Немесе клиенттің несиелік


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: 1
КІРІСПЕ:

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

3:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Электронды төлемдер түсінігі, оның мақсаты мен даму эволюциясы
3: 5
: 1. 2
КІРІСПЕ: Төлем карточкаларының түрлері және оларды жіктеу
3: 17
: 1. 3
КІРІСПЕ: Әлемдік банктік тәжірибеде электронды төлемдер түріндегі төлем карточкаларының дамуы
3: 26
: 2
КІРІСПЕ: «Каспийский банк» АҚ-ның электронды қызметтеріне талдау және оның төлем карточкалар нарығындағы ролі
3:
: 2. 1
КІРІСПЕ: «Каспийский банк» АҚ-ның электронды карталармен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі
3: 33
:

2. 2

2. 3

КІРІСПЕ:

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінде қолданылатын электронды карталар және оларға талдау

«Каспийский банк» АҚ-ның жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі

3:

41

50

: 3
КІРІСПЕ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКтерінде ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3:
: 3. 1
КІРІСПЕ: ҚР коммерциялық банктерінің электронды қызметінің жетістіктері мен кемшіліктері
3: 57
: 3. 2
КІРІСПЕ: ҚР коммерциялық банктерінде төлем карточкаларымен қызмет көрсетудің даму болашағы
3: 67
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 76
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 78

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі : Қазақстанда банктік қызмет түлерінің кеңеюіне байланысты, банктің электронды қызметтер жүйесін енгізу, дамыту және әрі қарай жетілдіру және оларды есепте көрсету көкейкестілік маңыз алып отыр.

Банк секторында бәсекелестік күшейген сайын банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастауы, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіруі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түсуі байқалады.

Төлем айналымның өсуі және олардың тудыратын еңбек шығындарының өсуі жағдайында, ақша қаражаттары айналымын тездетуді және айналыс шығындарын төмендетуді қамтамасыз ететін, ақша есеп айырысуының өте жаңа механизмін жасау өткір мәселесі пайда болды. Біздің елімізде қазіргі кезеңде төлемдерді жылдамдату кезек күттірмейтін мәселе болып табылады. Әлемдік банктік тәжірибеде бұл алдымен, ақшамен есеп айырысуды автоматтандыру және механикаландыру, банктік және кәсіпкерлік әрекеттерді кеңінен компьютерлендіру есебінен «қолма-қолсыз» технологияның көмегімен шешімін табады.

Қазіргі кезде әлемдегі 200 астам елдер төлем айналымында пластикалық карточкаларды пайдаланады, ол пластикалық карточкалардың банк ісінде «технологиялық революция» деп аталап жүр. Осы пластикалық карточкалар бір қатар жағдайларда электронды банк жүйесінің (және басқа да жүйелердің) негізгі элементі ретінде көрінеді. Олар бірте-бірте чектер мен чек кітапшаларын ығыстыра, өнеркәсіптік дамыған батыс елдеріндегі ақша айналымын ұйымдастыруда алдыңғы қатарға шықты

Бұл процесс екі деңгейде жүзеге асырылады. Бірінші деңгейде банктік көтерме бизнеске қызмет көрсететін, электрондық техникалық құралдар негізінде есептеудің күрделі ішкібанктік және банк аралық жүйелері енгізіледі. Екінші деңгейде, клиенттерге - заңды не жеке тұлғаларға болсын, бөлшектеп автоматтандырылған қызмет көрсету жүйесі енгізіледі.

Банк клиентерімен электрондық ақша есеп айырысуды жүзеге асыратын құралдар ретінде төлем карточкалары кең қолданылуда. Төлем карточкаларының ең маңызды ерекшелігі, оларда ақшалай есеп айырысу мен басқа да операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, әртүрлі қолданбалы бағдарламаларда пайдаланатын, белгілі бір ақпараттар жинағы сақталады.

Бүгінде пластикалық карточка тек төлем құралы ретінде ғана емес, мекемелерге кіруге рұқсатнама ретінде, компьютерлік желіге шығуға, жүргізуші куәлігі, сауда желісіне немесе басқа да мақсаттарға жеңілдік беретін құрал ретінде пайдаланыла алады, сонымен қатар, төлем карточкаларының көмегімен көрсетілетін қызметтің таратылу аясы мен көлемі тұрақты түрде кеңеюде.

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде қолданылатын электронды қызметтердің мәнін ашу және төлем карточкаларымен жүргізілетін операцияларға сипаттама беру, олардың кең қолданыс табуына кедергі болушы факторларды анықтау болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаттарына сәйкес мынадай міндеттер алға қойылды:

- «пластикалық карточкалар», «банктік карточкалар» және «төлем карточкалары» түсініктерінің мәнін ашу және айырмашылығын анықтау;

- арнаулы монографиялық әдебиеттердің негізінде ақша айналымына төлем карточкаларын енгізудің әлемдік тәжірибесіне шолу жасау;

- нормативтік актілер негізінде ҚР екінші деңгейлі банктерінде қолданатын төлем карточкалар нарығына талдау жасау;

- нормативтік актілер мен банктің өзінің ережелері негізінде «Каспийский банк» АҚ электронды төлемдерін және төлем карточкаларымен көрсетілетін қызметтерін қолдану тәжірибесін зерттеу;

- төлем карточкаларының айналымын жетілдіру және оны әрі қарай дамыту проблемаларын анықтау, оның дамуына кедергі болып жатқан факторларға тоқталу;

Зерттеу объектісі ретінде «Каспийский банк» АҚ алынды.

Зерттеу пәні болып электронды төлем ретінде төлем карточкаларының түрлері және оны қолданушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.

Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізі ретінде шетел, Ресей және Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалым-экономисттерінің электронды төлемдер мен банк карточкалары туралы ғылыми еңбектері мен мақалалары, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік құжаттары, ҚРҰБ мен Статистика Агенттігінің ресми сайтының, статистикалық және жылдық есептерінің деректері қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі үш тараудан құралған.

Бірінші тарауда жалпы электронды төлемдер түсінігі, оның мақсаты мен даму эволюциясы, төлем карточкаларының түрлері және оларды жіктеу, электронды төлемдер түріндегі төлем карточкаларының дамуының шетелдік тәжірибесі қарастырылған.

Екінші тарауда «Каспийский банк» АҚ-ның электронды карталармен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінде қолданылатын электронды карталар және оларға талдау, «Каспийский банк» АҚ-ның жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметіне талдау жасалды.

Қазақстан Республикасындағы төлем карточкаларын қолданудағы кемшіліктер, оны жою және жетілдіру қажеттілігі, төлем карточкаларының даму перспективасы үшінші тарауда қарастырылып, бірқатар ұсыныстар жасалған.

Диплом жұмысында 12 кесте, 10 сурет жасалған.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Электронды төлемдер түсінігі, оның мақсаты мен даму эволюциясы

Несиелік карталарды пайдалану идеясы алғаш рет XIX ғасырда 1888 жылы жарыққа шыққан Эдуардтың «Өткенге көзқарас» (Looking Backward) кітабында алға тартылды, ал алғаш рет картон несие карточкаларын тәжірибеге енгізу талпынысы АҚШ-та бөлшек сауда кәсіпорындары мен мұнай компанияларында сонау 20- шы жылдары жасалған болатын. Картон карточкаларының ұзақ ұсталынбауы оны ауыстыру қажеттілігін тудырды, және оншақты жылдардан соң алғашқы металл, одан кейін бедерленген пластикалық карточкалар пайда бола бастады. Бедерлеу сол карточкалардың қызмет көрсетуін жартылай автоматтандыруға мүмкіндік берді, өйткені карточкалардан дақтама (оттиск) жасап және алдын-ала жазылған чектерде (слиптер) иеленуші туралы ақпаратты тасуға мүмкін болды. Соғыстан кейінгі жылдары Diners Club және American Express сияқты атақты компаниялардың пластикалық карточкалары пайда болды. Ұзақ уақыт бойы несие карточкаларының қызметінің талабына сай келетін, ыңғайлы материалдар табылмады. Алпысыншы жылдары пластикалық карточкаларға ақпараттар жазылатын, магнит жолақтары салына бастады. Содан кейін көптеген елдер өз банктерінде карточкалық есептесу жүйесін енгізді, және ол халықаралық сипат ала бастады.

1975 жылы француз Ролан Морено электрондық зерделеу карточкасын ойлап тапты, ал сәл кейіннен, BULL француз компаниясы кіріктірме микропроцессорымен смарт-карточканы (зияткерлік карточка) әзірлеп, патенттеді. Мүмкін, уақыт өткен соң, есептесу саласына карточкалардың жаңа түрлері келер де, бірақ әзірше өзінің дәстүрлілігінің арқасында магнитті карточкалар мысалы, American Express, VISA, MasterCard т. б. сияқты қазіргі кезде де жетекші жағдайды алып отыр [1] .

Пластикалық карточкалар, кассалық кызмет көрсетудің құралы ретінде, оларды енгізгенде шоттан ақшаны алуда немесе кейбір жағдайларда 1955 жылға қарай Францияда ұйымдастырылған (iners Club 1954 карточкалары), автоматты ақша беретін бөлімдерде (DAB немесе GAB) немесе пункттерде төлемге арналған болатын. Осы форманың бірнеше онжылдықтар ішінде дамығаны айқын көрінеді. 1990 жылы 202 миллиард франк ақшаға DAB шоты арқылы 446 миллион ақша алу жүргізілген. Несиелік карточкалар бірлестігінің (СВ) мәліметі бойынша, банкоматтар саны 14000 жетті, және 5 сауда орындары 1990 ж соңында, 19, 7 млн. данамен таралған, «көк карточканы» төлемге қабылдады; оның шамамен 7, 9 миллионы ұлттық карточкалар (көк карточка - ауылшаруашылық несиенің және өзара несиенің банктік карточкасы) және 11, 6 млн. халықаралық карточкалар (Visa, Eurocard-Mastercard) [2] .

Бұл процедураның артықшылығы сонда, компьютермен басқаратын, төлемдерде, қолма-қал ақшаны жоғалту мен ұрлау қаупі болмайды; карточкалар (Visa т. б. ) иесінің төлемді шетелде де жүзеге асыруға мүмкіндігі болады. Желіге қосылған коммерсанттар, эмитенттің оларға арнап қарастырған, комиссиялық алымдарына қарамастан, бұл әдіс өзін ақтайды, деп мойындап отыр. Ұстаушы, тіпті қәзіргі жүйенің өзінде де, кейбір мерзімін ұзартып төлеуде тіпті біраз ұтады. Сырғымалы күндер жүйесі деп аталатын осы мүмкіндіктерді біраз шектейді.

Қызметі төлемдермен шектелген, карточкалар, қазіргі кезде салыстырмалы түрде сиректеу. Олардың иесі, дегенмен де, ақысыз қолма-қол ақша құқығын пайдаланады, өйткені клиенттің шоты тек айдың аяғында ғана дебеттеледі [3] .

Енді, Каспийский банкі немесе жинақ кассалары беретін (Intercarte типті), чектерге кепілдік карточкаларға келсек, олар классикалық төлем құралдарын қосарлайды.

Беделді карточкалар деп аталатындардың American Express, Visa Premier («Золотая» карточкасы) пайда болуы және тез таралуы ерекше құбылыс болды, олардың саны миллионға жетті. Олардың бағасының жоғары болуы әртүрлі қосымша қызметтерді (сақтандыру, кепілдік, жеңілдіктер) көрсете алуымен түсіндіріледі.

Карточкалардың әртүрлі үлгілерін ұқсастықты пластикалық тасушылар пайдаланады. Пайдалану ережесі ерекшеленеді. Дегенмен де кейбір карточкалар барлық атқарылатын қызмет мүмкіндіктерін біріктіреді.

Дербес бағыты бар және қазіргі кезде карточкалармен байланысты, қызметтердің көбейгенін атап кетейік: сатып алған заттардың бүлінуі және ұрлану жағдайынан сақтандыру, жарнамалық кештерді ұйымдастыру, отанына қайта оралуда көмек көрсету, медициналық қызметтерге төлеу.

Сонымен, пластикалық карточкалардың даму барысында атқарылуымен, қызметтік және техникалық сипаттарымен ерекшеленетін, пластикалық карточкалардың әртүрлі түрлері пайда болды.

Электрондық есеп айырысу жүйесінің қазіргі заманғы қызмет атқару механизмі пластикалық карточкаларды пайдалануға негізделген және өзіне сауда ұйымдарында халықтың банкоматтар, электрондық жүйемен есеп айрысудың көмегімен, клиенттерге банктік қызметтерді үйінде және жұмыс орнында көрсету жүйесімен жүзеге асырылатын, операцияларды кіргізеді. Пластикалық карточка - бұл жалпыланған термин, олардың көмегімен атқарылуы, жиынтығы бойынша, өзінің техникалық мүмкіндігі бойынша және оларды шығаратын ұйымдар бойынша да әртүрлі қызметтерді көрсететін, барлық карточкалар түрлерін білдіреді [4] .

Барлық электронды карточкалардың, олардың жетілдіру дәрежесіне қарамай, ең маңызды ерекшелігі, әртүрлі қолданбалы бағдарламаларда пайдаланатын, олардағы белгілі бір ақпараттар жиынтығының сақталуында. Карточка ғимаратқа кіруге рұқсатнама ретінде, компьютерге кіре алу құралы ретінде, жүргізушілік куәлік ретінде де қызмет ете алады, телефонмен сөйлесуге төлеу үшін де пайдаланылуы мүмкін т. б. Ақша айналымы саласында пластикалық карточкалар қолма қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастырудың прогрессивті құралдарының бірі болып табылады.

Банк картасы - карточканы пайдаланатын тұлғаға тауарлар және /немесе қызметтерге қолма қол ақшасыз төлеуге мүмкіндік беретін, және де банк бөлімдері (филиалдары) мен банктік автоматтарда (банкоматтарда) қолма қол қаражаттарды алуға мүмкіндік беретін, дербестендірілген төлем құралы. Карточканы қабылдайтын сауда/ сервистік кәсіпорын және банк бөлімдері карточкаға қызмет көрсету желісін құрады (немесе қабылдау желісі) [5] .

Электронды карточка орындалуы бойынша әртүрлі операцияларға пайдаланылады. Қызмет көрсетуді таңдауы бойынша ол рұқсатнама, жүргізуші куәлігі, жолда жүру құжаты және жәй ғана төлеу құралы болып қызмет ете алады.

Қазіргі кезде әлемдегі 200 астам елдер төлеу айналымында пластикалық карточкаларды пайдаланады, ол пластикалық карточкалардың банк ісінде «технологиялық революция» деп аталатынның ең маңызды элементі болып табылады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осы пластикалық карточкалар бір қатар жағдайларда электронды банк жүйесінің (және басқа да жүйелердің) негізгі элементі ретінде көрінеді. Олар бірте-бірте чектер мен чек кітапшаларын ығыстыра, өнеркәсіптік дамыған Батыс елдеріндегі ақша айналымын ұйымдастыруда алдыңғы қатарға шықты[6] .

Электронды ақша есептесу жүйесін қалыптастыру процесінде ISO (International Standarts Organisation) дүниежүізлік ұйым құрылған болатын, ол пластикалық карточкалардың сыртқы түріне белгілі бір стандартты әзірледі; шоттардың нөмірлеу (пайда болу) тәртібін; магниттік жолақтар қалыбын: карточканың иесіне оның операциялары туралы жіберетін, хабарламаның қалыбы. ISO мүшелері VISA, Master Card, American Express сияқты ірі карточкаларды шығарушылар болып табылады[7] .

Магнитті карточкалар 30 жыл бұрын пайда болды, ол алғашқыда саяхат жасайтын бизнесмендерге қызмет көрсетуге арналған болатын. 1993 жылы тек батыс елдерінің өзінде ғана айналымда шамамен 20 млрд. сондай карточкалар болды [8] .

Микропроцессорлық карта 70-ші жылдардың ортасында Францияда ойлап табылған болатын, бірақ тек 80-ші жылдарың аяғында ғана оны тәжірибеде қолданудың нақты мүмкіндіктері пайда болды. 1993 жылдың аяғында шамамен 250 млн. электронды пластикалық карточкалар шығарылды. 1996 жылы олардың саны 1 млрд. жетті.

Микропроцессорлық карточкалардың көп таралған жері - Францияда. Мұндай карточканың микросұлбасы, есеп айырысуды жүзеге асыруға қабілетті, микрокомпьютер болып табылады. Кіріктірме микропроцессорының арқасында, карточкалар орталық компьютермен ақпарат алмаса алады, алдағы мәмілелер туралы ақпаратты сақтай алады, банктен белгілі бір мәлімет ала алады, эмитентпен (шығарушы) байланыспай-ақ шектеулі сомаға (карточка сол сомаға «зарядталады») төлем жүргізе алады. Смарт-карточкалар көп қызметті және сенімділік дәрежесі өте жоғары. Оларды ірі компаниялар жасайды, және қарапайым жағдайда микросұлбаны «бұзу» өте қиынға соғады. Одан басқа, әрбір есептесуге қатысушының (банк, клиент, дүкен) өзінің ақпарат жазу кілті болады. Мұндай карточкалардың зердесінің көлемі шамамен 256 байттан аспайды. Магнитті жолақтың орнына оларға шұғыл (өңдеу процесінде пайдалну үшін) және тұрақты (өзгерілмейтін деректерді сақтау үшін) зердеден тұратын, микропроцессор кіріктірілген, және де мәліметтердің қауіпсіздік жүйесі енгізілген. Несиелеу лимиті карточка процессорында алдын-ала бағдарламаланған, және оны қолданғанда қайта есептеуде жұмсалған сома алынып тасталады. Егер қорланым толық жұмсалса, клиент банкке қажетті соманы енгізеді және лимит бастапқы деңгейге қалыпқа келтіріледі [9] .

Мұндай карточкалар өзінің техникалық сипаттары бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Қарапайым зерде карточкаларында, магниттік жолағы болмағанмен, зерде және жазба үшін немесе ақпараттарды санайтын құрылғысы болатын, әлемде ең көп таралған телефондық зерде карточкалары. Бұл карточкалар түйіспе режимінде пайдаланылады, яғни микросұлба санайтын құрылғы түйіспесімен физикалық жанасады;
  • смарт-карточкалар - «компьютерлік қисынды (логикасымен) » микросұлбасы бар, карточкалар. Ол орталық компьютермен ақпарат алмаса алады, банктен қажетті мәліметтерді алады, бұрынғы мәмілелер туралы ақпараттарды сақтай алады, эмитенпен байланыссыз шектеулі сомаға төлем жүргізе алады (карточка тек сол сомаға «зарядталады») . Смарт-карточкалар ақпараттың сақталуын, тұтастығын және құпиялылығын қамтамасыз ете отырып, әртүрлі қаржылық қосымшаларда пайдаланылады. Мысалы, смарт-карточканың көмегімен дебеттік немесе кредиттік операцияларын жүргізгенде оның иесі, сол банк немесе сауда терминалы шындығында бар ма, жоқ па, соны тексере алады.
  • суперсмарт-карточкалар, дәстүрлі есептеме-несиелік қызметтін жүзеге асыруға арналған және бірмезгілде жазба кітапшасының, сағат, калькулятордың т. б. рөлін атқарады. Мұндай карточкаларды кең пайдалану бағасының жоғарылығынан шектелген. Бұл карточкалар өзіне дебеттік және кредиттік карточкаларды біріктіреді.

Суперсмарт-карточкалар өз зердесіне, ешқандайда авторизацияландырмай-ақ жұмсауға болатын, белгілі соманы сақтауға мүмкіндік береді, ол мүмкіндікті ақшалар таусылып, карточканы банкомат сияқты терминалдар арқылы жаңамен «зарядтау» керек болғанда ғана қажет.

Осы саладағы ең белгілі фирмалардың бірі -Mondex фирмасы. Осы әмияннан электрондық ақшаларды байланыс каналдары арқылы беруге болады, яғни, жер шарының әртүрлі түпкіріндегі, субьектілер арасында «жылдам» төлемдердің жүруі мүмкін болады. Mondex карточкасы - бұл әмиянсыз микропроцессорлық карточка, оған қаражаттарды есепке алу үшін арнаулы құрылымдар Mondex phones - қоса атқарылатын телефондар пайдаланылады. Ақшаны жіберуге арналған каналдар ретінде кәдімгі телефон желілері қызмет етеді. Сөйтіп, телефондар өзгеше банкоматтар ретінде электрондық ақшаларды күні-түні бере алады. Бұл жүйелер, егер операция екі клиенттер пайдаланушылар арасында жүргізілсе, ақшаны қарызға беруге немесе алуға мүмкіндік береді. Дәстүрлі карточкадан Mondex карточкасы сыртынан қарағанда микрокалькулятор-кітапшаға ұқсас, арнаулы құндағының (футляр) болуымен ерекшеленеді. Құндақтың, бір жағында өзінің карточкасына арналған ұясы бар, ал екінші жағынан - дисплей мен миниатюралық пернетақы болатындай етіп құрылған. Әрбір карточкада өзінің, пайдаланушы енгізген паролі болады. Mondex басқа осыған ұқсас төлем жүйесін белгілі корпорациялар Visa және MasterCard әзірлейді. Мұндай өте жаңа төлем жүйесін енгізу «заттай» ақшаны пайдаланудан толық бас тартуға мүмкіндік береді.

Бірақ та пластикалық карточкаларды пайдаланудың оңды жағдайларымен қатар, және де шешілмеген міндеттері де жоқ емес:

  • жүйенің қауіпсіздігі, техникалық деңгейде де, ұйымдастырушылық деңгейде де ақпаратты қорғаудың «өткізбейтін» жүйесімен жүргізілуі тиіс, керісінше жағдайда қоғам вируалдық ақшаға толық түрде көше алмайтын болады;
  • электрондық ақшалар төлем құралы болғандықтан, ақша эмитенті елдің орталық банкі емес, коммерциялық банкі болады [10] .

Сондықтан да электрондық ақшаға толық көшу әлі де мүмкін болмайды. Қазіргі кезде әлемде VISA, MasterCard, Diners Club, American Express, Europay International (бұрынғы EuroCard) сияқты банк карточкаларының бірнеше ірі қауымдастықтары әрекет етеді, Қауымдастықтар жалпы ережелер әзірлейді, өздерінің қызметтерін үйлестіреді, патентері пен құқықтарын қорғайды, стандарттар мен операцияны дұрыс енгізу, жаңа төлемдің өнімдер ережелерін дайындайды, оларды жарнамалайды, ақпарат алмасады.

Франция ұлттық деңгейде микропроцессорлық карточкаларды енгізген әлемдегі бірінші ел болды. Қазіргі кезде дамыған елдерде микропроцессорлық карточкаларды енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Германияның мысалы осы жағдайды растайды. Немістің микропроцессорлық карточкасының үш телімнен тұратын сияқты, зердесі болады. Біріншіде берілген несиенің мөлшері туралы мәліметтер бар (300 ден 500 маркаға дейін) . Карточканы сауда орындарында пайдалану тәртібі қазіргі бар карточкаға ұқсас (есептеуші аппарат және жеке код) . Клиенттің несиеге қабілеті тексеру карточканың лимитінен асып кеткен жағдайда ғана телефонмен жүргізіледі, ол басқа, жәй карточкалармен салыстырғанда өзінен өзі, біраз үнемдеуге мүмкіндік береді. Микропроцессордың екі басқа телімдері ашық және сомалар аз болғандықтан, жеке кодты пайдалануды қажет етпейді. Сұлбаның екінші бөлімі телефонмен сөйлесу үшін мәліметтерді сақтайды. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында мұндағы сома 20 маркамен шектелген. Айналым шығынын үнемдеу төлемнің осы бөлігінде де қол жеткізіледі, өйткені пайдаланылған телефон карточкаларын құртып, жаңасын алудың енді қажеті болмайды. Процессордың үшінші бөлігі «электронды әмиян» (50-100 марка) есебінде жүреді, соның есебінен клиент автобусқа, темір жолға билеттер сатып ала алады, автотұрақтар, жүзу алаптарында есептесе алады. Сомасы таусылғанда карточка банкоматтарда тағы да толтырылады, ол оның тез қалпына келуіне және көп пайдалануына қамтамасыз етеді.

Микропроцессорлық карточкаларды пайдаланудан ілесетін, проблемаларды талдай келе, экономистер олардың өзіндік құны мәселесін бөліп алады. Магнитті жолақты карточкаларының өндірістік өзіндік құны микропроцессорлық карточкалардың өзіндік құнына қарағанда біраз төмен екендігі белгілі. Неміс мамандарының есептеуі бойынша, микропроцессорлық карточкалардың оны жасаудағы және пайдаланудағы барлық мүмкіндікті шығындарымен өзіндік құны шамамен 12 марканы құрайды, ал жәй телефонның пластикалық карточкасы бар - жоғы 2 марка тұрады. Микропроцессорлық карточкаларды пайдалану аясының кеңеюінен кейін ғана олардың өзіндік құны 5-7 маркаға дейін төмендеуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы
Қысқа мерзімді несиенің қажеттілігі мен мәні
Қысқа мерзімді қарыздар және оны ұйымдастыру
Қарыз алушының несиелік қабілеті
Банктік тұтыну несиелері
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ
Банктік қызметтегі несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету
Тұтыну несиесінің түрлері
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың экономикалық негізі
Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру («Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесінен)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz