Жәнібек ханның баласы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

<h3>Жоспар

Кіріспе 3

І. «Көшпенділер» трилогиясының генезисі 5

1. 1. Тарихи шындық және көркемдік шешім 5

1. 2 Аңыз-әңгімелер ізімен 34

ІІ. «Көшпенділер» трилогиясының стильдік ерекшеліктері 44

2. 1 Баяндаудағы өзіндік өрнек 44

2. 2. Көркем суреттер және тілдік айшықтар 51

Қорытынды 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61

</h3>
<h4>Кіріспе

Әдебиет туындыларының ішіндегі ең күрделісі де қиыны - тарихи шығарма. Олай дейтініміз, тарих тақырыбында қалам тербеуші жазушыға әдеби талаптарды орындаумен қатар тарих жүгін де көтеруге тура келеді. Өйткені халықтың кешегі өмірін еш бұрмасыз, ақиқат, шындыққа сай баяндау, сонымен қатар оған әдеби көркемдік рең беру - тарихи роман жазушы үшін үлкен парыз. Осындай қасиетті парыз, әсіресе, өткен ғасырдың орта шеңінде біздің де қаламгерлеріміздің алдында тұрды. Осыған орай аталған тақырыпқа арналған көптеген құнды шығармалар жарық көрген еді. Атап айтсақ, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» мен «Алтын ордасы», М. Мағауиннің «Аласапыраны», Ә. Кекілбаевтің «Үркері», Ә. Әлімжановтің «Жаушы», Қ. Жұмаділовтің «Соңғы көш» романдары. </h4>

Әсіресе, бұл шығармалардың ішінде ақиқат, шындық темір шынжырдың әр жағында тұтқындалып, халықтың «ақтаңдақтарын» зерттеуге тыйым салынған жылдары алғашқы болып тарихымыздың сан ғасырлар қойнауында жатқан шынайы беттерін ашып берген «Көшпенділер» трилогиясының орны ерекше. Белгілі ғалым Қ. Алпысбаевтің сөзімен айтсақ, «бұл шығарма тіпті тарихи еңбектерде шешімін тауып болмаған немесе шашыранды түрде жатқан мағлұматтардың бір жүйеге түскен желісін танытады».

Алмас қылыштай өткір бұл трилогия цензура өкілдері тарапынан талай талқылауға түсті, талай қудалауға ұшырады. Осыған қарамастан уақыт өте келе өзінің адал бағасын алды.

«Көшпенділерге» арналған, оның тілін, идеялық мазмұнын талдаған бірнеше еңбектер жарық көрді. Бұл орайда Р. Бердібаевтің, Ж. Дәдебаевтің, Қ. Алпысбаевтің, Қ. Аралбаевтің, Р. Нұрғалиевтің т. б. еңбектерін, жекелеген мақалаларын атап кеткен жөн.

Ал ұсынылып отырған жұмыстың мақсаты - төрт ғасырдың оқиғасын қамтитын «Көшпенділер» трилогиясының жазылуына негіз болған тарихи деректерді талдап, шығарманың стильдік ерекшеліктерін аңғарту.

Жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім трилогиядағы оқиғалар желісіне негіз болған тарихи деректерге арналған. Бұл тарихи деректерді екі арнаға топтаймыз. Бірінші, өмірде нақты болған тарихи фактілер. Екінші, халық аузында сақталған аңыздар, шежірелер. Сондай-ақ бұл оқиғалардың шығармаға өзек болған негізгі идеяны берудегі ролін көрсету де мақсат етілген.

Екінші бөлімде «Көшпенділердің» стильдік ерекшеліктері сөз болады.

Ол ерекшеліктер екі арнада қарастырылады. Бірінші - шығармада тарихи оқиғаларды баяндаудағы ерекшелік. Екінші - трилогияға тән нақышты тілдік қолданыстардан байқалатын ерекшеліктер.

Жұмыстың өзектілігі - І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының шешімін тауып болмаған мағлұматтарды бір жүйеге келтірген тарихи құндылығымен қатар белгілі бір ой-қазығын ұстанған, сол ой-қазықты беруде түрлі тәсілдерді қолданған әдеби ерекшелігін, қасиетін, яғни «Көшпенділердің» тек құрғақ деректерге құрылған хроника емес, ең бастысы, әдеби талаптарға жауап беретін көркем туынды, оның ішінде тарихи проза жанрына жататын роман екенін тағы да дәлелдей түсу.


<h4>І. «Көшпенділер» трилогиясының генезисі

1. 1. Тарихи шындық және көркемдік шешім

Ғасырлардан ғасырларға сүңгіп,

өз ұлтының тарихын Ілекеңдей ежелеп

жазған ешкім жоқ. Біз атақты Геродотты

тарихтың атасы деп келеміз. Ал біздің Ілекең

қазақ халқының 700 жылдық тарихын

«Көшпенділер» мен «Алтын орда» атты

2 трилогияға сыйғызған (2-ң көлемі 139 баспа

табақ) өз халқына өшпес ұлттық қазына қалдырды.

Әзілхан Нұршайықов.

Қазақ халқы бастан кешкен 20-шы ғасырдың алмағайып, аласапыран белдеулерінде қоғамдық пікірдегі ой таласы көтерген басты мәселелердің бірі - тарих . . .

Тарих! Ол халықтың кешегісінің де, бүгінгісінің де, тіпті ертеңгісінің де айнасы. Өйткені «бүгінгі және ертеңгі қазақты тану үшін кешегі қазақты білу шарт» демей ме ғұламалар. Тамырсыз ағаш болмайтынындай, тарихсыз халық болмайды. Әр ұлт ата-бабаларының басынан өткен дәуірлерді, оқиғаларды зерделеп зерттеуді өзінің қасиетті борышы деп санайды. Бірақ кейде тарихты орынсыз кінәлайтын, жоққа шығаратын жағдайлар да кездеседі. Осындай әділетсіздікті біздің тарихымыз да кешті. Тарихымыздың тамыры «балтадан аман қалса да, балғаға талай түскен еді». Әсіресе, 20-ғасырдың басында сталинизмнің қаһарлы қылышынан қан тамып тұрған шақта «Қазақта мәдениет, өнер болмаған, қазақ халқы - надан халық, жабайы халық, оларды адам еткен, білім, ғылымға жол ашқан - біз, ұлы орыс халқы» деген ақиқатқа мүлдем жанаспайтын пікір үстем болды. Ленинді «Ұлы көсем», Сталинді «Халық атасы» деп пір тұтып жатқанда, бар өмірінде, тіршілік - болмысында қазақ халқының тәуелсіздігін, еркіндік, ынтымақтастық, бірлігін аңсаған Абылай, Жәнібек, Қасым сынды хандарымызды «надандықты көксеген феодалдық дәуірдің қалдықтары» деп әділетсіз баға бердік Ал ұлтының бостандығы үшін жан аямай күрескен, елінің еркіндігі жолында қайтпас қайрат, табандылық пен төзімділік танытқан аяулы азамат Кенесары жөнінде айтылғандар тіпті де қиянат еді. Социализмнің «адал ұлдары» болған қаламгерлеріміз өздерінің зерттеу еңбектерінде, мақалаларында хан Кенеге қандай айып тақпады?! Оны «қанішер, бұзық» деп те атады, «ескі хандық дәуірдің сарқыншағы» деп те атады, әйтеуір не керек, дүниедегі бар зұлымдықты, айуандықты Кенесарының бойынан тапты.

Ал осы өтірікпен буланған шындық бетін ашамын деушілерді аяусыз қудалады, «Халық жауы» деген ат берді. Міне осындай қатерлі кезеңге қарамастан сан иірім тарихымызды паш еткен І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы жарық көрді. Алдымен 1969 жылы трилогияның үшінші бөлімі «Қаһар» жазылады да, кейіннен «Алмас қылыш» (1971ж. ), «Жанталас» (1972ж. ) деген бөлімдері баспа бетінен шығады. Үш кітапта да қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалар бұрмаланбай, орынсыз қараланбай нақты фактілермен халық аузында сақталған шежіре-әңгімелер негізінде нанымды берілген. Үшеуінен де жазушының объективтік көзқарасы байқалады. Шығарма туралы І. Есенберлиннің өзі де: « . . . Өз тарихымызды шаң астынан қайта аршып алайық, хандарымыздың, билеріміздің ел қамын жеген азабын таразылайық деген ниеттен туған, ұлт жанды мінезімнен дүниеге келген тарихи шығармаларым . . . » - дейді.

«Көшпенділер» жарық көрісімен цензура өкілдерінің қызу талқысына түсті. Әрине, неше түрлі міндер тағылды, «сапасы төмен» деді, «ақиқатқа сай емес» деді. Тіпті кейде көркемдік сапасы төмен шығармалардың қатарына да жатқызылды. Немесе «трилогия көркем туындыға жатпайды, бұл жай ғана хронологиялық көшірме» деген де тұжырымдар айтылып жүрді. 4-5 ғасырдың жүгін көтерген ұлы шығармаға кезінде мұндай сорақы пікірдің берілуі орынды да. Өйткені ол кезең Кеңес өкіметінің құрамына енген Ресейден басқа елдердің тарихын Қазан революциясына дейінгі, Қазан революциясынан кейінгі деп бөліп тастайтын социалистік идеологияның нағыз дәуірлеп тұрған шағы еді. Ол идеяның пайымдауы бойынша, Қазан төңкерісінен кейін ғана бұл елдер жетілді, көркейді, өркениетке ие болды, жазуды, оқуды таныды. Ал Қазан төңкерісіне дейін ол жұртшылық жоғарыда айтылғандардың бірде-біреуін білмейтін, жабайы тіршілік кешкен, жазу-сызудан ада қалған. Бұл, әсіресе, Орта Азия халықтарына таңылған көзқарас еді. Сондықтан орыс қауымы ылғи да үстемдік құрды, басқа халықтардан әлдеқайда қол жетпес биікте тұрды. Бұл саясаттың сұрқиялығын көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар анық пайымдай білген. Бірақ та билік тізгініне ие болған қатал цензура олардың үнін шығармай, тұншықтырып тастап отырды. Әйтсе де Есенберлиндей өр мінезді қаламгерлер түрлі амал-тәсілдерді қолданып ақиқатты жеткізе білді. Мәселен, І. Есенберлин «Қатерлі өткел» романында Ақан атты кейіпкердің аузына мынадай сөзді салады: «Ақылдыдан үйрену - ақылдыға құл болу деген сөз емес. Мен де Пушкинді, Лермонтовты, Толстойды, Достоевскийді жақсы көремін, бірақ одан қазақ халқының несі өзгерді?. . Ағылшындардың Шекспирі болғаннан Родезия негрлеріне келетін қандай пайда бар? Жоқ, Бүркіт, халқының мәдениетке жетіп, жоғалып кеткенінен мәдениетсіз отырып, бірлестігін сақтағаны артық. Ең зор бақыт - халқың, елің, тілің болғаны. Абай аға үйрен десе, мен үйренбеймін деп тұрмын ба? Бірақ үйрену бар да илену бар. Мен иленуге қарсымын. Егер халқыңды жақсы көретін болсаң, оның тәуелсіздігін, бірлігін алтын жамбыдай сақта». /І. Есенберлин, Он томдық шығармалар жинағы, ІІ том, Алматы, «Жазушы», 1984, 10-бет/. </h4>

Міне, осындай алмас қылыштай өткір жазушының қаламынан туған «Көшпенділер» трилогиясы көп қудаланды. Сол себепті де қаламгерге көз майын тауысып, еңбек терін төге отырып жазған шығармасын бірнеше рет өңдеуіне тура келді. Ащы шындықты әшкерелейтін тұстарын жұмсартып, сылап-сипап өткізді.

Шығарманы халық жылы қабылдады. Сондықтан да кітап сөрелеріне түскен «Көшпенділердің» қанша данасы болса да бірден таралып кететін. Ол туралы филология ғылымдарының белгілі білгірі Қ. Алпысбаев былай дейді: «Халық зердесінің, оның рухани ұстамдылығының арқасында роман балғаға түскенмен, балтадан аман қалды». / 1: 88/

Трилогияның басынан қандай зобалаңның өткенін бір ғана «Жанталас» романы бойынша жазылған мына бір мақаланың үзіндісінен көруге болады: « . . . Сол кездегі Мемлекеттік комитеттің сол кездегі Бас редакторы Шәкеев: - «Жолдастар, «Жанталас» романының қолжазбасына осымен екінші рет оралып отырмыз. Бас редактордың 1972 жылы 14 қарашада берген пікірінде шығарманың тәуір жақтарымен бірге, бірқатар кемшіліктері, атап айтқанда, тарихты хандардың жасамайтындығы, халықтың жасайтындығы, осыған орай халық өкілдерінің бейнесін ширату, оны көсілдіру қажет екендігі көп айтылып еді. Қазақстанның Россияға қосылуының ілгерішіл сипатын аша түсіп, баса көрсету, Бұхар жыраудың Қазақстанның Россияға қосылуын жақтырмайтын өлеңдерін алып тастау қажеттігі қадап айтылған. Мысал келтірейік. 175-бетте мынадай диалог бар: «Түлкінің соры - жүнінің қызылдығы» деген. Біздің де сорымыз - жеріміздің байлығы. Бұрын қазақ өлкесіне жоңғар мен қытай ғана қызықса, енді өзіміз шақырып, орыс патшалығын қызықтырып отырмыз. Әбілқайыр хан, сен елімізге тыныштық емес, бүліншілік әкелгелі отырсың ! . . . » Осынау сөздердің астарында құмның бүйісі секілденіп бұғынып нендей жат пиғыл кетіп бара жатқанын білесіңдер ме, алқа мүшелері . . . »

Дәл осы арада қолжазба иесі Есенберлиннің жаны ышқынып, шырылдап кеп араға түседі. «Ағайын-ау, бұл автордың сөз саптауы емес, Көкжал Барақтың айтқаны ғой, енді қалай сөйлетуім керек!» Баспаның сол кездегі бас редакторы Әукебаев мына тұстан, сол бүйіріне тас кенеше жабысып шаншудай қадалады. «Осы шығармада жағымды дейтін бірде-бір орыс адамы жоқ. Россия «Сібірді, қиыр шығысты жаулап алды» деуің қалай? Сібір мен қиыр шығыс Россияның ежелгі жері емес пе? Қазақстанның Россияға қосылуын баяндайтын 3-ші тараудың 201-211 беттерін мейлінше ықшамдап, үстінен жөндеп шыққан ләзім». «Ау, ағайын, патшалық Россияның отаршылдық саясатын ұстанғаны рас қой енді» деп шыр-пыр Есенберлин. «Дегенімен де түзетіп қысқартпаса қол қоя алмаймын. Эпилог Абылайдың ойымен беріледі екен, бұл не сонша ханды зарлатып, эпилогті бермей, қысқартып тастаса да болады деп ойлаймын». «Ағайындар - ау, жоғарыда айтылған Барақ сөзі де, Абылайдың ойы да әдебиет қой, әдебиетте ондай ойлар айтыла береді», - деп жазушы жігі-жапар шыж-көбелек болып араға килігеді. Қайтсін енді, төрт жүз беттен сәл-ақ асатын шығармасын шетінен білгіш бұтарлап, қысқартып, боршалап жатса. «Дегенмен де екіұшты пікір туғызатын тұсты сылып тастағанымыз жөн» - дейді бас редактор. Ой, пәлі-ай деген!Мына бір тұсқа назар салыңыз, - дейді Әукебай көзілдірігінен үңіліп, - 208-ші бет, «сөйтіп, орыс патшасы қазақ елін жоңғар қоңтайшысынан қорғап қана қойған жоқ, енді осы жерді қарамағына алудың алғашқы отаршылдық саясатына жанталаса кірісті» деген сөйлем бар, жазушы 2 сөзінің бірінде «отаршы, отарлау» дегенді сан қайталап, шегелеп жеткізеді-ау, сонда біздің Ресейге өз еркімізбен қосылдық деп жүргеніміздің бәрі қайда қалады, айтыңдаршы! . . . жазушының отқа түсер көбелектей болып, шырылдап араға түскенін көрсеңіз еді . . . » / 2: 27 /.

Осыған қарамастан, «Көшпенділер» оқырман көпшіліктің сүйіспеншілігіне оранды. Көптеген шетел тілдеріне аударылды. «Көшпенділердей» құнды еңбек жазып шыққан Есенберлин есімі аңызға айналды.

Жалпы жарық көргеннен кейін 40 жылдай уақыт ішінде трилогияға көптеген сыни еңбектер, мақалалар арналып, көркемдік ерекшеліктеріне, тіліне, кейіпкерлер жүйесіне біршама талдаулар жүргізілген еді. Әрине, цензура ұранын басшылыққа алып, сыңаржақ ойлар да айтылды. Бірақ көпшілігі шығарманың шынайы болмысын аңғартатын сапалы пікірлер еді. Ал шығарманың негізгі ажыратылмас сипаты болып табылатын генезисі мен стилі мәселелері де тиянақты зерттеуді, тұжырымдарды талап етеді. Сол себептен де біз трилогияның осы генезистік және стильдік ерекшеліктеріне көңіл аударсақ дейміз.

Белгілі бір шығарманың генезисі дегенде, оның жазылу тарихы, қандай оқиғалар себеп болды және де ең бастысы қандай фактілерді негізге ала отырып жазылды, міне, негізінен, осындай мәселелер сөз болады. «Генезис» деген сөздің мағынасының өзі сөздікте: «Генезис - зат. Белгілі бір заттың, құбылыстың тууы мен одан әрі дамуын бейнелейтін ұғым». (2 - том. Қ. Т. Т. С. ) .

Ендеше белгілі бір туындылардың өзіндік туу, даму заңдылықтарының болуы заңды құбылыс деп танылады. Сондай-ақ Есенберлин тарихи романы да жоқ жерден пайда болмай, нақты болған оқиғалар, халық аузында сақталған аңыз-әңгімелер, шежірелерді басшылыққа ала отырып жазылған.

Ол туралы белгілі қаламгерлер былай дейді:

«Ұлттық тарихымыздың терең қойнауларында қалған көп оқиғалардың елесі, өзгерген, бұрмаланған деректер, әртүрлі тілдерде жазылған, сан алуан қолға түспейтін сирек кітаптарда, архив қазыналарында, оқылуы қиын қол жазбаларда, әр жерде жүйесіз шашылып жатқан материалдарды тауып, оқып, қорытып шығу үшін кеткен уақыт, жұмсалған қайрат, жасалған еңбектің өзі бір адамның ұзақ ғұмырына жетіп артылар шаруа». (Р. Нұрғалиев) / 3:499 /.

«Шығыстың, батыстың бұл тақырыпқа қатысты көп кітаптарын қарап шығу, орыстың, қазақтың шежірелерін ақтару, қазіргі тарихшылардың ізденістерін есепке алу көп уақыт пен қажырды керек ететін жұмыстар. Роман жазбақ түгіл сол материалдарды оқып шығу үшін талай айлар керек болар еді. Мұндай шығарма жазған авторға тек ризалық сезіммен қараған мақұл». (Р. Бердібаев) . / 4:143 /.

«Тарихи шындықты көркемдік шешіммен астарлай білген. Шығарманы оқу үстінде автордың сол кезеңнің оқиғаларын терең зерттегенін көреміз».

(Ә. Дербісәлиев) . / 5:4 /.

Ал белгілі ғалым Қ. Алпысбаев трилогияға қатысты өз ойын білдіре келе, оның тарихи роман ретінде де ең басты сипаттарын, ерекшеліктерін көрсететін негізгі 3 арнаны береді. Олар:

Біріншіден, аты мен заты аңыз желісі іс-қимыл мен адам психологиясындағы заңдылықтардан бөліп әкеткен тарихи тұлғаларды қайтадан жандандырып әкелуі, олардың болмыс-бітіміндегі тарихи таңбалардың ақ-қарасын ажыратып беруі. Ел аузындағы аңыз-болжаммен астасып барып көптеген шығармаларға жеңіл желі болатын Шыңғыс әулетінің өз дәуіріндегі рухани, саяси, адами бейнелерін мүмкін алғаш рет аша білген осы І. Есенберлин шығармасы.

Екінші арна: тарихи катаклизмдер тұсындағы жеке адамның қажыр-қайраты мен халықтық іс-қимылдың өзара үйлесуінен туындайтын идеал беріктігі, мақсат бірлігі. Адасудың араңды сүрлеуінен бұрып әкетер жалғыз қуат- өмір өркенінің тым нәзік те, тым киелі екенін ажырата білу, халық қаһарынан қатал күштің жоқ екенін сезіну болса керек. «Шоқпар ұстаған жұртты қамшымен бағындыру» айтуға жеңіл, әрине. Сондықтан да болар, сүйенер жұртының сенімін ояту арқылы ғана іске асар осынау ірілікті адамзат тарихы саусақпен санап бере алады. Бағындыру арқылы бағыну - мұратқа жетудің төте жолы бола алмақ емес. Ауыздағыдан айырар алауыздық мендеген ұрпақ, тіптен ел мұраты, халық қамы үшін болса да, баяны жоқ билікке таласқан ұрпақ түптің түбінде су аяғы құрдымға кетпек. Қараға күні түскен ханның кебі - жеке адамның ғана пешенесі, не жазылар трагедия емес, бұл кеп бүгін бір халықтың да бағандағы басына бақан ойнатуы мүмкін. І. Есенберлин еңбегіндегі тарихи тәлімдер осыған меңзейді.

Эпопеядағы үшінші арна - сөз өнеріндегі жанрлық қуаттардың жымдасуы, ізденіс шиырларының бір арнаға түсіп, тарихи шежірелер мен аңыздардың, мифтік бейнелер мен мифологиялық сарындардың жандануы. Болған, бірақ тірі куәсі жоқ оқиғаның барысындағы іс-қимылдың нанымдылығы . / 6:5/

Ғалымның бұл ойы трилогияның генезисіндегі негізгі ерекшеліктерді де аңғартады. Яғни біріншіден, «тарихи тұлғаларды қайтадан жандандырып әкелуі», екіншіден, «тарихи шежірелер мен аңыздардың, мифтік бейнелер мен мифологиялық сарындардың жандануы».

Сонымен шығарма генезисіне ұйытқы болған материалдарды екі тұрғыдан қарастырамыз: тарихта болған нақты оқиғалар және ел аузында сақталған аңыздар, шежіре-әңгімелер.

Алдымен, «Көшпенділердің» сюжеті тарихи фактілермен қалай үндескен, соған көңіл аударсақ.

Жоғарыда роман үш кітаптан тұрады дедік. «Алмас қылыш» - бұл романға ХҮ ғасыр оқиғалары, яғни Жәнібек, Керей бастаған қазақ халқының өз алдына жеке хандық болып, өзбек ордасынан бөлініп шығуы негіз болған. Шығармада қазақтың алғаш хандары деп танылған Жәнібек, Кереймен қатар Бұрындық, Қасым хандардың бейнелері көркем шеберлік пен шынайлықтың бірлестігінде терең ашылған.

«Жанталас» - бұл романдағы оқиғалар бірден ХҮ-ХІХ ғасырлар аралығындағы қазақ хандығының басынан өткен қым-қиғаш жылдарды қамтиды. Өйткені романда әйгілі қазақ хандары Абылай, Әбілхайыр ұстанған саяси бағыттармен қатар, Ақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке хандардың да дипломатиялық шеберліктері кеңінен сөз болады.

Ал 3-ші «Қаһар» бөлімі «Көшпенділер» жазылғанға дейін шешімі табылмай, аяусыз қудаланған Хан Кене бастаған көтерілістің шынайы беттерін қалың оқырман алдына сол қалпында алып келді.

Зерделей қарасақ, трилогияның үш бөлімінде де жазушы тарих сахнасындағы әрбір сәттерді сыңаржақ бағаламай, анығын тауып, объективтік көзқарас ұстанған.

Трилогиянның 1-ші «Алмас қылыш» бөлімінде «Ажал - үстемдігіңді жүргізудің ең берік құралы емес пе? Бабасы Шыңғысхан бүкіл әлемді осы ажал арқылы бағындырмақ болған жоқ па еді?

Қара бұқараны өліммен әлдилеуден Шыңғыс ұрпағынан шыққан қай хан тартынған?

Әбілхайыр ірбіз терісінің үстінде аунап түсті» - деп басталады да, кейін Шыңғысханның әлемді жаулау мақсатында жасаған әрекеттері, оның ұрпақтарының хан тағы үшін жүргізген күрестері, Жошы, Жағатай, Үгедей, Төле, Мөңке, Құлағу, Бату хандар жайы баяндалады. Шығармадағы бұл деректер тарихи принципке сай нақты хронологияны сақтап белгілі бір фактілер негізінде беріледі. Мәселен, «Бір мың екі жүз отыз бесінші жылы, яғни Мешін жылы, Қарақұрымға бағынышты елге жар салып Үгедей бүкіл Шыңғыс ұрпағын жиды. Осы құрылтайда бүкіл батысты жаулап алу мәселесі шешілді». / 10-бет/.

Десек те жазушы құрғақ мәліметтерді беріп қана қоймайды, нағыз суреткерге тән шеберлікпен нәрлі, құнарлы етіп береді. Оқып отырып оқырманның көз алдына осыдан бірнеше ғасыр бұрын болған оқиғалардың реалды бейнесі сол қалпында келеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандарының шежіресі туралы
Қазақ хандары
Xvi ғасыдағы қазақ хандығының саяи әлеуметтік және экономикалық дамуы
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
Қазақ хандары жайлы
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі
Қазақ хандығының мәдениеті
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz