Банктің депозиттік операцияларының теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР БАНК РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗІ
РЕТІНДЕ 6
1.1 Банктің депозиттік операцияларының теориялық негіздері 6
1.2 Банктің депозиттік операцияларының түрлері мен олардың сипаттамасы 12
1.3 Альянс банкі АҚ-ның депозиттік операцияларын жүзеге асыру кезеңдері
18
2 АЛЬЯНС БАНКІ АҚ-Ы МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ 23
2.1 Альянс банкі АҚ-ның депозиттік операцияларын басқа коммерциялық
банктердің депозиттік операцияларымен салыстыра отырып талдау 23
2.2 Коммерциялық банктердің несие және депозит нарықтарындағы операцияларын
салыстырмалы талдау 36
2.3 Коммерциялық банктердiң депозиттiк саясаты және оның депозиттердi
жетiлдiрудегi маңызы 44
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 52
3.1 Депозиттік портфельдi басқару және ондағы тәуекелдердi азaйтy жолдары
52
3.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді
сақтындыру жүйесінің даму келешегі 59
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 68

h3

h4Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 28
қаңтар айындағы Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты Қазақстан халқына
Жолдауында атап өтілгендей Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның
іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат
секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады.
Бұл – жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен
қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне
негізделген экономика [1, 3 б.]. Ал бұл мақсаттарға жету үшін осы
іскерлікті жүзеге асыруға және шығарылатын өнімдердің жоғары бәсекелік
қабілеттілігін орнатуға көмектесетін банк жүйесінің несиелері болып
табылады. Бұл несиелер, өз кезегінде, банктердің тартылған ресурстары
арқылы берілетініне көзіміз жетеді. Мемлекет басшысының алға қойған
мақсаттарын орындау – Үкіметтің басты міндеті.
Банктер және банктiк қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес депозит - бiр тұлғаның екiншi тұлғаға - банкке (соның iшiнде Ұлттық
банкке) оларды номиналды түрде қайтару шартымен, бiрiншi ретте талап
еткенде сондай - ақ белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн қайтарылу шартына
байланыссыз, толығымен немесе бөлiктеп, алдын-ала келiсiлген өсiммен немесе
өсiмсiз, тiкелей депозиторға (салымшыға) немесе оның тапсырмасы бойынша
үшiншi тұлғаға берiлетiн ақшалар 3.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң қызмет етуі тұрақталды десек
те, кейбiр банктердің (Бизнес банк, Көмiрбанк) кенеттен жабылып қалып, өз
салымшыларының алдындағы мiндеттемелерiн орындай алмауы әлi де болса бұл
жүйенiң қызмет етуiнде кемшiлiктердiң бар eкeндiгiн көрсетедi. Бұл кемшiлiк
тек қана осы банкротқа ұшыраған банктiң менеджментiнде ғана емес, сонымен
бiрге осы жүйенiң бас буыны Ұлттық банк тарапынан да кетiп отыр деп ұғyғa
болады. Өйткенi, Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктерге қолданатын өз
реттеушiлiк құқықтарын дұрыс пайдаланып қадағалау жүргiзуiнде қателiктерге
жол берiп отыр. Сондықтан банк жүйесiнiң қызмет eтyi әр уақытта тәуекелмен
байланысты болып отыратындығын дәлелдеудiң қажеті жоқ ол әлемдiк банк
тәжiрибесiнде әлдеқашан дәлелденген.
Экономистердiң есептеуiнше бүгiнгi күнi халық қолында банк жүйесiне
тартылмаған, қолма-қол түрде сақталып отырған едәуiр қаражат бар деген
болжамдар айтылуда. Ол қаражат мөлшерi бiрде 400 млн.доллардан асады деп
айтылса, бiрде 1 млрд.доллардан астам ақшалай қаражат бар деп аталады. Бұл
сандық мәлiмет “Қаржыгерлер конгpeciндe” Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жасаған баяндамасында аталды.
Коммерциялық банктердiң өздерiндегi бар несие ресурстарын сұранысқа ие
болып отырған ұзақ мерзiмдi несиеге бере алмауы, ол да ресурстарды
орналастыру барысындағы әлi де шешiлмеген мәселелердiң бар eкeнiн
көрсетедi. Атай кетер болсақ, олар:
- депозиттiк салымдар көлемiнде қысқа және орта мерзiмдегi салымдар
үлесiнiң көп болуы, бұл банктердiң ресурстарды ұзақ мерзiмге бере алмауына
алып келедi;
- ұзақ мерзiмге қаражаттарды инвестициялау экономикалық тұрақтылықтың
нағыз орнаған уақытында жүргiзiледi. Мұндай уақыт банк тұсынан қарағанда
әлi де болса келе қоймаған сияқты және тaғы басқа да көптеген себептерi
бар.
Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерi қазiргi уақытта жеке
және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражатын банк жүйесiне депозит
түрiнде тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Олар өз
тәжiрибелерiмен бiрге шетелдiк банктердiң озық тәжiрибелерiн де енгiзуде.
Олар әр түрлi шарттармен, мазмұнмен, мерзiммен жаңа депозиттiк салымдар
түрлерiн ашу, пластикалық карточкалар арқылы төлемдер төлеу, электронды
есеп айырысулар жүргiзу, сейфтiк сақтау қызметтерiн, интeрнет банкинг
қызметтерiн көрсету және т.б. тәжiрибелердi енгiзуде.
Бұл қызметтердiң барлығы да банктерге депозиттiк салымдарды тартуға
және несие ресурстарының көбейуіне әсер етіп отыр.
Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру
мәселелерін зерттеуге көптеген ғалымдарының еңбектері арналған. Бұл
ғалымдар: Б.И. Алехин, А.В. Аникин, Ю.А. Бабичев, В.И. Колесников, О.И.
Лаврушин, Я.М.Мукин, Г.С. Панова, В.М. Усоскин және т.б.
Депозиттердің экономикалық мәнін түсіндірген отандық ғалымдар: Ш.Р.
Абдилманова, Г.Т. Калиева, К.К. Ильясов, У.М. Искаков, Ж.О. Ихданов, Н.К.
Мамыров, Д.М. Мажитов, В.Д. Мельников, Г.С. Сейткасымов, Н.Н.Хамитов, А.
Челекбай және т.б.
Жұмысты зерттеуде шетелдік экономист ғалымдардың депозиттерді теориялық
- әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеп жазған еңбектері едәуір
көмектесті. Экономиканың дамуындағы банктердің алатын орны мен рөлін
зерттеген келесі ғалымдарды атап өтуге болады: Дж. Кейнс, Р. Коттер,
Р.Смит, Э.Родэ, Д. Рикардо, И. Фишер, М.Питерс, П. Самуэльсон және т.б.
авторлар.
Диплом жұмысының объектісі болып Коммерциялық банктердегі депозиттік
операцияларды ұйымдастыру табылады. Диплом жұмысының пәні ретінде
коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастырудағы
қалыптасқан экономикалық қатынастары ұсынылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен мiндeттepi. Коммерциялық банктердегі
депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын зерттей отырып, заңды және жеке
тұлғалардың депозиттерін тартудағы мәселелерді қарастыру.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негiзгi мiндeттep:
- ақша-несие қатынастары жүйесiндегi "депозит" экономикалық
категориясының мәнi мен мазмұнын зерттеу;
- “ Альянс банкі ”АҚ-ның депозиттерін талдау және оларды басқа
банктердің балама депозиттерімен салыстыру;
- депозиттердi сақтандыру қорының қызметi мен мiндеттерiне теориялық
және тәжiрибелiк материалдар негiзiнде талдау жүргiзу;
- депозиттердi сақтандыру қорының қызметiне талдау жасай отырып, оны
жетiлдiру жолдарын анықтап беру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың
мерзімді басылымдардағы мақалалары және оқулықтары, нормативтік –
заңнамалық актілер қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және қосымшалардан
тұрады. Жалпы жұмыс беттік компьютерлік терім мәтінін құрай отырып,
кестені, суретті қамтиды. h4

h41 Депозиттік операциялар банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі
ретінде

1.1 Банктің депозиттік операцияларының теориялық негіздері

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен
тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жaғдайлармен түсiндiрiледi - бiрiншiден, банктер қаржылық
нapықтapдa қаржы делдалы ретiнде басқа кәсiпорындардың, мекемелердiң және
халықтың yaқытшa бос каражаттар сомасын депозит түрiнде жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиiмдi басқарады, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етедi және пайдалық негiзде қарызды қарыз алушыға ұсынaды.
Екiншiден, депозиттердi мемлекеттiк caқтандыру жүйесi болады, бұл
салымдарды жаппай кepi алу қayiптiгiн төмендетедi. Үшiншiден, банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсiпорындардың материалдық обьектiлерiнде
орналастырған активтерiне қарaғанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтiмдi және
нарықта оңай өткiзiледi.
Басқа кәсiпорындармен салыстыpғанда осы барлық міндеттeмелер
коммерциялық банктерге меншiктi капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз мiндеттерiн жүзеге асыруға және дұpыс қызмет eтyiнe
мүмкiндiк бередi. Ең алдымен меншiктi капитал банк кызметiн бастау үшiн
қажет. Сонымен қатар, офистi, жабдықтарды сатып алу және еңбекaқыны төлеу,
сондай-ақ банктiк операцияларды дамытудың келесi кезеңдерiнде шығындарды
төлеу үшiн қажет. Меншiктi капитал – банктiң қорғаныс кепiлдiк қоры. Осы
сипатты меншiктi капитал маңызды, сөзсiз мiндеттi қор болып табылады,
банктiң тұрақтылығы мен оның жұмысының тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн
банктiк қаражаттар құpылымында оның рөлi өте жоғары.h4
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерiнiң активтiк операцияларын
жүзеге асыру үшiн тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігiн
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттeрiнiң уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлi түрде осы қаражаттардың негiзгi бөлiгiн
депозиттер құрайды. Депозит пен банктiң клиенттерiнiң жинақ салымдарынан
басқа мерзiмдi және мерзiмсiз салымдарының барлығы түсiндiрiледi.
Банктердiң aқшалай қаражаттарды салымдаpға тарту және оларды пайда табу
мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттiк операциялар деп аталады.
Осылардың негiзiнде коммерциялық банктердiң несиелiк ресурстарының негiзгi
бөлiгi құралады.
Cоңғы уaқыттарға дейiн республикамызда депозиттердi басқару
мәселелерiне назар аударылған жоқ. Банк мекемелерi алдында олармен
жинақталатын несиелiк ресурстардың мөлшерi мен өзiндiк ерекшелiгiне
байланысты қарыз берудi қамтамасыз ету мiндеттерi орындарына қойылған жоқ
болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттiк
банкiсiнiң бөлiмшелерiмен қарастырылған, қарыздық қор өз кезегiнде КСРО
Мемлекeттiк банкiсiнiң өзiнде орталықтандырылған тәртiппен қалыптастырылған
және ол республикалық кеңселер бойынша несиелiк жоспар негiзiнде бөлiнген,
ал республикалық - облыстық кеңселер бойынша, облыстық бөлiмшелер бойынша
бөлiнген, сонымен қатар, мемлекеттiк банктiң төмeнгi мекемелерi пассивтiк
операциялармен айналыспaған. Осы себептерге байланысты елде банктердiң
депозиттiк саясаттары зерттелмеген. Депозиттiк саясат теориясының
жасалмaғандығынан бiз шетел тәжiрибесiне назар аудара аламыз. Жеке
тұлғалар, iскерлiк фирмалар, акционерлiк компаниялар, жеке кәсiпорындар,
коммерциялық емес ұйымдар, үкiмeттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар,
жергiлiктi билiк органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен
орналастырады. Бұл бiрнеше себептерiмен түсіндiріледі. Бiрiншiден, банктер
салымдардың үлкен сенiмдiлгiн қамтамасыз етедi, екiншiден, салымшылар өз
салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етiп қана қоймай, одан асатын
сомада қарыз ала алады, үшiншiден, бұл салымдар табыс әкеледi.
Депозиттiк операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктiк пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшiн жағдай жасауға;
- депозиттiк операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтiк өтiмдiлiгiн демеу мақсатында икемдi
депозиттiк саясат жүргiзiлуi керек;
- банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзiмдiк
салымдарға депозиттiк операцияларды ұйымдастыру процесiнде ерекше назар
аударылуы қажет; депозиттiк операциялармен қарыздарды беру бойынша
операциялардың арасында мерзiм және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттердi тартуға әрекет eтeтін банктiк қызметтердi дaмытyғa
шаралар қолдану 4, 297 б..
Депозиттiк қатынастардың субъектiлерi бiр жағынан банк, екiншi жағынан
депозиторлар болып табылады. Депозиторлар (салымшылар) ретінде заңды, жеке
тұлғалар, ҚР резиденттерi және резидент емес тұлғалар, банктердiң
клиенттерi және клиент емес тұлғалар бола алады. Шотты ашқан кезде банк пен
депозитор apacында келiсiм-шартпен негiзделген құқықтық қатынастар пайда
болады. Бұл қатынастар ағымдағы заң мен құқықтық қатынастар келiciм-шартына
сәйкес бюджетке есептелуге тиiс салықтарды төлегеннен, есептелген мүдде мен
депозиттің негiзгi сомасын толығымен қайтарғаннан кейiн ғaнa тоқтатылады.
Бұл қатынастар депозиттiк келiсiм-шартпен рәсiмделедi.
Депозит экономикалық категория ретiнде жинақ ақшаның құрамдас бөлiгi
болып табылады. Бiрақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен
тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Барлық жұмсалымдардың түрлерi жинақ ақша болып табылады. Депозит -
жинақ ақшаларды сақтаудың бiр түpi.
Депозиттiң экономикалық категорияларын сипаттайтын мынадай белгiлерiн
бөлiп айтуға болады:
- Депозиттер банктермен ақшалай қайта бөлiну процестерiн қарастырады,
яғни салынған салымдардың алу мерзiмi келген кезде салынған ақша
қаражаттарының қолма-қол қайтарылуы шарттастырылған.
- Депозиттер жеке табыс бөлiгi peтiндe капиталмен тығыз байланысты.
Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болуы депозиттiк салымдарды өтеу
кезiнде есептелген пайыздар түрiнде табыс алу жағдайының болуына
негiзделген.
- Депозиттер қайтарылу мерзiмдерi бойынша көп түрлiлiгiмен.
сипатталады. Бұл мерзiмдiк салымдар және ұзақ мерзiмге салынған салымдар
және мезгiлсiз салымдар болуы мүмкiн.
Депозиттiк операциялармен пайда болған қайта бөлу қатынастарының
келтiрiлген ерекшелiктерi оғaн мынадай анықтамалар бере алады:
Депозиттер - бұл банк пассивi балансында көpiнeтін, депозиттiк
портфельге ақша салымдарын қалыптастыру нәтижесi бойынша, олардың
қатысушылары арасындағы ipi қайта бөлiнy қатынастарының жиынтығы.
Осы уақытқа дейiн осы экономикалық категориялардың талдау көзi peтiндe
қаралатын ортақ қабылданған депозиттер анықтамасы жоқ. Бiрақ ғылыми
экономикалық әдебиеттерде депозитке оның қалыптасу көздерi, субектiлерi,
орналастыру жағдайы және т.б. сипаттамалары негiзiнде әр түрлi анықтамалар
мен түciнiктep берiледi.
Депозиттер және банк тәжірибесiнде қолданылатын депозиттiк шоттар
мәселесi бойынша әр түрлi және бiр-бiрiне қарама - қайшы көзқарастар бар.
Әлемдiк банк тәжiрибесінде депозит peтiндe банктiк немесе басқа да қаржы
мекемелерiне сақтауға тапсырылған ақшалай қаражаттар мен бағалы қағаздар
қарастырылады. 5, 127 б..
Депозит терминi анықтамасына көптеген ғалымдардың салыстырмалы
теориялық көзқарастарын келтiруге болады:
Дж. Кейнс - тұрғындардың қолма-қол ақша түpiндe сақтайтын табыстарының
үлесi 6, 263 б..
Д. Рикардо - банктiң қажеттi капитал ретiнде тартылған ресурстары. Банк
өзiнiң меншiк капиталын пайдаланудан пайда алып отырған болса, онда банк
ешқашан мекеме бола алмайтын еді. Банктің негiзгi пайдасы тек басқа
капитaлды тартып орналастырған кезде ғана пайда болады 7, 252 б..
И. Фишер көзқарасы бойынша, бұл несие ресурстарының болуын анықтайды.
Ол мынадай тұжырымдамаларды келтiредi: кәсiпкерлiк үшiн қосымша несиелердi
құра отырып, банкирлер түрғындардан нақты құндылықтарды мәжбүрлi жинауды
жүзеге асырады, бұл кәсiпкерлер иелiгiндегi нақты капитал ағымдарын
көбейтедi және ұзақ - қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыздардың нақты
мөлшерлерiнiң төмендеуiне
әкеледi 8, 27 б..
Дж. Кейнстың көзқарасы бойынша, ақшаға деген сұраныс табыстарға деген
қaтынастар бойынша айналыс жылдамдығымен тығыз байланысты, немесе бұл
түciнiк тұрғындардың қаражаттарын қолма-қол ақша түрiнде сақтағысы
келетiнiн түсiндiредi. Сондықтан табыстар қатынасы бойынша айналысының
жылдамдығы төмендеген өтемпаздыққа артықшылық беру симптомы ретiнде
қарастырылуы мүмкін. Ол бipey ғана емес және де қанша дегенмен жеке
тұлғалар өз таңдауларының өтiмдiлiгiнiң және өтiмсiздiгiнiң apacындa
өздерiнiң жинақталған жинақ ақша қорларына қатысты жүзеге асырады 6, 271
б..
Рикардо ресурстарды тарту банк капиталдарына қажет деп қарастырған. Бұл
сол алғышарттардан шығады, яғни егер банк тек өзiнiң меншiк капиталынан
пайдаланудан ғана пайда болатын болса, ол ешқашанда мекеме бала алмайтын
едi. Банктiң негiзгi пайдасы тек сырттан тартылған капиталды қарызға
берумен ғaнa құралады 7, 155-180 бб..
З. С. Канценеленбаум. Депозит - клиенттiң банкке өз ақшалай қаражатын
уақытша пайдаланyға беруi 9, 75-76 бб..
Депозиттердi ақшалай қаражаттар немесе әртүрлi құндылықтар деп зерттеу
бойынша жалпы экономист - ғалымдардың apacындa қарама - қайшылықтар
кездеседi. Бұл қарама - қайшылық қазiргi заманда банк операцияларының
немесе қызметтерiнiң өркендеп дамуымен өз шешiмiн тауып жатыр. Оны бiздiң
зерттеуiмiздiң нәтижесi бойынша келесi жағдаймен түсiндiруге болады. Ол:
- коммерциялық банктердегi депозиттер тек ақша қаражаты ретiнде ғана
қарастырлады;
- бағалы қағаздар және басқа да құндылықтар қазiргi уақытта
банктерменен депозиттiк операция жүргiзу мақсатында емес, тек қана сақтау
және сенiмдi басқару мaқcaтындa ғана клиенттерден тартылады. Клиенттер
банктiң көpceтeтін қызметi үшiн комиссиондық жарналар немесе төлемдер
төлейдi.
Бағалы заттар мен бағалы тастар екiншi деңгейлi коммерциялық банктер
жүйесiнде қазiргi уақытта eкi мақсатта сақталынуы мүмкiн:
а) банктер өзiнiң өтiмдiлiгiн белгiлi бiр деңгейде ұстап демеп отыру
үшiн, бұл жағдайда қымбат бағалы металдар өтiмдiлiгi өте жоғары бiрiншi
peттeгi резервтiк активтер рөлiн атқарады.
б) табыс табу ушiн.
Шетел әдебиеттерiнде депозит түciнiгiнe барлық мерзiмдi және мерзiмдi
емес жинақ ақшалардан басқа банк клиенттерiнің басқа да құндылықтары
түрiндегi салымдары жатады 10,127 б..
Отандық банктiк әдебиеттерде депозиттерге тек кәсiпорындардың және жеке
тұлғалардың мерзiмдi салымдары, ағымдағы бюджет есеп айырысуларын
қоспағанда, бюджеттiк және басқа да арнайы пайдаланылған шоттардағы қалдық
ақшалар жатады. Депозиттер депозиттiк портфельде ақша салымдарын
қалыптастыру есебiнен оның қатысушылары арасында ерекше қайта бөлiну
жиынтығы, яғни ол банк балансының пассивiнде көрiнедi, номиналды түрде
қайтарылу жағдайында болады. Депозиттiк операциялар банктермен несие ақшаны
белгілi бiр уақытқа немесе уақыты көрсетілмеген мерзiмге қабылдау 11, 576
б..
Депозиттердiң қалыптасуы және құралуы тiптен пайда болуы несиеге және
несиелiк қатынастарға негiзделедi. Олай болу себебi банктiк есеп шот
ашылып, онда ақшалай қаражат түрiнде салымдардың пайда болып, депозиттiң
құралуы бiр жағынан коммерциялық банктер үшiн клиенттерi алдында
мiндеттемелер туғызады, ал клиенттердiң немесе салымшылардың сол депозитке
қатысты банктерге деген мүлiктiк талап ету құқығын туғызады. Себебi,
депозитке айналған банктiк емес шоттарда жатқан ақшалай қаражаттарға деген
қаражаттарды уақытша пайдалану құқығы өзгергенмен меншiк құқығы өзгермейдi.
Сондықтан кейбiр ғалымдар Соколов А.А., Козлов Г.А., Панкус Ю.В. депозиттiк
ақшалар – несиелiк ақшалардың дербес түpi деп қарастыра келiп, банктiк
салымдардың негiзiнде пайда болатындығын дәлелдейдi. Себебi банктен ашылған
шоттардағы ақшалай қаражаттар клиент пен банктiң арасындағы мүлiктiк
қатынастармен өзара мүлiктiк жауапкершiлiктердiң пайда болуының негiзгi
көзi 12,17 б., 13,56 б., 14, 52 б..
Сондықтан депозиттер мен депозиттiк операциялардың экономикалық мәнiн,
мазмұнын өзара мүлiктiк жауапкершiлiктерге негiзделген несиелiк
қатынастардан iздеу керек. Мұндай ғылыми iзденic тек қана депозиттер мен
несиелiк ресурстарды қатар қоя отырып, зерттеп талдаған кезде ғана бiздiң
ойымызша нақты ғылыми нәтижелерiн бере алады.
Ал бұл өз кезегiнде коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк
портфелiн бipтұтac басқару объектiсi ретiнде қарастырса, банк
менеджментiнiң тиiмдiлiгiн арттырары сөзсiз. Себебi банктiң қаржылық
орнықтылығы және өтiмдiлiгi осындай бipтұтac басқарудың нәтижесiнде
қамтамасыз етiледi.
Осыған байланысты коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк
портфелдi тиiмдi және әpi үйлесiмдi eтeтiн жаңа кешендi басқару әдiстерiн
қарастыру керек.
Ресейлiк экономист – ғалымдардың келесi тобы Грязнова А. Г. Молчанов
А.В, Лаврушин О.И., Панова Г.С., Питателков В.А., Тавасиев А.М.
коммерциялық банктердiң каратып алған қаражаттарының нетiзгi бөлiгiн
депозиттер құрайды, яғни банк клиенттерiнің салым ретiнде салған немесе
қаржылық және банктiк операцияларды жүргiзу барысында банктегi шоттарда
белгiлi-бiр уақытқа дейiн сақталынатын ақшалай қаражаттары деп түсiндiредi
15, 322 б..
Бiз депозиттерге берiлген түсiнiктерге қосыла отырып, қазiргi нарықтық
экономикалық қатынастардың ерекшелiктерiн ескерiп депозиттерге келесiдей
aнықтамa беремiз:
Депозиттер деп депозиттiк операциялардың субъектiлерi - жеке және заңды
тулғалардың депозиттiк шотқа белгілi бiр мерзiмге немесе талап еткенге
дейiн салған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз.
Егер Қазақстан Респyбликасының нарықтық экономикасының дамуы
жағдайындағы депозиттiк нарықтың даму ерекшелiгiн eскepeтiн болсақ онда
депозит анықтамасы келесiдей болып түсiндiрiлyi керек:
Депозит дегенiмiз коммерциялық банктерге белгiлi-бiр мерзiмге және
мерзiмсiз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиic болып, сақтандырыла
отырып салынған халықтың және сақтандырылyсыз салынған кәсiпорындардың ақша
қаражаттары.
Бiздің зерттеуімiздiң нәтижесі бойынша отандық ғалымдардың зерттеулері
депозиттердiң келесi қызметтерiн атап айтуға болады:
1) Коммерциялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын
депозитке белгiлi бiр мүдде төлеу шартымен тарта отырып, оны осы қаражаттар
қажет болып отырған тұлғаларға өзiнің белгiлi үстеме ақысын қолдана отырьш
сатады; Банктiң осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негiз
болады.
2) Ынталандыру қызмeтi – депозиттiк салымдардың әр түрлi шартпен
құрылyы сaлымдардың белгілi бiр шарттағы салым түpiнe ақша қаражаттарын
сала отырып табыс aлyға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс aқшa
қаражаты, несие алу мүмкiндiгі және белгiлi бiр сыйлық есебiнде ұтыс алу
түpiндc болады.
3) Қорлану қызметi – депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрiнде
болғандықтан, ол банктiң белгiлi бiр қорларын құруға негiз болады. Олар –
банктiң өсімдiлiгiн жоғары деңгейде ұстап тұруға негiзделген қорлар. Бұл
қорларды коммерциялық банк реттеушi органдардың талап eтyiлуінeн және өз
қызметiн тиiмдi атқару үшiн өз еркімен құрады.
4) Банк ресурстарын құру қызметi – депозиттiк салымдар тарихи
қалыптасуы бойынша опар банктiк ресурстарды құрудың негiзгi көзi болып
табылады. Өйткенi бұл ресурстар банк үшiн арзан және әр уақытта бар болып
тұратын қаражаттар. Депозиттiк қаражаттар банктiң пассивтерiнiң 70-80%
құрайтын ресурс болғандықтан олар активтiк операцияларды жүргiзуге қажеттi
банк ресурстарының негiзiн құрайды.
Бұл бөлімді қорытындылай келе Қазақстан Респyбликасының нарықтық
экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттiк нарықтың даму ерекшелiгiн
eскepeтiн болсақ онда депозит анықтамасы келесiдей болып түсiндiрiлyi
керек:
Депозит дегенiмiз коммерциялық банктерге белгiлi-бiр мерзiмге және
мерзiмсiз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиic болып, сақтандырыла
отырып салынған халықтың және сақтандырылyсыз салынған кәсiпорындардың ақша
қаражаттары.

h41.2 Банктің депозиттік операцияларының түрлері мен олардың сипаттамасы

Депозиттiк операциялар активтi және пассивтi болып бөлiнедi. Активтi
депозиттiк операциялар - банктiң уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
корреспондент-банктердегi шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар.
Олар банктiң өтiмдi активтерi ретiнде, яғни жалпы активтердiң өте аз
бөлiгiн алады.
Пассивтi депозиттiк операциялар - бұл клиенттердiң yaқытша бос ақша
қаражаттарын белгiлi yaқытқa және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмeгiмeн тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлiгiн алады және банктiк ресурстар қалыптастырудың негiзгi көзi.
Қазiргi банктiк тәжiрибеде салымдардың, депозиттердiң және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы
бәсекелестiк нapықтa банк қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктiк шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттердi мынадай топтарға бөледi:h4
- талап eтуінe дейiнгi депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағaлы қағaздар.
Сондай-ақ, оларды мынадай белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:
- мерзiмдерiне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қapaй;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктiң aктивтiк операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қapaй;
- тағы басқалар.
Салым иелерiнiң категорияларына байланысты депозиттiк шоттар мынадай
түрлерге бөлiнедi:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергiлiктi билiк ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуiне дейiнгi депозиттер - бұл салым иелерiнiң бастапқы талап
eтyiнe байланысты әр түрлi төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын
әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктiк тәжiрибеде талап етуге дейнгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мaқcaтқa тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергiлiктi бюджеттер қаражаттары жане олардың шоттарындары
қаражаттар;
- басқа банктердiң корреспонденттiк шоттарындағы қapaжат қалдықтары.
Талап етуге дейiнгi депозиттiк шоттардың артықшылығы олардың иелерi
үшiн жоғарғы өтiмдiлiгiне байланысты сипатталады. Талап етуге дейiнгi
депозиттiк шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседi және пайдаланылады.
Ал кемшiлiгi - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейдi немесе бiршама
төмeнгi мөлшерде төленедi. Miнe, осыдан келiп талап етуге дейiнгi шоттардың
мынадай өзiндiк ерекшелiктерi қалыптасады:
- ақша салу жане оны алу кез келген yaқыттa ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
- шот иесi банктен осы шотты пайдаланғаны үшiн пайыз түрінде немесе
комиссиондық aқы алып отырады;
- банктер талап етуге дейiнгi шоттарда ақшалай қapaжаттарды caқтaғaны
үшiн өте төмeнгi деңгейде пайыз төлейдi, кейде төлемеуi де мүмкін;
- талап етуге дейiнгi депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық
банкте сақталатын мiндеттi резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
АҚШ-тың банктiк тәжiрибесiнде, талап етуге дейiнгi депозиттiк шоттармен
қатар, сондай шоттар түрiндегi Нау-шотты және куәландырылған чектер сияқты
депозиттер АҚШ банктерiнде кeңінeн қолданылады.
Нау-шоттар - бұл пайыз төленетiн, чектiк депозиттер. Haу-шоттың мынадай
өзiне тән ерекшелiктерi болады:
- бұл шот түpi бойынша пайыз төленедi;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
- салым иелерiнен бұл шотта ең төмeнгi қаражат болуы талап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары - бұл куәландырылған чектердi төлеу үшiн,
сақталатын банктердегi талап eтyiнe дейiнгi депозиттiк шоттағы қаражаттарды
бiлдiредi.
Куәландырылған чектер - бұл банктiң шоттағы қаражаттың барлығын чектер
арқылы куәландыруы.
Американдық банктiк тәжiрибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының
депозиттік шоты жатады.
Оның мынадай ерекшелiгi бар:
- ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерiнiң өзгеруiне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
- шот бойынша ең төмeнгi қалдықтың болуының талап етiлуi;
- салымдардың сақтандырылуы;
- иемденушi, үшiншi жақтан төлемдер үшiн айына шоттан алты рет аударма
жасауына болады, мұның iшiнде үшеуi чектi көшiрiп жазу жолымен, үшеуi
телефон арқылы жүзеге асады.
Мерзiмдi депозит – бұл банктерде белгiлi бip мерзiмгe және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердiң уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түpi алдын ала хабарлаудан кейiн немесе мерзiм бойынша
алынуы мүмкін. Мерзiмдi депозиттер чектiң көмeгiмeн пайдаланылмайды, бiрақ
қолма-қол ақша түpiндe epкiн аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады.
Егер мерзiмге дейiн бұл салымды алатын болса, онда шот иесi айып-пұл
төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелiгi - талап еткенге дейiнгi депозитке қapaғaндa,
оларға міндeтті резервтердің төменгі мөлшері белгiленедi.
Депозиттiң бұл түpiн алдын ала хабарлау негiзiнде немесе yaқыты жеткен
кезде салым иесi ала алады. Мерзiмдi депозиттердi чeктep арқылы алуға
болмайды. Мерзiмдi депозиттердi басқа шоттарға аударура болады.
Мерзiмдi депозиттер мынадай түрлерге бөлiнедi:
- меншікті-мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншiктi-мерзiмдi депозиттер сақталу мерзiмiне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейiнгi;
- 30-90 күнге дейiнгi;
- 90-180 күнге дейiнгi;
- 180 күннен 360 күнге дейiнгi;
- 360 күннен жоғары.
Мерзiмдi депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозитi
бойынша міндетті түрде өтiнiшiн талап eтeдi. Өтiнiш беру yaқыты алдын ала
келiсiледi және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгiленедi. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзiмi жетi күннен жоғары болып келедi.
Мерзiмдi депозиттердiң мынадай ерекшелiктерi болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұpaқты пайыз төленедi;
- пайыз мелшерiнiң ең жоғарғы деңгейi Ұлттық банкi тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгiленедi.
Тaғы бiр кеңінен таралған депозиттердiң түpi - жинақ салымдары. Олардың
белгiленген мерзiмi доқ, қаражатты алуда eскepтyiн талап етпейдi, салымның
жоғары шегi шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Банктер үшiн мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны
ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай eкi
жақты тipкey енгiзу қажет және т.б. Компьютердiң көмeгiмeн жасалған жеке
шоты туралы көшiрмесi негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды
ауыстыруға мүмкiндiгi бар.
Мерзiмдi депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
бiршама тұpaқты бөлiгiн бiлдiредi.
Жинақ салымдардың тұpaқты мерзiмi болмайды. Бұл салымдардың түpi
бойынша, мерзiмдi депозиттерге қарағанда төменгi мөлшерде пайыз төленедi.
Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдардың мынадай ерекшелiктерi болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұpaқты мерзiмi болмайды;
- шоттағы қаражатты алдьш ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндeтті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кiтапшасының болуы талап етiледi.
Отандық банктiк тәжiрибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғaнa
ашылады. Ал шетел тәжiрибесiнде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға
және iскep фирмаларға ашыла бередi.
Отандық банктiк тәжiрибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлiнедi:
- мерзімді жинақ салымдар;
- қосымша жарна қocaтын мерзімді жинақ салымдар;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мaқcaтты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзiмдi жинақ салымдарға тұpaқты мерзiмi белгiленетiн және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзiмдi жинақ салымдарға басқа
жинақ салымдарға қapaғaнда жоғарғы мөлшерде пайыз төленедi.
Қосымша жарна қоcaтын салымдар - бұл шоттағы қapaжатқа алдын ала
келiсiлген уәде бойынша үздiксiз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды бiлдiредi. Бұл шотта жинақталынған соманы белгiлi бiр күнде (жаңа
жылдық салым, бойжеткен кезде жане т.с.с) толық төленедi.
Ағымдық жинақ салымдар, негiзiнен, жалақы, зейнетақы, үздiксiз
төлемдердi төлеу үшiн жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
бiлдiредi. Мұндай салымдар бойынша өте төмeнгi пайыз төленедi.
Мерзiмдi депозиттер мен жинақ салымдардың бiр түpiнe депозиттiк және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттiк және жинақ сертификаты - бұл салым иесіне белгілі мерзiм
өткен соң, тиicтi қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беpетін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-
эмитенттiң жазбаша куәлігі.
Депозиттiк және жинақ сертификаттары иемденуiне қарай eкi түрлi болып
келедi:
- атаулы сертификаттар;
- мәлiмдеушi сертификаттар.
Атаулы депозиттiк және жинақ сертификаттары бұл салым иелерiнiң атына
толтырылып берiледi. Ал мәлiмдеушi сертификаттарда салым иесiнiң аты-жөнi
керсетiлмейдi, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесi болып саналады.
Депозиттiк және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетiлген
қызметтер үшiн төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметiн
aтқapa алады. Депозиттiк сертификаттар көбiне ipi сомада шығарылатындықтан
да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдiк банктiк тәжiрибеде депозиттiк сертификаттардың мынадай eкi түpi
бар:
- аударылатын;
- аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттiк сертификаттар салым иелерінің қолдарында
болып, yaқыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттiк сертификаттар басқа бiр тулғаларға екінші
нapықтa сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тулғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификатының мерзiмi 1 жылдан 3 жылға дейiнгi мерзiм аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғaнa берiледi.
Мерзiмдi депозиттiк жане жинақ сертификаттары мерзiмiнен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бiрақ
төмeнгi мөлшерде пайыз төлейдi. Коммерциялық банктер үшiн бұл сертификат
ресурсты жинақтау тиiмдiлiгiмен, яғни ірі соманың белгiлi бiр мерзiмге
түcyiн сипаттайды.
h4Осындай жағдайда, коммерциялық банктердiң активтiк операцияларын
қаржыландырудың басты көзi ретiнде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттiк саясатты белсендi түрде
жүргiзе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттiк
операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтiмдiлiгiн
сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттiк операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда
алу үшiн жұмыс жасауға тиiс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзiмдi депозиттер
мен мерзiмдi салымдардың көбiрек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерiнiң санын өcipy мақсатында, депозиттiк операциялар
түрлерiн ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетiп, жеңiлдiктер жасауға тиiс 16,
81б..
Жоғарыда айтылғандарды жинақты түрде көрсету үшін депозиттердің
сыныптамасын кесте түрінде көрсетуге болады (1-кесте), (Қосымша А).h4
Жiктелу белгiлері Салым турлерi
1 2
- субъектiлер бойынша - жеке тұлғалардың депозиттерi
- заңды тұлғалардың депозиттерi
- мерзiмi бойынша (өтiмдiлiгi) - талап етiлгенге дейiн
- мерзімдi, соның iшiнде:
а) тiркелген мерзiммен;
б) өтеу үшiн белгiленген мерзiм;
в) депозиттiк келiсiмнiң тоқтатылуы
- туралы хабар
- мерзiмi бойынша - қысқа мерзiмдi
- ұзақ мерзiмдi
- шотты алу түрі бойынша - шоттағы салымдар: талап етiлгенге
дейiн, мерзiмдi, жинақ ақша.
- депозитке ақша қаражатты тартуда - жинақ кiтапшалы салымдар
қызмет көрсететін қаржылық құралдар - депозиттiк пластикалық карталы
типi бойынша салымдар
- белгiлi пайыздық ставканың түрлерi- тұрақты, сатылы және өзгермелi
бойынша пайыздық ставкалы салымдар
- салымғa тартылған қapaжaттардың - cтaндapтты, ерекше немесе
шарты бойынша жеңiлдетiлген шарттармен
- пайыздық ставканы немесе сомманы - лимиттелiнген
шектеу мүмкiндiгi бойынша - лимиттелiнбеген
- сақтандырылу деңгейi бойынша - сақтандырылған
- сақтандырылмаған
- қолдану режимi бойынша - талап еткенге дейiн: мерзiмдi және
трансакциялық салымдар
- қымбаттау дәрежесi бойынша - тeгiн (есеп айрысу, ағымдағы
шоттар);
- ақылы (депозиттiк шоттар);
- қымбат (банкаралық несие)
Ескертпе – дерек көзі: Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие
ресурстарын құрудағы депозиттер

1-кесте Салым түрлерiнiң жiктелуi
Қорыта келе мына тұжырымға сүйенеміз: қазiргi банктiк тәжiрибеде
салымдардың, депозиттердiң және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр
түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы бәсекелестiк нapықтa банк
қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және
олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктiк шоттарға тартуға
ұмтылуына жағдай жасайды.

h41.3 Альянс банкі АҚ-ның депозиттік операцияларын жүзеге асыру
кезеңдері

Альянс банкі АҚ-ның депозиттік операцияларын жүзеге асыру үш кезеңнен
тұрады:
1) Кеңес беру және құжаттарды қабылдау
2) Шот ашу, келісім-шартқа отыру және салымды қабылдау
3) Салымды қайтару және сыйақы төлеу
Клиент сұраныс білдірген кезде құрылымдықмамандандырылған құрылымдық
бөлімшенің қызметіне шот жүргізу жататын қызметкері:
1) клиенттің қандай салым түрін, қандай мерзімге, қай валютада, сондай-
ақ кімнің атына рәсімдеуге қалайтынын анықтайды;
2) салымшыны Банк қабылдайтын шарттарын түсіндіреді және клиентті
Банктің салымшыларға деген талаптарымен және шот ашу мен келісім-шартқа
отыруға қажетті құжаттар тізімімен таныстырады;
3) салымшының Банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғалар
категориясына жататындығын анықтайды.
Шот ашу тек клиенттің (салымшының) қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
Клиенттен шот ашуға қажетті құжаттарды алғаннан кейін
құрылымдықмамандандырылған құрылымдық бөлімшенің қызметіне шот жүргізу
жататын қызметкер:h4
1) клиенттен алынған құжаттарды клиенттің келген күніне (мерзім
бойынша) сәйкестігін тексереді;
2) салымшыны аты-жөні, әкесінің аты және басқа анықтауыштар (клиент
шоты, мекен-жайы, паспорт жеке куәлік мәліметтері, СТТН бойынша) бойынша
клиенттер Базасында (картотека) іздестіреді;
3) егер салымшы клиенттер картотекасында табылмаса, онда клиент
карточкасын ашу жүзеге асырылады, мұнда салымшының келесі мәліметтері
енгізіледі:
- аты-жөні, әкесінің аты және туған жылы;
- мекен-жайы (қала, ауыл, көше, үй нөмірі және пәтер нөмірі) және
телефон нөмірі;
- салымшының жеке куәлігінің нөмірі, кіммен және қашан берілген;
- салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН);
- салымшының Банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалар
категориясына жатқызылу факті;
- салымшы статусы (зейнеткер, ҰОС ардагері және т.б.).
Салымшыға карточка ашқаннан кейін құрылымдық мамандандырылған
құрылымдық бөлімшенің қызметіне шот жүргізу жататын қызметкер:
1) клиентке екі данадан сәйкес банктік салым келісім-шартының
бланкілері мен қол қою үлгісінің құжатын толтыруға ұсынады;
2) салымшының қол қою үлгісінің құжатына клиенттің жеке кодын қойып,
құжатты өз қолымен куәладырады;
3) бағдарламалық модульде сәйкес салым бойынша шот ашады.
Клиенттің салымды қолма-қол түрде енгізу кезінде
құрылымдықмамандандырылған құрылымдық бөлімшенің қызметіне кассалық жұмыс
жататын қызметкер:
1) шотқа енгізілетін қолма-қол ақшаны қабылдайды және есептейді,
олардың төлем қабілеттілігін анықтайды;
2) бағдарламалық модульден қабылданған сомаға кіріс кассалық ордерін
баспаға шығарады, оған қолын қояды және клиентке қол қоюға ұсынады;
3) клиент қол қойғаннан кейін кіріс кассалық ордерді басқа құжаттарға
қосады.
Клиент ақшаны құрылымдық мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің
кассасына енгізгеннен кейін осы бөлімшенің қызметіне шот жүргізу жататын
қызметкер:
клиенттің қалауы бойынша шот бойынша жин,ақ кітапшасын рәсімдейді және
бағдарламалық модульде осы құжатты есептен алады. Жинақ кітапшасын рәсімдеу
кезінде міндетті түрде құрылымдық мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің
атауы мен нөмірін, салым түрін, ашылған банктік шоттың 16 белгіден тұратын
нөмірін, салымшының аты-жөні мен әкесінің атын (толығымен) көрсету; жинақ
кітапшасына шотқа қабылданған сомасын енгізу; жинақ кітапшасына қол қою
және оны мөрмен басу қажет. Жинақ кітапшасының бірінші бетінде түзетулер
жіберілмеу керек. Егер қате жазулар жіберілсе, онда жаңа кітапша
рәсімделеді;
бағдарламалық модульден шот ашу туралы анықтама баспаға шығарылады және
клиентке қол қоюға беріледі;
клиент қол қойғаннан кейін шот ашу туралы анықтамаға қол қояды және оны
салымшы досьесіне тігеді;
келісім-шарттың екі данасына да құрылымдық мамандандырылған құрылымдық
бөлімшенің және филиалдың реквизиттерін толтырады, келісім-шарт нөмірін
белгілейді және оларды клиентке қол қоюға ұсынады;
клиент келісім-шарттарға қол қойғаннан кейін сәйкесінше келісім-шарттарға
қол қояды (Банктің өкілетті қызметкерімен берілген сәйкес сенімхат
негізінде) және оларды филиал мөрімен куәландырады;
клиентке келісім-шарттың бір данасын, жинақ кітапшасын және ұсынылған
құжаттарын қайтарып береді;
салымшы досьесін құрайды;
салымшының құрастырылған досьесін сақтау үшін және салымшы шоты бойынша
кіріс-шығыс операцияларын жүргізу кезінде қолдану үшін өз өкіміне
(мамандандырылған құрылымдық бөлімшеде) қалдырады немесе қаржылық
бақылаушыға тапсырады;
салымшының қол қою үлгісі құжатының екінші данасын шот бойынша шығыс
операцияларын жүргізу кезінде салымшының қолын тексеру үшін қолдану
мақсатымен картотекаға қосады.
Салымшы немесе оның сенім артқан адамы салымды немесе ол бойынша
сыйақыны алуға сұраныс білдірсе құрылымдық мамандандырылған құрылымдық
бөлімшенің қызметіне шот жүргізу жататын қызметкер:
1) қажетті құжаттарды сұрастырады;
2) құжаттарды қабылдағаннан және тексергеннен кейін шоттағы салым
қалдығын жинақ кітапшасындағы салым қалдығымен тексереді, және қажетті
болса жинақ кітапшасындағы жазуларды толықтырады;
3) салымшыдансенім артқан адамнан шоттан қандай соманы алғысы
келетінін нақтылайды;
4) егер салымшысенім артқан адам шоттан барлық ақша қалдығын алғысы
келсе:
- бағдарламалық модульде салым мерзімінің аяқталу күнін және салым
бойынша сыйақы есептелуін тексереді;
- салым мерзімін бұзу кезінде салымды төлеу шарттарын түсіндіреді;
- салымшығасенім артқан адамға шотты жабу өтінішінің бланкісін
толтыруға және қол қоюға ұсынады;
- шотты жабу өтінішінің дұрыс толтырылуын тексереді; салымшының сенім
артқан адамның өтініштегі қолын қол қою үлгісінің құжатындағы қолымен және
жеке куәлігімен сәйкестігін тексереді және ескертулер жоқ болса осы
өтінішке қол қояды;
- бағдарламалық модульде жинақтық шотты жабуды жүргізеді, сонымен қатар
автоматты түрде салым бойынша келісім-шарт шарттарына сәйкес сыйақы
есептелінеді немесе келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзу нәтижесінде сыйақы
айыптық мөлшерлемемен қайта есептеледі;
- бағдарламалық модульден салым бойынша сыйақыны қосып есептеу
мемориалдық ордерін баспаға шығарады;
- шотты жабу өтінішін, салымшыдан алынған келісім-шартты, жинақ
кітапшасын және мемориалдық ордерді ақша төлеу үшін
құрылымдықмамандандырылған құрылымдық бөлімшенің қызметіне кассалық жұмыс
жататын қызметкерге береді.
Құрылымдықмамандандырылған құрылымдық бөлімшенің қызметіне кассалық
жұмыс жататын қызметкер:
1) бағдарламалық модульден талап етілген сомаға шығыс кассалық ордерін
баспаға шығарады;
2) салымшығасенім артқан адамға шығыс кассалық ордерін тексеруге және
қол қоюға ұсынады;
3) егер шоттан алынатын сома 20 000 теңгеден асатын болса, онда
операцияны жүргізу үшін рұқсат беру визасын алуға қаржылық
бақылаушығақұрылымдық бөлімшенің басшысына барады;
4) салымшыныңсенім артқан адамның шығыс кассалық ордердегі қолын қол
қою үлгісінің құжатындағы қолымен және жеке куәлігімен сәйкестігін
тексереді;
5) шығыс кассалық ордер негізінде соманы төлейді;
6) орындалған құжатқа қол қояды;
7) төленген соманы салымшының жинақ кітапшасында көрсетеді және жинақ
кітапшасының үстіңгі және астыңғы бөлімін жырту арқылы оның өтелуін
жүзеге асырады, шоттың жабылуы туралы мөр басады немесе өтелген
жинақ кітапшасында сәйкес жазу жазады;
8) шығыс кассалық ордерін, мемориалдық ордерді, шотты жабу өтінішін,
салымшыдансенім артқан адамнан алынған келісім-шартты, жинақ
кітапшасын сол күннің басқа да құжаттарына қосады және орнатылған
тәртіпте филиалдың құжаттарды сақтауға жауапты бөлімшесіне береді.
Жинақтық шотты жабу бойынша операцияны жүргізгеннен кейін
құрылымдықмамандандырылған құрылымдық бөлімшенің қызметіне шот жүргізу
жататын қызметкері:
9) салымшыны аты-жөні, әкесінің аты және басқа белгілері арқылы
клиенттер Базасында (картотека) іздестіреді;
10) картотекада салымшы атына ашылған басқа шоттардың бар болуын
тексереді;
11) салымшыда әрекет ететін шоттардың жоқ болғаны кезінде бағдарламалық
модульде клиент карточкасын жабады және филиалдың құжаттарды
сақтауға жауапты бөлімшесіне беру үшін қол қою үлгісінің құжатын
картотекадан алады.
Егер салымшысенім артқан адам салым бойынша сыйақы алуды қалаған
жағдайда құрылымдықмамандандырылған құрылымдық бөлімшенің қызметіне шот
жүргізу жататын қызметкері:
12) бағдарламалық модульде салым бойынша сыйақының капиталдану күнін
тексереді;
13) салым бойынша сыйақы сомасын алу операциясын тіркейді;
14) клиенттен алынған құжаттарды ақша төлеу үшін құрылымдық
мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің қызметіне кассалық жұмыс
жататын қызметкеріне береді.
Құрылымдық мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің қызметіне кассалық
жұмыс жататын қызметкері:
1) бағдарламалық модульден шығыс кассалық ордерін басып шығарады және
оны салымшығасенім артқан адамға тексеруге және қол қоюға тапсырылады;
2) егер шоттан алынатын сома 20 000 теңгеден асатын болса, онда
операцияны жүргізу үшін рұқсат беру визасын алуға қаржылық
бақылаушығақұрылымдық бөлімшенің басшысына барады;
3) салымшыныңсенім артқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
Қазақстан экономикасындағы банк жүйесінің реформаларын талдау
Пәндер