Банктің қарыз есебі


Мазмұны
Кіріспе3
1 «Цесна-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техника-экономикалық жағдайының сипаттамасы6
1, 1 Компанияның техника-экономикалық көрсеткіштері6
1. 2 «Цесна-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты10
2 Компаниядағы қарыз капиталының есебі мен аудиті18
2. 1 Қарыз капиталы есебінің теориялық негіздері18
2, 2 Компаниядағы дебиторлық және кредиторлық борыштар есебін ұйымдастыру22
2, 3 Компаниядағы қарыз капиталы есебінің аудиті35
2, 4 Компанияның қаржылық жағдайын талдау46
Қорытынды63
Қолданған әдебиеттер тізімі65
Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында компанияның қарыз капиталының есебі мен аудиті - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр компанияның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде компания қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді. Пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Сондай-ақ, кәсіпорынның табысқа жетуі өзіндік құнның бірнеше себептер бойынша қалыптасуына байланысты.
Бухгалтерлік есеп кәсіпкерлік субъектілер қызметінің қаржылық ақпараттарын белгілі бір әдіс-тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол компанияның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта жүргізілетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Ол тек активтің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жай-күйін ғана емес, сондай-ақ елдің бюджетіне аударылатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер мен зейнеттік және басқа қорларға аударымдарды дұрыс анықтау және уақытылы аудару туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді [1] .
Кез келген кәсіпкерлік субъектілері өз иелігінің түрлеріне қарамастан, меншігіндегі мүліктері, алған міндеттемелері және шаруашылық операциялары туралы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі 1 қаңтар 2008 жылдан бастап күшіне енген, бухгалтерлік есепті жүргізу 22 маусым 2007 жылғы № 221 ережесі негізінде бухгалтерлік есеп жүргізеді [2] .
Қазіргі уақытта компаниялардың дамуына байланысты, бухгалтерлік ақпараттың басқару мен бақылау саласында және кәсіпкерлік қызметті талдаудағы ролі арта түсуде. Сондықтан, компаниялар мен кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық туралы экономикалық ақпараттардың негізгі жабдықтаушыларының бірі болатын бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметінің әсерлігін арттыру қажет.
Жалпы бухгалтерлік есеп компанияда мынадай қызметтер атқарады:
● болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және өңдеп отырады;
● ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ керек уақытына дейін сақтайды;
● қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы ақпарат беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
Бухгалтерлік есеп компаниялар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын, несие берушілерді және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады.
Нарықтық экономика кезінде, шаруашылық субъектілерінің арасында, есептесудің бірнеше түрлері кездеседі, оның ішінде қаржылық және қосымша инструменттер арқылы есептесу деп аталатын жолдары да бар. Қазіргі уақытта ақы төлеу формасы ұйымдардың арасында жасалған келісім шартта арнайы көрсетіледі. Сатып алушылар мен тауар жеткізушілердің арасында есептесудің бірнеше түрлері қолданылады, олардың арасында қолма қол ақшамен, қаржы аудару, сонымен қатар бартерлік мәміле деп аталатын тәсілді қолданып, қолдағы бар тауарлармен, түрлі жұмыстарды орындап, қызмет көрсету арқылы да есептесетін кездері бар. Әдетте есептесу кезінде міндетті түрде ағымдағы дебиторлық немесе кредиторлық қарыздар пайда болады [3] .
Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылыми, білім мен тәжірибелік қызметтің даму жолында шаруашылық қызмет істеуші субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау - аудитордың ең негізгі мақсаты.
Аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлық ұйымдар мен аудиторлардың аудит жүргізу жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық жағдайы мен қызметіне тексеріс жүргізу, сараптама жасау және баға беру жөніндегі және аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.
Аудит - қаржы құжаттарын, олардың дұрыстығын, толықтығын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін анықтау мақсатымен тексеру, ол бойынша субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне, жылдық қаржы есебінің жай-күйі мен мазмұнына, жылдық баланстың дұрыстығы мен толықтығына, инвестициялар тарту және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу үшін әлеуметтік мүмкіндіктеріне, жарғылық қордың уақытылы және толық қалыптастырылуына, кәсіпорындардың бағалы қағаздарының қаржылық жай-күйіне талдау жасау нәтижелері бойынша аудиторлық қорытындылар беріледі және аудиторлық қызметтің басқа да түрлері жүзеге асырылады [4] .
Таңдап алынған дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - компаниядағы қарыз капиталының есебі мен аудитін дұрыс ұйымдастыру және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, келесі мәселелерді шешу қажет:
- компанияның негізгі көрсеткіштерін талдау барысында, оның техника-экономикалық жағдайын анықтау;
- «Цесна-Астық» ЖШС-нің есеп саясатын зерделеу барысында, оның есептеу әдістерімен танысу;
- қарыздар бойынша операциялардың есебі мен аудитін зерттеу нәтижесінде, кредиторлық борыш туралы жалпы ақпарат алу;
- «Цесна-Астық» ЖШС-нің көрсеткіштерін қолдана отырып, кредиторлық қарыздарды талдау.
Талдау объектісі ретінде «Цесна-Астық» ЖШС алынды. Жұмыстың теориялық бөлімі компанияның қарыздар бойынша операцияларының есебі мен аудитін, қаржылық жағдайын талдаудың түсінігін ашуға негізделген.
Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және ұн өнімін дайындау кәсіпорынының қаржылық есебі пайдаланылуда.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде «Цесна-Астық» ЖШС-нің есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне, техника-экономикалық көрсеткіштеріне, есеп саясатына шолу жасалды.
Екінші бөлімде компанияның қарыздар бойынша операцияларының есебі мен аудитін, қаржылық жағдайын талдаудың негіздері, қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру қарастырылды.
1 «Цесна-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техника-экономикалық жағдайының сипаттамасы
1, 1 Компанияның техника-экономикалық көрсеткіштері
«Цесна-Астық» компаниясы 1999 жылдан бастап аталған цехты құрумен айналысып келеді.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты астық өнімдерін (ұн, нан, макарон т. б. ) өңдеу және өндіру, жұмыстар мен өнімдерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кіріс табу болып табылады.
«Цесна-Астық» ЖШС-тің алдына қойған негізгі міндеті: жоғары табыс табу.
Ұйымның заңды мәртебесі:
- Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің органдарымен мемлекеттік кезінен бастап заңды тұлғаның құқытарын иеленеді. Серіктестік өз қызметін ҚР-ның Азаматтық Кодексіне, ҚР-ның 22. 04. 1998 жылы бекітілген «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңына және серіктестіктің қосыша жарғысына сәйкес атқарады;
- ұйымның жарғысы және қатысушылардың жалпы жиналысының шешімдерінің ҚР-ның қолданыстағы заңнамасының шегінде құқықтарға ие, қызметін атқару үшін қажетті рәміздері (банктік шоттары, соның ішінде валюталық шоттары, мөрі, мөртаңбалары, бланктері, тауар белгілері, т. б. ) бар.
- «Цесна-Астық» ЖШС - коммерциялық ұйым болып табылады, қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттерді қабылдауға, соттарда арыз беруші ретінде әрекет етуге құқылы;
- Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде филиалдар мен өкілдіктерді құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге кіруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы;
- міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеп алынуы мүмкін барлық мүлкімен жауап береді [5] .
Қазақстанның қайта өңдеу кәсіпорындарының жандануына қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорындар қол үшін береді. Техникамен қарулану, ұн өнімдерінің ассортиментінің қазіргі заман талаптарына сай жасауға туралаған. Мысалы; ол ұн өнімдерін ұзақ сақтау. Бұл деңгейде Қазақстандық өндірушілер үшін актуалды болып өндірістік қағида және тауар концепциялары саналады, себебі шетел өндірушілерімен бәсекелестікке түсе алады егер, олар өз өндірісіне қазіргі кездегі техника-экономикалық жолын қолданса.
Бұл компанияның нарықта аталған өнімді шығаруға байланысты бәсекелестіктері бар. Өндірілетін өнімнің 40 пайызға жуығын көршілес елдерінде сатуға болады деп күтілуде. Өнімді негізгі тұтынушылар Республика тұрғындары болып табылады.
«Цесна-Астық» ЖШС-нің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ақжол көшесі 24.
Компанияның негізгі қызметі болып: ұн өнімін, ұннан даярланған өнімдерді сату, өткізу.
Компанияның мүлігін негізгі және айналым капиталдар құрамы құрайды.
Бұл компания қазіргі кезде Қазақстан нарығында беделді орын алады деп айтуға болады. Себебі, Астана қаласында өздерінің бірнеше нүктелері бар. Сондай-ақ, Алматыда, Оралда, Қарағандыда өздерінің филиалдары жұмыс жасайды. Техникамен қарулану, құрал-жабдықтарының ассортиментінің қазіргі заман талаптарына сай жасауға туралаған.
Компанияда өнімді өткізу бөлімі бар. Оның ең негізгі бөлігі болып дайын өнімді Астана, Алматы қалаларындағы нарықтарға және дүкендерге тиімді өткізу. Компанияда өзінің дистребютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Астан қаласында ғана емес сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.
Өнімді өткізу үшін, өнімнің бағасы оның өзіндік құнына, биржа нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. Баға орнатудың ең негізгі қағидасы ол - беріктілік, өнім сапасының деңгейі, бәсеке қабілеттілігі [6] .
Ақша қаражаттарын өндірістің тиімділігіне және дайын өнімді дұрыс өткізу үшін рационалды бөлу «Цесна-Астық» ЖШС-нің қаржылық- экономикалық қызметінің негізі болып табылады. Ақша қаражаттары ішкі және сыртқы көздерден алынады. Инвестиция тартымдылығының ең басты қайнар көздері болып мыналар табылады: несиелер, қарыздар, акцияны шағару және сату.
Дайын өнімді сатқаннан түскен пайда, ақша қаражаттарының ішкі қайнар көзі болып табылады. Дайын өнімнің бағасы қалыптасқанда олар өнім өндіруге және осы өнімді өткізуге кеткен шығындарға байланысты болып келеді. Өнімнің өзіндік құнын есептегеннен кейін барып соңғы өнімнің бағасы қалыптасады.
Ұн өнімдерінің бәсеке қабілеті мәселесін шешу арқылы, бөлу саясатын белсенді қолдану арқылы, кәсіпорын нарықтың көп бөлігін жаулап алған. Көп қолданатын сауда нүктелері болып: орташа және орташадан жоғары табысы бар сатып алушыларға бағытталған сауда орталықтары, шағын өндірістік дүкендер және бөлшек сауда нарығында орналасқан сауда нүктелері.
Тікелей шығындар, олар өнімнің өзіндік құнына тікелей кіретін өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты. Тікелей өнім шығындардың сомасының өзгеру факторлары жалпы кәсіпорын бойынша әр өнімнің жеке өндірісіне және өнімнің бір данасына байланысты бір бірлігіне кеткен шығындардың көлеміне және өнімдерге кеткен орташа деңгейлі бағаның өзгеруі себеп. Өнім өндірісіне кететін тікелей шығындардаң сомасына әсер ететін факторлардың есебі "1. 1-кестеде" көрсетілген.
1. 1-кесте. Өнім өндірісіне кететін тікелей шығындардың сомасына әсер ететін факторлардың есебі
Көріп тұрғанымыздай өнім өндірісіне тікелей әсер ететін факторлардың ең біріншісі - шикізат. Бұл көрсеткіш ұн өнімдер өндірісінде 50 пайыздан жоғарғы орынды алып отыр, ал қалған электр энергия мен қораптаманың беделі жоғары емес.
1. 2-кесте. «Цесна-Астық» ЖШС-нің техника-экономикалық көрсеткіштері
Өлшем
Бірлігі
"1. 2-кестенің жалғасы"
Өнімді өткізуден түскен түсім : әрине өнімді өткізу ол компанияның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол компания үшін өте маңызды. Бұл өнімді өткізу жұмсының эффектісі оның цехтерінен, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады, яғни өнімді өткізуден түскен табыс 2008 жылға қарағанда, 2009 жылы 362648, 0 теңге болып, 112015, 0-теңгеге артты немесе 45%.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны: бұл компания жұмысшының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық денгейін көруге болады. Жалпы алғанда өнімнің өзіндік құны 2008 жылы, 2009 жылға қарағанда 104142, 0 теңгеге өсті немесе 56, 5 % деп айтсақ болады.
Жиынтық табыс: жиынтық табыстың соммасы 2008 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 7873 теңгеге кеміді яғни 11, 9 %.
Таза табыс: бұл көрсеткішті есептеу үшін: таза табыс соммасына, жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. Осы 2009 жылы таза табыс - 0, 3 пайызға кеміген немесе -73 теңге деп айтсақ болады [7] .
Өндіріс рентабельділігі: осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісіннің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 тенгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельділігі 15, 78 пайызға өскен.
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі: өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2009 жылы - 0, 02 тенгеге өскен.
Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны: бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машиналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке-жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2008 жылы 235948, 0 тенгені құрап, 1, 83 теңгеге қысқарды.
1. 2 «Цесна-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты
Кез келген кәсіпкерлік субъектілер қызметінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру есеп саясатын құрудан басталады.
Есеп саясатын жасаудың мақсаты - есеп объектлерінде қолданылатын әдістердің тиімді жолдарын таңдау мен меншік иелігіне берілген құқықтық тұрғыдағы мүмкіндік.
Компанияның стратегиялық және тактикалық мақсатына қарай жасалған есеп саясаты осы кәсіпорындағы материалдық және қаржылық ресурстарды барынша тиімді жұмсап, нарықтық коньюктураға сай экономикалық шешім қабылдау болып табылады. Есеп саясатын іске асырып, мұның негізгі бағытын анықтап, қолданылатын есеп обьектілері мен әдістерін белгілеу күрделі мәселелер қатарында келеді. Есеп саятын жүргізу Қазақстан Республикасы бойынша кейінгі бес жыл аралығында іске асырылып келе жатқанымен, бұл мәселенің әлі де болса шешілмеген түйіндері көп. Яғни, күмәнді, түсініксіз және де керағарлық кемшіліктер бар. Алайда есеп саясатына деген көзқарас біртіндеп өзгеріп келеді. Елімізде қолданылып келе жатқан бухгалтерлік есеп стандарттарының бірінші тармағында «Есеп саясаты және мұның маңызын шешу» жөнінде ресми құжат қабылданған. Стандарттарға жазылған есеп саясатының маңызы шаруашылық субьектердің қаржылық нәтижеге жету мақсаты әсер етуші және кәсіпорын басшыларының таңдап алған тәсілдері мен ереже-әдістері болып табылады [8] .
«Цесна-Астық» ЖШС-тің есеп саясаты бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына және қаржылық қорытынды есеп көрсеткіштерінің маңызы мен қалыптасуына әсер етуші процесс болып табылады.
Есеп саясатына байланысты бухгалтерлік есеп жүргізудің әдістеріне активтер сомасын есептеп шығару, құжат айналысы мен құжаттар козғалысын ұйымдастыру, мүліктер мен активті қаражаттарды түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын қолданудың жолдарын, есеп регистрларын жүйелеп пайдалану, ақпараттарды өңдеу т. с. с. тиісті әдісті қолдану жатады.
Кәсіпорын дербестікке ие болуына қарай Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының негізінде жаңа жолдармен, есеп тәжрибесінде бұрын қолданылмаған әдістемелерді бухгалтерлік есеп тәжрибесіне кеңінен енгізу мүмкіндігіне ие.
Кәсіпорында жасалып қабылданған есеп саясаты жоғарыда айтылған және стандартта көрсетілген алтернативті варианттардың қажеттісін таңдап алу арқылы құрылған. Есеп саясатын құру кезінде бухгалтерлік есепке тән принциптер қатаң сақталған.
Есеп саясатын қалыптастырудың түпкі мақсаты - кәсіпорынның жыл сайын таза пайда мен жұмыс ісін қамтамасыз етуге тікелей байланыстылығында. Кәсіпорынның таза пайда мен жұмыс істеуіне тек қана осы кәсіпорын емес, басқа да үлес қосушылар, акционерлер мен қаржы салымшы инвесторлар, сатып алушылар мен қоюшылар, ниеселендірушілер және салық огандарының мақсаты талабы қойылады.
Есеп саясаты бекітілген бухгалтерлік есеп Бас шоттар жоспары негізінде, осы кәсіпорын үшін қажет деп танылған шоттар жоспарының тізімін жасау арқылы құрылды. Яғни синтетикалық жинақтау шоттардың тізімі жасалынады. Шоттар тізімін жасаған кезде кәсіпорынның технологиялық, басқару мен ұйымдастырушылық ерекшіліктері қатаң түрде сақталынуы керек. Осы талаптарға сай кәсіпорын басшылары есеп саясатын жасау мәселелерін аса маңызды шаралар қатарында қарауы керек. Басқару мен тиімді шешім қабылдау, сондай-ақ экономикалық заңдылықтар мен нормативтік ереже-нұсқаулар негізінде жасалатын есеп саясатының атқаратын рөлін оң нәтижеге жетудің ішкі ережесі деп те түсінген жөн .
Есеп саясатын жасау кәсіпорынның бас бухгалтерінің атқаратын негізгі міндетінің бірі болып табылады. Бас бухгалтер мен басқа да есеп-қисап қызметін атқарушы міндетті адамдар ізденіс пен зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, есеп саясатының әдістемелік базасын халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талаптары мен есеп жүйесіне сай жетілдіріп отыруға міндетті. Кәсіпорындар бойынша әр жылы жасалынып қабылданатын есеп саясатының кемшіліктері мен жетіспейтін жақтары түзетіліп, келесі жыл үшін жасалынатын есеп саясатының тиімді әдістемелік жолдарын жетілдірудің шараларын белгілеп отырудың маңызы зор. Мұндай саясат кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін басқару мен нарықтық қатынастарға түсу, әртүрлі іс -әрекеттерге қатысу, инвестициялық саясаттың ұйымды жолдарын таңдау үшін аса қажет [9] .
Есеп саясатын қалыптастыру, есеп жүргізу тәжірибесінде дұрыс қолдану үшін арнайы қағидалар мен талаптар орындау қажеттілігі бухгалтерлік есеп стандартының «Есеп саясатын қалыптастыру» бабында берілген.
Кәсіпорынның есеп саясатының негізгі міндеттері:
● есеп процедуралары арасындағы нақтылы және орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;
● нәтижелік көрсеткіштерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;
● қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;
● синтетикалық және аналитикалық шоттар тізімін жасау, тауарлы-материалды құндылықтарды бағалау және оларды сату, өндірістік шығындарды реттеу т. б. әдістерді кеңінен қолдану.
«Цесна-Астық» ЖШС-тің бухгалтерлік есебі кәсіпорынның директорымен 1999 жылдың 1-ші сәуірінде бекітілген Есеп саясаты бойынша және төменде келтірілген нормативтік-құқықтық актілер бойынша жүргізіледі:
- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР-ның заңы, №234-ІІІ, 28. 02. 2007 ж.
- Бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарымен;
- Бухгалтерлік есеп стандарттарына жасалған методикалық нұсқаулар;
- Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен бекітілген 22 желтоқсан 2005 жылы №426 Қаржылық Есептің Халықаралық Стандарттарына сәйкес жасалған үлгі жоспары.
«Цесна-Астық» ЖШС-і 15 сәуір 1999 жылы Астана қаласының ҚР-ның Әділет министрлігіне қарасты юстиция басқармасында тіркелуі бойынша құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz