралын жасауға қолданылатын бағдарламалық құралдар . . .
3: 30
Кіріспе . . .: 2. «Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы» пәні бойынша электрондық оқу-әдістемелік құралын қолданудың әдістемесі
3:
Кіріспе . . .: 2. 1. Электрондық оқулықтың қарастыратын объектілері мен қолдану аясы . . .
3: 37
Кіріспе . . .: 2. 2. Электронды оқу құралының негізгі құрылымы, жасау және жүзеге асыру әдістемесі . . .
3: 45
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 62
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . .
3: 63
Кіріспе . . .: Қосымша . . .
3: 65


Кіріспе

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік телекоммуникацияны белсендірек қолдануда. Ақпараттық технологияның дамуы сабақты өткізудің жаңа, бірегей мүмкіндігі - оқытудың қашықтықтан білім беру түрін енгізді. Ол, біріншіден, үйренушінің өзіне оқуға уақытты және орынды таңдауға ерік береді, екіншіден, әр түрлі себептермен дәстүрлі білім ала алмайтындарға білім алуға мүмкіндік береді, үшіншіден, оқуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданады, төртіншіден, белгілі дәрежеде оқу шығынын кемітеді. Басқа жағынан, қашықтықтан білім беру оқытуды жекелеу мүмкіндігін күшейтеді.

Әдетте, қашықтықтан оқытуда электрондық оқулық қолданылады. Электрондық оқулық деп өз бетімен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бір бөлімін компьютердің көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін бағдарламалық - әдістемелік кешенді айтады. Бұл оқулықтардың құндылығы болып табылады: біріншіден, олардың шапшаңдығы, екіншіден, компьютерлік желілердің дамуына байланысты қол жетерлік болуы, үшіншіден, қазіргі заманғы ғылыми білімнің даму деңгейімен барабарлығы. Басқа жағынан алғанда, электрондық оқулық жасау ақпараттық материалдардың үнемі жаңарып отыру мәселесін шешуге мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықтарды пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, студенттер баяндалған материалдарды сапалы меңгергенін тестілеу нәтижелері куәландырады. Сонымен ақпараттық технологиялардың дамуы білім беру әдістемесінде жаңа әдістер ойлап табуға және оның сапасын көтеруге кең мүмкіндік береді.

Компьютерлік технологиялардың дамуы нәтижесінде кітаптар жинақы немесе иілгіш дискілерде шыға бастады. Электрондық пішім мәтінмен бірге кітапта аудио және бейнежазбаны, дерекқорды, гиперсілтемелерді және арнайы іздеу бағдарламаларын қолдануға мүмкіндік береді. Бірінші болып цифрлық пішімде энциклопедиялар, сөздіктер, альбомдар, географиялық карталар шыққан. Электрондық оқулық мысалы ретінде, 1989 жылы шыққан Шекспирдің оксфордтық электронды басылымын келтіруге болады. Оның құрамына жазушының 55-томдық шығармалар жинағының электронды түрі кірді. Мәтінмен қоса бар нұсқауда арнайы символдардың қолданулары түсіндіріледі, сонымен қатар электрондық мәтінді талдаудың әдістері көрсетіледі. Соңғы кезде, ғылыми әдебиеттерде оқу үрдісінде электрондық басылымдарды пайдалану және өңдеу проблемаларына арналған көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Е. Ы. Бидайбековтың, И. С. Григорьевтің, В. В. Гриншкунның, Л. Х. Зайнутдинованың, Е. С. Полаттың, Л. А. Семеновтың және тағыда басқа зерттеушілердің еңбектерін айта кету қажет. Сондай-ақ, көптеген жоғарғы оқу орындары оларды оқу үрдісінде пайдаланады және өздерінің білім беруге арналған электрондық басылымдарын өз бетінше өңдейді. Осының бәрі, елімізде оқу үрдісінде білім беретін электрондық басылымдардың қолданылуының және өңделуінің теориясы мен практикасы қалыптасқандығын дәлелдейді. Электрондық оқулықтарды пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, студенттер баяндалған материалдарды сапалы меңгергенін тестілеу нәтижелері куәландырады. Сонымен ақпараттық технологиялардың дамуы білім беру әдістемесінде жаңа әдістер ойлап табуға және оның сапасын көтеруге кең мүмкіндік береді.

Зерттеу объектісі - «Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы» пәні бойынша электрондық оқу-әдістемелік құралын жасау.

Зерттеудің мақсаты - «Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы»пәні бойынша электрондық оқу-әдістемелік құралын жасау және жалпы электрондық оқыту құралын жасаудың тиімді жолын ұсыну.

Осы мақсатқа жету барысында келесі міндеттер анықталды:

- электрондық оқыту құралдарына қойылатын талаптарды қарастыру;

- электрондық оқыту құралының құрылымын анықтау;

- классикалық механика пәні бойынша электрондық оқу-әдістемелік құралын жасау мен пайдалануды оқытудың мақсаттарын, мазмұнын анықтау.

Берілген дипломдық жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Электрондық оқу құралдарын дайындау мәселесі

1. 1 Электронды оқулыққа қажетті нұсқаулар

Негізгі ұғымдар

Электрондық басылым (ЭБ) - бұл графикалық, мәтіндік, цифрлік, тілдік, музыкалық, бейне, және фотоақпараттар, сонымен қатар қолданушының басылымдық құжаттарының жиынтығы. Электрондық басылымдар кез келген электрондық тасымалдаушыларда - магниттік (магниттік таспа, магниттік дискі, және т. б. ), оптикалық дискілерде (CD-ROM, DVD, CD-R, CD-I, CD+ және т. б. ) орындалуы және электрондық компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін.

Оқу электрондық басылымы (ОЭБ) - білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласы бойынша жүйеленген материалдарды қамтуы керек және студенттер мен оқушылар осы саладағы білімдер, біліктер және дағдыларды шығармашылық және белсенді түрде меңгеруін қамтамасыз етуі керек.

Оқулық (О) - мемлекеттік стандартқа және оқу программасына сәйкес және осы басылым түрі ретінде арнайы бекітілген немесе оқу тәртібінің жүйелі мазмұнынан тұратын оқу басылымы.

Электрондық оқулық (ЭО) - өз бетімен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бір бөлімін компьютердің көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін программалық-әдістемелік кешенді айтады.

Оқу құралы (ОҚ) - бұл берілген басылымның түрі ретінде ресми түрде бекітілген және оқулықты толықтыратын немесе оны бөлшектеп немесе толық алмастыратын оқулық .

Электрондық оқу құралы (ЭОҚ) - оқулықты толығымен немесе жартылай ауыстыратын немесе толықтыратын және берілген түрдегі басылым ретінде бекітілген электрондық басылым.

Гипермәрін - электрондық формада ұсынылған және оның бір фрагментінен басқа фрагментіне дер кезінде өтуді қамтамасыз ететін тармақталған байланыстар жүйесімен жабдықталған мәтін.

Интеллектуалдық ядро - математикалық операцияларды сандық және символдық формада шығаратын бағдарламалардың арнайы жиынтығы.

Визуализация - суреттердің, графиктердің және анимацияның көмегімен көрнекі түрде көрсетілуі.

Электрондық оқулықтың сипаттамасы

Қашықтықтан оқыту - елдегі және шет елдегі қалың бұқара топтарына мамандандырылған ақпараттық білім беру ортасының көмегімен қашықтықтан алмасу құралдарына (спутниктік телеарна, радио, компьютерлік байланыс және т. б. ) негізделген оқу ақпараттарын беретін білім беру қызметтерінің кешені. Қашықтықтан оқытудың ақпараттық - білім беру жүйесі пайдаланушының білім алу қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған ақпарат тарату құралдарының жүйелі - ұйымдасқан жиынтығын, ақпараттық қорларын, өзара әрекеттестік хаттамаларын, аппараттық - бағдарламалы және ұйымдаcқан - әдістемелік қамтамасыз етілуін береді. Қашықтықтан оқыту адамның білім және ақпарат алу құқығын жүзеге асыратын білім берудің үздіксіз түрлерінің бірі. Яғни, қашықтықтан оқытуды оқытушы мен үйренушінің уақыт пен кеңістікте бөлектенген білім алуының кез келген түрі деп түсінеміз. Егер де осы анықтамамен келіссек, онда сырттай оқу түрі қазіргі қашықтықтан оқытудың түп бейнесі, бірақ онда жекелеу элементі жоқ. Қашықтықтан оқытуға жекелеу элементін қалай енгізуге болады? Қазіргі компьютерлер осы уақытқа дейінгі белгілі болған ақпараттарды берудің түрлерін және бізге не маңызды болып саналатынын үлкен тиімділікпен өндіруге мүмкіндігі бар, тек олар ғана оқытуда бейімделу алгоритмін жүзеге асыра алады және оқытушыны оқу материалын меңгеру барысы жайлы дұрыс және жылдам кері байланыспен қамтамасыз етеді, онда бәрі айқын бола түседі, қашықтықтан оқытудың бүгінгі түсінігінің дәстүрлі сырттай оқытудан түбегейлі айырмашылығы «қалам мен қағаз» орнын компьютер ауыстыратынында ғана емес, сонымен қатар «көгершін почтасын» Интернет ауыстыратында. Мультимедиялық компьютер - бұл жаңа интегралданған ақпарат тасушы ғана емес, бұл - “face to face” үлгісінің ең толық және бара-бар бейнеленуі. Бұдан басқа, компьютерде ғана оқытуды жекелеудің маңыздыларының бірі болып табылатын гипермедиялық сілтемелер негізіндегі ақпараттық - анықтамалық жүйе жүзеге асады. Дәрісті-семинарлық оқыту түрі өзінің тиімділігін әлдеқашан жоғалтты, оқу уақытының 50% босқа жұмсалатыны тәжірибеде дәлелденген. Шетел тәжірибесін зерттей келе келесі маңызды аспектіні белгілеуге болады: оқытушы ақпаратты таратушы ролінде емес, кеңесші, ақылшы, кейде студенттердің серіктесі болады. Бұның бірқатар жақсы жақтары бар: студенттер оқу процесіне белсенді қатысады, өз бетінше ойлануға машықтанады, өздерінің көзқарастарын ұсынады, айқын жағдайларды өңдеуге үйренеді. Мамандандырылған аудиториялардағы тәжірибе сабақтарын, оқушының өз бетімен жұмыс істеуі үшін жабдықталған оқу орындары мен жатақханалардағы компьютерлік сыныптарын, сонымен қатар үйдегі дербес компьютердің бәрін тек бір ғана компьютерлік ортамен қамтамасыз ететін компьютерлік пакеттер жасалған жағдайда ғана қазіргі білім беру ісінде реформа болуы мүмкін. Ақпараттық процестер басқа қоғамдық және өндірістік процестердің маңызды бөлшегі болып табылады. Осыған орай ақпараттық технологиялар олардың компоненттері ретінде қарастырылады. Ақпараттық оқыту құралдарын пайдалану өзін - өзі оқыту жүйесінде, сонымен қатар квалификацияны көтеру және мұғалімді қайта дайындау жүйесінде тиімді. Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi - оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық басылымның (ЭБ), оқу электрондық басылымының (ОЭБ) және электрондық оқулықтың (ЭО) ресми анықтамаларын негізге ала отырып электрондық оқулық ұғымын кеңейту және айқындау қажет.

Электрондық оқулық дегеніміз не және оның кәдімгі оқулықтан айырмашылығы неде? Әдетте, электрондық оқулық оқу тәртібінің негізгі ғылыми мазмұны бейнеленген ДЭЕМ магниттік тасымалдаушыларында (қатты немесе иілгіш дискілерде) орналасқан үйретуші, тексеруші, үлгілеуші және басқа да программалар жинағы болып табылады. Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

Электрондық оқулық - оқу әдебиеттінің жаңа жанры болып табылады. Электрондық оқулық (тіпті ең жақсысы да) кәдімгі кітапты толық ауыстырмайды және ауыстыра алмайды. Әдеби шығарманы экранизациялау қандай да бір басқа жанрға жататындай, электрондық оқулық та оқу міндетіндегі шығарманың жаңа жанрына жатады. Фильм көру, ол түсірілген кітапты оқуды ауыстыра алмайтын сияқты, электрондық оқулықтың бар болуы кәдімгі оқулықты оқуды ауыстырмауы керек, керісінше оқушылардың кітапқа деген ықыласын оятуы керек. Сол себепті электрондық оқулық құру үшін жақсы оқулықты алып, оны навигациямен (гипермәтін құру) және бай иллюстративті материалдармен (мультимедиялық құралдарды қоса) жабдықтап және оны компьютер экранында көрсету жеткіліксіз. Электрондық оқулық, оның функциясы түбегейлі басқаша болғандықтан, суреттері бар мәтінге де, анықтамалыққа да айналмауы керек.

Электрондық оқулықтардың негізі дыбыстық фрагменттерден, мультипликация және бейнефрагменттерден тұратындықтан оларды дайындау оңай болмаса да оқулықта тіл жетпейтін кезеңдер оңай түсіндіріледі. Электрондық оқулықтардың ең негізгі ерекшелігі де осында.

Электрондық оқулық біршама ұғымдарды, пайымдауларды және көптеген мысалдарды түсінуді және тез есте сақтауды максималды түрде жеңілдетуі керек. Электрондық оқулық студенттің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т. б. Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi. Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Қашықтан оқыту, мультимедия құралдарының дамуы оқушының, студенттің білім алуын, олардың белсенділігін арттырады. Студенттің сабақта көзделетін нысандары, құбылыстары туралы өз бетінше оқу-тәрбие процесінде ақпаратты жинауы, өңдеуі, оны жүзеге асыра білуі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың даму өрісіне байланысты.

Ал қазіргі заманғы жаңа технологиялар электрондық оқулықты пайдалану, ақпаратпен жұмыс істей білу. Қазіргі таңда білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік телекоммуникацияны қарқынды түрде пайдаланып келеді. Электрондық оқулықтарды соңғы кезде қолданысқа енгізілген жоғары деңгейлі компьютерлік программалармен қатар, қарапайым программалармен де құрастыруға болады.

Электронды оқулық мазмұны жағынан толық, жоғары деңгейде ақпараттанған және дарынды жазылуы қажет. Қашықтан білім алуда оқулықта барлық электронды - әдістемелік құралдары кіруі керек. Қазіргі заманғы ЭОБ оқушыға ыңғайлы индивидуалды қарқынмен теорияны оқуға, эксперименталды зерттеулер жүргізуге, практикалық дағдыларды қалыптастыруға, өзін - өзі тексеруге мүмкіндік береді.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

  1. Білім мониторингісі;
  2. Сауалнамалар;
  3. Түрліше тестілік бақылаулар;
  4. Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т. б.
  5. Оқушыларды сырттай бақылау

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы күрт артқан. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.

Электрондық оқулықтың тиімділігі олардың қашықтықтан оқытудағы өз мүмкіндіктерін жетілдіріп, казіргі жағдайда барлық білім алатын үйренушілерге ұсынылуында. Дәл осындай оқулықты кез-келген оқушыға ұсынуға болады және дәл осындай оқулық студенттердің өзін-өзі дайындауында жақсы көмек береді. Осымен қатар сынақтарға және әр пәннен өтетін емтихандарға дайындалуға көмектеседі.

Бүгінгі таңда есептеу техникасының қарыштап дамуына байланысты және оқу орындарын қаржыландырудың жетіспеушілігінен оқыту мақсатында әртүрлі программаларды жазу, пәндерді әр түрлі әдістермен оқыту негізгі мәселе болып отыр. Осындай мәселені есептеу техникаларын және әр түрлі программалау тілдерін, қолданбалы программаларды қолданып шешуге болады.

Электрондық оқулықтың кемшілігіне ақпаратты қабылдау құралы ретіндегі жақсы емес дисплейді (мәтіндік ақпаратты экраннан қабылдау кітап оқығанға қарағанда ыңғайлы және тиімдірек) және кітаппен салыстырғанда анағұрлым жоғары бағаны жатқызуға болады.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Электронды оқыту құралдарын жасау және пайдалану екі бағыт бойынша дамиды:

  1. Әр түрлі оқыту пәндері бойынша автоматтандырылған оқыту жүйелері құрылады. Автоматтандырылған оқыту құралдарының негізі ретінде педагог - құрушыларға өздерінің әдістемелік материалдарын мәліметтер қорына енгізіп, арнайы тіл немесе инструментальдық құралдар арқылы оларды оқытудың алгоритмін беруге болатын авторлық жүйелер жатады.
  2. Адамзат жұмысының әртүрлі саласын ақпараттандырумен байланысты. Бұл бағытты компьютерлік оқыту программалары, программалар пакеті, көп еңбек етуді қажет ететін есептеулерді, оптимизациялауды, математикалық модельдерді жеңілдету үшін автоматтандыру жүйелерінің элементтері дамығын.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.

Тиімді жақтары
Тиімсіз жақтары
Тиімді жақтары:
  • оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
  • Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
  • Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.
  • Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
  • Тәжірибелік жұмыстар жылдам түсіндіріледі.
  • Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
  • Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
  • Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
  • Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
  • Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
  • ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары
Тиімсіз жақтары:
  • Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.
  • Пән аралық байланыстың аздығы.
  • Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.
  • Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.
  • Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.
  • Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.
  • Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.
  • Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.
  • Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

  1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
  2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
  3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
  4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т. б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді, әсіресе, мына жағдайларда тиімді:шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді; керекті ақпаратты тез табуға көмектеседі, ал кәдімгі оқулықта іздеу қиындық туғызады; гипермәтіндік түсініктемелерге бірнеше рет қатынауда уақытты үнемдейді; қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, әңгімелейді, үлгілейді және т. с. с. (дәл осы жерде мультимедиа - технологияның артықшылықтары мен мүмкіндіктері көрінеді) тез, бірақ жеке адам үшін неғұрлым ыңғайлы жылдамдықта анықталған бөлім бойынша білімін тексеруді жүзеге асырады.

Бұл оқытуда нақты нәтижеге қол жеткізуде ақпаратты талдау, ой түйіндеу, мультимедиа өнімдерін қолдануды білу арқылы жүзеге асады.

Электрондық оқулық кімге және не үшін қажет ?

Электрондық оқулық күндізгі оқу бөлімінде оқитындарға өзіндік жұмыс жасау үшін әсіресе қашықтықтан оқытуда қажет, өйткені ол :

- оқытылатын материалды баспа оқу әдебиетіне қарағанда, басқалардың көмегімен, мысалы, материалды беру тәсілдері: есту мен эмоционалдық жадқа әсер ету, индуктивті амал және т. с. с. арқылы түсінуді жеңілдетеді;

  • студенттің қажеттіліктеріне сәйкес, оның дайындық деңгейіне, интеллектуалдық мүмкіншіліктері мен амбицияларына байланысты бейімделуді болдырады.
  • пәннің мәнісіне шоғырлануға және неғұрлым көп мысалдар қарастырып, есептер шығаруға мүмкіндік бере отырып, көптеген түрлендірулерден және үлкен есептеулерден босатады ;
  • жұмыстың барлық кезеңдеріне байланысты өзін-өзі тексеру үшін кең мүмкіншіліктер туғызады ;
  • жұмысты ұқыпты және көрнекі түрде безендіріп, мұғалімге файл түрінде өткізуге мүмкіндік туғызады.
  • шексіз түсіндірулер, қайталаулар, еске түсірулерді ұсынатын шексіз шыдамды тәлімгер ролін атқарады.

Оқулық студентке берілген пән бойынша сапалы және жан- жақты білім алу үшін қажет .

ЭО арнайы аудиторияларда өтетін практикалық сабақтарда пайдалы,

өйткені ол:

  • компьютердің көмегімен көптеген есептер шығаруға мүмкіндік береді және алынған шешімдерді сараптау мен олардың графикалық түсіндірулеріне кететін уақытты босатады .
  • мұғалімге сабақты компьютерде өзіндік жұмыс жасау ретінде өткізуге мүмкіндік туғызады;
  • мұғалімге компьютердің көмегімен оқитындардың білім деңгейін жылдам және тиімді бақылауға, бақылау жұмысының қиындық деңгейін және мазмұнын беруге мүмкіндік туғызады.

Электрондық оқулық мұғалімге ыңғайлы, өйткені ол:

  • дәрістер мен тәжірибелік сабақтар үшін көлемі бойынша аз, бірақ мазмұны бойынша маңызды өз қарауымен материалдарды шығаруға мүмкіндік туғызады, аудиториялық сабақ шеңберінен тыс электрондық оқулықпен өзіндік жұмыс жасауды қалдырады;
  • үй жұмыстарын, бақылау жұмыстары мен типтік есептеулерді тексеру жұмысын компьютерге бере отырып одан босатады;
  • аудиторияда қарастырылған және үйге берілген есептер мен мысалдардың мазмұны мен санындағы байланысты үйлестіруге мүмкіндік береді;
  • әсіресе, бақылау және үй тапсырмаларына қатысты студенттермен жұмысты жекелеуге мүмкіндік туғызады.

1. 1. ЭОҚ жіктеу, түрлері

Электрондық оқулықтарды құру құралдарын жіктеу

Электрондық оқулықтарды құру құралдарын, мысалы, тағайындау және орындау функциясы, техникалық қамтамасыз етуге талаптар, қолданылу ерекшеліктері сияқты көрсеткіштерді қамтитын құрама белгілерін қолдана отырып, топтарға бөлуге болады. Көрсетілген белгілерге сәйкес келесі жіктеу мүмкін болады:

  • дәстүрлі алгоритмдік тілдер;
  • жалпы міндеттің аспапты құралдары;
  • мультимедиа құралдары;
  • гипермәтіндік және гипермедиа құралдары;

Төменде әрбір белгіленген топқа қысқа шолу мен ерекшеліктер көрсетіледі. Мұнан былай техникалық база ретінде біздің елімізде кең тараған және университет қарамағында бар IBM сәйкестігіндегі компьютерлер айтылады.

Дәстүрді алгоритмдік тілдер

Тікелей бағдарламалау құралдарымен құрылған электрондық оқулықтардың өзіндік ерекшеліктері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Компьютерлік презентациялық материалдарды қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері
Статистикалық физика.Физикалық кинетика негіздері оқулығы бойынша электрондық оқулық құру тақырыбын
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Access мәліметтер қорын сақтау жүйесі тақырыбында электронды оқулық құрастыру
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz