Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту қылмысының жалпы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы ... ... ..8
1.2 Қылмыс құрамдарын
салыстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .9

2.Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері ... ... ... 21
2.1Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу жолдары ... ... ..24

3. Кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің жалпы
сипаттамасы
3.1 Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары ... ... ... ... ... ... .26
3.2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың
қылмыстық іс жүргізу үшін
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..33
3.3Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-
жайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .37
3.4Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші
кепілдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43

4. Кәмелетке толмағандардың істерін сотқа дейінгі жүргізу ерекшеліктері
4.1 Кәмелетке толмағандар бойынша қылмыстық іс
қозғау ... ... ... ... ... ... ... . ...48
4.2 Алдын ала
тергеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...50

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .59
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
КІРІСПЕ

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту

Қазақстан Республикасы үшінші мың жылдықта табалдырығын
тәуелсіз ел ретінде аттап, құқықтық демократиялық мемлекет
негізін қалыптастыруда XXI ғасырдағы Қазақстан қоғамын сипаттайтын
саяси, әлеуметтік және эканомикалық өзгерістер мен қайта құрулардың
шапшаңдығы Қазақстан жастарының қал –жағдайын және дамуын кейде
алып кейді ел тағдырын шешетін осы жастар болып отыр. Демек,
қоғам тірлігінің көрсеткішін анықтайтын солар болады. Жастар
проблемасы бір қатар теріс факторлардың әсерінен асқынып отырғаны
баршаға аян, бүгінгі таңда “ел ертеңін кімге сеніп тапсырамыз ?’’
деген сұраққа жауап берудің өзі қиынға соғып бара жатқан жайы
бар “Дайын асқа тік қасық “ деп ел өмірін жай тапсырасалуға
болатын топтарды табу қиын емес, әрине, халықтың біртұтастығы
күйтеп, жұртының қамын жейтін отан сүйгіш ұрпаққа ертеңінде
сеніммен табыстаудың жөні бір басқа.
Қазіргі таңда қазақ жастарын бүгінгі қоғамдық және
экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесінде жарым - жартылай
бейімделген, тұрақсыз статусқа ие әлеуметтік топ ретінде тани
алатындай жағдайда қалып отырмыз. Жас ұрпақ - Болашағы мол екпінді
әлеуметтік топ болуы тиіс. Жастар қандай болса, белгілі дәрежеде
еліміздің бүгін мен ертеңі соған сәйкес болады.
Қоғамымыздағы жастардың қылмыстық әсерінің теріс факторларын
ілігіп, өз тағдырларын өздері ластап отырғандығын көріп, біліп
отырғандықтан курстық жұмыс тақырыбын: Кәмелетке толмағандарды қылмыстық
іске тарту деп таңдадым. Осы тақырыпта жұмыс атқара отырып біз аталған
проблемаларды қарастыратын А.Н.Ағыбаевтің А В. Наумовтың , Е.Т.
Әбілезовтың қылмыстық құқық саласында жасалған еңбектерімен, сонымен
қатар Е. Алаухановтың “ Жасөспірімдердің қылмысы неге көп ” А.Ағыбаевтің
“Жасөспірінің қылмысына не себеп” Л.Ерінбетованың “Кәмелетке толмағандар
арасындағы қылмыстықтың алдын алу жолдары “Е. Камалдың “Жазалаумен
жастарды түзете аламызба А.Серимованың “ Бала тәрбиесіне бәріміз
жауаптымыз “ А.Ахметованың “Жастарға көңіл бөлмеу олардың арасында
қылмыстың өрістеуіне әкеп соғады” атты мақалалармен таныстым. Аталған
жұмысты атқару кезінде алдыға қойған мақсатым мынадай:
1.кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы, оларға қолданылатын
жаза түрлері, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары туралы Қылмыстық құқық
ғылымы тұрғысынан жан-жақты сипаттама беру;
2.кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының қылмыстық әлемдегі орнын
статистикалық мәлімметтерді жинай отырып анықтау;
3.кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу, оларды
тәрбиелеу, сондай-ақ, ата-аналарының бала тәрбиелеу ісіндегі
жауапкершілігін жоғарлату, кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғау сияқты
мәселелерді талдау және оны дұрыс жолға қою тәсілдерін қарастыру;
4.жасөспірімдердің құқықтық санасын жоғары жеңгейге көтеру және
қоғамның ұмытыла бастаған моральдық құндылықтарын қайта қалпына келтіру
жолдарын іздестіру;
5.қазіргі кезде кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу үшін жасалып
жатқан шаралармен танысу;
6.осы қылмыстардың алдын алу шараларына байланысты өз ойымды білдіру,
яғни бүгінде кәмелетке толмағандарды қылмыстық жолдан арашалап қалуда
маңызды роль атқарады деп сенетін іс шараларды ұсыну;
7.кәмелетке толмағандарға арналған калонияларда жазасын өтеп жатқан жас
өспірімдер өмірімен танысу.

1 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту қылмысының жалпы сипаттамасы

Кәмелетке толғандардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасы туралы
мәселелер арнайы, бірінші рет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
тарауларының бірінде орын алған, яғни, ол әділеттілік қағидаларына сәйес
1990 жылғы 15қазанда Біріккен Ұлттар Ұйымының бас ассамблеясының
келісімімен мақұлданған және күшіне енген “Балалардың құқықтары” туралы
Конвенциясымен сәйкестендірілген.
Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке
дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген. Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік
және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың
жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып,
оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Заң шығарушы
кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы олардың психалогиялық өсуі, қоршаған
ортаның қылмыстекті жағдайының әсерінен, қамқорлыққа алынбауы салдарынан
және тағы басқа факторлардың әсерінен пайда болады деген тұжырымнан шығады.

Кәмелетке толмағандардың психалогиясын ескере отырып, оған қылмыстық
жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына
жетуінің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуда мемлекет,
жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдыруменқатар ересектердің құқық бұзушылық
әрекеттерінің жас өспірімдерге кері әсер беруі сияқты жәйттермен күресуде.
Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес “Кәмелетке толғандардар
деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге
толмаған адамдар танылады”.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың мәселелері
өзіне тән тарихи даму сатыларының ерекшеліктеріне ие, мысалы, қазақ әдет-
ғұрып құқығы бойынша он бес жаста жауаптылыққа тартылмаған.
Профессор С. Л.Фукс осы жәйттерге байланысты былай деген: он бес жасқа
толмаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босату ұрлық пен кісі өлтіруден
басқа олардың өздері істеген іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындығына емес
керсінше олардың жасаған қылмысы үшін айып төлеуге шамасы келмейтіндігіне
тірелген, яғни көп жағдайларда жазаның мұндай түрлері сөгіске әкеп
соқтырған. “Адамның жасы он беске толған сәттен қазақтың жас бозбаласы ,
әке болуға жараған”. Меншік иесі ретінде соттың алдында өзінің іс-
әрекетіне жауап беріп, қылмыстық жауаптылықты өтеуге қабілетті деген
көзқарас болады .
Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында
кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы он төрт жастан бастап
белгіленген. Ал, Францияның қылмыстық кодексінде он үш, Нидерландыда,
Португалияда он екі, Жаңа Зеландияда он, Ирландия құқығында жеті жас деп
көрсетілген.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйелерін РСФСР-дің қылмыстық кодексіндегі
толықтырулар мен өзгертулерден табуға болады, олар қазақтың жерінде іске
асырылады. Ауылдың құқықтық сана сезім дәрежесін және есекере отырып
Қазақстанның ОАК өзінің ІІІ сессиясында кәмелетке толмаған қазақтарды
қылмыстық жауаптылыққа тартудың ерекше шартын бекітті. Қылмыстық жаза
көбінесе он төрт жасқа толмағандарға, сонымен қатар он төрт жастан он сегіз
жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға басқа ұлттарға қатысты он төрт жастан
он алты жасқа дейін қылмыстық жауаптылық белгіленді.
Қазақстан аумағында отыз бес жыл бойы күшін жоймай қолданылған Ресейдің
1926 жылғы Қылмыстық кодексі қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жас шамасын
былайша анықтады: “Дәрігерлік –педагогтік сипаттағы әлеуметтік қорғау
шараларын қолдануға болатын он төрт жасқа дейінгі жасөспірімдерге, соттық-
түзету сипатындағы әлеуметтік қорғау шараларын қолдануға болмайды”.
Он төрт жастан, он алты жасқа деиінгі кәмелетке толмағандардың ісі
жөніндегі комисия, егер сипаттағы әлеуметтік қорғау шараларын қолдану
мүмкін емес деп тапса ғана соттық түзету сипатындағы әлеуметтік қорғау
шараларын колданады.
Бүгінгі таңдағы ҚР- ның ҚК-і бойынша қылмыстық жауаптылықа, қоғамға
қауіпті іс-әрекет жасаған он алты жасқа толған адам тартылады. Ал кейбір
жағдайларда қоғамға қауіптілігі деңгейіне қарай, заңда көзделген
қылмыстарды жасаған үшін кәмелетке толмағандар он төрт жастан бастап
қылмыстық жауаптылықа тартылады. Бұл қылмыстарға: кісі өлтіру, денсаулыққа
қасақана зиян келтіру, ауырлататын мән жайларда денсаулыққа орташа
ауырлықтағы зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттаға күштеу әдістері, адам
ұрлау, ұрлық жасау, кісі тонау, ұрып соғу, қорқытып алу, ауырлататын мән-
жайлар кезінде автомобильды немесе өзгеде көлік құралдарын ұрлау мақсатын
көздемей заңсыз иелену, ауырлататын мән- жайлар кезінде мүлікті қасақана
жою немесе бүлдіру, терроризм, адамды кепілге алу, қару жарақты, оқ дәріні,
жарылғыш заттармен жару құралдарын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән
жайларды бұзақылық, тағылық, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс
болған адамдардың мүддесін және олардың жерленген жерлерін қорлау, көлік
құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету қылмыстары жатады.
(ҚК-тің 15-бабы)
Заң шығарушы қылмыстық жауаптылық туындайтын ең төменгі жасты
белгілей отырып, кәмелетке толмағанды сол жаста өзінің іс- әрекетіне жауап
бере алады деп анықтаған.
Осыған байланысты заң шығырушы кәмелетке толмаған деген терминге
анықтама бере отыр. Ал, бұл қылмыстық жауаптылық нормасын дұрыс қолдануға
мүмкідік береді.
КСРО Жоғарғы Сотының 1976 жылғы 3 желтоқсан №16 қаулысының 6
тармағында, Соттардың, кәмелетке толмағандардың қылмысы және кәмелетке
толмаған адамдарды қылмыстық істрге тарту туралы мәселелерді тәжірбеде
дұрыс қолдану туралы былайша түсініктеме береді. Сот кәмелетке
толмағандардың жасын дәл анықтауда шаралар қолданған мндетті. Жас өспірім
туған күні емес келесі, ертеңіндегі күннен бастап белгілі бір жасқа толды
деп саналады. Сот медициналық сараптама жасты анықтау кезінде, сотталушының
туылған күнін сол жылдың соңғы күнімен белгілейді: жастың ең төменгі
немесе ең жоғарғы шегін анықтауда, сот сараптаманың қортындымен анықталған
төменгі жас мөлшерін белгілейді.
Егер кәмелетке толмаған адам ҚК-те көзделген жасқа толса, бірақ
психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық даму жағынан артта қалу
салдарынан кішігірім емес орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі
өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық
қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса,
қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс емес (15-бап, 3-бөлігі).
Кәмелетке толмаған адамның (14,16 жас) есінің дұрыстығын жоққа
шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды,
бірақ бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай
ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады (ҚК-тің 17-бабы, 1,2-
бөліктері).
Қылмыс жасаған кезде он сегізге толған адам кәмелетке толмаған деген
атқа ие бола алмайды. Бірақ та ҚК-тің 87-бабының талабына сәйкес он сегіз
бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің
сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда оларға
кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу
мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады.
Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-әрекеттің мәні он сегіз бен жиырма
жас аралығындағы адамның жас мөлшеріне байланысты және психикалық жете
дамымауынан болуы қажет.
1991-1995 жылдардағы республика көлеміндегі статистикалық мәліметтер
кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуін былайша көрсетті: 1991ж.-
14,1 пайыз, 1993ж.1994ж.-9,6 пайыз, 1995ж. –5,4 пайыз, 1996ж. - 7,0 пайыз.
Тәжірбие көрсеткендей кәмелетке толмағандар арасында
республикамыздаа қылмыстың басым бөлігі мүліктік қылмыстармен зорлаумен
байланысты, аса қатыгездік пен жасалған спирттік ішімдіктерге есірткі
заттарға әуес болуымен байланысты қылмыс түрлері де көп кездеседі. Сонымен
қатар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар көбінесе топтасқан түрде
ал олардың жиырма пайызы ересек адамдар бірге жасалады.
Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы нормаларын жеке
тара бөліп қарастыру, қылмыстық іс жүргізу нормаларымен тығыз байланыстықты
көрсетеді
ҚК-тің VI бөлімінде “кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауаптылықтылғының” жалпы негіздері: кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауаптылығы ерекшеліктерін (ҚК-тің 78 бабы ) кәмелетке толмағандарға
тағайдалатын жаза түрлері ҚК-тің 79 бабы ,кәмелетке толмаған адамға жаза
тағайындау ҚК- тің 80-бабы кәмелетке толмағандарды жазадан босату ҚК-тің
81- бабы, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары ҚК-тің 83-бабы, кәмелетке
толмағандарды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінің бұрын босату ҚК- тің
84- бабы, екеру мезімі ҚК –тің 85-бабы және соттылық жою мерзімдері ҚК-тің
86-бабы, сонымен қатар бірінші рет осы бөлім арқылы кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауаптылығын ерекшеліктілігін талдауы оны дұрыс
қолдану мүмкімдіктер және он сегіз жастан жыирма жасқа дейінгі жас
аралығында қылмыс жасағандардың қылмыстық жауаптылығында, ізгілік
қағидалары іске асыру, адамның жеке тұлғасына дұрыс қарау тағы басқа да
ерекшектеррін қарастырады.

1.1 Кәмелектке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: Неке мен отбасы,
ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады; Балаларына қамқорлық
жасау және оларды тәрбиелеу – ата – ананың табиғи құқығы әрі
парызы; Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-
анасына қамқорлық жасауға міндетті – делінген. Бұл көрсетілген қағидалар
халықаралық құқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне
сәйкестендірілген. Адам құқығы жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей
Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық
пактіде отбасы қоғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекет пен қоғам
тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген. 1989 жылы 20 қарашада
қабылданған Бала құқықтары жөніндегі конвенцияда да балалардың азаматтық
және саяси - әлеуметтік құқықтарының қорғалуына ерекше мән берілген.
Қазақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі
халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты
пайда болаты қоғамдық қатынастарды қылмыстық – құқықтық жолмен қорғауға
ерекше мән береді.
1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 2-
тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін
жауаптылық белгілеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты
қылмыстардың мынадай түрлері көрсетілген: кәмелетке толмаған адамды
қылмыстық іске тарту (131-бап); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-
әрекеттер жасауға тарту (132-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу
(133-бап); баланы ауыстыру (134-бап);бала асырап алу құпиясын жария ету
(135-бап); балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата – анасын асырауға арналған
қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап); кәмелетке толмаған баланы
тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап); балалардың өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше
орындамау (138-бап); қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану
(139-бап); еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-
бап). Осы топқа жататын қылмыстардың объектісі ата-аналар мен балалардың
арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене
бітімі, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып,
қалыптасу жағдайлары болып табылады. Енді осы топқа енген қылмыс құрамының
әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейік.

1.2 Қылмыс құрамдарын салыстыру

131-бап:
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп – 18 жасқа
толмағандарды қылмыстың тікелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушісі
болуға жігерлендіруге, ынтасын, шешімінқоздыруға бағытталған іс -
әрекеттерді айтамыз. Қылмыстық іске тартудың әдісі заңда тікелей
көрсетілмеген, бірақ ол әртүрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әрекет
көбінесе психикалық әдістерді қолдану арқылы немесе басқа да тәсілдерді
қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарды үрейлендіру
немесе оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға қалдыратын әрекеттер жасаймын
деген әрекеттер арқылы,олардың психикалық сапасына әсер етулер қорқыту деп
табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон арқылы, дене қимылын көрсету
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және мұндай қорқытулар жәбірленушінің тікелей
өзіне немесе оның таныс адамдарына білдірілуі хақ. Кәмелетке толмағандар
үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән – жайларды қасақана айтпау немесе
олар жөнінде үн қатпау арқылы оларды жаңылыстырып қоғамға қауіпті іс-
әрекетті істеуге тартуды алдау деп түсінген жөн. Кәмелетке толмағандар
қылмыстық іс - әрекетке баруға қарсылық білдірсе, онда кінәлінің іс -
әрекеті кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуға оқталғандық
ретінде сараланады.
Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнінде
міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет – осы
қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне
жүктелген өзге де адамдарға қорғаншы, қамқоршы, асырап алған ата – аналар,
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, бұлардан басқа заңмен
тәрбиелеу міндеті тікелей жүктелген – ағасы, апасы, атасы жатады.

132-бап:
Криминологиялық зерттеудің нәтижелері көрсеткендей соңғы жылдары
елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға
және басқа да қоғамға қарсы іс - әрекеттерді жасауға тарту фактілері өріс
ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әр түрлі жұқпалы аурулар
мендей түскен, бұл әрине ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс.
Кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есенгірететін заттарды
медициналық емес тұрғыда тұтынуға, не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға,
не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту
арқылы сипатталады. Заң бойынша есірткілік немесе есеңгірететін затқа
жататын, арнаулы тізім бойынша белгіленген осындай заттарды екі немесе одан
көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды
көрсетілген әрекеттерге ұдайы тарту деп танылады. Есерткілік немесе
есенгірететін заттарды анықтау арнаулы сарапшылық қорытынды бойынша
анықталады.
Екі немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемі спирт
ішімдіктерін ішуге тартуды осы қылмыстан көруге болады. Кәмелетке
толмағандармен бірге бір мәрте бірлесіп спирт ішімдіктерін ішу оны мас
күйге жеткізу қылмыс болып табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік құқықтық
жолмен жауаптылыққа тартылады. Кәмелетке толмаған адамды ақшаға немесе
басқадай материалдық сыйақы үшін нәпсіқұмарлық қатынаста болуға жеткізу,
оларды жезөкшелікпен айналысуға тарту деп танылады. Жезөкшелікке тартудың
тәсілі – қорқыту, тәуелділік жағдайларды пайдалану, көндіру арқылы болуы
мүмкін. Егер кінәлі адам өзі жезөкшелікке тартқан адамды зорласа немесе оны
аздыратын басқа әрекеттер жасаса, онда оның әрекеті істеген қылмыстардың
жиынтығы бойынша сараланады.

Осы екі қылмысты салыстыратын болсам, олардың айырмашылығы бар:
131-бап:
объектісі – кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс
тәрбие беру шарттары болып табылады.
Қылмыстың жәбірленушісі – 18жасқа толған адам.
объетивтік жағы - әртүрлі әдістер қолдана отырып жасалады
субъективтік жағы – тікелей қасақаналық
субъектісі – 18жасқа толған адам.
Құрамы – формальдық

132-бап:
объектісі – кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік
тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиелену болып табылады.
объективтік жағы - әртүрлі әдістер қолдана отырып жасалады
субъективтік жағы – тікелей қасақаналық
субъектісі – 18жасқа толған адам.
Құрамы – формальдық

Яғни, жалпы және нақты түрде былайша сараласақ болады:
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту - ҚК 131 бабы.
Аталған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі кәмелетке толмағандарды
тәрбиелеуге зиянын тигізумен қатар, біреудің ықпалына өте бейім
жасөспірімдерді қылмыстық әрекеттерге араластыру болып табылады.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
Комитетінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2003 жылғы 12 айда
республикада кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекеттерге тартқаны үшін
305 қылмыс тіркелген.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске
тартудың объектісі қылмыстық заң белгілеген, кепілдік беретін және
қорғайтын жасөспірімдердің қалыпты дамуы және дұрыс адамгершілікке
тәрбиеленуін қамтамасыз ететін нақты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тартудың тікелей объектісі
–кәмелетке толмағандардың қалыпты дене, ақыл-ой дамуы, дұрыс адамгершілікке
тәрбиеленуі.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тартудың объективтік
жағы қылмысқа тартушының ic-әрекеттер сипатының көмегімен анықталады.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тартудың кез келген - бұл
ересектің кәмелетке толмаған адаммен араласу үдерісі. Қылмысқа тартушының
іс-әрекеттері жасөспірімдердің өмір сүруін, қалыпты дамуы және дұрыс
адамгершілікке тәрбиеленуін бұзуға үздіксіз бағытталады, яғни қылмыс
жасауға ынтасының оянуы, жеке адам мәртебесінің қалыптасқан жағдайының
өзгеруіне әкеледі.
Тарту дегеннің мағынасын кәмелетке толмағандардың қылмыстық іске
орындаушы немесе көмектесуші ретінде қатысуға итермелейтін түрі, ic-
әрекеттер деп түсіну керек. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту
дегеніміз – кәмелетке толмаған адамның бip немесе бірнеше қылмыстарға
қатысуға ықылас көрсетуін, ұмтылысын туғызуға бағытталған ic-әрекеттер.
Қылмысқа тарту күшпен зорлық жасау және психикалық әсер етудің барлық
түрлерін болжайды, мысалы: сендіру (белгілі пайда табу мүмкіндігі туралы),
қорқыту (соққыға жығу қаупі, нұқсан келтіретін мәліметтерді жария ету),
алдау (жалған ақпарат беру), кек алу сезімін тудыру (күшпен жәбірлеу арқылы
әсер ету), қызғаныш немесе басқа да арам ниетін ояту (беделді орын алуға
ұмтылу), қылмыс жасауды ұсыну, ұрланған затты сатып алу немесе өткізуге
уәде беру, қылмыстың орны мен тәсілдері туралы кеңес беру немесе қылмыстың
іздерін жасыру және т.б.
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы және оларды қылмыстық және
басқа да қоғамға қарсы ic-әрекеттер жасауға тарту туралы істер жөніндегі
сот тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы Сотының 2002 ж. 11 сәуірдегі Нормативтік
қаулысының 24-тармағында берілген түсініктемеге сәйкес, кәмелетке
толмағандарды қылмыстық іске тарту дегеніміз кәмелетке толмаған адамның
бойында қылмыс жасауға қатысу ниеті (ынтасы, тілегі мен әзірлігін
қалыптастыруға бағытталған мақсатты ic-әрекеттер. Epeceктің әрекеті
бeлceндi сипатта болады және ол психикалық немесе күшпен әсер eтyi мүмкін
(сабау, сөзбен көндіру, қорқьггу, сатып алу, алдау, кек алу сезімін тудыру,
қызғаныш немесе басқа да арам ниетін ояту, жазаға
тартылмайтындығына сендіру,кылмысты ң, орны мен тәсілдері туралы кеңес беру
немесе қылмыстың іздерін жасыру, жасаған iciнe ақша төлеуге немесе
ұрланғанды өткізіп беруге көмек көрсетуге уәде беру және т.б.). Қылмыстық
қудалау органдары мен соттар кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе басқа
да қоғамға қарсы ic-әрекеттер жасауға тарту мақсатында ересектің нақты
қандай әрекеттер жасағанын көрсетуге мiндeттi. Ересектің психикалық немесе
күшпен әсер етпей-ақ, кәмелетке толмаған адамға қылмыс жасауды ұсынуы
кәмелетке толмаған адамды қылмысқа тарту деп есептеуге болмайды.
Оған тәжірибеден алынған мысал дәлел бола алады. Шымкент қ.
сотының үкімімен Ч.мас күйінде 10 жасар С. есімді ер баласымен және тергеу
анықтамаған Б.-мен бipre АлемБесЛес ЖСШ аумағына келген. Н. есімді
күзетшімен кішкене вагондағы күзетілген мүлікті ұрлауға келісуді шешкен.
Бұдан әрі Ч. терезе арқылы өзінің ұлына вагонның ішіне кipyгe көмектескен,
ұлы оның ішіндегі түрлі мүлікті әперіп тұрған. Олар барлығы 121790 теңге
тұратын мүлікті ұрлаған. Сол түні Ч. қасындағы Б.-мен бірігіп басқа
вагонның есігіндегі құлыпты бұзып, осы ұйымның 240710 теңгені құрайтын
мүлкін ұрлаған. Ал Ч.-ға тағылган айып туралы қаулыда да, соттың үкімінде
де өзінің жас баласын қылмыстық іске тарту әрекеті көрсетілмеген. Осы ic
бойынша әкесінің тарапынан ұлына психикалық немесе күшпен әсер eтyi
анықталмаған. Бұл жағдайда ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі
алқасы Шымкент қ. сотының Ч.-ны ҚК 131-бабы бойынша соттауы негізсіз және
осы бөлімде ic жүргізу кінәсі дәлелденбегендіктен тоқтатылды деп таныған. 
Аталған Нормативтік қаулының 27-тармағында кәмелетке толмаған
адамды қылмыстық іске тартуға және оған қатысуға әкеп соққан ересектің
әрекеті нақты қылмысты жасөспірімнің қатысуымен жасағаны үшін, сондай-ақ
оны қылмыстық іске тартқаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК баптарының
жиынтығы бойынша саралауға жатады. Айта кететін жайт, қылмыстық
жауаптылыққа тарту жасына жетпеген адаммен бipiгіп жасалған қылмыс адамдар
тобымен жасалғанға жатпайды. Мұндай жағдайларда ҚК 28-б. 2-б. сәйкес
қылмыстың орындаушысы кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқан
ересек адам деп табылады.
ҚК 131-б. көзделеген қылмыс егер де кәмелетке толмаған адамды
қылмыстық іске әдейі тартудың бip дәйек болса ғана орын алады. Біз
қарастырып отырған қылмыстың құрамы мазмұны жағынан көлемді болып келеді,
яғни оған тек әзірлік қана емес, қылмыстық және қоғамға қарсы тәртіпке
үйрету де енген.
ҚK 131-б. көзделген қылмыс құрамының болуы үшін кәмелетке толмаған
адамның ересек қылмысқа тартқанға дейінгі тәрібінің қатысы жоқ. Бұл
бірқатар жағдайлармен түсіндіріледі. Біріншіден, ересек ұйымдастырушы
немесе арандатушы кәмелетке толмаған адамның әлеуметке қарсы бұрынғы
тәжірибесі туралы анық ақпаратты біле бермейді. Екіншіден, ересектің
қылмыстық әрекеті кәмелетке толмағандардың әлеуметке қарсы бағдарының
күшеюіне бағытталған, яғни оларды әлеуметке қарсы өмір салтына енгізуге
жеткізу. Үшіншіден, қылмыс жасау кәмелетке толмағандардың жеке басының жас,
психикалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі, жаңа бip нәрсені сезіну, тану,
кей кезде балалық себептермен де жасалады.
Тәжірибеден мысал келтірейік. В.В. Кочнев (1976 ж.т.) пен кәмелетке
толмаған A.M. Малашенко (1983 ж.т.) 1998-99 жылдарда Петропавл қ. болған
келесі қылмыстарды жасауда айыпты деп танылды: адамдар тобының алдын ала
сөз байласуы арқылы адамдар тобымен тұрғын үйге заңсыз кipi, көмек түрінде
2 тонауға қатысуда, 1-ші тонау кезінде ipi көлемде, адамдар тобының алдын
ала сөз байласуы арқылы адамдар тобымен бөгде мүлікті ашық ұрлаған, заңсыз
түрде коммерциялық дүңгіршекке бінеше рет кipin, адамдар тобының алдын ала
сөз байласуы арқылы адамдар тобымен ұрлау мақсатынсыз автомобильді заңсыз
иеленген, жәбірленуші Кузняковтың өміріне қayiтi зорлық көрсеткен, адамдар
тобының алдын ала сөз байласуы арқылы адамдар тобымен жәбірленушіге
қарақшылық шабуыл жасаған және оны пайдакүнемдік ниетпен аса қатыгездікпен
өлтірген. Сот үкімінде көрсетілгендей, кәмелетке толмаған Малашенко
Кочневпен бipre қылмыс жасағанға дейін бөгде мүлікті ұрлауға қатысушы болып
екі ауыр қылмыс жасаған. Демек, Кузняковқа шабуыл жасау туралы Кочневтің
ұсынысына дейін Малашенко қылмыстық әрекетпен айналысқан, ал Кочневпен
бipiгin алдын ала сөз байласу бойынша қылмыс жасаған. Сондықтан ҚР Жоғарғы
Сотының қадағалау алқасы Кочневтің ic-әрекеттерінде қылмыстың құрамы –
кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту жоқ деп есептейді -
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының 2000 ж. 15.02 күнгі актісімен және ҚР
Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының В.В. Кочневке
қатысты ҚK 131-б. 4-б. бойынша қаулысының күшін жойып, істі тоқтату қажет
деп санайды.
Біздің көзқарасымыз бойынша, кәмелетке толмаған Малашенконың
қылмысқа тартылудан бұрын екі ауыр қылмыс жасағаны ҚК 131-б. бойынша
құқықтық саралауға әсер eтneyi керек. Келтірілген мысалда Кочневтің
кәмелетке толмаған Малашенконы қылмыстық іске тартқанының болғаны,
болмағаны түсініксіз. Егер бұл дәйек орын алса, біздің пайымдауымызша, ҚР
Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы соттың үкімінен В.В. Кочневке қатысты ҚК
131-б. 4-б. негізсіз алып тастаған.
ҚK 131-б. көзделген қылмыс құрамының құрылысы формальді түрде
берілген, яғни кінәлі кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске көндірді ме,
жоқ па, оған тәуелсіз, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқан
сәттен бастап аяқталды деп танылады. Жоғарыда аталған ҚР Жоғарғы Сотының
2002 ж. И сәуірдегі Нормативтік қаулысының 25-тармағында ҚК 131 және 132-
баптарында көзделгендей, қылмыстар кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске
немесе басқа да қоғамға қарсы әрекеттер жасауға көндірген сәтінен, яғни
ересектің ықпалымен оның ойында қылмыс жасау пиғылы туғаннан бастап
аяқталған деп саналады.
Кәмелетке толмағандар қылмыстарының басым көпшілігі ересектің
немесе олардың тікелей ықпал етуімен жасалады. 2001 ж. топпен жасалған
әрбір үшінші қылмысты ересектердің қатысуымен жасөспірімдер жасаған. Ал сол
уақыт аралығында сотталғандар: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске
тартқаны үшін 294 адам немесе 0,4 % кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы
әрекеттерге тартқаны үшін 30 адам немесе 0,04 % екені мәлім.
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы және оларды қылмыстық және
басқа да қоғамға қарсы ic-әрекеттер жасауға тарту туралы істер жөніндегі
сот тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы Сотының 2002 ж. 11 сәуірдегі Нормативтік
қаулысының 17-т. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау кезінде соттар ҚK
52-б. көрсетілген жағдайлардан басқа, олардың өмірі мен тәрбие жағдайларын
(отбасындағы сәтсіз жағдай, ата-аналары, жақын туыстарының жасөспірімдерге
өрескел, қатыгез карауы), жеке адамның психикалық даму деңгейі,
ерекшеліктері (психикалық бұзылудың болуы, ұшқалақтық, қызбалық және т.б.),
қылмыс жасау себептері (балалық тентектік, біреулерге epiп жасау, қызғаныш,
кек алу және т.б.), жасөспірімдерге жас жағынан ересектердің ықпалы деп
көсетілген. ҚK 53-б. күшімен кінәлінің кәмелетке толмауы қылмыстық
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жағдай болып саналатынын соттардың
ескеруі қажет.
Аталған Нормативтік қаулының 21 -т. былай деп бекітілген: ҚК 79-б.
1-б. мазмұнын ескере отырып, кәмелетке толмаған жасында қылмыс жасаған
адамдарға мүлікті тәркілеу түрінде қосымша жаза қолдану мүмкін емес.
Мұнан басқа, Нормативтік қаулының 22-т. ҚK 13-б. 4-б. сәйкес, 18
жасқа
дейінгі жаста жасалған қылмыстар үшін сотталғандық қылмыстардың қайталануын
тану кезде ескерілмейді.
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартудың субъектісі
қарастырып отырған қылмыс құрамының элементі ретінде Адам өзінің жасаған іс-
әрекеттеріне қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығының заңмен қатаң
белгіленген нышандарының жиынтығы болуын көздейді. ҚK 131-б. бойынша 18
жасқа толған eci дұрыс тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы және оларды қылмыстық және
басқа да коғамға қарсы ic-әрекеттер жасауға тарту туралы істер жөніндегі
сот тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы Сотының 2002 ж. 11 сәуірдегі Нормативтік
қаулысының 2-т. былай деп атап көрсетілген: қылмыс жасағаны үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартылу жасы ҚК 15-б. белгіленген қылмыстық істі жүргізетін
кәмелетке толмағандардың істері Жөніндегі орган қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын адамның туған күнін (туған күні, айы, жылы) дәл белгілеуге
шаралар қолдануға міндетті. Сондай-ақ адам туған күнімен емес, келесі
тәуліктен бастап қана белгілі бip жасқа жетті деп саналады. Жасын растайтын
құжаттар жоқ болса немесе ол кұжаттардағы мәліметтердің дұрыстығына күмән
туса, ҚР ҚК 24-б. 2-т. сәйкес, сараптама тағайындалуы қажет. Мұндай
жағдайларда туған күн болып сарапшылар атаған жылдың соңғы күні есептеледі.
Сарапшылар жасты жылдың ең төменгі және ең жоғарғы санымен анықтаған кезде
(мысалы, 14-тен 15 жасқа дейін) сараптама ұсынған жастың ең төменгі
мөлшеріне негіздеуі керек.
Бұл қылмыс субъектісінің жастық ерекшеліктерінің себептері, бәлкім,
ең алдымен талдап отырған әрекеттің объективтік жағының ерекшелігінде деген
А.К. Щедринаның пікірімен келісу керек. Өйткені бұл қылмыстық-құқықтық
норма кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тартқаны үшін жауаптылықты
қарастырады, ал норманың өзі Кәмелетке толғандарға қатысты екені анық.
Кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартудың субъективтік жағы
ересектің әрекеттеріндегі пиғылды белгілеу - соңғы өзінің әрекеттерінің
қоғамға қayiптi сипатын және оның қоғамға қayiптi салдарын алдын ала
білгенін ұғынуды анықтау деп болжайды.
Жоғарыда аталған 2002 ж. 11 сәуірдегі Нормативтік қаулыда былай
делшген: ҚK 131 және 132-баптарында көзделгені қылмыстар тек тікелей
пиғылмен жасалады. Бұл жерде, егер кінәлі қылмысқа тартылған адамның жасы
кәмелетке толғанын анық білген жағдайда қылмыстық жауаптылыққа
тартылатынына негізделу керек.
Осылайша, барлық көрсетілген әрекеттер мазмұны жағынан да,
мақсаттық бағыты жағынан да, ал кей кездерде нысаны бойынша әлеуметке қарсы
сипатталады: осыған сәйкес, бұл әрекеттерді жасайтын адам олардың қоғамға
қауіпті екенін ұғынады, оны өз еркімен орындайды, белгілі бip салдарын
тілейді. Сонымен, кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту кезіндегі
қылмыстық істер тек тікелей пиғылмен жасалады.
Қылмыстардың себептері әр түрлі болуы мүмкін. Жазаларды жекелеген
кезде ескереді.
ҚК 131-б. қылмыстың дәрежеленуші және аса дәрежеленуші түрлерін
қарастырады.
ҚК 131-б. 2-бөлігі кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту
қылмысының қоғамға қауіптілігін жоғарылатып көрсететін саралау белгісі
ретінде аталған әрекетті ата-аналар, педагогтар немесе кәмелетке толмаған
адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да адамдардың жасауын
қарастырады. Жасөспірімдерді қылмыстық іске тартқаны үшін жауаптылыққа
тартылатын адамдар ортасының кеңеюі әбден орынды, өйткені мұндай
жағдайларда жасөспірімдердің адамгершілік, рухани, дене және жыныстық дамуы
мен денсаулығына едәуір нұқсан келтіріледі. Кәмелетке толмағандарға қамқор
болу міндеттері жүктелген басқа да адамдар дегеніміз, мысалы,
интернаттардың тәрбиешілері, спорт командаларының жаттықтырушылары және
т.б.
ҚК 131-б. 3-бөлігі бұл қылмыстың аса қауіпті түрін қарастырады: күш
қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып қылмыстық әрекетке тарту. ҚР
Жоғарғы Сотының 2002 ж. 11 сәуірдегі түсініктемелеріне сәйкес 26-т. былай
делінген: ҚK 131 және 132-баптарында көзделген кәмелетке толмағандарды
қылмыстық және басқа да қоғамға қарсы әрекетке тарту кезінде күш қолдану
деп кәмелетке толмаған адамның денесіне жарақат салуға, денсаулығына жеңіл
немесе орта ауырлықтағы зиян келтіруге байланысты сабау, басқа да қинау
әрекеттері деп түсіну керек. Егер қылмысқа тарту оның денсаулығына ауыр
зиян келтіру немесе басқа да жеке қылмыс құрамын құрайтын әрекеттермен
байланысты болса, жасалған әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға
жатады.

Психикалық күш колдану – кәмелетке толмаған адамның қылмысқа қатысудан бас
тартқаны үшін бірден соққыға жығу немесе денсаулығына зиян келтіру дегенді
білдіреді.
ҚК 131-б. 4 тармақшасы ересектің кэмелетке толмаган адамды ауыр
немесе аса ауыр қылмысқа тартқаны үшін жауаптылықты регламенттейді. Ауыр
қылмыстар деп ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген ең көп мерзімді жаза
қолданылатын қасақана әрекеттерді түсіну керек, бас бостандығынан айыру он
екі жылдан аспайды (ҚК 10-б. 4-б. сәйкес). Аса ауыр қылмыстар - ҚР
Қылмыстық кодексінде көзделген бас бостандығынан айыру он екі жылдан аса
мерзімге немесе өлім жазасы тағайындалатын қасақана әрекеттер (ҚK 10-б. 5-
б.).
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының Булаев аудандық соты Волынцев
пен Ребровты ҚK 131-б. 4-б. көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп
санап, үкімде олар кәмелетке толмаған Ребровты (кіші інісін) қылмыстық
әрекетке тартты деген бір-ақ тіркеспен шектелген. Бірақ кінәлі ретінде
тартылғаны туралы қаулыда да, айыптау қорытындысында да, үкімде де Волынцев
пен Ребровтың кәмелетке толмаған адамды қылмысқа тартуы бойынша нақты
әрекеттері келтірілмеген, яғни үкімнің күшін жоятын және аппеляциялық
сатыда қылмыстық істің тоқтауына әкелетін бұл қылмыстың объективтік жағы
айтылмаған. Бұл мәселені шешудің күрделілігі ҚК 131-б. диспозициясында
тарту деген сөздің мағынасы ашылмағандықтан болып отыр, ал сот
тәжірибесінде оны түсіндірудің ұғымы жоқ.

Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы ic-әрекеттер жасауға тарту - ҚК
132-бабы
Бұл қылмыс түрлерінің едәуір көпшілігі ҚК 131-б. көзделген
әрекеттердің түрлерімен сәйкес келеді. Басты айырмашылығы ҚК 132-6.
көзделген әрекеттерде кәмелетке толмаған адам қылмысқа емес, қоғамға қарсы
әрекеттер жасауға тартылады. Мынадай әрекеттер: 1 - медициналық емес
тұрғыда есірткі және басқа да есеңгірететін заттарды тұтыну, 2 - спирттік
ішімдіктерді ұдайы тұтыну, 3 - жезөкшелікпен айналысу, 4 - қаңғыбастықпен
немесе қайыршылықпен айналысу.
Қоғамдық кауіпті әрекеттер кәмелетке толмаган адамньщ денесінің
және адамгершілік қасиеттерінің қалыпты дамуын бұзады. ҚР Бас
прокуратурасының статистикалық есебінде 2003 жылдың ішінде қарастырып
отырған қылмысқа қатысты мәселелер, өкінішке орай, бақыланбаған. Бірақ ҚК
132, 134, 137-140 баптарында көзделген қылмыстар тобына қатысты жалпы саны
182 деп көрсетілген.
Қылмыстың объектісі кәмелетке толмаған баланың адамгершілік, рухани
және денесінің дұрыс дамып қалыптасу мүддесі болып табылады, ал ҚK 132-6. 3-
б. бойынша қосымша объектісі көрсетілген – жасөспірімнің денсаулығы.

Қарастырып отырған қылмыстың объективтік жағы кәмелетке толмаған
баланы қоғамға қарсы іске тартуға бағытталған ic-әрекеттермен көрсетіледі.
Тарту тәсілдері ҚК 131-б. көзделген қылмыс құрамын ашу кезінде
көрсетілгендей, кәмелетке толмағандардың есірткі немесе басқа да
есеңгірететін заттарды тұтынуы олардың денсаулығына едәуір зиян келтіреді,
кей кезде өліммен аяқталады. Есірткі заттар деп тиісті халықаралық
Конвенцияларда есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар ретінде
сипатталған синтетикалық немесе табиғи өсімдіктер мен заттар, олардан
жасалған дәрі-дәрмектер деп түсіну керек, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында бақылауға жататын, есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін
заттардың тізіміне енгізілген, адамның жүйкесі мен денесінің тәуелді болуын
тудыратын басқа да заттар, өсімдіктер, табиғи материалдар.
Есеңгірететін заттарға мыналар жатады: клофелин - кез келген
пайыздағы ішімдік қоспа, димедрол мен алкогольдщ қоспасы, барбитурат-
алкогольдік қоспа, хлороформ, эфир, толуол, хлорэтил, азоттың шала тотығы,
құрамында тропан тобының алколоидтары бар өсімдіктердің спирттік сығындысы.
Медициналық емес тұрғыда есірткі және басқа да есегірететін
заттарды тұтынуға тарту – кәмелетке толмаған баланың ecipткi заттарды
тұтынуға ниетін оятуға бағытталған қылмыстар жасау.
ҚK 261-б. 2-б. в тармағында кәмелетке толмаған жасөспірімді
есірткі немесе жүйкеге әсер етуші заттарды тұтынуға көндіргені үшін
жауаптылықты қарастырады. Есірткі заттарды тұтынуға көндіру деп басқа
адамның оларды тұтынуға ниетін туғызуға бағытталған кез келген қасақана
әрекеттерін түсіну керек (көндіру, кеңес беру, жаңылдыру, қоркыту және
т.б.).
Орыс тілінің сөздігінде тарту түсінігі бip нәрсеге қатысуға
түрткі болу, еліту, ал көндіру - қандай да бip әрекетті жасаудың,
қажеттігіне көзін жеткізу дегенді білдіреді. Қандай жағдайда кінәліні
тартқаны үшін қандай жағдайда көндіргені үшін айыптау туралы заңнамалық
түсініктеме осы уақытқа дейін жоқ екенін атап өткен жен. Осы мәселеге
бірыңғай келу мақсатында, біздің пайымдауымызша, ҚР Жоғарғы Соты қылмыстың
не ҚK 132-б. 1-б (кәмелетке толмаған жасөспірімді медициналық емес тұрғыда
есірткі және басқа да есеңгірететін заттарды тұтынуға тарту), не ҚK 261-б.
2-б. в тармағы (кәмелетке толмаған жасөспірімді ecipткi немесе жүйкеге
әсер етуші заттарды тұтынуға көндіру) бойынша саралануына жататыны туралы
кеңірек түсінік беруі қажет.
Кәмелетке толмағандарды спирттік ішімдікті ұдайы тұтынуға
тарту қауіптілігі алкогольдің жасөспірімдердің бекімеген, дамып келе жатқан
ағзасын улауда болып табылады. Кәмелетке толмағандардың ағзасы ересектерге
қарағанда ішімдікке тезірек қалыптасады, ауыр түрлерде болады. Ішімдік
жасөспірімнің мінез-құлқына кері әсерін тигізеді, қылмыс жасауға әсерін
тигізеді. Мысалы, 4 жасар С. Дамирді қатыгездікпен өлтірген 1985 жылы туған
А. Ринат пен С. Асхатты (Қарағанды облысы) қалай жазасыз қалдыруға болады?!
Бұл сұмдық дәйек, өкінішке орай, бір ретте ғана болған жағдай емес, оны
ұғыну тек құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ғана емес, сондай-ақ әр
ересек адамды тәрбиенің күшейтілген нысандары мен әдістері бойынша белсенді
шараларға жұмылдыру қажет. Кәмелетке толмағандардың осы санаттағылары
қоғамға қарсы әрекеттер жасауға бейім, ал олардың қылмыстық бағытын тыю
үшін олармен мәжбүрлеу жағдайында тығыз айналысу керек. 14-ке дейінгі
жастағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған балалар соттың шешімімен арнайы
оқу орындарына орналастырылуы мүмкін. Шынын айтқанда, қазіргі таңда
республикада мұндай 1-ақ оқу орны бар, Жамбыл қаласында, оның үстіне бұл
оқу орны қаржылық тапшылықта отыр және жабылып қалуы да ықтимал. Мұны
болдырмауға тырысу қажет. Кәмелетке толмағандарды спирттік ішімдік ішуге
тартқаны үшін, егер кінәлі бір жылдың ішінде белгілі бip уақыт ағымында үш
реттен көп жасаса жауаптылыққа тартылады, мұның жуйелі сипатын растайды.
Жезөкшелікпен айналысуға тарту деп жасөспірімнің сыйақы алу үшін
жыныстық қатынасқа түсуіне ұмтылуды туғызуға қабілетті әрекеттерді түсіну
керек. Жезөкшелік - әйел адамның өз денесін сатуы дегенді білдіреді. Оның
үстіне, кінәлі жәбірленушінің материалдық немесе басқа да тәуелдігін
пайдаланады. ҚK 132-б. бойынша жауаптылыққа тартылу үшін кәмелетке толмаған
адамның бұрынғы, оның ішінде моральға жат тәртібінің қатысы жоқ. ҚР
Қылмыстық кодексінің ҚК Ерекше бөлімінің 10 Халықтың денсаулығына және
адамгершілігіне қарсы қылмыстар тарауында жезөкшелікпен айналысуға
тартқаны үшін жауаптылықты белгілейтін ҚК 270-б. көзделген. Жоғарыда
айтылған құрамдардың айырмашылығы әр түрлі объектілерге қастандық жасауда,
одан басқа атап өтетін жайт, ҚК 132-б. сәйкес, жәбірленуші болып тек
кәмелетке толмаған адам есептеледі, ал ҚК 270-б. жәбірленуші – кәмелетке
толған адам. Айталық 1999 жылы Қарасай ауданының аймағында Алматы облысының
ПБ бопсалаушылық және жеңгетайлықпен күрес жөніндегі бөлімнің қызметкерлері
кәмелетке толмағандарды (15 қызды) үлкен жүкті автокөліктерге арналған
автотұрақта жезөкшелікпен айналысуға тартқан топ анықталды. Олардың
ішіндегі 5 жезөкше қыз аса қатыгездікпен өлтірілген.
Қаңғыбастық деп тұрақты мекен-жайы жоқ немесе оны тастап кеткен
адамның бip елді мекеннің шегінде (мысалы, қала, аудан, аймақ) бip орыннан
екінші орынға жүйелі түрде көшіп жүруі деп түсіну керек. Кәмелетке толмаған
адамды қаңғыбастықпен айналысуға тартудың қоғамдық қауіптілігі сонда,
жасөспірімдер отбасы жағдайында тәрбиелену мүмкіндігінен айрылады, сондай-
ақ өмір сүру үшін қажет дүниелерді олар қоғамға қарсы әрекеттер, мысалы
құмарлық ойындар, жезөкшелік немесе қылмыс жасау жолымен табады.
Қайыршылықпен айналысу - арамтамақтық өмір сүру туралы
куәландыратын бөгде адамдардан ақша, азық-түлік, киім және басқа да
материалдық құндылықтарды жүйелі түрде сұрау әрекеттері.
Мына дәйекті ескеру қажет. Ата-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығын
пайдаланып, жасөспірімдер қайыршылықпен күн көру арқылы ақша табудың жеңіл
жолын тапқан. Қадағалауда жоқтықтан республиканың құқық қорғау органдарына
1998 жылы 23291 бала мен жасөспірімдер тапсырылды.
ҚK 132-б. көзделген құрам формальді болып табылады, қарастырылып
отырған қылмыс баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің бipeyi
орындалған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Мысалы, кәмелетке
толмағандарды маскүнемдікке, есірткі тұтынуға, қаңғыбастықпен,
қайыршылықпен және жезөкшелікпен айналысуға тартқан жалпы республика
бойынша 1998 жылы 1645 ересек ұйымдастырушы мен арандатушыларға әкімшілік
әсер ету шаралары қолданылған. Бұлардың тек 29-ы қылмыстық жауаптылыққа
тартылған.
Қылмыстық кодекстің 132-б. көзделген кылмыстың субъектісі болып
қылмыс жасау кезінде 18 жасқа толған, eci дұрыс адам танылады. Кәмелетке
толмаған адамды қоғамға қарсы ic-әрекеттер жасауға тартудың субъективтік
жағы ересек адамның әрекеттерінде тікелей пиғылмен анықталады - соңғы
өзінің іс-әрекеттерінің қоғамға қayiптi сипатын түсінеді және оның қоғамға
қayiптi салдарын біледі. Жоғарыда аталған ҚР Жоғарғы сотының 2002 ж. 11-
сәуірдегі Нормативтік қаулысында ҚК 132-б. көзделген қылмыс тек тікелей
пиғылмен жасалады деп көрсетілген. Солай бола тұра, егер кінәлі қылмысқа
тартылған адамның жасы кәмелетке толмағанын анық білсе және қылмысқа
тартудың нақты белгілері болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа
тартылады.
ҚK 132-б. қауіпті және аса қауіпті түрлер ҚР ҚК 131-б. көзделген
түрлерімен сәйкес келеді.

2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері.

Соңғы кездері қылмыс жасаушылардың жас деңгейі жасарып бара
жатқандағы баршаға аян. Еліміз бойынша орта есеппен әрбір он екінші
қылмысты жас өспірімдер жасайды , оның ішінде он төрт , он бес жастағы
жастардың қылмыстық көрсеткіші оналты , он жеті жастағы жасөспірімдердің
қылмысына қарағанда едәуір белсенділікті байқатады. Жасы кәмелетке
толмағандар жасайтын қылмыстардың жекелеген түрлеріне келсек, олардың орта
есеппен 60 пайызы ұрлық, 8-9 пайызы тонау, 7 пайызы бұзақылық іс-әрекеттер.
Ал, қасақана кісі өлтіру, адамның денесіне ауыр зақым келтіру, зорлау
сияқты өте ауыр қылмыстардың көрсеткіші 1 пайыз. Жасы кәмелетке толмаған
қылмыскерлердің адамдарды кепілге алу, қорқытып талап ету, қару-жарақ,
нашақорлық заттармен алыпсатарлық жасау, ақша, бағалы қағаздарға байланысты
алаяқтық, компьютерлік қылмыс және басқа түрлермен де айналысатынын
тәжірйбе көрсетіп отыр. Қылмыс жасаған жасөспірімдердің әрбір бесіншісі
бұрын қылмыс жасап сотталғандар, осы тұрғыдағы қылмыскерлер қылмысты
көбінесе топ болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың қылмыстық – құқықтық мәселелері
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тарту
Қылмыстық құқықтағы отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар мәселелерін қарастыру
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту
ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Отбасының және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдары
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуы
Пәндер