Өндірісті техникалық дайындау жоспары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Жаңа өнім өндірісінің стратегиясы мен жобалау ерекшеліктері . . . 6
- Жаңа өнім өндірісінің стратегиясы . . . 6
- Жаңа өнім өндірісін жобалау ерекшеліктері . . . 13
2 Жаңа өнім өндірісін дайындауда негізгі өндірісті ұйымдастыру, жетілдіру және ғылыми - технологиялық дайындығын қамтамасыз ету . . . 19
2. 1 Жаңа өнім өндірісін дайындауда басқарушылық шешімнің қолданылуы . . . 19
2. 2 «Атыраубалық» ашық акционерлік қоғамында негізгі өндірісті ұйымдастыру және технологияны жетілдіру шаралары . . . 33
2. 3 Жаңа өнім өндірісінің ғылыми - технологиялық дайындығын қамтамасыз ету . . . 49
3 Қазақстан Республикасында ғылыми техниканы және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу . . . 56
3. 1 Қазақстан Республикасында ғылыми техниканың және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу . . . 56
Қорытынды . . . 63
Пайдаланылған деректер тізімі . . . 64
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Отандық экономикамыздың дамуындағы кемшіліктерге қарамастан нарықтық экономикамыздың артықшылықтарын мойындауымыз қажет. Нарықтық экономика жағдайында жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастар қалыптасады. Меншік фоормаларының пайда болуы, экономикалық еркіндіктің қалыптасуы, тауар және өндірістегі бәсекенің болуы-бұлардың барлығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа үлгісі пайда болғандығын көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының аймақтарында шикізат базасын отандық өндіріс базасына айналдыру еліміздің ұлттық байлығының негізі болып табылады. Олар үнемі қозғалыста болады, кезең сайын жаңарып, құрамы толықтырылып, жетілдіріліп отырады. Олардың тиімді қолданылуы өнеркәсіптік өндірістің болашақтағы өсу көлемі мен тиімділігін анықтап отырады.
Дүниежүзілік экономиканың жахандану процесінің күннен-күнге күшейіп, әрбір өркениетті мемлекет осы саладағы өзіне лайықты орнын табу үшін жанталаса арпалысуда. Қазіргі уақытта ішкі жалпы өнімнің 9-10 пайыздық жылдық өсімі негізінен өңделмеген мұнай мен газ өнімдері және т. б. табиғи байлықтарын құрайды. Қазақстан үшін сындарлы бәсекенің көкейкестігін барынша арттыру мәселесі жүзеге асырылуы кезек күттірмейтін басты шараларың біріне айналған сыңайлы.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елімізді маңызы өте зор, күрделі бәсекелестікке қабілетті, жан - жақты дамыған, дүниежүзінің өркениетті 50 елі қатарына қосылу міндетін қойып отырғандығы кездейсоқтық емес [1, 23] .
Жуық арадағы алға қойылған стратегиялық міндеттерді дұрыс шешуге тек уақыт пен іске асырылатын шаралардың маңыздылығымен қатар, тиімді ұлттық экономика орнықтыру мүмкіншілігі пайда болады. Бұл ретте бәсекелестікке қабілетті экономиканы қалыптастыруды экономиканың нақты секторын жандандыру мен жетілдіруден бастау маңызды.
Әрбір экономиканың белгілі бір тарихи кезеңдерде өндіріске сүйенетіндігі бұрыннан белгілі. Ал, бүгінгі индустриялық жүйе ең алдымен өнеркәсіпке негізделеді.
Қандай іс шаралар мен тетіктер арқылы өндірісті жандандыру мен дамытуға, отандық тауар өндірушілердің ынта - жігерін, халықтың іске деген құлшынысын сөзбен емес, іс жүзінде ояту мен арттыру арқылы әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс денгейін қандай жолдармен көтеруге қол жеткізуге болады? Қазақстаннның ұлттық өнеркәсіп өнімдері дүниежүзілік денгейде бәсекелестікке сай болуы үшін не істеу керек? Қазақстан мемлекетінің жахандық экономикадағы бәсекеге төтеп бере алатын, еліміздің атын шығаратын, ұлттық мақтанышымызға айналатын өнім шығаруымызға қандай қадамдар жасауға тиіспіз? Бұл сұрақтарға нақты жауапты тек қана өндіріс пен мемлекетіміз ғана емес, сондай - ақ ғылым да жауап бере алады.
Қазақстан үшін бәсекеге қабілетті өнім өндірудің басты нәтижесі ішкі нарық пен жалпы ішкі өнім көрсеткіштерін арттыру, экспортты ұлғайту мен валюталық түсімдерді көбейту; бюджетке салықтық түсімдерін қалыптастыру; халықты еңбекпен қамту; саяси - әлеуметтік тұрақтылық болуы тиіс.
Біздің ойымызша, бүгінгі күнде басты мақсат тек қана өндірісті жандандыруға бағытталып қоймай, өндіріс мекемелерінің инновациялық белсенділігін көтеруге, өндіріске принципиалды жаңа технологияларды ендіруге, сол арқылы қолдағы бар ресурстарды тиімді пайдалануға аз шығын шығарып, сапалы әрі мол өнім өндіруге, өнімнің өзіндік құнын арзандатып, еңбек өнімділігін арттыруға да бағытталуы тиіс.
Кез-келген өндірістік процесс негізі адам еңбегі арқылы іске асырылып отырады. Еңбек процесінде ресурстарды пайдалану мен оларға деген қарым-қатынас игіліктерге, олардың сапасына, табысына және жұмысшылардың өмір сүру деңгейі мен олардың отбасына, нәтижесінде халықтың әл-ауқаты мен байлығына байланысты. Біздің еліміздегі экономикалық дағдарыстардың себебі, адамдық ресуртардың нәтижесіз қолданылуы.
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылықтың қай саласы болмасын экономикамыз үшін тиімді болу қажет. Сондай шаруашылықтардың бірі - балықшаруашылығы. Сондықтан да диплом жұмысының талдау бөлімінде «Атырау балық» ААҚ техника-экономикалық көрсеткіштерін пайдалану арқылы тақырыптың мазмұнын ашуға тырыстық. Кәсіпорындағы техника-экономикалық көрсекіштердің маңыздылығын Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан» атты Жолдауында да «экономикамыздың жекелеген өндірістерінің нақтылы бәсекелестік артықшылықтарына негізделуге тиіпсіз. Қаржы жүйесінің тұрлаулығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа деңгейіне көтерілуге міндеттіміз» делінген. Бұл міндеттердің орындалуы кәсіпорындағы техника-экономикалық көрсеткіштердің өзгерістерімен қатар жүреді. Техника-экономикалық көрсеткіштерге:
- өнім өндірісінің және өткізудің көлемі;
- жалақының жалпы қоры;
- өндірістің ағымдағы шығындары;
- таза және жалпы пайда;
- бюджеттік аударымдар;
- өндіріс рентабельділігі;
- өндіріс және өнім деңгейі;
- шикізатқа, материалдарға және бір мезгілдік шығындарға қажеттілікті көрсететін көрсеткіштер;
- инвестициялық салымдар;
- капиталдық салымдар.
Кәсіпорынның техникалық қызметіне талдау жасау дегеніміз - кәсіпорынның материалды-техникалық базасының жағдайы мен тиімділігін зерттеп, өндірістік-шаруашылық қызметін қортындылап, жоспарланған тапсырмалардың орындалу дәрежесі мен жолдарын білу.
Диплом жұмысының мақсаты: “Атырау балық” ААҚ мәліметтерін зерттей отырып, кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін, жаңа өнім өндірудегі технологияларды қолданудың тиімділігін анықтау.
Аталған мақсатқа сай мынадай міндеттер қарастырылды:
- жаңа өнім өндірісінің старатегиясы мен жобалау ерекшеліктерін қарастыру;
- кәсіпорындағы техника-экономикалық көрсеткіштердің теориялық сипатымен танысу;
- “Атырау балық” ААҚ мәліметтерін пайдалана отырып, кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерінің экономикалық тиімділігін анықтау;
- кәсіпорында техника-экономикалық көрсеткіштер арқылы өнімнің өзіндік құнын азайту факторларын және жаңа өнім өндірісінің ғылыми - технологиялық дайындығын қамтамасыз етуін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында ғылыми техниканың және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу жолдарын айқындау.
Зерттеу обьектісі: “Атыраубалық” ААҚ.
Зерттеу пәні: кәсіпорындағы техника-экономикалық көрсеткіштердің экономикалық тиімділігі және жаңа өнім өндірудегі ғылыми технологияның тиімділікті арттырудағы ролі.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік мына авторлардың еңбектерін қолдандық: Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары, В. Я. Горфинкель “Экономика фирмы”, Н. И. Новицкий “Организация производства на предриятиях”, Р. А. Фатхутдинов “Организация производства”, Ә. Н. Дәуренбекова “Өндірісті ұйымдастыру” оқулықтары мен Е. Т. Садықовтың “Қазақстан кәсіпорынында инновациялық жағдайды көтеру жолдары” және К. Айтекеновтың “Приоретитеты индустриального развития Казахстана и роль государственных институтов развития”, А. Л. Бобровтың “Научно - технический потенциал Казахстана: изменение экономической эффективности” және т. б. ақпарат көздеріне жарияланған мақалаларын пайдаландық.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер (30) тізімінен тұрады. Диплом жұмысының көлемі - 65 бет.
1 Жаңа өнім өндірісінің стратегиясы мен жобалау ерекшеліктері1. 1 Жаңа өнім өндірісінің стратегиясы
Көпшілік өнімнің басты белгісі оның белгілі уақыт аралығында ғана сұранысқа ие болуы. Кез келген өндірістік кәсіпорын өз өнімінің нарықтың қай кезеңінде өтімділікке ие болатынын және оның ұзақтығына қандай факторлар әсер ететінін білу қажет. Өнім нарыққа көңіл аудару, пайдалану немесе тұтыну үшін ұсынылатын және мұқтаждықтарды қанағаттандыратын барлық іс-әрекеттер. Өнім бiрлiгi дегеніміз түрі, құны, шамасы және тағы басқаларды сипаттайтын бірлік.
Дайын өнімді алудың барлық стадияларының жиынтығы өндірістік үдерістің құрылымын қалыптастырады, ал шикізатты өндірістік үдеріске жібергеннен бастап, дайын өнім алғанға дейіңгі кезең өнімнің өмірлік циклы деп аталады. Өнімнің өмірлік цикл тұжырымдамасын американдық ғалым Теодор Левитт 1965 жылы әзірлеген болатын. Тауардың нарықта өмір сүру кезеңдерін сипаттайтын өзіндік өмірлік циклі болады. Тауар ерте ме, кеш пе, жетілген немесе қымбат емес басқа тауардың нарыққа келуіне байланысты нарықтан шығады. Тауардың өмірлік циклы өнімге деген нарықтағы сұранысты, фирма табысын, тауар құрамын, нарық сегментін, бәсекелестердің іс-қимылын және оның әр кезеңдегі маркетингтің стратегиясын зерттеуге мүмкіндік береді.
Өнімнің өмірлік цикл кезеңдері бойынша бөлінуі:
1. Қалыптасуы- инновациялық идеялардың қалыптасуы, маркетингтік зерттеулер және нарықты дайындау, идеяны патенттік бағалау, зерттеулер жүргізу, инвестициялық қажеттіліктерді және қаржылық мүмкіндіктерді бағалау, өндірісті дайындауды және өнім өткізуді жоспарлау;
2. Меңгеру - өндіріске конструкторлық дайындық жүргізу, өндіріске технологиялық дайындық жүргізу, өндірісті жобалауды ұйымдастыру, өндірісті ұйымдастыру-жоспарлы дайындау, инновациялық өнімнің бастапқы тапсырмасы, өнім өтімділігін дайындау;
3. Өсу - өндірістік қуаттылықты арттыру, өнім өтімділігін арттыру, жаңа нарықтарды меңгеру, жабдықтаушылардың тұрақты желісін қалыптастыру, өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылу жағдайларын жетілдіру, қызмет көрсетушілер санын арттыру және жұмыс орнының мамандандырылу деңгейін жетілдіру;
4. Нарықты толықтай қамтуы- жабдықтаушлардың тұрақтылығы, инновациялық өнімнің жетілуі, жаңа нарықтарды іздестіру, қосымша зерттеулерді жүргізу, инновациялық идеялардың жаңа салаларын іздестіру, өнімнің кәсіпкерлік концепциясын жетілдіру;
5. Ескіруі - өндірістік базаны жетілдіру, өндірістік инфрақұрылымды қысқарту, жұмысшылар санын қысқарту, қорлар ликвидациясы, меншікті ноу-хауды, лицензияны және патентті сату, өнімнің нарықтан кетуі [2, 45] .
Циклдың ең маңызды сипаттамаларына оның ұзақтығы мен құрылымы жатады. Циклдың ұзақтығы - біріншіден, соңғы операцияларға дейін сай келетін үдеріс тердің календарлық уақыт кезеңі. Әрбір циклды өндірістік операциялар орындалатын уақытқа, яғни жұмыс уақытына және үзілістер уақытына бөлуге болады. Үзілістер мына жағдайда пайда болады: толық аяқталған бір циклдан келесісіне көшкен кезде, аяқталған элементарлы бір циклдан келесісіне көшкен кезде.
Өндірістік циклдың ұзақтығы мен құрылымы жұмысты ұйымдастыру формаларына байланысты. Циклдың ұзақтығы мекеменің өндірістік әрекетін сипаттайды, ол өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерді көрсетеді және өндірілетін өнім көлеміне, өнімнің өзіндік құнына, негізгі және айналым қорларын пайдалану деңгейіне ақыр соңында пайда мен рентабельділікке ықпал етеді.
Нарыққа бағытталған өндірістік менеджмент жаңа өнімді жоспарлау барысында мынадай ақпараттармен қамтылуы қажет:
1. Нарық, оның элементтері, даму жағдайы және қарқыны туралы;
2. Бәсекелестері туралы, олардың потенциалы және даму жоспары туралы;
3. Тұтынушылар туралы олардың өнімге қоятын талаптары туралы және олардың сатып алу мүмкіндіктері туралы;
Осы ақпараттарды қалыптастыру, оны жинау және өндеу, алынған ақпараттарды мақсатты қолдану өнім маркетингісінің мазмұнын құрайды. Маркетингтің міндеті - нарықтағы тауардың өмір ұзақтығын ұтымды түрде ұзарту. Алайда ҒТП-тің дамуы тауардың жылдам «ескіруіне» әкеледі. Пайда көлемі, инвестиция, маркетинг шығындары, бәсекеге қабілеттілік деңгейі, тауар бағасы, тұтынушылар мінез-құлқы өнімнің өмірлік цикл кезеңдеріне байланысты өзгеріп отырады. Өнім маркетингі нарықтық ортада мына нарық субьектілерінің - өндіруші, тұтынушы және бәсекелестер арасында оның сипатын, қарқынын меңгереді. Бұл 3 субьектілер кәсіпорынның қызмет көрсетуі барысында үнемі тығыз байланыста жүреді.
Сурет 1
Маркетинг зонасы
Кәсіпорын ең алдымен өз тұтынушысын анықтап алу қажет. Бұл соңғы жеке тұтынушы немесе тауар өндіруші болуы мүмкін. Осы кәсіпорыннын өндірілген дайын өнімді өз өндірісінде пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар тұтынушының қатарына делдалдар (көтерме және жеке саудагерлер, сату бойынша агенттіктер, диллерлік және лизингтік компаниялар), мемлекеттік билік және басқару органдары (армия және флот, үкімет, қауіпсіздік органдары, кеден, т. б. ), коммерциялық емес ұйымдар (білім органдары, әлеметтік қамту органдары) [3, 56] .
Кәсіпорын тұтынушысы туралы анықтаған соң бәсекелестерін де тану қажет. Бәсекелестерінің санын, олардың өнімінің техникалық деңгейін сұранысқа сәйкес жабдықтау көлемін және баға қою саясаитын білу қажет. Өнімге марктингтік зерттеу жасау барысында жаңа өнімнің әлді және әлсәз жақтары туралы, оның нарыққа қазғалысы туарлы толық немесе обьективті мағлұмат алынуы қажет.
Өнімді өндіруші кәсіпорын өзінің меншіктік ғылыми-техникалық, өндірістік потенциалын, өндірістік қуатты дамыту болжамын, жасақталып жатырған бұйымның технико-экономикалық параметрлерін, жобалау кезеңі мен жаңа өнім өндірісі туралы, өмірлік циклының ұзақтығы туралы толық мағлұмат болуы қажет.
Өнімді маркетингтік зерттеу бірнеше сатыдан тұрады.
Сурет 2
Жаңа өнімнің маркетингтік үрдісі
Жаңа өнімнің инновациялық идеясы ең алдымен тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру қажет.
Тұтынушыларды талдау сатысы жаңа өнімнің тұтынушылар құндылықтары жүйесінде жаңа өнімге деген қажеттіліктің орны анықталады. Өнімге деген қажеттіліктің сапалық және сандық параметрлері ескерілуі қажет. Бәсекелестерді талдау және нарықтағы бәсекенің жағдайы жаңа өнімге деген талаптар денгейін қалыптастыруға құрастыру үрдісінде алдын ала қарауға мүмкіндік береді. Инновациялық өнімнің бәсекелік деңгейін талдау барысында тек қана қазіргі жағдайды емес, сонымен қатар болашақта өнімге өзгерістер еңгізуге техникалық болжам жасау қажет.
Мақсатты нарықтардың орналасуы- бұл мазмұны бойынша бір жақты сұранысқа ие болатын тұтынушылардың орналасуы. Нарыққа орналасуда сегментацияның мына белгілері қолданылады:
1. Экономикалық ауыспалылар (табыс деңгейі, несие алу мүмкіндігі, қаржылық жағдайы, т. б. ) ;
2. Әлеуметтік-демографиялық ауыспалылары (жасы, жынысы, денсаулығының жағдайы) ;
3. Географиялық, климаттық және инфрақұрылымдық ауыспалылары (тасымалдау кешені, жол жағдайы, ауа райы) ;
4. Қажеттілік ауыспалылары (баға өзгерісіне әсері. Тұтыну белсенділігі және т. б. ) .
Өнімді бағыттау бұл нарықта арттыруға мүмкіндік жасайды. Өнімді б ағыттау өнімнің өтімділігіне болжам жасау арқылы жүзеге асырылады. Өнім нарыққа шығар алдында «Сапа үйшігінде» талқыға салынады. Мұнда жобаға қатысушылар өнімді жан-жақты қарастырып, пікірлерін ортаға салады. Бұл пікірлер арқылы инженерлер алдарына нақты мақсат пен міндеттерді қоя бастайды.
Бәсекелі экономикада бір ғана өнім түрімен нарықты жаулап алу мүмкін емес. Сондықтан да өнім және тауар құрамын үнемі жаңартып отыру қажет. Жаңа өнімді жобалауда техникалық дайындық жүргізіледі. Өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім түрін өндіру мен жетілген бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру - техникалық деңгейін арттыру үшін жүргізілген жұмыстардың жиынтығын жатқызуға болады.
Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеттері кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына сай анықталады. Осыған орай тапсырыс беруші сауда орындарының, тұтынушылардың талабына сәйкес өндірісті техникалық тұрғыда ұйымдастыру үшін дайындық шаралары жүргізіледі.
Жаппай өндірістік кәсіпорындарында өндіретін өнімнің көптігі, өнім құрамының кендігі өндірісті техникалық дайындауды ұйымдастыруға көптеп шығын жұмсауды қажет етеді. Жаңа және жетілген өнімдер өндіру кезінде өндірісті техникалық дайындаумен бірге жаңа құрал - жабдықтарды, инновациялық технологияны, материалдарды, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін игеру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде жаңа өнім түрін жасау және өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және оның тәжірибе жүргізу арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарын дайындау, бұйымды суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды ескере отырып, конструкциясын жасау, өнімді өндіруге қажетті шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен фурнитура беруші жабдықтаушыларды анықтау шаралары жүргізіледі. Осы кезеңде өнімді дайындаудың технологиялық сызбасы, технологиялық операциялардың тізбегі, жұмыс күшіне қажеттілік, олардың мамандылығын анықтау, құрал- жабдықтарды жөндеу және түзеу тәрізді көптеген жұмыстар атқарылады.
Екінші кезеңде жаңа және әр түрлі өнімді өндіруді дайындау және игеру, ұйымдастыру - техникалық шараларды енгізу орындалады. Бұл жұмыстар негізінен тәжірибе цехтарында жүзеге асырылады. Өндірісті техникалық дайындаудың екінші кезеңде еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсарту мен материалдарды үнемдеуге барлық жағдай жасау жан - жақты қарастырылады.
Үшінші кезеңде өнімнің жаңа және әр түрін өндеудің жалпы және сериялық әдістерін бір жүйеге келтіру, өндірістік ағындарда өндірістік - техникалық шешімдерді пайдалану сияқты жұмыстар атқарылады. Жетілдірілген ағынның тиімділігі жұмыс істеп тұрған ағынның техника - экономикалық көрсеткіштерімен салыстырылады. Егер қабылдаған көрсеткіштер жүйесі бойынша бағалау нәтижесі берілген жағдайда келтірілген шығындардың ең аз шамасы қолданылады.
Өндірісті техникалық жетілдірудің әрбір кезеңінде орындалатын жұмыстар сипаттамасына қарай конструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру - экономикалық болып бөлінеді.
Өндірісті конструкторлық дайындауда жаңа өнімінің конструкциясын жасау мен игерілген өнімнің конструкциясын жетілдіру қарастырылады.
Өндірісті технологиялық дайындықтан өткізу кезеңінде жаңа технологиялық үрдістерді ұйымдастыру мен игерілген технологиялық үрдістерді жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.
Ұйымдастыру - экономикалық дайындықты жүргізу барысында өндірісті техникалық дайындауды жоспарлау үшін мөлшерлер бекіту, еңбек күші, материалдар, қаржы ресурстарына қажеттілік есептеу, күнтізбелік жоспар жасау, мөлшерді есептеу, еңбекақы жүйесі мен ұжым нысандарын таңдау, калькуляция мен өндіріс сметасын құру, жұмыс күшіне, материалдарға, құрал - жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құжаттар түрін белгілеу, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету және оларды жабдықтау, өндірісті қосымша қажетті ресурстармен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар орындалады [4, 78] .
Өндірісті ғылыми - технологиялық дайындау (ӨҒТД) деңгейі негізгі өндірістің өнімді дайындаудағы тиімділігін арттырады және оның берілген тұтынушылық қасиеттерін сақтай отырып, өндірістің ырғақтағы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Өндірісті ғылыми - технологиялық дайындау деп өндірісте өнім өндіру жүйесі мен конструкторлық технологиялық дайындауды реттеуші мөлшерлі - технологиялық шаралар кешенін айтады.
Мөлшерлі - технологиялық шаралар кешені бірнеше сатылардан тұрады.
Тәжірибе - конструкторлық жұмыстар сатысында технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, негізгі өнімнің сызбаларын, технологиялық құрал - саймандарды, стандартқа сәйкес емес құрал - жабдықтарды, өнімнің сапасын техникалық бақылау және сынау үшін құралдарды және тасымалдау құралдарын орналастыру мен жіберу жұмыстарын дайындау және жетілдіру жатады. Осы сатыда тәжірибе жұмыстары жүргізіледі. Стандартқа сәйкес емес құрал - жабдықтардың және технологиялық құрал - саймандардың жеке құрамдас бөліктерінің жұмысын тексеру, модельдер мен үлгілер дайындау жұмыстары орындалады.
Тәжірибелік - конструкторлық жұмыстар сатысы болашақ өнімнің техникалық денгейінің қалыптасуына ерекше әсерін тигізеді. Келесі сатыларда кемшіліктерді болдырмау үшін жаңа техниканың конструкторлық шешімдері мен негізгі техникалық параметрлернің негізі қаланады. Технологиялық құжаттама кәсіпорынның технологиялық қызмет орындарында дайындалады.
Тәжірибе - конструкторлық жұмыстар алынған ғылыми нәтижелер стандартқа сәйкес келмейтін құрал - жабдық және технологиялық жабдықтар өндірісі сатысында жүзеге асады. Аталған жабдықтау құралдарының дайындалуының сапасы мен беріктілігіне соңғы өнім агрегаттары, түйіндері мен бөліктерінің сапасы тығыз байланысты болады.
Өндірісті ғылыми - технологиялық дайындау денгейі көптеген факторлармен тығыз байланыста болады. Оларға техникалық, экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік факторлар жатады.
Техникалық факторларға - типтік және стандартты технологиялық үрдістерді жасау және жетілдіру; технологиялық жабдықтардың стандартқа сай және унициферленген құралдарын пайдалану; автоматтандырылған жобалау жүйесін қолдану; технологиялық жабдықтарды қолдану; өндірісті автоматтандырылған жүйемен басқаруды қолдану; бөліктерді өндеудің механикалық және термиялық өндеудің прогрессивті тәртібін қолдану; ұнтақты металлургия, электрофизикалық, электрохимиялық және т. б. әдістерді дайындау; сапаны тексеруде белсенді және обьективті техникалық тексеру құралдарын пайдалану; технологиялық құралдарды өндірудің және жобалаудың торлық сызбасын бақылауды автоматтандыру және т. б. жатады.
Экономикалық факторларға - өндірісті технологиялық дайындау жұмыстарының кезендері бойынша алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген несиені пайдалану, жаңа техниканы игерудің ынталандыру қорын құру және тағы басқалары жатады.
Ұйымдастыру факторларының құрамына өндірісті мамандыруды дамыту және терендету, негізгі өндірістің алғашқы өнімдер партиясының немесе тәжірибелік үлгісінің сапасы бойынша стандартты емес құрал - жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың сапасын аттестациялау, көмекші өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, негізгі және көмекші өндіріс арасындағы қарым - қатынасты жетілдіру, зауытаралық, зауытшілік, сала - аралық кооперациялауды кеңейту кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz