Тауарлар мен көлік құралдарын жекелеген кедендік режимдер бойынша кедендік ресімдеуді ұйымдастыру тәртібі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 - ТАРАУ. КЕДЕН РЕЖИМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Кеден режимдерінің түрлері мен олардың сипаты . . . . . . 6
- Кеден режимдеріне кедендік бақылауды ұйымдастырудың құқықтық негіздері . . . . . . . . 16
2 - ТАРАУ. АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ КЕДЕН РЕЖИМДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ
- Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті қызмет аймағындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кеден режимдерін қолдануын талдау . . . 22
- Тауарлар мен көлік құралдарын жекелеген кедендік режимдер бойынша кедендік ресімдеуді ұйымдастыру тәртібі . . . 26
- Негізгі кедендік режимдердің құқықтық экономикалық мәні және қолдану мәселелері мен ұйымдастырылуын бақылау … . . . 40
3 - ТАРАУ. АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЖҮРГІЗУ МЕН КЕДЕН РЕЖИМДЕРІН БАҚЫЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының алдына қойып отырған әлемнің дамыған елу мемлекетінің қатарына ену басымдығы кеден ісі саласындағы тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің де әлемдік стандарттармен нормативті құжаттарына сай келуін талап етеді. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу кезiнде фискальдық, бақылау функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын орындай отырып, кеден қызметi соңғы жылдары өзiнiң мемлекет жүргiзiп отырған сыртқы экономикалық саясаттағы рөлiн елеулi түрде күшейттi. Кеден режимдері тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізудің негізгі құқықтық жағдайларын анықтайды және орнатады яғни кеден режимдерге бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық қауіпсіздігін сақтай отырып сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың дұрыс заңмен белгіленген тәртіп бойынша тауарларлар мен көлік құралдарының ресімделуін қамтамасыз етеді [1, 118 б. ] .
Қазақстанның әлемдiк экономикалық қатынастар жүйесiне ықпалдасу процесi кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру қажеттiлiгiн алдын ала белгiледi. Осы мақсатта 2003 жылғы 1 мамырдан бастап күшiне енген Қазақстан Республикасының Кеден кодексі әзiрленiп, қазіргі кезде Кеден кодексінің жаңа мәтіні әзірленіп отыр. Онда кеден рәсiмдерiн үйлестiру мен оңайлату мақсатында халықаралық конвенциялардың ережелерi ескерiлдi, ішкі нарықтың жақсаруына оның тиімді жұмыс істеуіне Үкімет тарапынан қолдау көрсетілуі және де сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынастардың жаңа қағидаттары мен кеден органдары жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру тетiктерi енгiзiлдi.
Кеден кодексiн iске асыру үшiн оның бiртектi қолдануы мақсатында кеден iсi саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлендi, қабылданды және жүйелендiрiлдi. Қазақстан Республикасының жаңадан әзірленіп жатқан кеден кодексі Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. Тұлғаның кез-келген уақытта тауарлар мен көлік құрамының сипатына, санына, шыққан еліне қарамастан кез келген кеден режимін таңдауға немесе өзгертуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде тұлғаларға тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге теңдей негізде құқық береді және онда құқықты жүзеге асыру кезінде ешкімнің ол құқықтан айырылмауына және әкелу мен әкету құқығының шектелмеуіне кепілдік береді. Бір жағынан мемлекет тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тыйым салуды, мемлекеттің қауіпсіздік, моральдық имандылық мүдделері және адам өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, Қазақстан Республикасымен шетел халықтарының көркем, тарихи, археологиялық игіліктерін, меншік құқығын қорғау, интеллектуальдық меншікті, тұтынушылардың және мемлекеттің басқа да өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау тұрғысынан негіздейді [2, 23 б. ] .
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты ұйымдастырылатын және жүргізілетін операциялар бойынша бір қатар сұрақтар қарастырылып, сонымен қатар осы саладағы кеден төлемдерін төлеуді жүзеге асыру бойынша анализ жүргізілген және тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде кеден режимдерін пайдалану саласында кеден органының жұмысын жақсарту мен жетілдіруге байланысты негізігі ұсыныстар жазылған. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде қолданылатын негізгі қағидалар: Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту келесі негізгі қағидаларға негізделеді: әкелу мен әкетуге тиым салу; әкелу мен әкетуді шектеу; өткізу тәртібі; кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекарадан өтетін орны мен уақытын анықтау, кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету, шартты түрде шығарылған тауарлармен, көлік құралдарымен пайдалану және басқару.
Аталған тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізу барысында кеден кодексінде көрсетілген кеден режимдеріне сәйкес жалпы кедендік ресімдеу жүргізіледі. Басқаша айтатын болсақ кеден режимдері тауарлар көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізудің негізгі құқықтық жағдайларын анықтайды және орнатады.
Дипломдық жұмысымның мақсаты кеден режимдерін кеден құқығының жеке институты ретінде зерттеп, ерекше жиі қолданылатын кеден режимдерінің түрлерін айқындау және олардың қолданылу ерекшеліктері мен дамуына пікір білдіру.
Дипломдық жұмысының міндеттері:
- кеден режимдерінің түрлерін және мағынасын ашып көрсету;
- кеден режимдерыне кедендік бақылауды ұйымдастырудың құқықтық негіздерін көрсету;
- кеден қызыметінде кеден режимдерін пайдалану және кедендік бақылау тәжірибесін талдау;
- тауарлар мен көлік құралдарын жекелеген кедендік режимдер бойынша кедендік ресімдеуді ұйымдастыру тәртібін корсету;
- кеден режимдердің құқықтық экономикалык мәніне және қолдану мәселелері мен ұйымдастыруына бақылау дүргізу
Жұмыстың жаңалығы Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйыиына мүше болып кіру үшін кеден саласын дамытуда. Соңғы уақытта кеден қызметінің қызметкеріне қойылатын талаптардың көлемі көп есе көбейеді. Өйткені олардың отандық экономиканы жан-дамуына, инвесторлардың келуіне жағдай жасап қана қоймай сонымен қатар біздің мемлекетіміздің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталған әрекеттер жасайды.
Зерттеудің объектісіне Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының құқықтық тәртібін айқындау және оның құқықтық негізін орнату.
Зерттеудің пәніне кеден режимдерін сыртқы экономикалық қызметтің реттеуші құралы ретінде қарастыру жатады.
Дипломдық жұмысымның методологиялық негізі Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы заң актілері зерттелген - Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының кеден кодексі және басқа кеден ісі саласына қатысты заң актілері мен нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы, мен өкімдері, Кедендік бақылау комитетінің бұйрықтары мен ережелері және сонымен қатар Қазақстан Республикасының беделді, атақты ғалымдары Алибеков С. Т., Сарсембаев М. А., Баймуханов Э. П., Нұрмашев Ү. Ө., еңбектері де қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге негізделген және кіріспе, үш тарау мен қорытынды, ұсыныстардан тұрады.
Жұмысты орындау барысында Астана қаласы бойынша Кеден бақылау департаментінің 2007 - 2009 жылдар арасындағы жүк кеден декларациясының, кеден режимдерінің қолданылуы туралы статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талдаулар жасалды.
1 - ТАРАУ. КЕДЕН РЕЖИМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Кеден режимдерінің түрлері мен олардың сипаты
Кеңес Социалистік Республика одағы мемлекеті өз өмір сүруін тоқтатқан кезден және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы күнінен бастап пайда болған сыртқы саясат, экономика, қорғаны және тағы басқалармен қатар кеден ісі мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін, оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуші негізгі құралдардың бірі болып табылды.
Кеден режимдерінің пайда болуы негізіне 1991 жылы қабылданған «Кедендік-тарифтік реттеу туралы» заң түрткі болды.
Осы сәттен бастап кеден режимдері заң реттеу саласындағы бекітілді. Аталған жағдай кеден режимдерінің ұлғайып, дамып және тұрақты бекітілуіне өз септігін тигізді. Бұрынғы Кеңес Социалистік Республика одағы мемлекетінің кеден кодексі негізгі үш кеден режимін орнатқан болатын; Кеңес Социалистік Республика одағы аумағына еркін айналысқа шығару немесе оның аумағынан тысқары шығару; Кеңес Социалистік Республика одағы аумағына уақытша әкелу немесе оның аумағына уақытша шығару; Кеңес Социалистік Республика одағы аумағынан транзит түрде өткізу. Аталған кеден режимдері жабық мемлекетің мүдделеріне толық жауап беретін [3, 124 б. ] .
Ал тәуелсіз Қазақстанның кеден ісі саласында Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шiлдедегі жарлығы, кейіннен Қазақстан Республикасының 1999. 07. 16. №426 Заңымен 22-1-бап, кеден заңдарын қолдану мақсатында кеден режимдерiнiң мынадай түрлерi белгiленедi:
- тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару;
- тауарлардың керi импорты;
- тауарлар транзитi;
- кеден қоймасы;
- бажсыз сауда жасайтын дүкен;
- кеден аумағында тауарларды өңдеу;
- кедендiк бақылаумен тауарларды өңдеу
- тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету;
- еркiн кеден аймағы;
- еркiн қойма;
- тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде өңдеу;
- тауарлар экспорты;
- тауарлардың керi экспорты;
- тауарларды жою;
- мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тарту.
Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейтін және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 116-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсатында кедендік режимдердің мынадай түрлері белгіленеді:
- тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
- тауарлардың кері импорты;
- кеден қоймасы;
- бажсыз сауда дүкені;
- тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу;
- тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу;
- тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу;
- тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу;
- тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;
- тауарлардың экспорты;
- тауарлардың кері экспорты;
- тауарлар транзиті;
- тауарларды жою;
- мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;
- еркін кеден аймағы;
- еркін қойма;
- арнайы кедендік режим.
Қазақстан Республикасының кеден кодексі 7-бабының 34-тармағына сәйкес кедендік режим дегеніміз - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, кеден кодексіндегі белгіленген нормалардың жиынтығы.
Кедендік режимді екі негізгі топқа бөлуге болады:
- Бірінші топқа өткізукезінде тауарлардың оларды өткізіп отырған тұлғаның иелігіне толық өту режимі жатады, яғни бұл топтың режимі аяқталған сипатқа ие. Бұл - еркін айналыс үшін шығару, экспорт, кері импорт, кері экспорт.
- Екінші топқа жататын кедендік режимдер тауарларды қатаң түрде белгілі бір мақсаттарға және кеден органдарының бекіткен шарттарын сақтау арқылы пайдалануға рұқсат береді. Бұл топқа: кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкені, транзит уақытша әкелу (әкету), еркін кеден аймағы, еркін қойма, қайта өңдеулер, мемлекет пайдасына тауардан бас тарту, тауарларды жою режимдері жатады [4, 142 б. ] .
Екінші топтағы аты аталған режимдердің көпшілігінің әр түрлі экономикалық міндеттерді шешуде өз мақсаттары бар:
- тауарларды қоймаға қою - «кеден қоймасы» режимінің мақсаты;
- тауарларды қайта өңдеу - қайта өңдеудің барлық үш режимінің мақсаты;
- белгілі бір шарттарды орындауда тауарларды пайдалану - «уақытша әкелу (әкету) », «еркін кеден аймағы» режимдерінің мақсаты;
- тауарларды тасымалдау - «транзит» режимінің мақсаты.
Демек қолданыстағы кедендік режимдер сауданың, өнеркәсіптің және халықаралық тасымалдаудың дамуына бағытталған. Кеден режимдерінің ролі мен маңызы өте зор.
Кеден режимі тауарлардың бағытына, оның кеден аумағында кеден аумағынан тыс болу жағдайларына байланысты кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібін, тауар пайдалануы мүмкін саланы, тауарларды өткізетін тұлғаның құқығы мен міндетін, берілген нақты кеден режимдегі тауарға қойылатын талапты бекітеді.
Еркін айналыс үшін тауарды шығару режимі - Қазақстан аумағына әкелінетін тауарлар оларды осы аумақтан әкету туралы міндеттемесіз осы аумақта үнемі қалатын кедендік режим. Тауарларды еркін айналысқа шығару:
- кедендік баждар мен салықтар төленген;
- тарифтік емес реттеу шаралары сақталған;
- кеден кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптар орындалған;
- кедендік ресімдеу аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Бұл режим кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды төлеу және экономикалық саясат шараларын сақтауды қарастырады. Еркін айналысқа шығарылған тауарлар оларға мүліктік және мүліктік емес құқықтары бар кез-келген тұлғаның иелігіне түседі, кедендік бақылаудан алынып тасталынады және егер де ол заңдылықта қарастырылған болса, басқа режимге қойылады.
«Тауарды еркін айналысқа шығару» кедендік режимі негізінен келісім шарттар бойынша шетелден Қазақстанға тауарлардың келуіне сәйкес келеді.
Осы кедендік режимді қолданудың бірқатар ерекшеліктері бар:
- Қазақстандық тауарларға тауарды өтеусіз беру - қайырымдылық пен техникалық көмек сияқты кейбір сыртқы экономикалық сұлбаларда - белгілі бір төлем түрлерінен босатумен еркін айналыс үшін шығарурежимі орын алады. Қазақстандық тұлғаға тауарларды сыйға берген жағдайларда кедендік төлемдерден босату жүргізілмейді.
Сондай - ақ осы режимнің тағы да бір ерекшелігін айта кеткен жөн. Қазақстан аумағында еркін айналысқа шығарылған тауарлар кеден заңдылықтарына сай Қазақстан тауарлары деген мәртебе алады. Сондықтан да осындай тауарларды басқа кедендік режимге қоятын кезде оларға экономикалық шаралары және осы кедендік режимге сәйкес кедендік төлемдер қолданылады. Егер де «Еркін айналысқа шығару» режиміне бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан экспорт режимімен әкетілген қазақстандық тауарлар қоцылатын болса, оларға мемлекеттерде өтетін тауарлар бойынша Қазақстанның ұсынатын саудадағы біршама жайлы режимі сияқты импорт тарифінің базалық ставкасы бойынша әкелінетін кедендік баж салынады.
Тауарлардың кері импорты - Қазақстан Республикасы кеден аумағынан экспорт режимімен бұрын әкетілген қазақстандық тауарлар бекітілген мерзімде кейін қарай кедендік баждар мен салықтарды төлемей және экономикалық саясат шараларын қолданбай әкелінетін кедендік режим. Тауарлардың кері импорттың кедендік режиміне оны кімнің әкеткеніне қарамастан кез-келген тұлға қоя алады. Тауарларды кері импорттың кедендік режиміне қою үшін олар бір мезгілде бір қатар шарттарды орындау керек:
- экспорттың кедендік режиміне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағынан әкетілген болуы;
- әкеткен сәтке дейін Қазақстандық тауар болуы;
- әкелген сәттен бастап он жыл ішінде Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелінген болуы;
- табиғи ескіру немесе дұрыс тасымалданған және сақталған жағдайды қоспағанда, әкеткен сәттегі жағдайда болуы.
Тауарларды елден тыс жерлерде өнеркәсіптік немесе комерцялық мақсаттарда пайдалану оларды жоғарда айтылған шарттарды орындаған жағдада кері импорттың кедендік режиміне қоюға кедергі болмайды.
Аты аталған тауарлар сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз ету, жеңіл жөндеу операцияларынан өтеді, осындай операциялардың салдарынан әкетілген кезінде анықталған құны өсіп кетпейтін жағдаймен тәртіпке келтіріледі.
Тауарларды кері импорттау кезінде әкелінген сәттен бастап үш жыл ішінде кеден органы әкетілген кеденді баждармен салықтардың экспортқа төленген сомасын мынадай жағдайларды қайтарады:
- тауарларды экспортқа әкетілген кедендік бажды немесе салықты төлген адам әкетіп, әкелсе;
- кедендік рәсімдеуді жүргізген кеден органына кедендік баждар есептелініп, төленген және олардың төлеген төлемдерінің кеден есеп шотына түскендігі туралы кеден органының жазбаша түрде растауының негізінде Жүк кеден декларациясына ұсынылғанда.
Қазақстан Республикасының аумағынан 1992 жылы 1 қантарынан кейін экспортталған тауарлардың кері импорты кезінде, декларант кеден органына экспортқа байланысты, сондай-ақ тауарларды әкеткен сәттегі ставка бойынша акциздерге қайтарылған қосылған құн салығы сомасын төлейді.
Тауарларды қарастырылып отырған режимге қою шетелде сақтаулы тұрған тауарларды кері әкелу кезінде тәжірибеден өткізілуде.
Тауарлар экспорты - Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге осы аумақтан тыс жерде тұрақты болу немесе тұтынылу мақсатында тауарлар әкетілетін кедендік режим.
Тауарлар экспорты:
- кедендік әкету баждары төленген;
- тарифсіз реттеу шаралары сақталған;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар мен жағдайлар орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
Экспорт үшін шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетілуге тиіс. Бұл орайда олар тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болатын өзгерістерді қоспағанда, кедендік декларация қабылданған күнгі қалпында болуға тиіс. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге экспорттау үшін шығарылған тауарлар әкетілмеген кезде тауарларды өткізуші тұлға жауапты болады. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету Кеден кодекстің 14-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Тауарлар транзиті - тауарлар кедендік бақылауға Қазақстан Республикасының екі кедендік органы арасында өткізілетін кедендік режим, оның қатарында кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ тауарларға экономикалық саясат шараларын қолданбай шет мемлекеттің аумағы арқылы өткізуде бар. Бұл режим елдің көлік жолын жұмыспен, тауарларды тасымалдау есебінен ішкі үстеме құнды қалыптастыруды қамтамасыз етеде. Ал тұлғаларды кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатуды жүзеге асыру көліктің және оның инфрақұрылымының дамуына ықпал етеді. Елдегі жүктердің есебін алу мақсатында өтініш беріледі және тауарлар транзитіне кеден органынан рұқсат алады. Транзитке рұқсаты тауарларды жөнелтетін кеден органы береді. Жекелеген жағдайларда мысалы авто көлікпен тасымалданатын акцизделген тауарлар транзитіне тек кеден органының депозитіне тиісті ақша қаражаты аударылғанан кеуін немесе банк кепілдігін ұсынылғаннан кейін рұқсат етіледі. Тауарларды транзиттің кедендік режимімен өткізу шартында - табиғи ескіру не тасымалдау мен сақтаудың дұрыс жағдайларында азаю салдарынан өзгеруден басқа және транзиттен басқа қандайда бір мақсаттарға пайдаланбайтын, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізуге тиым салынған тауар болмаудан басқа жағдайларда тауар өзгермеген қалыпта қалу керек [5, 99 б. ] .
Тауарлардың Қазақстан аумағына болу мерзіміне шектеу қойылады: көлік құралдарының мүмкіншіліктері нәтижесінде, белгіленген бағытта, өзге де жағдайларда, бұл уақыт әрбір 2000 километірге бір айдан көп емес уақыт есебімен анықталуы керек. Егерде кеден органының тасымалдаушының немесе көлік құралдарының тауарларды дұрыс жеткізуіне кепіл бере алмайтындай күмәні болса, кеден органы тауарларды транзиті кедендік режимі бойынша тек көлік құралы тиісті түрде жабдықталған жағдайда, кедендік алып жүруді қолдану немесе тауарларды кедендік тасымалдаушының тасымалдауы, кедендік баждар мен салықтарды төлеуде тиісті соманың жөнелту кеден органының депозитіне аударылуын қамтамасыз етілген жағдайда ғана өткізуге құқылы. Кедендік ережелердің сақталуына, барлық туындаған шығындарға жауапкершілік тауарларды тасымалдаушыға жүктеледі.
Шетелдік тауарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитіне кедендік баждарды және салықтарды төлеу қамтамасыз етілген жағдайда жол беріледі.
Тарнзиттік тауарлармен мынадай операцияларды жасауға болады:
- бір көлік құралынан екінші көлік құралына қайта тиеу;
- түсіру және кедендік бақылаумен қоймаға уақытша қою.
Транзиттік тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралы бұзылған кезде ондай тауарларды түсіруге және Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы қоймада уақытша сақтауға жол беріледі.
Транзиттік тауарларды қоймада уақытша сақтау кеден органы құрған уақытша сақтау қоймасында, ал ол болмаған жағдайда, Кеден кодексте белгіленген тауарларды уақытша сақтауға қойылатын жағдайлар мен талаптарды сақтай отырып, өзге де уақытша сақтау орындарында жүзеге асырылады.
Транзиттік тауарларды уақытша қоймада сақтау мерзімін тасымалдаушы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті, бірақ тауарларды уақытша сақтаудың шекті мерзімінен аспайтын уақытты негізге ала отырып белгілейді.
Кеден қоймасы - ережелердің кедендік режимі, барлық әкелінген тауарлар кедендік баждармен салықтарды төлеусіз сақталу кезінде тауарларға экономиаклық саясат шараларын қолданусыз кедендік бақылана отырып, сақталыныды, ал экспорттық кедендік режиміне сәйкес әкетілуге арналған тауарлар қолданыстағы кедендік заңдылықтарда қарастырылған женілдіктермен кедендік бақылауда сақталынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz