Мектеп окушыларының көзқарасын қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 4

Анықтамалар . . . 5

Қысқартулар мен белгілер . . . 6

Кіріспе . . . 7

1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері

  1. Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары . . . 11

1. 2 Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері . . . 34

1. 3 Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың

мүмкіндіктері . . . 39

2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары

  1. Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері . . . 45
  2. Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі . . . 47
  3. Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері . . . 51

Экономика . . . 60

Еңбек қорғау . . . 66

Қорытынды . . . 69

Пайдалынған әдебиеттер тізімі . . . 70

Қосымшалар . . . 72

Нормативтік сілтемелер

Зерттеу жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалды:

- ҚР Конституциясы 24 бабы 30. 08. 1995ж.

- ҚР «Білім туралы» Заңы

- ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы 2007ж.

- ҚР 2015 жылға дейінгі білімді жаңарту Тұжырымдамасы

- ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы Заңы

- ҚР «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңы

- ҚР Еңбек Кодексі. 12. 07. 2007ж.

Анықтамалар

Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған, саналы түрде жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет.

Тәрбие үрдісі - қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен іс-әрекеті.

Тәрбие әдісі - мектеп тәжірибесінде белгіленген мақсатқа қол жеткізудің жолы, тәсілі, амалы.

Педагогикалық диагностика - тәрбиеленушінің алған тәлім- тәрбиелік деңгейін айқындап, зерттеп, сол орайға үйлесімді тәрбие міндеттерін белгілеу.

Білім мазмұны деп - жеке адамның ой-өрісін, дене тәрбиесін, адамгершілік-имандалық қасиеттерін, эстетикалық қабілеттерін, талғамын, мінез - құлқын дамытуды, жалпы азаматтық мәдени дәстүрлер рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етіп, дербес өмір сүруге дайындайтын ғылыми-білім, тәжірибелік, іскерлік және дағды жүйесін қалыптастыратын жадығаттарды айтамыз.

Тәрбие жұмысы - сынып жетекшісінің белсенді басшылыгымен, шебер ұйымдастырушылығымен тәрбиенің бағыттарына сәйкес белгілі нысананы көздей отырып, шығармашылық тұрғыда жүргізілетін іс-әрекет.

Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы - бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен кәсіби бағдарлау, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы.

Адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның әдеп саласындағы білімі, сезімі мен қарым-қатынасы және мінез-құлқына қатысты мәселелердің жүйесі.

Педагогикалық техника - оқушыларға әсер етудің сан қилы тәсілдерінің жиынтығы.

Сынып жетекші - белгілі топтагы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыратын негізгі тұлға.

Суггестия - иландырып сендіру.

Қысқартулар мен белгілеулер

Осы ғылыми жұмыста келесі қысқартулар мен белгілеулер қолданылған:

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

БҰҰ - Бірікке ұлттар ұйымы

ЮНЕСКО - БҰҰ жанындағы мәдениет, ғылым және білім беру жөніндегі ұйым

т. б. - тағы басқа

М. - Москва

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастыгы

БТ - бақылау тобы

ЭТ - эксперементтік топ

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық

жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім-тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт-дәстүрлерінің сақталуы және әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында ғана болуы мүмкін.

Қазақстан Респабликасының Конституциясында көрсетілген баршаға міндетті жалпы орта білім беруде тәрбиелеудің кешенді бағдарламасын негізге алу. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын ұлт жанды ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне, ұлттық ойлау қабілеті мен іскерлігіне, кәсіби шеберлігі мен сапалы біліміне, заман талабына сәйкес туындап отырған мәселенің түп-тамырын айқындап, кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбиені ұйымдастыру [ 1 ] .

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты, ынта-ықыласымен қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс» - деп көрсетілген [2] .

Қоғамды дамытытын жас азаматтың жеке тұлғасы жан-жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайды, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын болу керек. Сонымен бірге өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтазар, өмірдің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты қалыптастырудың бір жағы білім мазмұны арқылы іске асса, екінші жағы тәлім-тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді. Сондықтан «Білім туралы Заңға» сәйкес оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» орай білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылық ойлау мен өздігінен еңбек етуіне, адамгершілікке, имандылыққа бағдар беру, білімін қолдана білуге үйрету, дүниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті бойына дарыту көзделіп отыр [ 3 ] .

Балаларымызды мектеп тәрбиелейді деген ертеден қалыптасқан ұғым отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесін тым босаңсытып алғаны, мектептердің күні бүгінге дейін оқу мәселесін өздерінің басты міндеттері деп санап, тәрбие мәселесін назардан шығарып алғандықтары қоғамдағы жат қылықты тәртіпсіз шәкірттер қатарын еселеп арттыра түсті, атаулы мәселе жөнінде ұлы бабамыз Әбу Нәсір әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген екен.

Қазақстанда қазіргі кезеңдегі қоғамдық, әлеуметтік өзгерістерге сәйкес тәрбие теориясы мен әдістемесінің мақсаты, міндеті, мазмұны мәнді өзгерістерге ұшырауда. Соңғы кездерде Ресей мен Қазақстан баспа беттерінде жарияланған еңбектерді негізге ала отырып, жаңарған қоғам талабына сай оқушыларға ақыл-ой, имандылық-адамгершілік, эстетикалық т. б. тәрбие беру жүйесін басты мәселе деп қарастырған жөн.

Демек, ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып, заман талабына сай, өркениетті елдер қатарына кіру мақсатында, ұрпақ тәрбиесінің зор мәні бар келелі мәселеге айналып отыр.

Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш. Уалихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Қүнанбаевтің, М. Жұмабаевтің, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбергенов, т. б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен [ 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12] .

Халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, қазақ халық педагогикасы негізінде оқушылардың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген азаматтық көзқарасын және соған сай мінез- құлқын қалыптастыру бойынша Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ә. Табылдиев, С. Ғаббасов, т. б. тың зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуын, этнопедагогика құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін, мектептің оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды [ 13, 14, 15, 16, 17] .

Олай болса, кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру болашақ мұғалімдерді даярлау үрдісінде - ұстаздың жеке басына, оның жалпы және кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Жоғары мектепте мұгалімдерді даярлаудың теорялық негізіне арналған еңбектерде О. А. Абдуллина, Н. И. Болдырев, Т. А. Ильина, Н. Д. Хмель, т. б. оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың дәстүрлі мәселелері мен ұстаздың жеке тұлғалық асыл қасиеттерін қалыптастыруға ерекше назар аударылған [18, 19, 20, 21] .

Қазіргі таңда педагогика ғылымында тәрбие теориясының қалыптасып дамуына өзіндік үлес қосып отырған қазақстандық ғалымдардың да еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Тәрбие беру процесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, түрлері мен құралдарын жетілдіру бойынша Б. Әбдікәрімұлының, А. Меңжанова, А. А. Бейсенбаеваның, С. Ш. Әбенбаев, Б. Р. Айтмамбетова, К. Сейталиевтің, т. б. еңбектерінде тәрбиені жан жақгы қарастырған [ 22, 23, 24, 25, 26, 27 ] .

Сонымен, оқыту істерін жастардың белсенді ақыл-ой еңбегі, саналы іс- әрекеті негізінде ұйымдастырса, тәрбие процесін ғылыми-тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезім, мінез-құлықты қалыптастыру негізінде ұйымдастырған абзал.

Зерттеу объектісі: кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмыстарын жүргізу үрдісі.

Зерттеу пәні: кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты: мектепте тәрбие берудің негізгі бағыттары арқылы оқушыларды тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеу және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу міндеттері:

  • тәрбие жұмыстарының әдістерін ұйымдастырудың қазіргі кездегі мәні мен маңызын айқындап, мектеп оқушыларын тәрбиелеуде қаншалықты қолданылатынын талдау;
  • мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін қолдану арқылы тәрбие процесін ғылыми-тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезім, мінез-құлықты қалыптастыру негізінде ұйымдастыру;
  • мектеп оқушыларына тәрбиенің негізгі бағыттарымен тәрбиелеу әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру;

Зерттеу болжамы: егер кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбиені ұйымдастыру әдістерінің барлық түрлері қолданылса, онда мектеп оқушыларының жалпы тәрбиесі, мәдениеті, білімі жоғары деңгейде қалыптасады.

Зерттеу көздері: қарастырылып жатқан мәселе бойынша философтардың, педагогтер мен психологтардың еңбектері, білім беру мен тәрбие мәселелері жөнінде нормативті құжаттар: Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» заңы, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушыларымен тәжірибелік-педагогикалық жұмыс қорытындылары.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты тарихи,

психологиялық, педагогикалық, эдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау, зерттеу мәселесіне байланысты мәліметтерді жинақтау, тәжірибе қорытындысын шығару

Зерттеу базасы: тәжірибелік жұмыстар Астана қаласының №3 орта мектебінде жүргізілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, экономикалық, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қорғау бөлімнен және жұмыс тұжырымдамасы мен ұсыныстар келтірілген қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан және графикалық бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде жұмыстың көкейкестілігі негізделген, жұмыстың мақсаты, пәні анықталған, зерттеудің міндеттері құрылған, жұмыстың өзектілігі, практикалық маңыздылығы, зерттеу әдістері мен деректі көздері ашылып көрсетілген, зерттеу жұмысының дәлелділігі баяндалған.

«Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері» атты бірінші тарауда тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары, тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері және тәрбие әдістері және оларды топтастырудың мүмкіндіктері туралы айқындалып көрсетілген.

«Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары» атгы екінші тарауда еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері, кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі және кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері анықталған.

1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбие үрдісінің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері

  1. Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары

Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие беруді қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдында қоятын ең басты мәселелерінің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.

Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам және жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қаситеттерін дамыту. Оқушылардың саналы тәртібі мен пайымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Тәрбие теориясы тәрбие үрдістері, принциптері, әдістері болып жіктеледі (сурет 1. 1) .

Тәрбие теориясы

Тәрбие үрдістері Тәрбие әдістері

Тәрбие принциптері

Сурет 1. 1 - Тәрбие теориясының жіктелуі

Оқу орындарындағы оқыту мен тәрбие біртұтас педагогикалық үрдіс. Тәрбие үрдісі ежелден келе жатқан жүйе болғанымен оқыту теориясымен салыстырғанда әлі де жеткілікті зерттеліп болмаған құбылыс. Шындығына келсек, адамзат ғұмырындағы мәңгілік мәселе - ұрпақ тәрбиесі. Өзінің саналы өмірінде әрбір адам ақылы дұрыс, дені сау болса, бұл мәселеге соқпай өтуі өте сирек мәселе. Сондықтан да тәрбие бастауы ата мен ана, ал олар құрған отбасы - адам қоғамының алтын бесігі екендігі ертеден-ақ қалыптасқан түсінік. Даналықтары дәріптелген ғұламалардың пікіріне жүгінсек - жеке некелік, яғни моногамиялық жанұяның дамуы қоғамды да,

тәлім-тәрбиені де ұлы өзгеріске түсіргендігін педагогика тарихын, фәлсапаны зерттеуші зиялылар жан-жақты дәлелдеп, барша жұртты мойындатып отырғаны белгілі. Ал психологилық тұрғыдан қарағанда тәрбиенің әсерімен баланың бір сападан екінші сапаға өзгеріп ауысыу жетіледі. Былайша айтқанда, бойына түрлі тәжірибені қабылдап, біліп, танып, ұғынып соның нәтижесінде мінез-құлқы өзгеріп, өзіне деген сенімі артып, іс-әрекетін бағдарлауға машықтана бастайды.

Сонымен, тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден жеке азам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Олай болса, тәрбие үрдісі деп - қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен іс-әрекетін айтамыз.

Тәрбие үрдісінің мән-мазмұны педагогикалық ситуациялардың шешімін тауып, оның себеп салдарын айқындай білуге байланысты. Демек, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы тәрбие үрдісіндегі жүйені және оның салаларын дұрыс ажыратып, сол орайдан әрекет жасай білуге тәуелді. Қазіргі педагогика ғылымдарындағы зерттеу бұл жүйені былайша топтастырады:

- Педагогикалық диагностика. Тәрбиеленушінің алған тәлім- тәрбиелік деңгейін айқындап, зерттеп, сол орайға үйлесімді тәрбие міндеттерін белгілеу.

- Бағдарлық жоба белгілеу. Жүзеге асуға тиісті тәрбиелік іс-әрекетті жоспарлап, оның мазмұнын, әдістері мен формаларын айқындау.

- Ұйымдастыру жолдары. Белгіленген жоспардағы іс-әрекетті жүзеге асырудың амал-тәсілдерін және қалай жүргізілетіндігін белгілеу.

- Нәтижені бақылап, бағалау.

Көрсетіліп отырған бұл жүйе педагогикалық тәлім-тәрбие саласындағы жүзеге асырылмақ іс-әрекеттерді орындауды болжаумен бірлікте шешілетіндігін назарда ұстаған жөн.

Тәрбие үрдісінің тиімділігін айқындау қол жетуге тиісті нәтиженің қалай болғандығы және ол қандай іс-әрекет арқылы орындалғанын білуге мүмкіндік береді. Сондықтан мұндағы іс-әрекетті шартты түрде екі жүйеге бөліп қарауға тиістіміз.

Бірінші, қол жеткен нәтиже қойылған мақсатпен неғұрлым үйлесімді болса, соғұрлым тиімді болды деп саналады. Мұнда оқушының тәрбие-тәлімі деңгейінің нәтижесіндегі басты көрсеткіш - мінез-құлқы, саналылығы. Оның басты сипаты ұжым мен жеке адамдардың қарым-қатынасында, әлеуметтік белсенділігінде, адамгершілік-имандылық түсінігінде, эстетикалық танымында, білім мен біліктілігі іс-әрекет барысында көрінеді, Бұл оқушының меңгерген тәрбиесінің айғағы, үрдістің тиімділік нәтижесі болып саналады.

Екінші, мұғалімнің алдын ала жобалаған тәрбие жоспарын іске асырудағы белгіленген мақсаты, таңдаган әдіс-тәсілдері мен формалары және мазмұнның тиісті әрекетке үйлесімді тәрбие үрдісінің тиімділігі тұрғысынан қаралады. Сондай-ақ оның жүзеге асуы тиімді шартқа саналады. Әрине, мұнда психологиялық ахуал да ескеріледі.

Тәрбие үрдісінің тиімділігі қаидайлық дорежеде болгандығын айқындау гіедагогикалық талдау арқылы жүзеге асырылады. Мүнда бақылау, әңгімелесу әдістері қолданылады. Студент педагогикалық практика кезінде талдау, зерттеу жұмыстарын өздігінен жүргізгені жөн.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруга жол ашылыды [25, 9] .

Жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде ғана емес, өзіндік ақыл-ойы, талап-тілегі, қажеті бар субъекті ретінде қарап, бойындағы туа біткен, табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын қолданып, оқу- тәрбие жұмысын жүргізу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.

Педагогикалық қызмет еңбек объектісінің ерекшелігімен айрықшаланады. Өйткені, ол үнемі дамып, бір мезгілде тәрбиенің объектісі де, субъектісі де бола алатын жеке тұлғамен істес. Қоғамдағы жас ұрпақ тәрбиесі төрт түрлі әлеуметтік күштің бірлескен жұмысы арқылы жүзеге аспақ: отбасы, мектеп, әлеуметтік орта, жұртшылық. Осы күштерді біріктіріп, байланыстырып ортақ мақсатқа бағыттап отыратын - сынып жетекшісі.

Оқу-тәрбие жұмысының мазмұндылығын қамтамасыз ету үшін топқа сабақ беретін мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істейді. Оқу көмегімен ұйымдастырады.

Оқушыларға мектеп пен отбасы тарапынан қойылатын педагогкалық талпатардың бірлігін қамтамасыз етіп, ата-аналарымен байланыс жасап отырады. Сонымен бірге оқушылардың денсаулығын нығайтуға жағдай туғызып, үлгерімі мен сабаққа қатысына қамқор болып, мінез-қүлқын, тәртібін адамгершілік қасиеттерін дамытатын шаралар жүзеге асырады, болашақ мамандығына деген сүйіспеншілігін, дұрыс қатынасын қалыптастырады.

Сынып жетекшісі оқушыларға білім берумен қатар, жан-жақты дамып қалыптасуына жүйелі жүргізілетін жұмыстар арқылы үздіксіз ықпал етіп отырады. Педагогикалық ықпалдың табысты болуы оны іске асыратын жетекшісіне және оқушылардың қабылдауы мен белсенділігіне байланысты. Олай болса, сынып жетекшісінің жеке басы қабілетіне, жұмыс істеу ынтасына жоғары талап қойылады. Ол талаптарға теориялық, тәжірибелік дайындығының болуы, рухани байлығы, педагогикалық білімі мен бірліктілігі т. б. жатады. Бұл талап сынып жетекшісінің өзін-өзі тәрбиелеу процесінде жеке басының қасиеттерін дамытуын, педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетудің құпияларын игеруін қажет етеді [ 28 ] .

Ғылыми зерттеулердің тұжырымдамасына сүйенсек, тәрбие мазмұны құрастыратын табиғат, қоғам, адамзат туралы теориялық деректерді білу, сондай-ақ қоғамдық тәжірбиелер мен құндылықтарды және оның мұрат мақсаттары мен деңгейін ұғынумен қатар тұлғаның білім, білігі, қабілетінің дамуы, мінез-құлқының қалыптасуы деген тұрғыдан қарайды. Осы орайдан келгенде тәрбие саласындағы жаңа тұжырымдама тәрбиенің мазмұнын уақыт талабына үйлестіріп құруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасындағы этникалық-мәдени білім берудің негізгі міндеттерінің бірі ретінде «Жан-жақты мәденитті тұлғаны тәрбиелеу» деп, яғни тұлғаның өзінің төл мәдениетіне сай болуына және өзге мәдениеттерді игеруіне жағдай жасауды және мәдениеттер алмасуына, олардың бірін-бірі байытуына бағдар ұстауды қарастырады.

Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы - бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен кәсіби бағдарлау, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы.

Қазіргі егемендік алған еліміздегі тәрбиенің мақсаты, оның мазмұнына үйлесімді тұлғаның мәдени болмысын қалыптастырып, дербестігін дамытуға лайық болуына негізделген. Дәлірек айтқанда, мәдени болмыстың қамтитын аймақтық деңгейі зор, тұлғаның өзін-өзі айқындауы, әлеуметтік- экономикалық, саяси дамуы, адамгершілік, имандылықтьң жетілуі, экологиялық заңдылықтарды сақтап, көркемдік танымын зорайтып денсаулығын нығайту және адамдармен қарым-қатынасын жақсарта беру мәселелерін қамтиды [ 29 ] .

Адамның өзін-өзі тәрбиелей білуі тұлғаның жауапкершілігін арттырудағы басты шарттың бірі болғандықтан тиісті мәселеге байланысты оқушының дұрыс шешім қабылдап, өмірдегі өз орнын табуға саналы қарап, уақытқа үйлесімді шешім шығара білуі тәрбие талаптарының мазмұндылығымен іштесіп жатқан құбылыс екені әркімге аян болуға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының бойында гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ізгіліктік негіздері
Оқушыларда табиғатқа құндылық көзқарасын қалыптастыру
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру үдерісі
Кіші мектеп оқушыларында экологиялық тәрбие қалыптастырудың жолдары
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымының ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Тұлғаның тәрбиелеудегі ойынның ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz